ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттер мен жас ғалымдардың
«Ғылым және білім - 2014»
атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының
БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ
IX Международной научной конференции
студентов и молодых ученых
«Наука и образование - 2014»
PROCEEDINGS
of the IX International Scientific Conference
for students and young scholars
«Science and education - 2014»
2014 жыл 11 сәуір
Астана
УДК 001(063)
ББК 72
Ғ 96
Ғ 96
«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ
Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция
студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International
Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».
– Астана:
http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/
, 2014. – 5830 стр.
(қазақша, орысша, ағылшынша).
ISBN 978-9965-31-610-4
Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас
ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың
өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.
The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and
young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.
В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых
ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.
УДК 001(063)
ББК 72
ISBN 978-9965-31-610-4
©
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, 2014
1820
7. Назарбаев Н.А. Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2011 года № 110 «О
Государственной программе функционирования и развития языков на 2011—2020 годы».
8. Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж., Аканова Д.Х. Языки народов Казахстана //
Социолингвистический справочник. Астана.- Арман-ПВ, 2007, 304 с.
УДК 811.512.1`01
ЖҤСІП БАЛАСАҒҦННЫҢ «ҚҦТТЫ БІЛІК» ЕСКЕРТКІШІНІҢ ТІЛІН ЗЕРТТЕУ
Жҥнісбек Ләззат Нҧржанқызы
zhunisbek.lyazzat@hotmail.com
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті, «Түркітану»
мамандығының І-курс магистранты, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі: Ү.Ҽ.Мұсабекова, түркітану кафедрасының доценті, ф.ғ.д.
Ежелгі Түрк тілі тұрмыстық ҿмірде жҽне этнос пен халықтар арасындағы күнделікті
қолданылатын, мемлекеттік қалыптасу тілі болған, бұл тіл атақ пен дҽрежелерді айыру,
қағандар мен хандардың ҿкілдерін жариялау үшін қолданылған болатын. Сол замандағы
түркі тілдес тайпалардың мҽдени ҿмірінде ұлы ақын Жүсіп Баласағұнның дүниеге келген
Қашқар қаласы зор рҿл атқарғаны мҽлім.
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн - XI ғасырдың аса кҿрнекті ақыны, есімі күллі шығыс
елдеріне мҽшһүр болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам
қайраткері. Ақын «Құтты білік» дастанын осы Баласағұнда бастап, Қашқар қаласында
аяқтаған. "Құтты білік" дастанының басты идеясы тҿрт принципке негізделіп жазылған:
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды нақ жаратындай ҽділ заңның болуы.
Автор ҽділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны кҿрсетеді.Екіншісі, бақ-дҽулет, яғни елге
құт қонсын деген тілек. Бақ-дҽулет мҽселесі дастанда патшаның уҽзірі Айтолды бейнесі
арқылы жырға қосылған.Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уҽзірдің
баласы Ұғдүлміш бейнесі арқылы жырға қосылған.Тҿртіншісі, қанағат-ынсап мҽселесі. Бұл
мҽселе дастанда уҽзірдің туысы, дҽуріш Одгүрміш бейнесі арқылы ҽңгіме болады.
Автор ҿз шығармасының кіріспесінде дастанның қай тілде жазылғанын айта келіп,
«Біздің тіліміз» деп түркі тілін айтып отырғаны мҽлім. Дастанға қара сҿзбен жазылған
шығарманың тілі жҿнінде айтылған мынадай пікір бар: «Шығыс елдерінде, бүкіл Түркістан
халықтарында түркі сҿздерімен бограхан тілінде жазылған бұдан артық кітап жоқ». Табғаш
Қара Богра хан ҽулиеті Қарахан мемлекетінде билік жүргізген дҽуірде кеңінен тараған жазба-
ҽдеби тіл кезінде «бограхан тілі» деп аталған болатын.
Сонымен «Құтты білік» дастанының тілін қазіргі түркі тілдерінің қайсы тобына
жатқызуға болады деген сұрақ туады. Бүгінгі түркология ғылымында ҽр түрлі пікір
айтылады. Мысалы, С.Е. Малов «Құтты білік» кҿне ұйғыр тілінде жазылған десе,
Г.Ф.Благова дастандағы сҿздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ-қыпшақ
тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.
Ал басқа қайнар кҿздеріне сүйенгенде, қалай болған күнде де Жүсіп Баласағұн ҿз
дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр ҿлкелер мен
уҽлаяттарды ҿзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде ҿмір сүрген түркі тайпаларының бҽріне
бірдей түсінікті, ортақ ҽдеби тілде жазылғаны даусыз. Ҽлемге танымал шығыстанушы В.В.
Бартольдтың пікірінше, Қарахан елінің азаматтары ҿздерін ұйғыр деп атған емес.
Баласағұнның «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш
нұсқасы бар. Вена нұсқасы, қазір Венаның Корольдық кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл
қолжазба 1439 жылы Герат шаһарында кҿшірілген екен. Оны ұйғыр ҽрпімен кҿшірген
адамның есімі – Хасан Қара Сейіл. Екіншісі – Каир нұсқасы, бұл қолжазба араб ҽрпімен
кҿшірілген. Оны Каирдағы сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы
Б.Мориц тапқан. Қазір бұл қолжазбаның В.В. Радлов кҿшіртіп алған бір данасын Ресей
1821
Ғылым академиясы Шығыстану институтының Санкт-Петербург бҿлімшесінде сақталып
тұрғаны белгілі. Үшіншісі – Наманган нұсқасы, 1913 жылы А.Валитова Ҿзбекстанның
Наманган шаһарынан тапқан екен. «Құтты білік» дастанынынң араб ҽрпімен кҿшірілген, ең
толық саналатын осы нұсқасы Ҿзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ҽбу Райхан
ҽл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастаны мен қазақ жыраулары поэзиясы
арасындағы мазмұндық байланыс белгілерін айқындап алу барысында дастанның негізгі
идеясы этикалық-дидактикалық бағыт-бағдарда екенін автор шығарманың басты
каһармандарымен оқушысын таныстыру арқылы аңғартылды.
Бүкіл мемлекетті басқарып отырған патшаның есімі Күнтуды («kuni turь») болып,
мұның ҿзі аллегориялық тұрғыдан ҽділдікті, шындықты бейнелеп кҿрсетеді. Ал патшаның
уҽзірі Айтолды бақыттың («kut»), дҽулеттің символы ретінде кҿрінеді. Дастанда аспандағы
айдың дҿңгеленіп толуы елдің бақ-дҽулетінің кемеліне келгенін аңғартады. Ҿгдүлміш
(«Мақтауға тҧрарлық») – ақыл-парасаттың («ukuнг») бейнесі ретінде алынған. Ол уҽзірдің
баласы. Одғұрмыш («Оятушы» - «Одғҧрмыш («Оятушы» - «Ganb`at») бейнесі ҽрбір адам
қолда барға қанағат ете білу керек деген қарапайым қағиданы білдіреді. Сондай-ақ
Одғұрмыш болашақтағы ҿмір – о дүниедегі («akiret») тіршілікті аңғартатын дҽруіш
бейнесінде алынған. Дастанның мораль, ҽдептілік, тҽлім-тҽрбие мҽселесін арнайы сҿз ететін
тараулары бар. Дастанның барлық оқиғаларын автор этикалық-дидактикалық мҽселелермен
тікелей байланыстыра отырып жырлайды [3, 190-209 б.].
«Құтты білікті» оқып отырып, автордың Шығыс классикалық поэзтясының таңдаулы
үлгілерімен, ҽсіресе Фирдоусидің «Шахнаме» дастанымен жақсы таныс екенін одан үлгі
алғанын байқауға болады. Мысалы, Жүсіп Баласағұн жырдағы ҽрбір сҿздің мағынасын
құбылтып, ойнатып пайдалануды, ҽрбір лексикалық элементті ажарлап, айшықтап беруді
ұлы ұстазынан үйренгені байқалады.
«Құтты білік» дастанынң авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеп яғни
астарлап сҿйлеу сияқты кҿріктеу құралдарын зор шеберлікпен пайдаланады. Бұған
байланысты жырдағы сан қилы адам бейнелері, табиғат кҿріністері, қаһармандардың кҿңіл
күйі мейлінше айқын, ҽсерлі шыққан.
«Құтты білік» дастанында елді сыртқы жаудан қорғау, сол жолдағы ерлік істерді
мадақтау, қолбасыларынабиік талаптар қою дҽстүрі Қазақ хандығы тұсында жасаған
жорықшы-жыраулардың дидактикалық-шешендік толғауларынан ҿзінің кҿркемдік дҽстүр
жалғастығын тапты деп те айтуға болады. Жүсіп Баласағұн дастанында ҽмірші («елік-elik»),
уҽзір («wәzir») жҽне қолбасы («sь baxi») қандай адамдар болу керектігін сипаттап жазумен
шектелмейді. Сондай-ақ ақын елші («yalavaq»), кеңсе қағаздарын жазатын адам («sarkotib»),
қазына ісін басқарушы кісі («ahiqi»), аспаз («hansa»), дихан («tarigqi»), малшы («igdishqi»),
тағы басқаларға қажетті қасиеттерді, мінез-құлықты егжей-тегжейлі сипаттап жазады.
Мысалы, ақын елшіге қойылатын кҿп талаптарды тізіп айтады. Елші болатын адам ақыл-
парасаты жоғары, кҿптеген тілдер білетін, ҽскери ҿнерді жақсы меңгерген, жұлдызға қарап
түнде жол табатын, ат құлағында ойнайтын, ҿз айтқанына ҿзгені сендіре білетін, суда жақсы
жүзетін, ҿзі кҿрікті, шешен болуы керек [6, 18-20 б.].
Дастанда автор ерекше мҽн берген мҽселелердің бірі – адамдардың бірін-бірі
құрметтеуі, ізет кҿрсетуі, сылауы болып табылады. Мұнда жастардың қарттарға,
қариялардың жастарға, ҽкімдердің ҿз қол астындағы қызметшілеріне, жалшылардың ҿз
қожаларына, балалардың ҿз ҽке-шешесіне, ата-ананың эҿ перзенттеріне деген ізгі құрметі
қандай болуы керек деген сауалға жауап берілген. Соның ҿзінде, Жүсіп Баласағұн
жастардың ҿз ҽке-шешесіне кҿрсететін құрметі мен қызметін аса киелі құбылыс деп қарайды.
Ақын баланың ҽке алдындағы парызын ислам дінінің қағида-ережелерімен байланысты
түрде алып түсіндіреді. Ислам дҽүірі ҽдебиетіндегі осы бір салтты қазақ ақындары да дҽстүр
ретінде қабылдағанға ұқсайды. Дастанда оқу-білім, ғылым мҽселелеріне арналған арнайы
тараулар бар. Сонымен қатар, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған ҽкімдер, мораль, этика
сияқты мҽселелерге арналған тарауларын да білімнің күш-құдіретін ардақтап, ғалымдарды
1822
кҿкке кҿтере мадақтайды. Ақын ел билеушілердің, білімді адамдардың ақыл-кеңесін тыңдап,
соған сҽйкес елге билік жүргізуге шақырады. Бұған ақын Күнтуды патша мен данышпан –
дҽруіш Одғұрмыш арасындағы қарым-қатынасты дҽлел етіп кҿрсетеді. Мұнда ақын ҿмірде
екі түрлі адам болатынын айтады: «Бірі- үйретуші, бірі – үйренуші». Дастанда мынадай ой-
пікір бар: Патша ел-жұртын қылыштың күшімен, қатал тҽртіппен басқарып отырады, ал
ғалымдар қалың бұқараны ақыл-парасатымен басқаруы керек. Жүсіп Баласағұн ақыл мен
білім кісіден кісіге жұғысады, ҽйтсе де даналық сҿздің түсінетін адамға айтылғаны дұрыс
деген пікір айтады. Сондай-ақ ақын ҿзінің «Құтты білік» дастанын сҿз түсінбес
парықсыздарға емес, сҿз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта-
қайта ескеріп отырады. Жүсіп Баласағұн білімді кісендеп қоюға болмайтынын, ол, бейне бір
жұпар гүлдің иісі сияқты, ҿзінен-ҿзі тез тарап кететінін айта келіп, ҽйтсе де білімді адам
айтқан сҿздің ҽрқашанда сҿз ұғатын адамға жеткені дұрыс деп біледі
Жүсіп Баласағұнның осы ой-пікірі Абайдың «Білімдіден шыққан сҿз» деген ҿлеңімен
үндес болып келеді. Абайдың оқу, білім, ҿнер жайындағы ҿлеңдерінің бҽрінен де Жүсіп
Баласағұн бҽйіттерінің ҽсерін аңғару қиын емес. Абайдың қара сҿздерінің ҿзінде Жүсіп
Баласағұн бҽйіттерінің мазмұны қайталанып, жаңа тарихи жағдайға сҽйкес жетілдіріліп
отырады.
Жүсіп Баласағұн ҿз оқырманын ҽдептілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке,
имандылыққа шақырады. Сондай-ақ ол кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа
ҽдепсіз, дҿрекі, надан етіп кҿрсететін кейбір мінез-құлықтарға кҿркем сҿзбен сипаттама
береді. Мұндай жығымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкҿздік, сараңдық,
мейірімсіздук, ашушаңдық деп кҿрсетеді. Ҽке-шешеден тҽрбие кҿрген, ҽдепті жандар
қашанда нҽпсісін тыя білетін, жомарт бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады.
Жүсіп Баласағұн ҽдептіліктің сан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл
ҽдептілігі деген қорытынды жасайды. Дастанның бір тарауы , дҽлірек айтсақ, жетінші тарауы
түгелдей осы мҽселеге – тіл ҽдептілігіне, яғни мҽнерлі, мҽнді сыпайы сҿйлей білу ҿнеріне
арналған. Автор оқушысын абайлап, ойланып-толғанып барып сҿйлеуге, тілге сақ болуға
шақырады. Қысқаша ҽрі мазмұнды сҿйлей білу ҽдептіліктің басы деген тұжырымдама
жасайды.
Жүсіп Баласағұнның тілдің қадір қасиеті жайындағы тұжырымдары, сондай-ақ тілдің
пайдасы мен зияны жайындағы ой-пікірлері, ҽрқашанда абайлап сҿйлеу керектігі
туралыескертпелері қазақ ақын-жырауларының жыр-толғауларында қайталанып, түрі мен
мазмұны жағынан жаңа тарихи жағдайға бейімделе түскен.
Сҿйтіп, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында айтылатын ақыл-парасат, оқу-
білім, бала тҽрбиесі, адамдардың ҿзара қарым-қатынасындағы ізеттілік, тілге сақ болу
керектігі, қарттарға құрмет, ел басқараын ҽкімдерге қажетті қасиеттер, тағы басқалар
жайындағы моральдық, этикалық, дидактикалық, философиялық пікір-тұжырымдар қазақ
ақын-жыраулары поэзиясында ҿзінің кҿркемдік жалғасын тапты.
Қолданылған дереккӛздер тізімі
1.
Шаймердинова Н. Г. Репрезентация в языке древнетюркской картины мира. – Астана:
Арман - ПВ, 2009, 252 с.
2.
Щербак А.М. Тюркская руника. Происхождение древнейшей письменности тюрок,
границы ее распространения и особенности использования. – СПб.: 2001, 152 с.
3.
Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – М.-Л.: 1951, 451 с.
4.
Бартольд В.В. Тюрки: 12 лекций по истории турецких народов Средней Азии. –
Алматы, Жалын,1993. – 35-41 с
5.
Келімбетов Н.Ежелгі дҽуір ҽдебиті.Алматы: Ғылым,1991. – 190-209 б.
6.
Жолдасбеков М. Тастар сҿйлейді. – Астана: Фолиант баспасы, 2002. – 194 б.
7.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сҿздігі. – Алматы: Ғылым, 1966. – 93 б.
8.
Қазақ ҽдеби тілінің сҿздігі. Он бес томдық. / Құрастырған: А.Жаңабекова, Т.Жанұзақ,
Б.Ҽбілқасымов жҽне т.б. – Алматы, 2011. 11-том, 828 б.
Достарыңызбен бөлісу: |