Жануарлар экологиясы


бейімдеуші  немесе  үзілісті



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата03.03.2017
өлшемі12,6 Mb.
#7024
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

бейімдеуші 
немесе 
үзілісті
қысқы ұиқы жэне 
нағыз 
яғни  үзілмеитш қысқы ұиқы деген негізп екі 
түрге бөледі.
Бейімдеуші  (үзілісті)  қысқы  ұйқыда  кыстың  қолайсыз  мезгілін 
өткізетін  жануарлардың дене температурасы,  тыныс  алу  жиілігі  жэне 
зат алмасуының жалпы деңгейі сонша төмендемейді.  Қысқы жылылау 
күндерде немесе шошындыратьш  болса олар ұйқыдан сергіп, белсенді 
тіршілікке  ауыса  алады.  Бейімдеуші  қыскы  ұйқы  аюларға,  жанат, 
жанат тэрізді  ит,  борсыктарға тэн.  Ақ аюлардың тек буаз аналыктары 
мен қонжықтары ғана апанға кіріп ұйқыға кетеді. Оңтүстік өлкелердің 
қоңыр  аюлары  мен  борсықтары  қыста  ұзақ  ұйқыға  кетпейді.  Қысқы 
ұйқыдағы  аюдың  денесінің  температурасы  +4°С,  ауыз  қуысының 
темпераіурасы  +35°С  болатыны  жэне  олар  1  минутта  2-3  рет  тыныс 
алатыны анықталған.  (ал қалыпты тіршілік ету  кезінде  1  минутта 8-14 
рет  тыныс  алады).  Бейімдеуші  қысқы  ұйқыга  кейде  климаттың 
суыктығынан  емес,  кыста  қоректік  заттың  азаюына  байланысты 
кетеді.
Нағыз  немесе үзіліссіз  қысқы ұйқы  кезінде жануарлар денесінің 
температурасын  реттеу  қабілетінен  айырылады.,  жүректің  соғысы 
жэне  тыныс  алу  жиілігі  ерекше  азайып,  денесінің  жалпы  тыныс  алу 
деңгейі төтенше төмендейді.
100

кесте
көрсеткіштерінің қысқы ұйқы жэне белсенді тіршілік кезіндегі
ш
/ — ^ 1 %  
а
 
ч г  •   а  ^  ^
 
^
 
-----^
 
л  
ш
  * 
д
салыстырмалы 
Салыстырьшан
ф и зио л о- гия лы қ
көрсеткіштер
1  минутгағы 
тыныс жиілігі 
1  минуттағы
іексоғысы
1  сагатта 
жылу (кДж\кг)
температурасы
°С
Қандай жагдайда
Қалыпты 
Қысқы
жағдаида
Қысқы ұйқы кезінде
Қалыпты жағдайда
Қысқы ұйқы кезінде
Қалыпты жағдайда
Қыскы
кірпі
40-50
Жануарлар
100-360 
1-15
100-350
5-19
0,09
35-39 
1-13
аламан
150-200
12-15
38-39
Үйқы  кезіндегі  тьгаыс  жиілігі,  жүрек  согысы,  жылу  бөлу,  дене 
температурасының  мөлшерін  олардың  қалыпты  жағадайда  белсенді 
тіршілік  ету  кезіндегі  мөлшерімен  салыстьфып  -  кестеде  көрсетілді. 
Кестеден  қысқы  ұйқы  кезінде  зат  алмасу  мүлдем  токтатылмайтынын 
көреміз.  Зат  алмасуды  тоқгатпау  үшін  кысқы  үйкыдағы  жануар 
денесіне  жинаған  энергиялык  қорды  жүмсайды.Энергиялық  қордьщ 
негізі  ретінде  денесіндегі  май  және  бауьфына  жиналған  гликоген 
жүмсалады.  Осыған  орай  кысты  мезгілдік  үйқыда 
өткізетін 
жануарлар жазда денесіне майды мол жинайды.  Мысалы, бозсуырдың 
шел  майы мсн  іш  майы  маусым  айында небэрі  10-15г болса,  шілдеде 
250-300  г,  тамызда  750-800г  болып  өседі  екен.  Кейбір  жануардың
салмағының 25 пайызын май иеленетіні айқындалған.
Қысқы  үйқымен  қатар  қоректік  зат  азаю,  төтенше  қуаңшылық
салдарынан  жазғы  мезгілдік  үйқыга  кету  қүбылысы  да  кездеседі.
Жазгы  үйқы  көбінесе  кеміргіштердің  арасында  жиі  кездеседі.
Жергілікті  халық зорман деп  атайтын  қүм  саршүнагы  маусым-  шілде
айларында  жазғы  үйқыга  кетеді.  Егер  күзде  (  тамыз,  қыркүйек
айларында)  жауын-  шашын  жауып,  қүнарлы  шөп  шықпаса  олардың
жазғы  үйқысы  кысқы  үйқыга  жалғасады.  Мүндайда  қысқы  шыгынға
көптеп үшырайды. 

.  .  .
Сыртқы  ортаның  маусымдық  қолайсыз  жагдайына  төзімділікті
арттыруға  бейімделудің  негізгі  бір  түрі  -   қолайсыз  мезплде 
коректенетін  жемнің  қорын  жинап  сақгау  болып  табылады.  Азыкгың 
қорын 
жинау 
эртүрлі 
систематикалық 
топтың 
сүтқорекп
101

жануарларында  әртүрлі  деңгейде  дамыған.  Нағыз  көшпелі  тіршілік 
ететін  жануарлар  жемдік 
азық  жинамайды.  Бұлар  —  киттер, 
ескекаяқтылар, жарғанаттар, тұяктылар жэне қыста ұзақ үқыіа кететін 
жануарлар.  Жэндік  қоректілердің  тек  кейбіреулері  ғана  аздап  азық 
жинайды.  Мысалы,  кейбір  жертесерлер  қыс  таяғанда  аздаған
омыртқасыз жануарды жинап сақтайды.
Аулаған  жемтігінің  артыгын  көміп  сақтап  қою  әдеті  кейбір 
жыртқыштарда  кездеседі.  Аққалақ,  аккістер  аулаған  тоқалтістер  мен 
тышқандарды  ініне  20-30-  дан  қоймалап  үйіп  кояды.  Қара  күзен 
өлтірген  бақаларды  мұз  астына  40-50-  ден  үйіп  қоймалайды.  Су 
күзенінің  мүз  астына  үйіп  жинаған  балығының  салмағы  7-8 
киллограммға  дейін  жетеді.  Жыртқыштар  коректік  қорын  сақгайтын 
арнайы  орын  әзірлемейді  жэне  жинаған  азыгын  тек  жалғыз  өзі  ғана 
пайдаланады.  Жемтік  болғызатын  жануарлар  азайған  қолайсыз  суық 
кезеңді  аман  өткізуіне  жыртқыштардың  сактаған  азығы  тек  азғантай
ғана жэрдем бола алады.
Кеміргіштер мен түйеқұлақтардың  азықгық қор сақтау тэсілі де 
жыртқыштардан  өзгеше  жэне  олар  үшін  кыстык  азықгың  маңызы  да 
өте 
зор. 
Үшарлар 
қандыағаштың, 
қайыңның 
нэзік 
жұмсақ 
бұтақшалары  мен  сырғагүлдерін  жинап  ағаштың  куысына  сақтайды. 
Тиіндер  жинаған  жаңғағын  жерге  түскен  жапырақ  жамылғысының 
астына  немесе  топыраққа  көміп  жасырады.  Кейде  ағаштың  куысына 
да жинайды.  Сонымен  катар тиіндер  саңырауқұлақгы  жинап  ағаштың 
бұтағына іліп сақтайды. Орманда бір дарақ тиін  150-300 саңыраукұлак 
жинап  қыска  әзірлеп  сактайды.  Ал  Қазақстандағы  таспа  карағайлы 
орманда  қыста  қорек  өте  аз  болатындықтан  бір  тиін  1500-2000-ға 
дейін 
саңырауқұлақ 
жинап, 
қыска 
сақтайтыны 
анықгалған. 
Кеміргінггер  мен  түйеқұлақтар  қысқа  азықты  көп  мөлшерде 
дайындайды  жэне  оны  арнайы  әзірлеген  орынға  жинап  сақтайды. 
Кейбір  кеміргіштер  інінің  ішінен  жем-  шөп  жинауға  арнап  кең  үңгір 
қазып  «қойма»  эзірлейді.  Кейбір  кеміргіштер  тастың  үңгір,  куысына 
тығып  сақтайды.  Су  тоқалтісі  қысқа  әзірлеп  жинаган  өсімдіктің 
тамыр, тамыр сабақ, түйнек, ұрықтың салмағы кей жылдарда  15  кг- ға
жетеді. 
-  1 
?
Құндыз  қысқы  азық үшін  тал,  терекетің  бұтағын  қырқып  інінің
су  астындағы  аузына  таяу  жинайды.  Кейде  кұрлықта,  інінің  сыртқа 
шығар аузын бітеп жинайды.
Кеміргіштер  жинап  сақтаған  азығын  қыста  бір  інде  бірғе  қыстаған 
тұқымдас топтың барлық мүшесі бөлісіп тұтынады.
Қысқы  ұйқыға  кететін  сүтқоректілердің  де  кейбір  түрлері 
азықгык  жем  жинайды.  Мысалы,  борша  тышқан,  ұзынқұйрық
102

саршұнактар. 
Олар 
қыс 
басталысымен 
қысқы 
ұзақ  ұйқыға 
кететіндіктен  жинаған  жемін  қыста  жемеиді.  Көктемде  қысқы 
ұйқыдан оянған  кезінде әлі де жас жем-шөп табыла қоймайтындықтан
өткен күзде жинап  сакгаған азығьгмен қоректенеді.
7. Жануарлардың тірпшгік нысаны
Биолоғиялык  эколоғиядағы  өзекті  мәселенің  бірі  -   «тіршілік 
нысаны»  туралы  ұғым.  Тіршілік  нысаны  деғеніміз  сыртқы  ортаның 
жалпы  жағдайына  жануарлардың  бейімделғен  бағытын  (жобасын) 
көрсететін  олардың  сыртқы  морфолоғиялық  кескіні.  Биоценозда 
иеленетін  эколоғиялық  куысы  ұқсас  болуына  байланысты  ұқсас 
факторлардың  сұрыптауына тұсіп,  морфолоғиялык жэне эколоғиялық 
ортак  сипаттарға  ие  болған  жануарлар  олардың  шығу  тегі  басқа 
болуына карамастан  бір тіршілік нысанын кұрайды. Яғни бір тіршілік 
нысанына  жататын  жануарлардың  сыртқы  ортаға  бейімделғен 
морфолоғиялык сипаттары және мінездік ерекшеліктері ұқсас болады. 
Басқаша  айтқанда  бірдей  табиғи  сұрыптаудан  өтудің  нэтижесшде 
факторлардын эсеріне ұқсас бағытта бейімделіп, морфолоғиялық жэне 
эколоғиялық  ұқсастыкка  ие  болған  жануарлар  тіршілік  нысаньшың 
белғілі  бір тобын  құрайды.  Бір тіршілік нысанына жататын жануарлар 
жакын туыстас болуы да, ешбір туыстық қатьшасы  жоқ, шығу  тектері 
басқа-  басқа  болуы  да  мүмкін.  Демек,  тіршілік  нысан  тобына  жіктеп 
бөлу  үшін  олардың  систематикалық  қандай  топқа  жататыны 
ескерілмейді,  морфолоғиялық  жэне  эколоғиялық  бейімделуінің 

ұқсастығына  негіздеп,  тіршілік  нысанының  эртүрлі  топтарына
^ і І ГТРГГСЯяЬ 
_  - 

Л ||и д В З К   Н |
Тіршілік  нысаны  туралы  ұғым  тек  жануарлар  эколоғиясы 
саласында  ғана  колданьшмайды.  Бұл  -  жалпы  биолоғиялық  кең 
шенберлі  ұғым,  барлық  тірі  орғанизмдер  сыртқы  ортаға  бейімделген 
негізғі  бағытына  сэйкес  тіршілік  нысаны  жүиесін  түзуғе  қатысады. 
Тіршілік 
нысаны 
туралы 
қағида 
физиолоғия, 
филоғенетика,
эволюциялык теория,  популяішялык  эколоғия,  эколоғиялық жүйелеу,
биоценолоғиялык зерттеу саласында кенінен колданылады.
Тіршілік  нысаны  туралы  ұғымның  дамуына  эволюциялық 
дамудың  неғізгі  факторы  табиғи  сұрыптау  құбылысында  екенін  жан- 
жақты  дэледдеғен  Ч.Дарвиннің  ілімі  үлкен  ықпал  көрсетті.  Дарвин 
табиғи  сұрыптаудың  нәтижесінде  туыстас жақын  түрлердің  арасында 
айырмашылык  пайда  болып  жақын  түрлер  алшактау  (дивергенция) 
жолына түсіп  қана коймайды, сонымен катар егер тіршілік ортасының 
ұқсас  жагдайында бірге  өмір  сүріп,  тіршілік  ету  үлгілері  ұксас  болса 
туыстык  катынасы  жок  агзалардың да сырткы  пішін,  кескініңде  жэне
103

мінезінде  ұқсастық  пайда  болатынын  (конвергенция)  жан*жакты 
татдап  дәлелдегені  белгілі.  Туыстық  қатынасы  жоқ  агзалардын 
сыртқы  кейіп  -   кескіні  конвергенциялық  жолмен  ұқсастану  туралы 
ілім  өсімдік  пен  жануарлардың  морфологиялық,  экологиялык 
бейімделу  ерекшеліктерін  зерттеген  кейінгі  галымдарга  теориялык 
негіз ретінде үлкен әсерін тигізді.
Алғаш  XIX  ғасырдың  басында  неміс  галымы  А.  Гумбольдт 
тіршілік  нысаны  туралы  қагиданың  ғылыми  негізін  калады.  Ол
өсімдіктерді  тіршілік  нысаны  бойынша  экологиялык  топтарга  бөліп, 
оны  әлемнің  әртүрлі  бөліктерінің  өсімдік  жамылгысын  сипаттау 
жүмысына  қолданды.  Ал 
Ы/е  /огт
  ягни  тіршілік  нысаны  (тіршілік 
үлгісі)  деген  атауды  алгаш  1884  жьшы  даниялык  галым  Е.Варминг 
гыльгмга  енгізіп,  бүл  атауды  бейімделушілік  қасиетіне  байланысты 
мағынада қолдануды үсынды.
XX  гасырдың  басьгаан  бастап  тіршілік  нысаны  туралы  ілімнің 
өркендеу  өрісі  кеңейіп,  даниялық  ботаник  ғалым  Кристен  Раункиер 
(ЯаипЗаег,  1907)  өсімдіктерді  тіршілік  нысаны  бойынша экологиялык 
топтарға  жіктеді.  К.Раункиердің  бүл  үсынысы  ғылыми  терен 
зерттеулерге  негізделгендіктен  зерттеушілер  біртүтас  қоддады  және 
кеңінен  қолданды.  Бүдан  кейін  Г.Гамс  (1918)  өсімдіктер  мен 
жануарларды  тіршілік  ететін  ортасы  мен  биоценозда  орналасқан 
беддеулік  қабатына  (ярус)  карай  тіршілік  нысанына  жіктеу  ж\гйесін 
жинақтап үсьгады.
XX  ғасырдың  екінші  жартысында  И.Г.Серебряков  (1962) 
тіршілік  нысаны  аркылы  биоэкологиялық жіктеудің  кешенді  жүйесін 
қүрастырды.  Бүл  жүйеде  ол  өсімдіктерді  агаш,  бүта,  қүрлыктағы 
шөптесін  өсімдіктер,  суда  өсетін  шоптесін  өсімдіктер  деген  төрт 
бөлікке  жіктеп,  бүлардың  әрбіреуін  тіршілік  нысанының  баскадай 
негізгі  ерекшеліктеріне сәйкес тип,  класс,  класс тармагы, топтар т.с.с. 
тармақтап  жіктеу  жүйесін  қүрастырды.  Бүл  жүйе  қазіргі  кезде 
өсімдіктер  әлемінің  биоэкологиялық  зерттеу  жүмыстарында  жиі 
қолданылады. 
*
Жануарларды  морфологиялық,  экологиялық,  мінез  —күлықтық 
үқсастығына  қарай  тіршілік  нысанының  топтарына  бөлу  жуйесін 
алғаш  К.  Фридерикс  (1930)  қүрастырды.  Шыгу  тегі  түрғысынан 
эртүрлі  топқа  жататын,  туыстығы  жоқ  жануарларды  ғана  емес, 
даральщ 
дамуының 
эртүрлі 
сатысындағы 
жануарларды 
да 
морфологиялық  ұқсастығына  негіздеп  тіршілік  нысанының  бір 
тобына, біріктіріп жіктегені бұл жүйенің негізгі жетістігі еді. Тірішілік 
нысаны  туралы  орыс  ғалымдарының  еңбегі  XX  гасырдың  30 
жылдарынан  бастап  жарық  көре  бастады.  Белгілі  эколог  ғалым
104

Д.Н.Кашкаров  (1933, 
1938) 
:  «жануарлардың  морфологиялық 
ұқсастығы  мен  тіршілік  нысанынан  олардың  гіршілік  ортасының 
сипатын  айнадан  көргендей  айқын  ажыратып  білуге  болады»  деп 
дәріптеді.  Сондай-ақ 
Д.Н.Кашкаров  (1944)  жануарларды  сыртқы 
ортаның  эртүрлі  факторларына  бейімделуіне  негіздеп  тіршілік 
нысанына жіктеудің бірнеше жүйесін жасап үсынды. Жануарларды ол 
климатқа  бейімделу  түргысынан  жылы  канды,  салқын  қанды  деген 
екі  үлкен  топқа  бөледі  де,  оның  эрбірін  иерархиялық  кіші  топтарга 
жіктейді.  Тіршілік  ететін  ортасы  және  соган  байланысты  қозгалу 
ерекшелігіне  қарай  жүзетін,  қазатын,  үшатын,  жер  бетілік,  агашта 
тіршілк  ететін  т.б.  топтарга бөліп,  эрбір  топты  тагы да  кіші  топтарға
жіктейді.
А.Н.Формозов  (1929,  1956,  1964)  қозғалыс  ерекшелігіне  сәйкес 
сүтқоректілерді: 
1
)  жер  бетінде  жүрушілер; 
2
)  жер  қазушылар;  3) 
агашта тіршілік  етушілер;  4)  ауада тіршілік етушілер;  5)  суда тіршілк 
етушілер деген бейімдік топтарға бөлуді үсынды.
Тіршілік  нысанын  зерттеу  саласына  энтомолог  ғалымдардың 
косқан үлесі мол. Атап айтсақ төменгі сатыдағы жэндіктердің тіршілік 
нысанын  зерттеуге  Гизин  (1960),  С.К.Стебаева  (1970),  толық  емес 
пішін  өзгерісімен  (гемиметабола)  дамитын  жәндіктердің  тіршілік 
нысанын зерттеуде В.П.Уваров (Ііүагоу,  1938), ГЛ . Бей-биенко (1950) 
жэне  Л.Л.  Мищенко  (1951),  О.А.Чернова  (1952),  М.  Н.  Нарзикулов
(1970), И.  В. Стебаевтар елеулі еңбек сіңірді. Толық пішін өзгерісімен 
дамитын  (голометабола)  жәндіктердің  дернэсілдерінің  тіршілік 
нысанын  зерттеп,  оларды  экологиялық  топтарға  жіктеудің  ғылыми 
теориялык  негізін  қалауда  М.С.Гиляров  (1942,  1949),  А.М.І ерасимов 
(1952),  Ю.Б.Дизер  (1954),  И.Х.Шарова  (1957,  1960,  1976,  1982), 
Н.П.Кривошейна  (1959),  С.И.Келейникова  (1963,  1969)  қатарлы 
энтомолог  галымдардың  еңбектері  үлкен  үлес  қосты.  Толық  пішін 
өзгерісімен 
дамитын 
ересек 
жэндіктердің 
тіршілк 
нысанын
Г.С.Медведев  (1961,  1970),  В.Г.Мордкович  (1970,  1977),  И.В.Стебаев
(1971),  Г.А.Мазохин-Поршняковтар  (1952,  1954)  зерттеп  оларды, 
морфоэкологиялык  топтарға  жүйеледі.  Тіршілік  нысаны  туралы 
теориялық  багытты  жетілдіруге  Ф.Н.Правдин  (1971),  М.С.Гиляров 
(1957,  1970),  Д.А.Криволуцкийлердің  зерттеулері  маңызды  рөл
атқарды.
Жануарлардың  тіршілік  нысанының  түсініктемесі  ретінде 
бірнеше  мысал  келтірейік.  Мысалы,  мүхиттьщ  терең  суында  еркін 
жүзіп  бірге  тіршілік  ететін  теңіз  жебесі,  кальмар,  бараккуда  балык, 
түлен  және  ерте  заманда  теңізде  тіршілік  еткен  ихтиозавр,  бесеуін 
салыстырып  корсек,  олардың  барлыгының  сыртқы  пішіні  сүңгуір
105

қайық  тәріздес  екенін  көреміз.  Олардың  кай-қайсы  жылдам  жүзетін 
жыртқыш  жануарлар.  Судың тығыздыгы  ауадан  800  есе  артык екенін 
еске  алсақ,  қысымы  мол  терең  суда  жылдам  жүзу  оңайга  түспейтіні 
айқын.  Жылдам  жүзіп  қорегін  ұстап  жеуге  бөгет  жасаушы  судың 
кедергісін  азайту  талабының  эсерінен  бұлардың барлыгының  денесі
сүңгуір  тэріздес  болганы 
белгілі.  Олардың  сыртқы  пішіні,
жыртқыштық  мінезі,  жылдам  қозгалысы,  жемін  құткармай  ұстауга 
бейімделгендігі  жэне  қармауышы  барлыгы  терең  суда  жыртқыштык 
жасап  тіршілік  етуге  бэрі  де  бірдей  бейімделгенінің 
белгісі.  Ал 
систематикалык  тұргьщан  алып  карасақ,  оларда  ешбір  туыстастык 
жоқ:  теңіз  жебесі  -   қылтан  жақтылар  типіне,  кальмар  -   былқылдак 
денелілер  типіне,  барракуда  —  балықгар  класына,  ихтиозавр  —
 
бауырымен  жоргалаушылар  класына,  түлен  -   сүткоректілер  класына
жатады.
15-сурет.  Сүңгуір  пішінді  гидробионттар  тобының  тіршілік 
нысаны: 
1
-  жебе  (кылтан  жақтылар  типі); 
2
-  кальмар  (былкыддак 
денелілер  типі);  3  —  баррикуда  (балықгар  класы);  4-  ихтиозавр 
(бауырымен жорғалаушылар класы); 5 -  түлен  (сүтқоректілер класы).
Топырақга  тіршілік  ететін  геобионт  жануарлардың  пішіні 
жылан немесе құрт тэріздес — жіңіппсе, ұзын жэне жұмыр болады. 
16- 
суретте
  систематикалық  эр  түрлі  типке  жататын,  бірақ  барлығы  да 
топырақта  тіршілік  ететін  бірнеше  жануарлар  көрсетілді.  Суреттегі 
жұмыр  құрт  -   жұмыр  құрттар  типіне,  жауын  құрты  -   бунақ  кұрттар 
типіне,  перипатус  Н  онихофорлар  типіне,  сонаның  дернэсілі  —
Қылтан жақгылар типі:
Жебе (
ЗщіШ  ш Ш ш
Былкылдак денелілер типі:
(БутрІесШеШһіз оиіапіепзіз)
Балыктар класы
Барракуда балық
(5
рһигаепа Ьаггасшіа) 
Бауырмен жорғалаушылар
класы
Ихтиозавр 
(Зіепоріег&из
һаиЦіапиз)
Сүтқоректілер типі 
Түлен 
(Ра$огһоса %гоепІапйіса)
106

бунақаяктылар типінің  жәндіктер  класына,  құртша -   желілер типінің
қосмекенділер класына жатады.
Бұл  жануарлардың  барлығы  топырақгы  қазып,  топырақтың
ішінде  қозгалып  жүріп,  қорегін  тауып  жейді.  Олардың  ішкі 
құрылысының  даму  деңгейінде  орасан  айырмашылықгары  барына 
қарамастан барлыгының сыртқы пішіні мен кейіп -  кескіні топырақты 
қазып, тесіп козгалуга бейімделген. Денесі ұзын, бұлшық еттері күшті 
жетілгендіктен  жиырылып  -   созылып  қозгалуга  жақсы  бейімделген. 
Кейбіреуінің  денесінің  ішкі  жэне  сыртқы  мүшелері  көп  бунақка 
(сегмент)  бөлінеді  (жауын  кұрты,  перипантус,  сонаның  дернәсілі), 
енді  біреулерінің  тек  сыртқы  терісі  гана  бунақгалган  (мысалы 
кұртша), ал жұмыр құрттың денесінің сыртқы  кутикул кабықшасында 
ұсақ  бунактар  түзіледі.  Құрт  пішінді  бұл  жануарлар  топырақтың 
арасында  козгалу  үшін  оны  қазып,  өзіне  жол  шыгарады.  Бірақ 
топырақтың  ішіндегі  қатты  түйіршіктер  кыйыршык  тастарды  қазып 
қопаруга дәрмені  келмейтіндіктен  оларды  айналып  өтуге тура келеді. 
Ал  көп  рет  бұрылып,  айналу  үшін  көп  бұралып,  көп  бүктелу  керек. 
Денесінің  көп  бунақган  құралуы  олардың  топырақтың  ішінде  көп 
бүктеліп,  алдындагы  бөгетті  айналуб  багытын  өзгертуге  мүмкіндік
береді.
107

Жұмыркүрттар типі:
Жұмьф құрт 
(Нетагойа)
Бунақ кұртгар типі
Жауын құрты 
(ІмтЬгісш 
іеггезігіз)
Онихофор (алғашқы 
трахейлілер) типі:
Перипатус 
(РегіраШз тозеіеуі)
Буынаяқгылар типінің 
жәндіктер класы:
Сонаның дернәсілі 
(ТаЬапиз 
Ь о у і п ш )
Желілілер типінің 
космекенділер класы:
Құртша (
Зірһопорз аппиіашз
\
 
6
-сурет. Құрт пішінді геобионттар тобының тіршілік нысанына 
жататьшдар: 
1
-жұмьф  құрт  (жұмьф  құрттар  типі), 
2
  -  жауын  құрты 
(бунақ  құрттар  типі),  3  -  перипатус  (онихофорлар  типі),  4  -сонаның 
дернәсілі  (бунақаяқтылар  типі),  5  -  құртша  (желілер  типінің
қосмекенділер класы).
Топырақга  тіршілік  ететін  кұрт  тәріздес  пішінді  жануарлардың 
денесіне  тірек  болатын  эртүрлі  мүшелері  бар.  Айталық,  жауын 
құртыньщ  денесінің  эр  бунагында  тікен  тэріздес  қос  қылтаны,  ал 
перипатустың  эр  бунагында  ілгекшелі  қос  жалган  аягы,  сонаның 
дернәсілінің 
эр 
бунагьшда 
кутикуласынан 
өскіндеген 
қатты 
сақиналары бар. Топыракты қазганда және козгалганда осы өскіндерін
тіренеді.
Аэробионттар  тобын  құрайтын  ұшатын  қанатты  жануарлар  да 
сыртқы  пішінінің  ұқсастыгымен  ерекшеленеді. 
1
1-суретте
  ұшып 
жүрген  сона  (жәндіктер  класына  жатады),  птерозавр  (бауырымен 
жоргалаушылар  класының  ерте  заманда  тіршілік  етіп,  мезозея
108

эрасында  жойылып  кеткен  өкілі),  үйрек  (құстар  класы),  жарганат 
(сүтқоректілер класы) бейнесі көрсетілді.
17-сурет. Қанатты  аэробионт жануарлардың тіршілік нысаны:  1- 
инелік  (буынаяқтылар  типінің  жәқдіктер  класы; 
2
-  рамформых 
желілілер типінің бауырымен жорғалаушылар  класы;  3- үйрек  (қүстар 
класы); 4- жарғанат (сүткоректілер класы).
Бұл  жануарлардың  дене  кұрылыстарында  қаншама  көп 
айырмашылыкгары 
барына  қарамастан  сырткы  пішіндері  ұксас 
екенін  байқау  қиын  емес.  Бұлардың  барлығы  да  ұшута  бейімделуіне 
баиланысты  сыртқы  пішіндерінде  ортак  ұқсастық  пайда  оолған. 
Неғізғі  үқсастығы  — олардың 
қай-қайсы  қанатты  екендігінде.  Бірак 
сыртынан  қарағанда  қанат  бәрінде  болғанымен,  әрбір  жануардың 
қанатының  пайда  болған  жолы  және  қүрылысы  әр  түрлі.  Қысқасы, 
үқсастык  тек  сыртқы  пішінінде  ғана.  Анығырак  айтсақ:  жәндіктер 
класына жататьга  сонаның  канаты  оның  терісінің  катпарының  сыртка 
қарай  созылып  өскіндеуінен  пайда  болган.  Ал,  құс,  птерозавр, 
жарғанаттьгң  қанаттары  -  озгеріске  түсіп,  қанатқа  айналған  олардың 
алдыңғы  аяқтары.  Бұдан  біз сонаның  қанатының  шығу тегі  соңғы үш 
жануардың  канатынан  мүлдем  баска,  терісінен  өсіп  шыққанын  көріп 
отырмыз.  Бірақ  сонаньщ  қанаты  да  ауада  ұшуға  қызмет  аткарады. 
ІЛығу  тегі  басқа-басқа  болғанымен  бірдей  қызмет  атқаруға  ортақ 
бейімделудің  нәтижесінде  сыртқы  бейне  пішінінде  ұксастық  пайда 
болүы 
аналогия 
деп аталады. Аналог мүшелер көбінесе бірдей ортада
109

бірдей  бағытпен  (конвергенция) дамыған  жануарларда пайда болады. 
(біздің  мысалға  алған  жануарларымыздың  канаттары  ұшу  кызметіне 
бейімделіп әртүрлі жолмен пайда болғанын көреміз).
Біздің  жоғарыда  мысалға  алған  жүзетін  -   сүңгуір  піпгінді, 
қазатын  -   күрт  пішінді  және  үшатын  -  қанатты  жануарлардың  әрбір 
тобы жеке-жеке тіршілік нысаньга  қүрайды.  Ал бір топтың  ішіндегі  - 
бір  тіршілік  нысанына  жататын  жануарлар  ортақ  факторға,  бірдей 
жолмен  бейімделгендіктен  эволюциялық  даму  барысында  олардың 
пішін, кескіндерінде ұқсастық пайда болған.
Тіршілік нысанының тобынан, экологиялық топты ажырата білу
керек.  Егер  жануарларды  олардың  морфологиялык  құрылысының 
ерекшелігін  ескермей  тек  экологиялық  ұксастығына  сүйеніп  топтаса 
ол  тіршілік  нысаны  емес,  экологиялық  топтарға  жіктеу  болып 
табылады.  Бір  экологиялық  топқа  морфологиялық  сипаты  әртүрлі 
жануарлар  кірісуге  болады.  Мысалы,  қалқыма  (планкгон)  жануарлар 
тобьгаа  дене  пішіні  шатыр  тәрізді  медузалар,  таспа  тәрізді  немесе 
сопақша  денелі  тарақшалар,  денесінің  сырты  тікенекпен  жабылган 
кірпі  тәріздес  шаяндар  т.б.  барлығы  бір  топқа  жатады. 
Топырақта 
тіршілік  ететін  геобионттардың  экологиялык  тобының  кұрамына 
жәндіктердің  құрт  пішінді  дернәсілдері,  аягы  топырақгы  қазуға 
бейімделген бұзаубастар, жіп тәріздес жіңішке денелі  қырыкаякгылар, 
домалақша  денелі  сауытты  кенелер  кіреді.  Экологиялык  бір  топтың 
құрамына  осылайша  бірнеше  тіршілік  нысанына  карасты  жануарлар 
кірісуге  болады.  Сонымен  қатар  бір  тіршлік  нысанының  құрамына 
бірнеше  экологиялық  топтың  жануарлары  қатысатын  кездер  де  аз 
емес.  Мысалы  топырақты  қазып  жер  астында  тіршілк  ететін  қазушы 
геобионт  тіршілік  нысанын  құрайтын  қоңыз,  бұзаубас,  іпиландардың 
біреуі 
ылгалды 
топырақгы 
сүйетіндіктен 
гигрофильдердің 
экологиялық 
тобына, 
екіншісі 
ылғалы 
орташа 
топырақты 
сүйетіндіктен  мезофилдердің  экологиялық  тобына,  үшіншісі  шөлдің 
құрғак  құмында  тіршілік  ететіндіктен  ксерофильдердің  экологиялық 
тобына  жатады.  Міне,  бүдан  экологиялық топ  және  тіршілік  нысаны 
деген ұғымдар екі басқа екеніне көз жеткіздік.
Енді 
«тіршілік 
нысаны» 
және 
«систематикалық 
топ» 
ұғымдарында 
қандай 
айырмашылық 
барына 
токгалайық. 
Систематикалық  бір  топқа  жататын  (кластас,  қатарлас,  түзо>імдас) 
жануарлар  көбінесе  тіршілік  нысанының  кең  аралған  бір  гана  тобын 
түзеді.  Мысалы  балықгардың  басым  көпшілігі  тіршілік  нысанының 
«сүңгуір пішінділер»  тобына, бунақ құрттар  -  құрт тәрізділер тобына 
жатады. Бірақ систематикалық бір топқа жататын  жануарлар әрдайым 
тіршілік  нысанының  бір  ғана тобын  құрай  бермейді.  Систематикалык

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет