Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі2,44 Mb.
#7323
1   2   3   4   5   6

АНА ЖҮРЕГІНІҢ 

КӨЗ ЖАСЫ...

 (Деректі əңгіме)        

Бақытжан биыл он сегізге толған бозбала. 

Бозбала деуге келмейтін шығар, өйткені болаттан 

құйылғандай денесі оны алпамсадай жігіт етіп 

көрсететін. Жастайынан үйдегі барлық жұмысты, 

түздегі ауыр жұмыстарды істегендіктен бе, əлде 

тумысынан солай ма денесі өзімен құрдас до-

старынан əлдеқайда ірі. Жаңадан тебіндеп келе 

жатқан мұрты ғана оны жас етіп көрсететін. 

Анасы Айман нан заводында нан пісіруші бо-

лып жұмыс істейді. Бір жақсысы Бақытжанның 

отбасы наннан таршылық көрмейтін. Туған 

ағасы Беріктің жұмыс істеуге денсаулығы жара-

майды. Сол себепті де бар жұмысты Бақытжан 

өзі тындыратын. Бақытжанның сүп-сүйкімді 

екі қарындастары бар. Ділшат пен Айша. Кіші 

қарындасы Айшаны Бақытжан «ерке қыз» деп 

атайды. Еркеқыз десе ерке қыз. Ділшат пен 

Айшаның ортасындағы інісі Есбол Бақытжанның 

жанынан шықпайды. Ағасын сондай жақсы 

көреді. Бақытжанның отбасы өте бақытты 

отбасылардың бірі болатын. Өзге жұрт қызыға да 

қызғана қарайтын.

   Өмір деген бір арнада тұрмайды екен. Бір 

күні Бақытжанға əскер қатарына шақырту қағазы 

келді. Əскерге баратындығына өкінген жоқ, 

қайта қатарластарынан қалмай баратындығына 

іштей  қуанышты  еді.    Бір    қынжылатын  жері  

аяулы анасының уайымға салынатындығы еді. 

Жақсы көретін, жүріп жүрген қызы – Нұргүлдің 

жалғыз қалатындығын ойлағанда да көкірегін 

мұң басатын. Кеште бауырларының бəрі ұйықтап 

қалғанда Бақытжан еш ұйықтай алмады. Əр 

нəрсені бір ойлап, əрі-сəрі күй кешті. Түнімен 

дөңбекшіп шықты. Бұрын соңды бұндай күйге 

түсіп көрмеп еді. Сол күнгі таңды ұйқысыз қарсы 

алды. 

– Есбол жүрші, қораға барып келейік. 



– Жарайды аға.

Жанайдар 

БОЛАТБЕК

Махамбет Өтемісұлы атын-

дағы БҚМУ-нің І курс студенті, 

журналымыздың тұрақты авторы.



28

Інісі екеуі қораға барып, бір қойды ұстап, 

басын құбылаға қаратып сойды. Кешкіге доста-

рын шақырмақ ниетте. Кеште болды. Достары 

да келді. Барлығы аман-есен келуін тілеп, жақсы 

тілектерін айтты. Бұл көктемнің соңғы айы бола-

тын...

   Бақытжанды шығарып салуға анасы мен 



інісі Есбол қалаға бірге келді. Жолаушылар пой-

ызы жанынан: -Жармұханбетов, Сəлімханов де-

ген сержанттың зор даусы шығып жатты. Анасы 

қоштасар сəтте баласын қимай, көз жасына ерік 

беріп, Бақытжанды құшақтап ұзақ тұрды. 

– Ұлым, сенерім де, сүйінішім де өзіңсің. 

Барғасын анаңа, бауырларыңа хат жаз. Ал енді 

жолыңнан қалма - деп көзінің жасын орама-

лымен сүртіп, баласын құшағынан босатты. 

Бақытжанның да бойын қимастық сезімі биледі. 

– Апа мен соғысқа аттанып бара жатқам 

жоқ қой. Əскерге бару Отан алдындағы борышым 

емес пе?! Анасын осы бір сөздермен жұбатқандай 

болды. Анасының жанында тұрған бауыры-

на  қарап:  –  Ал  мен  қайтіп  оралғанша  аман  бол, 

анашыңа көмектес, қолғабысыңды тигіз, жарай 

ма? - деп екі бетінен алма кезек сүйді. Сол сəтте: 

- Тұрдиев, Камалов, Есжанов, Жағыпаров деген 

дауыс шығып жатты. Аттары аталғандар: «Мен, 

мен» деп сап түзеп тұрып жатыр. Жағыпаров 

деп екінші мəрте айтылғанда Бақытжан: «Мен» 

деп өз орнына барып тұрды. Бұйрық беруші 

командирдің:  «оңға,  солға,  кері  бұрыл,  айнал» 

деген сынды сөздерін жас солдаттар бұлжытпай 

орындап, пойызға мініп бара жатты...Анасы мен 

бауыры Бақытжанды көз ұшына дейін пойызы-

мен бірге шығарып салды. Анасы Айманның са-

насында сан түрлі сауалдар тұрды... 

– Құлыным аман келуіңді Алла нəсіп ет-

кей, - деп іштей күбірлеп ойға шомып кетті. 

Сөйтіп Бақытжан Ресейдің астанасы Мəскеуге 

əскерге һəм Отан алдындағы борышын өтеуге 

кетіп бара жатты...                                                      

                                                      

ІІ 

Құданың құдіреті күшті емес пе, 2 жыл 



2  күндей  зу  етіп  өте  шықты.  Жастайынан  бірге 

өскен достары Есдəулет пен Жарқын қарсылап 

алды. 

– О, бауырым, аман-есен оралуыңмен!



– Рахмет достым. Мені ешкім қарсылап ал-

майды екен деп ойлап едім бірақ сол күдікті ой-

ымды сендер сейілттіңдер. 

– Қолыңдағы заттарыңды маған əкел, 

ұстайын-деп Есдəулет Бақытжанның сөмкесін 

қолына алды. 

    Шіркін! Туған жердің ауасына не жетсін 

бұл өмірде деп ойлады Бақытжан. Сөйтті де ал-

тындай саф ауаны қайта-қайта сіміріп, тыныс 

алды. Бақытжан үйге келгенде анасы аулада 

отырған болатын. Баласын көргенде қайран ана 

көпке дейін есін жия алмай қалды.

– Құлыным, аман-сау келдің бе?! 

Ақпатшам, келші, маңдайыңнан иіскейін - деп 

Бақытжанды маңдайынан иіскеп, бетінен сүйіп, 

өзінің от құшағына қысып жатты. Бақытжанның 

кішкентай ауылы да бір серпіліп қалды. Əскерден 

келген Бақытжанның үйіне ауыл адамдары 

ағылып келіп жатты. Бақытжан «Бесқарағай» 

деген ауылда тұратын. Бақытжанның үстінде су-

жаңа əскери форма. Ол форманы үйге келгесін інісі 

Есбол киіп алып, айнаға қайта-қайта қарағыштап, 

ағасы емес, құдды əскерге өзі барып келген-

дей əсерде жүрді. Əскерде жүргенде Бақытжан 

Мəскеудің керемет жерлерінде естелікке суретке 

кө-ө-п түсіпті. Бақытжан əскер қатарында десант 

болды. Бойы жағынан да, денсаулық жағдайы 

жағынан да десант болуға сай болғасын арнайы 

мамандар десанттыққа жіберген болатын. Анасы 

Айман Бақытжанның сағынышпен жазған əр ха-

тын көзінің қарашығындай сақтап қойыпты. Ең 

бірінші жазған хатында жарытып ештеңе жаза 

алмап еді.

– Апа қалайсыз? Бауырларым аман-есен бе? 

Ділшат пен Еркеқыз қалай? Менде бəрі де жақсы. 

Əскери өмірге үйреніп келемін... деген жолдардан 

кейін ойына ештеңе келмей, астыңғы жағына хат 

жазған күнді жазып, қолын қойып конвертке са-

лып жіберген болатын. Сол күндерді сағынышпен 

еске  алып  біраз  күрсінгендей  болды.  Анасы 

Бақыжанның аман келгендігіне орай бір қой сойып 

ауыл адамдарына садақа берді. Күн артынан күн 



 *«Үркер»*№62014

29

жылжып өтіп жатты. Жұмыс істемей жата беруді 

ар санап, аудан орталығындағы жүргізушілер 

дайындайтын техникумға құжат тапсырды. Ол 

жерден  жүргізуші  куəлігін  алып  шықты.  Ауы-

лына келгесін жұмысқа орналасып Га 700 деп 

аталатын алпауыт техниканың тізгініне отыр-

ды. Уақыт өте келе жұмыста көзге түсіп, алатын 

жалақысы  да  бұрынғыдан  арта  түсті.  Бақытжан 

өзге достары сияқты бүлініп киінбейтін. Алған 

ақшасын анасының қолына апарып беретін. 

Сүйіктісі  Нұргүлге  сыйлық  жасауды  да  ұмыт 

қалдырмайтын. Нұргүлмен соңғы рет əскерден 

келгеннен кейін 2 айдан соң жүздескен болатын. 

Соңғы кездескенде Нұргүлдің көңіл-күйі болма-

ды. Оның көңіліне қаяу салардай мен не істедім 

деп, Бақытжан түпсіз терең беймаза ойға беріліп, 

ұзақ отырып қалды. Осы айдың соңына қарай 

Нұргүліне барып қайтуды жоспарлады. Бұл кез 

қаһары қатты, аязы қытымыр қаңтар айының 

орта шені болатын. Айдың соңына таман үздіксіз 

қар жауды. Екі күн қатарынан жауған қар жол 

қатынасын бұзды. Бақытжанның жоспары орын-

далу орындалмауы күмəнді болды. Бақытжан 

алған бетінен қайтпай Нұргүліме қалай да бару-

ым керек деп шешті. Сөйтті де өзі айдап жүрген 

Га700-бен жолға шықты. Нұргүл тұратын ауыл 

Бесқарағайдан 26 шақырым еді. Бақытжан мұзбен 

яғни көлдің үстімен өтуді жөн көрді. Мұзбен 

өтсе жол 15 шақырымға дейін қысқаратын. Мұз 

үстінде ешбір техниканың ізі жоқ. Тəуекел деп 

Бақытжан мұздың үстіне қарай жүрді. Көлдің ор-

тасына барғанда мұз шытынап, Га700 көлге түсті 

де кетті. Кабинадан Бақытжанның өзі əзер деген-

де шықты. 

–Қарғыс атқыр, қарғыс атсын, - деп 

айқайлады. Даусы біразға дейін жаңғырып тұрды. 

Жағаға жаяу шыққанда Га700 мұзға түгел дерлік 

түсіп кетті. Тек кабинасының төбесі ғана көрініп 

тұрды. Бақытжанның еңсесі түсіп, Нұргүлдің 

үйіне қарай келе жатты. Бір кішкентай баланы 

жұмсап, Нұргүлді шақыртып алды. Бақытжанды 

көрген Нұргүлдің жанары қуаныштан жарқ ете 

түсті. 


– Жаным, келдің ғой, əйтеуір. Сағыныштан 

сарғайып кетуге шақ қалдым - деп Бақытжанды 

құшақтап ұзақ тұрды. 

– Ия, келдім, келемін ғой - деп Бақытжан да 

Нұргүлді құшағына қысты. 

– Бақытжан саған бірдеңе болды ма?! 

Көңіл-күйің жоқ қой.  Бақытжан айтсам ба, айтпа-

сам ба деп ойланып тұрып қалды. Айтса оның да 

көңілі түседі, айтпаса кейін бəрін естиді. Өзгеден 

естігенше өзімнен естісін деп айтуды жөн көрді. 

– Нұргүлжан, мəселе былай ғой. Жаңа келе 

жатып, Га700-ты көлге түсіріп алдым - деді. 

Өзінің жанындай жақсы көретін адамын 

көріп қуанып тұрған Нұргүлдің лезде жанарын 

мұң басты. Тіпті аузына сөз түспей, абдырап 

қалды. 


– Тіпті не дерімді де білмей тұрмын, маған 

босқа келдің. Менің кесірім саған тиетін болды-

ау деп қыз төмен қарады. 

– Жарығым, олай демеші, мен сені көру 

үшін бəріне де дайын екенімді өзің де білесің ғой. 

Көп болса жұмыстан босатар, бірақ мен сенен ай-

рылмаймын, - деді. Екеуі сол түні ұза-а-ақ сыр-

ласты. Өткен күндерді еске алды. Көп кешікпей 

отбасын құратын болып уағдаласты. Бақытжан 

кетерінде: 

Лала гүлім,

Маған қымбат ақтығың, адалдығың.

Сені сүймейді екен деп ойлай көрме, 

«Сүйемін» деп айтпасам саған бүгін - деген 

əдемі өлең оқып берді.

Өзі төрт-ақ жол өлең, бірақ мағынасы 40 

жолдық өлеңнен кем емес.  Мені сүйетін жан 

бар, мен бақыттымын деп Нұргүл айға қарап, 

басын Бақытжанның иығына сүйеді. Бақытжан 

кетерінде Нұргүлмен қимай қоштасты. Аулы-

на  келгесін  Есдəулет  т.б  достарымен  түсіп  кет-

кен Га700-ды үш Га700-бен тартып шығарды. 

Бірақ техника пайдасыз болатын. Енді жұмысқа 

барудың қажеті жоқ деп ойлап,  Бақытжан үйінде 

жатып алды. Бір жұма үйде жатты. Біртүрлі сана-

сын қайдағы сұм ойлар билеп алды. Елдің бетіне 

қалай қараймын, бəріне күлкі болдым-ау деп ой-

лады. Бақытжанның күндері тоқтаусыз өтіп жат-

ты. 

Бір  күні  үйіне  досы  Есдəулет  келді. 



Есікті қағып: - Бақытжан, жолығып кетші - деп 

Жанайдар БОЛАТБЕКҰЛЫ

«Ана жүрегінің көз жасы...»

30

айғайлады. Досының даусын естіген Бақытжан 

есікті ашты. 

– О, Бақытжан, қалайсың? Не жатыс? - деді. 

– Əй халдің несін сұрайсың, менде бəрі 

біркүйше. Не шаруамен келдің - деді Бақытжан 

біртүрлі суық үнмен. 

– Сені бастық шақыртып жатыр. Келіп 

жолықсын дейді.

– Жарайды соғып шығармын. 

Есдəулет жөнімен кетіп қалды, 

Бақытжанның басына сан түрлі ойлар жапа-

тармағай мінгесе бастады. Бір ойы – жұмыстан 

шығаратын болар десе, екінші ойы – бір жолға 

кешірер деп болжам жасап жатты. Ертеңіне 

Бақытжан жұмыс орнына барды. Бір қадым 

басқан аяғы екі қадым артқа кетіп, он минуттық 

жерге жарты сағат жүрді. Бастығы Бақытжанды 

кабинетінде қарсы алды. 

– Бақытжан, қалың қалай? Көрінбей 

кеттің ғой, отыр,  - деп жылы шырай танытты. 

Бұл сөздерге Бақытжанның іші жылып қалды. 

Бастығынан бұндайды күтпеп еді. 

– Халім жаман-емес. Сіз шақыртқасын 

келдім - деді Бақытжан отырып жатып. 

– Бопты ендеше. Болған жайттың бəрін 

естідім. Енді былай етейік. Мекеме пайдасыз 

болған техниканың жарты ақшасын төлейді, 

сен өз жалақыңнан қалған бөлігін төлейсің. 

Жұмысыңда қаласың. 

– Жарайды, жұмысымда қалдырғаныңызға 

рақмет, басеке. 

– Бақытжан ұмытып барады екем. Жаңа 

техникаға тапсырыс бердік, ертең айдап келуге 

барасың, дайындал. Жарайды онда сау бол - деп 

Бақытжанды шығарып салды. Бақытжан болса 

көңілі орнына түсіп үйіне қайтты. Таңертең қалаға 

жол жүріп кетті. Араға екі күн салып, су жаңа 

техника айдап келді. Отбасы əсіресе сүйіктісі 

Нұргүл қатты қуанды. Кейбір əзілқой достары: - 

Бақытжан Нұргүлге барам деп,  жаңа техникаға 

қол жеткіздің, - деп əзілдеп жүрді. Қыста бітіп, 

көктем мезгілі де болды. Адамдардың да, жан-

жануарлардың да табиғаттың осы мезгілін аңсап 

күтетіні белгілі. Бақытжанның биылғы көктемді 

күтуі тіпті де ерекше. Себебі Нұргүлдей ақылына 

көркі сай ару қызбен отбасын құрып, шаңырақ 

көтермекші. Қыстағы оқиға Нұргүл екеуінің той-

ын біраз кешеуілдетті. Күн артынан күн, апта 

артынан апта өтіп Бақытжан мен Нұргүлдің 

көптен күткен тойлары да жақындай түсті. Олар 

тойды 18 мамыр күніне белгіледі. Тойға дейінгі 

қарбалас  басталып  та  кетті.  Тойға  тура  1  апта 

қалғанда шақыру билетіне суретке түсу ойлары-

на түсті. Басқа шаруаларды тындырып жүргенде 

шақыру билетіне суретке түсу ұмыт қалыпты. 

Ертең түсетін болып шешті. 

– Бақытжан, суретке түсуге шығамыз ба? - 

деді Нұргүл жүзіне қуаныш белгісі ұялап. 

–Нұргүлжан түскі астан кейін барып 

шығармыз, жарай ма, менің бір шаруаларым бо-

лып тұрғаны. 

– Жарайды - деп Нұргүл ренжіген сыңай 

танытып жауап берді. 

–Ренжімеші енді, жаным. Мен сенің 

бұндай түріңді көрмейінші. Қане жымишы-деп 

Бақытжан құдды кінəлі адамдай тіл қатты. 

– Жарайды онда, қане, жинал, суретке 

түсуге барайық

– Жақсы, қазір.

          Екеуі  киініп,  ауылдағы  жалғыз  фото-

граф Шəмілдің жұмыс орнына келді. Бақытжан 

Нұргүлдің белінен қапсыра құшақтап шақыру 

билетіне суретке түсті. Содан кейін Нұргүл дара 

суретке түсті. Нұргүл Бақытжанды да естелік бо-

лып қалады деп суретке түсіртті. 

– Шақыру билеті 2 күннен кейін дай-

ын болады. Егер өлең берсеңдер сол өлеңмен 

шығарамын, ал өлең жоқ болса бұрыңғы 

өлеңдердің бірімен шығарамын, - деді Шəміл.

–Оны кейін көрерміз, - деп Бақытжан қысқа 

қайырды. 

     Бақытжанның бауыры Есбол тиіп-қашып 

өлең жазатын. Мұнысын білетін Бақытжан інісін 

шақырып алды. 

– Тəте, мені шақырдыңыз ба?!

– Иə, Есбол, сенің көмегің керек. Біздердің 

яғни болашақ жеңгең Нұргүл екеуміздің тойы-

мыз келесі аптада болады. Шақыру билетіне су-

ретке түсіп келдік.  Енді соған шағын өлең керек.

– Ағатай-ай, мен ақын емеспін ғой.  Есбол 

 *«Үркер»*№62014


31

сəл ұялып қалды. 

– Мен саған сенемін, бірдеңе етіп көмектес 

ағаңа.


– Жарайды барынша тырысып көрейін. 

Менің бір өтінішім бар. 

– Айта ғой.

–Жазда тас соғып жинаған ақшама мо-

тоцикл келмейді, соған біраз ақша керек бо-

лып тұрғаны. Бақытжан жан қалтасынан екі 

көк қағазды шығарып, бауырына ұстатты. Ес-

бол кешкілік өлең жазуға кірісті. Бұрын мұндай 

маңызы  бар  іске  өлең  жазып  көрмеп  еді.  Оныкі 

жай сыныптағы достарына арналған əзіл өлеңдер 

болатын. Есболдың басына қапелімде не ой, не 

ұйқас келмей біраз отырды. Өлең ертең дайын 

болуы керек деген ағасы ескерткен-ді. Ақырында 

былай деп төрт жол өлең жазды:

     Мейірбандық, шын пейіл бойымызда,

     Ел сенімін ақтау да ойымызда.

     Мамырдың он сегізі жайылатын,

     Ағайын қош келесіз тойымызға.

Таңертең жазғанын ағасына көрсетті. 

Бақытжан інісіне риза болды. Шəмілге інісі 

жазған  өлеңді  беріп,  шақыру  билетке  басу-

ын өтінді. Той күні де келіп жетті. Тойда үсті-

үстіне  əн  айтылып,  би  биленді.  Бақытжан  мен 

Нұргүлдің қуаныштан жүздері бал-бұл жайнады. 

Анасы Айман көзінің жасын əлсін-əлсін сығып 

алып жүрді. Бұл қуаныштың көз жасы болатын. 

Той өте керемет өтті. Бұл кез Бақытжан мен 

Нұргүлдің ең қызықты шақтары болатын. Алда 

болатын тағдыр ісінен барлығы да бейхабар еді...

ІІІ


Екі айдан кейін «Бесқарағай» ауылының 

құрылғанына 50 жыл тойланды. Ат бəйгесі, дала 

қызықтары да болды. Ауыл əкімі қорытынды 

сөзінде жас қызметкерлерге пəтер кілтін та-

быстады.  Əр мекемеден 2 жұмыскерге пəтер 

кілттері берілді. Бақытжанды бастығы пəтер 

кілтін  алушылардың  тізіміне  берді.  Бірақ  бұны 

Бақытжанға айтпаған болатын. Біржола естіп, 

сонда барып бір қуансын деген оймен айтпаған 

болатын. 

– Қызметінде көзге түсіп жүрген жас 

жұмыскер Жағыпаров Бақытжанды екі бөлмелі 

пəтер алуымен құттықтаймын жəне ортаға 

шақырамын, - деп ауыл əкімі сөзін аяқтағанда не 

сенерін, не сенбесін білмей тұрып қалды. Нұргүл 

Бақытжанды құшақтап бетінен сүйіп алды. 

Бақытжан мінбеге шығып, əкімнің қолынан 

пəтердің кілтін алды. 

– Нұргүл, сенесің бе, біз енді баспаналы-

мыз, - деп Нұргүлді құшағына алды. 

– Бақыттың бастауы осы шығар, - деді 

Нұргүл күлімсіреп. 

          Сол  күні  Нұргүл  мен  Бақытжан  қол 

ұстасып, үйлеріне үлкен қуанышпен оралды. 

 

Бұл жаңалыққа Бақытжанның отбасы да шексіз 



қуанды. Бұл кез Бақытжан мен Нұргүл үшін 

ұмытылмас кездер еді...

         Өмір бірқалыпты өтіп жатты. Араға бір 

жыл салып ағасы Берік те  отбасын құрды. Ана-

сы Айман қатты қуанды. Бақытжан мен Нұргүл 

құдайдан балалы болуларын тіледі. Бірақ Нұргүл 

бала көтере алмады. Көп уақыт өтпей Нұргүл 

жерік болды. Бəрі бірдей қуанып еді, амал нешік, 

тағдыр өз ісін істемей тынбайды екен. Нұргүлдің 

бойынан бала өлі түсті. Ана жүрегі өкініштен 

қарс айрылды. Бақытжан көзіне жас алып, өмірді 

көріп үлгермеген жас сəбиін жер қойнауына 

тапсырды. Уақыт емші деген сөз дұрыс айтыл-

са керек. Бақытжан мен Нұргүл пəтерлерінде 

бұрыңғыдай ғұмыр кешіп жатты. «Бір айналдыр-

са  шыр  айналдырады»  дегендей  бұларды  тағы 

бір  қырсық  шалды.  Ауылға  дəрігерлік  тексеріс 

келгенде Нұргүлдің ауруға шалдыққандығы 

анықталды. Өкпе ауруына шадығыпты. Ауру-

ды өткізіп алса керек. Ауру күн өткен сайын 

меңдеп, Нұргүлдің құр сүлдері қалды. Сұлу да 

əсем жүзі солғын тартып, мөлдіреген көздері 

шүңірейіп кетті. Жарының көз алдында жанып, 

бітуге айналған майшамдай күйін көргенде 

Бақытжанның жүрегінің парша-паршасы шықты. 

– Жаным, Бақытжан. Менің жағдайымды 

көріп тұрсың. Күн санап əлсіреп барам. Сенің 

бағыңа емес, сорыңа жолыққандаймын. Басы-

мыздан қара бұлт кетпей қойды-ау, - деп Нұргүл 

əлсіз тіл қатты.



Жанайдар БОЛАТБЕКҰЛЫ

«Ана жүрегінің көз жасы...»

32

– Олай деме, Нұргүлжан. Сен менің шуақ 

шашар нұрымсың. Алаңдама, əлі-ақ жазылып 

кетесің, -   деп Бақытжан жарының көңілін аз да 

болса көтергісі келді. 

Нұргүл  ауруханаға  жатып  емделді.  Бірақ 

бəрі  де  кеш  болатын.  Ауруханадан  шығып,  өз 

үйінде, сүйіктісінің тізесінде жатып ана дүниеге 

аттанды. Жолдасы Бақытжанға, анасы Айманға 

өте ауыр тиді. Өкініштен өзектері өртеніп, 

жылай-жылай көздерінің жасы да таусылды. 

Нұргүлдің  қайтыс  болуы  орны  толмас  қайғы 

болды. Бақытжанның шаңырағын шайқалтып, 

жүрегіне мəңгілік жара, көңіліне мұң табын 

қалдырып кетті. Бақытжан көпке дейін есін жия 

алмай жүрді. Ғашық болып, сүйіп қосылған 

Нұргүлден мəңгіге айрылды. Бақытжанға ауыр 

да көңілсіз күндер Нұргүлінсіз басталды. 

      Таң қылаң беріп, шығыстан шыққан алып 

күн жер бетіне шуағы мен жарығын шаша баста-

ды. Бесқарағайдың сыртында киіз үйлер тігілді. 

Көрші ауылдан аламан бəйгеге қатысатын аттар 

келе  бастады.  Бұның  бəрі  Наурыз  мерекесіне 

байланысты болатын. Бұл мерекеге Бақытжан 

досы Есдəулетпен бірге келді. Бақытжан шарап-

ты суша сімірді. Əрине, күйіктен, қайғыдан ішті. 

Нұргүлді ойлады. Бір кішкене уақыттан кейін 

досы екеуі палуандар күресетін жерге келді. 

– Кім күреседі, түйе палуанға кім күреседі, 

қане, жігіттер шығыңдар-деп жарысты өткізгелі 

тұрған егде тартқан адам айқай салып біраз 

жүрді. Көрші ауылдан жауырыны қақпақтай 

Нұрлан есімді жігіт білегін түріп ортаға шықты. 

– Кім бар? Кім шығады-деп əлгі кісі тағы 

біраз жүрді. 

 Есдəулет досының иығынан қағып: – 

Бақытжан шықсаңшы. Бұрындары күресетінсің. 

Анау жігіт сенен мықты емес, күштесең ұтасың, 

– деді.

– Шығайын, шығайын-деп Бақытжан 



ортаға кіріп кетті. Екі мықты ортаға шықты. 

Төреші белгі бергенде екі алып айқасты да кетті. 

Сол сəтте фотограф  Шəміл Бақытжанды сурет-

ке түсіріп алды. Бірін-бірі ала алмай екеуі біраз 

жүрді.  Екеуі  де  қалжырап  бойларынан  əл  кетті. 

Бақытжанның əдісі оң жамбас болатын. Оң жам-

басына келгенін алып ұратын. Бірақ бұл жігіт 

оңай шағылар жаңғақ емес. Екеуі алысып шетке 

қарай шыққанда төреші:  - Тоқтат!-деп дауыс-

тады. Сол мезетте Бақытжан Нұрланды алып 

ұрып, аяғын аспаннан келтірді. Əдіс есептелмеді. 

Қайтадан күресті. Шаршағандықтары сонша 

маңдайларынан тер үсті-үстіне ақты. Бір кезде 

Бақытжан шегіншектеп барып, қолын босатып 

жіберді де құлап түсті. Тұруға əл дəрмені келмеді. 

Отырып аузынан қан аралас құсықты лықытып 

жіберді. Содан кейін шалқасынан құлап, 

қайтыс болды. Күрес алаңында, татами үстінде 

о дүниелік болды. Жиналған халық қоршап 

алды. Дəрігерлерді шақыртты. Дəрігерлер келіп 

Бақытжанды алып кетті. Бақытжанның жүрегінің 

тамыры мен еті жыртылып кеткен екен. Ұзақ 

уақыт күрескеннен, алқынып алысқаннан бол-

са керек. Нұргүлдің қазасына 2 жыл толғанда 

Бақытжан да бақилық болды. Анасы Айманның 

ет жүрегі езіліп, қатты қайғырды. Қоштасар 

сəтте: – Құлын-е-ем, жалғыз анаңды қайда тас-

тап  барасың,  жалған  дүние  сені  де  алғаны  ма-

деп жан даусы шығып, өлі баласын құшақтап 

жылағанда, көзінің жасы Бақытжанның солғын 

тартқан жүзіне тырс-тырс етіп тамып жатты...

Сүйкімді келіні Нұргүлдің артынан ұзамай 

ана дүниеге кеткен Бақытжанның қазасы ана-

сы        Айманды  қатты  күйзелтті...  Уақыт  дейтін 

құдірет тоқтаусыз өтіп жатты... Қасиетті жұма 

күндері Бақытжанның артында қалған отбасы 

келіп Нұргүл екеуіне дұға оқып, бастарына гүл 

шоғын қоятын. Бауырларының көздеріне жас 

ұялап, ағаларын сағынып жылап тұратын... Ал 

анасы Айманның жанары ғана емес, жүрегі де 

зар еңіреп жылайтын. Келіні Нұргүл мен баласы 

Бақытжанды бір сəт еске алып, түбі де, шегі де 

жоқ қалың ойға беріліп кететін. 

Бақытжанның зираттағы суреті: «Менің 

рухым тірі, мен сендермен біргемін» дегендей 

əсер қалдыратын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет