Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет33/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
көріп тұрмын, бірақ оған шыға алмаймын», – дегенде, соқыр: 
«Бері кел! Менің үстіме шық!» – дейді. Соқыр келіп мүгедекті 
көтеріп, екеуі жемістерді жинайды. Періште (рух пен тәнге 
осы мысалды айтып): «Енді екеуінің қайсысы жазалану керек?» – 
деп сұрағанда, олар: «Екеуі де», – деп жауап береді. Періште 
оларға: «Сендер өздеріңе үкім шығардыңдар!» – дейді. Яғни тән 
рухқа көлік сияқты», – деген сөздер риуаят етілген. 
Біздің бұдан ұғарымыз, адам рух пен тәннің бірлестігінен 
тұрады. Адам баласының ісіне ол екеуі бірдей атсалысады. 
Демек, мәселе кейбіреулер айтып жүргендей, адамның істеген 
істері үшін ол екеуінің біреуі ғана жауап береді емес, керісінше, 
екеуі де (яғни рух та, тән де) бірдей жазаланады немесе нығметке 
бөленеді. 
Жан мен нәпсі – бір ұғым 
Сондай-ақ рух «нәпсі» деп те аталады. Кейбір ғұламалар рух 
пен нәпсінің арасын ажыратқан. Бірақ бір топ ғұламалар рух пен 
нәпсінің бір нәрсе екендігін айтады. Аллаһ тағала Құранда 
нәпсіні үш түрлі (яғни жамандыққа бұйырушы нәпсі, жазғырушы 
нәпсі және тыныштық тапқан нәпсі) атайды. Мысалы, Аллаһ 
тағала: «Расында, нәпсі Раббым рақым еткеннен басқаны 
жамандыққа бұйырушы»
1

«Жоқ, жазғырушы нәпсімен ант етемін»
2
;
«Ей, тыныштық тапқан нәпсі! Раббыңа, Ол сенен, сен 
Одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына 
кір! Сондай-ақ жаннатыма кір!»
3
– деген. 
Негізінде, осы аяттарда айтылған нәпсілердің бәрі – бір нәпсі. 
Ғұламалар осылай деген. Бірақ нәпсі үш сипатқа ие. Тахауия 
1
«Юсуф» сүресі, 53-аят. 
2
«Қиямет» сүресі, 2-аят. 
3
«Фәжр» сүресі, 27-30 аяттар. 


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет