Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



Pdf көрінісі
бет57/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63

Гистограмма – аралық  вариациялық  қатарды  x  осінде  құрылған  тік  бұрыштар 

түрінде графикалық түрде көрсету. Осы тік бұрыштардың ені тиісті жиіліктің 

аралығына, ал биіктігі тиісті жиілікпен үйлеседі. 

Даму  интенсивтілігінің  көрсеткіші – осы  құбылыстың  белгіленген  орташада 

таралу  дəрежесін  ашатын  қатысты  көрсеткіш.  Мысалы,  туғандардың  немесе 

қайтыс  болғандардың  жиынтығын  халық  санымен  салыстыра  келе  біз  осы 

құбылыстың даму дəрежесін, интенсивтілігін бағалаймыз. 



Дəрежелердің корреляциясы коэффициенті (ρ) – жиынтық бірліктерінің сандық 

белгілер бойынша орындарының (дəрежелерінің) нөмірлері негізінде есепте-

летін көрсеткіш. 

Деректерді  арифметикалық  (санап)  бақылау  –  жекелеген  деректер-

ді  арифметикалық  жағынан  үйлестіруге,  яғни  жиынды  тексеруге,  бірінен 



484       ГЛОССАРИЙ

бірі  туындайтын  көрсеткіштерді  салыстыруға  негізделеді.  Атап  айтқанда 

қосылғыштардың  сомасы  жалпы  жиыннан  аспауға,  ал  бірқатар  басқа 

көрсеткіштердің  көбейтіндісін  білдіретін  көрсеткіш  олардың  көбейтіндісіне 

тең болуы тиіс. 

Деректерді  логикалық  бақылау  –  əр  түрлі  сұрақтарға  берілген  жауаптарды 

олардағы  сəйкессіздіктерді  табу  мақсатында  салыстыру.  Мысал  ретінде  жас 

пен білім деңгейін немесе жас пен отбасы жағдайын келтіруге болады. 

Детерминация коэффициенті (η

2

) – белгінің топтық деңгейінің дисперсиясы (δ

2



мен белгі деңгейінің жалпы дисперсиясының σ

2

) арақатынасы. Детерминация 



коэффициенті  факторлық  белгінің  нəтижелілік  белгісінің  өзгеруіне  қосатын 

үлесін көрсетеді. 



Дециль – медианаға ұқсас, қатарды жиілік сомасы бойынша 10 тең бөлікке бөлетін 

көрсеткіш. 



Диаграмма – салыстыруды орындауды жеңілдету, деректердің заңдылықтары мен 

үрдістерін табу мақсатында деректерді графикалық түрде көрсету. 



 Динамика көрсеткіші – құбылыстың кейде өзгеру дəрежесін сипаттайтын қаты-

сты көрсеткіш. 



Динамика  қатарларын  жылжымалы  орташа  шамамен  тегістеу – бастапқы 

динамика  қатарын  элементтері  қатардың  басынан  бастап  бірте-бірте  ауыс-

тыру  арқылы  бастапқы  қатар  элементтерінің  белгіленген  санының  орташа 

мағыналары ретінде есептелетін жаңа қатармен алмастыру. 



Динамика  қатары – құбылыстың  дамуын  сипаттайтын  көрсеткіштерді 

хронологиялық тəртіппен рет-ретімен орналасқан көрсеткіштер қатары. Динами-

ка қатарларында келтірілген қорытып талданған көрсеткіштердің түрлеріне бай-

ланысты оларды абсолюттік, қатысты жəне орташа шама динамика қатарларына 

бөлуге болады. 

Динамика факторларын талдаудың индекстік əдісі – индекстік көбейткіштер 

ретінде  күрделі  құбылысты  құрайтын  осы  құбылыстың  өзгеруіндегі  жекеле-

ген факторлардың рөлін бағалау үшін пайдалану. Мысалы, өндірілген өнімнің 

құны өндірілген өнімнің саны мен бағалардың өзгеруіне байланысты өлшенеді. 

Құн индексі сан индексі мен баға индексінің көбейтіндісіне тең болады. 

Динамиканың аралық қатарлары – қоғамдық даму деңгейлері белгіленген уақыт 

кезеңінде сипатталатын динамика қатарлары. 



Динамика  қатарын  тік  сызық  бойынша  аналитикалық  теңестіріу – даму 

(тренд)  сызығын  табу.  Сынық  сызықты  тік  сызық  қана  емес,  сонымен  бірге 

қайсы бір басқа сызық бойынша теңестіруге болады. 

Динамиканың  мезеттік  қатарлары  –  динамиканың  қоғамдық  құбылыстардың 

даму деңгейлері белгіленген уақыт сəтінде сипатталатын қатарлары.



Дискреттік вариациялық қатарлар – варианттардың мағыналары бүтін сандар-

дың  мағыналары  бар  қатарлар  (мысалы,  отбасылардың  адам  саны  бойынша 

жалпы саны). 


ГЛОССАРИЙ        485

Дисперсия (σ

2

– орташа шамадан орташа ауытқу квадраты. 



Екінші қайтара іріктеме – жекелеген бірлік жиынтықтан кездейсоқ іріктелгеннен 

кейін оны кері қайтару қарастырылатын іріктеме əдісі. 



Жай топтастыру – деректерді бір белгі бойынша топтастыру. 

Жалпы индекстер – жиынтықтың жалпы өзгеруін сипаттайтын индекстер. Мыса-

лы, ауыл шаруашылығының бүкіл жалпы өнімінің индексі жалпы индекс бо-

лып табылады. 

Жаппай  емес  статистикалық  бақылау  –  жиынтық  бірліктері  бөлігінің,  алай-

да шынайы жəне сенімді талдап қорытылған статистикалық сипаттама алуға 

болатын есебі. Осы бақылау түрінің іріктемелі, негізгі массивтің, анкеталық, 

монографиялық сияқты бірқатар түрлері қолданылады. 



Жаппай статистикалық бақылау – зерттелетін құбылысты құрайтын жиынтық-

тың барлық бірліктерін толық есепке алу. 



Жеке индекстер – жиынтықтың жекелеген элементтерін сипаттайтын индекстер. 

Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерін өндіру индекстері 

жеке болып табылады. 

Жеке индекстердің орташа шамасы – агрегаттық индексті қайта құру нəтижесінде 

алынған экономикалық индекстің нысаны. 



Жиілік – сол немесе басқа вариант қаншалықты жиі кездесетінін, көрсететін сан. 

Жиілік шамасы – қатысты мөлшер түрінде көрсетілген жиілік (бірліктің, пайыздың 

үлесі). 



Жиынтық  бірлігі – статистикалық  бақылау  объектісінің  тіркелуі  тиіс  белгі  иесі 

жəне зертеу кезінде жүргізілетін есептің негізі болып табылатын бастапқы эле-

менті. Яғни жиынтық бірлігі – бұл зерттелетін нəрсе. 

Жоспардың  орындалу  көрсеткіші  –  жоспарланған  деңгеймен  салыстырғанда 

нақты қол жеткізілген деңгейдің шамасының арақатынасын ашатын қатысты 

көрсеткіш. 

Жоспарлық тапсырма көрсеткіші – жоспарланатын көрсеткіш шамасының нақты 

қол жеткізілген деңгейге арақатынасын ашатын қатысты көрсеткіш. 



Жүйелі іріктеу – зерттелетін белгімен тығыз байланысты қайсы бір белгі бойын-

ша сараланған жиынтықтан механикалық іріктеу. Үлгілік бақылаудың бір түрі 

болып табылады. 

Жіктеу (классификация) – атрибутивтік белгі бойынша тұрақты негізгі топтас-

тыру,  онда  жекелеген  жиынтық  түрлері  ғана  емес,  сонымен  бірге  жиынтық 

бірліктерінің топтары мен шағын топтарының толық тізбесі болады. 

Икемділік коэффициенті (Э) – факторлық белгі бір пайызға ұлғайғанда нəтиже-

лілік белгісі қанша пайызға артатынын көрсететін көрсеткіш. 



Икемділіктің  жеке  коэффициенттері – факторларды  өлшеу  бірліктеріндегі 

486       ГЛОССАРИЙ

айырмашылықтарды  жояды  жəне  басқа  факторлар  тіркелген  жағдайда  əрбір 

фактор 1%-ға  өзгерген  жағдайда  талданатын  көрсеткіш  орташаша  қанша 

пайызға өзгеретінін көрсетеді. 



Индекс – зерттелетін  қоғамдық  құбылыс  деңгейінің  кейде  жəне  кеңістігінде 

өзгеруін сипаттайтын қатысты шама. 



Интерполяция – динамика қатарының жетіспейтін мүшелерін регрессия теңдеуі-

нің негізінде есептеу. 



Картограмма – картада түсі немесе нүктелері əр түрлі қоюлықта көрсетілген дерек-

тер. Картограмма тиісінше негізгі түстік жəне нүктелікке бөлінеді. 



Картодиаграмма    картада  əр  түрлі  диаграммаларды  немесе  дене-белгілерді 

орналастыру.  Мұның  өзінде  диаграмманың  көлемі  əдетте  сол  немесе  басқа 

əкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты деректердің ауқымын білдіреді. 

Квадраттық орташа ауытқу (σ– дисперсияның квадрат түбірі. 

Квартиль – медианаға ұқсайтын, қатарды жиілік сомасы бойынша 4 тең бөлікке 

бөлетін көрсеткіш. 



Кезеңді  бақылаулар – тұрақты  емес,  алайда  белгіленген  уақыт  кезеңінен  кейін 

ұдайы өткізілетін бақылаулар. Деректер əдетте қайсы бір құбылыстардың бел-

гілі бір уақыт сəтіндегі жай-күйін сипаттайды. 

Келісім өлшемі – нақты бөлудің қалыптыға жақындығын сипаттайтын көрсеткіш. 

Пирсонның («хи-квадрат» өлшемі), Романовскийдің, Колмогоровтың («лямб-

да» өлшемі) жəне Ястремскийдің өлшемдері белгілі. 

Кластерлік талдау – көп өлшемді топтастыру есептерін шешу əдістері. Белгілердің 

бүкіл  жиынтығы  «белгі  кеңістігін»  құрайды.  Əрбір  белгіге  координатаның 

маңызы беріледі. 

Корреляциялық байланыстар – қатысты, толық емес байланыстар, бұл жағдайда 

фактор-белгінің бір мағынасына салдар-белгісінің бірнеше мағынасы үйлеседі. 

Корреляциялық байланыстар өзінің тегі бойынша тікелей жəне кері, тік сызық 

жəне қисық сызық (сызықтық жəне сызықтық емес), бір факторлық жəне көп 

факторлық болады. 

Корреляциялық қатынас (эмпирикалық) (η) – детерминация коэффициентінің 

квадрат  түбірі.  Топтастыру  мен  нəтижелілік  белгілерінің  арасындағы 

байланыстың тығыздығын көрсетеді. 

Корреляциялық  тəуелділікті  табу  тəсілі  ретінде  топтастыру  əдісі – 

корреляциялық  тəуелділіктер  топтастыру  əдістерін  пайдаланылғанда  жəне 

жеке емес орташа деректерді салыстырғанда табылатын тəсілдеме. 

Корреляциялық  топтастырулар – жиынтықтың  бірліктерін  құрамдастырымда 

алынған екі өзара байланысты белгілер бойынша бөлу. 



Корреляциялық-регрессиялық  талдау – статистикалық  модельді  нəтижелілік 

белгісінен бір немесе бірнеше белгі-фактордан жəне байланыс тығыздығының 



ГЛОССАРИЙ        487

дəрежесін  бағалаудан  тəуелділігін  шамалап  білдіретін  регрессия  теңдеуі 

түрінде құру жəне талдау. 

Корреспонденттік деректер тəсілі – деректерді пошта бойынша жіберілетін жəне 

белгіленген  уақытқа  дейін  толтырып  кері  жіберу  өтініші  бар  нұсқаулықтар 

қоса тіркелген бланкілер бойынша жинау. 

Коэффициенттер  тəсілі – ішінара  бақылау  деректерінің  бас  жиынтыққа  таралу 

тəсілі. Осы тəсіл жаппай зерттеу деректерін тексеру мен нақтылау үшін ішіна-

ра бақылау жүргізу кезінде қолданылады. 

Көлем көрсеткіштерінің индексі – зерттелетін объектілердің ауқымын (өнімнің 

физикалық көлемін, бөлшек сауда айналымын, тұтынуды жəне т.б.) сипаттай-

тын индекстер. 

Көп  өлшемді  топтастыру – белгілердің  бүкіл  жиынтығы  бойынша  топтастыру. 

Топтастыру  мақсаты – кластерлік  талдаудың  көмегімен  «белгі  кеңістігінде» 

нүктелерді (объектілер тобының) жеке бөлу. 

Көп сандар заңы – көптеген заңдылықтардың жиынтық элементтерінің жеткілікті 

көп санында жаппай процесте ғана қалыптасу əрі айқын байқалу қасиеті. 



Көп сатылы іріктеме – типтік іріктеу бірнеше іріктеу сатыларымен ұштастыры-

латын іріктеу əдісі. Бұл ретте əрбір сатының өзінің іріктеу бірлігі болады. 



Көп фазалық іріктеу – көп сатылы іріктеуден іріктеу сатыларында сол бір ірікте-

летін бірлік сақталатынымен ерекшеленетін іріктеу əдісі. 



Көп факторлық корреляциялық-регрессиялық талдау – зерттелетін нəтижелі-

лік  көрсеткішке  теңдеуге  енгізілген  əрбір  фактордың  қалған  факторлар  тір-

келген  жағдайда  (орташа  деңгейде),  сондай-ақ  осы  көрсеткіштің  теориялық 

мағынасын  белгіленген  дəл  дəрежеде  табылатын  факторлардың  кез  кел-

ген  үйлесімінде  жасайтын  ықпалын  бағалауға  мүмкіндік  беретін  регрессия 

теңдеуін құру əдісі. Бұл ретте факторлардың арасында функционалдық байла-

ныс болмауға тиіс деген маңызды талап қойылады.

Кумулята – жинақталған  жиілік  негізінде  дискреттік  вариациялық  қатар  үшін 

салынған полигон. 



Күрделі  топтастыру – деректерді  екі  жəне  одан  астам  белгі  бойынша  топ-

тастыру. 



Қайталама  топтастыру – бұрын  бөлінген  (бастапқы)  топтастырудың  негізінде 

жаңа топтардың пайда болуы. Əдетте жаңа топтар бастапқы аралықтарды ірі-

лендіру арқылы алынады. Жаңа топтар құрудың екінші тəсіліне жиынтықтың 

бірліктерін үлестік қайта топтастыру жатады. 



Қайталанбайтын іріктеме – жекелеген бірліктің бас жиынтықтан кездейсоқ ірік-

телгеннен кейін қайтарылуы қарастырылмайтын іріктеу əдісі. 



Қасақана  жол  берілген  қате – артық  жазу  немесе  деректерді  жасыру  салдары-

нан туындайтын қателер. Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінде деректер-



488       ГЛОССАРИЙ

ді бермеу немесе статистикалық деректерді бұрмалап беру үшін жазаға тарту 

көзделген. 

Қасақана  емес  жол  берілген  қателер – жаңылысу,  сандардың  орнын  ауыс-

тыру  жəне  т.б.  салдарынан  кездейсоқ  жол  берілген  қателер.  Көп  деректерді 

жиынтықтағанда кездейсоқ қателер бірін-бірі ішінара жабады. 

Қатысты  көрсеткіш – салыстырылатын  екі  статистикалық  шаманың  арақаты-

насының  сандық  мөлшерін  беретін  талдап  қорытылған  көрсеткіш.  Екі 

көрсеткішті  (абсолюттік,  қатысты  немесе  орташа)  салыстыру  (бөлу) 

нəтижесінде алынады. 



Құндық  көрсеткіштер – ағымдағы  немесе  қатысты  бағада  берілген  абсолюттік 

көрсеткіштер. 



Құрамдастырылған  топтастыру – күрделі  топтастырудың  бір  белгі  бойын-

ша  құрылған  топтар  кейін  екінші  жəне  т.б.  белгі  бойынша  шағын  топтарға 

бөлінетін бір түрі. 

Құрылым  көрсеткіші  –  пайызда  көрсетілген  бүтіннің  үлесін  (немесе  өзіндік 

салмағын) көрсететін қатысты көрсеткіш. 



Құрылымдық өзгерістер есепке алынатын индекстер жүйесі – өзара байланысты 

индекстер жүйесі. Осы жүйеде орташа көрсеткіш динамикасының көрсеткіші 

(өзгермелі  құрам  көрсеткіші)  екі  индекстің,  яғни  өзгермейтін  құрылымдағы 

орташа көрсеткіш (тұрақты құрам индексі) пен орташа көрсеткіш динамикасы-

на құрылымның өзгеруіне жасайтын ықпалын өлшейтін индекстің (құрылым 

өзгерісінің индексі) көбейтіндісі ретінде қолданылады. 



Құрылымдық  өзгерістер  индексі  –  құрылымның  өзгеру  көрсеткішін  орташа-

ландырылған көрсеткішінің өзгеруін сипаттайтын индекс. Осы индекс өзгер-

мелі  құрам  индексін  тұрақты  құрам  индексіне  бөлу  арқылы  анықталады. 

Тұрақты  құрам  индекстері  есепті  кезеңнің  салмағы  бойынша  есептеледі, 

сондықтан  оларды  толықтыратын  құрылым  индекстері  индекстер  жүйесін 

құру үшін базистік кезеңнің салмағы бойынша есептеледі. 



Құрылымдық топтар – жиынтықтың құрамын сол немесе басқа белгілер бойын-

ша зерттеу. 



Маусымдық ауытқулар – динамика қатарындағы жыл ішіндегі өндірістің немесе 

осы тауарды тұтынудың айрықша жағдайларына байланысты көп те емес, аз 

да емес ауытқулары. 

Маусымдық индекс (I

s

) – аттас айлары (тоқсандары) бойынша нақты деңгейлер-

дің тегістелген деңгейлерге пайыздық қатынастардан есептелген орташа шамалар. 

Бұл ретте бірнеше жылдың (əдетте үш жылдан кем емес) деректері алынады. 

Медиана  –  вариациялық  қатардың  орташасында  болатын  варианта.  Медиана 

қатарды тең бөледі, оның екі жағында жиынтық бірдей бірлік саны болады. 



Мемлекеттік  статистикалық  есептілік – жалпымемлекеттік  жəне  ведомстволық 

бақылаулар, сол кезде жеке тұлғалар, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық 



ГЛОССАРИЙ        489

бөлімшелері  мемлекеттік  статистика  органдарына  Қазақстан  Республикасы 

заңдарында белгіленген тəртіппен, хабарланатын мəліметтерді беру мен олардың 

дұрыстығы үшін жауапты тұлғалардың қолы қойылған есептер табыс етеді. 



Механикалық  іріктелетін  типтік  іріктеме – механикалық  іріктеу  мен  типтік 

іріктеудің белгілері үйлесетін іріктеме əдісі. Бас жиынтықтың бірліктерін топ-

тастыру бейтарап белгі бойынша емес зерттелетін көрсеткштерге айтарлықтай 

ықпал  ететін  белгі  бойынша  жүргізіледі.  Бұл  іріктеме  қатесін  азайтуға  жəне 

оның санын кемітуге мүмкіндік береді. 

Механикалық іріктеу – бас жиынтық аралықтарға бөлінетін, содан кейін бірін-

ші  аралықта  бірлік  кездейсоқ  таңдалады,  содан  кейін  оны  барлық  қалған 

аралықтарда таңдайтын əдіс. 

Мода – осы жиынтықта өте жиі кездесетін белгінің мөлшері (варианты). Вариация-

лық қатарда бұл жиілігі жоғары варианты болады. 



Моменттік  (мезеттік)  көрсеткіштер  –  құбылыстың  белгіленген  уақыт  сəтін-

дегі  жай-күйін  сипаттайтын  көрсеткіштері  (жыл  соңындағы  халықтың, 

жұмысшылардың, кəсіпорындардың, машиналар мен жабдықтардың, малдың 

жəне т.б. саны). 



Монографиялық сипаттау – бірлі-жарым, алайда үлгі объектілерді, мысалы же-

келеген  кəсіпорындарды,  аудандарды  жəне  т.б.  егжей-тегжей  зерттеу  үшін 

пайдаланылатын жаппай емес зерттеудің бір түрі. 

Натуралды (заттай) көрсеткіштер – заттай өлшеу бірліктерінде көрсетілген аб-

солюттік көрсеткіштер. Натуралды (заттай) көрсеткіштер жай (мысалы электр 

станциясының  қуаты – киловатта,  ал  тасымалданған  жүктің  көлемі – тонна-

да)  құрамдас  (өндірілген  электр  энергиясының  мөлшері – киловатт-сағатта, 

ал жүк айналымы – тонна-километрде) көрсетіледі. Сондай-ақ шартты өлшеу 

бірліктері қолданылады (мысалы, əр түрлі отын түрлері жану жылулығы 7000 

ккал/кг деңгейінде қабылданған шартты отын тонналарына, ал сыйымдылығы 

əр түрлі консерві қалбырлары сыйымдылығы 353,4 куб. см. шартты қалбырға 

ауыстырылады).

Негізгі  массив  тəсілі  бойынша  бақылау – зерттелуге  тиіс  фактілердің 

айтарлықтай бөлігі жинақталған ең ірі бақылау бірліктері таңдалатын жаппай 

емес бақылаудың бір түрі. 

Нəтижелілік белгісі – бөлу қатары бірлігінің факторлық белгі деп аталатын жəне 

оның маңызын анықтайтын басқа белгімен өзара байланыста болатын белгісі. 



Номенклатура – жиынтықтың жекелеген түрлерінің жүйеге келтірілген толық 

тізбесі. 



Нұсқаулық – есептілік нысаны мен зерттеу бланкісіне қоса тіркелетін, сонымен 

бірге қосымша түсініктеме берілетін арнайы статистикалық құжат. 



Огива – орын ауыстырған осьтерге құрылған кумулят. 

Орташа шама – бір тектес құбылыстар жиынтығының қайсы бір саны вариацияла-

натын белгі бойынша қорытып талданған сипаттамасы. Орташа шама жиынтық 

бірлігіне жатқызылған осы белгінің деңгейін көрсетеді. 


490       ГЛОССАРИЙ

Орташа  шамалардың  мажоранттық  ережесі – осы  ережеде  орташа  шаманың 

дəрежесінің көрсеткіші неғұрлым көп болса, сол бір бастапқы статистикалық 

материалды  пайдаланғанда  оның  шамасы  солғұрлым  көп  болады  деп 

қарастырылады. 



Осцилляция коэффициенті (v

R

) – вариацияның шегі (R) мен арифметикалық ор-

таша шаманы салыстыру көрсеткіші. 

Өзгермелі  құрам  индексі – екі  кезеңнің  өз  кезеңдерінің  салмағы  бойынша 

өлшенген орташа көрсеткіштерінің қатынасы. 



Өзін-өзі тіркеу – зерттелетін тұлғаның бланкті өзі сұрақтарға түсінік ала отырып 

толтыруы.  Арнайы  бөлінген  қызметкер  тағайындалған  уақытта  толтырылған 

бланктерді жинап, олардың толық жəне дұрыс толтырылуын тексереді. 

Өсу қарқыны (Ty) – бір кезең қатарының деңгейлерінің екіншіге қатынасы. Өсу 

қарқыны  қатардың  барлық  деңгейлері  база  ретінде  қабылданған  қайсы  бір 

кезеңнің деңгейіне қатысты болғанда базистік ретінде немесе əрбір кезеңнің 

деңгейлері өткен кезеңнің деңгейлерімен арақатынаста болғанда тізбекті ретін-

де есептеледі. Коэффициентте, пайызда, промилледе жəне т.б. есептеледі. 

Өсім қарқыны (T



y) – абсолюттік өсуді бастапқы деңгейдің шамасына (коэффи-

циенттер) бөлу жəне 100-ге көбейту (пайыздар) арқылы есептеледі. 



Өсімнің 1%-дық  абсолюттік  мəні – абсолюттік  өсуді  өсу  қарқынына  бөлуден 

алынған бөлінді. 



Полигон – осінде вариант, ал y осінде – жиілік көрсетілетін дискреттік вариация-

лық қатарды графикалық көрсету. 



Репрезентативтілік (көрнектілік) қателері – іріктеме жиынтық бас жиынтықты 

қалай  көрсететінін  (таныстыратынын)  білдіреді. (Іріктеме  қатесін  де 

қараңыз). 

Ресми статистиканың негізін қалайтын қағидалары – БҰҰ мүше-елдері ресми 

статистикасының БҰҰ Статистикалық комиссиясы Нью-Йорктегі арнайы сес-

сияда 1994 жылғы 11-14 сəуірде қабылдаған қағидалары. 

Салыстыру көрсеткіші – əр түрлі объектілерге немесе аумақтарға жататын, алай-

да сол бір уақыт кезеңімен (мезетімен) аттас көрсеткіштерді салыстыруды си-

паттайтын қатысты көрсеткіш. 

Сандық белгілер – саны вариацияланатын белгілер (жұмыс өтілі, еңбекақы). Аль-

тернативті белгілер атрибутивтік белгілердің бір түрі болып табылады. 



Сапа көрсеткіштерінің индексі – зерттелетін объектілердің құбылысының сапа-

лық  маңызын  (бағалардың,  өндірістің  өзіндік  құнының,  еңбек  өнімділігінің, 

астық түсімділігінің жəне т.б.). көрсететін индекстер. 

Сауалдама  тəсілі – экспедициялық  (ауызша)  сауалдама,  өзін-өзі  тіркеу,  коррес-

понденттік тəсіл. 



Сериялық іріктеме – жиынтықтың жекелеген бірліктерін емес толықтай серияла-

ГЛОССАРИЙ        491

ры (ұялары) кездейсоқ іріктелетін іріктеме əдісі. Серия ішінде барлық бірлік-

тер жаппай іріктеледі. 

Статистика – жаппай  қоғамдық  құбылыстардың  сапалық  мазмұнын  сан 

жағынан зерттейтін ғылым. Статистиканың жалпы теориясы мен əлеуметтік-

экономикалық статистикаға бөлінеді. 

Статистикалық бақылау – əлеуметтік-экономикалық өмірдің құбылыстары мен 

процестері  жөніндегі  деректерді  алдын  ала  əзірленген  бағдарлама  бойынша 

жоспарлы, ғылыми жағынан ұйымдастырып жинау. 

Статистикалық бақылау бағдарламасы (бір жақты) – статистикалық бақылау 

өткізген кезде жауап алынуы тиіс сұрақтардың тізбесі. 



Статистикалық бақылау бағдарламасы (кең мағынада) – бақылауды жүргізудің 

мақсаты  мен  міндеттері,  дерек  жинау,  оларды  есептеудің  нысан,  сауална-

ма,  анкета,  санақ  парағы,  есеп  бланкісі  мен  оларды  есептеу  əдістемесі  жəне 

статистикалық бақылауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық түріндегі əдістемесі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет