«Мәдени мұра» м емлекеттік бағдарламасыныц



Pdf көрінісі
бет51/64
Дата06.03.2017
өлшемі15,32 Mb.
#7846
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64

жөне 

керісі^Л 

Навахо бір-бірімен  “бәрі де жақсы” деп 

амандасса, ж а п *  

дар 

-  

“өз  уақытында  күрметке  ие  болыңыз”,  ал 

амерщ!!! 

лықтар 

— 

“хал қалай? немесе “калай түрып 

жатырсыз?” л ' 

сәлемдеседі. Әр дөуірдің өзіндік дағдылы сөз 

Қолданыстары 

бар.  Бүл түрғысында Карл  Беккер былай деп 

жазды:

“Егер  біз  қай  урпақ  ушін  де  білімге  апарар  қупия  есік 

болган кіиікентай  артқы есікке бас сугып  қарар болсақ  ма 

гынасы айқын бедерленіп турмаган елеусіз сөздерді іздеугек/ам 

жасаганымыз теріс болмас еді: бул өзі — адамдардың ешқан- 

дай  жасқанбастан  да,  кумәнданбастан  та  айта  салатын 

немесе  қалам  ушымен  турте  салатын  унемі  қайталануы 

себепті метафоралық мәнін жогалтқан жэне өзінен-өзі вмір 

шындыгындай қабылданатын сөздер...  Барлық урпақтар ушін 

мундаіі  сиқырлы  сөздердің кірер жоне шыгар жерлері бар ”.

Белгілі бір мағынада семантика мәселесі — 

жаңа меселе 

емес.  Рим ғалымы Варрон өз трактаттарының 

бірінде “жақ- 

сылық”  сэзінің екі  жүз  жиырма  сегіз  әр түрлі 

мағынасын 

тапқанын айтады.  Ол — “Сөздерді тазалаудың 

ж әне зарар- 

сыздандырудың  қандай да  бір  әдісі  болуы  тиіс. 

Махаббат, 

тазалық, мейірім, жан жылуы — мүның бэрі 

жуып отыруды 

қажет  ететін  кірлеген  заттардың  үйіндісі”,  — 

деп  жазған 

Олдос Хакслидің пікірін үстанады.  Біз сэздердің 

көмегімен 

эр алуан заттардың басын қосамыз жэне шын 

мэнінде бір- 

түтас нәрсені ауызекі түрде боліп тастап отырамыз. 

“Хрис­

тиан ғылымыньщ” жолын үстанушы витаминдер 

таблетка- 

ларын қабылдаудан бас тартты,  ойткені ол мүны 

“дэрі  ДеП 

есептеді, ал оған витаминдер дэрі емесін, тағам 

екенін аитк- 

анда,  ол  витаминдерді қолдануға оңай келісті. 

Қамсы здан- 

дыру компаниясы мына жайға зер салды: 

адамдар  “бенз 

қүйылған  цистерна” десе,  үлкен кауіппен 

карайды, ял e  Р 

“бензиннен босаған цистерна” десе,  ондайда 

б ей -ж а й , 

ка 

сыздык танытады. Ал шын мэніңде  “бензиннен 

босаған 

стерна” бензин қүйылған толык цистернаға 

қарағанда, 

қайда  кауіпті,  эйткені  оның  ішіндегі  бензин жүғыНД«*Ч 

ның булануынан  жарылыс пайда болады.

Семантика мәселесі — іс жүзінде шешімін 

табаты н 

 

ле,  эйткені Джон Локк айткандай:  “Сэздердін өр түр 

g 

ғыналарын жэне  кемшіліктерін  кэрсету сондай киын,   

болатыны,  оны  көрсететін  сол сөздердің эзінен оа

438

к ”  Кедергілерді  ж еңетін  м эдени  жорықты  өте  өте 

і*Не  * ° ьілатын себептердің бірі де осы.  Аударма жасаудың 

каЖеТдыгымен  күрескен  кез келген  адам сөздікте бар бүкіл 

* ^ о д і н  күрамын білу -  тіл білу емес екенін  мойындауга 

СӨжбҮР болады.  Итальяндардын Traduttfre, tradittore  (аудар- 

мәЖЬІ  -  опасыз  сатқын)  деген  нақыл  сөзі бекер  айтылма- 

М3  Мен бірде агылшын тілін жақсы білетін ж апоннан Жа- 

ния конетитуциясындагы  “Өмір,  бостандық ж ән е бақыт 

чяеу” 


дейтін  тіркесті  оз  тілінен  қалай  аударатынын  сүра- 

ÎLm.  Ол: 

“ Ж


ы н ы с т ы қ

 

қатынас  рахатына  берілуге  рүқсат” 

деп 

аударды. Агылшын-орыс-агылшын аудармасы*  “Ж ене­

вьева 


сотқарлығы  үш ін  шығарылды”  деген  телеграмманы 

“Женевьева  ж асоспірім дік  қылмысы  үш ін  дарга  асылды” 

қьілып 


жіберген.

Бүл -  кэзге корініп түрган эрескел қателер.

Ал енді қараңыз,  Кэне эсиеттегі бір гана жер сандаган 

эр  алуан  тілдерде  қалай  аударылады.  Аударған  кездегі 

сөйлемдердің үзақтыгындагы айырмашылық — түпнүсқа- 

дағы еездердің мағынасын дэл беретін шет ел создерін іздеп 

табу проблемасының қиындыгын гана кэрсетпейді.  Әсіресе 

поэтикалык  бейнелі  создерді  аудару тіпті  киын.  Гомердің 

өлең өлшемдері Хотрейдің агылшын тіліне жасаган аудар- 

масында  бәрінен  де  жақсы  берілуі  мүмкін.  Илиаданың 

үшінші эніндегі Кастор мен Полидевка туралы айтылатын 

эпизодындагы соңгы екі жол мүнда былай айтылады:



So  said  she;  but  they  long  sinse  in  earth’s  soft  arms  were 

reposinq  .  There  in  their  own  dear  land,  their fa   therland, 

Lakcedaemon.

(Ол  солай  den  айтты;  бірақ  олар  жердің  жүмсақ  қойы- 

нында,

  баяғыда  тыныш  тапты;  сонда  —  өздерінің  туган 

Жершде,  Лакедемонда).

щдОтрей грек гекзаметрінің музыкалық әсерлілігін  сон- 

Пайд  ҚТЫ ДӘЛ ®ерс білген;  агылшын тілінің бар мүмкіндігін 

Сол 


анған  түпнүсқа  тілінде  қандай  эсер  беретін  болса, 

сез  g, 


-Де беРген.  Әйтсе де  ф е к  тілінде осы жері созбе- 

аи  айтылады.  “ Б ірак  оларды  сол  кезде  омір

* Тү

^Кымен  қя ҚаЛа созд‘ ойнату:  Suspend (уакытша шетгету;  шыгару; бірак. 

КетКең  -   д.  ар  ~   ШУ>  іліп  қою)  hapg  (дарға  асу,  жазалау)-ға  айналып

УДаР  ескертпесі.

439


беруші  —  жер  берік  ұстап  түрды”.  Түпнүсқа  шыншыл  -  

Еленаның ағалары өлді және бүған істер ешқандай амалың 

жоқ. Ағылшыншасы -   сентиментальды.

Бірде мен Парижце “Нашар бала”  деп аталатын 



пьесаны 

көрдім.  Мен  пьеса туралы  — бүл  өзі  көз  қызықтырарлық- 

тай тәуекелшіл дүние екен деп таптым.  Бір жыл өткен 

соң 

Венада осы пьесаның неміс тіліндегі қойылымына бір 



қызды 

шақырдым.  Бірақ осы қойылымға бүл  қызды 



апарғаныма 

қатты қысылып, өзімді қоярға жер таппадым, өйткені 



пьеса 

неміс  тілінде  қүлаққа  түрпайы  тиеді  екен,  сөздері  де 



кісі 

үяларлықтай.

Оксфордтық  төлімгерім  маған  сегізінші  ғасырда 

өмір 

сүрген  британ шешенінің шығармаларынан бірнеше 



бетті 

грек тіліне аударуға берді.  Тіл табиғатын алғаш рет іттындяп 

түсініп,  түтынуым  сол  кезден  басталды-ау деп  ойлаймын. 

Онда мынандай бір сөйлем бар еді.

“Бүл оны  жеккөрінішке толы айыптаулармен көміп 

та­

стап еді”.  Осы сөйлемді аударуға бар күшімді салдым, 



қатты 

қиналдым;  ақыр  соңында  өрбір  сөзді  ағылшын  —  грек 

сөздігінен карап, салыстырып, кешірілмейтін күнө жасадым 

десем де болады.  Менің төлімгерім созбе-соз аударма 



нәти- 

жесінде пайда болган соншалықты сүрықсыз тіл былыгына 

козі түскенде, маган жек көру, аяньпп, тандану аралас пішін- 

мен қарап:

“Қымбаттым,  балам, оны бір ауыз гана :  deinos aedeitai 

(бүл оны қатты айыптады) деген  бейнелі созбен — аударуга 

болмас па еді?”  — деп еді.

Ш ын монінде аударманың үш түрі болады.  Біріншісі — 

созбе-соз аудару. Мүндай аудармаларда ауытқу көп болады. 

Әрине, түпнүсқа тілі мен аудармашы тілі озінің қүрылымы 

жагынан және создік қүрамы түргысынан оте үқсас болып 

келген жагдайда аударма сәтгі шыгуы мүмкін.  Бірақ мүндай 

жагдай сирек кездеседі.  Екіншіден,  аударманьщ ресми аудар­

ма деп аталатын түрі болады.  Мүнда түрақты соз қолданы- 

старының белгілі бір нормалар сәйкестігі сақталады. Аудар­

маньщ психологияық аударма деп аталатьш түрі бар. Мүндай 

аудармада оқырманга түпнүсқа тілінің әсері қандай болса, 

аударма  тілінде  де  эсер  күші  сондай  болады.  Мүны  еркін 

аударма десе де дүрыс, аудармашы астарлы создерге айқын 

түсініктемелер  жасап  отырады.  М енің  бір  естігенім  бар  "  

ды.  Бірде Эйнштейн  өз созінде былай депті:

440


“Мен бүгін ағылшынша сөйлеймін, егер пікір таласы қызу 

экүретіндей болса, немісшеге көшіп кетуім мүмкін, мүндайда 

профессор Линдеман маган жала жабатьш болады. Бүл сөйлем- 

де  ол  translate  (аудару)  сөзінің  орнына  traduce  (жала  жабу) 

етістігін қолданган жөне өз сөзіне түсінік бермеген”.

Егер сөз тек затгық атауларды білдіріп қана қойса, аудар­

ма  мәселесінде  қиындық  болмас  еді.  Бірақ  соз  тек  заттық 

атауларды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге затгардың 

арасындагы қарым-қатынасты жөне осы қарым-қатынастың 

субьекгивтік және обьективтік аспектілерін де корсетіп береді. 

Әр түрлі  бүл  байланыстар  әртүрлі  қабылданады. 

Tis

 дейтін 


балий созі “суықта тоңбау” деген мағынаны білдіреді.  Palinq 

дейтін  балий  созі  адамның есінен тану,  мае  болу жағдайын 

көрсетеді немесе озінің қайда отырғанын, қазір қандай күн 

екенін,  аралдың кіндігі қайда орналасқанын, озімен сойлесіп 

отырған  адам  қандай  кастаға жататынын  айыра алмайтын- 

дарды да осы созбен айтады.  Біз создерді тек затгардың атын 

атау үшін немесе қарым-қатынасын корсету үшін гана емес, 

оз коз қарасымызды, ішкі сезімдерімізді таныту үшін де қол- 

данамыз.  Мүның озі тілдің субьекгивтік аспектісіне жатады 

Соз оқиғаны білдірмейді, сонымен бірге сойлеп отырган адам- 

ның  сол  оқиғаға  деген  козқарасын  да  білдіреді.  Тілдің 

субьективтік аспектісі дегеніміздің озі де осы.

“Жезокше” және “салдақы” еоздері бір магынаны білді- 

реді. Әйтсе де 



коннотациясы

  бір-бірінен коп озгеше. Ал әңгіме 

соз арқылы берілетін,  соз немесе  іс-әрекет тудырған  сезім 

туралы болып  отырган  кезде  коннотацияның мөні сол  соз 

беретін мағынадан бірде-бір кем емес. Мысалға кәзіргі күнгі 

ауызекі сиқырдың бір түрі — жарнама деп аталатын ауқым- 

ДЫ бір саланы алыңыз.

Бір  мәдениеттің  аясында  бір  ғана  создің  әр  буындагы 

үрпақ үшін әртүрлі магынада беретіні бар.  Бүл туралы Мар­

гарет Мид былай деп жазады:



“Жумыс  деген  сөзді  алыңыз.  Сіздердің  ата-аналары- 

ңыз  ушін  бул  — әр  адамның мектеп  бітіргеннен  кейінгі  ат- 

қаратын  ici  дегенді білдіреді; ягни бул

  — 


адам  өмірінің келесі 

сатысы, бір жагынан беймәлім қорқыныш, бір  жагынан журек 

толқуын  тугызатын жумбақ  әлем,  бул  — қамсыз  кундердің, 

мектептегі  оқуіиылық  өмірдің  аяқталуы

 дегенді білдіретін 



угым.  Жумыс  —  олардың  қол  жеткізсем  деген  нәрсесі;  қол

441


201-29

жеткізуге тиіс нәрсесі.  Жаздан кейін куздің кутіп түратыны 

сияқты,  мвктептегі балалық  кундерден  кейінгі  өз  кезегімен 

келіп  турган  өмір  сыбагасы.  Ал  1914  немесе  1915 жылдары 

тугандар ушін  жумыс деген сөз қандай магына береді:  Бул

 — 

сіздің еш уақытта қол жеткізе алмайтын нәрсеңіз,  осы ушін 

куні-туні жалбарынасыз,  осының жоқтыгынан аш  та  бола- 

сыз,  урлыққа да барасыз.  Қысқасы,  жумыс дегеніңіз сол.  Осы 

екі урпақтың  өкілі өзара  әңгімелесті делік,  сонда  олар  бірін- 

бірі қалай тусінеді? Мәселен,  әңгіме әскерге иіақырылган жігіт 

туралы болды делік.  “Қандай өкінішті,  істеп жатқан жумы- 

сын тастап кететін  болды-ау ”.

Ага буын бул сөзді

  -  

отансуйгіштік сезіммен ада,  барып 

турган өзімшіл адамның сөзі деп багалайды. Ал жастар ушін 

бул  сөздің  магынасы  айқын,  көзбен  көріп,  қолмен  устаган- 

дай тусінікті.  Үйлі-баранды адамдардың оскери қызмет ушін 

отбасын тастап кетуін  -  өзін-өзі қурбандыққа беруі ретінде 

багалайтынына  таңданыспен  қарайды.  Бірақ  дэл  осындай 

жагдайда  жумысты  тастап  кетудің  мәнісіне  тусінбейді. 

“1915,  1916,  1917 жылдары тугандар ушін жумыс деген сөздің 

магынасы  қалай  болатынын  бугінгі  урпақ  қайдан  тусінсін? 

Ерте  заманда  ул  баласы  жоқ  еркектердің  еркек  атанбага- 

нын ол білмейді гой. Ал қазіргі заманда жумысы жоқ кісі адам 

ретінде  қурметке  лайық  емес  жан ретінде  багаланады  деп 

айта  аламыз  б а ? Егер  сенің  істеп  жатқан жумысың  болса, 

онда  әскерге баруыңның қажеті жоқ деп  біз айтпаймыз гой. 

Бул  енді,  орине,  қиындау  жагдай  екен  деп  айтқымыз  келуі 

мумкін.  Бала  —  шагалы  адамдар  туралы  әңгіме  болса  да, 

осыны  айтамыз.  Ал  олар  неге  соншама  куйіп  — піседі?”

Ағылшындар  мен  америкалықтар  әлі  күнге  дейін 

өздерінің бір тілде сөйлейтіндеріне сенімді.  Эрине,-олардың 

бір тілде сөйлейтіні рас, бүл арада біз олардың негізгі үғым- 

дарды бір сөзбен беретінін айтып отырмыз, өйтсе де амери- 

калықтардың тілінде ағылшын тілінде дөл баламасын табуға 

болмайтын создер бар. Ал екі тілдің коннотациясында елеулі 

айырмашылықтар  бар  екенін  айтар  болсақ,  осы  арада бүл 

екі тіл әлі  күнге дейін  “ағылшын тілі”  боп  аталатыны  несі 

деген  сүрак  туады  (бүл  екі  түрлі  нәрсенің  бірдей  атаумен 

аталуы).  Мүның тамаша мысалын тағы да Маргарет Мидтен 

табуға болады.



“...Англияда  “компромисс ’’деген жақсы сөз бар және ком- 

промистік келісім  туралы  қарама-қарсы  жаққа  даулы  улес- 

тің  жартысынан  көбі  кетіп  отырган  жагдайда  да  мундай 

келісім туралы қуптарлық ниетпен айтылып жатады. АҚІЛ-

442

та, бір жагынан,  бул сөз ана жақтың не мына жақтың белгілі 

бір  жагдайын,  қалпын  білдіреді.  Сондықтан  да:  “президент 

конгреске қарсы "немесе  “конгресс президентке қарсы ”,  “штат 

укіметі  федералдық  укіметке  қарсы”  немесе  “федералдық 

укімет  штатқа  қарсы ”  деп  жатады.  Бул  өзі  америкалық 

бақылау және тепе-теңдік устау доктринасына ягни гылыми 

жуйесіне арақатыста айтылады: бірақ сонымен бірге  “копро- 

м исс”  сөзін  Англияда  қолданылуындагы  этикалық  ерекше 

мәртебесінен айырады. Агылшындар ушін  “компромиске бару

 ” 

деген  сөз

  — 

екі  жақ  ушін  де  тиімді,  ыңгайлы  шешім  дегенді 

білдірсе,  америкалық ушін, бул  —екі жақ та әздерінің маңызды 

нәрселерінен ажырап  қалуга  апаратын жаман шешім  дегенді 

білдіреді.  Сондықтан  да  АҚШ   пен  Англия  арақатынасында 

тәуелсіздік туралы әңгіме болган кезде шын мәнінде екі ел ком­

промиске келеді; бул

 — 

агылшындар ушін өзара келісім нәтижесі 

туралы риза пейілмен жоне мақтаныш сезімімен айтып журе- 

тіндей келісім болады,  ал американдықтар болса,  бул уақыт- 

та әздерінің шыгынга ушыраганын, утылысын унемі баса көр- 

сетіп айтумен болады ”.

Сонымен, біздің аузымыздан оп-оңай шығып жататын 

сөздер айналамыздағы, біз өмір сүріп жатқан  әлемдегі нак­

ты фактілерді сенімді түрде ауыстыра алатын кемел орын- 

басарлар бола  алмайды.Ойлау.Ойлау бар да,  сол көкейдегі 

ойларды жеткізу үшін  қажет  сөздерді  іріктеп, тандай білу 

бар.  Бүл  екеуі  де  көбіне-көп  бір-біріне  сөйкесе  бермейді. 

Таңдап алынған сөз каншалықты әлеуметгік жағдайды көрсет- 

се, соншалықты заттық бейнені де  білдіреді.  Нью-Йоркте 

екі  адам  барға  кіреді,  бір  рюмке  нашар  арақ  ішкені  үшін 

олардан  едөуір  ақш а  алады.  “Мынау  бір  алдауыш,  жүлік 

мекеме екен”,  — дейді олар.  Егер осы жағдай Парижде бол­

ган болса, олардьщ создері басқаша болар еді.  “Барлық фран- 

Цуздар — алдамшы суайтгардың компаниясы” дер еді олар.

Бәлкім,  антропологиялық лингвистикаға қосылған ең 

маңызды үлес антропологгардың арқасында  болған шығар. 

Олар үлкен қиындықтармен бетпе-бет келіп, соның шешімін 

таба білді.  Ол  қиы ндық — европалық тіл жүйелігіне  мүлде 

сай келмейтін тіддік қүрылымдардың мағынасьш беруте бай­

ланысты туындаған еді.  Осы бағыттағы төжірибе жэне осы 

бағытгағы зерттеу антропологтарды әлемдік маңызы бар таң- 

Каларлық жаңалық ашуға жетелеп алып келді. Эр алуан иди- 

омаларды  яғни  түрақты  соз  тіркестерін  қолданатын  өлем 

халыктары бір-бірімен  арақатынасында соларды бүзбай қаз



443

қалпында қолдануға тырысатьшы-антропологгар ашқан ерек­

ше бір қызықты жаңалық еді. Қай тілдің болмасын атқара- 

тын жүгі көп,ол тек идеялар мен ақпараттар алмасу  қүралы 

емес, әйтпесе өзгелерді өз айтқанына көндіру, өз дегенімең 

жүргізу үшін қолданылатын ғана қүрал емес, тілдің мүмкін- 

дігі бүдан да көп,  атқарар қызметінің аясы әлдеқайда кең.

Әрбір тіл — сонымен бірге дүниетанудың ерекше тәсілі 

жөне  бүған  дейінгі  тәжірибені  өзіндік  түрғыдан  қорыту. 

Кез келген тілдің қүрылымында элем туралы, осьшау жарық 

әлемдегі  өмір  туралы  бүған  дейін  белгісіз  болып  келген, 

танылмаған үғымдардың түтас жиынтығы,  қатпарлары жа- 

сырынып жатыр. Антропологиялық лингвистер адамньщ ішкі 

жан  дүниесінде  не  болып  жатқаны  туралы  жалпы  үғымға 

түтастай алганда сыртқы оқигалар арқылы бага беруге  бол­

майды деген үйгарымга келіп отыр.  Бүл мөселені былайша 

түсіндірген  орынды  болар:  тілінің  грамматикалық  жүйесі 

қаншалықты сезімтал болса,  адам сол дәрежеде коре біледі 

жөне  ести алады;  сол жүйе  оны айнала дүние қүбылыста- 

рының әсерін қалай қабылдау  керек екенін үйретеді.  Күні 

бүрын пішілген бүл ой соншалықты козге үрып түрмайды, 

олай  болатыны — кез келген  адам оз тілін белгілі бір жүйе 

ретінде тани бермейді.  Белгілі бір тілдік ортада оскен адам, 

сол тілдік ортаны оз-озінен болатын табиги жагдай ретінде 

қарап, бүган коп мөн бермейді, бүган — негізгі болып жат- 

қан  жайдың  фоны  ретінде  осы  деңгейде  ғана  қарайды. 

Өмірлік тәжірибені іске асыру және оны жаңа жагдайга қарай 

еркімнін оз ой елегінен откізіп, тіл айқындап беріп отырган 

аяда  қолдану — жыл  мезгілдерінің ауысып  отыратыны си- 

яқты табиги нэрсе.  Шындыгында да,  қарабайыр козқарас 

деңгейінен Караганда, озгеше ойлайгын адам табигилықтан 

ада, ақылы шолақ немесе ойлау жүйесі дамымай калган кеміс 

жан ретінде қабылданады.

Іс  жүзінде дәстүрлі  немесе  аристотельдік логика  грек 

немесе латын тілдері сияқты тілдердегі келісімді талдау негі- 

зінен арқау алган болатьш. Тілдің субъектілік-предикативтік 

формасы ягни жеке пікірді білдіретін формасы “субтанция” 

мен оньщ “сапасы” арасындагы белгіленген қатьшастардыН 

озгермейтін  өлемі  бар  екенінің  айғагындай  еді.  Коржибс- 

кийдің айтуынша, бүл козқарас элементтердің арақатына- 

сьщцағы озгерістерге сәйкес атомның қасиеттерінің де озге- 

ретінін  корсететін  қазіргі  физика  іліміне  түгелдей  сөйкес

444


келмейді. 

is

  дейтін  кішкентай  ғана  сөз  (“бар”  —  3  жақ, 

ехістіктің ж£кеше түрі -  “болу”) бізді біраз адастырып, өуре- 

ге салады; еійткені ол бірде белгілі бір субъектінің белгілі бір 

тапка жатаТынын,  ал кейде субъект мен предикат бір екенін 

білдіреді. Аристотельдік логика зат я бар болады, я жоқ бола­

ды деп үйрвтеді. Бүл үйғарым кобіне-коп шындыкка сойкес 

келе бермейді, ойткені “және-және” деген сөз “немесе-неме- 

се” дегенге Караганда шындыққа жуық. “Жамандық” тек қана 

кара түспей бейнеленбейді, сонымен бірге ол сүр түстің сан- 

сыз реңктерін коса ала жүреді. Әмірлік тәжірибеде  “жақсы- 

лык” пен “жамандық”,  “жан мен тән” деген сияқты ара жігі 

айкын  ештгңе жоқ,  олардың окшаулана  корсетілуі  кобіне- 

коп  ауызекі  аяда  гана.  Қазіргі  күнгі  физикалық зерттеулер 

тіпті жаны ікоқ затгарга қатысты да үзілді-кесілді “жоқ” деп, 

немесе ешк)андай іркілместен “иә” деп айтуга болатьш копте­

ген моселе; ;ер бар екенін корсетіп берді.

Антроп элогиялық түргыдан Караганда, әлемде канша тіл 

болеа, сонціа өлем бар. Әрбір тіл — адамның омір қүбылыс- 

тарын байкаудагы,  соган сәйкес оз әсерін,  ішкі сезімдерін 

білдірудегі қүралы.  Төжірибе  өр түрлі жасалуы  мүмкін,  ал 

тіл  болса,  осы  үдерістері,  ягни,  процесті  жасырын  түрде 

басқарып  отыратын  негізгі  күш  ретінде  қызмет  етеді.  Сіз 

маган қы тій тілінде  “и ә”  немесе  “ж оқ” деп жауап бере ал- 

майсыз,  ойткені  бүл  тілде  “и ә”,  “ж оқ”  деген  создер  бол­

майды.  Қьітай тілі  “калай?” деген созге ерекше мән беред”, 

осы созді  коп  қолданады және  коп  ерекшелене  бермейтін 

категорияіарга  кобірек сүйенеді.  Агылшын  тілінде  нақты 

да, сонымін бірге ойша елестету арқылы да коптік магына 

білдіретін ( юрмалар бар. Мысалы:  “он адам” жөне “он күн”. 

Хопи тіліи де  коптік жалгау мен есептіп сан  есімдер тобы- 

мен  ж инаіталып  бір  түрган  заттарды  білдіру  үшін  қолда- 

нылады.  Француз тіліндегі етістіктің фундаментальды ягни 

түп негіз кіатегориясы — “дейін” және “кейін” (уақьгг) және 

болуы мүіу кін-шындьпк, (жіктеу); американ индейцтері (вин­

ту)  тілдерінің  біріндегі  түп  негіз  категориялардың  озегі: 

субъективгілік-объективтілік,  білім-сенім,  бостандық  — 

бүгінгі күннің қажетгілігі.

Британ  Колумбиясындагы индейцтердің бір тайпасы — 

хайда тілін це қимылды бейнелейтін жиырмадан астам етістік 

префикстс р бар.  Мысалы: бір жерден екінші жерге ауысты- 

РУ,  атысу,  үру,  итеру, тарту, жүзу,  қаттау,  жинау, табу, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет