Құрметті қазақстандықтар!



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата03.03.2017
өлшемі11,84 Mb.
#7543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

***

 

Бесінші.  Жаңа  еуразиялық  логистикалық  инфрақұрылымды 



дамыту – маңызды басымдықтардың бірі.

Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан 

экономикалық қайтарым ала бастау қажет.

Үкіметке  2020  жылға  қарай  транзиттік  тасымалдың  жылдық 

көлемін:

-  контейнерлермен  тасымалданатын  жүктер  үшін  7  есе  –  2 

миллион контейнерге дейін;

- жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе – 1,6 мил-

лион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырамын.

Транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе – жылына 4 

миллиард долларға дейін көбейту қажет.

2015  жылы  мен  «Нұрлы  жол»  инфрақұрылымдық  даму 

бағдарламасын  ұсындым.  Өткен  2  жыл  ішінде  бағдарлама  өзін 

толық ақтады.

Биыл  республикалық  маңызы  бар  4400  шақырым  автожол 

құрылысы  мен  қайта  жаңғырту  жұмыстары  жүргізіледі.  Жыл 

соңына  дейін  соның  кем  дегенде  600  шақырымы  пайдалануға 

беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.     

Еліміздің көлік және  транзит әлеуетін  толық ашу  үшін көрші 

елдермен  үйлесімді  іс-қимыл  қажет.  Жүктердің  еркін  транзитін, 

көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету ке-

рек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін 

арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл ауда-

ру қажет.

Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына 

байланысты  Құрық  портын  салудың  екінші  кезеңі  –  автомобиль 

өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет.

Алтыншы.  Урбанизация  үдерісі  құрылыс  секторын  дамы-

ту  қажеттігін  алға  тартып  отыр.  Ол  отандық  экономиканың 

толыққанды драйверіне айналуға тиіс.  

Жол,  тұрғын  үй  және  басқа  да  инфрақұрылым  құрылысына 

инвестиция  сала  отырып,  біз  қалаларымыздың  ұзақ  жылдарға 

дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды 

ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс матери-

алдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. 

Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар.

Менің  тапсырмам  бойынша  биыл  «Нұрлы  жер»  тұрғын  үй 

бағдарламасы  іске  асырыла  бастайды.  Ол  аса  маңызды  міндетті 

орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен 

қамтамасыз етуге бағытталған. 

Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шара-

лары  көрініс  тапқан.  Соның  бірі  –  «Даму»  акционерлік  қоғамы 

арқылы  мемлекеттің  субсидия  беруі  есебінен  құрылыс  салушы-

лар  үшін  банк  несиесін  арзандату.  Тұрғындар  үшін  «Қазақстан 

ипотекалық  компаниясы»  акционерлік  қоғамы  арқылы  бан-

ктер  беретін  ипотекалық  несиені  субсидиялау  жүзеге  асыры-

лады.  «Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі»  салымшылары  үшін 

әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде 

бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты  бойынша қайта пайдала-

нылады.


Әкімдіктер  халықтың  әлеуметтік  әлсіз  топтары  үшін  сатып 

алу  құқығынсыз  арендалық  тұрғын  үй  бөлу  ісін  дамыта  беретін 

болады.  Жаппай  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  әкімдер  тиісті  жер 

телімдерін бөлуге тиіс.

Біз қалаларда жеке тұрғын үйлердің бірыңғай сәулет стилінде 

салынуына  мән  беретін  боламыз.  Бұл  үшін  мемлекет  қажетті 

инфрақұрылым тұрғысынан көмек көрсетеді.

Үкімет  әкімдермен  бірлесіп,  үлкен  қалалардың  іргелес 

орналасқан елді мекендермен көлік байланысын дамыту жөнінде 

шаралар қабылдауы қажет. 

Үшінші кешенді міндет – еңбек нарығын жаңғырту.

Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі са-

лаларда  еңбек  ресурстары  босап  қалатын  болады.  Сонымен 

бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және 

азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға 

тиіс.


Үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару 

аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырамын.  

Біздің  ірі  кәсіпорындар  әкімдіктермен  бірлесе  отырып, 

тиісті  жол  карталарын  әзірлеуі  керек.  Онда  қысқартылатын 

жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту 

үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы 

артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ау-

ылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау 

көрсету керек.   

Үкімет  жұмыспен  қамту  орталықтарын  реформалап,  барлық 

бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн 

платформа қалыптастыруы қажет.

Екінші  басымдық  –  бизнес-ортаны  түбегейлі  жақсарту  және 

кеңейту.


Біздің  стратегиялық  мақсатымыздың  бірі  –  елдің  ішкі  жалпы 

өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем 

дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны 

орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет.

Бірінші.  Менің  тапсырмам  бойынша  Үкімет  биылдан  бастап 

Нәтижелі  жұмыспен  қамту  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту 

бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті.

Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін 

ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала 

алады.

Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жа-



сау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл 

шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету 

ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек.

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру ке-

рек.  Қазақстанның  әр  өңірі  жаппай  кәсіпкерлікті,  соның  ішінде 

отбасылық  кәсіпкерлікті  дамыту  бағытында  кешенді  шаралар 

ұсынуға тиіс.

Жаңадан  ашылған  жұмыс  орындарының  саны  –  бұрынғыша 

Үкімет  пен  әкімдер  қызметінің  тиімділігін  бағалаудың  негізгі 

критерийінің бірі болмақ.   

Екінші.  Үкімет  «Атамекен»  ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы-

мен  (ҰКП)  бірлесіп,  бизнестің  барлық  шығынын  жаппай  азайту 

жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік 

және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 

салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты.

Мемлекеттік 

қызметтер 

көрсету 


үдерісі 

мейлінше 

оңтайландырылуға  тиіс.  Құжаттардың  мерзімі  мен  тізбесін 

қысқартып,  қайталанатын  рәсімдерді  жою  керек.  Бұл  орай-

да  адамның  өзінің  баруын  қажетсінбейтін  толық  электрондық 

форматқа көшіру керек.

Сондай-ақ,  бизнестің  қазіргі    қолданыстағы  реттеушілік 

жүктемесі өсімнің жаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейді. 

Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта 

реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндетін жүктеймін.

Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу 

керек.


Бұл жұмысты әсіресе өңірлік деңгейде атқару маңызды.

Әкімдер  Үкіметпен  бірлесіп,  Дүниежүзілік  банк  рейтингі 

негізінде  өңірлерде  бизнес  жүргізу  үшін  жағдайды  жақсарту 

жөнінде нақты жоспарлар әзірлеу керек.

Елімізде  бизнес  жүргізуді  жеңілдету  жөнінен  өңірлер  мен 

қалалар рейтингін енгізу қажет. Біз үздіктер үшін арнаулы сыйлық 

тағайындаймыз. Оны жылына бір рет, Индустрияландыру күнінде 

табыс етеміз.

Үшінші. Мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 

15%-ына дейін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 

(ЭЫДҰ)  елдері  деңгейіне  дейін  төмендету  экономикалық  өсімге 

тың серпін беруге тиіс.

Бұдан  бұрын  2020  жылға  дейін  жекешелендірілетін  800-

ге  жуық  кәсіпорынды  қамтитын  тізбе  жасалған  болатын.  Тиісті 

жұмыстар атқарылуда.

Үкіметке  сол  тізбедегі  кәсіпорындарды  жекешелендіруді 

тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын.

Ірі компанияларымызды ІРО-ға дайындау және оған бейімдеу 

ісін де жеделдету керек. Yellow Pages қағидаттарын енгізу мемле-

кет үшін экономикадағы қызмет түрлерін 47%-ға (652-ден 346-ға) 

қысқартуға мүмкіндік берді.

Келесі  кезеңде  осы  қағидаттарға  сай  келмейтін  мемле-

кет  меншігіндегі  барлық  кәсіпорындар  мен  ұйымдарды  2020 

жылға  дейін  жеке  секторға  беру  немесе  жою  қажет.  Ал  ондай 

кәсіпорындар саны бірнеше мың болады.

Әрбір  бағдарлама  немесе  тапсырмаға  орай  заңды  тұлғалар 

құру тәжірибесі бұдан былай  тоқтатылуға тиіс.

Жекешелендірудің  жариялылығы  мен  тиімділігін  қамтамасыз 

ету  қажет.  Сондай-ақ  мемлекеттік  холдингтер  рөлін  қайта 

қарастыру керек.

Үкіметке  «Самұрық-Қазына»  холдингін  сапалы  түрде  транс-

формациялау ісін жүзеге асыруды тапсырамын.

Басқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерін толық реви-

зия мен  оңтайландырудан өткізу қажет. Нәтижесінде ол тиімділігі 

жоғары,  жинақы  және  кәсіби  холдингке  айналуға  тиіс.  Менед-

жмент пен корпоративті басқару сапасын халықаралық деңгейге 

жеткізу керек.

Мемлекетке  қандай  маңызды  секторларда,  қатысу  үлесінің 

қандай мөлшерімен және не қалдыратынымызды нақты анықтап 

алуымыз керек.

Табиғи  монополияларды  және  стратегиялық  маңызы  бар,  

соның  ішінде  Трансұлттық  компаниялар  қатысатын  жобалар-

ды іске асыру міндетін мемлекетке қалдыру керек. Бұл жобалар 

мультипликативті нәтиже  беруге тиіс.

«Бәйтерек»  және  «ҚазАгро»  холдингтерін  де  қайта  құру 

қажет.  Олар  мемлекеттік  даму  бағдарламаларын  іске  асыру 

жөніндегі операторлар болуға тиіс. Соған орай олардың функци-

яларын оңтайландыру керек. Жеке сектор жүзеге асыра алатын 

нәрсенің барлығы бизнеске берілуі қажет.

Сондай-ақ,  оларға  бағдарламаларды  іске  асыру  үшін 

мемлекеттік  емес  қаржы  көздері  арқылы  қор  қалыптастырумен 

айналысу керек.

Төртінші.  Кәсіпкерлікті  дамытуға  мемлекет-жекеменшік 

серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әңгіме 

бірқатар  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  міндетін  бизнеске  беру 

ісіне қатысты болып отыр.

Бізде қазірдің өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне 

тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өткен 3 жылда мемлекет 

40 мың орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сек-

тор 100 мың орынға арналған 1300 балабақша ашты. Жекеменшік 

балабақшалардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), 

Қызылорда (181) облыстарында ашылды.

Мен үшін осы сектордағы мемлекет-жекеменшік серіктестігінің 

үлгісі өте маңызды. Бұл аса маңызды жалпыұлттық міндеттердің 

бірі – 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім бе-

румен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселесін мемлекет пен 

бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді.

Мемлекет-жекеменшік  серіктестігін  дамыту  әкімдердің  нақты 

және кәсіби жұмысына байланысты.

Жекеменшік  капитал  тарту  үшін  мемлекет-жекеменшік 

серіктестігінің  ықтимал  барлық  түрі  мен  нысанын  пайдала-

ну  қажет.  Олар  –  мемлекеттік  мүлікті  сенімді  басқару,  қызмет 

көрсету  келісімшарттары,  тағы  басқалар.  Бұл  ретте  келісімнің 

барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді 

мейлінше жеңілдету және жеделдету қажет.

Мемлекет-жекеменшік  серіктестігі  инфрақұрылымды,  соның 

ішінде  әлеуметтік  инфрақұрылымды  дамытудың  негізгі  тетігіне 

айналуға тиіс.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту 

үшін  бұдан  әрі  жекешелендіру  мүмкіндігін  қарастыра  отырып, 

басқаруға және концессияға беру қажет. Үкімет бір орынды ши-

ырлай беруді  доғарсын. Бұл бағытта жұмысты жандандыра түсу 

керек.

Бесінші.  Баға  мен  тариф  бойынша  ымыраласуға  жол  бермеу 



қажет.

Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бәсекелестікке кедергі 

келтіретін нормаларды анықтауға қатысты барлық заңнамаға «ре-

визия» жасауды тапсырамын.

Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық.

Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталанды-

рушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға 

жекеменшік капитал тарту.

Бірінші. Бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу 

режімін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Орта мерзім ішінде 

инфляция  деңгейін  кезең-кезеңмен  3-4%-ға  дейін  төмендетуге 

қол жеткізуіміз керек.

Екінші. Еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет.

Ұлттық  банкке  банк  секторын  қалыпқа  келтіру  жөнінде  ша-

ралар  кешенін  әзірлеуді  тапсырамын.  Банктердің  балансын 

тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған 

жағдайда олардың капиталын акционерлер тарапынан арттыруды 

қамтамасыз ету  керек.  Банктердің  ахуалына  жедел  бақылау  ор-

нату үшін Ұлттық банкке көбірек құқық берген жөн. Ұлттық банк 

банктердің қателік жіберуін күтпей, оларға ықпал ететін шаралар 

қабылдау  үшін  формальді  көзқарастан  ықтимал  қатерлерге  жол 

бермейтін қадамдарға көшуге тиіс.

Сондай-ақ, аудиторлық компаниялардың жауапкершілігін арт-

тырып,  акционерлердің  ашықтығын  қамтамасыз  ету,  ұжымдық 

басқаруды жақсарту қажет. Осының бәрін заңнамалық деңгейде 

бекіту керек.

Экономикадағы қаражат жетіспеушілігі және несиелер бойын-

ша  жоғары  мөлшерлеме  түйткілдерін  шешу  мақсатымен  Ұлттық 

банк  пен  Үкіметке  теңге  түрінде  қолжетімді  орта  және  ұзақ 

мерзімге арналған қор қалыптастыруды қамтамасыз ету жөнінде 

кешенді шаралар қабылдауды тапсырамын.

Ұлттық  банк  инфляция  ғана  емес,  сонымен  қатар  Үкіметпен 

бірге экономиканың өсуі үшін де жауапты болуға тиіс.

Үшінші. Қор нарығын одан әрі дамыту.

Жекешелендіру  оның  дамуына  серпін  беруге  тиіс.  Мен 

жоғарыда айтып өткендей, қор нарығына «Самұрық-Қазына» қоры 

компанияларының  акцияларын  орналастыру  керек.  Халықтың 

жинаған өз қаражатын ең алдымен түрлі бағалы қағаздарға инве-

стициялау мүмкіндігін одан әрі арттыру қажет.

Біз  2016  жылдың  соңында  заңдастыру  науқанын  аяқтадық. 

Оған еліміздің 140 мыңнан астам азаматы қатысты. Нәтижесінде 

5,7  триллион  теңге,  оның  ішінде  қаражат  түрінде  4,1  триллион 

теңге заңдастырылды.

Үкіметтің міндеті – бұл қаражаттың экономикаға, соның ішінде 

жекешелендіруге  қатысу  арқылы  пайда  беруін  қамтамасыз  ету. 

Сонымен  бірге,  Қазақстанның  жекеменшік  кәсіпорындарының 

облигация  шығарылымдарын  субсидиялау  мәселесін  пысықтау 

қажет.


Үкіметке  Ұлттық  банкпен  бірлесіп,  отандық  қор  нарығын 

жандандыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырамын.

Келесі  шешуші  міндет  –  салық-бюджет  саясатын  жаңа 

экономикалық жағдайға бейімдеу.

Бірінші. Бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру 

қажет.


Біз  2017  жылы  мемлекеттік  даму  бағдарламаларын  қажетті 

ресурстармен  толықтай  қамтамасыз  еттік.  Министрліктер  мен 

ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажет.

Республикалық  бюджеттің  40%-дан  астамын  құрайтын 

Денсаулық сақтау,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім 

және ғылым министрліктерінен бастау керек. Оның қорытындысы 

бойынша маған баяндалсын.

Тиімсіз  бағдарламалардың  қаражатын  Үшінші  жаңғырту 

міндеттерін  іске  асыруды  қамтамасыз  ететін  бағдарламаларға 

қайта  бөлу  қажет.  Сондай-ақ,  қаражатты  нақты  экономикаға 

неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді 

жеңілдеткен жөн.

Біз фискалдық орталықсыздандыру саясатын жалғастыруымыз 

керек.  Өткен  жылдарда  орталықтан  жергілікті  жерлерге 

көптеген  функциялар  мен  өкілеттіктер  берілді.  Енді  олардың 

жеткілікті  қаржылық  дербестігін  бекемдей  түсу  қажет.  Соны-

мен  бірге,  қаржы  шығысы  жөніндегі  өкілеттіктердің  облыстық 

деңгейде шоғырлануына жол бермеу маңызды. Оларды әрі қарай 

аудандық  және  ауылдық  жерлерге  беру  керек.  Әкімдер  өңірлік 

және  жергілікті  маңызы  бар  мәселерді  шешуге  тиіс,  ал  Үкімет 

жалпымемлекеттік мәселелерге ден қоюы қажет.

Екінші.  Ұлттық  қор  қаражатын  пайдалануға  ұтымдылық 

тұрғысынан қараған жөн.

Ұлттық  қордан  алынған  кепілдендірілген  трансферт  көлемі 

2020  жылға  қарай  кезең-кезең  бойынша  2  триллион  теңгеге 

қысқартылуға тиіс.

Салық  саясатын  бизнестің  «көлеңкеден»  шығуына  бейімдеп, 

шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау 

керек. Қазіргі салық жеңілдіктерін оңтайландыру қажет. Жалпыға 

ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімін жаңаша 

қарастыру керек.

Салықтық әкімшілендіру тетіктері жетілдіруді талап етеді. Ең 

алдымен, мұның қосымша құн салығын жинауға қатысы бар.

Үшінші. Үкімет квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі 

қарыздарына  мониторинг  жүргізу  мен  бақылау  жасау  жүйесін 

қалыптастырып, онда тәртіп орнату керек.

 

***

 

Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.



Бірінші.  Ең  алдымен,  білім  беру  жүйесінің  рөлі  өзгеруге 

тиіс.  Біздің  міндетіміз  –  білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа 

моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын 

сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға 

бағыттау қажет.

Сонымен 


бірге, 

IT-білімді, 

қаржылық 

сауаттылықты 

қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу ке-

рек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының 

алшақтығын азайту қажет.

Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.

Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі 

бойынша ұсыныстар әзірленсін.

Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына 

зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа 

технология,  жаңа  индустрия,  жаңа  экономика  тілі.  Қазіргі  кез-

де  90%  ақпарат  ағылшын  тілінде  жарияланады.  Әрбір  екі  жыл 

сайын  олардың  көлемі  2  есе  ұлғайып  отырады.  Ағылшын  тілін 

меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.

2019  жылдан  бастап  10-11  сыныптарда  кейбір  пәндерді 

ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойла-

нып, ақылмен шешу қажет.

Мектептердің  және  мұғалімдердің  деңгейі,  әсіресе  ауыл  мен 

Қазақстан Республикасының Президенті 

(Жалғасы. Басы 1-бетте)


31 қаңтар, 2017 жыл

3

қалада  әртүрлі.  Білікті  педагогтардың  жетіспеу  проблемасы  да 

бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-

кезеңмен енгізуіміз керек.

Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.

Менің  бастамам  бойынша  биыл  «Баршаға  арналған  тегін 

кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады.

Тегін  оқытумен  ең  әуелі  жұмыссыз  және  өзін  өзі  тиімсіз 

жұмыспен  қамтыған  жастар,  сондай-ақ  кәсіптік  білімі  жоқ  ере-

сек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен 

айтқандай,  экономикадағы  жаңа  өндірістер  үшін  мамандар 

дайындауға ден қою керек.

Ол  үшін  кәсіптік  стандарттар  еңбек  нарығының  талаптары-

на  және  ең  үздік  әлемдік  оқу-өндірістік  тәжірибелерге  сәйкес 

жаңартылуы қажет.

Сонымен  қатар,  жоғары  білім  беру  жүйесі  сапасына  ерек-

ше  назар  аударылады.  Жоғары  оқу  орындарының  кадрлық 

құрамына,  материалдық-техникалық  жабдықталу  деңгейіне, 

білім  беру  бағдарламаларына  қатысты  бақылау  мен  талап 

күшейтілуі қажет.

 

***

 

Екінші. Білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі 



де өзгеруге тиіс.

Биылғы  1  шілдеден  мемлекеттің,  жұмыс  берушілердің, 

азаматтардың  ортақ  жауапкершілігіне  негізделген  міндетті 

медициналық  сақтандыру  жүйесі  (ММСЖ)  енгізіле  бастайды. 

Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Медициналық  сақтандыру  жүйесіне  қатысушыларға 

кең  ауқымдағы  медициналық  қызметтер  ұсынылады.  Оған 

халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік 

қолдау көрсетіледі.

Үкімет  қажетті  деңгейде  денсаулық  сақтау  саласын 

ақпараттандыруы  керек.  Бәсекелестікті  дамыту  үшін  жеке 

меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең 

жағдай туғызу керек.

Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру 

жұмысын жүргізуді тапсырамын.

Сондай-ақ,  заңнамалық  тұрғыдан  барлық  дәрі-дәрмектің 

бағасын реттеуді енгізу қажет.

Үшінші. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты.

Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 

2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 

20%-ға дейін арттырылады.

Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 

1  шілдеден  бастап  жаңа  әдістеме  бойынша  жүзеге  асырыла-

ды. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланы-

сты белгіленеді.

Осы  өсімнің  барлығы  2018  жылы  базалық  зейнетақының 

жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға 

мүмкіндік береді.

Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала туады, бұл – 1999 

жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы үрдісті 

алдағы уақытта да сақтау керек.

Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 

бала  туғанда  берілетін  бір  реттік  жәрдемақы  көлемі  20%-ға 

өсіріледі.

Ең  төменгі  күнкөріс  шегін  де  қайта  қарастыру  керек.  Ол 

қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес 

келуге тиіс. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық 

зейнетақы,  мүгедектерге  және  асыраушысынан  айрылған 

отбасыларға  арналған  жәрдемақы,  мүгедек  бала  тәрбиелеп 

отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 

3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек 

көрсету  шегін  ең  төменгі  күнкөріс  шегінің  40%-ынан  50%-

ға  дейін  өсіріп,  оның  жаңа  форматын  енгізу  керек.  Бұл  рет-

те жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту 

бағдарламасына  қатысу  шарты  арқылы  ғана  қолдауға  ие 

болуға тиіс.

Бесінші  басымдық  –  институционалдық  өзгерістерге, 

қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Бірінші.  Үкімет  үшінші  жаңғырту  аясында  ЭЫДҰ-ның  озық 

тәжірибелері  мен  ұсынымдарын  имплементациялау  жұмысын 

қамтамасыз етуге тиіс.

Екінші. Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және 

баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған 

реформалар жүргізудеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек.

Үкіметке 

«Атамекен» 

ҰКП-мен 


және 

азаматтық 

қоғамдастықпен  бірлесіп,    жеке  меншік  құқығын  қорғауды 

күшейтуге  қатысты  бүкіл  заңнама  ревизиясын  жүргізуді  тап-

сырамын.

Сонымен  қатар,  әкімшілік  және  қылмыстық  заңнаманы 

ізгілендірген  жөн.  Әкімшілік  айыппұлдар  әділетті  және  құқық 

бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс.

Кәсіпкерлік  саласында  құқық  бұзғаны  үшін  салынатын 

санкцияны  төмендету  жұмысын  одан  әрі  жүргізе  беру  керек. 

Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын 

криминалдық сипаттан арылту керек.

Сот  жүйесіне  деген  сенімнің  артуына  қол  жеткізу  қажет. 

Судьялардың  жұмысына  заңнан  тыс  кез  келген  ықпалды  жою 

маңызды.

Үшінші.  Қауіпсіздік  ахуалы  қуатты  және  әрекет  ете  алатын 

мемлекеттің өлшеміне айналып келеді.

Қазіргі  заманда  адамзат  терроризмнің  белең  алуы-

мен  бетпе-бет  келіп  отыр.  Бұл  ретте  деструктивті  күштерді 

қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен бай-

ланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе бо-

лып саналады.

Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интер-

нет  пен  әлеуметтік  желіде  оның  жолын  кесу  жұмысын  жүргізу 

керек.  Қоғамда,  әсіресе,  діни  қарым-қатынас  саласындағы  ра-

дикалды  көзқарасқа  байланысты  кез  келген  әрекетке  «мүлде 

төзбеушілікті» қалыптастыру керек.

Бас  бостандығынан  айыру  орындарында  сотталғандарды 

теологиялық  тұрғыдан  сауаттандыру  қызметтерінің  мақсатты 

жұмысы  ұйымдастырылуға  тиіс.  Өскелең  ұрпақты  рухани-

адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау 

керек.


Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді 

белсенді түрде тарту қажет.

Осы  шараның  бәрі  менің  тапсырмам  бойынша  әзірленіп 

жатқан,  2017-2020  жылдарға  арналған  Діни  экстремизм  мен 

терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада 

ескерілуге тиіс.

Киберқылмыспен  күрестің  өзектілігі  барған  сайын  арта 

түсуде.


Үкімет  пен  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетіне  «Қазақстан 

киберқалқаны»  жүйесін  қалыптастыру  шараларын  қабылдауды 

тапсырамын.

Төртінші. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету 

бағытында  елеулі  қадамдар  жасадық.  Алайда,  басты  назар 

көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге ауда-

рылып отыр.

Сыбайлас  жемқорлықтың  себептері  мен  алғышарттарын 

анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.

Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру.

Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған 

қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырамын.

Квазимемлекеттік  секторда,  табиғи  монополия  және  жер 

қойнауын  пайдалану  салаларында  да  сатып  алу  шараларын 

өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның 

белсене  атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де 

медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі 

күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет