г) Жаннаттың ғимараттары Пайғамбар (с.а.с.) жаннаттың ғимараттарын: «Бір кірпіші алтыннан, бір кірпіші күмістен, ал дәнекері 1 жұпар мисктен, қиыршық тастары лүлу, жақұттан, топырағы шафраннан. Оған кірген (адам) нығметке бөленеді, қасіретке түспейді, мәңгі қалады, өлмейді, киімдері тозбайды және жастық шақтары арымайды» 2 , – деп сипаттаса, Аллаһ тағала: «Сол жерге қараған сәтте нығмет пен зор салтанат көресің» 3 , – деп
айтқан.
Онда зәулім сарайлар бар.
«Раббыларынан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлар бар. (Бұл) – Аллаһтың уәдесі, Аллаһ уәдесінен таймайды» 4 .
Пайғамбар (с.а.с.): «Жаннатта бір сарайлар бар, оның сыртынан іші, ал ішінен сырты көрінеді. Аллаһ тағала оны (адамдарға) тамақ бергенге, жұмсақ сөйлегенге, көп ораза тұтқанға және адамдар ұйықтап жатқан кезде түнде намаз оқығанға әзірлеген», – дейді
5
.
Онда үйлер бар. Пайғамбар (с.а.с.): «Кім күндіз-түні (бір
тәулікте) он екі ракағат нәпіл намаз оқыса, Аллаһ оған жаннаттан үй тұрғызып береді», – деген
6
.
Бұл хадисті негізге алар болсақ, адам баласының бұл дүниеде
жүріп-ақ күн сайын жаннаттан үй алуға мүмкіндігі бар.
1
Бұл жерде кірпіштердің арасындағы оларды бір-біріне жабыстырып,
ұстап тұратын дәнекер қоспа туралы айтылған.
2
Ахмад, әт-Тирмизи және әд-Дарими.
3
«Инсан» сүресі, 20-аят.
4
«Зумәр» сүресі, 20-аят.
5
Ахмад, әт-Тирмизи және Ибн Хиббан.
6
Муслим, Ахмад.