Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78


Статистикалық əдіснама жəне



Pdf көрінісі
бет2/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

1.3.

Статистикалық əдіснама жəне 

статистикалық көрсеткіштер 

Статистикалық зерттеу үш жүйелі кезеңге бөлінеді:

1)  статистикалық бақылау, яғни бастапқы статистикалық материал ды 

жинау;


12       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

2)  бақылау нəтижелерін жинақтау, яғни оларды өңдеу;

3)  жинақталған материалды талдау.

Осы кезеңнің əрқайсысында статистикалық əдіснаманы құрайтын жə не 

статистика пəнінің ерекшеліктеріне байланысты арнайы мамандандырыл-

ған əдістер қолданылады. 



Жаппай бақылау əдісі. Статистика көп сан заңының ықпалымен жап-

пай белең алған құбылыстарда байқалатын заңдылықтарды зерттейді, сол 

себептен статистикалық зерттеудің бірінші кезеңінде жаппай бақылау, яғни 

жекелеген жеке-дара фактілердің көп саны мен оған тəн белгілердің жеке 

мағыналары қамтамасыз етілуі тиіс.

Топтастыру  əдісі.  Статистикалық  зерттеудің  екінші  кезеңінде 

жиналған  фактілер  жүйеленіп  есептеледі  немесе  жинақталады.  Фактілер 

ерекшеленетін белгілер бойынша бөлінеді жəне ұқсастық белгілері бойын-

ша біріктіріледі, басқаша айтқанда топтастырылады. Статистиктер топтас-

тыру əдісінің көмегімен зерттелетін құбылыстарды аса маңызды түрлерге, 

ерекше топтар мен зерттелетін белгілер бойынша шағын топтарға бөледі. 



Көрсеткіштерді  жинақтап  қорытудың  көмегімен  талдау  əдісі. 

Статистикалық  зерттеудің  үшінші  кезеңінде  жинақталған  материал,  зерт-

телетін фактілердегі заңдылықтар мен байланыстардың білінуі, оларға тəн 

сипаттамалар талданады. Осы кезеңде жинақтап қорытылған көрсеткіштер 

(жиынтық,  қатысты  жəне  орташа  шамалар,  статистикалық  коэффициент-

тер) есептеледі.

Жинақтап қорытылған көрсеткіштердің көмегімен талдау кезінде бел гі-

лер өлшенеді, біріктіріледі, салыстырмалы жəне орташа мөлшерлер ес еп теле ді, 

белгілердің вариациясы, құбылыстардың динамикасы жинақтап ба ға ланады, 

балансты  құруда,  байланыстың  тығыздығын  сипаттайтын  көр сеткіштерді 

есептеуде, сондай-ақ басқа да тəсілдерде индекстер қол даны лады. 

Осының  барлығы  сандық  материалды  неғұрлым  ұтымды  баяндайтын 



кестелік əдіспен жəне статистикалық деректерді көрнекі көрсету əдісімен 

– графикалық əдіспен толықтырылады. 



Статистикалық  жиынтық – бұл  бірыңғай  сапалық  негізбен  бірік-

тірілген, алайда бірқатар белгі бойынша ерекшеленетін бір түрдегі жекеле-

ген бірліктердің массасы.

Мысалы,  қайсы  бір  елдің  жекелеген  адамдардан  тұратын,  жынысы, 

жасы  мен  басқа  да  белгілер  бойынша  ерекшеленетін  халқы  жиынтыққа 

жатады.  Алайда,  осы  халық  бір  елдікі  болғандықтан  ол  біртұтас  болып 

 саналады. 

Жаппай  белең  алған  құбылыстар  бір  жағынан  біртектес,  ал  екінші 

жағынан өзара ерекшеленетін бірліктердің жиынтығын білдіреді.

Статистика жиынтықты екі текті болуы мүмкін өзінің келесі көр сет-



кіш-сандарымен сипаттайды:

1-тақырып. Статистиканың пəні мен əдісі       13

1)  жиынтықтардың мөлшеріне жинақтап қорытылған сипаттама бере-

тін  көрсеткіштер.  Мысал  ретінде  жұмыс  істейтіндердің  санын,  өндірістің 

мөлшерін жəне т.б. келтіруге болады.

2)  жиынтықтарды бірқатар белгілер бойынша жинақтап қорытып си-

паттайтын  көрсеткіштер.  Мысалы,  халықты  санақ  нəтижелері  бойынша, 

яғни жынысы, жасы, ұлты, білім деңгейі жəне т.б. бойынша сипаттау.

Вариацияланатын  белгілер – жиынтықтың  жекелеген  белгілерінің  əр 

түрлі мағынаны (сапалық немесе сандық) қабылдайтын белгілері.

Жиынтықтың  жекелеген  бірліктерінің  вариацияланатын  белгілерінің 

мағыналары нұсқа (вариант) деп аталады. Мысалы, кез келген кəсіпорынның 

жұмысшылары  өзара  жынысы  (сапалы  мағына – ер  немесе  əйел)  немесе 

алатын  еңбекақының  мөлшері  (белгінің  сандық  мағынасы)  бойынша  ере-

кшеленеді.

Статистика – бұл  жинақтап  қорытылған  есеп.  Статистикалық 

сандар  қайсы  бір  фактілердің  жиынтығын  жинақтап  қорытып  сипаттай-

ды, өзінің белгілерінің көмегімен олардың санын, мөлшерін, бөліктерінің 

арақатынасының  мөлшерін  немесе  орта  деңгейін  көрсетеді.  Сөйтіп  ол 

есептің бір түрі, атап айтқанда жеке-дара факт емес жиынтықты сипаттай-

тын жинақтап қорытылған есеп болып табылады. 



Статистикалық көрсеткіш – қоғамдық құбылыстардың сапасы белгі-

ленген сандық шамасы.

Статистикалық  көрсеткіштің  мазмұны  мен  оның  нақты  сандық 

мөлшерінің ерекшелігін білу қажет.

Көрсеткіштің  мазмұны  немесе  белгіленген  сапасы  əлеуметтік-эконо-

микалық  категорияны  (халықты,  ұлттық  байлықты,  өндірістің  мөлшерін, 

тауар  айналымын  жəне  т.б.)  сипаттайды.  Статистикалық  көрсеткіштердің 

сандық мөлшері (яғни статистикалық деректер) орын мен уақыттың нақты 

жағдайына байланысты болады. 

  Мысалы,  еңбекақы – бұл  белгіленген  экономикалық  категория.  Ста-

тистика  оның  жалпы  мөлшері  мен  орташа  деңгейін  өлшейді.  Сондықтан 

еңбекақы  қоры  мен  орта  еңбекақыны  сипаттайтын  статистикалық 

көрсеткіштер пайда болады. Əр түрлі жағдайларда жəне əр түрлі уақытта 

осы көрсеткіштер бойынша статистикалық деректер бірдей болмайды.

Статистикалық  көрсеткіштерді  есептеу  əдіснамасын  əзірлеу  ста-

тистикалық  ғылымның  аса  маңызды  міндеті  болып  табылады.  Осы 

мəселелер салалық статистика аясында шешімін табады.

Статистикалық  көрсеткіштер  жүйесі.  Статистикалық  көрсеткіштер 

өзара байланысты көрсеткіштер жүйесін құра отырып, өзара белгілі бір бай-

ланыста  болуы  тиіс.  Статистикалық  көрсеткіштер  жүйесі  қазіргі  заманғы 

демографияға, экономикалық теорияға жəне басқа да қоғамдық ғылым дар-

ға негізделеді.


14       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Халықаралық  деңгейде  статистикалық  көрсеткіштер  халықаралық 

ұйымдардың  ҰШС  жөніндегі  басшылық,  Мемлекеттік  қаржы  жөніндегі 

басшылық,  Банк  жəне  қаржы  статистикасы  жөніндегі  басшылық, 

Төлем  балансы  жөніндегі  басшылық  жəне  т.б.  деп  аталатын  жекелеген 

басшылықтарында жүйеленген. 

Статистикалық  көрсеткіштер  жүйесі  өзгеріссіз  қалмайды.  Көрсеткіш-

тер жүйесінде қоғамның даму процесінде бір құбылыстардың жойылғаны, 

ал басқа құбылыстардың пайда болғаны байқалады. 

Өзін-өзі тексеруге арналған 

сұрақтар

1.  Статистика деген не?

2.  Статистика қашан пайда болды, ол қандай мақсатта құ рылды?

3.  Статистика  ғылымының  дамуындағы  негізгі  мектептерді  атап 

өтіңіз.

4.  Статистикаға бір жақты анықтама беріңіз.



5.  Статистика  неге  қоғамдық  ғылымдарға  жатады?  Оның  басқа 

қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы қандай?

6.  Статистиканың теориялық негізін атаңыз.

7.  Жаппай  белең  алған  процестер  мен  құбылыстардың  заңдылығы 

қалай деп аталады?

8.  Осы заңдылықтардың қандай түрлері болады?

9.  Статистикалық  зерттеу  қандай  кезеңдерден  тұрады,  осы 

кезеңдерде қандай жұмыс жүргізіледі?

10.  Статистикалық зерттеудің əрбір кезеңінде қандай ерекше əдістер 

пайдаланылады?

11.  Статистикалық жиынтық деген не?

12.  Нұсқаның вариацияланатын белгіден айырмашылығы қан дай?

13.  Статистикалық  көрсеткіш  деген  не?  Ол  белгіленген  əлеу меттік-

экономикалық категориямен қалай байланысты?



Ұсынылатын əдебиет

1.  Андерсон Р., Олссон А.К. Области изучения и сферы подготовки. Евро-

стат, декабрь 1999. – 108 с.

2.  Закон Республики Казахстан от 7 мая 1997 г. № 98-1 «О государствен-

ной статистике» (с изменениями и дополнениями, внесенными Законами 

Республики Казахстан от 30.01.01 г. № 154-II; от 15.01.02 г. № 280-II; от 

20.12.04 г. №13-III; от 21.12.04 г. № 14-III).

1-тақырып. Статистиканың пəні мен əдісі       15

3.  Программа совершенствования государственной статистики в Респуб-

лике Казахстан на 1999-2005 годы / Постановление Правителства Рес-

публики Казахстан от 19 ноября 1998 г. № 1180.

4.  Харламов А.И.   и др. Общая теория статистики. – М.: Финансы и ста-

тистика, 1995.

5.  Елисеева  И.И.,  Юзбашев  М.М.  Общая  теория  статистики:  Учебник. – 

3-е изд. / Под ред. чл.-корр. РАН И.И. Елисеевой. – Финансы и статисти-

ка, 1998. – 368 с.: ил.

6.  Теория статистики: Учебник для вузов / Под ред. Р.А. Шмойловой. – М.: 

Финансы и статистика, 1996.

7.  Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцев В.Н. Общая теория статистики: 

Учебник для вузов. – М.: ИНФРА-М, 1998.

8.  Харченко Л.И. и др. Статистика. – М.: ИНФРА-М, 1997

9.  Сиденко А.В., Попов Г.Ю., Матвеева В.М. Статистика: Учебник. – М.: 

Дело и сервис, 2000. – 464 с.

10.  Гусаров В.М. Теория статистики: Учебное пособие для вузов. – М.: Ау-

дит, ЮНИТИ, 1998.

11.  Ряузов Н.Н. Общая теория статистики: Учебник для студ. экон. спец. 

вузов. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 1984. – 

341 с. ил.

12.  Общая теория статистики: Учебник / Т.В. Рябушкин, М.Р. Ефимова и 

др. – М.: Финансы и статистика, 1981.

13.  Общая  теория  статистики:  Учебник / Г.С.  Кильдишев,  В.Е  Освиенко, 

П.М. Рабинович, Т.В. Рябушкин. – М.: Статистика, 1980.

14.  Статистический  словарь / Гл.  Ред.  М.А.  Королев. – 2-е  изд.  перераб.  и 

доп. – М.: Финансы и статистика, 1989.

1.4.

Практикум

1.4.1. Ізденуге арналған сұрақтар

1.  Статистиканың  əр  түрлі  ұғымдарының  мазмұнын  сипаттаңыз, 2-қосым-

шаны пайдалана отырып статистиканың əр түрлі салаларының жіктемесін 

келтіріңіз.

2.  Статистиканың  əр  түрлі  мектептерінің  жіктемесін  кесте  түрінде,  оның 

даму кезеңін, ол пайда болған елді, осы мектептердің дамуына айтарлық-

тай үлес қосқан ғалымдардың есімдерін көрсете отырып келтіріңіз.

3.  Статистиканы  əмбебап  (бір  жақты)  жəне  қоғамдық  (жан-жақты)  ретін-

де сипаттаңыз. Статистиканың қоғамдық ғылым ретіндегі мəніне толық 

анықтама беріңіз.

4.  Статистиканың  теориялық  негіздерін  сипаттаңыз.  Жаппай  белең  алған 

процестер  мен  құбылыстардың  заңдылықтарының  негізгі  түрлерін  кел-

тіріп, оларды сипаттаңыз.


16       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

5.  Статистикалық  зерттеудің  кезеңдерін  атап  өтіңіз,  олардың  негізгі  маз-

мұны мен пайдаланылатын ерекше əдістердің мəнін ашыңыз.

6.  Статистикалық  жиынтық  пен  оларды  сипаттайтын  көрсеткіштердің 

ұғымын жан-жақты ашыңыз. Статистикалық көрсеткіштер мен əлеумет-

тік-экономикалық категориялардың өзара байланысын анықтаңыз. 



1.5.

Өзіндік жұмысқа арналған 

сұрақтар

1.5.1. Тест тапсырмалары

1.  Ғылым ретінде статистикаға қатысты не дұрыс емес?

1)  қоғамдық құбылыстарды зерттейді;

2)  қоғамдық құбылыстардың сапалық мазмұнын зерттейді;

3)  қоғамдық  құбылыстардың  сапалық  мазмұнын  сандық  жағынан  зерт-

тейді;

4)  жаппай белең алған құбылыстарды зерттейді;



5)  статистика əмбебап ғылым болып табылады.

2.  Статистиканың теориялық негізі не болып табылады?

1)  математикалық ғылымдар мен философия;

2)  математикалық ғылымдар мен демография;

3)  философия, экономикалық теория мен демография;

4)  философия мен демография;

5)  барлық экономикалық жəне əлеуметтік ғылымдар.



3.  Статистикалық заңдылықтардың түріне жатпайды:

1)  динамиканың заңдылықтары;

2)  құрылымның заңдылықтары;

3)  жиынтық ішінде бірліктерді бөлу заңдылығы;

4)  көп сандар заңдылығы;

5)  жиынтықтағы əр түрлі вариацияланатын белгілердің өзгеруіне байла-

нысты заңдылығы.

4.  Дүкендердің  мамандандырылу  деңгейі  қаншалықты  жоғары  болса, 

сауда  шығынының  деңгейі  соншалықты  жоғары  болуы – бұл  ненің 

заңдылығы?

1)  уақыт аралығындағы қозғалыстың;

2)  құбылыстың құрылымының өзгеруінің;

3)  жиынтық ішінде бірліктердің бөлінуінің;

4)  көп сандардың;

5)  жиынтықтағы əр түрлі вариацияланатын белгілердің өзара байланы сып 

өз геруінің.

5.  Осы құбылысқа тəн заңдылық неде білінеді?

1)  əрбір белгінің белгілі бір мағынасында;

2)  барынша көп бақылау санында;


1-тақырып. Статистиканың пəні мен əдісі       17

3)  мағыналардың бөлігінің олардың орташа мағынасынан ауытқуда;

4)  құбылыстың тұрақтылығында;

5)  əрбір жекелеген жағдайда.



6.  Статистика қолданатын ерекше əдістер нені құрайды?

1)  статистикалық көрсеткіштер жүйесін;

2)  статистикалық бақылау құралын;

3)  статистикалық құбылыстың заңдылығын;

4)  статистикалық нəтижелердің жинақтауын;

5)  статистикалық əдістер жинағын.



7.  Бірыңғай сапа негізімен біріктірілген, алайда бірқатар белгі бойынша 

ерекшеленетін  əлеуметтік-экономикалық  объектілердің  жиынтығы 

қалай аталады? 

1)  статистикалық жиынтық;

2)  статистикалық көрсеткіштер жүйесі;

3)  белгілер жиынтығы;

4)  бақылау объектісі;

5)  статистикалық кесте.



8.  Жиынтық бірліктерінің өзгермелі белгілері – бұл .... белгі.

1)  сапасының мазмұны əр түрлі;

2)  əр түрлі мағына қабылдайтын;

3)  тепе-тең;

4)  сан мен сапа жағынан ерекшеленетін;

5)  тұрақты немесе орнықты.



9.  Нұсқа (вариант) деп не аталады:

1)  жиынтық бірлігінің жекелеген белгісінің мағынасының саны;

2)  жиынтық бірлігінің белгісінің жекелеген мағынасының нөмірі;

3)  жиынтықтың жекелеген бірлігінің вариацияланатын белгісінің мағына сы;

4)  жиынтық бірлігінің сапа мазмұнының сапалық мағынасы;

5)  жиынтық бірлігі.



10.  Сапасы белгіленген қоғамдық құбылыстардың сандық өлшемі не деп 

аталады?

1)  статистикалық бірлік;

2)  вариант;

3)  бақылау объектісі;

4)  жиынтық бірлігі;

5)  статистикалық көрсеткіш.



11.  Өзара белгіленген өзара байланыстағы статистикалық көрсеткіштер 

нені құрайды?

1)  статистикалық көрсеткіштер жүйесін;

2)  статистикалық жіктемені;

3)  статистикалық топты;

4)  статистикалық кестені;

5)  статистикалық заңдылықты.

2 – 3/10-09


18       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

2.1.

Статистиканың жоспарлы жəне 

нарықтық экономикадағы рөлі

Ақпарат  басқарушылық  шешімді  талдау,  бақылау,  қабылдау  мен 

ұйымдастыруды  ойдағыдай  іске  асыру  үшін  қажетті  мəліметтер  мен 

деректердің  жиынтығы  ретінде  əлеуметтік-экономикалық  процестерді 

тиімді басқарудың қажетті элементі болып табылады. Басқару жүйесіндегі 

мəліметтердің  жалпы  жиынтығында  ұзақ  кезеңдегі  жаппай  белең  алған 

құбылыстарды  сипаттайтын,  даму  аспектілерінің  арасындағы  үрдістерді, 

байланыстарды,  сондай-ақ  факторлардың  өзара  ықпалдасу  қырларын 

анықтауға  мүмкіндік  беретін  статистикалық  ақпарат  өзгеше  орын  алады. 

Статистикалық ақпарат бүкіл басқару цикліне қызмет көрсетеді.

Əлеуметтік-экономикалық  статистика  елдің  даму  деңгейі  мен 

мүмкіндіктері  жөнінде  маңызды  сандық  ақпарат  беруді  қамтамасыз 

етеді.  Статистика  саясаттың  ең  маңызды  бағытының  бірі  ретінде  нақты 

мəселелерді  дұрыс  шешуге  ықпал  етеді,  сонымен  бірге  қоғамдық-саяси 

жəне əлеуметтік-экономикалық процестерге кіріктірілген барлық тұлғалар 

мен  мекемелердің  ақпаратқа  қажеттілігін  қанағаттандырып,  пысықталған 

шешім қабылдауға септігін тигізеді. 

Осы  мақсат  үшін  қажет  деректермен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  өте 

күрделі жұмыс – «ресми статистикаға» жүктелген өте маңызды мемлекет-

тік міндет. 

Көптеген  елдерде  белгілі  бір  мемлекеттік  органдар  əлеуметтік-эко но-

микалық деректерді ресми өндіруші ретінде ерекше орын алады. Бұл жағ дай 

статистикалық  зерттеулерді  ұдайы  жүргізу  үшін  айтарлықтай  қаражаттың 

қажет болуымен байланысты. Сонымен бірге мемлекет осы зерттеу нəтиже ле-

рі нің сенімділігін қамтамасыз ету үшін мəліметті өтеусіз əрі уақытында беру ді 

талап ете отырып респонденттерге қысым көрсетуі мүмкін.



2-òà¿ûðûï

СТАТИСТИКАНЫ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ҚАҒИДАЛАРЫ

 


2-тақырып. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары       19

Ресми  емес  статистиканы,  əдетте,  респонденттерден  қажетті  мəлімет 

алуға мүмкіндік беретін заңмен бекітілген арнайы құқықтары жоқ ұйымдар 

береді. Мұндай ұйым ең алдымен ресми статистиканы статистикалық тал-

даумен айналысады, сонымен бірге қажет жағдайда оны өзінің зерттеулері-

мен жəне есептерімен толықтырады.

Нарықтық  экономикада  ресми  статистиканың  атқаратын  рөлі  оның 

жоспарлы экономикадағы рөлінен түбегейлі ерекшеленеді.

Жоспарлы  экономикада  ресми  статистика  жоспардың  орындалуын 

бақылау, сондай-ақ үгіт жəне насихат құралы болды. Осының нəтижесінде 

микродеректер  (жекелеген  кəсіпорын  немесе  тұлға  жөніндегі  деректер)  ано-

нимді түрде (домалақ хат) болмады жəне оны статистикалық мақсаттарға 

ғана пайдаланып қоймайтын. Сонымен бірге макродеректер (зерттеулер дің 

біріктірілген нəтижелері), керісінше, көбінесе құпиялы болды.

Нарықтық экономика елдерінде ресми статистиканың рөлі керісінше. 

Жалпыға  жариялынымды  қоспағанда,  микродеректер  құпияда  сақталады, 

ал  макродеректер,  керісінше,  барлығына  қол  жеткізімді.  Статистика  мен 

бухгалтерлік есеп (кəсіпорындардың қызметін бақылауды қамтамасыз ету 

жағынан) бір-бірінен ерекшеленеді.

Қазақстанның  мемлекеттік  статистикасының  мекемесі 1920 жылғы 

8  қараша  күні  ресімделген  сəттен  бастап  РСФСР  құрамындағы  Қазақ 

автономиялық республикасының сол жылдың тамызында құрылған бірыңғай 

органы ретіндегі оның даму тарихы Қазақстан 1991 жылғы 16 желтоқсанда 

тəуелсіздік  алған  сəтке  дейін  орталықтандылырып  басқарылатын  шаруа-

шылықты құру жоспарына сəйкес жұмыс істегенін көрсетеді.

Отандық статистиканы зерттеуші К. Байжанова Қазақстанның мемле-

кеттік  статистикасының  кеңес  кезеңіндегі  даму  заңдылығы  жөнінде  бы-

лай  деп  жазады  ол  «көп  сан  заңы  мен  іріктеп  зерттеу  əдісіне  негізделген 

жəне  осыған  байланысты  талдамалы  жəне  болжау  функциясын  атқаруы 

тиіс  классикалық  статистика  канондарына  сəйкес  емес  интегралдық 

жоспарлық-орталықтандырылған есеп элементі ретінде дамыды. Тиісінше 

статистиканың (ақпараттың, есептіліктің жəне т.б. нысаны, қағидасы, жи-

нау мен көрсету тəртібі)

сапасы айтарлықтай өзгерді».



Қазақстандық  статистика  пайда  болған  сəтте  ол  классикалық  ста-

тистиканың  белгілері  мен  қағидаларын  сақтады,  алайда  бірқатар  қайта 

ұйымдастырудан  кейін  ол  тұтас  есептілікке  негізделген  деректерді  тір-

кейтін  қарапайым  органға  айналды,  ал  əлеуметтік-экономикалық  көр-

сеткіштердің  құрамы  негізінен  белгіленген  жоспарлық  тапсырмалар 

мен  техникалық-экономикалық  нормативтердің  орындалуын  бақылауға 

бағдарланды.

*

 Байжанова К.Д. История развития государственной статистики Казахстана. Диссерта-



ция на соиск. уч. степени канд. экон. наук по специальности 08.00.12 – Бухгалтерский учет, 

статистика. – Оренбург, 2004. – С. 60.



20       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Осыған  орай,  статистикалық  есеп  əлеуметтік  саланың,  кредит-қаржы 

жүйесінің,  ақша  айналысының,  қызмет  көрсету,  халықтың  əл-ауқатының 

жəне  қоғамның  дамуының  басқа  да  аса  маңызды  аспектілерінің  ста-

тистикасына  залал  келтіріп,  материалдық  жəне  еңбек  ресурстарының 

шаруашылық  ішіндегі  айналымын,  олардың  бөлінуі  мен  пайдалануын 

көрсетуге бағдарланды. Статистика əлемдік практикамен байланысты бол-

мады,  ал  мұның  өзі  халықаралық  сəйкестендіру  саласындағы  жұмысты 

күрделендіріп, Қазақстанның əлемдік қауымдастық экономикасына интег-

рациялану процесін тежеді.



2.2.

Қазақстанның статистикасын 

реформалау

1991  жылғы 16 желтоқсанда  Қазақстанның  мемлекеттік  тəуелсіздігі 

жарияланғаннан кейін Халық шаруашылығы балансы ( ХШБ) əдістемесіне 

негізделген статистикалық ақпарат жүйесінің елде қалыптасып келе жатқан 

қоғамдық-саяси  жəне  əлеуметтік-экономикалық  қатынастарды  дұрыс 

сипаттауға қабілетсіз екені белгілі болды. 

Экономикалық  жəне  қоғамдық-саяси  құрылыстың  трансформацияла-

нуына,  əлемдегі  жəне  мемлекет  ішіндегі  жағдайдың  өзгеруіне  байланыс-

ты қазақстандық статистиканы түбегейлі реформалау (шын мəнінде қайта 

құру) қажет болды, атап айтқанда:

–  Қазақстанның  егемендік  алуына  байланысты  тəуелсіз  мемлекеттің 

мəртебесіне  лайық  ұлттық  статистикалық  жүйе  құрып,  қалып-

тастырудың қажет екенін көрсетті;

–  Қазақстанның  əлемдік  қауымдастыққа  кіруі  жəне  тəуелсіз  сыртқы 

экономикалық  қызметті  жүзеге  асыруы  техникалық-экономикалық 

жəне əлеуметтік ақпаратты əлемдік практика стандарттарына сəйкес 

жіктеу мен кодтау жүйесін енгізу талабын қойды;

–  экономиканың нарықтық қатынастарға бет бұруы, мемлекеттік емес 

сектордың дамуы, жаңа мекемелік бірліктердің көптеп пайда болуы 

статистикалық  бақылау  əдістерін  реформалауға,  қазіргі  заманғы 

статистикалық  тіркелімдер  құруға,  экономикалық  көрсеткіштерді 

қайта қарауға себеп болды.

Сөйтіп,  статистиканы  реформалау  басынан  бастап  келесі  үш  негіз-

гі мақсатты ұстанды: 1) тəуелсіз мемлекеттің мəртебесіне лайық ұлттық 

статистикалық  жүйе  құру  жəне  оны  қалыптастыру; 2) халықаралық 

деңгейде қабылданған статистикалық жіктемелер мен стандарттарды ен-

гізу; 3) қазіргі заманғы статистикалық бақылау құралдары мен əдістерін 

енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет