Алматы «Жібек жолы» 2009



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата06.03.2017
өлшемі1,77 Mb.
#7824
1   2   3   4   5   6   7   8   9

СУРЕТ
Менен  де  өтіп  кетті-ау  деуге  аузың  бармайтын,  сол  бір 
алаңсыз күндер енді қайта оралмайды-ау деп ойлауға көңілің 
қимайтын, əрбір сəті дəл қазір есіңе ала қалсаң жүрегіңді ау-
ырта шымшитын, алыстаған сайын ең көңілсіз кездерінің өзі 
өзегіңді талдыра сағынтатын, ата-анаң мен аға-əкпелеріңнің 
ортасында  өткен  алаңсыз  бала  күндерді  ағамның  кішкене 
баласы тосыннан есіме қайта салды.
–  Көкем  мына  тəтені  неге  көтеріп  алған? – дейді  ол 
əкесінің иығынан жұлқылап, қолына менің бір қызды көтеріп 
түскен суретімді ұстап алыпты.
Əкесі  оған  мойын  да  бұрмастан, «Өзінен  сұрасаңшы!» 
дей  салды.  Меніңше,  ол  газеттің  қызығына  кіріп  кетті  де, 
ұлының  не  сұрағанына  да  назар  аударған  жоқ.  Болмаса  су-
ретке  бір  қарар  еді,  ал  қарай  қалса  сол  бір  күндер  оның  да 
көз алдынан тізбектеліп тағы бір рет баяу ғана сырғып өтер 
еді?..
...Дəл  осы  баласындай  ғана  күнімде  ағам  менің  қазіргі 
жасымда  болатын,  əлде  менен  сəл  үлкен  бе  еді?..  Əйтеуір, 
мен  оны  өте  қатты  жақсы  көретінмін,  ылғи  оны  іздеп,  ол 
жоқ  болса  үйге  сыймай  аласұратынмын,  айдалада  адасып 
қалғандай  біртүрлі  жалғызсырайтынмын.  Əке-шешеміз 
дүкеннен,  той-томалақтан  ала  келген  тəтті  мен  жұмсақтың 
бəрін ол келіп, екеумізге теңдей қылып бөлгенше, тиіспеуші 
едім.  Бірде  осындай  базарлықтың  ішінен  жалғыз  ғана 
жаңғақ  шықты.  Мен  үшін  ол  кезде  жаңғақ  өте  таңсық  еді. 
Менің: «Бұл  не?  Оның  ішінде  не  бар?  Тəтті  ме?  Оны  кім 
пісірген?»  деген  соңы  жоқ  сұрақтарымнан  шаршап  кеткен 
анам  жаңғақты  шағып,  дəнін  алып  берді.  Алдында  өзіме 
тиесілі  бөліктен  кішкене  ғана  дəм  татып  көріп,  қалғанын 

19
ағаммен  бірге  жеуге  бел  байлағам.  Сəлден  соң  тағы  бір 
тістегім келді. Қысқасы, бес-он минуттың айналасында мен 
ағама қойған дəнді де жеп алдым. Сосын барып қолымдағы 
қабыққа  қарап  отырып, «Енді  ағама  не  айтам»  деп  ойла-
дым.  Көп  ұзамай  ол  жұмыстан  келуі  керек. «Қой,  бұлай 
отыра беруге болмас» деп шешкен болуым керек, анамның 
айтуынша,  күл  шығаратын  қалақты  алып  мен  қораны  ай-
налып  кетіппін  де  кəдімгідей  шұңқыр  жасап,  əлгі  қабықты 
жерге  көміп  келіппін.  Сосын,  анама  келіп, «менің  жаңғақ 
жегенімді  ағама  айтпашы»  деп  ол  жұмыстан  келгенше  жа-
лынып  жүріппін...  Ол  мені  қайда  барса  да  жанынан  бір  елі 
қалдырмайтын. Түнде де екеуміз бірге ұйықтайтынбыз. Мен 
жайында  сөз  бола  қалса,  анам  оған: «Осыны  мен  емес,  сен 
туғансың ғой» деп бір күліп алатын.
Күндердің  бір  күнінде  біздің  үйде  үлкен  қарбалас 
басталды,  əке-шешем  мен  ағам  шəй  үстінде  болсын,  жəй 
отыра  қалса  да  шүңкілдесіп,  маған  түсініксіз  бірдеңелерді 
əңгіме  қылатын  болды.  Тыным  таппай  ары-бері  безектеп, 
дүкеннен  түрлі  азық-түлік  тасыды.  Анау-мынауға  көп  ара-
ласа  бермейтін  əкемнің  өзі  мен  кейде  барымталап  кетіп 
жүрген  тəттілер  мен  сусындарды  бір  көріп  шығып,  анам 
екеуі сандықтың жанында түрлі-түрлі киімді қопарып, ұзақ 
отыратынды шығарды. Жəй күндері де екі езуі екі құлағына 
жетіп,  тіпті  қатты  көңілденсе  иығынан  да  келмейтін  анама 
асыла  кетіп,  ылғи  көңілі  асып-төгіліп  жүретін  ағам  кейінгі 
кезде  бұрынғыдан  мың  есе  жайдарыланып  кетті.  Бетпе-бет 
келе қалсақ болды, мені құшақтап алады да аспанға лақтырып 
жіберіп: «аз күнде жеңгелі боласың. Саған мынандай жеңге 
тауып  қойдым»  деп  ақсия  күледі.  Ол  кезде  жеңгенің  маған 
не  керегі  бар  жəне  оның  ағам  мен  əке-шешем  үшін  қандай 
үлкен  қуаныш  екенін,  біздің  отбасыға  алғашқы  той  қандай 

20
маңызды  екенін  қайдан  білейін.  Кездескен  сайы  «Машина, 
машина  ойнайықшы», «Ат  болшы»  деп  жабыса  кетем.  Ол 
шашымды ұйпалақтап жібереді де: «кейін, кейінірек ойнай-
мыз»  деп  өте  шығады.  Көп  ұзамай-ақ  біздің  үйге  қалың 
жұрттың қошеметімен мен танымайтын əдемі бір тəте келді. 
Ауылдағы  үлкен-кіші  түгел  жиналып,  түннің  бір  уағына 
дейін əн салды. Есіктің алдына шығып би биледі. Əкем үлкен 
кісілермен бірге төргі үйде отырып, ұзақ-ұзақ əңгіме айтты, 
қайта-қайта ет жеді. Тізесінде отыра-отыра əбден жалыққан 
кезімде  мені  «жеңгеңмен  таныстырам»  деп  көрші  апай 
сыртқа  алып  шықты.  Қазір  ойлап  қарасам,  қуаныштың  көз 
жасы  екен  ғой,  жанарынан  аққан  жасты  бірде  сүртіп,  бірде 
сүртпей,  қайта-қайта  жылы  жымиып, «Бақытты  болыңдар, 
бақытты  болыңдар»  дей  берген  анама  бір  қатындар  жабы-
лып жүріп, жарты стақан шарап ішкізіп жібергені əлі есімде. 
«Арақты аналар ішпейді, əкелер ішеді. Сен жамансың» деп, 
менің маңыма талайға дейін жоламай қойғансың» деп кейін 
анам талай күліп еді... Абыр-сабырдан жалығып, тəттіге ар-
мансыз  тойып,  сұлу  тəтеге  тым  жақын  да  бармай,  алыстан 
ұрлана қарап отыр едім, сол жерде ұйықтап қалыппын. Оян-
сам  төсегімде  жалғыз  өзім  жатырмын.  Күн  шығып,  жерге 
жарық  түсіп  кеткенімен  əлі  ешкім  оянбапты.  Төңірегімнен 
ағам да көрінбеді.
Келесі  күн  де  у-шумен  басталып,  үйге  жан-жақтан  та-
нысы бар, бейтанысы бар түрлі қонақтар тағы да келе баста-
ды.  Тағы  да  аста  төк  дастархан  жайылды.  Əркім  келіп,  ал-
дымен  мені  құшақтайды  да  бетімнен  сүйіп, «жеңгең  құтты 
болсын»  дейді.  Əркім  келіп,  ағамның  иығынан  қағады  да, 
«құсың  құтты  болсын»  айтады.  Мен  ғой  екі  күннен  бері 
қайталана берген осы бірсарындылықтан жалығайын дедім. 
Ағам болса бұл сөзді жаңа ғана естігендей əр келушіге риза 

21
бола қарап алады да жөні жоқ ыржаңдай береді. Дегенмен, 
маған  да  жаңа  бір  ермек  табылды.  Кешегідей  емес  жаңа 
тəтеге  үйір  бола  бастадым  да,  ол  бірдеңеге  жұмсаса  оның 
бір  керегіне  жарағаныма  қуанып,  ол  кей  нəрсенің  ретін 
сұраса,  соны  да  білмейтініне  мəз  болып,  мазақтап,  кейбір 
қылықтарына  қызықтай  қарап,  төңірекпен  таныстырып, 
күн  ұзақ  жеңгемнің  маңында  жүрдім.  Ол  мені  ертіп  далаға 
шықты.  Үйдің  артындағы  дөңестен  екі-үш  тал  гүл  жұлып 
алды. «Ауылдарың  қандай  əдемі»  деп  жазда  да  басынан 
қар  кетпейтін  тауға,  қою  көк  аспанға,  сарқырап  жатқан  тау 
өзеніне,  айналаға  талай  уақыт  қарап  тұрды.  Тауықтың  ба-
лапандарын  жақыннан  көреміз  деп  жүріп,  қолын  қалақайға 
да  шақтырып  алды. «Бізде  мұндай  шөп  өспейді»  дейді 
ол  көзінен  жасы  мөлт  ете  қалып,  сосын  қайтадан  түк 
болмағандай,  жаңа  туған  бұзауды  біраз  əуреледі.  Жанынан 
шықпай айналып жүріп: «Көзіңнен айналайын» деп, қап-қара 
тұмсығынан иіскеді ме, əукесінен сипалап бауырына қысты 
ма,  əйтеуір,  сыртта  көп  аялдады.  Ол  күн  де  еңкейіп,  тауға 
жанарын  жасырғанда,  ел  аяғы  басылып,  бəрі  үйді-үйлеріне 
қайтқанда, бесеуміз ғана отырып, жеңгемнің қолынан алғаш 
рет  оңаша  шəй  ішкенде  бұл  біздің  отбасының  ең  қымбат 
күндерінің  бірі  болғанын  ешқайсысымыз  да  ойламаған  бо-
лармыз. Мені əйтеуір ұйқы қатты қысып, дастархан басында-
ақ  екі-үш  рет  қалғып  кеткем.  Анам  мені  жетектеп  көріп 
еді,  аяғым  аяғыма  шалынысып  құлай  берген  соң  көтеріп 
апарып  төсегіме  жатқызды.  Мен  ағамды  тостым,  ылғи  да 
оның  шашын  тарамдап  жатып  ұйықтаушы  едім.  Бірақ  та-
лай  мезгіл  өтсе  де  ағамның  келер  түрі  көрінбеді.  Əлден 
уақыттан  кейін  ашық  есіктен  мен  оның  жаңа  тəте  кіріп 
кеткен  бөлмеге  енгенін  байқап  қалдым.  Ары  тостым,  бері 
тостым,  ол  қайта  шықпады.  Ағамның  басқа  бөлмеге  кіріп 

22
кеткенін  байқамай  қалды  ма,  ортаңғы  бөлменің  жарығын 
сөндіріп,  анам  да  өз  орнына  кетті.  Менің  бар  екенімді  бəрі 
ұмытып  кеткен  тəрізді  немесе  бəрі  ақылдасып  алып,  мені 
жынды  қылып  жүргендей.  Соңғы  күндері  құлағым  үйреніп 
қалған азан-қазаннан соң мынандай тыныштыққа шыдамым 
таусылып  кетті  де,  орнымнан  тұрып,  ағам  кірген  бөлменің 
есігіне барып, тың тыңдадым. Арғы жақтан олардың күбір-
күбір сөйлескені, ол аз дегендей екеуінің жарыса күлгендері 
анық  естіліп  тұрды. «Енді  қайтер  екен?»  деп,  мені  келеке-
леп жатқан сияқты. Есікті бар күшіммен ұрып-ұрып жіберіп 
едім,  қолымды  ауыртып  алдым.  Сосын  теріс  қарап  тұра 
қалдым  да  өкшеммен  дүрсілдетіп  тебе  бастадым.  Дəл  осы 
сəтте: «Ол қайсысың-ей?» деген анамның даусы шықты да, 
есік  те  ашылып  үлгерді.  Əрі  тез,  əрі  қатты  ашылғаны  сон-
дай, мен еденге етпетімнен құлап түстім. Ортаңғы бөлменің 
жарығын қайта жағып, жерден мені көтеріп алған ағамның 
ішкиіммен  ғана  тұрғанын  көргенде,  қорлық  пен  денемнің 
ауырғаны қосылып, бар даусыммен еңіреп жібердім. 
– Не болып қалды? – деп бөлмесінен шығып келе жатқан 
анам  бізді  көрді  де: – Көтек,  андағы  жүрістерің  не? – деп, 
есіктің аузында тапжылмай тұрып қалды.
– Ештеңе емес, алаңдамай жата беріңіз, – деп, ағам мені 
көтеріп  өз  төсегіме  алып  келді.  Сосын  бəрін  айтқызбай-ақ 
түсінді ме, мені құшақтап жаныма жатты. 
– Енді кетпеші, – дедім мен оған.
– Кетпеймін, ұйықтай ғой, – деді ол.
– Барып, киімдеріңді əкеліп алшы, – дедім мен.
– Жарайды, қазір əкелем, – деді ол.
– Ертең ол өз үйіне кетсінші, – дедім мен.
– Ұйықта, ұйықтай ғой, – деді ол.
Енді  ешқашан  айырылмастай  болып,  мойнынан  тас 

23
қылып  құшақтап  алдым  да,  қолым  ажыраса  оны  мəңгі 
жоғалтатындай  бір  қолыммен  шаштарын  үздіксіз  тарамдай 
бердім, тарамдай бердім. Терлеп кетсем де ысырылып бөлек 
жатуға болмайтын болған соң, оның кеудесінде солығымды 
баса  алмай  ықылық  атып  жата  бергем,  қашан  ұйықтап 
кеткенім белгісіз, ояна келсем тағы да жалғыз жатыр екенмін. 
Таң əлі атпапты. Ағамның жұмысқа кетуіне əлі ерте. Барлық 
қызығым мен ең асылым жабық тұрған ана көк есіктің арғы 
жағында қалғандай, менің ең əйбат ойыншығымды кеше ғана 
келген  бөгде  тəте  тартып  алғандай,  адам  туғаннан  өлгенге 
дейін  көпшіліктің  ішінде  жүрсе  де  жалғыз-жалғыз  ғұмыр 
кешетінін сол сəттен сезгендей-ақ ұзақ жыладым. Бірақ бұл 
жолы  жер  тепкілеген  жоқпын,  үнім  де  шықпады,  екі  сама-
йымнан  үздіксіз  сорғалаған  жасымды  жастық  қана  жұтып 
жатты. Ең алғаш жаным ауыра қызғанған адамым ағам еді, 
ең  алғаш  жаным  түршіге  жек  көрген  кісім  сол  жеңгем  еді 
десем,  біреуге  оғаш  көрінер,  біреуге  балалықтың  күлкілі 
бір  сəтіндей  əсер  берер,  мен  үшін  ол  əлі  күнге  жүрегімнің 
түбінде жатқан, мені бір демде есейтіп жіберген оқыс оқиға 
еді.
Ағам жұмысына кетіп, жеңгем сыртта жүрген кезде «осы 
бөлменің не сиқыры бар екен?» деген оймен ешкімнің көзіне 
түспестен олар жататын бөлмеге кірдім. Бұрын мың рет бас 
сұқсам  да  онша  көп  зер  салып  қарамаушы  едім,  сол  күні 
байқадым, бөлме мүлде өзгеріп кетіпті. Жап-жаңа қостөсек, 
су жаңа шарайна, сықырлаған қымбат жиһаздар сіресіп тұр. 
Басқа  біреудің  үйіне  кіріп  кеткен  сияқты  айналамды  қатты 
жатырқадым.  Кенет  көзім  айна  алдында  тұрған  суреттерге 
түсті. Ағам, кəдімгі мені ғана көтеретін ағам, жеңгемді олай 
да, былай да көтеріп түсе беріпті, екеуі де мəз. Одан басқа 
бір құшақ сурет те жаңа тəтенікі екен. Біресе отырып, біресе 

24
тұрып, жерге ұзынынан жата кетіп, кейде жалғыз, кейде топ-
пен түсе беріпті, суреттері өте көп екен. Тап сол кезде басы-
ма не келгенін, не ойлап қарық қылғанымды тап қазір анық 
білмеймін, есімде қатты қалғаны, бірін де қалдырмай жыр-
тып тастағаным. Қылмысым əшкереленіп қалғанда жеңгем:
–  Ой,  тентек  бала,  оның  не? – деп,  теріс  айналып  кетті 
де, анам:
–  Бұдан  ба,  бұдан  бəрі  шығады.  Ондайларыңды  оңай 
жерге қойғандарың не? – деді. Екеуінің де даусынан бұрын 
ешқашан естімеген, білмеген бір салқындықты байқадым да, 
анамның  барып  мойнына  асыла  кетуге  батпадым.  Жүгіріп 
далаға  шығып  кеттім  де,  содан  қас  қарайып,  ел  орынға 
отырғанша үйге кірмей қойдым.
Көп  ұзамай  аға-жеңгем  жол  апатына  ұшырап,  ағам 
аудандық ауруханаға түсіп қалды. 
Жылап-еңіреп  анам  бір-екі  рет  өзі  барып  қайтты, 
«Доқтырына  жолықтым,  жақсы  болып  кетеді  дейді»  деп, 
əкем  бір-екі  барып  келді.  Үздіктіріп  барып,  күндердің  бір 
күнінде  анам  мені  де  бір  ілестіріп  барды.  Шағын  ғана  бір 
бөлмеде  ағам  қолы-басы  түгелдей  ақ  дəкемен  таңылып, 
аппақ төсекте шалқасынан жатыр екен. Бөлмеде өзінен басқа 
ешкім жоқ.
–  Көп  отырмаңыздар, – деген  дəрігерге  де  назар  аудар-
май кемсеңдеп отырған анама:
–  Босқа  егіле  бермесеңізші,  болар  іс  болды  ғой, – деді 
ағам.  Сосын,  маған  қарап: – Қазір  кімнің  қасына  жатып 
жүрсің? – деді. Үні бұрынғыдай жұмсақ емес, көзқарасы да 
біртүрлі. Бірдеңе деуге дəтім жетпеді ме, мен үнсіз ғана ба-
сымды шайқадым. 
–  Ең  болмаса  бір  суретін  де  қалдырмапсың  ғой, – деді 
күрсініп.

25
–  Қу  шешек-ай,  осыған  көрінді  ме  екен,  келіннің  түсі 
құп-қу болып кетіп еді, – деп анам тағы да жылады.
– Ой, сіз де қай-қайдағыны айтады екенсіз. Бұл не білді 
ғой  дейсіз?  Тек  жападан-жалғыз  осылай  жатқанда  сурет  те 
болса көңілге демеу еді ғой, – деді ол...
Бұрын да көп сөйлей бермейтін əкем мүлде тұйықталып, 
үйге  кірген-шыққаны  білінбей,  көбіне  қора  жақты 
айналшықтап,  қас  қарайса  болды  төрге  шығып,  ештеңеге 
назар аудармастан газет оқып, отырып алатынды əдетке ай-
налдырды.  Анам  үйге  кірсе  де,  шықса  да,  кейде  дастархан 
басында отырып-ақ: «Қай қылығымыз жақпады» деп жылай 
беретін болды. 
Одан бері де талай уақыт өтті... Талай қар жауды, еріді. 
Талай гүл шықты, солды. Талай бала дүниеге келіп, анама еріп 
шілдеханасына бардым. Талай кісі мезгілсіз көз жұмып, əке-
шешем көңіл айта кеткенде үйде жалғыз қалдым. Мен баста-
уыш  класқа  барып  жүргенде  дəл  баяғыдай  сəн-салтанатпен 
ағам  қазіргі  жеңгемді  əкелді.  Əке-шешем  де,  ағам  да  бұған 
дейінгі  əңгімені  мүлде  ұмытып  кеткендей,  өте  қуанышты. 
Арқа-жарқа болып, ағам тағы да келген-кеткенмен əзілдесе 
кетеді. Аузынан арақ исі шығып тұрып, даурыға күледі. Ол 
ауруханадан шыққан күннен бастап арақ ішетінді шығарған. 
Алғаш ішкен кездерінде анамды құшақтап алып, қорсылдап 
жылағаны  да  есімде.  О  баста: «Қайтсін  енді,  сорлы  бала. 
Кішкене  ішкені  де  жөн  шығар.  Күйігі  басылады  ғой»  деп 
жүрген анам ұлы ішуді тым жиілетіп жіберген соң, «Қараң 
қалғыр, қатыны өлген жалғыз сен бе? Əкең білмей тұрғанда 
бұл  қылығыңды  қоятын  бол»  деген.  Содан  бері  ол  жөні 
жоқ  ұрттап  алуды  доғарғанымен,  осындай  той-томалақта 
бір  кісідей  сілтейтін  болды.  Сонымен,  бұл  тойда  мен  ғана 
əлденеден қорқып қалғандай өз-өзімнен қуыстанып жүрдім. 

26
Абыр-сабыр  болып  жатқан  жұртқа  қосылып  кетейін  де-
сем,  əлденені  бүлдіріп  алатындай  тартыншақтай  беремін. 
Біртүрлі  ештеңенің  қисынын  келтіре  алмайтындай,  ту 
сыртымнан  біреу  қарап  тұрғандай  өз-өзімнен  əлденеге 
алаңдай бердім. Оның үстіне бұл күндері мен баяғыдай тым 
еркін  емес  едім  жəне  ағамнан  бөлек  жататын  болғам.  Бұл 
күндері  ғана  емес,  ағам  ауруханадан  шыққаннан  бастап, 
оған  өте  жақындай  алмадым,  ол  да  мені  асты-үстіме  түсіп, 
бұрынғыдай өбектемеді. Алда-жалда үйде екеуміз ғана қала 
қалсақ,  сағаттап  тіл  қатыспай,  өз  шаруаларымызбен  отыра 
беретінді, бетпе-бет келе қалсақ, бір-бірінде еш шаруасы жоқ 
бөтен адамдардай селқос өте шығатынды шығарғанбыз. Со-
дан қалған суықтық па, ес білгеннен бастап, жүрегім елжіреп 
ешкімді сағына алмаппын, əсіресе, балаға онша жақын емес 
едім. Кезінде: «Үп-үлкен тəтенің қасына жатып алғаны несі. 
Бұл тəте үйіне қашан кетеді?» деп мен ойлансам, міне енді 
дəл қазір інім: «Үп-үлкен тəтені неге көтеріп алған?» – деп 
басын  қатырып  тұр.  Ол  менен  сұрауға  бата  алмай,  суретке 
тесіле қарап тұрып-тұрып, анасына қарай кетті.
– Көтермесе көкемді тəте ұрса ма? – деді ол.
– Иə, ұрсады, – деді анасы сыңғырлай күліп.
– Əкем сені де өстіп көтерді ме? – деді інім тықақтап.
Ағамның өткен өмірі жайында жеңгем біледі-ау деймін, 
ініме  еш  жауап  қайтармады.  Ұрланып  ағама  қарадым, 
олардың  даусы  бізге  анық  естіліп  тұрғандықтан,  мені  ол 
қайтер  екен  деген  əуестік  жеңген  еді.  Ағам  шалқасынан 
жатқан қалпы ұйықтап қалыпты, айқара ашылған газет бет-
əлпетін  түгел  жауып  жатыр.  Мүмкін,  ол  ояу  болар,  əйтеуір 
дəл қазіргі қалпынан түк те ұға алмадым...

27
МƏДИ АЛЖАНБАЙ
Алматы  облысы  Райымбек  ауданы  Жалаңаш  ауылында 1976 
жылы  дүниеге  келді.  Орта  мектепті  Еңбекшіқазақ  ауданы  Ащыбұлақ 
ауылындағы  интернационалист-жауынгер  А.  Бубенцов  атындағы  ара-
лас  мектепте 1993  жылы  аяқтады.  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  журналистика  факультетін  тележурналист  мамандығы 
бойынша 2000 жылы тəмамдады. 2001–2004 жж. «Үш Қиян» баспасында 
редактор, «Жас Алаш» газетінде тілші, 2005–2006 жж. Қазақ радиосында 
тəржімеші, 2006–2007 жж. «31 канал» телеарнасында тілші қызметтерін 
атқарды. Қазір «КТК» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде тілші.
АВТОБУСТАҒЫ ƏҢГІМЕ
Шілденің  күн  шықпаса  да  таң  атып  кететін  мезгілі. 
Ауылдың  орталық  көшесіндегі  бір  жақ  қабырғасы  ойылып 
қалған аялдаманың алдында қызыл түсті «Икарус» тұр. Қалаға 
ерте  жүретін  жалғыз  көлік  болғандықтан,  жалғызілікті  не-
месе екі-екіден келген жолаушылар табалдырығына асығыс 
аяқ  артуда.  Сағат  алтыдан 10 минут  өткенде  соңғы  жолау-
шысын  кіргізген  автобус  орнынан  қозғалды.  Отыра  салып 
темекі тұтатқан жүргізуші жанама айнаға бір қарап алды да, 
жылдамдықты  ұлғайтты.  Бос  орындарға  орныққан  жолау-
шылар ұйқыашар əңгімеге кіріскен.
– Ой, Əлеке, қайда шықтың?

28
–  Тəшкенсазға,  құдамыздың  əйелі  қайтыс  болып,  соған 
барып қайтайық деп... Өзің ше?
–  Қалаға,  кенже  қызым  оқуға  тапсырып  жатыр  еді. 
Соның бір шаруаларымен, – деп күбірлескен дауыстарға арт 
жақтағы  орындарға  жайғасқан  жастардың  жарқын  күлкісі 
араласып кетеді.
Сақал-мұртын  жақсылап  бастырған  кеспелтек  денелі 
адаммен қатар отырған тақиялы қара кісі:
–  Өтеген  аға,  ана  көршіңіз  Нұрғали  жүр  ме?  Ой,  бір 
оңбаған бала екен, – деп төтесінен қайырды.
– Е, не боп қалды?...
– Ана үйімде жүрген жетім баланы мотоциклмен қағып 
өтпек  болып  қорқытыпты  да,  қолындағы  бишік-қамшыны 
жұлып əкетіпті. Шəймерденге алты өрім қылып өргізіп едім. 
Сабы  ұзын.  Өткенде  сізге  барып  амандасқанда  үйіне  іздеп 
барғанмын.  Жоқ  екен.  Оның  алдында  «Əкеліп  бер»  деп 
адам  сияқты  айттым. «Тауда  қалыпты,  анда  қалды,  мында 
қалды»  деп  жынды  қылды  əкеңнің...  Əкесі  де  оңып  тұрған 
жоқ.  Былтыр  қасында  Жұмабек  бар,  үйге  келіп  баланы 
шапалақпен бір тартыпты. Мен жоқ болғанмын. Əйтпесе ау-
зын күншығыстан келтіріп жіберер едім.
– Неге ұрып жүр?
–  Ой,  бір  тоқтысы  жоғалса  керек.  Соны  жаңағы  балаға 
«сен  жеп  қойдың»  дейтін  көрінеді.  Өзі  аурушаң  жетім  бала 
біреудің  тоқтысын  қалай  жеп  қояды?  Өзіңізші  ойлаңызшы!.. 
Оған  қарағанда  əйелі  құдайға  қараған  екен.  Өткенде  көшеде 
кездесіп: «Ренжіме,  айналайын,  тоқтыны  өздері  біреуге  бер-
ген.  Соны  ұмытып  қалыпты.  Ренжи  көрме,  көшенің  екі  ба-
сында  тұрсақ  та  көршіміз  ғой»  деді.  Риза  болып  қалдым. 
Баласының көптігіне мақтана ма, əйтеуір Əубəкірдің кеудесі 
зор.

29
– Е, балаларының ішінде Мұхамеджан мен Бекетай ғой 
адамы. Қалғаны алақұйын бірдеме... Сонда жаңағы бала аз-
дап ауырады-ау, а? Сіздің үйдегі баланы айтамын.
–  Иə!  Жиен  қарындасымның  ұлы  ғой.  Алдында  тұрған 
жерлерінде  басынан  суық  өткен  бе,  əйтеуір,  сондай  бір 
бəлесі  бар.  Кейде  төсегіне  зəр  сындырып  қояды.  Өзімен-
өзі  сөйлесіп  жүреді.  Сондай  баланы  басынғандай  болғаны 
жынымды келтіреді. Əйтпесе, қамшыда тұрған ештеме жоқ 
қой.  Бірақ  бір  сиырдың  терісін  Таңжарыққа  əбден  илетіп, 
Шəймерденге өргізген қамшым еді. Əсіресе, сиыр баққанға 
ыңғайлы болатын. Сабы да ұзын, өрімі де қысқа емес. Сіздің 
көршіңіз ғой, бір ауыз айтып қойыңызшы! Əкеліп тастасын! 
Өткенде есік алдында көргенде сізге ештеме айтпадым. Енді 
болмаса  мілітсиаға  берем.  Көрсін  əкең...  тайраңдағанды. 
Əлгі оралманның баласын ұрғаны бар, тағы да бəлелері бар 
шығар,  мілітсиаға  да  керегі  осындайлар  ғой.  Ана  аудандық 
РОВД-ның  бастығының  орынбасары  құдамның  баласы. 
Ақырын айтып қойсам, тауда жүре ме, ойда жүре ме қолын 
қайырып  əкетеді. «Көрші  ақысы – тəңір  ақысы»  дегенді 
өзіңіз  жақсы  білесіз.  Сіздің  құдай  қосқан  есіктес  көршіңіз 
болған  соң  айтып  отырмын.  Жанжалдасқаннан  сақтасын. 
Бір ауыз айтып қойыңыз.
–  Жарайды,  айтам  оны.  Əлгі  балаң  жел  болған  шығар, 
маған əкеліп көрсетсеңші. Жақсылап ұшықтап берейін. Со-
сын,  Таңжарық  терінің  иін  қандыра  илейді  дедің  бе?  Үйде 
екі  жасар  бұқаның  терісі  бар  еді.  Туысқаның  ғой,  айтып 
илетіп берсеңші. Жартысын алсын. Өзімнің айтуыма да бо-
лады. Дегенмен, өзі кісікиіктеу ме, қалай?
– Е, ондайы бар. Тұйық... Бірақ, ашылып сөйлеспегенімен 
жақсы  жігіт.  Қолы  ұсынықты.  Ұстаған  нəрсесін  жайна-
тып  жібереді.  Əсіресе,  былғарыға  шебер.  Былтыр  соның 

30
арқасында  соғымға  сойған  өгізшемнің  терісімен  үйдегі  ер-
тұрманның  бəрін  жаңалатып  алдым.  Жарықтық  былғары 
тозбайды  екен  ғой.  Үйде  əкемнің  көзіндей  болып,  сүндет 
бəсіресіне  жасатқан  ағаш  ері  тұр.  Соның  жүген,  өмілдірік, 
тартпа,  таралғы,  құйысқаны  əлі  сол  күйінде  ғой.  Тек  ауыл-
дан көшіп келген соң алты айдай қараусыз қалған айыл тарт-
пасын тышқан кеміріп кетіпті. Енді соны жаңалату керек.
– Рас айтасың, əбден иі қанған былғары тозбайды екен. 
Менің  атамнан  қалған  қамшы  бар.  Аруақты  дойыр.  Міне 
жасалғанына  сексен  жылдан  асып  барады.  Соның  дəл 
екінші сыңарын жасатайын десем, «қырғыз өрімді» өре ала-
тын адам жоқ. Кəдімгі өзегіне бүтін қайыс салып тарамыс-
пен  көркемдеген.  Енді  Ақшидегі  Дəркембайға  апарсам  ба 
деп отырмын. Бір өрсе соның қолынан келетін шығар. Бұл, 
қырғыздарың да бəле көрінеді ғой. Тіптен болмаған соң өзім 
көрейінші  деп  түйінін  тарқатып  едім,  қайтадан  əрең  жина-
дым. Сосын «артық қылам деп тыртық қылмайын» дедім де 
қойып қойдым.
– Ойпырым-ай, жарықтық!..
Осы  кезде  автобус  бар  дауысымен  дабыл  соқты. 
Қалғып  отырғандар  селт  етіп  терезеге  қараған.  Жолды 
біреу  кесіп  өтпек  болыпты. «Көзіне  қарамай  ма!», «Сонша 
қайда  асығады?  Қағып  кете  жаздады...», «Өстіп  жүріп  өліп 
қалады  ғой,  байқұс»  деген  күбірлерді  жолдан  көз  алмаған 
жүргізушінің дүңк еткізген боқтық сөзі тыйды.
– Адамның ажалы əртүрлі екен ғой. Былтыр ана суға кет-
кен қызды білесіз ғой. Сүйегін БАК-тан мүлде басқа жақтан 
тауыпты.  Ісініп  кеткен  дей  ме-ау,  құдай! – деп  күрсінді 
тақиялы қара кісі.
– Иə. Баяғыда... баяғыда деймін, осы сен көшіп келмей 
тұрып, ана Алжанбайдың Ғалымжан деген баласы суға кетіп 

31
өлді.  Соның  сүйегін  үш  күн,  əлде  төрт  күн  іздеп  əрең  тап-
ты. Онда да қаладан шақыртумен келген сүңгірушілер таба 
алмаған мəйітті, екінші баласы «мен де өлем» деп арақ ішіп, 
інісі  сүңгіген  жерден  бойлап  барса,  аяғы  бірнəрсеге  тиіп 
шошып кетеді. Сосын жағада жылап тұрған басқа бауырла-
рын  шақырып,  інілерінің  сүйегін  қайраңға  қадалып  тұрған 
жерінен  суырып  алыпты.  Сөйтсе,  марқұм  шомылған  жер 
бұрылмаға  жақын  болғандықтан,  ағыспен  келген  топырақ 
жиналып батпаққа айналған көрінеді.
– Ойпырым-ай-а?! Құданың құдіреті...
–  Ана  Үшқозыдағы  құмалақшының  «суға  сүңгіген 
жерінен  төмен  қарай  жүз  метр  жерден  табасыңдар» 
дегені  өтірік  болып  шықты  ғой.  Содан  бері  оған  адам  ба-
ласы  сенбейтін  болған.  Ал,  Алжекең  қаладан  сүңгуір 
шақыртып қанша шығынданды?! Бəрібір, ажал шіркін анау, 
мынауыңа  қарамайды  екен.  Содан  кейін  ауылда, «сол  бала 
өлерінің алдында үлкен ағасының əйелінен «суға кеткендер 
жұмаққа  бара  ма?»  деп  сұрапты»  деген  сөз  шықты.  Соның 
қаншалықты  шындық  екенін  кім  біледі,  əйтеуір  аузымен 
жүретін  желауыздар  көп  қой?!  Солардың  шығарғаны  болар 
деп қоя салдық...
–  Ой,  аға, «бір  жоқты  бір  жоқ  табады»  дегендей,  мына 
əңгімеңіз бір оқиғаны еске түсірді. Былтыр, мен сөз қылған 
Нұрғали  біздің  үйдегі  баланы  БАК-тың  суынан  құтқарып 
алыпты.
– Е, қалай?
–  Жаздың  күні  ауылдың  бар  баласы  сонда  ғой,  білесіз. 
Киікбай  жақта  қой  бағып  жүрген  біздің  бала  да  соларға 
қызығып суға түседі. Онда да беліне байланған шылбырдың 
ұшын  жағадағы  бір  темірге  қазық  бау  шалып  түйеді  де, 
тереңге бойламай шалпылдатып жүреді. Ауылдың суда өскен 

32
балалары қойсын ба, ары жүзіп, бері өтіп қызықтырса керек, 
суда  тұрып  беліндегі  байлауды  шешіп  жіберген  көрінеді, 
ағыс  алып  кетіпті.  Содан  суға  бір-екі  батып  шыққанын 
көпірде  жатқан  Нұрғали  көріп  қалып,  шашынан  суырып 
жағаға  жеткізген.  Оны  кешкісін  көршім  Сүлейменнің  кіші 
баласы айтып берді.
– Құдай қаққан екен...
– Содан не болды дейсіз ғой?
– Ыһы?!.
–  Қойды  айдап  келген  соң  ана  баланы  оңдырмай  саба-
дым. Содан бері суға жоламайтын болды.
–  Неге  ұрып  жүрсің?  Өзі  қамкөңіл  баланың  жүрегіне 
қаяу түсіргенсің ғой.
– Ой, аға, суға кетіп өлсе ел-жұрттан ұят емес пе?! Одан 
да  көз  алдымда  тірі  жүргені  жақсы.  Қой  кезекті  бағысатын 
адам да керек. Оның үстіне өмірі су көрмеген бала ғой. «Су 
тілсіз жау» деген...
–  Иə,  оның  рас!  Дегенмен  жөні  жоқ  ұра  бермегенің  де 
дұрыс. Қой, мен мына Новоалексеевкадан түсем... Жақсы.
– Жақсы, аға, мұнда жəй келдіңіз бе?
– Қайдан жəй болсын. Талғардың саяжайында менен ем 
алып жүрген кісі бар еді. Сол төсек тартып жатып қалыпты. 
Кеше телефонмен хабарлаған соң келе жатырмын. Ал, жақсы 
онда.  Ей,  шопыр,  алдыңдағы  бағдаршамға  тоқтатшы,  мен 
түсіп қалайын.
– Ана Таңжарыққа тері туралы айтайын ба?
– Е, ұмытып барады екем ғой. Айт, жартысын беремін!
Тақиялы  қараның  қолын  алып,  жармалы  есіктен  сыл-
быр түскен сақалды кеспелтек кісіні қалдырған қызыл түсті 
«Икарус»  орнынан  күжілдей  қозғалды.  Ал,  арт  жақтағы 
жастардың жарқын əңгімелері əлі таусылмаған.

33

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет