Алматы «Жібек жолы» 2009



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата06.03.2017
өлшемі1,77 Mb.
#7824
1   2   3   4   5   6   7   8   9

* * *
Алакеуімде тұра сала көмекшісіне ат ерттеуді бұйырған 
Əсеттің  қимыл  əрекетін  баққан  Нұргүл  төсекте  керілген 
күйі:
– Қайда жиналдың? – деді.
– Итімді іздеймін.
– Асықпай, оразаңды ашып шықсаңшы.
–  Қойшы! – Дастархан  бетіне  жабылған  газеттің  шетін 
көтеріп,  қалтасына  екі  тал  құрт  салған  Əсет  табалдырыққа 

49
жете  бере  келіншегіне  көз  тастаған.  Ақжайманың  үстінде 
қою шашы жайылып, балтыры жарқырап жатыр. Қымсынар 
сыңай байқатпайды, керісінше бұған келе қойсаңшы деген-
дей ішіп-жей қарайды. Пері... Əсет жүзін тайдырып əкетті.
Ол Асқарға шаруаны тəптіштеп тапсырғаннан кейін ғана 
үзеңгіге аяқ салған болатын.
– Бір шəуілдекке бола əбігерге түсіп. Ит-құстың азуында 
кетпесе, келеді ғой...
Шылбыр ұстап тұрған Асқардың мыж-тыж түріне жире-
не қараған Əсет мырс ете түсті.
– Шіркін-ай, а, жақсының қадірін сен қайдан білуші ең? 
Зəнталақ, итаяғына асты дер кезінде құйып тұрсаңдар қаңғып 
несі  бар  Ақтабанның, – деді  де,  шабдардың  тізгінін  қағып 
қалды.  Төрт  аяғы  ала,  қазанбас  күшікті  жігітке  нағашысы 
арнайы əкеліп беріп, ырымына бар-жоғы бес теңге алып еді. 
Құмай  жүгіртіп,  ат  баптайтын  қасиеті  бар  нағашысының 
сұңғыла санасы алдамапты, ұсқыны суық Ақтабан адуынды 
болып  өсті.  Қыдырыстап  келген  қонақтарға  ерген  иттердің 
əзірейіліне  айналған  балғын  төбетті  көрші  қожалықтағы 
жігіттердің  кеу-кеулеуімен  қорқауға  да  салып  көрген. 
Денесі  тұтас  толыса  қоймаса  да,  тұрпатынан  қайрат  ескен 
ит тағының иісінен тайсалмай, қораның қуысына тығылып, 
шақылдаған  шибөріні  апайтөсімен  бір-ақ  қағып,  алқымдап 
тастаған  болатын.  Əсет  соңғы  кездері  қора  маңына  ит-
құстың жуымай кеткенін де осы Ақтабанмен байланыстыра-
ды. Күндіз көлеңкеден шықпайтын төбет іңір түсісімен қора 
жанындағы  жотаның  үстіне  жайғасып  алып,  əупілдеумен 
болады. Мал-жанының құты болған иті жоғалса, Əсет қалай 
тыныш  отыра  алсын?!  Қия  соқпаққа  түскен  жігіттің  ойына 
Асқардың сөзі оралып, тағы да мырс ете қалды.

50
Шормен  ауырған  адамның  беті  сынды  бұжыр-бұжыр 
шолақ  таудың  теріскейінде  ақсақ  Əлімбайдың  қыстауы 
орналасқан. Бері құлаған жолаушының Əсет екенін шабдар 
аттан таныған үй иесі адам жарардай тапалаған иттерін ты-
йып,  арқан  бойы  көтерілген  күнді  алақанмен  көлегейлеген 
күйі тапжылмай тосты.
–  Ассалаумағалейкүм! – Аттан  жеңіл  түскен  Əсет  қос 
қолдап амандасты.
– Əлікіс-с-алам. Жол болсын, көрші. Қайда шықтың?
Əлімбай  көкірегін  қысқан  кеселді  түкіріп  тастағысы 
келгендей бар ниетімен қақырынды.
– Рахмет, ақсақал жоқ, іздеп жүрмін. Оғаш жүрген хай-
уан байқамадыңыз ба? Адам алды ма, əлде қаңғып кетті ме, 
білмедім.
–  Ə-ə,  əлгі  біздің  бала  «Əсеттің  таза  тұқым  төбеті  бар» 
деп еді, сол болды ғой жоғың.
Үйкүшік  қарияның  көрші-көлең  ауылын  адақтайтын 
қыдырма  əдеті  жоқ.  Құдайы  шалынып,  қонағасы  беріліп 
жатса да бала-шағасын жіберіп, өзі күйбің тірліктің қамымен 
қалып  қояды.  Алайда  жақсы  жылқы,  ит  десе  құлағы  түрік 
жүретін  қазақы  əдетпен  Əсетке  алапат  төбет  біткенін 
естіп,  арнайы  көріп  қайтпақ  ниеті  бар  еді.  Жігіттің  жоғын 
емеурінінен  ұға  қойғаны  да  сондықтан.  Ұнжырғасы  түскен 
жігітке жаны ашыған қарт қарсы беткейге қараған күйі елең 
еткізерлік бір жайттың ұшын шығарды.
– Кеше кешкісін қойларды өрістен əкеле жатып Өркеш-
таудың  мына  беткейінен  ақшулан  байқадым.  Сұлбасы  тау 
тағысына  келіңкіремейді.  Сидыңдаған  түріне  қарағанда 
қаншық-ау  деймін.  Соның  соңында  сүметіліп  жүрген  екін-
шісін бөріге ұқсатпадым, тым сабалақ...
Əсеттің  іші  мұздап  сала  берді. «Рас  па?»  дегендей 
Əлімбайдың бетіне бажырая қарады.

51
– Оның несіне таңғаласың, оқтын-оқтын ондай оқиғалар 
болып тұрады. Нəпсі деген жарықтық... – Əлімбай кеңк-кеңк 
күлді. – Ол  пəлелердің  иттермен  шағылысып,  артынша  ол 
сорлыны азық ететіні де бар?
Мына  сөздер  шырқыраған  жанына  қамшы  болған  жігіт 
апыл-ғұпыл атына жармасқан еді. Шалдың:
– Ау, қайда барасың? Дүрия əжеңнің дастарханынан ауыз 
ти,  таңғы  асты  тастамас  болар! – деген  сөздеріне: – Кейін, 
қария,  кейін! – деп  қысқа  жауап  қайырды  да,  меңзелген 
жаққа қарай желе жөнелді. Сəл былай шыққан соң шабдар-
ды  борбайлатып,  тартып-тартып  жіберді.  Ұзап  бара  жатқан 
жігітті тау қалтарысы жапқанға дейін тесілген қария:
– Осы баланың мінезі қызық өзі, кісікиіктеу, – деп рен-
жи  күбірлеп,  сылти  басқан  күйі  қорасына  қарай  беттеді. 
Бір  кезде  кілт  тоқтады  да,  таң  салқынымен  қол  созымдағы 
беткейдің шөбін жапырып бара жатқан қойларына қарады.
– Қараң қалғыр, қойға шауып жүрер ме екен?!. Ұрғашы 
құтырса, еркекте не ес қалсын...
* * *
Жансауғалап  жат  өңірге  келген  аққаншықтың  жұпары 
алысқа  тараған.  Албырт  күші  бойын  кернеген  Ақтабан 
қызыққа  беріліп,  қауіпті  қаперден  мүлдем  шығарды. 
Мұрнынан  жетелеген  тайлақтай  соңынан  сүметіліп  жүре 
берді, жүре берді... Анда-санда қыстау қалған жаққа телміре 
қарап тұрады да, кейін қарай бүлкектей жөнеледі. Бұндайда 
басты  кедергі  қаншықтың  қыңсылы.  Ол  жалынышты  ды-
быс  шығарысымен-ақ  төбеттің  буыны  босап,  əрі-сəрі  күйге 
түседі  де,  құртқа  алдын  орап,  ойнақ  салғанда  ойынан  ай-
нып қалады. Ақтабаннан күй кеткен. Көзі шүңірейіп, бүрме 

52
тікенмен  ұйысып  қалған  сауыр  жүні  тым  сұрықсыз.  Кеше 
ұстап  жеген  атжалманнан  кейін  нəр  сызбағандықтан  екі 
бүйірі  қабысып,  жүндес  пошымы  сойдиған  омыртқаны  жа-
сыра  алмай  тұр.  Ал  құмары  əлі  қанбаған  аққаншық  жалаң-
жалаң етеді...
Көлеңкеде созылып жатқан Ақтабан кенет басын жұлып 
алды. Танауын жат иіс жарып барады. Мұрнын көтеріп ауа 
қауып еді, аққаншықтікіне ұқсас, бірақ əлдеқайда күшті иіс 
тағы  жетті.  Айналасын  барлаған  Ақтабан  жықпыл  тастың 
ар жағынан қылтиған қос құлақты байқады. Жау сол жақта. 
Қаншық  жұпарына  арбалған  көкжал  да  төбетті  сезіп,  айна-
ласын барлап тұрған-ды. Иттің жалғыздығына əбден сенген-
де  ғана  жартастан  бері  қарғып  түсіп,  ашық  жерге  шықты. 
Желкесі  күжірейген  дəу  дұшпанды  көргенде,  Ақтабанның 
денесінен əлсіз діріл жүгіріп өткен. Бірақ бойын тез жиып, 
шайқасқа  əзір  екендігін  білдіру  үшін  азуын  ақситты.  Орта-
да сылаңдаған аққаншықтың арланның алдына барып аузын 
жалауы  төбетті  одан  əрі  долдандырды.  Алыстан  іздеп  кел-
ген «олжасы» өзін қалағанына разы болған арлан тарпа бас 
салмай, бір сəтке Ақтабанның бар екенін ұмытып кеткендей 
болды. Айбаты қайтып, сілекейін шұбыртқан өзге тірліктерге 
айналшықтай  бастады.  Мұндай  қорлыққа  төзе  алмаған 
Ақтабан атылған күйі көкжалды кеудесімен қағып бір дома-
латып өтті де, алқымынан тарпа бас салмаққа ұмтылған. Əккі 
көкжал кезінде бұл умаждаған қорқаудан əлдеқайда епті, əрі 
күшті болып шықты. Бойын тез түзеп, төбетті құлақшекеден 
ала түскен. Жартас түбіндегі тар алаңда арпалысқан екеудің 
қайсысы басым екені бірден байқалды. Тың көкжал аш итті 
шырқ  үйіріп  барады.  Тек  Ақтабанның  жас  денесіне  біткен 
бұла  күш  қана  əзірге  көкжалдың  көкейіндегісін  орындатар 
емес. Ақырында алысқан күйі екеуі тік көтерілді. Осы мезет-

53
те ғана жас төбеттің көкжалдан бойшаң екені, салмақ салса 
шалқалата  құлататыны  байқалды.  Соңғы  мүмкіндікті  тарту 
еткен  ұрымтал  тұсты  түйсігімен  сезген  Ақтабан  барынша 
серпіліп, тайқи берген арланның тамағына ауыз салғаны сол 
еді, шап тұсын от қарып өткендей болды. Жауын сығымдай 
құлаған  төбетке  тұтқиылдан  тиген  аққаншық  еді.  Шаптан 
сыздықтаған  қанды  көріп,  өршеленген  қаншық  бүйіріне 
ауыз салғанда Ақтабан қыңсылап, жағын босатып жіберген. 
Бірнеше күннен бері тұмсығы жылы-жұмсаққа жөндеп тиме-
ген  қаншық  əп-сəтте  сүйіктісінің  ішек-қарнын  жарқыратып 
тастады.  Оған  ажалдан  əзер  қалған  көкжал  қосылып,  қос 
бөрі əп-сəтте төбеттің жұлма-жұлмасын шығарды.
* * *
Көршісі  сілтеген  жақтан  да  итін  таба  алмай,  шатқал-
шатқалды  шарлап,  шаршаған  Əсет  күн  құлай  бастағанда 
үйіне  беттеді.  Қажыған  жігіт  болдырыңқыраған  шабдар-
ды  қинамай  ілбіп  келеді.  Иесінің  күйін  сезген  жануар  мар-
дымсыз  басып,  əр  жерден  шөп  шалып,  жайбарақат  келеді. 
Ерте келмек болып жанталасқан көктем қарын еріткенімен, 
жантəсілім етуді қаламай қасарысқан қыстың ызғары бойын 
тоңазытқан жігіт тебінген сəттерде ғана тепеңдеген болады. 
Осы жүріспен қыстау маңына жеткенде көз байланып қалып 
еді. Əуелде шəу ете қалған маңғасқа шабдардың иісін сезіп 
басыла қалды да, құйрығын бұлғаңдатып бұлардың алдынан 
шықты.  Аттан  ауыр  түсіп,  шылбырды  мамағашқа  байлаған 
Əсет  ауыз  бөлмеге  кіргенде,  оғаш  дыбыстар  естігендей  бо-
лып қалт тұра қалды. Құлағы алдамапты. Есіктің ар жағынан 
əйелдің, жо-жоқ, бұның Нұргүлінің талмаусыраған, үздіккен 
үні  естіледі.  Лəззатқа  шомғандар  бұл  ауыз  үйдегі  майшам-

54
ды алып, түпкі бөлмеге кіріп келгенін де бірден біле қойған 
жоқ.  Рахат  шырмаған  кірпігін  зорға  көтерген  Нұргүл  май-
шам жарығымен күңгірттенген бөлменің ішіндегі қан-сөлсіз 
жүзді  көргенде  шыңғырып  жіберіп,  Асқардың  кеудесіне 
бетін басты. Оның да қорған боларлық дəрмені шамалы еді. 
Жайманы  сүйреткен  күйі  жерге  жалп  ете  түскен  көмекші 
төсектің  қуысына  тығылмаққа  асыққан.  Тыржалаңаш  екі 
бейбақтың  ұсқынынан  жиренген  Əсеттің  басына  əу  баста 
келген  ой  теріс  бұрылып  кету  еді.  Арсыздықтан  ұялып, 
сөнейінші дегендей қайта-қайта жалпылдай берген шишасыз 
шамды  бұрышқа  қоя  салған  жігіттің  аяғына  шідер  болған 
қос  кеудесін  алақанымен  жапқан  күйі  безілдей  жөнелген 
Нұргүлдің арсыз үні еді.
–  Жүр  сөйтіп,  тау-тас  кезіп,  итіңді  іздеп.  Мен  де  ет 
пен  теріден  жаратылған  пенде  емеспін  бе?  Күнұзақ  үйде 
тұрмайсың!  Кінəм  жоқ...  Жапан  даладағы  жалғыз  үйдің 
ішінде құсадан өлетін болдым...
Еңіреген  əйелінің  жүзін  жапқан  қою  шаш  қара  жылан-
дай көрінді Əсетке.
– Жалғыз үй, жалғыз еркек... Жатырың қағынған екен...
Тістене  ұмтылған  жігіт  Нұргүлді  шашынан  сүйреп 
еденге  құлатты  да,  ауыр  етігімен  бүйірінен  екі  тепті.  Одан 
кейін қалтыраған Асқарды төсек астынан суырып шығарып, 
тепкінің  астына  алды.  Долданған  Əсет  кілемге  бойлай 
ілінген қамшыны қолына алғаннан соң қос көңілдестің жон 
арқасына  шоқ  төгіліп  кеткендей  болды.  Асқар  далбасалап 
жүріп  отағасының  қолына  жармасып,  алыспаққа  ұмтылып 
еді, түлей мінез Əсет ілезде алып ұрды. Анау жерде жатып 
та  қамшы  ұстаған  қолдан  айырылмай,  жансебілге  салған. 
Дəл осы мезетте гүрс еткен үн бөлме ішін жаңғыртып, құлақ 
тұндырды.  Қорғалаған  Асқар  уысын  кілт  босатқан  Əсеттің 

55
қайқаң еткенін байқады. Ыңырсыған күйі, етпеттей құлаған 
жігіттің  ту  сыртында  қолына  мылтық  ұстаған  Нұргүл  тұр 
еді.  Жалпылдаған  майшамның  сəулесі  шашы  жайылған, 
жартылай  жалаңаш  əйелдің  көлеңкесін  зорайтқанда  Асқар 
сайтан көргендей шошынып, сасқанынан төсек астына қайта 
тығылған. Тек осы кезде ғана келіншек шыңғырып жіберіп, 
күйеуінің үстіне құлай кетті...
Екеуі ес жиып, оңтайлап жатқызғанда Əсеттің кеудесінде 
əлі  жан  бар  еді.  Əуелі  үрейден  тіл-аузы  байланып  қалған 
Асқарға  қараған  жігіт  ақырында  жанарын  зар  еңіреген 
Нұргүлге тоқтатты да, соңғы күшін жиып күбір етті:
– Қаншық...
Денесі созыла берген жігіттің миығында өкініштің ащы 
мысқылы қатып қалып еді.
ҮМІТ
Талдан таяқ жас бала-а-ай таянбайды,
Бала бүркіт түлкіден аянбайды,
Ойда-ай, əн салшы, бір бала-ай...
Темір төсекті сықырлатып, орнынан тұрып кеткен Еділді 
ашу бунап барады.
– Мынаның жағы қарыса ма, жоқ па?!
Жедел  басып  терезеге  жетіп,  сырттағы  қараңғылыққа 
тесілді.  Түн  құшағындағы  ауылдың  əр  жерінде  жарық 
жылтырайды.  Толысқан  айдың  сүттей  сəулесі  көшелерге 
құйылып,  əр  қарайғанды  айқындап  тұр.  Жақын  маңда 
барылдаған  Нұрахметтің  «əні»  семсе  айналаны  өлі 
тыныштық  баспақ.  Бірақ  тозған  күйтабақ  сынды  бір 

56
шумаққа  жабысып  қалған  жігіттің  жуық  арада  қоятын 
сыңайы байқалмайды. Оған абалаған ауыл иттері қосылып, 
төңіректің берекетін мүлдем қашырды.
Ог-га-гай... бір бала-ай...
Шыдамы  таусылған  Еділ  сыртқа  беттегенде  көзі 
жұмулы болғанмен, көңілі ояу жатқан Айғаным əжей басын 
жастықтан жұлып алды.
– Қайда барасың, балам?
– Мына итті, аулағырақ қуып жібермесем...
–  Қайтесің  оны  əйелі  босаныпты  ғой.  Қуаныштың 
шалығы шығар.
–  Екі  күн  болды  ғой  енді...  Осы  үйдің  маңына  келіп 
ұлитыны  несі  басқа  жер  құрып  қалғандай! – Анасынан  аса 
алмаған  Еділ  тұрып  қалды. – Ең  құрығанда  аулағырақ  бар 
деп айтайын!?
–  Қой,  балам.  Тұңғышыңның  қуанышында  сенің  де 
шамаң байқалып қалып еді ғой.
–  Тұңғышы  болса  бірсəрі,  төртіншісі  емес  пе?! – Еділ 
мырс ете қалды.
Баласының  кекесінді  сөзін  есіткен  Айғаным  тіксініп 
қалды  да,  түзеліп  отырды.  Шалт  мінезіне  салар  алдындағы 
əдетіне басып, басындағы орамалына қобыраған шашын жа-
сырып, шарт түйді.
– Жарықты жақшы, Еділ!
Ана  үнінде  ызбар  пайда  болғанын  сезген  жігіт  дəліздің 
шамын  жағып  еді  ашық  есіктен  бергі  бөлмеге  де  жарық 
төгілді.  Айғанымның  сынық  өңінде  ұлын  жақтырмағандық 
бар:
–  Сендер  кекететін  азамат  па  еді  Нұрахмет?!  Ат  ары-
са  тулақ,  ер  арыса  əруақ.  Мына  кекесініңді  бұдан  былай 
естімейтін болайын!

57
– Осы маскүнемге бола маған ұрыспақсыз ба енді?
–  Ол  маскүнем  емес. – Айғаным  баласының  сөзін 
үзіп  жіберді. – Ол  Бекетайдай  ардақты  адамның  тағдыр 
соққысына  төзе  алмаған  жаны  нəзік  ұлы.  Сен  секілді  бір 
əулеттің жалғыз үміті.
Қария тұспалдаса да жанды сөз айтып отыр. Ұзын бой-
лы,  ірі  денелі,  қыр  мұрынды,  қайратты  қара  шашты,  қыз 
көңілінің  шырыны  болған  Нұрахмет  осындай  күйге  түседі 
деп кім ойлаған?! Əн-күйге қаражаяу еместігіне қарамастан 
ұяң еді. Жастардың бастаңғысына келе қалса бəрі қолқалап 
жүріп  əзер  əн  айтқызатын.  Осындай  кештердің  бірінде 
Нұрахмет қаумалаған құрбыларына өлең оқып берді. Ұйқасы 
жұмыр, сезімге толы...
Талдырмаш бейнең жанарды жаулап,
Мойылдай шашың жанымды арбап,
Сүйем – деп – сені айта алмай, жаным,
Сезімді нəркес жүрмін бе қорлап?!.
Қыз  біткеннің  барлығы  Нұрахметке  ұрлана  көз  салса, 
жігіттер көз астымен осы Еділдің жанында отырған Зибашқа 
қарағыштап еді сол кезде. Алабұртқан бойжеткеннің жүзінде 
əлдебір  тебіреністің  толқыны  байқалады,  бетінің  ұшына 
қызыл  бояу  лып  етіпті.  Өлең  оқылып  біткен  соң  жастар 
ұзақ қол шапалақтады. Ал, Нұрахмет болса қыз жаққа жана-
рын тіктей алмай төменшіктей берген. Жүрегінің құпиясын 
қаламның сиясына сеніп тапсырған жігіт бетпе-бет келгенде 
тіл-ауыздан  айырылатын.  Осы  басқосудан  ертерек  шығып 
кетіп, Зибашты есігінің алдынан тосып алғанда да Нұрахмет 
жарытып ештеңе айта алмап еді:
–  Зибаш,  саған  айтарым  бар  еді...  айтарым  бар  еді... – 

58
деп  тамағы  құрғаған  адамдай  жұтына  берген.  Еңгезердей, 
көрікті  жігіттің  осынша  қысылғанын  қызық  көрген  қыз 
сықылықтай күліп, келемеждеуге кірісті:
–  Сіздің  айтатыныңызды  естігенше  қартайып  кететін 
шығармыз. Болыңызшы енді. Мен үйде жоқ кезде апам жиі 
сыртқа шығып, тың тыңдайды. «І-і-і...» деп күжілдеп тұрған 
сіздің үніңізді естісе шошып кетер.
Қыздың қағытуы мүлдем қожыратып тастаған Нұрахмет 
қайтадан:
– Зибаш... – деп алақанын ұстамаққа талпынып еді бой-
жеткен қолын лып етіп тартып алып, есік алдында өсіп тұрған 
жалғыз қарағаштың тасасына тығылып, басын қылтитты:
– Дəмесін қара...
– Кешірші, Зибаш, кешіріңізші, мен тек...
Ұяттан  өртеніп  кетердей  болған  жігіттің  ойы  бытырап, 
есі  шыққан.  Осы  сəтте  ғана  не  аяғаны,  не  шын  ықыласы 
екені белгісіз қыздың сөзі түзеліп сала берді.
– Сіз ренжімеңіз қалжыңыма. Сіз... Сіз өте жақсы адам-
сыз... Кейін сөйлесерміз... ренжімеңізші.
Құралайдай  сылаңдай  басқан  Зибаш  үйіне  кіріп  кеткен 
соң  да  Нұрахмет  терезеге  ұзақ  телмірген.  Қыздың  алақаны 
тиген қарағаштың қабығын сипалап күбірледі.
Сүйем – деп – сені айта алмай, жаным,
Сезімді нəркес жүрмін бе қорлап?!.
* * *
Осыдан  бір  ай  өткенде  Зибашты  Еділ  алып  қашып 
кетті.  Келін  басына  орамал  таққан  қариялар  көндіре  алмай 
көп  əуреленгендерін,  талдырмаш  қыздың  солқылдап  ұзақ 

59
жылағанын айтып, бет шымшысқан. Үлкендердің пейілінен 
аттай алмаған Зибаш ақыры келісімін беріпті. Айғаным қарт 
бар жиғанын шашқан бұл тойға ауылдың кəрі-жасы қалмай 
жиылды. Тек Нұрахмет болмады араларында. Сөздік қорын 
түгесіп, ұзақ сөйлеген ағайынның аста-төк лебізі жанарымен 
көп ішін тінткен Зибашқа əсер ете қоймады. Ауыл жігіттерін 
түгел дерлік ынтықтырған құлын мүсінді аруды бір-ақ күнде 
иемденіп шыға келген Еділ ғана мəз...
Той  қызығы  тарқаған  соң  да  Зибаш  қабағындағы 
салқындық  айқындала  түспесе  өше  қоймады.  Үй  тірлігін 
тынымсыз  атқарып,  Еділдің  көзі  ұйқыға  кетті  дегенде  ғана 
төсегіне  жетіп  құлайды.  Енесінің  ырзалығына  бөленген 
келін  жарына  тым  сүлесоқ.  Осындай  күндердің  бірінде 
келіншегіне  ренжіп,  қамбашы  Қайнармен  жүз  грамдатып 
қайтып  келе  жатқан  Еділ  гитара  сабалаған  бозбалалардың 
қасына  тақалған.  Дəлірек  айтқанда,  олар  айтып  отырған 
мұңлы əн бұны еріксіз жетелеп əкелді.
Жаным, қайдасың? Өзіңді сағындым,
Амал жоқ. Маңдайға жазғанға бағындым.
Нұры едің көзімнің мұңымды сейілтер,
Адастық тал түсте. Тағдырға не қылдым?
Табысамыз түбінде...
Кілт үзілген əн Еділдің бойын баурап алды. Сосын:
–  Қайта  айтшы,  қайтадан! – деп  бозбалалар  отырған 
бетонға қонжия кеткен. Аккорды нашар алынған гитараның 
шала-шарпы үніне мұң шыланып жүре берді...
Əн айтылып болғанда Еділ тамсанып:
–  Тамаша!  Даусың  да  тамаша,  өлең  де  тамаша,  мала-
дес! – деп  гитара  ұстаған  баланы  арқасынан  қағып  қойды. 
– Кімдікі екен? Маған сөзін жазып беріңдерші.

60
– Сіз естімеп пе едіңіз? Бұл Нұрахмет аға шығарған əн 
ғой.  Өткенде  менің  ағаммен  үйде  ішіп  отырып  айтқан.  Тез 
үйреніп алдым. Қазір біздің балалардың бəрі осы əнді жатқа 
соғады.
Мұрты тебіндей бастаған Қайрат жақсы саздың алғашқы 
жаршысы мен едім дегендей масаттана сөйледі.
–  Нұрахмет? – соңғы  кезде  өзінен  қашқақтай  беретін 
құрдасының  өнеріне  таң  қалғандай  иығын  қиқаң  еткізген 
Еділ  масаң  буындарын  билетіп  үйіне  қарай  беттей  берді 
де,  кері  бұрылып. – Мейлі,  маған  сөзін  обизəтелні  жазып 
беріңдер! – деді.
Келер  күні  таңертең  басы  зеңгіп  оянды,  мидың  орнына 
шойын  шариктер  салып  қойғандай  зілдей.  Құс  жастықты 
қысқылап,  жаны  байыз  таппай  жатқан  сəтте  құлағына 
əлдебір  таныс  əуен  жетті.  Барлап  қараса  ыңылдап  үй  ішін 
жинастырып  жүрген  Зибаш  екен.  Əуен?  Бұл  əуенді  қайдан 
естіді?  Арақ  уытымен  арпалысып  жатып,  əлденені  есіне 
түсірмек болған жігіт кенет бойын жиып алды.
Жаным, қайдасың? Өзіңді сағындым,
Амал жоқ. Маңдайға жазғанға бағындым...
Нұрахмет... Еділ ішін қара мысықтың пышақтай тырнағы 
осып  өткендей  тыржың  ете  қалды.  Кеше  ғана  шала  мас 
күйінде  сонша  мақтаған  əн  бүгін  табадай  болып  көрінді 
оған. Жігіт орнынан сүйретіле тұрып:
–  Əй,  ыңырсымай  су  əкеліп  берші,  бар! – деген  кезде 
ғана  ту  сыртын  беріп  күйбеңдеп  жүрген  Зибаш  селт  етіп, 
жалт қараған. Еділ жарының жанарындағы мөлтілдеген жас-
ты көрді. Сол-ақ екен қара мысық қайта осқылаған.
Кейін  осы  əннен  де,  жайсаң  Нұрахметтен  де  түк  қадыр 

61
қалмады. Барылдап көшені басына көтеретін жігіттің ұсқынсыз 
кейпін соңынан келемеждеген балалар мен шəуілдеген иттер 
одан  əрі  мүсəпірлендіре  түсетін.  Анасы  Қалиманың  көшеде 
құлап  жатқан  жалғыз  ұлды  үйіне  жеткізе  алмай,  көрші-
көлеңге жалынуы үйреншікті көрініске айналды.
Əуелдегі: – Байғұс-ай!  Махаббат  күйігі  алып  бара-
ды  ғой, – деп  жанашырлық  танытқан  жолдастары  бертін 
келе, – Алқаш! Өй, маскүнем, сорлы, – деп кеудеден итеріп, 
шалшыққа құлатып кететін болған.
Осылай өткен үш-төрт жыл ішінде өмірге екі қыз əкелген 
Зибаш денсаулығы сыр беріп, дəрігерлер енді босануға бол-
майтынын  тəптіштеп  айтқалы  бері  көңілшек  болып  кеткен. 
Əсіресе,  көшеде  мас  болып  келе  жатқан  Нұрахметті  көрсе 
жыламсырап сала беретін əдетін қоя алмады. Мұны байқап 
қалатын Еділ қол да жұмсаған. Инабатты келінге дікіңдеген 
ұлынікін кесірге балаған Айғаным қарттың арашасы болма-
са  оңдырмас  еді.  Ал,  күйік  мүжіген  анасы  жерленгелі  жа-
пан далада қалғандай күй кешкен Нұрахмет болса бұны да, 
əнді де ұмытып, бейшара кейіпке түскен. Кейде ғана шарап 
ықылық  аттырып, «шабыты»  шалқығанда  қырылдаған  дау-
сымен  ескі  əнді  айтқансып,  ауылды  басына  көтереді.  Бірақ 
кімнің  əні  екенін,  қайдан  есінде  қалғанын  кіреукеленген 
жанарын  қанша  сықситса  да,  еске  түсіре  алмайды. Cөйтіп 
жүрген Нұрахметте аяқ астынан жұрт күтпеген өзгеріс пай-
да  бола  бастады.  Күн  ұзақ  айықпайтын  жігіттің  үстінен 
кейде  жаңа  көйлек,  кейде  жылы  күртеше  байқап  қалып 
жүрді  ауылдастары.  Бұл  сыр  ақыры  ашылды.  Оны  ашқан 
жалғызілікті – Гүлбаршынның өзі болды. Нұрахметтің ана-
сы  көз  жұмғалы  əк  көрмеген  қараша  үйдің  есігінен  ырым-
дап  еніп,  ақшаңқандай  етіп  ақтауға  батылы  жеткен  қатпа 
қара  келіншек  жігіттің  кір-қоңын  да  жуып  кеткен.  Ауыл  гу 

62
ете  түсіп,  Гүлбаршынды  көрген  кемпір-сампыр  ернін  сылп 
еткізетін  əдет  тапты.  Алайда,  аяр  сөзді  елемей,  азаматқа 
қамқорлығын  үдете  түскен  əйел – Нұрахметтің  үйін  темекі 
ысы мен ішімдіктің шынысынан да арылтты. Жол апатынан 
қайтыс болған күйеуінен үш баламен қалған Гүлбаршынның 
жігітке  деген  ықыласы  жамағайындардың  назарынан  тыс 
қалмады.  Ақырында  екеуін  қосып,  екі  бөлмелі  қоржын 
тамға  жиылып,  тойдың  ырымын  жасаған.  Осыдан  соң-ақ 
Нұрахметтің  көшедегі  «серенадасы»  сап  тыйылды  десе 
болады.  Бар  ықыласпен  сүйген  жардың  шарапаты  қатты 
жүнжіп кеткен жігіттің еңсесін тез түзеп, отағалық міндеттерін 
бұлтартпай  орындататын  дəрежеге  жеткізген.  Болмысы 
нəзік  Нұрахметке  Гүлбаршынның  балалары  да  тез  үйреніп 
кетті.  Қара  шаңырақтың  құты  қайта  оралған.  Марқұм  Беке-
тай  мен  Қалиманың  қаусай  бастаған  босағасы  қайта  бекіп, 
Гүлбаршынның  дастарханы  жиылмайтын  жағдайға  жеткен 
еді. Енді міне, Нұрахметке шекесі торсықтай ұл туып беріп 
отыр.  Үйленгелі  арақ-шараптан  бойын  аулақ  ұстап  келген 
Нұрахмет  өзінің  белінен  жаратылған  тұңғыш  баласы,  бала 
болғанда  да  атұстары  өмірге  келгеннен  бері  «оразасын» 
бұзып  қойыпты.  Бірақ  екі  күн  бойы  да  ішкілікке  құмар 
ескі  достарына  жуымай,  көшеде  жалғыз  тойлатып  жүр. 
Қуаныштың  буы  мен  арақтың  уы  араласып,  көңіл  деген 
шіркінді əуелетіп барады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет