Негізгі капиталдың табиғи тозуы – табиғи – негізгі капиталдың материалдық
ескіруі (тозуы), пайдалану немесе жұмыс істемей тұру нəтижесінде, табиғат
күшінің немесе зілзаланың салдарынан оның табиғи қасиеттері мен құнының
бірте-бірте жоғалуы.
Негізгі капиталдың тозуы – негізгі капиталдың ескіруі.
ГЛОССАРИЙ 507
«Орман шаруашылығы», «Балық шаруашылығы» салаларының шығары-
лымы нарықтық шығарылым плюс нарықтық емес шығарылым ретінде
анықталады.
Объектілер – тауарлар, қызметтер, ақша.
Орташа сағаттық өндірім – жұмысшылар бір сағат нақты жұмыс істегенде
өндіретін өнімнің орташа көлемі.
Осы елдің экономикалық аумағы – осы елдің үкіметі əкімдік етіп басқаратын,
сондай-ақ шектеріндегі адамдар жəне тауарлар мен ақша еркін өте алатын
аумақ.
Өзгермелі, тұрақты құрамның, құрылымдық өзгерістердің қатысты
шығын деңгейінің индекстері – ағымдағы шығындардың тиімділігін
өңір, кəсіпорынның типтері, меншік нысаны, сала, экономика секторының
белгілері бойынша шығын деңгейі мен шығарылған өнім массасындағы
айырмашылықтардың есебінен сипаттайды.
Өзгермелі құрамның орташа капитал қайтарымының индексі – орташа ка-
питал қайтарымының жекелеген кəсіпорындардағы, салалардағы капитал
қайтарымы мен негізгі капиталдың орташа құнындағы құрылымдық өзгеріс-
тер деп аталатын екі фактордың өзгеру есебінен өзгеруін көрсетеді.
Өндірушінің бағасы – ҚҚС пен импорт салығын жəне өнімге берілетін субсиди-
яны қоспағанда, өнімге салынатын салықты қоса алғанда өндіруші тауардың
немесе қызметтің бірлігі үшін алатын баға.
Өндірілген материалдық емес қаржы емес активтер – адамның еңбегімен
жаса латын экономикалық объект жəне қайсы бір тасымалдағышқа жазылған
жал пыға жария емес ақпарат. Осындай объектіге геологиялық-барлау жұмыс-
тарына, ЭЕМ компьютерлік бағдарламалық қамтамасыздандыруға, көңіл кө-
те ретін, əдеби жəне көркем шығармалардың түпнұсқаларына жұмсалатын
шығын жатады.
Өндірілген материалдық қаржы емес активтер – өндіріс процесінде пай-
да болады жəне негізгі капиталға, материалдық айналым капиталына жəне
құндылыққа бөлінеді.
Өндірілмеген қаржы активтері – өндіріске қажетті активтер, алайда олар өздері
өндіріс өнімі болып табылмайды, ол табиғаттан пайда болады (жер, жер
қойнауы, культивацияланбайтын биологиялық ресурстар, жер астындағы су
ресурстары).
Өндірілмеген материалдық емес қаржы емес активтер – өндіріс процес-
терінен тыс жасалатын, ал өндіріс процесіне байланысты жасалатын жəне
бір институционалдық бірліктен екінші институционалдық бірлікке кезең-
кезеңмен көшетін заңды, есептік нысандар; олар патент : жалға алу құқығы
немесе басқа да берілетін келісімшарт, сатып алынған іскерлік «гудвилл» бай-
ланысы жəне авторлық құқық түрінде іске асырылады.
Өндіріс нəтижелері тиімділігінің көрсеткіштері экономикалық қызмет нəти-
жесінің шығындарға немесе ресурстарға арақатынасы ретінде есептеледі.
508 ГЛОССАРИЙ
Өндіріс шотында кəсіпорындардың өндіріс нəтижелері, яғни барлық тауарлар-
дың, қызметтердің шығарылымы, аралық тұтыну жөніндегі операциялары
көрсетіледі.
Өндірістік қорлар – кəсіпорын өндірісте аралық тұтыну ретінде пайдалану үшін
қорда ұстайтын барлық тауарлар (шикізат пен материалдар, отын мен жа-
нар-жағармай; жиынтықтаушы бұйымдар, конструкциялар, бөлшектер; арзан
бағалы жəне жылдам тозатын заттар; құрылыс материалдары: бордақыланатын
жас жəне үлкен мал; кеңсе тауарлары).
Өнеркəсіп өнімі – кəсіпорынның, үй шаруашылығының өнеркəсіптік-өндірістік
қызметінің тауарлар нысанындағы немесе тауарлардың ішінара жоғалтылған
тұтыну құнын қалпына келтіретін өнеркəсіптік сипаттағы жұмыстар мен
қызметтер түріндегі тікелей пайдалы нəтижесі.
«Өнеркəсіп» саласының шығарылымына:
– даяр бұйымдар, өңделме шикізаттан жасалған өнім;
– жартылай фабрикаттар, аяқталмаған өндіріс;
– тапсырыс бойынша бөгде тарап үшін орындалған өнеркəсіптік жұмыстар;
– меншік жабдықтар мен көлік құралдарын күрделі жөндеу жөніндегі
жұмыстар;
– қосалқы өндірістердің өнімі (электр энергиясы, бу, су);
– өндіріс жəне қайта өңдеу кіреді.
Өнім бірлігінің жеке өзіндік құны – бір бұйымды шығаруға жұмсалатын шығын.
Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны – белгіленген өнімнің көлемін өндіруге
жұмсалған шығынның əр түрлі меншік нысанындағы, өңірлердің осы
өндірілген өнімнің мөлшеріне жұмсалған жалпы сомасы.
Өнім өндірісі мен оны сатуға жұмсалатын шығынына бүкіл өнім өндірісіне,
өнімді көшіруге, оны сақтауға, толықтай өңдеуге, белгілі мөлшермен өлшеуге,
қаптауға, тұтынушыға босатуға жəне т.б.қатысты шығынның толық шамасы
кіреді.
Өнімдер – тауарлар мен қызметтер.
Өнімнің еңбекақы сыйымдылығы – еңбекақы шығынының өнім шығары-
лымының қатынасына тең.
Өнімнің өзіндік құны – өндіріс процесінде белгіленген өнімнің, табиғи ресурс-
тардың, шикізаттың, материалдың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың,
еңбек ресурстарының көлемін пайдалануымен байланысты ақшалай шығын-
нан қалыптасады.
Өнімнің төлем сыйымдылығы – еңбекақы шығынының өнім шығарылымына
қатынасы ретінде анықталады.
Резидент – осы елдің экономикалық аумағында орналасқан, жыл жəне одан астам
уақыт бойы экономикалық қызметке қатысатын институционалдық бірлік.
«Сауда» саласының шығарылымы мына əдістермен есептеледі:
– сату жəне сатып алу бағаларында қосылған құн салығы мен өнімге салы-
ГЛОССАРИЙ 509
натын басқа да таза салық қосылмай (сатылған сауда үстелмесі) құнының
сатылған тауарлардың айырмасы;
– сауда қызметін іске асыруға жұмсалған шығын мен алынған табыстың со-
масына тең сауда үстемесінің көлемі.
Салық түсімдері – мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қажеттілікті қанағат-
тандыру үшін өндіретін міндетті, өтеусіз, қайтарымсыз төлемдер.
Салықтық емес түсім – ақылы қайтарымсыз түсім (меншіктен түсетін табыс,
жиындар, тауар мен қызмет сатудан түсетін түсім, ведомстволық ұйымдардың
кассалық пайдасы); кейбір өтеусіз, қайтарымсыз түсімдер (айыппұлдар,
ағымдағы жеке) жəне т.б.
«СИФ» (импорттаушы елдің порты) «cif» деген ағылшын сөзінен шыққан,
құнды, сақтандырудың, фрахт-тасымалдауды білдіреді. Кеден статистика-
сында тауарлардың импортын «сиф» бағада есепке алады. «Сиф» бағаға тауар
бірліктерінің құны мен тауарды сақтандырумен, тағайындалған жерге дейін
тасымалдаумен байланысты барлық қызметтердің құны кіреді.
Статистикалық алшақтық – жалпы ішкі өнімді түпкілікті пайдалану əдісімен, та-
быс жасау əдісімен жəне өндірістік əдіспен есептегенде кəсіпорындар мен үй
шаруашылықтары табыстарын жасыруына; бухгалетрлік есептің халықаралық
стандарттарға сəйкес болмауына; кəсіпорын деңгейіндегі қаржылық есептілік-
те көрсетілген салықтар мен пайда туралы ақпараттың сенімсіздігіне байла-
нысты туындайды.
Субсидиялар – мемлекеттік бірліктердің кəсіпорындарға төлейтін өтелмейтін
ағымдағы төлемдері.
Субъектілер – шаруашылық бірліктер.
Табельдік қор – жұмыс уақытының қоры, ол демалыстар мен мереке күндері
қосылмай, жұмыс істелетін ықтимал күн санына сəйкес есептеледі.
Табиғи нысандағы табысты қайта бөлу шотында бастапқы табыстардың – ішкі
экономиканың секторлары шетелден алған ағымдағы трансферттерінің қайта
бөлінуі минус отандық секторлар шет елге төлеген ағымда трансферттері
көрсетіледі.
Табыс құрылатын шот жалпы қосылған құнның бастапқы табыс бөлінетін
сатыдағы қозғалысын, жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысына, мемле-
кеттің табысының – салықтарға, кəсіпкерлердің табысының – пайдаға бөлінуін
көрсетеді.
Табыс пен байлыққа салынатын ағымдағы табыстар, күрделі салықтар –
ҰШЖ-де трансферттер ретінде қарастырылатын қайта бөлінетін төлемдер.
Табыстарды қайталама бөлу шоттары – алынған табыстардың экономиканың
секторлары арасында қайта бөлінуі.
Табысты пайдалану шоты жалпы ұлттық қолда бар табыстың түпкілікті ұлттық
тұтыну мен жалпы ұлттық жинақ ақшаға қалай пайдаланылатынын көрсетеді.
510 ГЛОССАРИЙ
Табысты бастапқы бөлу шотында факторлық табыстар (еңбекақы, пайда, ара-
лас табыс, пайыздар, дивидендтер, рента, инвестициялық табыстар) қосылған
құнды өндіруші бір сектордан басқа алушы-секторға қалай түсетінін тірке-
леді.
Таза кредиттеу (+) экономика үшін бейрезиденттердің осы елдің резиденттері-
не берген қаржы активтерінің олардың қаржы міндеттемелерінен асуын
көрсетеді.
Таза қарыз алу (–) осы елдің резиденттері өтеуге тиіс қаржы міндеттемелерінің
берілген қаржы активтерінің сомасынан асқан көлемін көрсетеді.
Таза қосылған құн жалпы қосылған құн минус негізгі капиталды тұтынуға тең.
Таза табыс негізгі қызметтен салық салынғанға дейін түскен табыс минус
салықтарға тең.
Таза салықтар – салықтар мен субсидиялардың арасындағы айырма.
Таза тауар айналымы – қайталама шотсыз жалпы тауар айналымы.
Таза ұлттық жинақ ақша жалпы ұлттық жинақ ақша минус негізгі капиталды
тұтыну ретінде анықталады.
Таза ұлттық табыс жалпы ұлттық табыс минус негізгі капиталды тұтынуға тең.
Таза ішкі өнім жалпы ішкі өнімнен негізгі капиталды тұтынуды шегеруге тең бо-
лады.
Тас жол шаруашылығы өнімінің шығарылымы автокөлік жолдарын ағымдағы
жөндеумен ұстау жөніндегі жұмыстардың (тазарту, белгі қою, көгалдандыру)
көлемімен анықталады.
Тауар айналымы – тауарлардың белгіленген уақыт кезеңінде ақшаға шағылып
айналу процесі.
Тауар қорлары тауар айналымының қамтамасыз етілуі (күнде) – тауар
қорларының жетіспейтін сауда жасалатын күндердің саны; белгіленген тауар
түрінің осы тауардың бір күндік айналымына қатынасы ретінде есептеледі.
Тауар қоры – белгіленген уақыт сəтінде нарықта табиғи жəне ақшаға шағылған
тауардың бөлігінің ұдайы болуы.
Тауардың қозғалысы – тауардың өндірушіден бөлшек саудаға, түпкілікті
тұтынушыға көтерме сауда сатып алушы, экспорттаушы, сауда агенті, брокер
арқылы қозғалу.
Тауарлар – меншік құқығы таратылатын жəне сұранысқа ие физикалық заттар.
Тауарлар мен қызметтер шотында экономика бойынша тауарлар мен
қызметтердің жалпы ресурстары (шығарылым мен импорт), сондай-ақ осы ре-
сурстар пайдаланылатын бағыттар көрсетіледі.
Тауарлармен жəне қызметтер жасалатын операциялар олардың өндіріс, тұтыну,
инвестициялар, экспорт пен импорт процестеріндегі қозғалысын тіркейді.
ГЛОССАРИЙ 511
Теңгенің сатып алу қабілетінің атаулы индексі – теңге бағамының АҚШ долла-
рына қатысты өзгеруі мен жалпы ақша массасындағы шетел валютасындағы
ақша айналымының үлесі ескеріліп есептеледі.
Техникалық сақтандыру резервтері – белгіленген жағдай туындағанда
сақтандыру өтемақысын төлеу, меншіктен табыс алу мақсатында сақтандыру
резервтерінің қаражатын инвестициялау жөніндегі сақтандыру полистері,
сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерді зейнетақымен қамтамаыз етуге
арналған резервтер.
Трансферт – бір институционалдық бірлік екінші институционалдық бірлікке тау-
арды, қызметті, ақшаны орнына ешқандай балама, яғни өтемақы алмай, тегін
беретін экономикалық операция.
Туған кездегі өмірдің болжамды ұзақтығы – ұрпақтың бүкіл өмірінде əр жастағы
өлімнің деңгейі осы көрсеткіш есептелетін жылдардағыдай болады деген ша-
мамен ұрпақтың тағы бір адамы орташа өмір сүру қажет орташа жыл санын
көрсетеді.
Тұрақты құрамның еңбек өнімділігінің индексі – жұмысшылардың (қыз-
меткерлердің) құрылымы өзгермеген жағдайда жұмысшылар (қыз меткерлер)
жиынтығының жеке өнімділігінің дəрежесін сипаттайды.
Тұрақты құрамның орташа капитал қайтарымының индексі – орташа капитал
қайтарымының негізгі капиталдың өзгермейтін (тұрақты) құрылымында жеке-
леген кəсіпорындарда, салаларда капитал қайтарымының өзгеру деп аталатын
бір фактордың, яғни орташа капитал қайтарымының өзгеруін сипаттайды.
Тұрақты халық (ТХ) – осы елді мекенде санақтың сыни сəтінде нақты тұруына
қарамастан тұрақты (жыл жəне одан астам) тұратын (яғни уақытша кеткен-
дерді қоса алғанда), сондай-ақ тұру мерзіміне қарамастан тұрақты жұмыс іс-
теуге немесе оқуға келген адамдар.
Тұтынушының нарықтық бағасы (ТНБ) – өнім мен импортқа салынатын бар лық
таза салықты қоса алғанда сатып алушы тауар немесе қызмет үшін төлейтін
баға.
Түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыс – экономиканың үй шаруашылықтары,
мемлекеттік басқару органдары, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін
коммерциялық емес ұйымдар деп аталатын үш секторының тұтыну тауарлары
мен қызметтеріне жұмсалатын шығыстардан қалыптасады.
Уақытша кеткендер – осы елдің мекеннен бір жылдан аспайтын мерзімге уақыт-
ша тысқары кеткен тұрақты тұрғындар.
Уақытша тұратындар – осы елді мекенде уақытша (бір жылдан аспайтын)
тұратын адамдар.
«Үй шаруашылықтары» секторы – заңды тұлға құрмаған жеке кəсіпкерлерді
жəне жеке еңбек қызметінің басқа да нысандарын біріктіреді (бұған заңды
тұлға мəртебесі жоқ отбасылары, жалғыз азаматтар, кəсіпкерлер кіреді).
512 ГЛОССАРИЙ
«Үй шаруашылықтары» секторының түпкілікті пайдалануға жұмсайтын
шығысы – Қазақстан Республикасының экономикалық аумағында, сондай-
ақ шетелде де орналасқан резидент-үй шаруашылықтарының шығыстарын
көрсетеді.
«Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар»
секторы – үй шаруашылықтарына тауарлар мен қызметтерді қайырымдылық
көмектің, құрылтайшы-кəсіпорындардың трансферттерінің есебінен тегін не-
месе төмен бағамен береді.
«Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес
ұйымдар» секторының түпкілікті тұтынуға жұмсайтын шығысына – үй
шаруашылықтарының жеке жəне ұжымдық қажеттіліктеріне қызмет көрсететін
қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шығыны, негізгі капиталының тозуы кіреді.
Ұлттық жинақ ақша – қолда бар табыстың түпкілікті тұтынуға жұмсағаннан кейін
қалған жəне қорланымды қаржыландыруға жұмсалатын бөлігі.
Ұлттық табыс Қазақстан Республикасының резиденттері есепті кезеңде нарықтық
бағада өндірген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құнын
көрсетеді.
Ұлттық Шоттар Жүйесі – макроэкономиканың өрістетілген моделі, экономика-
лық циклдің сандық сипаттамасы.
Ұлттық экономика тек резиденттердің ғана осы елдің экономикалық аумағында
немесе одан тысқары орналасқанына қарамастан қызметін қамтиды. Ұлттық
экономика үшін «жалпы ұлттық табыс» көрсеткіші есептеледі.
ҰШЖ-гі бастапқы шығындар – өндірістің бастапқы факторларын көрсетеді жə не
оған еңбекақы, өндіріс салығы, негізгі капиталды тұтыну кіреді.
ҰШЖ-да макродеңгейдегі аралық тұтыну отандық өндірушілер осы кезең ішін-
дегі өндірістік қызмет процесінде жұмсаған негізгі капитал мен еңбекақыны
қоспағанда өндірісте жаңа, басқа тауарлар мен қызметтерді жасау процесінде
жұмсалған тауарлар мен қызметтердің құнын қамтиды.
Үй шаруашылықтарының нақты түпкілікті тұтынуына олардың жеке
ағымдағы табысы мен үй шаруашылықтарына тегін қызмет көрсететін мем-
лекеттік басқару органдары мен коммерциялық емес ұйымдардан тегін алған
тұтыну тауарлары мен қызметтерінен (табиғи нысандағы əлеуметтік транс-
ферттер) құралады.
«ФОБ» баға ағылшын тіліндегі «fob» деген сөзден шыққан, ол «борттағы еркін
баға» деген ұғымды білдіреді. Кеден статистикасында тауарлардың экспорты
«фоб» бағада есептеледі.
Факторлық баға – өндіруші тауардың, қызметтің бірлігі үшін алатын баға. Ол
аралық тұтынудың, негізгі капиталды тұтынудың, жалпы пайданың (жалпы
аралас табыстардың) сомасына тең.
ГЛОССАРИЙ 513
Халық – осы аумақта тұратын адамдар.
Халықтың жоқшылық (кедейшілік) индексі көрсеткіштердің арифметикалық
орташа шамасының кубтық квадраты ретінде есептеледі
1) индустриалдық елдер үшін:
– халықтың 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін үлесі, %;
– ересек халықтың функционалдық сауатсыз үлесі, %;
– халықтың табысы елдегі медиандық табыстың 50%-дық деңгейінен төмен
үлесі, %;
– экономикалық белсенді халықтың 1 жыл жəне одан астам уақыт жұмысы
жоқ үлесі;
2) Қазақстан үшін (халықтың кедейшілік индексі – ХКИ):
– халықтың 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін үлесі, %;
– ересек халықтың сауатсыз үлесі, %;
– халықтың табысы күнкөріс деңгейінен төмен үлесі, %;
– экономикалық белсенді халықтың жұмысы жоқ үлесі;
3) дамушы елдер үшін – адами дамудың негізгі салаларында халықтың
мұқтаждық көрсеткіштері пайдаланылып ұқсас формула бойынша есепте-
леді:
– ұзақ жəне салауатты өмір сүру мүмкіндігінде, яғни 40 жасқа дейін өмір
сүретін халықтың үлесі;
– білім алу мүмкіндігінде – ересек халықтың сауатсыз үлесі;
– лайықты өмір сүру үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуде – денсаулық
сақтау қызметтеріне, қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмайтын халықтың
арифметикалық орташа үлесі жəне салмағы аз 5 жасқа дейінгі жастағы
үлесі.
Халықтың кедейшілігінің мүмкіндіктер бойынша көрсеткіштері – білік-
ті медициналық қызметкердің көмегінсіз туған балалардың үлесі; 15 жəне
одан ересек сауатсыз əйелдердің үлесі; салмағы нормадан аз 5 жасқа дейін
балалардың үлесі сияқты үш көрсеткіштің арифметикалық орташа шамасы.
Халықтың өмір сүру деңгейі – лайықты өмір сүруге арналған материалдық
ресурстарға: салауатты өмір сүруге, аумақтық жəне əлеуметтік ұтқырлықты
қамтамасыз етуге, ақпаратпен алмасуды жəне қоғам өміріне қатысуға қол жет-
кізу.
Халықтың өмір сүру деңгейінің интегралдық көрсеткіштері адам əлеуетінің
дамуының негізгі мүмкіндіктерін, яғни ұзақ жəне салауатты өмір салты; білім
алуды; экономикалық өндіріске қатысуды есепке алады.
Халықтың табысының децильдік саралау коэффициенті – халықтың ең жоғары
табысты тобының 10%-ның ең төмен табысы халықтың ең төмен табысы бар
тобының 10%-ның ең жоғары табысынан неше есе асатынын көрсетеді.
Халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтыну динамикасы – физикалық
көлемнің гармоникалық орташа индексінің (тұтыну бағасының индексі)
көмегімен зерттеледі.
Шетелдердегі аумақтық анклавтар – осы елдің үкіметтік мекемелері
33 – 3/10-09
514 ГЛОССАРИЙ
дипломатиялық, əскери, ғылыми мақсатта жалға алу немесе меншік негізінде
пайдаланатын басқа елдерде аймақтар.
Ішкі экономика осы елдің экономикалық аумағындағы резиденттердің де, соны-
мен бірге бейрезиденттердің де қызметін қамтиды. Ішкі экономика үшін «жал-
пы ішкі өнім» көрсеткіші есептеледі.
Экономика секторы – өз атынан активтерді иеленетін, міндеттеме қабылдайтын,
басқа мекемелік бірліктермен ұқсас экономикалық қызметті жүзеге асыратын
институционалдық бірліктердің жиынтығы.
Экономикалық актив – меншік құқығы таратылатын жəне оны иеленуден ие
экономикалық пайда (келешектегі табыс) алатын объект.
Экономикалық белсенді емес (енжар) халық – экономикалық белсенді жастағы,
үй шаруашылығын жүргізетін халық, сондай-ақ күндізгі оқу нысаны бойынша
оқитын оқушылар.
Экономикалық белсенді жастар – бұл 15-24 жастағы жұмыс істейтін жəне
жұмыссыз халық.
Экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) – халықтың тауар мен қызмет
өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі (15 жəне одан
үлкен жастағы).
Экономикалық қызмет істемейтін еңбекке қабілетті жастағы еңбекке жа-
рамды халық – жеңілдікпен, асыраушысынан айырылуына байланысты,
мүгедектік бойынша зейнетақы алатын адамдардың бөлігі жұмыс іздемейді,
алайда жұмыс істей алады жəне істеуге даяр; немесе күнкөріс көзіне қарамастан
жұмыс істеу қажет еместер.
Экономикалық операция – екі институционалдық бірліктің өзара келісім бой-
ынша өзара ықпалдасуының экономикалық ағыны.
Экономикалық өндіріс – институционалдық бірліктің бақылауымен орында-
латын, басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін еңбек, капитал, тауар,
қызмет шығыны жүзеге асырылатын қызмет.
Экономикалық функциялар – негізгі экономикалық процестер.
Экономиканың жалпы қосылған құны шығарылым мен аралық тұтынудың
арасындағы айырма ретінде анықталады, яғни бұл құнның үстелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |