Ақырет өткелдері


«Рух–Раббымның әмірінен. Сендерге білімнің азғантай бөлігі



Pdf көрінісі
бет32/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

«Рух–Раббымның әмірінен. Сендерге білімнің азғантай бөлігі 
ғана берілді», – деп айт»
1
, – деген Аллаһ тағаланың сөзін 
(әкелді)
2

Сондай-ақ 
жоғарыдағы 
«Исра» 
сүресінің 
85-аяты 
Пайғамбарымызды (с.а.с.) сынамақ үшін яһудилердің өздері оған 
рух жайлы сұрақ қойғанда, жауап ретінде түскені риуаят етіледі. 
Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ 
елшісімен (с.а.с.) Мәдинаның егіс алқабында келе жатқанмын. 
Ол құрма таяғына сүйеніп алған-ды. (Пайғамбар (с.а.с.)) 
яһудилер қауымының жанынан өтті. Олар бір-біріне: «Одан рух 
жайлы сұраңдар», – десті. Кейбіреулері: «Сұрамаңдар», – деді. 
«Рух жайлы одан сұраңдар», – деді (біреулері). Сөйтіп, олар: 
«Ей, Мұхаммед! Рух деген не?» – деп (сұрады. Пайғамбар (с.а.с.)) 
әлі таяққа сүйеніп тұрған-ды. Мен оған уахи түсіп жатқан 
болар деп ойладым. Сол кезде ол (с.а.с.): «Олар сенен рух 
жайлы сұрайды: «Рух–Раббымның әмірінен. Сендерге 
1
«Исра» сүресі, 85-аят. 
2
Ибн Кәсир. 


37
 
 
білімнің азғантай бөлігі ғана берілді», – деді. Олар бір-біріне: 
«Сұрамаңдар деп айттық қой», – десті», – деген
1

Рух, бұл – ақиқаты Аллаһ тағалаға ғана аян таңғажайып нәрсе. 
Рухтың не екеніне түсіндірме берген ғалымдардан: «Рух, ол – 
қасиеті жағынан өзгеше бір (болмыс)
2
. Ол – нұрлы, жоғары, 
жеңіл, тірі, қозғалып әрекет ететін, ағзалардың бойына бітетін 
дене. Ол ағзаларда гүлде судың жүргені яки зәйтүнде майдың 
жүргені немесе көмірде оттың жүргені сияқты жүреді. Қашан 
ағзалар сол нәзік дененің (рухтың) әсерлерін қабылдауға 
жарамды болса, әлгі нәзік дене сол ағзалармен бірлестікте 
қалады. Бұл әсерлер (ағзаларға) сезім, әрекет және қалау 
дарытады
3
. Ал егер ағза кері әсерлердің
4
нәтижесінде аталмыш 
әсерлерді қабылдай алмай қалса, рух тәннен ажырайды. Сөйтіп, 
ол рухтар әлеміне кетеді», – деген сөздер жеткен. 
Әбу Дәрданың (Аллаһ оған разы болсын): «Расында, тәнім 
менің көлігім ғана. Егер оны күтсем, мені жеткізеді (алып 
жүреді), ал егер күтпесем, жеткізбейді», – дегені сияқты. Яғни 
адам рух және тән бірлестігінен тұрады. Бәлкім, адам үшін тәнге 
қарағанда, рух қажеттірек болар. Өйткені тән рухтың көлігі ғана. 
Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Қиямет күні адамдар арасында дау-дамай рух пен тәннің 
дауласуына дейін жалғасады. Рух тәнге: «(Жамандықтарды) сен 
істедің», – дейді. Ал тән рухқа: «Маған әмір берген сенсің», – деп 
айтады. Сонда оларға төрелік етуге Аллаһ бір періштені 
жібереді. (Төрелік етуге жіберілген періште ол екеуіне)
«Расында, сендердің жағдайларың мүгедек пен соқырдың 
жағдайындай. Ол екеуі бір баққа кіреді. Мүгедек (ағаш 
бұтақтарындағы) жемістерді көріп, соқырға: «Мен жемістерді 
1
Әл-Бұхари, Муслим және Ахмад. 
2
Яғни, материялдық денелерден өзгеше. 
3
Яғни тән рухсыз сезімге, әрекетке және қалауға ие бола алмайды. 
4
Ауру-сырқау, апатқа ұшырау және т.с.с. 


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет