қатысты сөз сөйлейтін ақымақ», – деп айтқан
1
.
Хузайфа ибн әл-Яман (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ақымақ құлдан туған ақымақ құл 2 адамдардың ең бақыттысы болмайынша, Қиямет келмейді», – деген
3
.
34-белгі: Таныс адамдармен ғана сәлемдесу Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «Бір кісі екінші кісімен оны танығаны үшін ғана амандасатын кез болғанша, Қиямет келмейді», – деген
4
.
Негізінде, танитын адамдарға ғана сәлем беру сүннетке
жатпайды. Таза сүннет, ол – мұсылманның таныса да, танымаса
да кездескен кісісіне сәлем беруі.
35-белгі: Надандардан білім үйрену Әбу Умәйя әл-Жумахи (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үш нәрсе Қияметтің белгілерінен. Олардың бірі: кішілерден білім үйрену...», – деген.
Осы хадисті жеткізуші Абдуллаһ ибн әл-Мубарактан:
«кішілердің» кімдер екені жайлы сұралғанда: «Өз ойынан
сөйлейтіндер. Ал жасы үлкендерге білім берген адамның жасы
кіші болса – ол кіші болып есептелмейді», – деп жауап беріпті.
Сондай-ақ олар туралы: «Олар – бидғатшылар», – деп те
айтылған.
1
Ахмад.
2
Бұл жерде өзі де, әкесі де нашар адам болғандар туралы айтылған.
3
Ахмад.
4
Ахмад.
109
36-белгі: Жартылай жалаңаш әйелдердің пайда болуы Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақылардың мен көрмеген екі түрі бар: сиырдың құйрығы сияқты қамшылары бар адамдар, олар