МАРГАРИТА
Жаңбырлы көктем едi. Күнi-түнi үздiксiз жауған нөсерлi
жаңбыр бiр-бiрiне егiз қозыдай ұқсайтын ауылдағы қоржын
үйлердiң адамдарына көп қиыншылық тудырды. Елу жылдық
тарихы бар үйлердiң ескi шатырлары толассыз жауған
жаңбырға төтеп бере алмай жарылып, сынып жатты. Сол
кезде бiздiң үйге, көршiлерiмiздiң үйiне қонақ болып кел-
ген адам төрт бөлмеден жаңбыр суына арнап қойылған шы-
лапшын, шелек, қазандарды көрер едi. Бiздiң қонақ бөлмеде
төселген қып-қызыл иран кiлемдерi шылқыған су болған.
Су болды дегенiм, жай сөз ғой, мамамның мақтанышына
айналған екi иран кiлемi адам көргiсiз балшық. Сол кездегi
мамамның түрiне қарау аянышты, əшейiнде күлiмдеп тұратын
көк көздерi мұңдана қалған. Құдды жаңбырды жауғызып,
əдейiлеп тоқтатпай жатқандай ашуын бiзден алатын. Үйде
əкем барда мамам бiзге дауыс көтере бермейтiн. Мен де,
бауырларым да əкемдi күндiзде үйде болса екен деп арман-
93
дайтынбыз. Əкеме оңашада бұл арманымды жеткiзгенiмде
күлiп: «Өздерiң мамаларыңның айтқанын тыңдамайсыңдар,
мен үйде отырсам, сендердi кiм асырайды?» деп құлағымнан
көзімнен жас шыққанша тартатын. Əдетте тентектiк
жасасақ жасаған шығармыз, түсiнбейтiнiм, иран кiлемдерiне
балшықты əдейiлеп бiз жаққанымыз жоқ қой.
– Ертелi-кеш ойыннан басқа ойларыңа түк те кiрiп
шықпайды. Жаңбыр суының бөлмеге аға бастағанын
көрдiңдер, сол сəтте шылапшынды қоя салсаңдар, қолдарың
сынып қалатын ба едi. Əй-əй, есiл кiлемдер бүлiндi-ау. Еһ,
қандай едi. Тəлпiш абысын: «Күйген дүние күйiп кетсiн,
осындай кiлем аламын» деп қызғанып едi. Бəтима да
қызығып едi.
Мамамның сөзiне сенсеңiз, бiздiң кiлемге ауылда
қызықпаған əйел қалмаған. Кеше ғана көздiң жауын алатын
əдемi қызыл кiлемге қарай алмайсың, ал мамама қарау одан
да қиын.
Жол шетiнде жиналған кiшкентай көлшiк сулар əр түске
бөленiп, кемпiрқосақша көзiңдi арбайды. Аяқ киiмiмдi
шешiп алып, жып-жылы шалшық суды кешемiн. «Мамам
неге маған көп ұрсады? Мен ертең мама болсам, балаларым-
ды ұрыспай тəрбиелейтiн боламын» деп өзiме серт беремiн.
Сосын тағы қиялға берiлемiн: «Шiркiн-ай, бiздiң қонақ
бөлменің үстiнен кемпiрқосақ сияқты əртүске бөленген осы
су аққанда, кiлемдерiмiз баяғыдан да əдемi болып құлпырып,
мамам қандай қуанар едi».
Сондай жаңбырлы күндердiң бiрiнде бiзбен қоралас екi
бөлмелi ескi үйге немiс отбасы көшiп келдi. Федор ағайдың
отбасы бұған дейiн əйелiнiң əке-шешесiмен ауылдың
шетiнде тұратын. Мамам жаңа көршiміз, ұзын бойлы, əдемi
сары жас əйелге «қоныс құтты болсын» айтып:
94
– Жаңбырдың тоқтауын күте тұрмадыңыздар ма? Бiрақ,
əй, қайдам, мына жаңбыр таяу күндерi тоқтай қоймас.
Аспанның бiр жерi тесiлiп қалған шығар. Ой, көршi, сiз
менiң иран кiлемдерiмнiң жаңбырдан қалай былғанғанын
көрсеңiз ғой, – деп сөйлей алмай булығып қалды.
Немiс келiншек маржандай аппақ тiстерiн көрсетiп,
əдемi күлiмсiреп:
– Көршi-ау, мына жаңбырда мал емес, жан қайғы бо-
лып тұр-ау. Қазақтарда осындай ұлағатты сөз бар емес пе?
– дедi.
– Əрине, көршi. Сұлулықты жоғары бағалайтын əйел
заты емеспiз бе?! Сұлулықты бағалай тұрып, қызғанамыз.
Қызғансақ та, сұлулықты сұлу қалпында қалса екен деп
армандаймыз. Бiр кiтаптан «Əйелдiң сұлулыққа деген
құштарлығын жоғалтуы – өмiрге деген құштарлығын
жоғалтуы» дегендi оқып едiм.
– Əдемi сөйлейдi екенсiз. Шамасы, кiтапты көп оқисыз-
ау деймiн.
Мамамның үйде кiтап оқып отырғанын көрген емеспiн.
Не деп жауап берер екен деп құлағымды тiгiп тұрмын.
– Кiтап оқуға күнделiктi қайталанатын күйбең тiршiлiктен
ауыл əйелiнiң қолы тие бере ме? Жас кезiмде кiтапты көп
оқушы едiм, – деп мамам жеңiл күрсiнген.
– Қызыңыз неше жаста? Сiздiң қызыңызбен жасы шама-
лас жалғыз қызымыз бар. Суық тиiп қалар деп Маргаританы
əдейiлеп əкелмедiк.
– Мəуеміз жетіде.
Немiс келiншек көкшiл көздерiмен маған мейiрлене
қарап:
– Айналайын, Маргаритадан бiр жас кiшi екенсiң. Екеуiң
бiрге ойнайтын болдыңдар, – деп шашымнан сипады.
95
Екi күннен соң жаңа көршiлердi ерулiкке шақыра барған
мамам: – Көршi Федордың пысықтығын айтам, бiздiң үйден
жиырма жыл бұрын салынған үйiнiң төбесiнен бiр тамшы
жаңбыр суы өтпейдi. Ол, шiркiн, күндiз-түнi жауып жатқан
жаңбырда үйiнiң шатырын қалай бүтiндеп алды екен? – деп
мамам разы болып, əрi қапаланған. Кiмге ренжiгенi түсiнiктi.
Əрине, əкеме. Сосын əкемнiң үй шатырын ауыстырмай
жүргенiне құдды iнiм екеумiз кiнəлiдей: – Сендердiң жалқау
əкелерiң құдайдың жазында шатырды түгел ауыстырмақ
тұрмақ, жамап-жасқауды бiлмейдi. Не деген бейғам жан
екенiн түсiнбеймiн. «Балалар суық тиiп, ауырып қалмаса бо-
лар едi» деп уайымдағанын естiсем, құлағым тас керең бол-
сын.
Мамам əкем туралы əңгiменi бiр бастамасын, баста-
са аяқтауы қиын. Аудан орталығындағы педущиличеге
құжаттарын тапсырып, оқуға түсейiн деп жүрген жерiнен
əкемнiң алып қашып кеткенiн, күйеуге тиiп, қор болғанын,
күйеуiнiң ауру атасы мен əжесiн баққанын жыр етiп айтып
барып тоқтайды. Үйден сытылып шығып кеттiм. Көршi
үйдiң шатырына көзiм түскенде таңқалдым. Мамамның
қызыл иран кiлемдерiнiң түсi секiлдi қызыл шатыр көздi ар-
байды. Мына жаңалықты айтпақ болып, Құрбангүлдің үйiне
барып едiм: оның мамасы да папасына жаңбырға тосқауыл
бола алмайтын өздерiнiң ескi шатырлары жайлы мұң шағып
отыр екен. Жаңылыс ағай үнсiз басын шұлғиды. Құрбангүл
екеумiз терезеден қарап тұрып, көршi үйдiң қызыл шаты-
рына қызыға қараймыз. «Бiздiң үйдiң де шатыры осындай
болса екен» деп армандаймыз. Iшiмнен ол үйде бiз емес,
əлi өзiмiз көрмеген кiшкентай немiс қызының тұратынын
ойлап қызғанып қоямын. «Ертең Маргарита келсе, сен
менi тастап, онымен дос болып кетпейсiң бе?» – дейдi
96
Құрбангүл. «Маргарита тез келсе екен» деп жүрген мен сыр
мiнез досымның көңілiне қарап «жоқ-е» деймiн.
Бiздiң ауылдың тұрғындарының тiлегенi көкке жеттi
ме, екi жетi үздiксiз жауған жаңбыр да тоқтаған. Бiздiң
есiк алдындағы егiстiк алқабында жылда жоңышқа өседi.
Сол көктемде жоңышқа алқабына қып-қызыл қызғалдақтар
қаулап шықты. Ешкiм қызғалдақтарды күзетудi мiндетiме
бермесе де, өздiгiмнен даланың жабайы ерке гүлдерiн
күзетудi мiндетiм деп санадым. Түске таяу ұйқымнан ояна-
мын да шайымды асығыс iше салып, жоңышқа алқабына
қарай жүгiремiн. Бiр күнi аппақ көйлек киген сары шашты
қыздың бiздiң жоңышқа алқабын əкесi егiп қойғандай, еркiн
аралап жүргенiн көргенде ызадан жарылып кетейiн дедiм.
Қолындағы бiр құшақ қызғалдақты көргенде көзiмнен жас
ыршып кеттi.
– Табаныңды жалтырат, əйтпесе, менен көретiнiңдi
көресiң, – деп айқай салдым. Кекiлдi қыз менi көрдi де
баяғыдан танитын адамдай күлiмсiреп:
– Өзiң қызғаншақ қыз екенсiң ғой. Мен сенiң көршiң
Маргарита боламын. Сен Мəуесiң бе? Мамам сенi «жақсы
қыз, екеуiң дос болып кетесiңдер» деп мақтап едi. Жақсы
қыз деген менiмен таныспай жатып ұрса ма екен, – дедi
бұртиып.
– Қызғалдақтарымды неге ұрлап жатырсың?
– Қызғалдақ теруiме мамаңның өзi рұқсат берген. Сенің
есімің əдемі екен.
– Əкел берi қызғалдақтарымды.
Маргарита қызғалдақтарды бермей, үйiне қарай қаша
жөнелетiн шығар деп ойлағам. «Қуып жете аламын ба, қалай
жүгiредi екен, жақсы жүгiретiн шығар, немiс қой, əрi менен
бойы да, жасы да үлкен. Жетсем, ұруым керек пе, жоқ па?»
деген ойлар басымды шырмап алды.
97
– Қызғалдақтарыңды ала бер. Өзің жақсы қыз емес
екенсiң, – дедi көздерi жасқа толып, маған қызғалдақтарды
ұсынып.
– Жұлынған қызғалдақтарды қайтем, ала бер.
– Рахмет.
Беттерi қуаныштан албырап, жүзi бал-бұл жанды. «Мəуе,
сен бiлсең ғой, мамам «жаңа көршiлерiмiздiң сенiмен жасты
қызы бар екен» дегенде мен қандай қуандым».
Сол күннен кейiн Маргарита екеумiз достасып кеттiк.
Құрбангүл алғашында Маргаританы тосырқап жүрдi, аз
күннен кейiн жаңа досымыздың ашық-жарқын мiнезi оны да
баурап алды. Құрбангүл екеумiз ұйқымыздан ояна салысы-
мен бетi-қолымызды жуар-жумас Маргаританың үйiне қарай
жүгiремiз. Екеумiз де түскi асты үйден iшу дегендi ұмыттық.
Маруся апай түскi асқа əртүрлі тəтті тағамдар дайындайтын.
Ең алғаш котлет, бифштекс, саңырауқұлақтан дайындалатын
тағамдарды Маруся апайдың қолынан жедiм. Маруся апай
үшеумiздi «ескi мектеп жақта ақ саңырауқұлақтар көп» деп
қолымызға себет ұстатып, бiздiң ауылда сирек өсетiн осы
өсiмдiктi терiп келуге жұмсайтын. Маргарита əке-шешесiмен
Алматыға бiр жетiге қонаққа кеткенде Құрбангүл екеумiз
немiс қызын да, мамасының тəттi пирогы мен саңырауқұлақ
жеудi де кəдiмгiдей сағындық. Екеумiз ескi мектеп жақтан
бiр-бiр кiшкентай шелекпен саңырауқұлақ терiп əкелдiк.
Мамам: «Үйдің бəрін сасыттың» деп ұрсып, қоқысқа ауда-
рып тастаған. Бiздер жеуге болмайтын, исi жаман жабайы
саңырауқұлақ терiппiз. Қасымызда қандай саңырауқұлақты
теруге болатынын бiлетiн Маргаританың жоқтығы ғой.
Құрбангүлдің аңқаулау шешесi «Марусяға беремiн» деп
мұздатқышқа салып, сақтап қойып, Маруся апай рахметiн
айтып, күлiп алған. Бiр күнi Маруся апай менiң мамам
98
мен Құрбангүлдің мамасын түскi асқа саңырауқұлақ жеу-
ге шақырды. Бiз əдеттегiдей түскi аста сонда болдық.
Саңырауқұлақтан ауыз тиген мамам бiр жетi бет-аузын
ұшық қаптап, ауырып жүрдi. Тағы да кiнəлi менмiн. «Сен
қайта-қайта «Маруся апайдың саңырауқұлағының тəттісін-
ай» деп тамсанып қоймадың. Анауың адам жемейтiн нəрсе
ғой. Екiншi рет жеушi болма!» Қайдағы, түскi аста мамам
менi үйге артымнан шақыртуға адам жiберiп, келтiре ал-
майтын. Үйлерiмiзде ұйықтау дегендi бiлмейтiн Құрбангүл
екеумiз Маруся апайдың қатаң тəртібіне бағынып, Марга-
ритамен бiрге аппақ жаймада ұйықтаймыз. Жаз айларында
аяғымызға тəпiшке iлудi бiлмейтiн Құрбангүл екеумiздiң
кiр-қожалақ аяғымызға Маруся апай шошына қарап тұрып:
«жуып келiп жатыңдар» дейтiн. Сол сөздi ол кiсi бiзге
күнде қайталайтын. Кешкiсiн Маргариталардың кiр жаятын
сөрелерiнде аппақ екi жайма жайылып тұратын.
Құрбангүлдің мамасы – Гүлзат тəте: – Маруся күнде
екеуiңнің кiрлерiңдi жуып шаршайтын болды. Түсте үйге
келiп ұйықтасаңдаршы. Əлде, аппақ жаймасыз ұйықтай
алмайсыңдар ма? – деп күлетiн.
Маргаританың алтындай жарқыраған сары шашы, тұп-
тұнық көгiлдiр көздерi əдемi, қараған адамды өзiне баурап
алатын оның сиқыры болатын. Менiң басыма жара шығып,
əкем шашымды тақырлап алып тастап, «басыңа кептер-
лер қонады» дегенiне сенiп, «кептерлерiмдi» күтiп жүрген
кезде Маргарита шашын екiге жарып, қос бұрым етiп,
өрiп жүретiн. Кейде күйiнiп мамама: – Неге менiң көзiм
Маргаританың көзi секiлдi жасыл емес, неге шашым сары
емес, – деп жылаймын ғой.
– Сəл күн шыда, сенiң шашың қап-қара болып өседi, –
дейдi мамам шашымның жоғын есiме салып. Сол сəтте сары
99
шаш емес, басымда шаштың болуы арманға айналып, ба-
сыма кептердiң қонбағанын, алдағандарын айтып көзiмнiң
тостағанын жуып аламын.
– Сенiң қара шашың Маргаританың сары шашынан
əлдеқайда əдемi, бұйра. Ал көздерiң онсыз да көк қой,
қызғалдағым, Маргаританың жасыл көзiнен сенiң көзің
əлдеқайда əдемi, – деп мамам жұбата бастайды.
Менiң көзiм көк, бiрақ Маргаританың көзiндей аспан
түстес көкпеңбек емес. Өзiммен тете iнiм ұрсысып қалсам: –
Көк көз, қарашы, көзiң жабайы мысықтың көзiнен аумай
қалған. Ол да сенiмен шамасы ұқсастығын бiлетiн болар,
түнде үнемi сенiң аяғыңның астына келiп жатады, – деп
мазақтайтын. Үйдегi бала мысықтың көзiне қарап тұрып, өз
көзiммен шынында да ұқсастық көргендей, қорқатынмын.
Байғұс бала мысықтың еш жазығы жоқ болса да, қуып
жүрiп, шыбықпен ұратынмын. Мамам: – Мына қызды жын
ұрған шығар, мысықты өлтiресiң бе? Мысықтың қарғысы жа-
ман, – деп айқайын салып, бала мысықты арашалап алатын.
Қуыршақпен ойнап жүрiп, Маргаританың бойжетiп
кеткенiн байқамай да қалыппыз. Құрбангүл екеумiз
алтыншыға өткен жазда Маргарита жетiншiге көштi.
Ол сол жазда бiзбен бiрге арықтың суына түсiп, күнге
қыздырынбайтын болды. Көрші үйдің бағынан бізге қосылып
алма да ұрламайтын болды. Бізбен қосылып, Жексен атаға
əн салып беріп, балмұздаққа ақша да алмайтын болды.
Сол жазда ол тiлерсегiне түсетiн ұзын шашын мамасының
рұқсатынсыз қидырып тастады. Мойны ұзын, бетi аппақ оған
қысқа шашы да көрiк берiп тұратын. Бiрде ас үйде мамама
Маруся апайдың «Маргарита балалығымен тез қоштасты.
Бiздiң немiс қыздары тез бойжетедi» деп ренжiп отырған
үстiнен түстiм де, əңгiмелерiн тыңдауға ыңғайсызданып,
түпкi бөлмеге өтiп кеттiм.
100
Сол жылдың күзiнде Маргарита мектепке баяғыдай
Құрбангүл екеумiзбен емес, менiң Жеңiс ағаммен бiрге бара-
тын болды. Бiз қастарына қосылсақ, екеуi тез жүрiп кететiн,
не артта қалып қоятын. Маргарита кешкiсiн бiздiң үйге жиi
келетiн. «Папам спорт көрiп жатыр, сендердiкiне кино көруге
келдiм» дейтiн құпия ғана күлiмсiреп. Менiң қасымда он-
он бес минөт отырып: «Мамама айтпай кеткен едiм, iздеп
жатқан шығар. Киноны ертең көрермiн» деп кетiп қалатын.
«Жүр екеумiз барып, мамаңа айтып келейiк» десем, «Мəуе,
сабағымды да дайындамап едiм» дейтiн тағы да құпия жы-
миып. Сол жылдың көктемiнiң ызғарлы күнiнде сабақтан
келсем, мамам мен Маруся апай бiр нəрсеге келiспей,
қатты сөзге келiп жатыр екен. Мамам: «Сенiң қызың қыз
емес, шайтан. Жуас баламның басын айналдырып жүрген
шайтаныңды секеңдетпей, аяғын тұсаулап ұста. Болашақ
немереңнiң менiң баламның баласы екенiне сенбеймiн. Ол
бала ақсақ қайнаға екеуiңе ортақ немере шығар» дедi даусы
ащы шығып.
Бойымды үрей биледi. Кеше ғана өзiммен қуыршақ ой-
нап жүрген Маргаританың бойына шынымен бала бiткенi
ме? Алтыншы сыныптың оқушылары Құрбангүл екеумiз
қуыршақ ойнамасақ та, резеңкеден секiрiп, доп қуып ойнай-
мыз. Бір жылдан кейiн менде Маргаританың жасында бола-
тынымды ойлағанда бойымды одан сайын үрей биледi. Сол
күннен кейiн бiздiң үймен Маруся апай да, Маргарита да
қатынаспайтын болды. Колхоз жұмысына ерте кетiп, үйiне
кеш оралатын құрылысшы Федор ағай сирек те болса, үйге
бас сұғып тұратын, əкеммен бiрге карта ойнайтын. Екеуi ша-
рап iшкен күндерi «Бойында Арыстың, өзiңмен таныстым»
деп əн салатын. Федор ағай Шəмшiнiң əндерiн бұзбай,
қоңыр даусымен жақсы айтатын. Ол кiсi ауылда өтетiн той-
101
ларда да жұрттың өтiнiшiмен Шəмшiнiң əндерiн орындап
беретiн. «Шəмшi немiстiң композиторы болсыншы, əлемге
танымал болатын едi. Əттең, ол аз ғана ұлттың перзентi»
дейтiн кəдiмгiдей қапаланып.
Жаз айларында Федор ағайдың үйінің қақпасының
қасынан Оқпан шалдың кенжесi, түрмеде екi жыл отырып
келгеннен кейiн Кенжебек есiмi ұмытылып, Коля атанған қара
сұр жiгiттi жиi көретiн болдық. Бiр-екi рет Құрбангүл екеумiз
оларды аңдып та көргенбiз. Екеуi бiр-бiрiне жақындап, бiр
адамға айналғанда үйге қарай апыр-тапыр тұра жүгiргенде,
Маргаританың «Көршiнiң кiшкентай қыздары ғой» деген
сызылып даусы шыққан.
Таңғы бесте үйiне аппақ бетi, ұзын мойны шылымның
шоғымен күйдiрiлiп, көзi көгерiп, жылаудан жанары iсiнiп
келген жалғыз қызының түрiн көрген Федор ағайдың қаны
басына шауып, Оқпан шалдың үйiне барады. Сол жерде
айқай-шу шығып, түрме көрiп, қаны қарайып келген Коля
Федор ағайдың жүрегiне пышақ сұғып алады. Сот Коляны
жиырма бес жыл басбостандығынан айырды. Əкесiн жерле-
геннен кейiн Маргарита ауылда бес айдай болмады. Маруся
апай: «Байғұс қызды өзiне қол жұмсап қоя ма деп қорқамын.
Алматыдағы сiңлiмнiң үйiне жiбердiм. Ол сенiң Жеңiсбегiңдi
сүйетiн» деп мамамның иығына басын қойып жылайтын.
Мамам: «Маруся-ау, кешiршi, алдыңда кiнəлiмiн» дейтiн
кəдiмгiдей өкiнiп.
Алматыдан оралған Маргарита үйiне өзiмен бiрге тағы
бір қайғы əкелді.
– Біздің немістің қыздарында намыс болсайшы. Əкесін
өлтірген қанішердің баласын туамын деп, сайқал, безеріп
отыр. Қайтейiн, ендi. Ақыл қосшы, құрбым-ау, – деп Ма-
руся апай үйге жылап келдi. Мамам «қайғы үстiне қайғы
102
арқалаған, байғұсым-ай, тағдырға соншалықты не жазып
едiң» деп қосыла жылады. Маргарита ауылда бiр айдай
жүрдi де, Алматыға қайтып кеттi.
Бiр күнi кешкiсiн Маруся апай келiп, Германияға
көшетiндерiн айтқанда, үстiмiзден жай оты түскендей,
бəрiмiз үрпиiстiк те қалдық.
– Құдайы көршiлерiм-ау, өздерiң отбасымыздың ойраны
шыққанын көрiп отырсыңдар ғой. Федор жалғыз қызының
намысын қорғаймын деп өлдi, қыздың жайы анау. Əлгi
қанышер түрмеден тiрi шықса, «баламды көремiн» деп iздеп
келе ме деп қорқамын. Ата-қонысқа немiстер көшiп жатыр
ғой, бiзде елмен бiрге жетiп алайық. Есiмiз барда, елiмiздi
табайық. Қазаққа күлкi болып бiттiк. Қазақтар тепкiлеп
қумай тұрып, елiмiздi табайық. Шал мен кемпiр жолға
шыдай ма, бiлмеймiн. Олар да қайғыдан құр сүлдерлерiн
сүйретiп жүр, – деп күрсiнiп, көзiне жас алды.
– Маруся-ау, не дегенiң. Бұл қазақ сендерден жақсылық
көрмесе, ешқандай жамандық көрген емес. Осы ауылда
Федордың шебер қолы тимеген үй жоқ шығар. Күйiнесiң-ау,
күйiнесiң. Қайтесiң, тiрi адам сүлдерiн сүйретiп жүре бередi
екен ғой. Федор марқұм қандай жан едi, – деп мамам ауыр
күрсiнiп, орамалының шетiмен жасын сүрттi.
– Осы күнде түсiме қара басып, ұйықтап қалып, екi
айлығында өзiм жаншып өлтiрiп қойған қызым жиi кiретiн
болып жүр. Балапаным, түсiме екi айлық емес, он-он екi
жасар қыз болып кiредi. Қасыма жақындамай, алыста үнсіз
ғана бетiме мүсiркеп қарап тұрады. Федор қанша мас болып
келсе де, осы оңбаған тірлігімді бетiме басқан емес. Өзімді
кешіре алмаймын-ау, кешіре алмаймын, – деп көз жасына
ерiк бердi.
103
Маруся апайды, оның кəрi əкесi мен шешесiн шығарып
салып тұрғандардың көзiне жас алмағандары кем. Əкемнiң
көзiндегi бiр тамшы жасты көрдiм де, көңiл-күйiм бұзылып
кеттi. Сол түнi таңға дейiн жыладым-ау. Ертесiне мектепке
көзiм бұлаудай болып iсiп барған.
* * *
Маруся апай мен мамам сирек те болса хат жазысып
тұрады. Таяуда тағы да хат алдық. Бiздi отбасымызбен
Германияға қонаққа шақырыпты. Маргарита əлi тұрмыс
құрмаған. Баласы Жеңiс екiншi сыныпта оқып жүр екен.
«Қазақтың қаны жiберсiн бе, Қазақстанды жиi сұрайды.
Қазақшаны жақсы сөйлей алмаса да, нан сұрап жейтiн
қазақшасы бар. Бұл баланы өмiрде құшырланып сүймейтiн
шығармын деп ойлаушы едiм. Алғаш дүниеге келген кезiнде
бетiне де қарамайтынмын. Тiлi шығып, «əже» деп қолын
созғанда шыдап тұра алмадым. Сəби кезiнде өзiнiң тiлi сон-
дай тəттi болатын. Бүгiнде өмiрiмдi немерем Жеңiссiз елесте
те алмаймын» – деп жазады хатында Маруся апай. Баланың
есiмiн Жеңiс деп не үшiн атағанын ашып жазбаса да түсiнiктi
ғой. Маруся апай немересi туылған кезде жазған хатында
«Маргарита баласының есiмiн Жеңiс қойды» деген. Герма-
ниядан хат алған күнi Федор ағайды, Маруся апайды, Мар-
гаританы сағынып, өткен күннiң қызықты оқиғаларын еске
алып, күлiп, бiр жасап қаламыз. Жеңiс Семей медициналық
институтын бiтiрiп, үйленiп, сол қалада қалып қойған.
Ауылға екi-үш жылда бiр келiп тұрады. Мамам: «Жеңiс пен
Маргаританы бекер ажыраттым ба, байғұс қыздың обалы-
на қалдым-ау. Жеңiс Маргаритаға үйленсе ауылда не аудан
104
орталығында тұрар ма едi. Маргарита ақкөңіл, жақсы қыз
болатын. Жеңiс бiзден қашықта тұрып, жат болып барады» –
деп мұңайып, жүзiн кiрбiң шалады. Маған кейде адамдар
өткен сəтсiздiктерiн еске алып, өмiрлерiн өкiнiшпен өткiзiп
жатқандай көрiнедi...
105
ӨМІРЖАН ƏБДІХАЛЫҚ
1980 жылы 21 тамызда Моңғолияның Қобда аймағында дүниеге кел-
ген. 1998 жылы Павлодар облысы Май ауданындағы Мамай ауылының
орта мектебін тəмамдаған. 2005 жылы Қазақ ұлттық университетінің
журналистика факультетін бітірген. Қазір «Азаттық» радиосының
Алматыдағы бюросында тілшілік қызмет атқарады.
ҚОШ БОЛ, РАУШАН!
Қызға сезім білдіру – еш дайындықсыз өмірге келу
сияқты аяқ астынан болады деп ойлаған емеспін. Мен
Раушанға білдіремін деп ойламаған жүрек сөзімді, бəлкім,
саналы ниетімді айтып отырғанда өз сөзім мен сезіміме
біртіндеп сене бастадым. Өзіме сенімім бар екеніне қуандым.
Мен махаббат туралы екеуге арналған əңгімемді бастағанда,
қарсы отырған Раушан жазып отырған қағазының үстіне
қолын айқастыра жантайып, жүзін жасырып алды.
Мен сөйлеп біттім. Ол басын көтерген жоқ. Біз отырған
ас үйді үнсіздік басты. Мен үнсіздіктен қорқа бастадым.
Тыныштықтың осыншалықты қорқынышты болатынына
сенгім келмей, балконға шықтым да темекі шектім. Жалғыз
отырған Раушанға қарап қоям. Ол сол қалпы отыр. Мен бол-
коннан кіргенде Раушан:
– Темекіні көп тартпасаңшы! – деді. Мен өтірік жымиған
болдым да:
106
– Сенің үндемей қалғаныңнан қорықтым, – деп едім:
– Үнсіздік – келісім белгісі демеуші ме еді? – деп
келісетін сыңай білдірді
– Мен сөзге сенем. Əуелі сөз жаралды емес пе? Егер
үнсіздіктің бəрі келісім бола берсе, онда жердегілердің іс-
əрекетін Құдай мақұлдаған болып шығады ғой.
– Мен құдайдан қорқам.
– Ал мен қорықпаймын. – Раушан басын оқыс көтерді
де:
– Түсінбедім! – деп тағырқай қарады.
– Мен Құдайды жақсы көрем. Одан қорықсам, оны
жақсы көре алмас едім. Құдайдан қорықсаң – алыстайсың,
жақсы көрсең жақындайсың.
– Адам бəрібір бір нəрседен қорқуы керек қой.
– Өзінен қорықсын. Менің сенің үнсіздігіңнен қорық-
қаным сияқты.
– Менің емес, екеуіміздің. Үнсіздік – екеуіміздің екі жолды
түйістірер алдындағы еркіндігімізбен қоштасуымыз. Бəлкім,
жанның егізін табуы, жаныңа жар болған жалғыздықпен
соңғы рет бақұлдасуы болар. Мен жалғыздықты сағынатын
боламын. Менің жылағым келіп отыр. Қос қимастың орта-
сында тұрмын.
Ол үнсіз қалды. Мен Раушанның сол қолын ұстадым. Оң
қолын өзі берді. Екеуіміз қол ұстасқан күйі, үнсіз қалдық.
Раушанды менің жаным шын қалайтынын, мен үшін сенім
мен үміттің бейнесі айқындала бастағанына, санамды
жүрегім иландырды. Мен де Раушанға икемделе бастадым.
Мен оны демімнен де жақын сезіндім.
– Раушан, мен саған бақытты уəде ете алмаймын.
Өйткені, мен қос маңдайдың түйіскен тұсындағы жазуды
оқу қолымнан келмейді.
107
– Оның оқылмауы – өмір. Бақыт деген осы сəт. Оның
ғұмыр бойы қасыңда жүруі мүмкін емес. Біздің қол
ұстасуымыз – екі жанның үйлесімі ғана. Біз бар болғаны
мойынұсынамыз.
Ол қолымды ақырын қысып жымиды.
– Мен сені мұншалықты терең ойлайды деп ойламаған
едім.
– Кешірімді.
– Əдемі.
Біз бір-бірімізге жымия қарадық. Мен орнымнан тұрып,
балконға шығуға ыңғайлана беріп едім, ол:
– Тағы да темекі ме?! – деді.
– Енді, сенің айтқандарыңды сіңіруім керек қой.
Ол күлді де қолын айқастырып жантайды. Мен балкон-
нан оған қарап тұрдым. Ол мені көре алмады. Мен қараңғыда
тұрдым, ол жарықта отырды. Мен кірдім де майшам тауып,
жарықты өшіріп, майшамды жақтым. Жарықты өшірген
кезде Раушан басын көтеріп: «Не істеп жатырсың?» деген-
дей, маған қарады. Мен майшамды жаққанда барып ақырын
күлді.
– Мұның не?
– Даланы сағындым.
Шамды кесенің түбіне орнаттым да Раушанның шашы-
нан иіскедім.
– Шашыңнан даланың иісі шығады.
– Тегіміз дала. Ертең сол туған далама кетем. Шешемді
сағындым.
– Аналық сезімің ояна бастаған екен.
Ол күлді.
– Ақырын, елді оятасың.
– Елдің оянғанынан қорқасың ба?
108
– Аздап.
Ол үндеген жоқ. Орнынан тұрып кетуге ыңғайланып:
– Ауылда сендерді сағынатын шығармын.
– Сендерің кім?
– Қорықпа, сені ойлайтын болам.
Мен оған қолымды создым. Ол қолын ұсынды.
Құшағыма еніп келе жатты. Біз қимылсыз ұзақ тұрдық.
Раушан құшақ ажыратып есікті ашқан кезде, майшам жалп
етіп сөніп қалды.
Ертесінде мен жұмыстан келген кезде Раушан ауылға
кетіп қалыпты. Менің өмірді қабылдауым өзгере баста-
ды. Раушанды күн өткен сайын сағындым. Оның мен үшін
бағасы өмірлік құндылыққа айналды. Мен оған сендім.
Мен үйге келген бойда аяқ киімдерге қарайтынмын.
Раушанның аяқ киімін іздейтінмін. Тіпті, аяқ киімдерге қарап
кімдікі екенін, оның талғамын, аяғын қай жағына қисайта ба-
сатынын, аяғына деген құрметі қаншалықты екенін біле бас-
тадым. Адамдар жерге деген құрметін аяқ киім кию арқылы
көрсете ме екен, жоқ əлде жерді жатсынғаны ма? – деген
секілді күлкілі ойларды ойлай бастадым. Бірақ Раушанды
ойлауым тоқтаған жоқ. Қызметтік күндерімнің кезекті бірі
аяқталып, үйге келдім. Келген бетте, аяқ киімдерге қарадым.
Əйел адамның жаңа аяқ киімі тұр екен. Раушан келіпті.
Аяқ киімі өзгеріпті. Мен қатты қуандым. Шайға отырғанда
досымның шешесі:
– Құдалықтың сарқыты – деп, табақтағы етті алдыма
қарай сырғытты. Мен Раушанға қарадым. Ол стол үстінде
қатар тұрған күнтізбе мен сағатқа қарап, ойланып отырды.
Мен еріксіз етке қол создым.
Сен расында да Құдайдан қорқады екенсің.
Қош бол, Раушан!
109
Достарыңызбен бөлісу: |