20-тақырып. Мемлекеттік бюджет, тауар жəне ақша... 425
1. Мемлекеттік жалпы сипаттағы қызметтер – бұл жалпы бюджет-
тік қызмет, жалпы кадр саясаты, қорғаныс, қоғамдық тəртіп, мемлекеттік
қауіпсіздік, сыртқы қатынастар.
2. Қоғамдық жəне əлеуметтік қызметтер – білім беру, денсаулық
сақтау, əлеуметтік сақтандыру мен əлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй
шаруашылығы, коммуналдық қызмет көрсету, демалысты ұйымдастыру
мен мəдени қызмет.
1. Экономикалық қызметпен байланысты мемлекеттік қызметтер
Экономикалық дамудың мемлекеттік міндеттерін шешуге, өңірлік
сəйкессіздіктерді реттеуге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталады.
2. Өзге функциялар – мемлекеттік борыштың кепілдігімен байланыс-
ты пайыздар мен шығысты төлеу, сондай-ақ басқа мемлекеттік мекемелер-
ге берілетін жалпы сипаттағы трансферттер.
Шығыстарды функционалдық жіктеу экономикалық жіктеумен
толықтырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін таза кредит-
теуді қоса алғанда, шығысты экономикалық жіктеуге мыналар кіреді:
I. Ағымдағы шығыстар (мемлекеттің халықтың күнделікті қажеттілігін
қанағаттандыруға жұмсалатын шығыс).
II. Күрделі шығыстар (өндірісті кеңейтуге – негізгі капиталды сатып
алуға, қор жасау үшін тауар сатып алуға, жер мен материалдық емес актив,
күрделі трансферт сатып алуға бағытталатын шығыс).
III. Таза кредиттеу.
Осындай активтерге кредиттер мен кəдімгі акциялар жатуы мүмкін.
«Таза кредиттеу» көрсеткішін есептеу үшін берілген кредиттердің сома-
сынан сатып алынған акциялардың сатылған құны немесе кредит бойынша
өтемдердің сомасын шегеру қажет. Берілген кредиттерде мемлекет бұрын
мемлекеттік саясат мақсатында сатып алған басқа фирмалардың барлық ак-
тивтері болады. Кредиттеу бюджет тапшылығының есептеріне ықпал ететін
шығыс бабы ретінде қарастырылады.
«Қаржыландыру» категория бюджет шығысында тапшылықты қар-
жыландыру көзі ретінде қарастырылады жəне борышты өтейді. Қаржы-
ландыру операцияларын жіктеуде мемлекеттік басқару секторының тап шы-
лығын жабу үшін ақшалай қаражат алынатын жəне табыстың шы ғыстан асу
нəтижесінде пайда болған қаражат пайдаланылатын көздері көрсетіледі.
Ішкі қаржыландыру бойынша мемлекеттік басқару мекемелері мен осы
елдің резиденттері арасында жүзеге асырылатын қаржыландыру опера-
циялары есепке алынады. Сыртқы қаржыландыру бойынша мемлекеттік
басқару мекемелері мен осы елдің бейрезиденттерінің арасында орындала-
тын операциялар көрсетіледі.
Берілген кредиттер (өтелгендерді қоспағанда) мемлекеттік қаржының
өтімділігін қамтамасыз ету тəсілімен емес шығысты арттыру арқылы мем-
426 ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика
лекеттік саясаттың мақсаттарына жету құралы болады, сол себептен таза
кредиттеу сомасы шығыстармен бір категорияға біріктіріледі.
Бюджеттің барлық көрсетілген табыс пен шығыс көрсеткіштері абсо-
люттік шамада келтіріледі. Статистикада себеп-салдарлық байланыстар-
дың тереңдігін талдап, анықтау үшін абсолюттік көрсеткіштердің негізінде
құрылымның, үйлестірудің, динамиканың, салыстырудың қатысты шама-
лары; вариация көрсеткіштері; индекстер; орташа шамалар есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің үшінші бөлігі – бюджет сальдосы. ХВҚ мем-
лекеттік қаржы статистикасының басшылығына сəйкес:
Мемлекеттік бюджеттің сальдосы = Мемлекеттік табыс жəне
алынған ресми трансферттер – Мемлекеттік шығыс,
таза кредиттеуді қоса алғанда.
Бюджет сальдосы жөніндегі деректердің негізінде мына көрсеткіштер
есептеледі:
1. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығының (профицитінің) абсолют-
тік сомасы.
2. Мемлекеттік бюджет тапшылығының қатысты деңгейі.
Тапшылықтың (профициттің) абсолюттік сомасы. Егер бюджеттің
табыстары мен алынған ресми трансферттері оның шығысынан асса, онда
бюджеттің артығы немесе профицит пайда болады. Профициттің сома-
сы мемлекеттік борышты өтеуге жұмсалады немесе республикалық жəне
жергілікті бюджеттерде бюджет қаражатының бос қалдығы қалады. Бюд-
жет жылының соңындағы бюджет қаражатының бос қалдығы кассалық
айналымдағы қолма-қол ақшаны ұлғайтуға, сондай-ақ тиісті билік
органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады.
Егер, керісінше, таза кредиттеуді қоса алғанда, шығыстар табыс пен
алынған ресми трансферттерден асса, онда бюджет тапшылығының сома-
сы пайда болады.
Қаржыландыру тапшылығының көлемі қарама-қарсы белгісі бар
тапшылықтың мөлшеріне тең болады. Сонда тапшылықты қаржыландыру
жағынан оның сомасы мынаған тең болады:
Тапшылықтың сомасы = Таза қарыз алу (қарыз алу минус
борышты өтеу) + Өтімді активтердің қалдығын азайту.
Бірқатар жыл бойы бюджет тапшылығының қордалануынан мемлекет-
тік борыш пайда болады. Мемлекеттік борыш – бұл мемлекеттік басқару
мекемелерінің басқа секторлардың алдындағы ресми жарияланған тікелей
міндеттемелерінің төленбеген сомасы. Мемлекеттік борыштың сомасы
мекемелердің өткенде жасаған операцияларынан құралады жəне келешек-
те жасалатын операциялардың көмегімен өтелуі немесе мерзімсіз борышқа
қайта ресімделуі тиіс.
20-тақырып. Мемлекеттік бюджет, тауар жəне ақша... 427
Мемлекеттік борышқа мыналар кірмейді:
мемлекеттік басқару шағын секторларының ішкі- жəне құрылым
аралық борыштары;
ақша-кредит реттеу органдарының қолма-қол ақшаны эмиссиялау-
мен байланысты міндеттемелері жəне осы органдардың өзге де мін-
деттемелері;
кредитор мен борышқордың арасындағы уағдаластық бойын-
ша немесе бір жақты тəртіппен белгіленген мерзімге пайыз төлеу
тоқтатылған қызмет көрсетілмейтін борыштар; төленбеген міндет-
темелер бойынша кез келген ағымдағы берешек.
Бюджет тапшылығының қатысты деңгейі мына екі тəсілмен есеп-
теледі:
а) тапшылықтың абсолюттік сомасының бюджетті таза кредиттеуді
қоса алғанда шығыстың жалпы сомасына қатынасымен;
ə) елдің жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) тапшылықтың абсолюттік
сомасының қатынасымен.
Егер тапшылықтың деңгейі ЖІӨ құнының 3%-нан аспаған жағдайда,
біршама қалыпты деп саналады. Мұндай тапшылық мемлекеттік займ
шығару арқылы немесе қағаз ақша эмиссиясымен жабылады. Тапшылық
жоғары деңгейде болған жағдайда (3%-дан көп жоғары) мемлекет бо-
рышты займдармен жабуға жағдайы болмайды. Инфляция күшейіп, ақша
айналысының заңдары бұзылады, ақша құнсызданып, халықтың өмір сүру
деңгейі төмендейді, сол себептен қаржылық жағдайды жаңа ақша эмисси-
ясы да, əсіресе егер ол тауар айналымының қажеттілігінен асқан жағдайда
түземейді.
20.3.
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік бюджетінің
табысын статистикалық
талдау əдістері
Статистика мемлекеттік бюджеттің бекітілген жоспарының орын-
далуын нақты деңгейлердің жоспарланғаннан, мемлекеттік бюджеттің
тарауларының жоспарының орындалуының қатысты шамаларынан абсо-
люттік ауытқуын есептеудің көмегімен бағаланады :
а) табыстар мен алынған ресми трансферттердің барлығы, оның ішін-
де олардың түсу көздері;
ə) таза кредиттеуді қоса алғанда шығыстардың барлығы, оның ішінде
шығыстардың бағыттары бойынша;
б) бюджет тапшылығы (профициті).
–
–
–
428 ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика
Мемлекеттік бюджет табысының барлық көздерінің ішінде салық
түсімдерінің өзіндік салмағы барынша жоғары. Салық түсімдерінің нақты
сомаларының (Н) жоспарлаудан немесе өткен кезеңдегімен салыстырғанда
ауытқуы мына екі фактордың, яғни салық базасының (Б) жəне салық
ставкасының (С) қолданылуынан пайда болады.
Салық сомасының жалпы өзгеруіне əрбір фактордың жасайтын ықпалы
факторлық индекстік талдау арқылы зерттеледі:
∆
Н = Н
1
– Н
0
= Б
1
С
1
– Б
0
С
0
,
мұнда:
∆
Н – салық сомаларының абсолюттік өзгеруі;
Н
1
– салық түсімдерінің есепті кезеңдегі сомалары;
Н
0
– салық түсімдерінің базистік кезеңдегі немесе жоспармен салыс-
тырғандағы сомалары;
Б
1
– есепті кезеңдегі салық базалары;
Б
0
– базистік кезеңдегі немесе жоспар бойынша салық базалары;
С
1
– есепті кезеңдегі салық ставкалары;
С
0
– базистік кезеңдегі немесе жоспар бойынша салық ставкалары.
Оның ішінде салық сомаларының абсолюттік өзгерісі мына
факторлардың жасайтын ықпалының есебінен анықталады:
а) салық базасының
∆
Н
Б
өзгеруі:
∆
Н
Б
= (Б
1
– Б
0
) × С
0
;
ə) салық ставкасының
∆
Н
С
өзгеруі:
∆
Н
С
= (С
1
– С
0
) × Б
1
;
Өсімнің өзара байланысын тексеру:
∆
Н =
∆
Н
Б
+
∆
Н
С
.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары (МБТ) тауарлар мен қызметтер
шығарылымының мөлшерінен жəне макроэкономикалық көрсеткіштердің,
яғни мен жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ)
арақатынасына байланысты болады. Осы тəуелділікті мына көп факторлық
модель түрінде келтіруге болады:
{
{
3
2
1
3
2
1
3
2
1
d
с
в
а
Y
ВНД
ДГБ
ВВП
ВНД
В
ВВП
В
ДГБ
×
×
×
=
'
МБТ Ш×
ЖІӨ
Ш
ЖҰТ
ЖІӨ
МБТ
ЖҰТ
у'
мұнда: у' = abcd – мемлекеттік бюджеттің табысы;
Ш = а – тауарлар мен қызметтер шығарылымы;
ЖІӨ
Ш = b – тауарлар мен қызметтер шығарылымындағы жалпы ішкі
өнімнің үлесі;
20-тақырып. Мемлекеттік бюджет, тауар жəне ақша... 429
ЖҰТ
ЖІӨ = с – жалпы ұлттық табыстың жалпы ішкі өнімге арақатынасының
коэффициенті;
МБТ
ЖҰТ = d – мемлекеттік бюджет табысының жалпы ұлттық табысқа
арақатынасының коэффициенті.
Мемлекеттік бюджет табысының жалпы абсолюттік өсімі (
∆
У') былай-
ша анықталады: бюджеттің есепті кезеңдегі табысы минус бюджеттің ба-
зистік жыл ішіндегі табысы:
∆
У'
=У
1
' – У
0
' = a
1
· в
1
· c
1
· d
1
– a
0
· в
0
· c
0
· d
0
,
оның ішінде мемлекеттік бюджет табысының мына факторлар жасай-
тын ықпалдың есебінен абсолюттік өсімі:
а) тауарлар мен қызметтер шығарылымының
∆
У
a
' өзгеруі;
∆
У
a
'
= (a
1
– a
0
) · в
0
· c
0
· d
0
;
ə) тауарлар мен қызметтер шығарылымындағы
∆
У
в
' жалпы ішкі өнім
үлесінің өзгеруі:
∆
У
в
'
= (в
1
– в
0
) · а
1
· c
0
· d
0
;;
б) жалпы ұлттық табыстың жалпы ішкі өнімге арақатынасы
коэффициентінің
∆
У
с
'
өзгеруі
∆
У
с
'
= (с
1
– с
0
) · а
1
· в
1
· d
0
;
в) мемлекеттік бюджет табысының жалпы ұлттық табысқа арақатынас
коэффициентінің
∆
У
d
'
өзгеруі:
∆
У
d
'
= (d
1
– d
0
) · а
1
· в
1
· с
1
;
Өсімдердің өзара байланысы мына схема бойынша тексеріледі:
∆
У' =
∆
У
a
' +
∆
У
в
' +
∆
У
с
' +
∆
У
d
'.
Бюджет табысы мен алынған ресми трансферттерді (АРТ) талдауды
қолда бар жалпы ұлттық табыс (ҚЖҰТ) жөніндегі мəліметті енгізу арқылы
кеңейтуге болады. Табыстің абсолюттік өсімін əрбір фактордың есебінен
жіктеу əдістемесі өткен модельдегідей сияқты.
3
2
1
3
2
1
3
2
1
d
с
в
ВНД
ВНРД
ВВП
ВНД
В
ВВП
×
×
×
МБТ жəне АРТ
43
42
1
=Ш ×
{
а
ЖІӨ ЖҰТ ҚЖҰТ МБТ жəне АРТ
ҚЖҰТ
ЖҰТ
ЖІӨ
Ш
43
42
1
у
е
мұнда:
e
d
с
в
а
У
⋅
⋅
⋅
⋅
=
– табыстар мен алынған ресми трансферттер;
ВНД
ВНРД ×
ҚЖҰТ
ЖҰТ
– қолда бар жалпы ұлттық табыстың жалпы ұлттық табысқа
арақатынасы ның коэффициенті;
430 ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика
МБТ жəне АРТ
ҚЖҰТ
– мемлекеттік бюджет табысының жəне алынған ресми
трансферттердің қолда бар жалпы ұлттық табысқа арақатынасының коэф-
фициенті.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен алынған ресми трансферттері-
нің абсолюттік өсімі бюджеттің есепті жылдағы табысы мен алынған ресми
трансферттері минус бюджеттің базистік жыл ішіндегі табысы мен алынған
ресми трансферттері:
∆
У =У
1
– У
0
= a
1
· в
1
· c
1
· d
1
· е
1
– a
0
· в
0
· c
0
· d
0
· е
0
,
оның ішінде мына факторлардың ықпалының есебінен:
а) тауарлар мен қызметтер шығарылымының өзгеруі:
∆
У
а
= a
1
· в
0
· c
0
· d
0
· е
0
– a
0
· в
0
· c
0
· d
0
· е
0
= (a
1
– a
0
) · в
0
· c
0
· d
0
· е
0
;
ə) тауарлар мен қызметтер шығарылымындағы жалпы ішкі өнім үлесі-
нің өзгеруі:
∆
У
в
= a
1
· в
1
· c
0
· d
0
· е
0
– a
1
· в
0
· c
0
· d
0
· е
0
= (в
1
– в
0
) · а
1
· c
0
· d
0
· е
0
;
б) жалпы ұлттық табыстың жалпы ішкі өнімге арақатынасы
коэффициентінің өзгеруі;
∆
У
с
= a
1
· в
1
· c
1
· d
0
· е
0
– a
1
· в
1
· c
0
· d
0
· е
0
= (с
1
– с
0
) · а
1
· в
1
· d
0
· е
0
;
в) қолда бар жалпы ұлттық табыстың жалпы ұлттық табысқа ара-
қатынасы коэффициентінің өзгеруі:
∆
У
d
= a
1
· в
1
· c
1
· d
1
· е
0
– a
1
· в
1
· c
1
· d
0
· е
0
= (d
1
– d
0
) · a
1
· в
1
· с
1
· е
0
;
г) табыстар мен алынған ресми трансферттердің қолда бар жалпы
ұлттық табысқа арақатынасы коэффициентінің өзгеруі:
∆
У
е
= a
1
· в
1
· c
1
· d
1
· е
1
– a
1
· в
1
· c
1
· d
1
· е
0
= (е
1
– е
0
) · в
1
· c
1
· d
1
· а
1
;
Өсімдердің өзара байланысы мына схема бойынша тексеріледі:
∆
У =
∆
У
а
+
∆
У
в
+
∆
У
с
+
∆
У
d
+
∆
У
е
.
Мемлекеттік бюджет туралы ақпарат бюджеттегі қаржы ұйымдары,
мекемелері, жергілікті жерлердегі атқарушы билік ұйымдары жасай-
тын бухгалтерлік есептіліктен, сондай-ақ қаржы ұйымдары тапсыратын
ведомстволық статистикалық есептіліктен алынады. Есеп жасау кезеңділігі
– ай, тоқсан, жыл.
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепте
бағыныстағы қаржы органдарынан, банк мекемелерінен, жергілікті ат-
қарушы органдардан бюджеттің атқарылуы туралы есеп, арнайы қара-
жат бойынша сметалардың орындалуы туралы есеп, есеп айырысудағы
|