Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



Pdf көрінісі
бет59/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63

Жалпы ұлттық табыс – жалпы ішкі өнімнен оған жердің, капиталдың, еңбектің 

таза факторлық табыстары (ТФТ) қосылуына байланысты сан жағынан ерек-

шеленеді. 

Жалпы  ішкі  өнім  резидент-бірліктердің  қызметінің  осы  елдің  экономикалық 

аумағындағы есептегі кезең ішіндегі нарықтық бағадағы түпкілікті нəтижесін 

білдіреді. 

Жалпы ішкі өнім бөлу əдісімен (табыс жасау əдісімен) резидент-өндірушілердің 

бастапқы  табыстарының:  ішкі  экономика  мен  қалған  əлем  секторла-

ры  қызметкерлерінің;  өндіріске  салынатын  басқа  да  таза  салықтардың; 

экономиканың жалпы пайдасы мен жалпы аралас табыстардың сомасы ретінде 

анықталады. 

Жалпы  ішкі  өнім  түпкілікті  пайдалану  əдісімен  тауарлар  мен  қызметтерді 

түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстың, капиталдың жалпы қорланымының 

жəне тауарлар мен қызметтердің таза экспортының сомасына тең болады. 

Жалпы  ішкі  өнім  өндірістік  əдіспен  экономиканың  барлық  салалары  мен 

секторларының нарықтық бағадағы сомасы ретінде есептеледі. 



Жартылай  фабрикаттар – бір  цехта  өндіріс  аяқталған,  алайда  басқа  цехтарда, 

кəсіпорындарда одан əрі өңделуге тиіс өнімдер. 



Жасты көшіру əдісі – халықтың əрбір жас тобы белгіленген жаста өмірдің шегіне 

жету деңгейін ескере отырып келесі (келешектегі) кезеңіне көшеді. 



Жеке  өнімділік  индексі  –  жұмысшылардың  өнім  шығару  немесе  нақты  өнім 

өндірісі еңбек сыйымдылығының көрсеткіштерінің өзгеруін сипаттайды. 



Жиынтық  өнімділік  индексі  (жалпы  жəне  топтық) – жиынтықтың  (барлық 

жұмысшылардың,  жұмыс  істейтіндердің,  кəсіпорынның,  өңірдің,  елдің) 

барлық бірліктері өнімділігінің бірлесіп өзгеруінің жиынтық нəтижелерін біл-

діреді. 



Жұмыс  уақыты  –  қызметкер  жұмысты  немесе  басқа  да  еңбек  міндеттерін 

орындаған немесе орындауға тиіс уақыттың ұзақтығы. 



Жұмыс уақытының барынша көп ықтимал қоры (қолда бар уақыт) – белгі-

ленген уақыт ішінде еңбек заңнамасына сəйкес жұмыс істелуі мүмкін барын-

ша көп жұмыс уақыт саны (кезекті демалыс уақытын есептегенде). 

Жұмыс уақытының қоры – жұмысшылардың өнім өндіруге жұмсаған уақыты-

ның шығыны, адам-күнде жəне адам-сағатта есептеледі. 



Жұмыс уақытының (күнтізбелік, табельдік, ең ықтимал жоғары) қорын пай-

далану  коэффициенттері  –  жұмыс  істелген  уақыт  қорын  тиісті  теориялық 

ықтимал  жұмыс  уақытының  қорына  бөлуден  алынған  бөлінді  ретінде 

анықталады. 

Жұмыс істелген уақыт қоры – өнім өндіруге нақты жұмсалған жұмыс уақытын 

көрсетеді. 



Жұмыс істелмеген уақыт – орынды себептермен пайдаланылмаған уақыт (ауру, 

демалыс жəне заңда рұқсат етілген басқа демалыс) жəне орынсыз себептермен 



500       ГЛОССАРИЙ

жұмысқа келмеу – жұмыс уақытының ысырабы (бос тұру, жұмысқа себепсіз 

келмеу).

Жұмыспен қамтылған халық – экономикада жасына қарамастан нақты жұмыс 

істейтін халық. 



Жұмыссыз халық – жұмысы жоқ (табыс əкелетін жұмысы), алайда жұмысты бел-

сенді түрде экономикалық белсенді жастағы (15 жəне одан жоғары) халық.



Жұмысшының (қызметкердің) орташа айлық (тоқсандық, жылдық) өндірімі 

– бір жұмысшы (қызметкер) ай (тоқсан, жыл) ішінде өндірген өнімнің орташа 

көлемі, ай (тоқсан, жыл) ішінде өндірілген өнім көлемінің жұмысшылардың 

(қызметкерлердің) тиісті кезеңдегі орташа-тізімдік санына қатынасы ретінде 

есептеледі. 

Займдар  (несие) – кредитор  тікелей  борышкерге  беретін,  сондай-ақ  құжатпен 

ресімделетін жəне басқа тұлғаға берілуі тиіс емес қаржы құралы (тұтыну кре-

диті, сатып алуға жəне бөліп төленетін кредит, несие жəне коммерциялық кре-

дитті қаржыландыру, қаржы лизингі туралы келісім). 



Инвестициялар – табыс (пайда) алу немесе оң əлеуметтік əсерге жету мақсатында 

ақша капиталын қаржы емес активтер мен елдің іші мен шетелдегі құрылысқа 

салу. 

Инвестициялардың  өсімін  қаржыландыру  жалпы  ұлттық  жинақ  ақша  плюс 

күрделі трансферттердің сальдосына тең. 



Институционалдық  бірлік  –  активтері  бар,  міндеттеме  қабылдауға  жəне 

экономикалық  қызмет  пен  басқа  бірліктермен  операция  жасауға  қабілетті 

экономикалық дер бес тұлға (жеке, заңды). 

Капитал қайтарымы – негізгі капиталды тиімді пайдаланудың, сондай-ақ негізгі 

капиталға салынған əрбір теңге (салыстырмалы бағада немесе тұрақты бағада) 

ақшадан алынған өнімнің көлемін сипаттайтын басты көрсеткіш. 

Капитал  құрау  немесе  Қазақстан  Республикасының  жалпы  капитал 

қорланымы – мыналардың, яғни а) негізгі капиталдың жалпы қорланымының; 

ə)  материалдық  айналым  қаражаты  қорының  өзгеруінің;  б)  құндылықтарды 

таза сатып алудың сомасы ретінде қалыптастырылады. 

Капитал  сыйымдылығы  –  капитал  қайтарымының  кері  көрсеткіші,  негіз-

гі  капиталдың  орташа  құнының  алынған  өнімінің  (пайданы)  көлеміне 

қатынасы. 

Капиталмен жасалатын операциялар шоты негізгі жəне айналым капиталының, 

құндылықтардың,  материалдық  емес  жəне  қаржы  активтерінің  қорлану  про-

цесін,  сондай-ақ  күрделі  шығындарды  қаржыландыру  көздерін  сипаттауға 

арналған. 



Капиталмен жасалатын операциялардан түсетін табысқа  күрделі активті сату-

дан түсетін табыс, мемлекеттік емес көздерден түсетін күрделі салымға салы-

натын ерікті жарналар кіреді. 


ГЛОССАРИЙ        501

Кедейшілік  деңгейі – халықтың  тұтыну  деңгейі  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейінің 

мөлшерінен төмен үлесі. 



Кино- жəне бейнетаспа өнімінің шығарылымы – жалға беру төлемінің көлемін-

де есептеледі. 



Көлік  саласының  (тас  жол  шаруашылығын  қоспағанда)  шығарылымы 

жүк жəне жолаушылар тасымалынан, пошта тасымалдаудан, тиеу-түсіру жұ-

мыстарынан, қойма үй-жайларын пайдаланудан алынған нақты табыстардың 

сомасы ретінде анықталады. 



Көтерме сауда тауар айналымы – өндірушілер мен сауда делдалдарының тауар-

ды кейін қайта сату үшін өндірістік немесе көпшілік тұтынушыларға ірі топ-

тармен сатуы. 

Күндік орташа өндірім – бір жұмыс күні ішінде өндірілген өнімнің орташа көлемі, 

ол кезең ішінде өндірілген өнім көлемінің кəсіпорынның барлық жұмысшылар 

нақты жұмыс істеген адам-күн санына қатынасы ретінде есептеледі. 

Күнтізбелік  уақыт  қоры  –  белгіленген  күнтізбелік  күн  санын  қызметкерлердің 

орташа тізімдік санына көбейту. 



Күрделі салымдар – жаңа, сондай-ақ қолданыстағы негізгі капиталды кеңейтуге, 

қайта  жаңартуға  жəне  техникалық  қайта  жарақтандыруға  жұмсалатын  ақша 

шығыны. 

Күрделі  трансферттер  –  кəсіпорындардың  күрделі  салымдарын  мемлекеттік 

бюджеттен тегін қаржыландыру; капиталды жекешелендіру процесінде беру; 

өткен  жылдардың  берешегін  кешіру,  мұра,  сыйға  беру,  меншік  құқығын 

беру нəтижесінде алынған негізгі капиталға салық салу; едəуір залал; 2 жəне 

одан  астам  жылда  қордаланған  ірі  шығынды  жабу  үшін  ірі  ақшалай  төлем 

төлеу; мектеп, кітапхана, зертхана салуға жұмсаған шығынды жабу үшін үй 

шаруашылықтарының, кəсіпорындардың жасайтын ірі қайыр көрсетуі. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  бюджеті – негізгі  қаржылық  жос-

пар – мемлекеттің  ақшалай  қаражатының  өзінің  функцияларын  атқару  үшін 

қажетті орталықтандырылған қорының табысы мен шығысы туралы есебі. 



Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  бюджетінің  табыстары  мен  алынған 

рес ми  трансферттерінің  экономикалық  жіктемесі  мынадай:  табыстар 

(салық түсімдері, салық емес түсімдер, капиталмен жасалатын операциялар-

дан түскен табыс) жəне алынған ресми трансферттер. 

Қазақстан Республикасының резиденттеріне түсетін табысы қызметкерлер дің 

еңбекақысы мен меншіктен түсетін табыстан құралады. 



Қайта бағалау шотында қаржы жəне қаржы емес активтер мен пассивтердің ие-

лері есепті кезең ішінде есептейтін оң немесе теріс холдингтік пайданы есепке 

алынады. 

Қайта сатуға арналған тауарлар – көтерме сауда немесе бөлшек сауда саудагер-

лер қайта сату мақсатында сатып алған тауарлар. Көтерме сауда жəне бөлшек 

сауда саудагерлер қайта сатуға арналған тауарларды өңдемейді, тек сату үшін 


502       ГЛОССАРИЙ

тартымды  жəне  қолайлы  болу  үшін  тауардың  түрін  көркемдейді  (жуады, 

сұрыптайды, орап-буады). 

«Қалған əлем» секторы  осы елге қатысты барлық шет елдерді біріктіреді. 

Қалған  əлемнің  шоттарында  осы  елдің  шет  елдердің  экономикаларымен  жаса-

латын  сыртқы  экономикалық  байланыстары  көрсетіледі  жəне  оған  сыртқы 

экономикалық байланыстар шоты, капиталмен жасалатын операциялар шоты 

мен қаржы есебі кіреді. 



Қаржы  активтері  қаржы  емес  активтерден  айырмашылығы  олардың 

көпшілігі  басқа  институционалдық  бірліктерге  талап  қояды,  яғни  оларға 

институционалдық  бірліктердің  арасында  орнайтын  шартты  дебиторлық-

кредиторлық қатынастардың негізіндегі қаржы міндеттемелері қарсы тұрады.



Қаржы емес активтер – шыққан тегіне, «жасалу тəсіліне» байланысты өндірілген 

жəне өндірілмеген; материалдық жəне материалдық емес активке бөлінеді. 



Қаржы операциялары – кредит алу, оларды өтеу, бағалы қағаз сатып алу жəне 

сату, сондай-ақ басқа қаржы құралдарымен жасалатын операциялар. 



Қаржы шотында институционалдық бірліктердің қаржы активтерін сатып алу-

мен жəне қаржы міндеттемелерін қабылдаумен байланысты жасайтын опера-

циялары көрсетіледі. 

«Қаржылық  емес  корпорациялар»  секторы  –  шығынды  жабатын  жəне  та-

быс  алатын  баға  бойынша  тауар  өндіретін  жəне  қызметтер  көрсететін  инс-

титуционалдық  бірліктер  (кейбір  жағдайда  ішінара  мемлекеттік  бюджеттің 

есебінен). 



«Қаржылық корпорациялар» секторы – қаржылық қызметтер, яғни делдалдық 

(мысалы,  өз  атынан  кредит  беретін)  жəне  қосалқы  (кредит  бермей  ақшалай 

қаражатты жұмылдырады) қызмет көрсететін институционалдық бірліктер. 

Қоғамдық  еңбектің  өнімділігі – жалпы  ішкі  өнімнің  экономикалық  белсенді 

халықтың орташа жылдық санына қатынасы ретінде анықталады. 



«Қоғамдық тамақтандыру» саласы өнімінің шығарылымына сатылған үстелме 

плюс тамақ жасау үшін пайдаланылған жəне өңделмей сатылған өнімдердің 

құны  минус  қосылған  құн  салығы  минус  өнімге  салынатын  басқа  да  таза 

салықтарға тең тауар айналымы кіреді. 



Қолда бар табыс – атаулы ақшалай қаражат минус міндетті төлемдер мен жарна-

лар. 


Қолма-қол ақша – айналыстағы жəне төмел құралы ретінде пайдаланылатын бан-

кнота мен монеталар (іс жүзінде айналыста нақты болмайтын ескерткіш моне-

таларды қоспағанда). 

Қор сыйымдылығы – тауар қорының тауар айналымына тауар айналымының бір-

лігіне қанша тауар қоры келетінін сипаттайтын қатынасы. 



Құндылықтар – бұл  өндіріс  пен  аралық  тұтынуға  арналмаған,  өнеркəсіпте 

пайдалануға арналған экономикалық активтер (шикізат пен материалдан бас-



ГЛОССАРИЙ        503

қа),  олар  үй  шаруашылықтарында,  коммерциялық  ұйымдарда,  мемлекеттік 

мекемелерде жинақтау құралдары ретінде сақталады. Құндылықтарға бағалы 

металдар  мен  асыл  тастар,  антиквариат,  өнер  туындылары,  топтамалар,  зер-

герлік бұйымдар жатады. 

Құндылықтарды  таза  сатып  алу  құндылықтарды,  яғни  бағалы  металдарды, 

тастарды,  зергерлік  бұйымдарды,  антиквариатты  жəне  т.б.  сатып  алу  мен 

олардың кетуінің арасындағы айырмаға тең. 

Құрылымдық өзгерістердің орташа капитал қайтарымының индексі – орта ша 

капитал қайтарымының бір фактордың есебінен, яғни негізгі капиталдың ор-

таша құнындағы құрылымдық өзгерістердің есебінен өзгеруін көрсетеді. 

Құрылыс өнімі  құрылыс, монтаж, жобалау-іздестіру ұйымдарының тікелей пай-

далы, тек негізгі қызметінің нəтижесі. 



«Құрылыс»  саласының  шығарылымы  мына  элементтердің  сомасы  ретінде 

анықталады: 

–  құрылыс-монтаж жұмыстарының құны;

–  бейресми экономиканы, жасырын өндірісті есептеу; 

–  құрылыс объектілерімен байланысты геологиялық-барлау, бұрғылау жəне 

жобалау-іздестіру жұмыстарының құны;

–  құрылыстың негізгі капиталын таратудан шегілген залал; 

–  жерлерді жақсарту жөніндегі жұмыстардың құны;

–  объектілер  мен  уақытша  тоқтатылған  құрылыстарды  консервациялауға 

жұмсалған шығындар;

–  ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу;

–  ғимараттар  мен  құрылыстарды  мердігерлік  тəсілмен  орындап  күрделі 

жөндеу; 

–  жол салу жəне оны күрделі жөндеу;

–  мемлекеттік бюджеттен емес өзге күрделі шығындар;

–  мердігерлік  жəне  шаруашылық  тəсілмен  салынған  жеке  меншік  тұрғын 

үйлердің, саяжайлардың құны.

Қызметтер  –  өндіруші  тұтынушылардың  тапсырыстары  бойынша  тұтыну 

заттарының,  жай-күйін;  тұтынушының  денесінің,  сана-сезімінің  жай-күйін 

өзгерту үшін жүзеге асырылатын əр түрлі іс-қимылдар. 

Лоренц коэффициенті – квадрат диагоналінің осы квадрат алаңының жартысында 

біркелкі бөлінуінен ауытқу алаңының үлесі. 



Лоренц қисық сызығы – тік бұрыш координата жүйесінде графикалық түрде: абс-

цисса осі бойынша – халық санының жинақталған жиіліктері (х), ордината осі 

бойынша – халықтың табысының жинақталған жиіліктері (y) көрсетіледі. 

Материалдық айналым қаражаты қорының өзгеруі жыл соңында қайта сатуға 

даяр өндірістік қорлардың, аяқталмаған құрылыстың құнының жəне кезеңнің 

басындағы тиісті көрсеткіштердің айырмасы ретінде есептеледі. 

Материалдық  шығынның  деңгейі  немесе  өнімнің  материал  сыйымдылығы 

материалдық шығын сомасының өнім шығарылымына қатынасы ретінде есеп-

теледі. 


504       ГЛОССАРИЙ

«Мемлекеттік  басқару  органдары»  секторы  –  мемлекеттік  бақылауындағы, 

мемлекеттік  бюджеттің  есебінен  ұсталатын,  халыққа  жеке  жəне  ұжымдық 

сипаттағы нарықтық емес қызметтер көрсететін институционалдық бірліктер. 

«Мемлекеттік басқару органдары» секторының түпкілікті тұтынуға жұм сай тын 

шығынына  мемлекеттік  мекемелер  мен  ұйымдардағы  ағымдағы  шығын,  осы 

ұйымдардың негізгі капиталының тозуы, əскери техниканы, əскер қызметшілер-

дің тамағы мен киім-кешегін сатып алуға жұмсалатын шығыс кіреді. 

Мемлекеттік басқару органдарының нақты түпкілікті тұтынуы олар халыққа 

көрсеткен ұжымдық қызметтердің құнына тең болады. 



Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі тапшылықтың кері 

белгілі мөлшеріне тең. 



Мемлекеттік бюджет шығынының функционалдық жіктелімінде мемлекеттің 

экономика  салаларын  дамытуға  жұмсалатын  шығыстары  көрсетіледі.  Шы-

ғыстар  жалпымемлекеттік  сипаттағы  қызметтер,  қоғамдық  жəне  əлеуметтік 

қызметтер,  экономикалық  қызметпен  байланысты  мемлекеттік  қызметтер, 

өзге функциялар деп аталатын төрт категориядан құралады. 

Мемлекеттік бюджеттің ағымдағы табыстары – салықтық жəне салықтық емес 

түсімдер. 



Мемлекеттік бюджеттің ағымдағы шығысы – мемлекеттің халықтың күнделікті 

қажеттілігін қанағаттандыруға арналған шығыстары. 



Мемлекеттік бюджеттің күрделі табыстары – капиталмен жасалатын операция-

лардан түсетін табыс. 



Мемлекеттік бюджеттің күрделі шығыстары – өндірісті кеңейтуге жұмсалатын 

(негізгі  капитал  сатып  алуға,  қор  жасау  үшін  тауар  сатып  алуға,  жер  мен 

материалдық емес актив сатып алуға, күрделі трансферттер). 

Мемлекеттік  бюджеттің  мемлекеттік  борышы – мемлекеттік  басқару 

мекемелерінің басқа секторлардың алдындағы тікелей міндеттемесінің ресми 

танылған төленбеген сомасы. 

Мемлекеттік  бюджеттің  табыстары – бюджетке  төленетін  міндетті,  қайтарыл-

майтын төлемдер; олар мемлекет қызметінің қаржылық негізін құрайды. 



Мемлекеттік бюджеттің тапшылығының (профицитінің) абсолюттік сомасы – 

егер бюджеттің табыстары мен алынған ресми трансферттері оның шығысынан 

асса, онда бюджеттің артығы немесе профицит пайда болады; егер, керісінше, 

таза кредиттеуді қоса алғанда, шығыстар табыс пен алынған ресми трансферт-

тен асса, онда бюджет тапшылығының сомасы пайда болады. 

Мемлекеттік  материалдық  резервтер – мемлекеттік  басқару  органдары 

кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер қажет күтпеген жағдайда тұрақты жұмыс 

істеуін  қамтамасыз  ету  мақсатында  резервтейтін  шикізаттың,  отынның, 

материалдардың, тұқымның, жем-шөптің қорлары. 



ГЛОССАРИЙ        505

Меншіктен түсетін табыс – экономиканың барлық секторлары пайыз, дивиденд, 

рента,  тікелей  шетелдік  инвестициядан  түсетін  инвестициялық  табыс  ныса-

нында алатын бастапқы табыстар. 

Монетарлық  алтын  –  ақша-кредит  мекемелерінде  қаржы  активі  немесе 

халықаралық  резерв  ретінде  сақталатын  алтын.  Монетарлық  алтынға  «құн-

дылық» тобының активтеріне жататын өнеркəсіптік пайдалануға арналған ал-

тын кірмейді. Монетарлық алтын құрамында Халықаралық валюта қорының 

(ХВҚ) кепілдік сертификатымен расталған 995/1000 сынамалы монета, құйма 

жəне кесек алтын түрінде болады. 



Нақты еңбекақы мен нақты табыстар əрбір азамат өзінің еңбекақысы мен та-

бысына  сатып  ала  алатын  материалдық  игілік  пен  қызметтердің  сомасын 

көрсетеді. 

Нақты түпкілікті тұтыну – резидент-үй шаруашылықтары қаржыландыру көзіне 

қарамастан жеке тұтыну үшін сатып алған тауарлар мен қызметтердің құны 

жəне  мемлекеттік  басқару  органдары  жалпы  қоғамға  көрсететін  ұжымдық 

қызметтердің құны.



Нақты халық – осы елді мекенде олардың тұрғылықты мекеніне қарамастан нақ-

ты тұратын (тұрақты немесе уақытша) азаматтар. 



Нақтыланған  қолда  бар  табыс  –  жалпы  ұлттық  қолда  бар  табыс  плюс  «үй 

шаруашылықтары»  секторы  алған  табиғи  нысандағы  əлеуметтік  трансферт-

терге тең. 

Негізгі баға – өндіруші тауардың немесе қызметтің бірлігі үшін алатын, сондай-ақ 

өнімге салынатын салық шегерілген (ҚҚС пен импорт салығын қоспағанда), 

алайда өнімге берілген субсидия қосылған бағасы. 

 Негізгі капитал (негізгі құрал-жабдық) – экономикада ұзақ уақыт бойы (1 жыл-

дан астам), бірнеше рет немесе өзгермейтін натуралды-заттық нысанда, өзінің 

құнын жасалатын тауарлар мен қызметтерге бірте-бірте көшіре отырып пайда-

ланылатын өндіріс құралдары, экономикалық қаржы емес актвитері. 



Негізгі капиталдың пассив бөлігі – негізгі капиталдың өндіріс процесін қалыпты 

ұйымдастырып,  оны  жүргізу  үшін  жағдайды  қамтамасыз  ететін  ғимарат, 

құрылыстар сияқты түрлері. 

Негізгі қызметтен салық салынғанға дейін алынған табыс – мынаған тең: жал-

пы табыс минус басқа шығын (жарнама бойынша, нарықтың жағдаятын зерт-

теу, сақтандыру жəне т.б. бойынша). 

Негізгі  капиталды  жою  құны – металл  сынығы  сатылатын  баға  бойынша 

анықталады – бұл негізгі капиталдың ескіру мен тозуынан негізгі капиталды 

жоюдан кейін сатудан түскен түсім. 

Негізгі капиталды қалпына келтіру құны – жаңа жағдайларда негізгі капитал-

ды ұдайы өндірісінің негізгі капиталды түгендеу мен қайта бағалау негізінде 

анықталатын ағымдағы бағалар деңгейінің өзгеруі есепке алынған құны. 


506       ГЛОССАРИЙ

Негізгі капиталды тұтыну – өндірісте пайдаланылатын негізгі капитал құнының 

есепті  кезең  ішінде  табиғи  жəне  сапалық  тозу  немесе  кездейсоқ  бүліну 

нəтижесінде азаюы. 

Негізгі  капиталдың  ағымдағы  құны  –  активтің  қолданыстағы  нарықтық  баға 

бойынша құны. 



Негізгі  капиталдың  актив  бөлігі – негізгі  капиталдың  еңбек  заттарына,  яғни 

машиналарға,  жабдықтарға,  құралдарға  жəне  т.б.  тікелей  ықпал  ететін 

түрлерінен құралады. 

Негізгі капиталдың амортизациясы – тозудың ақшаға шағылуы (латын тілінен 

amortizatio – өтеу). 



Негізгі  капиталдың  амортизациясының  жалпы  сомасы  мынаған  тең  болады: 

бастапқы  құн  плюс  күрделі  жөндеудің  құны  плюс  жаңғыртуға  жұмсалатын 

шығын минус жою құны. 

Негізгі капиталдың баланстық (қалдық) құны – негізгі капиталдың жинақтал-

ған тозу сомасы шегерілген бастапқы құны. 



Негізгі  капиталдың  бастапқы  (толық)  құны  –  салықтар  мен  жиындарды  қоса 

алғанда  активті  салуға,  сатып  алуға  жұмсалатын  шығынның,  сондай-ақ  оны 

жеткізу,  құрастыру,  орнату,  пайдалануға  беру  жəне  оны  тағайындалуына 

сəйкес  пайдалану  үшін  жұмыс  жағдайына  келтірумен  байланысты  басқа  да 

шығындардың құны. 

Негізгі  капиталдың  жай  ұдайы  өндірісі  амортизация  қорының  есебінен  орын 

алады.


Негізгі  капиталдың  жай-күйінің  көрсеткіштері  –тозу  мен  жарамдылық  коэф-

фициенттері. 



Негізгі капиталдың жалпы қорланымы резидент-бірліктердің келешекте жаңа 

табыс алу үшін оларды келешекте өндірісте пайдалану ұзақ уақыт пайдаланы-

латын инвестициялық объектілерге қаражат салуы.

Негізгі капиталдың жылдық ұдайы өндірісінің көлемі жаңадан енгізілген негіз-

гі капитал құны плюс күрделі жөндеуге жұмсалатын шығынға тең. 



Негізгі  капиталдың  кеңейтілген  ұдайы  өндірісі  күрделі  салымның  есебінен 

қамтамасыз етіледі. 



Негізгі капиталдың қозғалыс көрсеткіштері – жою, түсу мен жаңару коэффи-

циенттері. 



Негізгі  капиталдың  моральдық  тозуы – қолданылатын  негізгі  капиталдың  ұдайы 

өндірісінің арзандауына немесе бұдан да жетілдірілген негізгі капиталдың жа-

салуымен байланысты оның құнының төмендеуі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет