Жаннаттың ағаштары зәулім, өте үлкен болады.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, жаннатта бір ағаш бар, салт атты кісі оның саясында жүз жыл жүреді. Қаласаңдар, оқыңдар: «Созылған көлеңке астында» 1 », – деген
2
.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Жаннаттағы әрбір ағаштың діңі алтыннан» 3 , – десе, келесі бір хадисінде: «Исра түнінде Ибраһимді кездестірдім. Ол: «Ей, Мұхаммед! Үмбетіңе менен сәлем айт! Оларға хабар бер, расында, жаннат – топырағы торқа, суы шырын (жер) және ол – жазық дала. Ал оның көшеттері: «субханаллаһ», «уәл-хамду лилләһ», «уә лә иләһә иллаллаһ», «уаллаһу әкбар», – деп айтты», – деген
4
.
Яғни әрбір «субханаллаһ», әрбір «әл-хамду лилләһ», әрбір «лә
иләһә иллаллаһ» деп айтқан сайын жаннатта бір-бір ағаштан
өседі.
Сондай-ақ тағы бір хадисінде Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім «субханаллаһи уә бихамдиһи» деп айтса, ол үшін жаннатта бір құрма ағашы отырғызылады», – деп айтқан
5
.
Дүниеде жүріп, қай-қайсымыздың да жаннатта ағаш
отырғызуымызға мүмкіндігіміз толық жетеді. Мәселен айталық,
аялдамаларда сарылып көлік күткенде, небір ұйқысыз түндерде
дөңбекшіп көз іле алмағанда т.с.с. кездерде жоғарыда айтылған
осы бір керемет сөздер арқылы өзіміз үшін жаннатта ағаштар
отырғызуымызға әбден болады.
1
«Уақиға» сүресі, 30-аят.
2
Әл-Бұхари.
3
Әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Бәйһақи.
4
Әт-Тирмизи.
5
Әт-Тирмизи.