өзендер бар» 1 , – дейді.
Жаннаттың
өзендерінің
бірі
–
Аллаһ
тағаланың
Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Расында, Біз саған Кәусарды бердік» 2 , – деп уәде еткен Кәусары.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабалардан: «Кәусардың не екенін білесіңдер ме?» – деп сұрағанда, олар: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсы біледі», – дейді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ол – Аллаһ тағала маған уәде еткен өзен. Онда көптеген игіліктер бар», –
деген
3
.
Сондай-ақ жаннат бұлақтары туралы Аллаһ тағала: «Расында, игілер (жаннатта) кафур қосылған кеседен ішеді. (Ол) – Аллаһтың құлдары ішетін бұлақ, олар оны (қалаған
жерлерінен) шығарады» 4 ;
«Негізінде, игілер, әрине, нығмет ішінде болады. Олар жұмсақ сәкілердің үстінде (Аллаһтың нығметтеріне) қарайды. Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан танисың. Олар мөрленген ішімдіктен сусындатылады. Оның иісі жұпар аңқиды. Жарысушылар осыған жарыссын. Оның қоспасы «Тәсним» (бұлағынан. Ол) бұлақтан (Аллаһқа) жақын болғандар ішеді» 5 ;
«Онда оларға зәнжәбил араластырылған (ішімдік) кесемен ішкізіледі. (Ол) – «Сәлсәбил» деп аталатын бір бұлақ» 6 , –
деген.
1
«Мұхаммед» сүресі, 15-аят.
2
«Кәусар» сүресі, 1-аят.
3
Муслим.
4
«Инсан» сүресі, 5-6 аяттар.
5
«Мутаффифин» сүресі, 22-28 аяттар.
6
«Инсан» сүресі, 17-18 аяттар.