в) Жаннаттың ағаштары мен жемістері Жаннаттың ғажайып ағаштары мен жемістері туралы Аллаһ
тағала: «Негізінде, тақуалар үшін табыс бар. Бақшалар, жүзімдер бар» 1 ;
«Ол екі (бақшада) жемістер, құрма және анар бар» 2 ;
«Оңшылдар, оңшылдар нендей (нәрседе): тікенсіз сидр (ағаштарында, жемістері) үсті-үстіне шоғырланған банан (ағаштарында), созылған көлеңке астында, құйылған суда, ешбір таусылып, үзілмейтін, (ешкім) қорымайтын мол жемістерде» 3 ;
«Ол екеуінде жемістер жұп-жұбымен» 4 ;
«Қалаған жемістері бар» 5 , – деп айтқан.
Бұл – жаннат жемістерінің аттары, түр-көрінісі де осы
дүниедегідей болады да, бірақ дәмі ерекше өзгеше болады. Аллаһ
тағала: «Әр кез оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да ризық етілген еді ғой», – дейді. Ал оларға оның ұқсасы әкелінеді» 6 , – деген.
Жаннатта жеміс жегісі келген адамға оны барып үзіп алып
жеудің қажеттілігі болмайды. Ол тек қаласа болғаны, жеміс оның
алдына келіп түседі. Аллаһ тағала жаннаттықтардың жай-күйін
сипаттап: «(Оларға) екі бақшаның жемістері жақын тұрады» 7 ;
«(Жаннаттың) жемістері (олардың) біржолата еріктерінде болады» 8 , – дейді.
1
«Нәбә» сүресі, 31-32 аяттар.
2
«Рахман» сүресі, 68-аят.
3
«Уақиға» сүресі, 27-33 аяттар.
4
«Рахман» сүресі, 52-аят.
5
«Уақиға» сүресі, 20-аят.
6
«Бақара» сүресі, 25-аят.
7
«Рахман» сүресі, 54-аят.
8
«Инсан» сүресі, 14-аят.