3D-ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЙМАҚТАРЫ
Түйіндеме. Мақалада 3D-технологиясының қай салада қолданылатыны анық талданған, яғни
модельдеуге, анимациялауға және визуализациялауға арналған программа болғандықтан, дүние жүзі бойынша
мыңдаған дизайнерлер, аниматорлар және архитекторлар тарапынан үшөлшемді ойындар, Web-парақтарында
үшөлшемді графикалық элементтер, сәулет жобалар мен анимациялық видеороликтер жасау үшін
қолданылатындығы баяндалған. Қазіргі уақытта компьютерлік технология әлемінде үшөлшемді графика мен
анимацияны зерттеу ерекше орын алатындығы көрсетілген. Үшөлшемді анимацияны құрастыру үшін
графикалық модельдеу программасы бойынша терең білімнің қажеттігі және т.б алғышарттар қарастырылған.
Түйін сөздер: технология, эффектілер, дизайн, анимация, модельдеу, анимациялық фрагменттер,
дизайнерлер, визуалдау, Web-дизайн, текстура, кадр, архитектура.
3D графика – бұл арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы көлемді модельдер құру үдерісі.
Компьютерлік графиканың бұл түрі өзіне өте көп векторлық, сондай-ақ растрлық компьютерлық
графиканы игеру қабілетін иеленді. Сызбалар, суреттер, егжей-тегжейлі сипаттамалар немесе
кез-келген басқа графикалық немесе мәтіндік ақпараттар негізінде 3D дизайнер көлемді бейнені
жасайды.
Арнайы бағдарламада моделді барлық жағынан(жоғарыдан, төменнен, жанынан) көруге
болады, сондай-ақ оны кез-келген жазықтықта және кез-келген ортада тұрғызуға болады. Үш
өлшемді компьютерлік графика, векторлы ретінде объектілі-бағдарланған болып табылады, яғни онда
үшөлшемді компьютерлік графиканың элементтерін және әрбір объектіні жеке-жеке өзгертуге
мүмкіндік береді. Компьютерлік графиканың бұл түрі техникалық сызулар үшін зор мүмкіндік
береді. Үшөлшемді компьютерлік графиканың графикалық редакторы арқылы бөлшектердің көрнекі
суреттерін және машина бұйымдарын, сонымен қатар ғимаратты және архитектуралық объектіні
макеттеу жұмыстарын орындауға болады. Үшөлшемді модельдеу (3d графика) қазіргі кезде көп
салада қолданылады. Оның ішінде, әрине бірінші орында құрылыста қолданылады. Бұл жекеменшік
болашақ үйдің, көппәтерлі үйдің және офистік ғимараттардың моделі болуы мүмкін және кез-келген
кәсіпорынның объектісі болуы мүмкін. Одан басқа, визуализация дизайнерлік жобаларда жиі
қолданылады. 3D технолгиялардың қолданылуына тоқталатын болсақ, ол компьютерлік графиканың
озық үлгілірінің бірі ретінде әр түрлі салаларда жан жақты мақсатта жиі қолданылады. Олардың
кейбірі төменде қарастырылған.[4]
●
Физика–математика ғылымдары
389
№1 2017 Вестник КазНИТУ
Ғылыми графика бастапқыда ғылым мен өндіріс саласында қолданылған. Алынған нәтижені
түсіну үшін графикалық өңделулер жүргізіліп, диаграммалар мен сызбалар жасалынған. Алғашқы
графика символдық баспа түрінде алынды. Содан кейін арнайы плоттерде шығарылды. Қазіргі
ғылыми компьютерлік графикада нәтижені көріп отырып, есептеуге мүмкіндік бар.
Іскерлік графика түрлі мекемелер көрсетуге ұсынған компьютерлік графика болып табылады.
Жоспарлық көрсетулер, есептік құжаттар, статикалық шығарулардың барлығы іскерлік графика
көмегімен іске асады. Іскерлік графиканың програмалық ортасы электронды кесте құрамы болып
табылады.
Құрастыру графикасы жаңа технологиялар негізіндегі архитекторлар мен инженер-
құрастырғыштар жұмысында қолданылады. Бұл графиканың көмегімен үшөлшемді кеңістікте
бейнені құрастыруға болады.
Иллюстративті графика компьютер экранында сызу мен салуға арналады. Ол жалпы
қолданбалы программаның қамтамасына кіреді.Көркемдік және жарнамалық графика көмегімен
көптеген жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видео сабақтар мен
презентациялар жасалынады.Компьютерлік анимация – бұл экран дисплейінде бейненің қозғалысын
алу мүмкіндігі. Мұнда суретші экранда бейненің басынан соңына дейінгі әрекетін компьютерге
салады да, олардың математикалық сипатын береді. Мультимедиа – бұл жоғары сапалы бейненің
компьютер экранында дыбыспен сәйкестеліп бірігуі. Ол білім, жарнама және ойын-сауық саласында
кеңінен қолданылады.
3D модельдер сайт құруда өте танымал. Ерекше эффектілер құру үшін кейбір сайт құрушылар
дизайнға қарапайым графикалық элементтерді ғана қосып қоймай, үшөлшемді моделді, кейде тіпті
анимациялық
элементтерді
қолданады.
Үшөлшемді
модельдеудің
бағдарламалары
және
технологиялары кең көлемде өндірісте қолданылады, мысалы, корпустық жиһаз өндірісінде,
құрылыста жиі қолданылады. Ақырындап жаңа технологиялар басқа компанияларды игеріп келе
жатыр, бәрінен бұрын өндірісте және саудада. Үшөлшемді моделдеу негізінде ұйымдастырушылық
мақсатта қолданылады. Олар, презентация, көрсетілімдер үшін қайталанбас бағдарлама, сондай-ақ
қорытынды нәтижесінің қандай болғанын көру үшін клиенттермен жұмыс барысында қолданылады.
Одан басқа үшөлшемді моделдеудің әдістері дайын объекттердің немесе бұрыннан бар объекттердің
өлшемін
көрсеткен
кезде
керек
болады.
Үшөлшемді
модельдеудің
артықшылықтары
визуализациялаудың басқа әдістерінен қарағанда біршама жоғары. Үшөлшемді модельдеу шындыққа
жақын максималды түрде нақты модельдің үлгісін береді. Қазіргі заманғы бағдарламалар өте жоғары
детализацияға жетуге көмектеседі.Бұл кезде жобаның көрінісі арта түседі.[1,5]
Үшөлшемді модельдеуде кез-келген практикалық өзгерістерді енгізу өте оңай. Бір бөлікті
алып тастап немесе жаңаны қосу арқылы сіз жобаны өзгерте аласыз.Сіздің практикалық фантазияңыз
ешқандай шектелмеген және сіздің үлгіңізге сәйкес келетін нұсқаны тез арада таңдай аласыз. Алайда
үшөлшемді модельдеу клиенттер үшін ғана ыңғайлы емес. Профессионалды бағдарламалар көп
артықшылықтар және өнімдер береді. Үшөлшемді модельдеуден сызбанының қандай да бір
компоненттерін немесе бүкіл конструкцияны оңай белгілеуге болады. Оған қарамастан, үшөлшемді
модельдеу жеткілікті деңгейде көп еңбек жұмсайтын үдеріс, онымен жұмыс істеу дәстүрлі
сызбалардан қарағанда әлдеқайда ыңғайлы. Нәтижесінде жобалауға кеткен уақыт қысқарады,
үзілулер азаяды.
Арнаулы бағдарламалар кез-келген басқа профессионалды бағдарламалық қамтамасыз етудің
интеграциясын береді, мысалы, инженерлік есептеулерде, машиналарға арнлаған бағдарламаларда
немесе бухгалтерлік бағдарламаларда. Өндіріске қажетті шешімдерді енгізу ресурстарды үнемдеуге
жағдай жасайды, компанияның мүмкіндіктерін кеңейтеді, жұмысты жеңілдетіп, оның сапасын
арттырады.
Сонымен қатар эффектілер мен дизайн, арнайы түрлі ойындар аумағында 3D модельдеуді,
анимациялауды және рендерингтің интегрирленген шешімінің және анимация құрылуы Autodesk
FBX файлында экспорт және Unreal Editor импорт жасай алады, түрлі визуализациялауда,
конструкциялауда, архитектура мен құрылыс салаларында 3D модельдеуі мен анимациялауда арнайы
кешенін ұсынады. Соның ішінде 3DS Max Design табиғи жарықтандыру мен жарықты түсірудің
эффектілі есебі мен талдауы үшін негізгі құралдарың бірі бола алады.
3D модельдеу мен текстурдың қосылуына эффектілі әрі жылдам жұмыс жасау үшін кеңейтілген
және бейнелерді анимациялау мен өңдеуде құрылымды құрал-жабдықтардың жиынтығы
қамтылған.Осындай программалардың бірі 3D STUDIO MAX болып табылады. Бұл программа дүние
жүзінде ең көп таралған. 3D STUDIO MAX-ті кинофильмдер мен теледидар үшін анимациялар мен
●
Физика–математика ғылымдары
390
№1 2017 Вестник КазНИТУ
арнайы әсерлер үшін қолданылады. Сонымен қатар 3D STUDIO MAX-ті дизайнерлер мен
архитекторлар өз жұмысында кеңінен пайдаланады. Дүние жүзі бойынша мыңдаған дизайнерлер
үшөлшемді ойындарды және Web-бетінің тамаша үшөлшемді графикалық элементтерін жасау үшін
осы тамаша программа қолданылады. Өткен ғасырларда өмір сүрген аса танымалы суретшілер қазіргі
уақытта біздің қатарымызда жүрген болса, онда олар үшөлшемді модельдеу программасының
ұсынып отырған мүмкіндіктерін қолдануды қолдан жібермес еді. Алғашқыда суретшілер үшөлшемді
бейнені тек өана көлеңке, перспектива және рең көмегімен бейнеленетін екіөлшемді кенеппен
шектелген болатын. Енді оларда камера көмегімен “Кенептің” ішіне кіріп өзінің шығармашылығын
үшөлшемді кеңістіктің кез-келген бұрышынан көру мүмкіндігі пайда болды. Екіөлшемді суретті
салғаннан кейін бейне ойластырылған қалпында қалады. Ал үшөлшемді кеңістікте жұмыс істегенде
барлығы өзгеше. Текстуралар және жарық көздері үшін уақытша есептеулер мен бекітулер жасалған
соң, барлық объектілерді өз позицияларына орналастырғаннан кейін үшөлшемді кеңістікте бейнені
кез-келген бұрыштан қарап, еркін қозғалуға болады. Қандай да болмасын дәстүрлі екіөлшемді сурет
“біркелкі” туынды болса, ал үшөлшемді композициялар үшін шексіз көп суретті кадрлар алуға
болады.
Фильмдер пайда болмай тұрып суретшілер барлық мүмкін сәттің тек қана бір сәтін қозғалтқан,
ал қазір олар қозғалыстың тізбегін жасай аламыз және оларды тіпті жандандыра алады. Үшөлшемді
кеңістікте қозғалыс дегеніміз төртөлшемді қозғалыс(төртінші кеңістікке уақыт жатады).
Жылдамдығы аса үлкен компьютерлік құрылғының және жаңа программалық құралдар көмегімен
суретшілердің арманы үшөлшемді кеңістікте орындалады.[4,5]
Үшөлшемді компьютерлік моделдеу арқылы жарнамалық роликтер, видеоклиптер, сайттардың
дизайнын жасау, қарапайым анимация, күрделі үшөлшемді фильмдер, арнайы эффектілерді құру
мүмкіндігі зор. Кең таралған компьютерлік және ұялы телефондарға арналған ойындар тәрізді
керемет туындыларды жасауға арналған үшөлшемді программалық өнімдер өңделген және олар жыл
сайын жаңартылып, үнемі даму үстінде.
3D-анимация технологиясы ұқсастырылып жасалған компьютерлік моделдерді жандандырып,
нақты өмірдегі кейіпіне келтіруге мүмкіндік береді. Компьтерлік моделдеу, анимация жасау және
визуалдау үшін қолданылған Autodesk 3DS Max программасы 3D модельдеуге, анимациялауға және
визалиизациялауға арналған программа болып табылады. Оның ішінде түрлі кинофильмдерді және
анимациялық видеороликтерді, телевизиялық қойылымдарды, қазіргі заманғы компьютерлік
ойындар презентацияланатын материалдарды құруға арналған үлкен өнімді құралдары бар. Бұл
программа 3D модельдеу, анимация, визуализация және эффектілер құруға арналған толық
функционалды шешім бола алады. 3DS Max программасы объектілер мен модельдерді шынайы түрге
ұқсас бейнелеуге, атмосфералық және табиғи эффектілерді имитациялауға мүмкіндігі мол
болғандықтан компьютерлік графика саласының мамандыры тарапынан аса жоғары бағаға ие болып
отыр. Тек осы мамандар үшін ғана емес интерьер және экстерьер дизайнерлері, сәулетшілер мен
құрылыс қызметкерлері үшін де пайдалы өнім болып саналады.[4]
Үшөлшемді модельдеу программасының мүмкіндіктері шығармашылықпен айналысатын
суретшілердің де таптырмас құралына айналған тәрізді. Қолмен салған сурет өнерінде үшөлшемді
әлем элементтері көлеңке мен бояу арқылы беріліп, суретші ойының толық жүзеге асырылуына
шектеу қояды. Кибернеткалық кеңістікте жұмыс істеу сол шектеуді жояды және салынған көрініс
объектілерін нағыз табиғи қалпына ұқсас түрде тамашалауға мүмкіндік береді. Бұған әрине әрбір
объектінің өзіне ғана тән бояуы мен материалы, текстурасы, жарықтандыру техникасы арқылы қол
жеткізіледі. Үшөлшемді кеңістікте көріністі жан-жағынан кез-келген бағытта трансформациялау
арқылы сансыз кадрлар тізбегін жинақтап, олардың жандандырлған қоғалысы алынады.
Үш өлшемді графика программада 3DS Max программасы – редакторлары тізімінде алдыңғы
қатардағы орынды алуға толық құқығы бар. Ол әмбебап редактор болып табылады. Яғни бұл оның
ішінде шығармашылыққа ешқандай шектеулер болмайтынын білдіреді. Шынымен-ақ, кәсіптік
қолданушы шығармашылығы программамен жұмыс жасау кезінде шектелмейді. Онда интерьерлер
мен экстерьерлер дизайнын жасау, жарнама, анимациялық фрагменттер, видеороликтер орындауға
мүмкіндік береді.[2]
3D-технология архитектуралық визуалдауда, автомобиль жарнамалары мен компьютерлік
ойындар жасауда қолданылады. Үш өлшемді компьютерлік графика - өтекең сала, ол машина
жасауда, архитектурада, құрылыста, медицинада, археологияда, тренажерлар құруда, кино мен
теледидар да қолданыс тапқан. Техниканы жетілістіру және 3D моделдермен жұмысты
●
Физика–математика ғылымдары
391
№1 2017 Вестник КазНИТУ
қарапайымдастыру арқылы үш өлшемді графика үйреншікті жазық бейнелерді ығыстыра отырып,
өмірдің ажырамас бір бөлігіне айналары сөзсіз.
Қолданылу аймақтары:
архитектуралық жобалау мен интерьерлік конструктрлеу;
теледидар үшін жарнамалық және ғылыми танымал роликтер дайындау;
компьютерлік мультипликация және фантастикалық сюжетті ойын фильмдер түсіру;
машина жасау АПРЖ-де;
географиялық ақпараттық жүйелерде;
электротехника және электроникада;
компьютерлік ойындар, кітаптар мен журналдар үшін иллюстрация дайындау;
көркем компьютерлік графика, Web-дизайн;
кеңістіктегібейненіңдамуы;
арнаулы эффектілер.
Компьютерлік моделдеудің уникалды құралдары мен әдістері арқылы ғимараттың виртуалды
моделдері құрылады. Осы кезге дейін құрылыс жобалары жоѓары деңгейдегі құрылыс
технологиясында өтті. Қазіргі кезде құрылыс компаниялары визуалды бейнеленетін инженерлік
жобалар жүйесін қолданады. Заманагөй программалар құрылыс есептерін жүргізіп қана қоймай,
сондай-ақ құрылыс үрдісін визуалдайды. Сату компаниялары оның дизайны және жөндеу жұмыстары
мен байланысты 3D моделдеудің компьютерлік программаларын клиентке болашақ жоба туралы дәл
ақпарат беру үшін қолданады.[1] Осылайша бұл компаниялардың кірісі пайдасыз балаларға
жұмсалатын уақытты үнемдеу есебінен арта түседі. Компьютерлік моделдеу жетістігін тек
жылжымайтын мүлікпен байланысты адамдар ғана емес, сондай-ақ өзінің шығынын заманагөй
компьютерлік құрастыру программалары көмегімен қысқартуға ұмтылатын ірі компаниялар да
мойындап отыр. 3D визуалдау архитектура саласына мүлдем жаңа мүмкіндіктер береді. Дәстүрлі
архитектуралық идеяларды қолтехникасымен көрсетудің орнына компьютерді қолдану өте ыңғайлы.
Жаңа жобаларды 3D графика компьютерлік программаларында жасалынған фотореализмді бейнелер
түрінде көрсету дамып отыр. Осы технология архитектуралық дизайн облысына өз үлесін қосуға
тырысады. Оны қолдану арқылы алынған күрделі жобалар сәттілігі әрбір салада бүгінгі күнде талабы
күшті қатал бәсекелестік жағдайында нәтижені көрсетудің нанымдылығынан тәуелді болады. Бұл
жобалар архитектураға қызығушыларды заманагөй технологиядан хабардар болып, оны тәжірибеде
сауатты қолдануға итермелейді.[5]
Үш өлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлі жобалау, физикалық объектілерді
компьютерлі модельдеу облыстарында қолданыс тапты. Мысал ретінде күрделі үшөлшемді
модельдеу – нақты физикалық дененің қозғалысын бейнелеу.
Ол үшін:
Нақты формасына ұқсас объектінің виртуалды каркасын жобалап құру керек;
Нақтыға ұқсас виртуалды материалдарды жобалап құру керек;
Материалдарды объектінің әртүрлі бөліктеріне иелендіру;
Объект қозғалатын кеңістіктің физикалық параметрлерін жасау – жарықтандыру, гравитация,
атмосфера қасиеттері, объектілердің әсерлесуін;
Объектілердің қозғалыс траекториясын беру;
Кадрлердің тізбегін анықтау;
Қорытынды анимациялық роликке эффекттерді жасау.
Объектінің моделін құру үшін геометриялық қарапайым фигураларын қолданады. Күрделі
математикалық модельдерді қолдану жарылыс, жауын, өрт, түтін, тұман сияқты физикалық
эффектілерді имитациялауға мүмкіндік береді. Бөлшек жүйелерінің байланысын есептеу әдістері бар.
Бірақ оларды толығымен қолдану көптеген есептеулер қажет етеді, сондықтан компьютерлерде
қарапайым варианттары қолданылады.Қазіргі уақыт режиміндегі үшөлшемді модельдеудің маңызды
облысы – техникалық құрылғылардың тренажерлары: автокөліктер, кеме, космостық аппараттар. Бұл
аппараттарды объектілердің техникалық параметрлерін және қоршаған ортаның қасиеттерін нақты
бейнелеу керек. Қарапайым варианттарында транспортты құралдарды жүргізуге персоналды
компьютерде тренажер арқылы іске асыруға болады.
Қазіргі күнде ең дамыған құрылғылар космостық кемелерді және әскери ұшақ аппараттарын
пилоттауға
мүмкіндік
береді.
Мұндай
тренажерларда
объектілерді
модельдеу
және
визуализациялауды бірнеше арнайы графикалық станциялар іске асырады. Жүйені он және жүзшақты
●
Физика–математика ғылымдары
392
№1 2017 Вестник КазНИТУ
процессорлардан тұратын суперкомпьютер басқарады. Мұндай кешендердің құны 9 орынды
сандармен есептеледі, бірақ олар тез арада өз құнын ақтайды, өйткені нақты аппараттарда үйрену
ондаған есе қымбат болады.[1]
IT-технологиясы облысында, әсіресе дизайнерлік мамандарды сапалы білімдендірудің
жетіспеушілігі бұл технологияны игерудің қаншалықты маңыздылығын көрсетеді. Интерьер жғне
экстерьер дизайнын жасауды экономиканың әр түрлі салаларының IT- индустриясында қолдану
қажеттілігі артуда. Заманагөй өндіріс қызметкер-дизайнерлер көптеген программаларды білуін талап
етеді, яғни жұмыс берушіге кең профилді жан-жақты маман керек. Қазіргі заманғы компаниялар
3D-технологияның қандай да бір компонентінсіз жұмыс жасай алмайды. Осыған байланысты
программалық
қамтамалардың,
соның
ішінде
анимация
және
визуализация
бойынша
программалардың қолданысы кең таралған. Заманауи IT-технология мамандарын бұл бағытта оқыту
бүгінгі күнде әр түрлі оқу орындарында үлкен сұранысқа ие. Әр түрлі үшөлшемді жобалық циклды
басқаратын шешімдер жобаның орындалуына қызығушы барлық тұлғаларға оған оның кез-келген
сатысында қосылуына және олардың компетенциялары шегінде жобалық мәліметтер қосуға
мүмкіндік береді. Осылардың бәрінің негізі мәліметтердің сандық форматы боп табылады.
Анимациялық жобалау, media-өндіріс және game-индустрия бойынша сенімді және
функционалды шешімдер ұсынатын 3D компьютерлік моделдеуге қызығушылықтың артуына
байланысты бұл өнім экономиканың киноиндустрия, жобалау, жарнама жасау, ландшафт дизайны
сияқты салаларында тиімділікке ие. Моделдеудің алдыңғы қатарлы әдістері осы салалардың
аниматорларына, дизайнерлеріне және инженерлеріне өздері ойлағандай дәрежеде компьютерде
жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Идеялар моделге біртіндеп ауысады, қателер мен қайталанатын
үрдістер саны кемиді, өйткені модель өзінің нақты өмірдегі протипіне жақын байланысқан.
Мәліметтердің сандық форматы жобалаудың барлық сатыларында тиімді бірлескен жұмысқа
мүмкіндік береді. Жобалық ақпарат құрылады, басқарылады және жалпы қолдану мүмкіндігіне ие.
Оны кез келген қажетті орындар қолдана алады. Нәтиженің ерекшелігі көпшілік арасында кең түрде
қызығушылықпен қолданыс табатындығында болып отыр.[3]
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен
медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі
ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы
көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор
экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын
алдын-ала болжай алады.
ЛИТЕРАТУРА
[1] Слободецкий И.И. Основы трехмерной графики и анимации //М: «Компьютерная литература»,
2009 – 450 б.
[2] В. П. Иванов, А. С. Батраков. Трёхмерная компьютерная графика/Под ред. Г. М. Полищука //М.:
Радио и связь
, 1995. – 224 б.
[3] Ли Ким. 3DS Max для дизайнера. Искусство трехмерной анимации //К.: ООО «ТИД «ДС», 2003. – 245 б.
[4] Соловьев М.М. 3DS Max 6. Мир трехмерной графики //М.: СОЛОН-Пресс, 2004 – 169 б.
[5] Дж. Ли, Б. Уэр. Трёхмерная графика и анимация. – 2-е изд. //М.:
Вильямс
, 2002. – 540 б.
Әуелбеков Ө.Ә., Құлжабекова Б.С.
Область применения 3D технологий
Резюме. В статье показано, в каких сферах используется 3D-технология, так как эта программа
предназначена для моделирования, создания анимации и визуализации, по всему миру со сторон дизайнеров,
аниматоров и архитекторов трехмерные игры, и о том, что в Wеb-страничках используются для создания
трехмерных графических элементов, архитектурных проектов и анимационных видеороликов. Сейчас
исследование трехмерной графики и анимации имеет особое значение в мире компьютерной технологии. Для
того чтобы создать трехмерную анимацию, есть предпосылки о том, что надо иметь широкие знания по
программе графического моделирования.
Достарыңызбен бөлісу: |