№3 (875) наурыз 2012 жыл



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата03.03.2017
өлшемі15,83 Mb.
#7362
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Наурыз  –  ежелден  келе  жатқан 

мейрам. Бұл күні  күн мен түн теңеліп, 

жан-жануарлар  төлдеп,  адамзат 

баласының аузы аққа тиіп, жер үстіне 

шаттық пен бейбітшілік орнайды.

Ұл ы с т ың  ұ л ы  к ү н ін де  ә р бі р 

жүрекке  үкілеген  үміт  оты  маздап, 

бақыт  есігі  ашылғандай  болып,  ке-

лешекке  сеніммен  қараған.  Себебі, 

күн  мен  түн  теңелгенде,  жаңа  ай 

толықсып  толғанда,  тұрмыс  пен 

табиғат  жаңарғанда  жер  жүзі  жай-

нап,  көк  құт  көзін  (өсімдік)  ашқан. 

жер  бетіне  жақсылық  ұялағанда, 

ұзақ  пен  жылқышы  торғай  ұшып 

келген,  жыл  жерге  түскен,  жер-ана 

тоң  кеудесі  жібіп,  тас  емшегі  иіген, 

Самарқанның  көк  тасы  еріген.  Түнгі 

даланы адамдарға бақ-дәулет дары-

татын Қызыр ата аралаған.

Ұлы  мерекеге  орай  наурыздың 

19-ы  күні  экономика  және  басқару 

факультетінде  есеп  және  қаржы  кафедрасының 

ұйымдастыруымен  «Қош  келдің,  әз  Наурыз!»  атты 

мерекелік сайыс өткізілген болатын. Сайыстың мақсаты 

- студент жастардың арасында ұлттық 

тәрбиені  дамытып,  қазақтың  салт-

дәстүрлерін жандандырып, жаңартып 

нақыштау.  жастарды  елін  сүюге, 

дәстүрлі  мерекелерді  құрметтей 

білуге, өнерлі, өнегелі азамат болуға, 

бірлікке, достыққа  тәрбиелеу. Сайысқа 

факультеттің 1-3 курс аралығындағы 

с т у д е н т т е р   м е н   о қ ы т у ш ы л а р 

қатысты.  Қызу  дода  барысында 

қатысушыларымыз 5 кезең бойынша, 

яғни  таныстыру,  қазақтың  ырымда-

рына, тағамдарына, тарихына, нақыл 

сөздеріне  байланысты  сұрақтарға 

жауап  беру,  өнер  көрсету,  қазақтың 

салт-дәстүрлерінен  көрініс  көрсету, 

қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау 

бойынша сынға түсті. Мерекелік сайыс 

өте  қызу  әрі  тартысты  өтті.  Сайыс 

соңында  әділқазылар  алқасы  шара-

ны  қорытындылап,  қатысушыларды 

марапаттады. 

әсемгүл  ШуКиевА, 

3 курс студенті

Білмеппін, 

білгім де келмейді... 

Білмеппін қыстың да кеткенін

Сезбеппін көктемнің жеткенін. 

Көктемнің қыспенен алмасып, 

Сезбеппін әлемді әп-әсем еткенін. 

 

Сезбеппін күндердің өткенін, 



Алтын күн шуағын төккенін. 

Сезбеппін бетімнен көктемнің, 

Саф ауа, самалы өпкенін. 

 

Ұқсайды бір күнім бір күнге, 



Мұндайдың болуы мүмкін бе?! 

Білмеймін дәл қазір уақытты, 

Білмеймін, білмеймін сен күлме. 

 

Табиғат тіріліп жатқанда



Адамдар бір-бірін тапқанда. 

Білмеймін, білгім де келмейді, 

Махаббат шырынын енді-енді татқанда...

жадыра жАуМытБАевА, 

экономика және басқару факультетінің  

1курс студенті

- Айналайын, қара қызым, сабағыңды жақсы оқы, 

жылы  киініп  жүр,-деп  тағысын-тағы  таусылмайтын 

ақылдарын айтып анам да, әкем де, ағам да, жалғыз 

сіңлім  де  шығарып  салды.  Шығарып  қана  салған 

жоқ, үкілеген үмітін де, сенімін де арқалатып жіберді. 

«Грантқа түсу үшін сабағыңды 5-ке бітіріп, аман-есен 

үйге кел», деді ғой. Сырт көзге жай ғана сылдыр сөз 

секілді көрінер бәлкім... Алайда, айтылған сөздің аста-

рында  ата-анамның  өздеріне  сенгеніндей  маған  да 

сенген сенімдері жатыр... Әсіресе, әкемнің «менің қара 

қызым жақсы оқиды ғой» деген сөздері есімнен кетпейді. 

Міне, солай жүрдек пойыз орнынан қозғала бастады. Өз 

елімді қимай бара жатырмын... Енді, Алла сәтін салса, 

шыжыған шілдеде келетін болармын. Маңғыстаудың 

шекарасынан  шықпай  жатып,  бір  түрлі  қызық  сезім 

баурап барады. Әнеу күні үйдегілерге еркелеп, тағы 

да біраз қалайыншы дегеніме болған жоқ, сабағыңнан 

қалып  қоясың  деп  меселімді  қайтарып  тастады... 

Көзге ілінер шеті де, шегі де жоқ сахара даланы аппақ 

қар  басыпты.  Аласа-аласа  тау  тізбектері  ақ  қардан 

жамылғы  киіп  алғандай,  мен  мұндалап  тұр.  Неткен 

ғажап...тылсым табиғаттың сұлулығына сөз жоқ қой... 

  Міне,  осылай  оқуыма  да  аттандым.  Пойызда 

жатақхананың  қыздары  боп  әр  нәрсенің  басын 

бір  шалып,  өткен-кеткенді  еске  алдық.  Уақыт  та 

зырылдауықтай  зымырап  өте  кетті.  Бір  тәулік  жүріп, 

Ақтөбеге жеттік. жолсерік апай біздерге кешке дейін 

қыдырып келіңдер, мұнда 8 сағат тұрамыз деді. Әрине, 

жастық шақтың желеуімен қуана-қуана қыдыруға кеттік. 

Көшеде кездескеннің көпшілігі - қаймана қазағымыз... 

жылы  шырайлы,  қарагөздер...Көңіліңе  майдай 

жағады. Қанағатсыз көңілдің қызығушылығымен біраз 

жерді  шарладық.  Бірақ  Ақтөбенің  суығы  шыдатар 

емес,  тісімізді-тісімізге  тигізбей,  табанымыздан 

сыз  өте  бастады.  Қайтуға  шешім  қабылдадық. 

Қайтарын  қайттық  қой,  бірақ  вагонымызды  таба 

алмай біраз сенделдік.Теміржолдың рельстерін шар-

лап,  әрлі-берлі  бір  жарым  сағат  жүрген  шығармыз. 

«Қайыршыға  жел  қарсы»  дегендей  ауа  райы  да  өз 

күшіне мініп алыпты, одан сайын аяз алқымымыздан 

алып,  үскіріп  тұр.  Әбден  шаршадық  дегенде  алды-

мыздан  ағай  шықты.  Сол  ағайға  бекер  жолықтық... 

-Ағай, Московский пойыздың 20-шы вагоны қай жолда тұр? 

-20-шы вагон? Әне басында, осы пойыз ғой, тез мініңдер, 

қазір  отправление  болады.  Сәл  болмағанда  қалып 

қоятын  едіңдер,  әй,  қыздар-ай,-деп  ұрыса  жөнелді. 

Мініп  алып,  әбден  қуандық,  бір  кезде  әйелдердің 

әңгімесінен  «Ақтауға  бара  жатырмыз»  деген  сөз 

естілді...Мәссаған,  қасымдағы  құрбым  екеуміз  не 

сенерімізді,  не  сенбесімізді  білмей  есеңгіреп  тұрып 

қалдық. жолсеріктер жерден алып, жерге салып ұрысып 

жатыр. Сол уақытта сол апайларға ренжігенімді-ай...

Өзіміз есімізді жия алмай әрең тұрсақ, ұрысқаны несі... 

- С е н д е р д і  Б е с т а м а қ т а н  т үс і р і п  к ете м,  т а к-

с и м е н  б а р а р с ы ң д а р  А к т ө б е н і ң  в о к з а л ы н а ! 

-Такси? апай, такси қанша уақытта жетеді? қанша алады? 

-Білмеймін,  мен  таксилермен  сөйлескен  емеспін... 

Неткен  жауыз,  ә,  адамдар.  Дұрысын  айтса,  аузы 

қисайып  қалмайды  ғой.  Қанымыз  бір  қазағымыздың 

көрсеткен  көмегі  осы...Сәлден  кейін  күн  де  ұясына 

батады.  Азырақ  тұра  тұрса  қайтеді...бәрі  қырсық. 

жығылғанға  жұдырық  деген  осы  да.  Солайша  бізді 

Бестамақтан түсіріп кетті. Бестамақтан такси тоқтаттық. 

Ұлты орыс ерлі-зайыптылар болып шықты. Студентпіз 

деп, жағдайымызды айтып түсіндірдік. Айтпасақ, тағы 

болмайды. Ақтөбеден түсерде алып шыққан ақшамызға 

«су  құйылған  еді».  жігеріміз  жасыған  уақытта 

жағдайымызды түсінген қазағымыз емес, орыс екеніне 

қуандым, әрине, бірақ налыдым да. жол бойы жарты 

сағаттың  ішінде  жеті  жылға  қартайған  болармыз... 

...Әй, студенттік өмір-ай...тиынды-тиынға қосып теңге 

шығарып жүрген қызығы да шыжығы да қатар жүретін 

бұл  дәуреннің  дәмін  енді  сезіне  бастағандаймын. 

Сол бір күн, сол бір минуттар, сол кездегі санамдағы 

қаумалаған ойлар легі ешқашан да ұмытылмас, ұмыта 

алмайтын да шығармын! 

жадыра жАуМытБАевА,

экономика және басқару факультетінің 

1 курс студенті

Студенческие годы - самые лучшие годы жизни: ты молод, в голове 

множество идей и планов, впереди ждет светлое будущее и достижение 

поставленных целей. При этом студенческое самоуправление – это 

отличная возможность приобрести полезные навыки общения с людь-

ми, развить личностные качества и просто с пользой провести свое 

время! Так, 16 марта 2012 года на факультете  экономики и  управления 

был проведен конкурс среди студентов факультета «Мистер и Мисс 

Экономикс», организованный студенческим деканатом и деканатом 

факультета.

Целью проведения  конкурса является развитие творческой актив-

ности студентов,  а также популяризация студенческого творчества.

Основным условием конкурса было создание пары из числа сту-

дентов 1 и 2 курса.

Конкурс состоял из 5-ти туров, 1 тур –«Визитка», 2 тур –«Конкурс 

видеороликов», 3 тур –«Танец  в паре», 4 тур –«Интеллектуал», 5 тур 

–«Fashion».

По итогам конкурса самой лучшей парой, а именно обладателями 

номинации «Мистер и Мисс Экономикс» стала пара студентов 1 курса - Аян Отеген и Светлана Гельман.

Надо отметить, что «Государство ставит перед собой серьезные, амбициозные задачи, в первую очередь, – 

переход от сырьевой модели экономики к инновационной. Эту задачу не решить без образованного общества. А 

студенчество и есть его интеллектуальный потенциал. Поэтому особое внимание государства сосредоточено на 

развитии высшего образования.

Асхат МеНДыгАлиев, 

студент 4 курса

  Қысқы каникулдың 

        қызықтары

Наурызым -

 МерекеМ, 

Наурызым -

 БерекеМ!

биТва 


доблестных рыцарей и милых дам

№3, наурыз  2012 жыл

Сен білесің бе?

Гиннесс кітабынан үміткерлер тізімі 

жАриялАнды

Гиннес  кітабының  өкілдері  2012  жылғы  басы-

лым  бетінен  орын  алатын  адамдардың  есімдері  мен 

ерекшеліктерін жариялады. 

Олардың  бірі  –  үлкен  теннис  ойынына  арналған 

ракеткадан  денесін  өткізе  алатын  жаңа  Зеландиялық 

әйел Скаий Броуберг. Ал Техастық студент Чэнел Таппер 

-  тілі  ең  ұзын  адам.  Оның  ұзындығы  10  сантиметрге 

жуық. Таппер йогуртты қасықсыз-ақ жей беретінін айтып 

мақтанады. Ал телекомуникация саласындағы компью-

терлер маманы Рольф Бучхолменнің бет-аузы пирсингпен 

көмкерілген. Оның денесінде барлығы 453 пирсинг бар 

екен. Өнерпаздарға келер болсақ, олардың арасында Удо 

Кретцшманның орны ерекше. Ол әдеттегіден 7 есе үлкен 

виолончель аспабында ойнай алады. Рекордқа ілінгендер 

арасында 18 жыл бойы тырнағын өсірген бір әйел бар. 

Әлемді таңдандыруда жапониялықтар да құр алақан емес. 

Олардың екеуі бірнеше итті бір мезетте жіптен секіртуді 

үйретсе, басқасы шығыс жекпе-жегінде адам айтқысыз 

жылдамдыққа жеткен. Гиннестің рекордтар кітабы 1955 

жылдан бері әлемді тамсандырған және таңдандырған 

жайттар мен адамдарды тіркеп келеді. 



(Ғаламтордан алынды)

  әңгіме    

  Өлең 

Ґ

№ 3 (875)

 наурыз 

2012 жыл


14

Филолог


                                                    

 

УНИВЕРСИТЕТТІҢ 80 ЖылДыҒыНА 



 ФАКУльТЕТ ТАРИХы 

                                                             

Тіл – татулық тірегі

                                                                                                                                   

 

ФАКУльТЕТ ТыНыСы 

                                                                                                                                        

Отец  всегда  был  и  остается  для 

меня  образцом  для  подражания.  Он 

был сильной личностью, мужественным, 

требовательным  и  вместе  с  тем  чутким, 

трогательно-нежным  отцом.  Он  был 

настоящим  ученым,  автором  одного  из 

первых  учебников казахского языка. Отец 

знал также татарский, киргизский,  узбек-

ский, уйгурский и арабский языки. Когда  

отец говорил по-казахски, я поражалась 

образности  его  языка,  его  метафорич-

ности, его глубоким знаниям литературы 

и  казахского  фольклора.

Папа полностью разделил судьбу лю-

дей    своего  поколения.    Его  исключали, 

как сына бая, из  комсомола, подвергали 

различным  гонениям  и  унижениям.  Он 

должен был выжить и выжил, так как на  ру-

ках у него  остались  мать и  младший брат 

Габдулхан. Когда они с мамой поженились, 

у них на двоих был один чемодан, а впо-

следствии они сами оказывали помощь и 

поддержку  многим людям.

Наш  дом  всегда  был  полон  народу: 

у  нас  жили  и  получали  образование, 

женились и выходили замуж. Некоторые 

помнят об этом. О стремлении отца всег-

да  помогать    людям  часто  вспоминает 

А.С.Зыбина,  старший  преподаватель 

кафедры    английского  языка.    Она  рас-

сказала мне: «Габдрахим Абуханович был 

очень добрым,  человечным  человеком. 

Несмотря на то, что он был проректором 

по  учебной    работе,  а  я  просто  препо-

давателем, он однажды остановил меня  

в    институте,  поздоровавшись  первым, 

и  спросил,  чем  я  так  расстроена.  Я  от-

ветила, что до сих пор после окончания 

Высших  курсов  в  г.  Алма-Ате  не  имею 

должности старшего преподавателя. Он 

тут же попросил меня зайти в  его кабинет 

и написать соответствующее заявление. 

На следующий день вышел приказ о на-

значении  меня  на  должность    старшего 

преподавателя».

Отец был требовательным человеком, 

но, прежде всего, он был требователен к 

себе. Я помню, как отец уже в пять часов 

утра сидел за письменным столом и ра-

ботал над своим учебником,  как любое 

порученное ему дело  он выполнял сразу  

же  и основательно. Он всегда превносил  

в семью оптимизм  и остроумие. Мы, дети, 

гордились им, а наша мама преданно лю-

била его всю свою  жизнь.

Наш отец был трогательно  заботлив. 

Я училась в институте, когда отец уже был 

на пенсии и ему уже не нужно было спе-

шить к восьми на работу. Я вставала в пять 

часов, чтобы подготовиться  к занятиям. 

Отец тоже вставал в это время и ставил 

для меня чайник, несмотря на мои возра-

жения. Так он стремился поддержать меня, 

одобрял мое отношение к учебе. А однаж-

ды,  когда    я  уже  работала  в    институте, 

пошел  сильный  дождь.  Вдруг  раздается 

Воспоминания об отце

ГАБДРАХИМЕ АБУХАНОВИЧЕ  

АБУХАНОВЕ

стук в дверь аудитории, где я вела занятия. 

Открываю  дверь  и  вижу    своего  отца,  а 

ведь ему было уже за семьдесят, он при-

нес мой зонтик: «Ты забыла зонтик,  сказал 

он, – боюсь, простудишься».

Отец  многое  предвидел.  Когда  меня 

мучил вопрос «Куда  пойти учиться?», я об-

ратилась к нему за советом. Вот, букваль-

но, что он сказал мне тогда: «Поступай в 

педагогический институт. Учителя нужны 

при любой власти. Поступай на факультет 

иностранных языков: кто с языком, тот с 

хлебом».


Отец  всегда  и  везде  пользовался 

огромным уважением, авторитетом, был 

душой любой компании. Он любил шутку, 

каламбур и сам мог пошутить, разрядить 

любую  тяжелую  атмосферу.    Молодежь 

всегда была влюблена в него, так как он 

был не только отличным преподавателем,  

но прежде всего с огромным уважением и  

любовью относился к каждому человеку.

Я  всегда  удивлялась  тому,  что  он  

первым  здоровался  с  молодыми  препо-

давателями,  называя  их  не  иначе,  как 

«Баке», «Саке» … Отец всегда признавал 

за людьми право на ошибку, терпеливо и с 

уважением относился к любому мнению.

25  февраля  2012  года  исполнилось 

100  лет  со  дня  его  рождения.  Кафедра 

казахского  языка  и  литературы  под 

руководством  зав.кафедрой,  доцента 

А.И.Мамырова, организовала торжествен-

ное  мероприятие,  посвященное  памяти 

моего отца.

Коллектив  ЗКГУ  им.  М.Утемисова 

под  руководством  ректора,  академика 

А.С.Имангалиева выступил с предложени-

ем об увековечивании его памяти.

Наша семья выражает всем, приняв-

шим участие в подготовке и проведении 

этого  мероприятия,  огромную  благодар-

ность и пожелания счастья, личного  бла-

гополучия и  успехов в работе.         

Алма АБухАНОвА,

зав. кафедрой теории и практики 

обучения  иностранному языку, 

к.ф.н., доцент 

Наурыз  айының  5-і  күні  қазақ  филологиясы 

кафедрасында  8  наурыз  -  Халықаралық  әйелдер 

күніне орай ұйымдастырылған «Әдемілік бізге көптік 

етпейді!» атты мерекелік шара болып өтті.

Көктемнің  шуақты  күндерінде  аяулы  ұстаздар  мен 

ару қыздарға, көрермендерге тамаша көңіл-күй, ғажайып 

әсер,  ұмытылмас  кеш  сыйлау  мақсатымен  факультет 

ұлдары ұйымдастырған шара өте жоғары деңгейде өтті.

Концертке арнайы шақырылған қонақтар - филология 

факультетінің  деканы  Қарлыға  Тасқалиқызы,  филоло-

гия  ғылымдарының  кандидаты  Рита  Бекжанқызы  және 

Р.Қазиқызы,  И.Сұлтаниязова,  З.Мүтиев,  Б.Өмірзақов 

сынды оқытушылар қатысты.

Кеш  шымылдығын  өзінің  құттықтау  сөзімен  фило-

логия  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Зейнолла 

жақсылықұлы  ашты. Мерекелік концерт ән-күймен, жас 

ақындардың  жүрекжарды  туындыларымен  басталып, 

сахналық қойылымдармен жалғасын тапты.

Көктемнің  алғашқы  мерекесінде  көрермендерге 

көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлаған  бұл  кештен  жоғары  курс 

студенттері де қалыс қалған жоқ. Қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының 3 курс студенті Ахметқалиев Тілек пен 

2 курс студенті Мыңбаев Сәкеннің орындауындағы әсем 

ән көрермендер көңілін бір серпілтіп тастады.

Кеш қонақтарына көктемдей тамаша әсер сыйлаған 

ақынжанды ұлдарымыз - Әбиболлаев Ақжол, Орынбасаров 

Әділет,  Әмірашов  Нұркен  және  Қойланбаев  Абзалдың 

жыр  шумақтары,  сондай-ақ,  қазақ  тілінде  оқытпайтын 

мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 

1 курс студенті Ержанов Мержанның түрік тіліндегі «�nne» 

өлеңі барша көрерменнің сұңғыла назарын өзіне аударып, 

кешті әрлендіре түсті.

Поэзия  әлемінде  көктемдей  көңілдің  сырлы  на-

зын  шерткен,  факультетіміздің  жас  ақыны  Базарбаев 

Азаматтың  өз  қаламынан  туындаған  «Аналар  жыры» 

барша көрерменге ару-аналардың қасиетін паш еткендей 

болды.


Көрермен көзайымына айналған өнерлі жігіттер кон-

цертке қатынасып отырған барлық ұстаздар мен аруларға 

құттықтау хаттары мен гүл шоқтарын табыс етті.

Кеш  соңында  ұстаздарымыз  Роза  Қазиқызы  мен 

Рита Бекжанқызы аяулы аруларымызды мерекелерімен 

құттықтап,  осындай  ұмытылмас  мерекелік  кешті 

ұйымдастырған факультетіміздің ұлдарына, жүргізушілері 

мен  осы  кешке  атсалысқан  барлық  топтарға  шексіз 

алғыстарын білдірді.

Осындай  әсем  әуен,  көтеріңкі  көңіл,  керемет 

сезім  бесігінде  тербеткен  көктемнің  сұлулық  мерекесі 

баршаңызға қуаныш сыйласын!



таңшолпан ҚАРШығАҚыЗы, 

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 

1 курс студенті

Әдемілік бізге 

көптік етпейді!

Қай  ақын  болсын  өз  дәуірінің  перзенті,  өз 

заманының  жемісі.  Қадыр  ақынның  да  туған 

халқының мәйекті ойы мен маржандай тілі негізінде 

ғажайып  сұлу,  мазмұны  терең,  кестесі  көркем 

лирикалық  өлеңдердің  майталманы  екені  алты 

алашқа мәлім. Бірақ, қара сөзбен жазылған шынайы, 

бүкпесіз  айтылған  құнды  ойларды  өлең-жырдың 

құдіретімен,  кең  тыныспен  айшықтап,  өрнектей 

білген абыз ақын Қадыр Мырза Әли бүгін біздің орта-

мызда жоқ. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,- 

деп ұлы Абай ақын айтпақшы, ақжайықтық дарабоз 

ақынның  жанартаудай  қоздаған  шоқ,  маздаған  от 

жалынды  жырлары  мен  асыл  бейнесі  мәңгілікке 

жадымыздан кетпек емес.

Өнер  мен  адам  биіктігінің  тұтастығын,  жарасы-

мын  іздеген  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  ойлы 

оқырмандары өз кезегінде өрнекті ой озығы, бейнелі сөз 

жорғасы Қадыр ақынды да естен шығармайды. 

Бұған дәлел, наурыздың 2-ші жұлдызында өткен «Бір 

жыл  толды  ұлы  жүрек  тоқтағалы»  атты  Қадыр  Мырза 

Әлиді еске алу кеші.

БҚМУ-дың  филология  бөлімінің  профессоры,  до-

цент  Серікқали  Ғабдешұлының  бастауымен  өткізілген 

бұл кешті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс 

студенті  әрі  осы  кештің  ұйымдастырушысы  Елдана 

Асылханқызы жүргізді.

Алғы  сөзде  БҚМУ-дың  халықаралық  байланыс 

және  ғылыми  жұмысы  жөніндегі  проректоры,  тарих 

ғылымдарының  докторы  Мұқтар  Әбілсейіт  Қапизұлы 

сөз  алып,  өз  ойын  білдірді.  Дәстүрлі  әндер  бөлімінің 

4-курс студенті Эльмира Сейілханқызы Қадыр ағаның 

«Ақ жайық» әнімен кеш шымылдығын ашты.

«Өлді деуге қимайтын,

Өлді  деуге  сыймайтын,»  -  деп  ҚР  еңбек  сіңірген 

ақыны,  Ақ  жайықтың  ақ  шағаласы  атанған  Ақұштап 

Бақтыгереева  қазақтың  көсем  сөзінің  шебері  хақында 

түрлі  естеліктер  мен  жерлес  ақынға  арналған  жыр 

шумақтарын  жеткізді.  Сондай-ақ,  кештің  арнайы 

қонақтары  Донеділ  Қажымов  пен  Гүлнәр  Дәукенова 

сынды ҚР еңбек сіңірген әншілері Қадыр Мырза Әлидің 

сөзіне жазылған «Құштар көңіл» әніне қоса, «Ақжайық – 

ару мекенім», «Анаға сәлем» әндерін орындап, кештің 

сәнін кіргізді. Кеш барысында облыстық мәслихат де-

путаты Әбдрахим Маралұлы сөз сөйлеп, ақын туралы 

естеліктерден сыр шертті.

А қ ын ның  бі раз  ж ырл ар ының  ә н  әл е мім е н 

тоғысқандығының және бір дәлелі ретінде, кештің сәні 

бірнеше  халықаралық  байқаулардың  жеңімпазы,  әнші 

Ажар Сейтенованың орындауындағы «Сырым бабам», 

вокалдық  өнер  мамандығының  4-курс  студенті  Гүлназ 

Құсайынованың орындауындағы «Сыған серенадасы» 

әндерімен ажарлана түсті.

Сөзде  ғаламат  күшке  айналар  қымбат  құн  ба-

рын  дәлелдеген  ақынның  мәнерлі,  сыңғыры  бөлек 

«Бір жыл толды 

ұлы жүрек тоқтағалы»

жырларының арнасына ден қойған ізбасар ұрпақтары, 

жас  ақындар  да  осы  кештен  табылды.  Талғат  Мықи 

«Табан»  және  студенттеріміз  Мұрсалова  жұмагүл 

(4-курс)  «Қадыр  ағаға»,  Ерманова  жадыра  (2-курс) 

«Қадыр ақын», Сұлтанмахмұт Айдана (2-курс) «Өлмейді 

ақын», Базарбаев Азамат (1-курс) «Қадыр ағаға» сынды 

жырларын  көпшілік алдында паш етті.

«Үйіңді қорғау есіктен басталады,

Отанды  қорғау  бесіктен  басталады,»  -  деп,  кеш 

соңында  профессор  Серікқали  Ғабдешұлы  сөз  алды. 

Өз кезегінде ұстаз Ақ жайықпен жібектей нәзік сезімнің 

сәулелері арқылы байланысып жатқан Қадыр ақын ту-

расында отты-отты сөздерімен залдың зор қошеметіне 

ие болды.

Кештің  соңында  Донеділ  Қажымовтың  әуеніне 

жазылған  «Орал,  әнім  сенсің  шалқыған»  әнін 

Ғ.Құрманғалиев  атындағы  облыстық  филармония 

әншілері Еркін Өтегенов пен Күләш Қуанышқалиева зор 

мақтанышпен, асқақтата орындап шықты.

«Ақындық шығар айыпты,

Әлі де білмен себебін.

Өлеңге айтып қойыппын,

Өмірдің айтпа дегенін,» - деп жырлаған, желісі ұзын 

жылдарын  сырты  сұлу,  іші  асау  жыр  әлеміне  арнаған 

ақындық дарын – Тәңірдің сыйының иесі абыз ақын Қадыр 

Мырза Әлиге арналған еске алу кеші, міне, осылайша өз 

мәресіне жетті.



әйгерім ҚАуеН,

қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі 

мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенті

Ґ

№ 3 (875)

 наурыз 

2012 жыл


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет