Алматы 2017 январь



Pdf көрінісі
бет61/92
Дата03.03.2017
өлшемі28,19 Mb.
#7549
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92

 



 Физика–математика ғылымдары 

 

374 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау мынадай сатылардан тұрады: 



- метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын техникалық құжаттарды қарау; 

- өлшем құралдарын эксперименттік зерттеу; 

- өлшем құралдарының салыстырып тексеру әдістемелерін байқау; 

- өлшем құралдарының метрологиялық аттестатау нәтижелерін рәсімдеу. 

Қажет  болған  жағдайда  эксперименттік  деректер  бірнеше  сатыларда  жүргізілуі  мүмкін.Қажет 

болған жағдайда өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау басқа заңды тұлғалардың базасында 

олардың  мамандарымен  жүргізілуі  мүмкін.Метрологиялық  аттестаттау  нәтижелерін  тану  Қазақстан 

Республикасы  қатысушы  болып  табылатын  халықаралық  келісімдерге  (шарттарға)  және  олардың 

дамуына  нормативтік  құжаттарға  сәйкс  іске  асырылады.  өлшем  құралдарының  нәтижелерін  тану 

жөніндегі  шешімді  техникалық  реттеу  және  метрология  жөніндегі  уәкілетті  орган  (бұдан  әрі  – 

уәкілетті  орган)  қабылдайды. Метрологиялық  аттестаттаудан  өткен  өлшем  құралдары  пайдалану 

процесінде  және  өлшем  құралдарын  метрологиялық  аттестаттау  туралы  сертификатта  көрсетілген 

салыстырып  тексеру  әдістемесіне  сәйкес  жөндеуден  кейін  салыстырып  тексеруге  жатады. Өлшем 

құралдарын  метрологиялық  аттестаттау  жөніндегі  жұмыстар  немесе  оның  жеке  сатылары  кетісім-

шарт негізінде іске асырылады.  

Өлшеу құралдарына аттестаттау жүргізу тәртібі 

Өлшеу  құралдары  метрологиялық  аттестаттаувға  МҒМО-ға  мынадай  құжаттар  жинағымен 

ұсынылады: 

-өлшеу құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге өтініш; 

-өлшеу құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына 

талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу құрастырылған болса); 

-пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде); 

-өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасынын жобасы; 

-өлшеу құралдарын (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжатттарында жоқ кезінде); 

-әзірлеушімен  алдын-ала  жүргізілген  зерттеулердің  (сынаулардың)  хаттамасы,  егер  олар 

техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін 

немесе қолданыстағы құжатты шет елдердің салыстырып тексері бойынша байқау кезінде МҒМОмен 

анықталған  кемшіліктер  аттестаттау  жүргізу  кезеңінде  өтінушімен  шеттелуі  тиіс.Метрологиялық 

аттестаттаудың  оң  нәтижесінде  МҒМО  белгіленген  пішін  бойынша  метрологиялық  аттестаттау 

туралы  сертификатты  ресімдейді  және  өлшеу  құралын  және  салыстырып  тексеру  әдістемесін 

Қазақстан  республикасының  өлшем  бірлігін  қамтамасыз  ету  мемлекеттік  жүйесінің  тізілімінде  

(бұдан әрі – ҚР МӘЖ тізілімі) тіркеуді іске асырады. 

Метрологиялық  аттестаттау  нәтижелерін  тану  үшін  өтінуші  мынадай  құжаттар  жинағаын 

ұсынуы тиіс: 

- метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану процедурасын жүргізуге өтінім; 

-метрологиялықаттестаттау туралы сертификат немесекуәлік түпнұсқасы; 

- өлшеу құралына пайдалану құжаттары; 

- өлшеуқұралынсалыстырптексеруәдістемесі; 

- метрологиялық аттестаттау хаттамалары. 

Зертханалық  жабдықтар  мен  өлшеу  құралын  сынаудытексеру  жүргізудің  ұйымдастырылуы 

және тәртібі [2, 3]. 

Өлшеу  құралдарын  салыстырып  тексеруді  өлшем  құралдарын  белгіленген  техникалық 

талаптарға  сәйкестігін  анықтау  және  растау  және  де  олардың  қолдануға  жарамдылығын  бекіту 

мақсатында  жүргізеді.Салыстырып  тексеру  аралық  интервалының  ішінде  өлшем  құралдарының 

қолдануға жарамды екендігі, салыстырып тексерудегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес 

жасалғандығы, берілген өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігі 

расталып, салыстырып тексерулері жарамды деп танылады.Салыстырып тексеру кезінде салыстырып 

тексеруге  қолданылатын  эталондар  Қазақстан  Республикасының  шама  бірлігінің  эталондарына 

бағынышты  болуы  керек.  Ескерту  -  кейбір  өлшем  түрлеріне  мемлекеттік  эталондар  болмаған 

жағдайда, республикадағы шама бірлігін ең жоғарғы дәлдікпен қайталайтын, бастапқы эталондармен 

өлшенген салыстырып тексеру құралдарына шама бірлігінің өлшемін беруге болады немесе олардың 

салыстырып  тексеруі  (2),  ҚРСТ  2.40  сәйкес  жүргізілуі  тиіс.Слыстырып  тексеруге  мемлекеттік 

метрологиялық  қадағалау  саласында  қолданылатын,  өндірістен  немесе  жөндеуден  шыққан,  типі 

бекітілгеннен кейін пайдаланылатын және шеттен  әкелінетін немесе метрологиялық аттаестатталған 


 



 Физика–математика ғылымдары 

 

375 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін  қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде 



(Бұдан  әрі  -  ҚРМӨЖ)  тіркелген  өлшем  құралдары  кіреді.Ескерту  -  Қазақстан  Республикасының 

аймағында  1998  жылғы  31  желтоқсанға  дейін  өндірілген  немесе  енгізілген  және  бекітілген 

салыстырып  тексеру  әдістемесі  бар  өлшем  құралдары  бар  сынаулар,  метрологиялық  аттестаттаулар 

және  ҚР  МӨЖ  тізіліміне  енгізу  бойынша  қосымша  шараларсыз  Қазақстан  Республикасының 

аймағында  салыстырып  тексереді.Өлшем  құралдарының  тізімі  мен  салыстырып  тексеру  кезеңділігі, 

сондай  -  ақ,  оны  жүргізу  тәртібін  уәкілетті  орган  белгілейді.  Салыстырып  тексеруге  жатпайтын 

өлшем  құралдары  калибрленеді.Шама  бірліктеріндегі  физикалық  шама  мәндерін  бағалауға 

арналмаған,  тек  өзгеруін  бақылау  үшін  нормаланған  дәлдікпен  қолданылатын  техникалық  құралдар 

индикаторларға  жатады  және  салыстырып  тексеруге  жатпайды.Индикаторларға  өткізу  тәртібі  және 

олардың дұрыстығын бақылау ҚР СТ 2.8 сәйкес жүргізіледі.Индикатор ретінде қолданылатын өлшем 

құралдарына  анық  түрде  басылған  «И»  белгісі  басылады.  Оқу  (көрсету)  мақсатындағы  өлшем 

құралдары  салыстырып  тексеруге  жатпайды.Оқу  (көрсету)  мақсатындағы  өлшем  құралдарының 

дұрыстығын  бақылау,  оқу  процесіндегі  бекітілген  пайдалану  ережелеріне,  талаптарына  сәйкес 

жүргізіледі.  Оқу  (көрсету)  мақсатындағы  өлшем  құралдарына  анық  түрде  бастырылған  «У»белгісі 

басылады.Салыстырып  тексеруге  жатпайтын  өлшем  құралдары  иесінің  өтініші  бойынша 

салыстырылып  тексерілуі  мүмкін.  Өлшем  құралдарын  салыстырып  тексеру  мемлекеттік 

метрологиялық қызметпен іске асырылады, сондай - ақ, ҚР СТ ИСО\МЭК 17025 талаптарына сәйкес 

акккредиттелген  заңды  [4]  тұлғалардың  метрологиялық  қызметімен  іске  асырылады.Өлшем 

құралдарын салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызметтің салыстырып тексерушілері 

немесе  ҚР  СТ  2.63  сәйкес  әзірленген  өлшем  құралдарын  салыстырып  тексеру  әдістемесіне  сәйкес 

аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізеді.Салыстырып тексерушілерді 

аттестаттау белгіленген тәртіпте жүргізіледі.Өтініш берушінің өтініші бойынша салыстырып тексеру 

нәтижелері  талаптарына  сәйкес  келісім  –  шарт  негізінде  өлшемдердің  белгісіздік  бағасымен 

ұсынылады.Салыстырып  тексеруді  рәсімдеу  тәртібі  салыстырып  тексеру  әдістемесіне  сәйкес  іске 

асырылады.Салыстырып  тексерудің  оң  нәтижелері  өлшем  құралдарына  және  пайдалану 

құжаттамаларына  басылатын  салыстырып  тексеру  таңбасымен  немесе  нысан  бойынша  салыстырып 

тексеру  туралы  сертификатпен  расталады.  Егер  өлшем  құралдары  салыстырып  тексеру  нәтижесі 

бойынша қолдануға жарамсыз болып танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексерудің басылған 

таңбасы  өшіріледі  және  (немесе)  сәйкес  қолдануға  жарамсыздығы  туралы  хабарлама  жазылып 

беріледі.Салыстырып  тексеру  туралы  сертификатты,  уәкілетті  органмен  бекітілген  тәртіп  бойынша, 

мамандандырылған  бағдарламалық  қамсыздандыру  арқылы  толтырылады.Егер  нақты  өлшем 

құралдарына  салыстырып  тексеру  әдістемелерімен  салыстырып  тексеру  туралы  сертификат  беру 

қарастырылмаса,  онда  мамандандырылған  бағдарламалық  қамтамасыздандыру  арқылы  осы  өлшем 

құралдарын  салыстырып  тексеру  туралы  сертификаттың  электронды  түрі  рәсімделуге  тиісті.Өлшем 

құралдарын  салыстырып  тексеру  бойынша  жұмыстарға  төлем  жүргізу  келісім–шарт  негізінде 

жүргізіледі.Өлшем  құралдарын  салыстырып  тексеру  жұмыстарының  бағасын  белгілеу  кезінде  ҚР  ст 

2.48 сәйкес талаптар мен нормалар қолданылуы мүмкін. 

Өлшеу құралын тексеру 

Өлшем  құралдарының  әр  бірлігі  бастапқы  салыстырып  тексеруден  өтуге  тиіс.Кейбір 

жағдайларда,  салыстырып  тексерудің  әдістемесінде  көрсетілген  өлшем  құралын  таңдап  алып 

салыстырып  тексеруге  болады.  Таңдап  салыстырып  тексеру  ГОСТ  18242  және  ГОСТ  20736 

талаптарының  нұсқауы  бойынша  жүргізілуі  керек.Таңдап  салыстырып  тексерудің  оң  нәтижесі 

салыстырылып  тексерілетін  партияның  барлық  бірлігіне  таралады.  Бастапқы  салыстырып  тексеруді 

мына жағдайларда жүргізеді: 

-өлшем құралдарын дайындау орнында; 

-өлшем құралдарына жөндеу жүргізу орнында; 

-өлшем құралдарын пайдалану орнында; 

-өлшем  құралдарын  өндіру  орнында  біршама  және  жартылай  өлшем  құралдарын  қолдану 

орнында  біршама.Салыстырыптексеру  орнын  салыстырып  тексеруді  жүргізетін  мемлекеттік 

метрологиялық  қызметтің  бөлімшесі  және  заңды  тұлғалардың  метрологиялық  қызметтері 

бекітеді.Өндірістен  және  жөндеуден  шыққан  өлшем  құралдарын  бастапқы  салыстырып  тексеруден 

өткізу үшін, олар алдымен техникалық бақылау міндеті жүктелген бөлімшенің қабылдауында болуы 

керек.жылжымалы  бригада  өлшем  құралына  жөндеу  жүргізу  кезінде  өлшем  құралын  алғашқы 

салыстырып  тексерудіңтехникалық  міндеті  жүктелген  бөлімшенің  алдын–ала  қабылдауынсыз–ақ, 



 



 Физика–математика ғылымдары 

 

376 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

өлшем  құралына  жөндеу  жүргізген  тұлға  салыстырып  тексеруге  жіберуіне  болады.Бастапқы 



салыстырып  тексеруді  өлшем  құралын  өндіретін  және  заңды  тұлғалардың  ұйымдастыруы  бойынша 

бақылау  –салыстырып  тексеру  пунктінде  (БСП)  жүргізуге  болады.Өлшем  құралдарын  ұзақ  мерзімге 

сақтауға беру, өлшем құралының бумаланған, консервіленген түрі және  оларды сақтау жағдайы мен 

соңғы  салыстырып  тексеру  мерзімі  көрсетілген  акт  бойынша  құжат  толтыру  керек.Мұндай  өлшем 

құралдарын  салыстырып  тексеруден  өткізу  оларды  пайдалану  алдында  жүргізіледі.  Өлшем 

құралдарын  салыстырып  тексерудің  күнтізбелік  мерзімін  белгілейтін,  осы  стандарттың                               

В  қосымшасында  көрсетілген  нысан  бойынша  өлшем  құралдарын  салыстырып  тексеру  кестесіне 

сәйкес жүргізілуі мүмкін.Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесін құру және келісу тәртібін 

мемлекеттік  метрологиялық  қызметтің  бөлімшесі  немесе  салыстырып  тексеруді  іске  асыратын 

аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі белгілейді. Өлшем құралдарын салыстырып 

тексеруге,  консервілеуден  шыққан,  шаң  –тозаңнан  тазартылған  ,  қажетті  жағдайда,  төлқұжат, 

техникалық  сипаттау,  пайдалану  нұсқауы,  соңғы  салыстырып  тексеружөніндегі  сертификатты  және 

салыстырып  тексеру  әдістемесі  мен  қажетті  жинақтаушы  қондырғылары  мен  қоса  берілуі  тиіс.  Егер 

өлшем құралы бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге (қайталауға) арналған болса немесе өлшемнің 

бірнеше  ауқымын  өлшейтін  болса,  алайда  физикалық  шаманың  ең  кіші  санын  тұрақты  өлшеуге 

немесе өлшем ауқымының ең кіші санын өлшеуге арналған болса, онда иегердің талаптары бойынша 

мерзімдік  салыстырып  тексеру  шарасын,  салыстырып  тексерудің  нормативтік  құжаттарына  сәйкес 

тексеруге  болады.  Сонымен  қатар,  өлшемнің  қолданыстағы  ауқымы  мен  өлшем  құралының 

жарамдылығын  анықтайтын  физикалық  шаманың  санын  анықтайды.  Мұндай  жағдайларда  өлшем 

құралдарына қолдану саласын көрсететін анық жазу немесе шартты белгілеулер басылуы тиіс.  

Өлшем  құралдарын  күрделі  салыстырып  тексеру  барысында  (мысалы,  өлшем  жүйесін 

салыстырып  тексеруде)  салыстырып  тексеру  мемлекеттік  метрологиялық  қызметтің  бөлімшесінде 

немесе 

заңды 


тұлғалардың 

метрологиялық 

қызметтері 

шектеулі 

түрде 

ғана 


жасалған 

болса(салыстырып  тексеру  нормативтік  құжаттарының  барлық  талаптарына  сай  келмесе),  онда 

салыстырып  тексеруді  тізбектеп  толық  түрде  жүргізуге  болады:  алдымен  бір  мемлекеттік 

метрологиялық  бөлімшемен  немесе  бір  аккредиттелген  заңды  тұлғалардың  метрологиялық 

қызметімен  ,  содан  кейін  басқа  аккредиттелген  заңды  тұлғалардың  метрологиялық  қызметтерімен 

немесе  басқа  мемлекеттік  метрологиялық  қызметтің  бөлімшесімен  тексеріледі.  Бұл  жағдайда 

салыстырып  тексеру  нәтижесін  рәсімдеуді  мемлекеттік  метрологиялық  қызметтің  бөлімшесі 

жүргізеді,  ал  мемлекеттік  метрологиялық  қызметтің  қатысуынсыз  жүргізілген  болса,  онда 

салыстырып тексерудің соңғы бөлігін жүргізген аккредиттелінген заңды тұлға рәсімдейді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



[1] Основы стандартизации, метрологии, сертификации  и  менеджмента качества: Учебное пособие /Под 

общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 б. 

[2] Лифиц И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:Учебник. – М.:  Юрайт, 2000.              

– 285б. 


[3] 3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сертификаттау жөніндегі органдарды, 

сынау,   салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі. 

[4] Метрология, стандарттау және сертификаттау  негіздері: Оқу құралы /Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов,  

Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет. 

 

Орынбасарова И.Н., Асембаева М.К., Нурмуханова А.З., Оспанова Ш.С., Куйкабаева А.А. 



Анализ испытания лабораторных приборов и измерительных устройств на основе  Национального  

Комитета по защите прав потребителей 

Аннотация.  В    данной      стаье    изложена  основная  работа    Комитета  по  защите  прав  потребителей 

Национального  лабораторного  анализа  контрольно-измерительной  аппаратуры  и  измерительных  приборов. 

Лабораторные  анализы  проведены  для  проверки  оборудования  и  измерительных  приборов.  СМИ  являются 

основными  характеристиками  процедуры  сертификации.  Включена  в  определении  того,  как  проверить 

тестирование  измерительных  приборов.  В  статье  проанализированы  контрольно-измерительная  аппаратура 

лабораторные и измерительные приборы. 



Ключевые слова: измерение, метрология, лаборатория, калибровка, испытания, качество. 

 

 

 

 

 



 Физика–математика ғылымдары 

 

377 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

Orynbasarova I. N.,  Nurmukhanova A.Z., Asembaeva M.K.,  Ospanova Sh.S.,  Kuykabaeva A.A. 



Test  analysis  of  laboratory  instruments  and  measuring  devices  based  on  the  National  Committee  for 

consumer protection 

Summary: This article is based on the Consumer Protection Committee work of the National laboratory analysis 

of the controlinstrumentation and measuring devices.Laboratory analyses are carried out for check of the equipment and 

measuring devices. Media are the main characteristics of the procedure  of certification. It is included in definition of 

how to check testing of measuring devices. In article the control instrumentation laboratory and measuring devices are 

analysed. 

Key words: measurement, metrology, laboratory, calibration, testing, quality. 

 

 



УДК: 006:621.332.232.4 

 

А.С. Ықлас, М.К. Асембаева, А.З. Нурмуханова, Ш.С. Оспанова, А.А. Куйкабаева 

(Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

Алматы, Қазахстан Республикасы) 

 

ЖАЛПЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТЕМІРЖОЛДАРДАҒЫ ВАГОНДАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ 

ТАПСЫРУ (ҚАБЫЛДАУ) ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН 

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ 

 

Түйіндеме. Бұл мақалада жүк станциялары жүк және жол құрылғыларының кешенінен, жүк поездарын 

қабылдауға,  таратуға,  жинауға,  коммерциялық  қарауға,  техникалық  қызмет  көрсетуге  және  жөнелтуге,  жүк 

және коммерциялық операцияларды орындауға арналған техникалық және қызмет күйлері көрсетілген. 

Кілттік сөздер: темір жол станциялары, жүк поездары, вагондар, процесс, сапаны  басқару,  сынау. 

 

Теміржол  біздің  елімізде  көліктің  басты  түрі,  мемлекетке  деген  маңызы  зор.  Халықаралық 

байланыстың  дамуына  және  халықтық  мәдениеттің  жоғарылауына,  халықтың  өзара  қатынасын 

кеңейтуге  әсер  етеді.  Теміржол  әртүрлі  инженерлік  құрылғылармен,  техникалық  құралдармен 

жабдықталған,  ең  негізгісі  теміржол  жылжымалы құрамды  локомотивті  вагондар  шаруашылығымен 

құрылыс және құрылғы сигналдар электр жабдықтарына байланысты станция тораптары. Теміржолда 

поездар қозғалысын ұйымдастырудың бар жүйесі толық құрамды немесе толық салмақты өтпелі және 

телімдік  поездардың  құрылуын  және  жөнелтілуін  қарастырады.  Құрамның  белгіленген  нормасынан 

кемінде  бір  вагонның  ауытқуы  рұқсат  етіледі.  Осы  кезде  кесте  бойынша  жөнелтілетін  құрама, 

шығарылатын  және  өтетін  поездар  айнымалы  болатын  құрамның  қажет  шамасына  дейін 

жинақталмайды. 

Темір  жол  станциялары  контейнерлерде,  вагондық  және  жөнелтіммен  тасымалданатын 

жүктерді беру және қабылдау, тиеу, түсіру  операцияларын орындайды, сонымен қатар жолаушылар, 

жүк  тасымалында  операцияларын  орындайды.  Мұндай  тасымалдар  сәйкес  жүк  және  коммерциялық 

операцияларды орындауға мүмкіндігі бар станциялар аралығында жүргізіледі [1]. 

Жүк  станциялары  жүк  және  жол  құрылғыларының  кешенінен,  жүк  поездарын  қабылдауға, 

таратуға, жинауға,  коммерциялық  қарауға,  техникалық  қызмет  көрсетуге  және  жөнелтуге,  жүк  және 

коммерциялық  операцияларды  орындауға  арналған  техникалық  және  қызмет  күйлерінен  тұрады.            

Бұл станциялар жүк ағындары басталатын немесе аяқталатын ірі өндіріс және халық көп орналасқан 

пунктерде  орналастырылады  және  халыққа  және  өндіріс  өнеркәсіптеріне  қызмет  көрсетеді.  Жүк 

станциялары  әр  түрлі  көлік  түрлерінің  түйіскен  пункті  болып  саналады  (темір  жолдың  автомобиль, 

су,  өндіріс,  құбыр  көліктерімен),  сонымен  қатар  кең  табанды  темір  жол  көлігінің  тар  табанды  темір 

жол көлігімен түйіскен пункті болып саналады. 

Жүк  және  коммерциялық  жұмыс  шаруашылығында  тауар  кассирінің  және  жүкті  қабылдап-

жөнелтушінің  жұмысы  ең  негізгі  және  жұмысы  ең  көп  болып  табылады.  Олар  тасымал  процессінің 

бастапқы  және  соңғы  операциялар  кезінде  жүк  жөнелтушілермен  және  қабылдаушылармен  қарым- 

қатынаста  болады.  Тауар  кассирінің  және  қабылдап-жөнелтушінің  нақты  және  сапалы  міндетін 

орындауынан  жүктің  сақталып  және  уақтылы  жеткізілуі,  жүктердің  тасымалына  алынатын  төлем 

ақылар  уақытылы  және  толық  төленуі,  жүк  және  коммерциялық  операциялардың  орындалуын 

автоматтандыру,  жүк  операцияларында  вагондардың  тұру  уақытының  орындалуы,  жылжымалы 

құрамды  тиімді  пайдалану,  қауіпсіздік  техникасын  және  поездар  қозғалысының  қауіпсіздігін 


 



 Физика–математика ғылымдары 

 

378 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

қамтамасыз  ету,  тасымал  ақысын  және  алымдарды  есептеудің  дәлдігі,  темір  жол  көлігіндегі  қызмет 



көрсетуін пайдалануда жүк жөнелтушілерді және қабылдаушыларды тарту [2]. 

Қабылдап-жөнелтушілерге  негізгі  жүк  және  коммерциялық  операциялардың  орындалуы 

міндеттелген:  қабылдауды  ұйымдастыру,  өлшеу,  тиеу,  сұрыптау,  қайта  тиеу,  түсіру,  темір  жолда 

тасымалданатын  жүктерді  сақтау  және  жүктерді  беру;  жүктерді  (автокөлік  кәсіпорындарынан) 

порттардан  қабылдау  және  тапсыру;  порттың  немесе  жүк  жөнелтушінің  (қабылдаушының) 

құрылғыларымен тиелетін немесе түсірілетін вагондарды, коммерциялық мағынада жүк тиелген және 

бос  вагондарды,  контейнерлерді  қабылдау  және  тапсыру;  темір  жол  кірме  жолдарында  немесе  

тиеу-түсіру  операцияларындағы  вагондардың  болу  уақытын  есепке  алу,  ПЭВМ  жүргізілген 

операцияларды енгізу. 

Станция жұмысының жергілікті жағдайларынан және ерекшеліктерінен қабылдап-жөнелтушіге 

басқа  да  коммерциялық  операциялардың  орындалуы  міндеттеледі:  вагондарды  және  поездарды 

коммерциялық  тексеру,  құжатсыз  жүктерді  ресімдеу,  сақталмаған  тасымалдардың  тексеру 

материалдарын, коммерциялық актіні қарау және толтыру, оларға қосымшалар дайындау. 

Құрамын  реттеу  және  вагонды  қолдануға  жіберуге  дайындау  іріктеме  парағы  бойынша    іске 

асады,  оны  маневрлік  диспечер  толтырады.  Вагондарды  қолдануға  жіберу  алдын  ала  хабарлау 

арқылы жазылған уақытылы немесе уақыт үзілісі арқылы алушы құрамымен іске асады. Вагондарды 

жіберу жайында станция алушыны 2 сағат бұрын хабардар етуге міндетті. Тәртіпке сай хабарламаны 

жүк алушыға телефон арқылы жеткізсе, онда алушы өз жағынан жауапты адамды белгілеп, оның тегі 

мен телефон номерін станция бастығына айтуы керек [3].   

Вагондарды  қолдануға  жіберу  уақытын  анықтап,  хабарлама  жіберу  үшін  станцияда  хабарлама 

кітапшасы бар(Форма ГУ – 2). Вагонды қолдануға жіберген  кешіккен жағдайда (2 сағаттан жоғары) 

станция жүк алушыға оның алдағы вагон жіберілуінің уақытын хабарлауы керек. 

Белгіленген уақыт бойынша немесе уақыт үзілісі арқылы вагондарды жіберу тек кәсіпорынға кіру 

жолдарында және темір жол мен кәсіпорын арасында жасалатын келісім шарт арқылы іске асады.  

Мекелемерде  жататын  кіру  жолдары  өз  локомативтарымен  қызмет  көрсетеді.  Егер  мекеме 

немесе  ұйымда  өз  локомотивті  болмаса,  вагондарды  жіберу  мен  жинау  ақылы  түрде  темір  жол 

локомотивімен  орындалады.  Темір  жолына  жататын  кіру  жолдарға  әрқашан  темір  жол  локомотивті 

қызмет  көрсетеді  [4].  Станция  вагон  жіберу  туралы  мекемеге  2  сағат  бұрын  айту  керек.  50-ге  жуық 

вагонды тиеп түсіру кезінде кіру жолдарында вагондарды жіберу мен қайта  жіберу белгілі бір тәртіп 

бойынша  және  ереже  бойынша  орындалады.  Берілген  мерзімнен    кешігіп  тапсырылған  вагондар 

жіберілген деп саналады: 

-хабарламамен және хабарламасыз жіберілген вагондар 2 сағат ішінде жіберілген вагондар; 

-кесте бойынша жіберілген вагондар – жаңа кесте басталған сәттен; 

-Вагондар  кіру  жолынан  қойылған  келісім  шарттарғы  тәртіппен  қайтарылады.  Осыған  орай 

вагондар мекемеден тұрып қалған есептен алынады. Кіру жолына қызмет көрсету жол локомотивімен 

орындалады – вагондарды жинауға  дайындығы туралы хабарлама алған сәттен бастап. 

Өндірістің  орны  және  тәртібі  қабылдап  өткізу  операциясымен  келісім  шарт  бойынша  кіру 

жолын пайдалану, вагондарды жіберу мен жинау келісімі бойынша  орындалады. 

Қабылдап  өткізу  операциясының  уақыты  вагонға  1  мин.  және  барлық  вагондар  партиясына  

30  мин.  аспау  керек.  Тиелген  вагондарды  кіру  жолдарына  тапсыру  екі  жақтың  өткізу  мен  қабылдап 

алушы  жұмысшыларының  қолхатымен  бекітімді.  Тиелген  волондарды  тапсыру  жүктің  жағдайы  мен 

орын  санын  тексеру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Вагондардың    техникалық  қалпын  анықтау  үшін, 

кіру  жолдарына  жіберілетін  және  кері  қайтарылатын  вагондарды  техникалық  бақылау  мен  тексеру 

арқылы орындайды. 

Тиеп түсіру фронты  деп жүкті тиеп түсіруге арналған қойма жолының бір бөлігін айтады. Тиеп 

түсіру  фронтының  өлшемі  вагон  мөлшерімен  анықталады.Тиеп  түсірудің  механизацияландырылған 

фронты мөлшерімен және механизмнің қайта өндіру қабілетімен анықталады. 

Күніне  бір  және  одан  да  көп  маршруттарды  қабылдайтын немесе  жіберетін  мекемелерде  тиеп 

түсіруге  жеткілікті  маршруты  бар  фронт  болу  керек.  Тиеп  түсіру  фронтының  өлшемін  анықтау 

кезінде жүкті сақтау амалдарын ескереді. Ашық жерде сақтаса, тек қойма жолының ұзындығы есепке 

алынады. Жабық жерде сақтайтын жүктерде қойма есіктерінің санын ескереді. 

Вагонның айналым  мерзімі  –  бұл  барлық  операциялары  орындауға  керек  уақыт  кіру  жолында 

вагондарды қайта өңдеумен қабылданған  уақыттан бастап қайта қабылдап өткізу  жолына оралумен  

байланысты. Кіру жолындағы вагондардың айналым мерзімін бір операциялық (тиеу немесе  түсіру) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет