(сахналық көрініс)
Айдос: – Сонда Алтын Адам қазақ па?
Ырысбала апай: – Сақтар бабалары-
мыз болса, онда Алтын Адамның бізге алыс
болмағаны ғой.
Айсұлу: – Апай, Қазақстанның төрт
құбыласынан да Алтын Адам табылып отыр.
Есіктен кейін Шығыстағы Шіліктіден, Батыс-
тан да. Кеше ғана газеттен оқыдым. Екі мың
жылдық тарихы бар көне Тараздан да Ал-
тын Адам табылыпты. Қарап тұрсаң біреулер
əдейілеп қазақ даласының төрт бұрышына
төрт Алтын Адамды көміп қойғандай. Біздің
сыныптасымыз Айдос пен Арыстан олардың
үстіндегі алтыннан құйылған киімнің сапа-
19
сына сенбейді. Ол кездің даму деңгейі төмен
болған дейді. Біз олардың айтқанына жауап
таба алмай қиналамыз.
Ырысбала апай: (біраз үндемей тұрады
да, келгендерді байыппен бір шолып шығып,
əңгімесін жалғастырады): – Ақиық ақын
Мұқағали:
Шежіремді ұрлапты...
Зулапты күн.
Ғасырлардан бір ызың тыңдап
тұрмын.
Алтын Адам шынымен қазақ болса,
Білген екен құнының қымбаттығын!!!
деп жазып кетіпті. Шындығында, ба-
лалар, Алтын Адамның қадірі оның алтын
болғанында ғана емес, алтынды осылай-
ша қорытып, қамдау, консервациялау сол
кезеңдегі металл өңдеу тəсілінің жоғары
деңгейде болғанын аңғартады. Жаратылы-
стану заңдылықтарын жақсы игергендігін
көрсетеді. Осы жердегі обадан 4 мың алтын
əшекей табылды. Үңіле қарасақ зергерлік
өнердің үлкен құпиясы бұғып жатқандай.
Өздерің жақсы білесіңдер оқулықтарыңда
сақтарды азиялық скифтер деп те атайды.
Олар мал өсірумен бірге темір қорытып семсер,
қанжар, қорамсақ, айбалта жасаған. Жасаған
бұйымдарына бұғының, арқардың, жылқының,
қабанның, барыстың бейнесін алтыннан зер-
леп, қиюластырған.
Арыстан (қиялданып): – Қазір мен осы
жерден Алтын Адамның баласын тауып алсам
ғой...
Балалар ду күледі. Арыстан оны елемей
əңгімесін жалғай береді.
Санжар (Арыстанды түртіп қалып): –
Не істер едің оны, үйіңе апарып тығып қояр ма
едің?
Балнұр: – Алтын Адам – аруақ.
Оның орнына барғанда бей-берекет сөйлеп,
қылжақтамаңдар деген мамам. Жақында
Ресейдің Қосағаш деген жерінен сақ
Ханшайымының мүрдесі табылыпты. Оны
қазып алып, басқа жерге алып кетейін деген-
де оны тиеуге келген машиналар сына бер-
ген соң тікұшақпен Новосибир қаласына
жеткізген. Мүрдені апара жатқан тікұшақ
та жолда апатқа ұшыраған. Содан ғалымдар
бұзылып бара жатқан мүрдені əупірімдеп
мұражайға жеткізіпті. Сонда қалада жеті күн
үзіліссіз жаңбыр жауған. Бұл туралы білгір
маман: «Мұсылман əлемінде əйел адамның
мүрдесін жалаңаш күйінде елге көрсетуге бол-
майды, сондықтан бұл Алланың күңіренуі,
саңылаусыз пенделеріне ескертпесі» деп жа-
зыпты газетке. Мен мұны «Айқын» газетінен
оқыдым.
Балнұрдың сөзінен кейін балалар айнала-
сына сақтықпен қарап, үрпиісіп қалады.
Арыстан: Балнұр, мен қылжақтап тұрған
жоқпын. Алтын Адам – тəуелсіздігіміздің
бейнесі ғой. Əйтпесе оны аталарымыз кеңес
дəуірінің кезінде-ақ тауып алар еді.
Айсұлу ( жұлып алғандай): – Есік оба-
сынан сақ жауынгері 1970 жылдары табыл-
ды ғой. Ол кезде біз де, тіпті кейбіріміздің
ата-аналарымыз да дүниеге келмеген. Ал оны
кеңес өкіметі кезінде біздің аталарымыз бен
əжелеріміз тапқан.
Арыстан: – Бəрібір ол Совет Одағының
құлауының алдындағы кез болатын. Болашақта
егеменді ел боласың, төрт құбылаң тұнған
байлық, соған ие бол деп Тəңірдің бізге тартқан
сыйлығы, əрі тапсырмасы.
Айдос (екі қолы қалтасында, Арыстанға
ойлана қарап): – Жалпы сен қуып кетуші едің,
бірақ сенің осы айтқандарың менің миыма
қонып тұр. Өзің білесің, мен сабаққа онша
құлықты емеспін. Бірақ парсының Кир, Дарий
деген патшалары біздің сақтарға шабуыл жаса-
ды дегендері миымның бір түкпірінде қалып
қойыпты. Александр Македонский де сақтарға
жауыққан. Сонда олар сақтардың кең байтақ
жері мен оның байлықтарына, саф алтындары-
Жəнібек ҚОЙТАЙ
. «Аманат»
20
на қызыққан ғой. Мына Алтын Адам алтын-
мен апталып жерленгеніне қарағанда жер мен
елді қорғаған қолбасшы болған шығар, сірə.
Еламан: – Жоқ, ол сақтардың патшасы
болған.
Айдос (қулана қарап): – Онда оның хан-
шайымы жаңа Балнұр айтқандай неге Ресей
жеріне жерленген?
Арыстан (қабағын шытып): – Есік
обасындағы Алтын Адам біздің дəуірімізге
дейінгі V ғасыр, ал Ресей жерінен табылған
ханшайым біздің дəуірімізге дейінгі ІІІ
-ІV ғасырдікі деп болжам жасалып отыр.
Арасындағы айырмашылыққа назар
аударсаңшы.
Əлібек: – Ханшайымның мүрдесі Ресей
жерінде табылды дегенімізбен, сол Қосағаш
қазақтың жері емес пе?Онда əлі күнге қазақтың
ауылдары тұрады. Кезінде қазақтар моңғол
жеріне осы арадан өткен ғой.
Айдос (Арыстанға сынай қарап): – Со-
нымен сен кішкентай Алтын адамды тауып
алсаң не істер едің? Алтыннан тіс саласың ба?
Балнұр (екеуінің сөзіне үрке қарап):
– Балалар, əруақтар мекенінде тұрып ондай
сөздерді айтуға болмайды.
Арыстан (сəл қызбаланып): – Сен сабаққа
мойның жар бермей жүріп пəсейіп қалғансың
ғой. Əйтпесе мұндай сұрақ қоймас едің. Оны
тауып алсам, мына Айдос секілді балалардың
миындағы «суын» азайтып, өздерін елшіл,
мемлекетшіл ете гөр, елім мен жерімді аман
қыл деп жалбарынар едім.
Айдос: – Өзің ше? Елшілсің бе?
Арыстан: – Əрине, жақсы оқитын бала
түбінде еліне, мемлекетіне қызмет ететін бола-
ды.
Айсұлу (қамығып, қабағын шыта): –
Осы сендердің ешнəрсенің байыбына бармай
даурығатындарың не? Бізден ұялмасаңдар да,
мына Ырысбала апайдан ұят емес пе?
Ырысбала апай: – Жо-жоқ, ұят
ешнəрсесі жоқ. Қайта мен сендердің
пікірталастарыңды қызыға тыңдап тұрмын.
Сендер туған елдеріңнің тарихын жақсы біліп,
ол туралы ойларыңды ашық айта білгендеріңе
марқайып тұрмын. Күні кеше Күлтегін
ескерткішінің Жапонияда жасалған көшірмесі
Қазақстанға жеткізіліп, ашылу салтанатының
куəсі болдық.
«Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Қара терімді төктім
Қып-қызыл қанымды жүгірттім
Түркі елі үшін...
Бұл сөздерді ғаламдық деңгейде ойлай
алатын жұрт қана айта алады, балалар! Ғажап
емес пе, ғажап қой! (Ырысбала апайдың даусы-
на діріл араласып, қобылжығаннан көзіне жас
үйіріледі).
Айдос (Ырысбала апайына бір қарап,
қипақтап тұрып): - Апай, кезінде кеңес əскери
бөлімшелерінің осы ескерткішті нысана етіп
атқылағаны рас па?
Ырысбала апай: (Айдостың бетіне
сүйсіне қарап): - Рас. Рас. Күлтегіннің
құндылығы неде? Көне түрік ескерткіші
екендігінде. Анығын айтсақ – жазуын-
да. Біреулер оны «Орхон- Енисей жазба-
сы», енді бірі «Руна жазуы» десе, үшінші бір
зерттеушілер «түрік қарпі» дейді. Күлтегін
ескерткішінің бір бетінде түрік жазуы,
екіншісінде қытай жазуы бар. Не себепті екені
белгісіз, түрік жазуы бар бетіне сызат түскен.
Сондықтан көрушілер де, журналистер де
қытайша жазуы бар жақты сылап-сипап, елге
көрсетеді. Олай болмауы керек. Біз ұлт рухына
қажетті нəрсені істеуіміз керек.
Айсұлу (сабақ кезіндегі тəртіпті
қадағалайтын мінезіне басып, Айдосқа қабағын
шыта қарап): - Керексіз сұрақ қойып, апайды
шаршатпайық деген келісімімізді ұмытпаңдар!
Айдос: – Менің түсінбейтінім, неге
сабақты жақсы оқитын балалардың сұрағы
оңды да, біздікі қыңыр болады.
*«Үркер»*№6* 2014
21
Балнұр: – Олар біледі, білген соң айта-
ды.
Айдос (ызаланып): – Ал, онда сендер Ал-
тын Адамның қай тілде сөйлегенін де білетін
шығарсыңдар. Тоныкөк пен Күлтегін бабала-
рымыз ше?
Арыстан (сəл ойланып): – Үнді-парсы
тілінде сөйлеген болуы керек.
Балнұр: – Жоқ, меніңше түркі тілінде.
Ырысбала апай: - Дəл қазір қолға алы-
нып жатқан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа»
магистралының құрылысын жүргізгенде де
Алматының батысынан 160 шақырым жердегі
Кенен ата ауылы тұсынан көп қазба байлық
табылды. Əсіресе ондағы үлкен астау елдің
қызығушылығын қатты оятты.
Арыстан (ойлана қарап): - Интернеттен
мынадай өлең оқып, ұнаған соң жаттап алып
едім, авторы кім екені көрсетілмепті:
Болса да қанша берік, заты қатты,
Байқасам, қақ жарылып қақырапты.
Қым-қуыт құрсауланып, шегеленіп,
Əйтеуір ыдыс деген аты қапты.
Басынан ұшып кетсе ғанибет күн,
Қалмайды осы астаудай зар илеп кім?
Түбіне қырық жамау қарап тұрып,
Өзімнің тағдырымды тани кеттім, -
қазба байлықтар деген қазақтың жер
қоймасына қойып кеткен тарихы ғой.
Айдос (екі езуіне мысқыл үйіріліп): -
Арыстан, сен бүгіннен бастап археолог-тарих-
шы, ақын болып кетіп жүрме!
Арыстан: - Болса несі бар?! Мына
Таңбалыдағы таң атқаннан күн батқанға дейін
күн сəулесі түсіп тұратын жартастардың ұшар
басына шекілген суреттердің жанында тұрып,
сенің балаңа дəріс оқимын. Əкең де сабақ
оқымаушы еді, сен де соған тартқансың ба деп,
ыңғайы келсе құлағынан созып-созып аламын.
(Балалар Арыстанның сөзіне ду күледі)
Обаларды өз бетінше аралап кеткен
Еламанның даусы естіледі. Ол қолындағы
кішкентай затын бұлғақтатып, қуанышты
кейіпте жүгіріп келеді.
Еламан: – Мен Алтын Адамның
құртақандай бейнесін таптым!
Балалардың барлығы Еламанның
қолындағы затқа ентелей ұмтылады.
Шындығында Еламанның қолында Алтын
Адамның кішкентай бейнесі тұр. Шошақ бөркі,
қаусырма киімі, шалбары бəрі-бəрі аумайды.
Киімдегі өрнектерде де таңбалы жазулар бар.
Арыстан (толқып): – Құдай тілекті
береді деген осы екен ғой. Біздің мемлекетшіл,
елшіл боламыз деген ниетімізді қабыл еткен
екен.
Бұл кезде балалардың Алматыға қайтар
уақыты да таяп қалған еді. Олардың жанына
қарт археолог Бекен Нұрмұханбетов келіп:
– Балалар, жақсы, білімді болып өсіп
келеді екенсіңдер. Сендерге қарап сүйсініп
тұрмын. Енді сендерге, болашақтың ұрпағына
бір аманатым бар. Орындайсыңдар ма ?
Балалар (шулап): – Орындаймыз, орын-
даймыз. Айтыңыз.
Бекен Нұрмұханбетов: – Алтын
Адамның табылғанына 40 жыл болды. əлі
күнге дейін өз үйі жоқ. Яғни, жеке ғимарат
салып, қазір табылып жатқан мүрделерді бір
орталыққа жинақтау керек қой. Соны сендерге
аманаттадым.
Балалардың ішінен Санжар суырылып
шығып (сенімді түрде):
– Ата, аманатыңызды орындаймыз.
Сеніңіз.
Балалар дуылдаса келген автобусына
міну үшін сахнадан шыға бастайды. Қарт
археолог болашаққа үміттенуге болатынын
сезінгенде, жан дүниесін қуаныштың сəулесі
кернеп, арттарынан қол бұлғап қала береді.
Жəнібек ҚОЙТАЙ,
І. Жансүгіров атындағы гимназияның
11-сынып оқушысы.
Алматы қаласы.
Жəнібек ҚОЙТАЙ
. «Аманат»
22
Кїмбез
Жақсылық деген адамзат жаны-
на жағымды құбылыс. Ол адам мен
уақытты еш таңдамайды. Бір сөзбен
адамгершілік десек болады. Құран Кəрімде
«Əйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі
қошталынбайды. Жақсылық істеңдер.
Шын мəнінде Алла игілік істеушілерді
жақсы көреді» делінген. Негізінде, жақсы
жанның жүрегі жұмсақ, көңілі жанашыр, ісі
адал, жолы ізгілік, ойы дана, əрекеті пара-
сатты болып келеді. Жақсыға жаны құштар
қазақ шайыры Майлықожаның:
Жақсылық отқа күймес, суға батпас,
Гауһар тас жарық қылмай,
жерде жатпас.
БІР КЕСЕ СҮТТІҢ
АҚЫСЫ
Қолдан келсе, етіңіз жақсылықты,
Жақсылықты еткендер жаман тап-
пас» – дегені бар еді. Сондықтан, қоғамның
əділдігі адамның жақсылығында. Ал,
жақсылық иманнан бастау алады. Ол адам
бойындағы бір тілім еттің яғни жүректің
қатпарында жасырынатын қасиет. Жасы
келген бір қарт атамыз үйінің алдын-
да үнемі арпалысатын екі итіне ұзағынан
көз алмай, күніге қарап отырады екен.
Күндердің күнінде немересі «Ата, мына
иттердің үйімізді қорғауға біреуі де жетпей
ме, неге екеуін ұстаймыз?» - деп, сұрапты.
Сонда, «Бұл иттер мен үшін екі таңба, ба-
лам» - дейді. «Ненің таңбасы?» - деген ба-
Нұрлан қажы
Байжігітұлы АСАНОВ
Дінтанушы, Шығыс Қазақстан
облыстық мешітінің бас имамы
23
Нұрлан қажы Байжігітұлы АСАНОВ. «Бір кесе сүттің ақысы»
ласына «Бұлар жақсылық пен жамандық.
Осы иттер сықылды ішімде үнемі күрес
жүріп жатады. Бұларға əр кез көзім түскен
сайын жақсылық пен жамандықты ойлай-
мын. Сондықтан, екеуін қатар қасымда
ұстаймын» - депті. «Қайсысы жеңіп
шығады?» - деген немересіне «Қайсысы
дейсің бе, балам? Мен қайсысына көп
тамақ берсем, сол жеңімпаз!» деген екен.
Сол тəрізді, ғалымдарымыздың «Біреуге
жасаған жақсылығыңды, біреудің жасаған
жамандығын ұмыт» дегені бар. Əлбетте,
бүгінгі адамзат екеуін де ұмытпайды.
Дүниені теріс жаққа бұрып, өзіне – өзі
қарсы шығып, жақсылығын пұлдайтындар,
ал жамандығын дардай ететіндер бар. Ал,
жақсылықтың лəззаты – жақсылық. Ол –
маңызды ғұмыр, мəнді тəрбие. Мына бір
ғалым дəрігердің басынан өткерген оқиғасы
расымен де көзге жас үйіреді. Мектепті ал-
тын белгімен тəмамдаған ол, үлкен қалаға
дəрігердің оқуына түседі. Əке – шешенің
мойнына салмақ түсірмеудің амалымен
демалыс күндері базарда қосымша табыс
көзімен айналысыпты. Өзгеге қарыз бол-
мас үшін, біреудің кəкір – шүкір заттарын
саудалауға көмектеседі екен. Сөйтіп, сол көп
күндердің бірінде далада дауыл тұрып, сау-
дасы жүрмей, еңсесі түсіп, жейтін тағамына
қаражат таппай, өзі əбден ашығады.
Қалтасында көк тиыны жоқ, жалдамалы
пəтер дегендей. Амалсыздан, біреуден бол-
сын, бір үзім нан сұрауға көшеді. Алда –
жалда біреу көмегін тигізер деген ниетпен
қатарынан тізілген көше бойындағы əдемі
үйлердің біреуінің есігін қақса, ақша жүзді
ажарлы келіншек есік ашады. Ол «Қайыр
сұрап кетіпті» деген жігіттік намысын ой-
ната шөлдегенсіп, одан бір кесе су сұрайды.
Келіншек болса, күлімдей үйге кіріп кетеді.
Содан екі кесек ыстық күлше мен бір кесе
жылы сүтті мұның алдына əкеп тосады.
Іштегі шұрылды басу үшін, ұялса да бергенін
сол жерде асап, жеп алады. Мейіріміне риза
болған ол, ақысын өтеу үшін, «Ақ сүтіңіз бен
ыстық наныңызға рахмет, үйіңізде не болма-
са бақшаңызда қандай да бір тірлік болса,
айтыңыз, тындырып берейін» дейді. «Қажет
емес, Алла тағала шаң көлеміндей игілікті
ешқашан жақсылықсыз қалдырмайды» де-
ген келіншектің сол бір сөзіне тамсана, үйіне
қайтады. Содан апта, күндер, жылдар өтумен
оқу да бітеді, білім жинақталынып, қалалық
ауруханаға орналасады. Кейініректе білдей
бір бас дəрігер болады. Кезегімен үйленіп,
балалы – шағалы болады. Балалар өсіп, отба-
сы қамы, күнделікті жылжыған өмір. Ежелгі
медицинамен шұғылданып, өз талабымен
үйренген біліміне орай қалаға қарасты əрбір
өңірлерден үміті қарайған науқастарды
қабылдайтын да еді. Бір күндері бірнеше
жерде ем алғанымен, екі аяғынан сал дерт-
ке ұшыраған бір науқас алдына келеді.
Келбетті егде əйелдің науқастан шаршаған
солыңқы жүзі, үмітсіз көзі оған бірден та-
ныс көрінеді. Мəн – жайын білуге бөлмесіне
барып, сөйлескенде, расында сол баяғы бір
кесе сүттің иесі екенін анықтайды. Алай-
да, оған ештеңені білдірместен, бөлмесінен
шыға сала, «Қалайда көмектесуім керек!»
деп алып ұшқан ойы дəрі – дəрмектердің
қымбат құнын ескермей, шетелдерден ал-
дыртып, ем жүргізе бастайды. Күндер өте
жақсарған науқас бойын көтереді, аяғына
тұрады. Ай өте келе, толықтай жазылып,
үйіне қайту кезеңі келеді. Бала – шағасы бол-
са, анасының бұл жақсаруына қуанып, жан
– жағынан аймалап, сүйіп жатқанымен, ем
24
қонған жанның жүзінде белгісіз қорқыныш
тұрды. Мұның бəрін сырттай бақылаған
дəрігер қызмет бөлмесіне барып, сондағы
жастық шағы, бір кесе сүт пен ыстық күлше,
оның мейірімді жүзі есіне оралып, күлімдеп
отырып, бір жапырақ ақылы ем – шара
құжатының төменгі жағына бір жол сөзді
жазды. Бөлмеге енгенде, үрейін жасырған
сүт иесі тек қана күлімдеп қарсы алғанымен,
діріл қаққан қолына ұсынылған құжаттағы
тізімнің соңына дейін салқын тартқан жүзі
кенеттен бұлт арасынан шыққан күндей
жарқырап сала береді. «Ақша жүзді бейта-
ныс жан, еміңіздің ақысын бір кесе сүтпен
*«Үркер»*№6* 2014
СІЗ баяғыда өтегенсіз!» деген дəрігердің
сөзіне парлаған ыстық жасы ұзағынан
тоқтамады. Мінекей, қандай да бір үлкенді
– кішілі, азды – көпті жасаған жақсылықтың
қайырымы əрдайым бары хақ. Тура осы-
лайша, жамандыққа да алатын ақымыз
жамандық. Сондықтан, бар мүмкіндікті
айналамызға кесірі тимейтіндей, өзіміз бен
өзгеге игілігін беретіндей етіп жасағанымыз
абзал. Жақсылықтың арты жақсылық,
жамандықтың соңы жамандық болса да,
жақсылық та өзіңе, жамандық та өзіңе. Алла
тағала жүрегімізді жақсы еткей, əумин!
Айтулылар айтқан сөз
Я обязан ему (Стендалью) тем, что
понял войну
Лев ТОЛСТОЙ
25
Поэзия
Лəззат ТЕРЕКБАЕВА
1987 жылы Қызылорда облы-
сы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында
дүниеге келген. Астана гуманитарлық
колледжінің түлегі. Қазақ тілі мен
əдебиет пəнінің мұғалімі.
Тоңдырып жапырағынан талды айырып
Қараша, далада əлі күз өтпеді.
Көңілімнің көктемін адастырып,
Жеңе алмай сезімім жүр өр өкпені.
Неліктен бір арнада түйіспедік,
Жолымыз əуелбастан бөлек пе еді?
Жүрегімнің бесігінде тербелсін деп,
Кеудеме қойғандаймын бөлеп сені.
***
Білесің ғой ессіздігімді,
Күнім-ау мені нұрға бөлеген.
Айтарың жоқ па сəлемнен басқа
Жүрекке мына сен деп жүдеген.
Ұғарсың деп ем ақымағыңды,
Белгісіз жолда сүрлеу іздеген.
Көктемге күліп жетермін деп ем,
Жолықтым жолда қоңыр күзбенен.
Тірліктің қоңыр күзі едім
Сыналып тағдыр сынынан,
Кґѕілім кґктем аѕсаєан,
тірліктіѕ ќоѕыр кїзі едім
Ағысқа қарсы жүземін.
Көңілім көктем аңсаған,
Тірліктің қоңыр күзі едім.
Мендегі өмір қоңырқай
Жаңбырлы, бұлтты аспаны.
Мендегі жүрек жүдеу тым
Сүйе алмай жүрген басқаны.
Мендегі салқын сезім де,
Мендегі күн де ызғарлы.
Адасып жүріп боранда
Жоғалтып алғам ізгі-арды.
Күндізім менің қараңғы,
Жол таппай кейде кеземін.
Таяу маңда жүр аңсаған
Көктемім күтіп кезегін,
Кешікпесін де сеземін.
ххх
Мүмкін
Жаныма жылу іздеген күні
26
жолыққаның үшін,
Мені ойлап алаңдап
торыққаның үшін
Ғашықпын?!
Мүмкін
Жаныма ем таппай
Жылағанымда жұбатқаның үшін,
Дауылда демеп
құлатпағаның үшін
Ғашықпын?!
Мүмкін
Селт етпес сезімді
оятқаның үшін,
Сүйілмей кеберген ернімді
боятқаның үшін
Ғашықпын?!
Мүмкін
Бақыттың түтінін тұтатып
өпкенің үшін,
Сосын...
Қайғының желкенін ұстатып
кеткенің үшін
ғашықпын?!
***
Дос таппай кейде жабығып,
Өзіммен өзім мұңдасам.
Жаралы жүрек ақынның
Өлендерімен сырласам.
Өлең ұрлаған мұңымды,
Өлеңде қайсар күшім де.
Өлеңнен табам жолымды,
Адассам тұман ішінде.
Досым да болған өлеңмен,
Қасымдай кейде айқасам.
Таба алмай жүрген жұмағым
Өлеңде екен байқасам.
***
Қиялда арман,
Қия алмай қалған
Сен менің жарқын елесім.
Гүл бейне болып,
Айым боп толып,
Таңым боп əркез келесің.
Сағымдай бұлдыр,
Бақыт ғой бұл бір,
Күнім боп нұрды шашасың.
Сезіммен тербеп,
«Ботамсың сен» деп,
Бақыттың кілтін ашасың.
Апа
Апа,
Шаршаймын кейде
өмірдің дауылы сілкігенде.
Доспын деп күліп
Қуланып, алдағанда түлкі пенде.
Апа,
Құлаймын кейде
Шалғанда аяғымнан қу тіршілік.
Түргелем қайта
Тəубе деп, мың күрсініп.
Апа,
Адасам кейде
Жол таппай мына өмірдің дауылында.
Мұң кешем үнсіз
Жалғыздық ауылында.
Апа,
Сағынам кейде
Балалық бал күнімді,
Əлдилеп отыратын
Өзіңді, таңғы үніңді.
Апа,
Оятшы қайта есейген құлыныңды
Таң білінді.
* «Үркер»* №6* 2014
|