Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



Pdf көрінісі
бет51/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63

20-тақырып. Мемлекеттік бюджет, тауар жəне ақша...         431

қаражаттың  қалдығы,  негізгі  қаражат  туралы  анықтамалар,  бюджеттік 

ұйымдар ақшалай қаражатының жетіспеуі мен ұрлануы жөніндегі жиын-

тық есеп жəне т.б. түрінде түсетін деректер жинақтап қорытылады. 

Ведомстволық  есептілік  бюджетке  қосылған  құн,  пайда,  кəсіп-

орындардың  табыс  салығының  нақты  сомалары  мен  түсу  жоспар лары-

ның  орындалу  пайызы;  басқа  салық  жиындарының,  сондай-ақ  салық тар 

мен  төлемдердің  түрлері  бойынша  бересінің  сомалары  жөнінде  ақпарат 

алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге салық инспекциялары төлеушілер 

салықтарды  дұрыс  төлегенін  бақылау  нəтижелері  бойынша  берген 

мəліметтер хабарланады. 

Бюджеттік  мекемелер  мен  ұйымдар  жылдық  есеп  құрамында  шығыс 

сметасының орындалуы туралы есепті, республикалық бюджеттен қаражат 

алу  туралы  анықтама  мен  күрделі  салымдар  мен  басқа  іс-шараларды 

қаржыландыруға енгізілген жəне алынған қаражат туралы анықтаманы тап-

сырады. 


Жылдық есепке бюджеттің шығыс сметасының орындалуына ықпал ет-

кен негізгі факторлар атап өтілген түсіндірме жазба қоса тіркеледі. 



20.4.

Тауар айналысы статистикасы

Тауар қозғалысы – тауардың өндірушіден көтерме сауда сатып алушы, 

экспорттаушы, импорттаушы, сауда агенті, брокер арқылы бөлшек саудаға 

жасайтын қозғалыс процесі. 

Тауар айналымы – тауарлардың белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшаға 

шағылған айналыс процесі. Тауарлардың құны (Q) сатылған тауарлардың 

саны (q) мен тауар бірлігі (p), құнының көбейтіндісіне тең, яғни Q = qp

Тауар айналымының категориялары: 

1)  жалпы – тауардың  өндірушіден  тұтынушыға  қозғалу  жолындағы, 

екінші қайтара шотты қоса алғанда барлық сатылуының сомасы; 

2)  таза – жалпы екінші қайтара шотсыз тауар айналымы; 

3)  көтерме сауда – өндірушінің жəне сауда делдалдарының тауарды 

кейін қайта сатуға басқа делдалдарға, өндірістік немесе жаппай тұтынушыға 

ірі топтармен сатуы; 

4)  бөлшек  сауда – кəсіпорындардың,  жеке  тұлғалардың  тауарларды 

халыққа түпкілікті тұтыну үшін сатуы. 

Буындылық  коэффициенті  –  қайта  сату  санының  жалпы  тауар 

айналымының  таза  тауар  айналымына  қатынасы  ретінде  анықталатын 

көрсеткіші. 

Тауар қоры – нарықта тауардың белгіленген бөлігінің тұрақты бар бо-

луы. Тауар қорының көлемі белгіленген уақыт сəтіне қалыптасқан жағдай 



432       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

бой ынша табиғи түрде жəне ақшаға шағылып есептеледі. Орташа тауар қоры 

ақпараттың  болуына  орай:  арифметикалық  орташа  шама,  хронологиялық 

орташа шама жəне т.б. əр түрлі формулалар бойынша есептеледі (2.3. 3.8-

тақырыптар). 

Қор  сыйымдылығы  –  тауар  қорларының  тауар  айналымы  бірлігіне 

қатынасы,  ол  тауар  айналымы  бірлігіне  қанша  тауар  қоры  шағылатынын 

көрсетеді. 

Тауар  айналымының  тауарлық  қорлармен  қамтамасыз  етілуі  (күн-

дерде) – бұл тауар қоры жететін сауда жасалатын күн саны; белгіленген та-

уар түрінің тауар қорының (З) осы тауардың бір күндік тауар айналымына 

(а) қатынасы ретінде есептеледі. 

Тауар айналымдылығы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: 

а)  тауар айналымдылығының жылдамдығы (айналым саны, C):

С =

Тауар айналымының көлемі 



=

Q

Тауардың орташа қоры 



З

ə)  тауарлардың бір айналымының уақыты (күндерде, В):



В =

Тауардың орташа қоры

=

З

Бір күндік тауар айналымы 

А

Тауар  айналымына  немесе  тауар  қорларына  ықпал  ететін  факторлар-



дың  динамикасы  индекстер  жүйесінің  көмегімен  бағаланады.  Индекстер 

жүйесінің  əдістемесі  «Негізгі  капиталдың  статистикасы», «Шығын  жəне 

аралық тұтыну статистикасы» тақырыптарында қарастырылады. 

20.5.

Ақша айналысы 

статистикасы

Айналыстағы  ақша – заңды  жəне  жеке  тұлғалар  тауарлар  мен 

қызметтерді төлеу құралы, құн құралы мен қорлану құралы ретінде ұстайтын 

ақша (банкнота, монета) сомасы. 

Ақша базасы (Б) – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілей-

тін ақша. Ақша базасының құрамына қолма-қол ақша (Ұлттық банктен тыс) 

жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің міндетті, артық резервтері 

(банктердің, банк емес, қаржы жəне қаржы емес ұйымдардың депозиттері) 

кіреді. 

Ақша массасы (М) – шаруашылық айналымға (ЖІӨ) қызмет көрсететін 

сатып  алатын  жəне  ақшалай  қаражаттың  жиынтық  көлемі.  Ақша  масса-

сы ақшаны өтімділік деңгейі бойынша жіктейтін агрегаттармен өлшенеді. 


20-тақырып. Мемлекеттік бюджет, тауар жəне ақша...         433

Қазақстанда  ақша  массасының  төрт  агрегаты:  МО,  М1,  М2,  М3 (1998 

жылдың қазанынан бастап) бар. Олардың құрамы мынадай: 

МО – айналыстағы қолма-қол ақша, яғни бұл заңды жəне жеке тұлғалар 

банктен тыс тауарлар мен қызметтерді төлеу құны, құн құралы мен қорлану 

құралы ретінде ұстайтын банкноталардың, монеталардың сомасы; 

М1 – МО агрегаты + халықтың жəне банктік емес заңды тұлғалар дың 

ұлттық валютада аударатын депозиттері; 

М2 – М1 агрегаты + ұлттық валютадағы басқа депозиттер мен халықтың 

жəне банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасында аударылатын де-

позиттері; 

М3 – М2 агрегаты + халықтың жəне банктік емес заңды тұлғалардың 

шетел валютасындағы басқа депозиттері. 

Ақша мультипликаторы (m):

Б

M

m

=

,



мұнда: M – айналыстағы ақша массасы; 

Б – ақша базасы.

Ақша мультипликаторы туралы ақпарат ақша массасының динамика-

сын бақылау жəне коммерциялық банктердің экономикаға жұмсайтын кре-

дит салымының көлемін талдау үшін қажет. Ақша массасы М3 ақша агре-

гаты бойынша анықталады. Ақша мультипликаторы коэффициент ретінде 

банк  резервтерінің  өзгеру  есебінен  айналыстағы  ақша  массасының  қалай 

өзгеретінін сипаттайды. Егер ақша айналысы каналдары артық ақша мас-

сасымен, қамтамасыз етілмеген тиісті тауар массасымен толып кетсе, яғни 

ақша  массасының  өсу  қарқыны  тауарлар  мен  қызметтер  өндірісінің  өсу 

қарқынынан асады, яғни инфляция туындайды. 

Бүкіл ақша массасының өсімін факторлық талдау (М3 агрегаты үшін) 

мына схема бойынша жүзеге асырылады: 

Δ

Μ3=M3

1

−M3



= m

1

Б



– m

0

Б

0

,

мұнда: Μ3



1

, M3

0

 – M3 ақша агрегатының есепті жəне базистік кезеңдер-

дегі ақша массасы; 



m

1

, m

0

 – есепті жəне базистік кезеңдердегі ақша мультипликаторы; 



Б

1

,  Б

0 

–  есепті  жəне  базистік  кезеңдердегі  ақша  базасы,  оның  ішінде 

мына факторлардың өзгеру есебінен: 

а)  ақша мультипликаторының өзгеруі

Δ

M3

m

 = (m

1

–m

0

) × Б

1

;

ə)  ақша базасының өзгеруі



Δ

Μ3

Б

 = (Б

1

– Б

0

) × m

0

.

Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы: 



Δ

М3= ΔМ3

m

 + ΔМ3

Б

.

28 – 3/10-09



434       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

I

сатып алу 



  қабілеті

  теңгемен

=

1



I

тұтыну 

    бағасы

Теңгенің сатып алу қабілетінің атаулы индексі теңге бағамының АҚШ 

долларына  қатынасы  мен  жалпы  ақша  массасындағы  ұлттық  жəне  шетел 

валютасының ақша айналымы үлесінің өзгеруі ескеріліп былайша есепте-

леді: 


I

номин.

 сатып алу

 қабілеті

 теңгемен

=

I



сатып алу

         қабілеті

         теңгемен

× d


теңге

I

АҚШ долл.



   сатып алу-

   дағы б аға

×

d



АҚШ

 

   доллары



мұнда: d

теңге

,  d

АҚШ  доллары

 – Қазақстанның  ақша  нарығындағы  теңгедегі 

немесе АҚШ долларындағы ақша айналымының үлесі. 

I

АҚШ долл. сатып алудағы б аға

=

1

.



I

АҚШ долл. қатынасы бойынша теңгенің бағамы

Айналыстағы  ақша  айналымының  саны  (V)  немесе  ақша  бірлігі 

айналымының жылдамдығы. 

 

3



М

ВВП


V

=

ЖІӨ



,

мұнда: ЖІӨ – ағымдағы бағадағы жалпы ішкі өнім; 

3

М

 – кезең ішіндегі ақшаның орташа қалдығы. 

Ақша айналымының саны ЖІӨ-ге қызмет көрсетілетін кезең ішіндегі 

ақша бірліктері мен төлем құралдарының қайталанымының (есе, айналым) 

саны. 

Ақша массасының бір айналымының ұзақтығы (t):

О

М

ВВП

D

М

V

D

t

1

×



=

×

=



=

К

К

ЖІӨ

мұнда: К – кезеңдегі күнтізбелік күндер;



о

D

ВВП =

ЖІӨ

К

 – ЖІӨ-нің бір күндік көлемі.

Осы  көрсеткіш  кезең  ішіндегі  ЖІӨ-ге  қызмет  көрсететін  ақша 

массасының бір айналымы үшін қанша күн қажет екенін көрсетеді. Ақша 

айналысы жылдамдығының мөлшері өз кезегінде экономиканың монетар-

лану деңгейіне ықпал етеді. 



Экономиканың монетарлану деңгейі =

Ақша массасы (МЗ)

.

ЖІӨ

Ақша айналысының жылдамдығы неғұрлым төмен болса, экономика-

ның монетарлану деңгейі солғұрлым жоғары болады. 

б

б


20-тақырып. Мемлекеттік бюджет, тауар жəне ақша...         435

Өзін-өзі тексеруге арналған 

сұрақтар

1.  Мемлекеттік  бюджеттің  атқарылуы  жөніндегі  есепте  қандай 

экономикалық операциялар есепке алынады? 

2.  Тауар айналысы статистикасының негізгі көрсеткіштерін атаңыз. 

3. «Ақша массасы», «ақша базасы» деген ұғымдар нені білдіреді? 

4.  МО, М1, М2, М3 ақша агрегаттарының құрамын атап өтіңіз. 

5.  Ақша массасының факторлық талдау əдістемесін баяндаңыз. 

Ұсынылатын əдебиет

1.  Гусаров В.М. Статистика. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.

2.  Методологические положения по статистике. – Алматы: Агентство РК 

по статистике, 2005.

3.  Система национальных счетов – инструмент макроэкономического ана-

лиза: Учебное пособие / Под ред. Ю.Н. Иванова. – М: Финстатинформ, 

1996.

4.  Социально-экономическая статистика: Учебное пособие / А.М. Елемесо-

ва, К.К. Бельгибаева, Е.М. Кииков, Г.М. Молдакулова.– Алматы: Эконо-

мика, 1999.

5.  Шокаманов  Ю.К.  Статистика  внешнеэкономической  деятельности. 

– Алматы, 2003.

20.6.

Практикум

20.6.1. Ізденуге арналған сұрақтар

1.  Мемлекеттік  бюджеттің  табысы  мен  алынған  ресми  трансферттері  осы 

тараудың 5-есебінде ХВҚ-дың ұсынысы бойынша қандай экономикалық 

операцияларға бөлінеді? 

2.  Мемлекеттік  бюджеттің  шығыс  жəне  таза  кредиттеудің  экономикалық 

операциялары осы тараудың 5-есебінде ХВҚ-дың ұсыныстары бойынша 

олардың функционалдық маңызы ескеріліп қандай топтарға бөлінеді? 

3.  Тауар қоры мен тауар айналымдылығының көрсеткіштері қалай есепте-

леді? 

4.  Ақша айналысын қандай өлшеуіштер сипаттайды? 



5.  Ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің индекстері қалай есептеледі? 

6.  Ақша массасы айналымының жылдамдығы қалай анықталады? 

7. «Ақша  массасының  бір  айналымының  ұзақтық  көрсеткішін  есептеу 

əдістемесі қандай жəне оның маңызы неде? 



436       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

8. «Үлгі  есептерді  шешу»  деп  аталатын 20.4.2-тараудың 2-есебінде 

қарастырылған  факторлық  талдауды  жүргізу  əдістемесін  зерделеп 

банктердің  кассасына  ақша  түсімінің,  оның  ішінде:  а)  ақша  айналымы 

саны; ə) ақша массасының орташа қалдығы сияқты факторлардың өзгеру 

ықпалынан жалпы өсімін факторлық талдау жасаңыз. 



20.6.2. Типтік есептерді шешу мысалдары 

1 - м ы с а л .   ҚР  Мемлекеттік  бюджетінің  табысын  мына  деректер  бойынша 

көп факторлық талдау жасаңыз: 



ҚР өндіріс нəтижелерінің макроэкономикалық 

көрсеткіштерінің динамикасы, млрд теңге

Көрсеткіш

1997 ж. 1998 ж.

1. Мемлекеттік бюджеттің табысы мен алынған ресми трансферттері, 

оның ішінде табыстар 

2. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары мен таза кредиттеу, 

оның ішінде шығыстар

3. Шығарылым

4. Жалпы ішкі өнім

5. Жалпы ұлттық табыс

405,6

405,3


469,6

439,5


3316

1672


1649

379,5


379,3

451,6


426,1

3283


1733

1710


Ш е ш у і. Есептік қатысты көрсеткіштер мынаған тең болады: 

1997 ж.


1998 ж.

b =

ЖІӨ

Ш

0,504222


0,527871

c

=

ЖҰТ

ЖІӨ

0,986244


0,986728

d =

МБТ

ЖҰТ

0,245785


0,221813



У' = У'

1

 – У'

0

 = a

1

 · в

1

 · с

1

 · d

1

 – a

0

 · в

0

 · с

0

 · d

0

 = 

 =379,3 – 405,3 = – 26 млрд теңге

ҚР  Мемлекеттік  бюджетінің  шығыстары 1997 жылмен  салыстырғанда 1998 

жылы 26 млрд теңгеге төмендеді. 

У'

а 

 = (a

1

 – a

0

) · в

0

 · с

0

 · d

0

 =

(3283 – 3316) · 0,504222 · 0,986244 · 0,245785 = – 4,034 млрд теңге

Тауарлар мен қызметтер шығарылымының төмендеу салдарынан ҚР Мемле-

кеттік бюджетінің табысы 4, 034 млрд теңгеге қысқарды. 



У'

в 

 = (в

1

 – в

0

) · а

1

 · с

0

 · d

0

 =

(0,527871 – 0,504222) · 3283 · 0,986244 · 0,245785 = 18,820 млрд теңге



20-тақырып. Мемлекеттік бюджет, тауар жəне ақша...         437

1997 жылғы жалпы ішкі өнімнің 50,4% үлесімен салыстырғанда 1998 жылы 

оның 52,8%-ға ұлғаюы ҚР Мемлекеттік бюджеті табысының 18,820 млрд теңгеге 

өсуін қамтамасыз етті. 



У'

с 

 = (с

1

 – с

0

) · а

1

 · с

1

 · d

0

 =

(0,986728 – 0,986244) · 3283 · 0,527871 · 0,245785 = 0,206 млрд теңге

Жалпы ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімнің арақатынасының тек 0,05%-ға 

өсуі ҚР Мемлекеттік бюджетінің 0,206 млрд теңгеге толығуына себеп болды. 



У'



 = (d

1

 – d

0

) · а

1

 · в

1

 · с

1

 =

(0,221813 – 0,245785) · 3283 · 0,527871 · 0,986728 = – 40,992 млрд теңге

Жалпы ішкі өнімде Мемлекеттік бюджет табысы үлесінің 2,4%-ға қысқаруына 

байланысты бюджеттің табысі 40, 992 млрд теңгеге кеміді. 





У' = У'

а

 + У'

в

 + У'

с

 + У'

d

 – 

– 26 = – 4,034 + 18,820 + 0,206 – 40,992.

2 - м ы с а л .   Осы  тараудың 8-есебінің  деректері  бойынша 2000-2001 жыл-

дардың мына көрсеткіштерін есептейік: 

1. Бөлшек сауда тауар айналымының жалпы индексін 

 

262



,1

4

,



570

6

,



719

q

p



q

p

I



0

0

1



1

pq

=



=

=



 немесе 126,2%.

2.  Жалпы  (жиынтық)  индекстердің  өзара  байланысын  пайдалана  отырып 

тауарлардың бөлшек сауда бағаларының жалпы индексін

 

178


,

1

071



,

1

262



,

1

I



I

I

q



pq

p

=



=

=

 немесе 117,8%.



3 - м ы с а л .  Млрд теңгеде берілген деректер бойынша мына факторлардың 

ықпалынан ақша массасының орташа қалдығының абсолюттік өсімін анықтаңыз: 

а)  банктердің кассаларына түскен бір күндік ақша түсімінің; 

ə)  ақша массасының бір айналымының ұзақтығының. 

Ай

Түскен қолма-қол ақша



Ақша массасының орташа қалдығы

Тамыз


67

79

Қыркүйек



69

81

Ш  е  ш  у  і:  Мынаны  есептейміз:  а)  банктердің  кассаларына  тамыз  жəне 

қыркүйек айларында түскен бір күндік түсімді мына формула бойынша: 

Д

П

О

=

б



Т

К

,

мұнда: б – банктердің кассаларына ақшаның түсетін бір күндік түсімі; 



Т – банктердің кассаларына түсетін ақша түсімі; 

К – кезеңнің күндері, 

438       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

сонда 


Д

П

О

=

б



о

Т

о



К

о

Д



П

О

=

б



1

Т

1



К

1

млрд



233

,

2



30

67

Д



П

о

о



=

=

=



млрд

3

,



2

30

69



Д

П

1



1

=

=



=

теңге,


теңге,

ə)  тамыз  жəне  қыркүйек  айларында  ақша  массасының  бір  айналымының 

ұзақтығы мына формула бойынша: 

 

б



М О

Т

М О

К

М О

Т

К

n

К

t



=

×



=

=

=



 ,

мұнда: 


 

=



МО

n

Т

Т

МО

 – ақша айналымының кезең ішіндегі саны 

 

35,38

2,233

79

о

б

о

МО

0

t

=

=



=

 күндік 



 

35,22

2,3

81

1

б

1

МО

1

t

=

=



=

 күндік



Енді факторлық талдау жасаймыз. 

Ақша 


массасының 

орташа 


қалдығының 

абсолюттік 

өсімі 



2



79

81

МО



МО

МО

0



1

=



=

=





  млрд  теңге,  яғни  тамызбен  салыстырғанда  қыркүйекте 

ақша массасының орташа қалдығы 2 млрд теңгеге көтерілді, 

оның ішінде мына факторлардың өзгеру ықпалынан: 

а) банктердің кассаларына ақшаның бір күндік түсімінің:

37

,



2

38

,



35

)

233



,

2

3



,

2

(



t

)

б



б

(

МО



о

о

1



б

=

×



=

×



=



 млрд теңге, банктердің кассала-

рына ақ шаның бір күндік түсімінің ұлғаюының есебінен ақша массасының орташа 

қал дығының өсімі 2,37 млрд теңгеге ұлғайды; 

ə) ақша массасының бір айналымының ұзақтығының: 

37

,



0

3

,



2

)

38



,

35

22



,

35

(



б

)

t



t

(

МО



о

о

1



t

=



×

=



×

=



  млрд  теңге  ақша  массасы-

ның бір айналымының ұзақтығының төмендеу есебінен ақша массасының орташа 

қалдығы азайды. 

Өсімдердің өзара байланысын тексеру: 2 = 2,37 – 0,37.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет