Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#7429
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31

Әдебиет 
1.  Винокурова  Н.  Лучшие  задания  по  развитию  творческих  способностей: 
[Текст]/Винокурова Н. Книга для детей,  учителей и родителей.-М.:АСТ- Пресс,1999 
2.  Водяха  С.А.  Коррекция  тревожности  в  процессе  формирования    креативности  в 
раннем юношеском возрасте. [Текст]дис... канд. псих.наук 19.00.07-Казань,2000 
3.  Яковлева  Е.Л.  Развитие  творческого  потенциала  личности  школьника  [Текст]/ 
Яковлева Е.Л.-//Вопросы психологии-1996.-№3 
4.  Яковлева  Е.Л.  Психологические  условия  развития  творческого  потенциала  у  детей 
школьного возраста [Текст]/Яковлева Е.Л.-// Вопросы психологии. -1994.-№5 
5. Юркевич В.С. Одаренные ребенок: иллюзии и реальность [Текст]//Юокевич В.С. -М.: 
Просвещение,1996 
6. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт теоретич. и эксперим. псих. 
исслед. [Текст]/ Давыдов В.В. -М.:Педагогика,1986 
7.  Моляко  В.А.  Проблемы  психологии  творчества  и  разработка  подхода  к  изучению 
одаренности [Текст]/Моляко В.А.-// Вопросы психологии      -1994-№5 
8.  Менчинская  Н.А.  Мышление  в  процессе  обучения  [Текст]/Менчинская  Н.А.  -
Мироненко В.В. Хрестоматия по психологии/под ред.М., Просвещение,1977 
9.  Хазратова  В.Н.  Формирование  креативности  под  влиянием  микросреды 
[Текст]:Автореф.дисс. канд.псих.наук М.,1994 
 
 
 
ӘОЖ 37.013.77 
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Б. Уразбекова 
Семей каласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-407 тобының 
студенті  
Ғылыми жетекші: Қ.С. Адильжанова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
университеті, педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы 
 

199 
 
Ғылымның  және  технологияның  қазіргі  жағдайын  бейнелейтін  іргелі  білім  беру 
болашақ  мамандардың  тек  тәжірибені  белсенді  қабылдауды  ғана  емес,  сонымен  бірге 
интеллектуалдық  шығармашылық  қабілеттілігін  анықтайды.  Білім  берудің  осындай 
түріне  қазіргі  жоғары  оқу  орындары  бағытталған.  Болашақ  мамандардың,  яғни 
студенттердің  зерттеу  біліктерін  меңгеру  қажеттілігі,  бір  жағынан,  Мемлекеттік 
стандарттың  талаптарымен  айқындалады,  онда  бітірушің  осы  кәсіби  аспектісі  нақты 
анықталған;  екінші  жағынан,  қазіргі  мамандардың  кәсіби  іс-әрекетімен  айқындалады. 
Мысалы, педагогтардан болашақ мамандарды дайындауда іс-әрекеттің шығармашылық 
табиғатына  сәйкес  соның  ішінде    оны  ұйымдастырудың  мәселесіне  ғылыми  тұрғыдан 
қарауға  білім  беру  үрдісін  зерттеу  білігін  талап  етеді.  Сондықтан  да  жоғары  оқу 
орындарының  студенттерін  зерттеу  жұмысы  процедурасымен  таныстыру  керек,  оны 
өткізудің  дағдыларын  қалыптастыру  маңызды.    Мысалға,  оқыту  барысында 
зерттеушілік  білігін  қалыптастыру.  Ол  кафедраның  ғылыми-зерттеу  жұмысына 
студенттің  қатысуы  барысында  қалыптасады.  Соңғысына  студенттерді  бағыттары  мен 
кафедра  педагогтарының  ғылыми  жұмысы  ерекшеліктері  тақырыпшасымен  кеңінен 
таныстыру  ықпал  етеді,  оларды  проблемалық  топтарға  қатыстыру,  табысты  зерттеу 
жұмысын жүргізетін оқытушыларға 1-ші курстан бастап «бекіту» ретінде анықтаймыз. 
Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз етудің бірінші шарты ретінде бүкіл 
кәсіби  дайындықтың  жүйесін  асыру  барысындағы  зерттеушілік  білімдердің  тиімді 
қалыптасу процесінің үздіксіздігі мен тұтастығын ерекше айтамыз. Оған аудиториялық 
сабақ  пен студенттің өзбетінше жұмысы (студенттің оқу-зерттеу жұмысы мен ғылыми-
зерттеу  жұмысы),  аталған  біліктерді  саналы  және  шығармашылық  меңгерудегі  түрлі 
әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен байланысты тәжірибе  жатады.       
Зерттеу біліктерін қалыптастырудың маңызды шарты ретінде зерттеу іс-әрекетінің 
мотивациясы  болып  табылады:  қызығушылықтарын  қалыптастыру,  зерттеу  жұмысы 
қажеттілігін,  кәсіби  өсу  үшін  зерттеу  біліктер  жүйесін  меңгерудің  маңыздылығын 
негіздеу.  Мысалға,  осы  жұмыстың  бастамасы  ретінде  1-ші  курстан  бастап, 
«Мамандыққа  кіріспе»  деп  аталатын  курс  ұйымдастырылады,  оның  барысында  кәсіби 
іс-әрекеттің  ерекшелігі  мен  шығармашылық  сипатын  ашуға  болады.  Практикалық 
сабақтарда  өзін-өзі  тану,  өзіндік  қызығушылықтары  мен  қабілеттерін  талдау,  олардың 
таңдаған  кәсіпке  сәйкестілігін  анықтау  үшін  жағдайлар  жасалынады.  Конференцияға 
рефераттарды 
дайындау 
барысында 
студенттер 
жаңашыл-зерттеушілердің 
жетістіктерімен  танысады,  шартты  түрде  айтқанда,  «өзіне  салып  көреді»  шеберге 
лайықты  кәсіби  біліктер  мен  тұлғалық  қасиеттерді  дамытады.  Оның  барысында 
келесідей  зерттеу  біліктерін  меңгеру  қажеттілігін  саналы  түрде  ұғынады,  бар 
тәжірибені талдау, проблеманы тұжырымдау, өз жұмысының нәтижесін жүйелеу сияқты 
білігі. 
Аталған  біліктердің  қалыптастыру  мен  зерттеу  жұмысына  қызығушылықты 
тудыру  шарасына  түрлі  кәсіби  жағдайларды  талдау  мен  диагностикалауды  өткізу, 
жоғары курс студенттерімен орындалатын тапсырмалардың зерттеушілік сипаты  және 
т.б. басқа әдістері жатады. Сонымен қажетті білімдер жүйесі және қалыптасқан зерттеу 
біліктерімен    бірге  зерттеу  іс-әрекетіне  оң  көзқарастың  болуы    болашақ  маманның 
тиімді кәсіби іс-әрекетке дайындығын қалыптастырады. 
Екінші  шарты  жоғары  оқу  орындарындағы  студенттердің  кәсіби-тұлғалық 
мәдениетін қалыптастыру болады. Болашақ маманның кәсіби  дайындаудың    тиімділігі 
сонымен  бірге  жүйелілік-құндылық  көзқарасы  тұрғысынан  қарамақайшылықтардың 
талдауын  жоғары  білім  берудің  қазіргі  жүйесінің  талдауын  талап  етеді.  Маманның 
кәсіби-тұлғалық мәдениеті оның іс-әрекетінің бүкіл жүйесін қамту керек. Осыған орай 
жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  білімберу  мазмұнын  қалыптастыруда  жүйелілік-
құндылықтық  көзқарасы  өзекті  болады.  Болашақ  маманның  мәдениетін  қалыптастыру 

200 
 
проблемаларын  тиімді  шешу,  оның  әлеуметтік  қасиеттерін  дамыту,    оқу-тәрбие  және 
ұйымдастырушылық  жұмысты  талдау,    теориялық  және  нақты-әлеуметтік 
зерттеулердің,  тұлғалық  және  мәдениет  теориясы  нәтижесін  жалпылау  негізінде 
анықтаймыз. Мысалы, Ә. Табылдының пікірінше:  «Ұлттық мәдениеттің қайнар бастау 
–  оның  (ұлттың)  рухани  азығының  асылдық  қасиеттеріне  байланысты.  Халықтың 
рухани  қуатын    арттыратын  қозғаушы  күш  –  оның  әдебиеті,  өнері,  әдебі  мен 
эстетикалық болмысы.  «Әдеп-мәдениет негізі», «әдет-ғұрып, салт –дәстүрлер – халық 
мәдениетінің көрсеткіштері» т.б. тақырыптар бойынша оқылатын  лекцияларда ұлттық 
мәдениеттің  негіздері,  оның  бұрынғысы  мен  қазіргісі  және  болашағы  ғылыми 
дәлелдемелермен  айқын  көрсетіледі»  [70,  11-12].    Осы  анықтамаға  сүйене 
айтатынымыз,  мәдениет  білімберушілік  құндылық  ретінде  студенттерді  дамыту  мен 
тәрбиелеуде тұрмыстың, ойлаудың, сауықтырудың мәдениетінде, қатынасында, қарым-
қатынасында, дүниетанымдық мәдениетінде, эстетикалық іс-әрекетінде көрініс береді. 
Бұл  жерде  маңыздысы  –  болашақ  маман  тұлғасының  мәдениеті  қалыптасуының 
механизмдерін  зерттеу  мақсатты  түрде  ұйымдастырылған  жоқ,  бірақ  дамытушылық 
білім  беру  мен  мәдениеттің  аспектілері  қаралады.  Олардың  өзара  байланысы  мен 
өзараауысуы  қаралады.  Осыған  орай  болашақ  маманды  дайындау  жүйесінде 
студенттердің  үнемі  өз  кәсіби  дәрежесін  көтеру  қабілетін  дамыту  шеңберінде 
жүйелілік-құндылық  көзқарасының  маңыздылығы  оқу-тәрбие  процесі  барысында 
анықталады.  Осыған  байланысты  жоғары  кәсіби  білім  беру  іс-әрекет  ретінде 
қарастырылады,  оның  мақсаты  –  болашақ  маманның  интеллектуалдық-адамгершілік 
тұлғасын дамыту, тұлғалық өсуінің қамтамасыз ету ретінде анықтаймыз. 
 Болашақ  маманды  дайындаудағы  жүйелілік-құндылықтық  көзқарасы  жүйе 
ретінде  түсіндіріледі,  ол  жаңа  ғасырдың  мәдени  және  гуманистік  құндылықтарын 
есепке  алу  негізінде  құрылады:  субъектіліктің,  диалогиялықтың,  дамытушы 
бағыттылықтың,  кіріктірушіліктің,  іргеліліктің,  үздіксіздіктің.  Сонымен,  қазіргі  білім 
беру  парадигмасын  әлеуметтік-тұлғалық,  тұлғаға-бағдарлаушылық,  гуманистік  білім 
беру  анықталады.  Университеттік  білім  беруде  әдетте  парадигманың  келесі  өзгермелі 
түрлері  айтылады  [22,  118-119]:  мәдени-құндылықтылық  парадигмасы,  академиялық 
парадигмасы, 
кәсіби 
парадигмасы, 
технократиялық 
парадигмасы,  
гуманистікпарадигмасы.    Жетекші  білімберушілік  парадигмасының  әсерімен  
университеттік    білім  берудің    басқа  моделдері  қалыптасады:  а)  дәстүрлі  немесе 
классикалық; б) рационалистік. 
Мәдени-құндылықтылық 
парадигмасына 
сәйкес 
кәсіби 
мәдениетті 
қалыптастырудың  басты  мақсаты    жоғары  білім  берудің  құндылығы  ретінде 
студенттердің  әлеуметтік  маңызы  бар  қасиеттерін  дамыту  болып  табылады.      Кәсіби 
білім берудің әлеуметтік-тұлғалық аспектісін іске асырудың негізгі тәсілі ретінде білім 
берудің    проблемалық,  сараптамалық,  рефлексивтілік,  диалогтік  оқытудың  және 
тәрбиелеудің,  ұжымдық  мәдени-шығармашылық  іс-әрекеті    технологияларын 
пайдалану деп түсінеміз. 
Шығармашылықтың  объектісі  ретінде  маманның  бейнелері  мен  мақсаттары, 
символдары мен ұғымдары, қылықтары мен қатынастары, құндылықтары мен сенімдері 
қарастырылады. Болашақ маман шығармашылық ізденіс барысында өзі үшін маңызды 
жаңалықтар ашады,  адамтану мен құрметтеу аумағындағы коммуникативтік мәдениет 
көрсеткіші ретіндегі гуманистік құндылықтарымен танысады. 
Болашақ  маманды  дайындау  жүйесіндегі  жүйелілік-құндылықтық    көзқарасы 
маман  біліктілігінің  жоғары  көрінісі  және  кәсіби  құзырлылығы  болып  табылады.  Осы 
кәсіби-тұлғалық  мәдениеті  деңгейінде  толығынан  маманның  адами  жеке  даралығы 
көрініс беруі мүмкін. Болашақ маманның тұлғалық және кәсіби мәдениеті жүйесіндегі 
құрылымында  басты  компоненттері  ретінде  құрастырушылық,  ұйымдастырушылық, 

201 
 
коммуникативтік  аймақтарын  анықтадық.  Студенттер  іс-әрекетінің  құрастырушылық 
аймағы  ұйымдастырушылық  іс-әрекетімен  нәтиже  шығарады,  өйткені  әрбір  кәсіби 
әрекет  соңғы  нәтижесінде  кешенді  ұйымдастырушылық  іс  ретінде  қаралады.  Өз 
кезегінде  құрастырушылық  және  ұйымдастырушылық  іс-әрекеттері  оқытушының 
студенттермен дұрыс өзара қатынастарын орната білуінен күрделене түседі. 
Болашақ  маман  тұлғасының  өзін  -өзі  дамытудың  моделіне  маман 
мәдениетінің  негізгі  компонентері  (білімдер,  біліктер,  дағдылар,  тұлғалық  қасиеттер; 
кәсіби-шығармашылық және эмоциялық тұрғысынан құнды іс-әрекет тәжірибесі; кәсіби 
этика);  кәсіби-тұлғалық  мәдениетінің  құрылымдық  компоненттері  (мотивациялық; 
бағдарлаушылық;  бағалаушылық;  мазмұндық-операционалдық);  болашақ  маман 
моделінің  қомпоненттері  (сауаттылық;  біліктілік;  кәсіби  құзырлылық;  мәдениет; 
менталитет) кіреді. Осы моделдің сұлбасы төмендегі №1-ші суретте көрсетілген: 
 
   
Маман мәдениетінің негізгі компоненттері: 

 
Білімдер, біліктер, дағдылар, тұлғалық қасиеттер

 
Кәсіби шығармашылық және эмоциялық тұрғысынан құнды іс-әрекет 
тәжірибесі; 

 
Кәсіби этика. 
Кәсіби-тұлғалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері: 
 
Мотивациялық; 
 
Бағдарлаушылық; 
 
Бағалаушылық; 
 
Мазмұндық-операционалдық. 
 
 
  
Философияда тұлға әлеуметтік, биологиялық сипаты бар адам. 
Психологияда тұлға – психиканың сапасы, адамның қоғамда дамуының нәтижесі. 
Педагогикада тұлға өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының, өзінің 
психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі. 
 
 
 
Болашақ маман моделінің қомпоненттері: 
 
лық; 
 
 

 
Менталитет 
1-ші сурет. Болашақ маман тұлғасының өзін -өзі дамыту моделінің сұлбасы. 
 
 
Әдебиет 
1.
 
Крупская Н.К "О подготовке учителей". 2-ое издание. Москва, 1960г. 
2.
 
Кудабаева  М.М.  "Подготовка  будущего  учителя  к  воспитательной  работе" 
Москва. 1979г. 
3.
 
Зязин Б.П "Профессиональное самовоспитание педагога" Москва.1988г 
4.
 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т-4, А., 1987.  

202 
 
5.
 
Бастауыш мектептер дамуының үрдістері // Қазақстан мектебі. -Алматы. 2009, 
-№5. -Б.56-59. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

203 
 
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ДАМУ 
ЖАҒДАЙЫ 
ИСТОРИЯ И СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ РАЗВИТИЯ 
МУЗЫКАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
 
 
ӘОЖ 371.3:78 
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МУЗЫКА 
МАМАНДАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ 
 
Қ. Рахметолла 
Семей  қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік универитеті, П -143  тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Н.К. Султанова – музыкалық білім кафедрасының доценті, 
қауымдастырылған профессор, п.ғ.к. 
Еліміздің  егемендігінің  алғашқы  сатылары  –  нарықтық  қатынастар  кезеңінен 
бастап,  болашақта  саяси,  әлеуметтік  және  экономикалық  жүйесі  әлемдік  өркениет 
аренасында  өз  орны  бар  мемлекет  деңгейінде  дамуы  халқымыздың  ұлттық  ділінің 
болмысына, әсіресе жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.  
Дегенмен,  бүгінгі  таңда  ұлттық  болмысымызға,  өркениетті  ел  болуымызға 
кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті 
заман  талабына  сай  тәлім-тәрбие  жүйесін  жаңартуға  мұғалімдердің  алдына  аса 
маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақ өсірудегі 
ұлттық  тәрбие  дәстүрлер  тәжірибесі  негізінде  адамгершілік  қадір-қасиеттері, 
тағылымды  рухани  дүниесі  бай,  мінез-құлық  мәдениеті  жоғары  еліміздің  болашағы 
үшін қызмет етуге дайын педагог-маманды қалыптастыру арқылы жетуге болады. 
Жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінің  оқушыларына  ұлттық  тәрбие  берудің 
және  оған  болашақ  мұғалімдерді  дайындаудың  бағдарлы  идеялары  еліміздің  тұңғыш 
Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  халыққа  жолдауында:  «...жаңа 
жағдайларға  сай  біздің  бәрімізді  алаңдататын  мәселе  –  білімді,  кәсіби  даярлығы  бар 
адам  тәрбиелеу  ғана  емес,  қоғамдық  өмірдің  барлық  саласында  ұлттық  және 
дүниежүзілік  құндылықтарды  қабылдауға  қабілетті,  рухани  және  әлеуметтік-
адамгершілік  мүмкіндігі  мол  тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады»,  -  деп  атап 
көрсетті.  
Сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  «Білім  беру 
жүйесінің  міндеттері:  …азаматтық  пен  елжандылыққа,  өз  Отаны  –  Қазақстан 
Республикасына  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге,  халық 
дәстүрлерін  қастерлеуге,  қазақ  халқы  мен  республиканың  басқа  да  халықтарының 
тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге тәрбиелеу» деген жолдар бар. 
Елбасымыздың халыққа Жолдауын ұлттық  білім берудің және ұлттық тәрбиені 
жүзеге асырудың бағытын анықтайтын құжат десек, білім беру салаларының міндеті – 
ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке 
тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау, деп түсінсек, онда, осы міндетті 
іске  асыратын  жалпы  білім  беретін  қазақ  мектебі  үшін,  деонтологиялық  даярлығы 
жоғары  жетілген  маман  дайындау  -  бүгінгі  күннің  көкейкесті  мәселесі.  Қазақ 
мектептеріне  ұлттық  тәрбиеден  рухани  нәр  алып,  кәсіби  парыздылық  сана-сезімі 
жоғары дамыған ұстаз қажеттілігі күмән тудырмайды. Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік 

204 
 
мұрасы  –  халықтық  педагогикалық  ой-пікірлерді  жинақтап  зерттеу,  жүйелеу,  оның 
алдыңғы  қатарлы  үлгілерін  болашақ  мұғалім-мамандарға  ұсыну  –  қазіргі  өмір 
талабынан  туындаған  өзекті  мәселелердің  бірі.  Қазіргі  таңда  қазақ  мектептерінің  ең 
басты  мақсаты  –  денсаулығы  мықты,  интеллектуалды,  дүниетанымы  терең,  білімі 
сапалы,  адамгершілігі  мол  ұрпақ  тәрбиелеу.  Бұл  игі  істі  жүзеге  асыру  үшін  өткеннен 
тағылым  алып,  бар  ақыл,  өнегені  сауатты  қолдана  біліп,  заманымызға  қарап  икемдеу 
үшін  мектепті  сапалы  және  жоғары  саналы  мамандармен  қамтамасыз  ету  керек. 
Болашақ мұғалімге артылатын сенім жүгі – ұлағатты ұлы жол. Демек, өз ісіне берілген 
жаңалықты  жатсынбай  қабылдайтын,  ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын  асқақтата 
отырып, шәкіртінің бойына сіңіре білетін жоғары мұғалімді ғана бүгінгі күнге лайықты 
мектеп маманы, мұғалімі деп айта аламыз. 
Болашақ  мұғалімді  кәсіби  тұрғыда  даярлау  үдерісі  көрсетілген    мұғалім  
кәсібінің сипатына тоқталуды жөн көрдік. Болашақ музыка маманы -  ол мұғалім – 
педагогикалық процесті ғылыми тұрғыда ұйымдастыратын басты тұлға. Ол әлеуметтік 
өмірде дәрісман, ұстаз, тәрбиеші, оқытушы, педагог, тәлімгер деген есімдермен аталса 
да,  барлығының  мақсаты  балалар  мен  жастарды  тәрбиелеу,  оқыту,  соның  негізінде 
тұлғасын және оның кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру болып саналады.  
Е. А. Климов мұғалімдік мамандық адамнан жоғары адамгершілік сапаны, өзгені 
тыңдап оған кеңесші болуды, жаңашылдықты, білімділікті, мейірімділікті, әдептілікті, 
қайырымдылықты талап етеді деп орынды көрсетеді [2. 37-46].  
Қазіргі кезде мұғалімді педагог, оқытушы, ұстаз деп те атайды. Ұстаз парсының 
«остоз» деген сөзінен алынған. Мағынасы өзгеге өз өнерін, білімін үйретуші ақылшы, 
тәрбиеші дегенді білдіреді [3, 447].  
Тәжірибеде үлкен де, кіші де кәсібін өзгеге үйретіп ұстаз атанып жүр. Мысалы, 
мал  бағу  кәсібін,  ою-зергерлік  кәсібін,  тоқу-тігін  кәсібін  шәкіртке  үйрету.  Біздің 
пайымдауымызша, олар кәсібін адамның жасын ескермей, талабына сай сөз, шеберлік, 
жаттығулар  арқылы үйретеді. Ол бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Ұлы Абай ұстаз 
туралы:  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»  [4,  220],  -  деп  бекер  айтпаса 
керек.  Бұл  сөздің  мағынасына  зер  салсақ,  ақын  ұстаз  әрекетін  балаға  бағыттаған.  Ал 
баланың жас кезеңдерін ескеріп, жұмыс жүргізуші маман – мұғалім. Сонда мұғалім мен 
ұстаздың  айырмашылығы  неде  деген  сұраққа  жауап  іздедік.  Ұстаз  -  кәсібін  өте  жетік 
білетін, оны шәкірттің жас кезеңін ескермей үйретуді борышы санайтын білгір маман. 
Ал,  мұғалім  –  оқу  орны  белгілеген  біліктілікке  байланысты  оқушының  жас 
ерекшеліктерін  ескеріп,  оқу-тәрбие  процесін  ғылыми  негізде  ұйымдастыратын  маман. 
Сонда  ұстаз  бен  мұғалім  жеке  тұлғаға  білім  беру  мақсаты  жағынан  бір-біріне  жақын 
болғанымен, іс-әрекеттерінің сипаты әр түрлі. 
Бұған  түрлі  тарихи  кезеңдерде  ұрпақ  тәрбиесінің  құралы  ретінде  ерекше  мән 
берілген. Ойшылдар Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари т.б., ағартушылар 
Ы.  Алтынсарин,  А.  Құнанбаев  қазақ  зиялылары  Ж.  Аймауытов,  А.  Байтұрсынов,  М. 
Жұмабаев,  Ш.  Құдайбердиев  т.б.  еңбектерінен  де  халықтың  бала  тәрбиесі  жөніндегі 
тәлім-тәрбиелік  тәжірибелерін,  ауызекі  халық  шығармашылығын,  салт-дәстүрлері  мен 
әдет-ғұрыптарын  ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалану  туралы  айтқан  идеяларынан  көруге 
болады [5]. 
1 – кесте   Ойшыл-данышпандар, қазақ зиялылары еңбектеріндегі болашақ 
мамандарды басты адами қасиеттерге тәрбиелейтін негіздер 
Ойшыл-данышпандар 
еңбектері 
Олардың еңбектеріндегі мұғалімнің талабына сай 
қабілет-қасиеттер 

205 
 
Әл-Фараби Әлеуметтік-
этикалық трактаттар. 
Алматы: Ғылым. 1975ж. 
-
 
халыққа  адал  қызмет  етуалғыр,  аңғарымпаз 
ақыл  иесі  болуы  тілмарлық  қанағатшыл  ар-намысты 
ардақтайтын жаны асқақ болуы батыл, шешімпаздық 
Ж. Баласағұни «Құтты 
білік». Алматы. Жазушы, 
1987ж. 
-
 
ақ жолды кесіп өтпеу өтіріктен сақтанып, шын 
сөйлеу  ақыл-парасатқа  тоқ  болу  адамдарға  дөрекілік 
жасамау артық сөйлеуден жасқану 
-
 
шынайы ілімге ынтық болу  
М. Қашқари «Диуани 
лұғат ат-түрк». Алматы. 
Ана тілі, 1993ж. 
-
 
рахымшыл  болу,  менмен  болмау    іс  істерде 
асығып, аптықпау қиындыққа қарсы тұра білу 
-
 
жомарттылық танытып, сый сияпат көрсету 
-
 
кішіге қамқор, үлкенге ізет ете білу 
А. Құнанбаев. 
Шығармаларының екі 
томдық жинағы. 
Алматы, Ғылым. 1977ж. 
-
 
талапшылдық, еңбекқорлық ғылым-білімді сүю 
-
 
естігенді есте сақтау көргеннен үлгі өнеге алу 
-
 
ұстамды,  шыдамды  болу  өсек-өтірік,  ғайбат 
сөздерден аулақ болу  
Ы. Алтынсарин. 
Шығармалары. – 
Алматы: Жазушы, 
1990ж. 
-
 
білім, оқу тазалық сезімділік, жылылық 
-
 
жинақылық түсінушілік 
Міржақып Дулатов  
«Оян, қазақ!» – Алматы: 
Алтын Орда, 1991ж. 
-
 
зерделілік, 
зеректік 
борышты 
ақтау 
талаптылық, еңбек сүйгіштік ұқыптылық, жинақылық 
-
 
мәдениеттілік, байқағыштық қамқорлық, дұрыс 
тәрбие беру т.с.с. 
Ш. Құдайбердиев 
«Үш анық еңбегі». 
Алматы: Қазақстан. 
1991ж. 
-
 
адам адамға дос (құрбы, ата, бауыр, ұстаз т.б.) 
-
 
адам  естілігі  –  көп  білгенде  адам  биіктігі  – 
ақыл,  ғылым,  ар  мінез  ақыл  мен  ой  сенім  мен  махаббат 
ақиқат, жүрек, жылу (үш анық т.б 
А. Байтұрсынов 
Шығармалары.-Алматы: 
Жазушы, 1989ж. 
-
 
тән  саулығы  –  тамырда  жанның  саулығы  – 
тәнде 
-
 
ізгілік  нұры  жан  мен  тәнде  жан  мен  тән 
тазалығы алдындағы пәктік т.б. 
Х. Досмұхамедов  
«Аламан». – Алматы: 
Ана тілі, 1991ж. 
-
 
Ұқыптылық 
үнемділік, 
жинақылық 
жан 
саулығына, тән саулығына зиян келтірмеу 
-
 
Парыздылық мейірімділік 
М. Жұмабаев 
«Сауатты бол», 
«Педагогика» 
оқулықтары 
-
 
дене,  ақыл,  сұлулық,  құлық  жан  мен  дене 
байланысы  ақыл,  сезім,  қайрат  күш,  қуат,  ақыл,  ой-дене 
тәрбиесі 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет