Құрметті қазақстандықтар!
Осы Жолдау арқылы еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы
даму бағытымыз жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келді.
Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы»
деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі
дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырамын.
Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі
жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ.
Біздің ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай
пайдалана алатынына сенемін.
Қымбатты достар!
Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және
қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз
Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда
бұдан да биік белестер күтіп тұр.
Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа
кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар
кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің ба-
сты күшіміз – бірлікте.
Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген
елге айналдырамыз!
жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы
– Салық мемлекетпен бірге пай-
да болды және мемлекеттің өмір сүріп,
дамуының негізі болып табылады. Яғни,
мемлекеттердің бюджеті салық жи-
наудан құралатын болғандықтан, бұл
маңыздылығын жоғалтпайтын саяси
құбылыс. Елдің күннен-күнге дамуы артып,
нарықтық экономикаға табан тіреген сай-
ын салық мәселесіне де түрлі өзгерістер
енгізілуде. Атап айтсақ, «Жергілікті өзін-
өзі басқару туралы» қабылданған заң
салық органдарына түбегейлі өзгерістер
енгізіп қана қоймай, ауыл әкімдерінің де
құзыреттілігі мен міндетін кеңейтті, – де-
ген Жеңіс Жүсіпұлы әкімдіктерге берген
құзыреттіліктерді талдап көрсетті.
Біріншіден, кез-келген тұрғын Үкімет
тарапынан субсидия алатын болса,
оған міндетті түрде ауыл әкімінің қолы
қойылған рұқсат болуы тиіс. Сондай-ақ,
мемлекет тарапынан жеңілдетілген не-
месе қайтарымсыз несиеге қол жеткізгісі
келгендерді де ауыл басшысы ұсынады.
Екіншіден, ауыл әкімдеріне 17 түрлі
айыппұл салу құқығы берілді.
Үшіншіден, құзыреттілік – жеке
тұлғалар төлейтін «Жер», «Мүлік», «Көлік»
пен заңды тұлғалар төлейтін «Жер»,
«Көлік», «Кәсіпкерлер» сынды алты түрлі
салық жүйесі бойынша қаражат өндіру
әкімдіктер меншігінде.
Соңғы құзыреттіліктерге сәйкес,
өзіндік меншігі болып, ауылдағы
мекемелерді жалға бере алатын ауыл
әкімдері кәсіпкерлердің жарнама жасау-
ына да рұқсат ету құқығына ие. Және
ауылдағы ағайынды арнайы іс-құжатпен
аудан орталығына әуре етпей-ақ, но-
тариалды шешім шығару да әкімдердің
келешек міндетіне жатады екен. Мұны
сала басшысы баяндаған айғақты
ақпардан аңғардық.
Иә, әкімдерге осындай құзыреттілік
берілу арқылы ауыл әкімдіктеріне
қойылар талап пен жауапкершілік жүгі
де күшейеді. Енді мемлекет жасаған
маңызды басымдықтарға орай халыққа
тиімді жағдай туындауы, әр ауылдың
бюджеті қалай құралары әкімдердің
атқарған жұмысына тікелей байланысты
болмақ.
– Осыншалықты құзыреттілік берілген
ауыл әкімдерінің салық жинаудағы
дайындығы қалай? – деген сауалға
Ж.Талас: – Заман көші мен қоғам талабы-
на сай жұмыс жасаса, кез-келген әкімнің
салық саласын өркендетуге күші жетеді. Ол
үшін әрбір әкім халықпен етене араласып,
білікті басшы болу керек. Қол астындағы
кадр сапасының сауаттылығы да маңызды,
– деп жауап берді.
Ал, ауыл әкімдері үшін жергілікті бюд-
жетке қосымша қаражат түсірудің де
түрлі тетігі бар екен. Мәселен, ауыл әкімі
елді-мекенде өз кәсібін өркендетіп, бірақ
мемлекетке салық төлемей отырған табыс
иелерін заңды тіркету арқылы жергілікті
бюджетке қаржы қарастыра алады.
Айта кететіні, 2016 жылдың 12 айын-
да мемлекеттік бюджеттің кірістер бол-
жамы аудан бойынша 118,2 пайызға асы-
ра орындалыпты. Яғни, 14726524,0 мың
теңгенің орнына 17411339,0 мың теңге
салық төлемдері түскен. Оның ішінде
республикалық бюджет 121,6 пайызға,
яғни, 2555505,0 мың теңгеге артық
орындалған. Ал, жергілікті салықтарды
жинау бойынша мүлік салығын 140,1
пайызға асыра орындап, Қосүйеңкі ауы-
лы көш бастаса, жер салығынан 187,1 пай-
ыз орындаған көктөбеліктердің көрсеткіші
де көңіл қуантарлық. Көлік салығын Кей-
ден ауылы 103,3 пайызға жоғары деңгейде
орындаса, 66,6 пайызға орындаған
Аққорған ауылы төмен көрсеткішке қол
жеткізген.
САЛЫҚҚА
САЛҒЫРТТЫҚ ЖАТ
«ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ
БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДАН БАСТАП БЮДЖЕТ
АУЫЛДЫҚ ӘКІМДЕРДІҢ ӨЗ ҚҰЗЫРЕТІНДЕ БО-
ЛАДЫ. ОҒАН ӘКІМДЕРДІҢ САЛЫҚ ЖИНАУДАҒЫ
ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЛАЙ? ҚАЙ АУЫЛДАР САЛЫҚ СА-
ЛАСЫНАН БЕЛСЕНДІ, КЕРІСІНШЕ ҚАЙ АУЫЛ-
ДАР ТӨМЕН? БҰЛ САУАЛДАРДЫҢ ЖАУАБЫН АУ-
ДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН
БРИФИНГТЕ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ БОЙЫНША
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ
БАСШЫСЫ ЖЕҢІС ТАЛАСТАН БІЛДІК.
Ханзада ДОШАН.
БРИФИНГ
Ұсақ шаруалардың өндірістік кооперативтерге бірігуі
өзі үшін ғана емес, өңір үшінде маңызы зор. Бұл бағыттағы
жұмыс нәтижесі бойынша, Жаңақорған ауданы аймақта көш
басында. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен алған
мәліметке сүйенсек, бүгінге дейін егін егу, қайта өңдеу
және мал шаруашылығы бағытында 32 ауыл шаруашылығы
өндірістік кооперативі құрылған. Оның ішінде, қамтылған
шаруашылық саны 204, соның ішінде 3-уі мал шаруашылығы,
1-уі құс шаруашылығы саласымен айналысатын болады екен.
Алдағы уақытта мұның арта берері сөзсіз. Өйткені, ірілену
мақсатында құжаттарын рәсімдеп жатқан шаруа қожалықтар
жетерлік. Осы орайда, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
тарапынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Агробиз-
нес-2020», «50 ауыл» бағдарламасының мемлекеттік қолдау
шаралары бағытында, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту
және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құрудың
жолдары мен тиімді тұстарын бағытында насихат жұмыстары
тұрақты жүргізілуде.
КООПЕРАТИВКЕ БІРІГУ – ШАРУАҒА
НЕ БЕРЕДІ?
Жаңа заң кооперативтерге таңдау жасауды еркіндік
береді. Мысалы, бұрынғы заң жобаларында кооперативтердің
қайсысы жарғылық қорға мол ақша салса, ол ұйым көбірек
дауыс беретін еді. Ал, қазіргі заң бойынша бір кооператив бір
дауысқа ие. Оның жарғылық қорға салған ақшасына қарамай,
өзгелермен құқығы теңестіріліп отыр. Кооперативтердің
мүшелері аудит жалдап, өз кооперативінің қызметін тек-
серте алады. Ал, бірігуден не ұтамыз? деген сауалға кел-
сек, біріншіден, мал мен құстың басым бөлігі жеке
қожалықтар мен шағын шаруа қожалықтың иелігінде. Олар
өз өнімдерін өткізуде қиындықтарға кездеседі. Екіншіден,
шағын шаруашылықтар жаңа техникалар мен технологиялар
енгізуге шамасы келмейді. Үшіншіден, шағын шаруашылықтар
мал шаруашылығында ветеринариялық-санитариялық талап-
тарды толық сақтауға, асыл тұқымды селекциялық жұмыстар
жүргізуге мүмкіндігі келе бермейді. Ал, кооперативтердің
артықшылықтары
мемлекеттік
қолдаудың
арқасында
жоғарыда аталған мәселені шеше алады. Оған қоса, коопе-
ративке бірігу арқылы; коммерциямен айналысуға мүмкіндігі
бар. Бұған дейінгі Заңда ол тыйым салынған болатын. Және
де мемлекет тарапынан лизингке техника алуға қол жеткізеді.
Яғни, техника мен құрал-жабдық сатып алғанда 30 пайы-
зын мемлекет төлейді. Мәселен, трактор 10 млн. теңгеге
бағаланса, оның 30 пайызын, яғни 3 млн. теңгесін бюджет
өтейді. Ал, қалған 7 млн. теңгені төлеу үшін фермер бан-
ктен есепшот ашып салады. Бірақ, банк ол 3 млн. теңгені не
кәсіпкерге, не техника әперетін лизингтік компанияға бермей,
транзиттік шотта ұстап отырады. Тек техника жеткізіліп, ша-
руа «техниканы қолыма алдым» деген актіге қол қойған кезде,
әлгі шот ашылып, лизингтік компанияға сол шаруаның атынан
алғашқы жарна ретінде құйылады. Әрине, одан бөлек, ірілену
арқылы – несие алып, мал басын көбейтуге мүмкіндік мол.
КӨРСЕТКІШ БОЙЫНША
АУДАН КӨШ БАСЫНДА
Бүгінгі таңда аймақ халқының 60 пайызы ауылдық жер-
де тұратынын ескерсек, кооперативке бірігіп, тындырым-
ды тірлік жасау бұл үлкен қолдау. Өткен жылдың соңындағы
статистикалық мәліметке жүгінсек, республика бойынша
500-ге жуық кооператив құрылған. Оның 100-ден астамы
Сыр өңіріне тиесілі. Ал, аудандар арасында белсенділік та-
нытып отырғаны жаңақорғандық шаруалар. Яғни, 32 ауыл
шаруашылығы өндірістік кооперативі іріленіп, ілкімді істерге
жоспар жасауда. Ендігі кезекте, аудан бойынша ұсақ шаруа
қожалықтан бірігуге белсенділік танытып жатқан алғашқы
4 ауылдық округті атасақ. Көш басында Келінтөбе. Мұнда 5
ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 46 шаруашылық
құрылымды қамтыған. Мұнан кейін Аққорған ауылы 5 коопе-
ратив құрылып, 37 қожалықтың басын біріктірген. Үшінші құт
дарыған Құттықожа ауылы 4 кооператив құрылып, құрамы
33 қожалықпен толыққан. Төрттікті Қыркеңсе ауылдық округі
түйіндеп тұр. Яғни, 4 ауыл шаруашылығы кооперативі бірігіп,
26 шаруашылық құрылымды қамтыған.
Ал, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселесіне
байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, оның мал
шаруашылығын дамыту бойынша өнімдер өндіру, алғашқы
өңдеу жұмыстарын іске асыру үшін пилоттық бағытта 2 коо-
ператив құрылған. Мұны бізге аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің агрономы Серік Ошатов былай түсіндірді.
– Осы ретте Қожакент елді мекені пилоттық ауылдық
округі болып белгіленді. Қазіргі таңда Қожакент ауылдық
округіне қарасты «Миялы» ауыл шаруашылығы өндірістік
кооперативіне ерікті түрде мүше болып кірген 12 егіспен ай-
налысатын шаруа қожалық пен 41 адам мүше. Олар «Ауыл
шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» қорынан 3-6 млн-ға
дейін кредит алып, тиісті отбасылық мал бордақылаумен ай-
налысып отыр.
Сондай-ақ, Қыркеңсе ауылдық округінен «Мырзабай-К»
кооперативі ішінара мал бордақылау және жеке сектордың
әлеуетін пайдалана отырып сүт өндірісін дамыту, яғни, сүт
өндіру, сүт қабылдау, сонымен қатар, сүт өнімдерінен әр түрлі
өнімдер шығару, тұтынушыларға жіберу жұмыстарымен айна-
лысатын болады, – деді агроном.
Түйіндей айтқанда, кооперативтерге бірігу арқылы
кірістердің артуына, бәскелестік қабілетін жоғарылатуға,
бірлесіп өнім өндіруге, өңдеу және оны тиімді сатуға қол
жеткізеді. Әрине, ауылда қорасындағы азын-аулақ ма-
лымен күнелтіп отырған жандар жетерлік. Алайда, төрт
түліктің өнімін өткізу оңай шаруа емес. Бұл тұрғыда өндірістік
тұрғыда іріленуден ұтарымыз көп. Мемлекеттің діттеген
мақсаты – отандық экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіп
кешенінің өзекті мәселесі – осы саланы дамытып, ауылдағы
еңбек өнімділігін арттыру. Десе де, аудандағы ұсақ шаруа
қожалықтардың ауызбіршілік танытып, өндірістік кооперив-
терге бірігіп, аймақ бойынша көш бастауы қуантарлық жайт.
Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы да түптеп келгенде,
атакәсіпті арқау еткен ауылдағы ағайынның ахуалын тіктеу.
ҰСАҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ
ҰСАҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ
ҚОҒАМДАҒЫ КЕЗ-КЕЛГЕН
ИГІЛІГІКТІ ҚАДАМ ӨҢІР
ҮШІН ӨЗЕКТІ. БҰЛ
БАҒЫТТА АУДАН ӨМІРІНДЕ
ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН
ЖАҢАШЫЛ ІЗДЕНІСТЕР
БАРШЫЛЫҚ. НЕГІЗІНЕН
АУДАН АГРАРЛЫҚ
САЛАҒА ТӨСЕЛГЕН,
ДИҚАНШЫЛЫҚҚА БЕЙІМ.
ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ, ҰСАҚ
ҚОЖАЛЫҚТАРДЫҢ АТЫ
БАР ДА, ЗАТЫ ЖОҚ. ЯҒНИ,
ТЕХНИКА ТАПШЫЛЫҒЫ
БАЙҚАЛАДЫ. ОСЫ
ТҰСТА, МҰНЫ ШЕШУДІҢ
ҚАНДАЙ ЖОЛЫ БАР ДЕ-
ГЕН ОРЫНДЫ САУАЛ ТУ-
ЫНДАЙДЫ. МҰНЫҢ ЖА-
УАБЫ ЕЛБАСЫНЫҢ
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ
ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК»
АТТЫ ЖОЛДАУЫН-
ДА: АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫ
ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА
ДРАЙВЕРІНЕ АЙНАЛУЫ
КЕРЕК. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
АГРОӨНЕРКӘСІМ
КЕШЕНІНІҢ БОЛАШАҒЫ
ЗОР. ШИКІЗАТ ӨНДІРІСНЕН
САПАЛЫ ӨҢДЕЛГЕН ӨНІМ
ШЫҒАРУҒА КӨШУ ҚАЖЕТ.
БЕС ЖЫЛ ІШІНДЕ 500
МЫҢНАН АСТАМ ЖЕКЕ ҮЙ
ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ МЕН
ШАҒЫН ФЕРМЕРЛЕРДІ КО-
ОПЕРАТИВТЕРГЕ ТАРТУҒА
МҮМКІНДІК БЕРЕТІН
ЖАҒДАЙ ЖАСАУ КЕ-
РЕК» ДЕГЕН БОЛАТЫН.
БІЗДІҢ ДЕ ТАЛҚЫЛАҒАЛЫ
ОТЫРҒАН ТАҚЫРЫП АУЫЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРА-
ЦИЯСЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ.
ІСІ ӨНБЕЙДІ
Әбдісамат ӘБДІШ.
(Жалғасы. Басы 1-бетте)
(Жалғасы. Басы 1-бетте)
4
31 қаңтар, 2017 жыл
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ
МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ
2016 ЖЫЛҒЫ 23 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ №01-01-03/83
Мемлекеттік тіркеу №5692 6 қаңтар 2017 жыл
2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ
Санаты
Сыныбы
Сомасы, мың
теңге
Ішкі сыныбы
Атауы
1.Кірістер
12487045
1
Салықтық түсімдер
2078437
1
1
Табыс салығы
535217
1
1
2 Жеке табыс салығы
535217
1
3
Әлеуметтiк салық
440945
1
3
1 Әлеуметтік салық
440945
1
4
Меншiкке салынатын салықтар
1055170
1
4
1 Мүлiкке салынатын салықтар
982408
1
4
3 Жер салығы
12012
1
4
4 Көлiк құралдарына салынатын салық
58300
1
4
5 Бірыңғай жер салығы
2450
1
5
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi
салықтар
40620
1
5
2 Акциздер
5610
1
5
3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер
14200
1
5
4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар
19800
1
5
5 Ойын бизнесіне салық
1010
1
7
Басқа да салықтар
170
1
7
1 Басқа да салықтар
170
1
8
Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі
бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар
бергені үшін алынатын міндетті төлемдер
6315
1
8
1 Мемлекеттік баж
6315
2
Салықтық емес түсiмдер
15997
2
1
Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер
1613
2
1
1 Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері
55
2
1
5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
1480
2
1
7 Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар
78
2
4
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар
сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп
алулар
2857
2
4
1 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан)
ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
2857
2
6
Өзге де салықтық емес түсiмдер
11527
2
6
1 Өзге де салықтық емес түсiмдер
11527
3
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
19550
3
3
Жердi және материалдық емес активтердi сату
19550
3
3
1 Жерді сату
19550
4
Трансферттердің түсімдері
10373061
4
2
Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн
трансферттер
10373061
4
2
2 Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер
10373061
Функционалдық топ
Сомасы, мың
теңге
Кіші функция
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бағдарлама
Атауы
Шығындар
12487045
01
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
1119792
1
Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын
орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар
956130
112
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының
аппараты
25695
01
001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
25695
01
122
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты
140937
01
001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
122647
01
003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
18290
01
123
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл,
ауылдық округ әкімінің аппараты
789498
01
001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл,
ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтер
505432
01
022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
264680
01
032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және
ұйымдарының күрделі шығыстары
19386
01
2
Қаржылық қызмет
33065
01
452
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі
33065
01
001 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін орындау
және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
30291
01
003 Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу
1519
01
010 Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару,
жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты
дауларды реттеу
1255
01
5
Жоспарлау және статистикалық қызмет
39193
01
453
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі
39193
01
001 Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін
қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты
іске асыру жөніндегі қызметтер
38268
01
004 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
925
01
9
Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер
Достарыңызбен бөлісу: |