Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қоғамды әлеуметтік модернизациялаудың гендерлік аспектілері. Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция материалдары.18 мамыр 2012. Алматы, – 2012, 356 б.
2. Сөйле статистика. /Айқын, 24.04.2012
3. Қ. Әлпейісова. Сенің әкең қандай? //Президент және халық, 1 маусым 2012
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі
діндер көшбасшыларының ІҮ съезінде сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан, 31 мамыр 2012
Резюме
Эта статья открывает тенденции развития гендерной политики и основные проблемы
его реализации в условиях независимой Казахстанской.
Summary
This article opens the development tendencies of gender politics and main problems of its
realization in terms of independent Kazkahstan.
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫНДАҒЫ» ОТБАСЫЛЫҚ ӘДЕПТІҢ КӨРІНІСТЕРІ
Гүлмарт Әбжан Мәдіханқызы –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
«Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану»
кафедрасының оқытушысы,
филология магистрі
Жалпы әлеуметтану саласында отбасы
және оның қатынастары әлеуметтік зерттеу
обьектісі ретінде зерттелген тақырып.
Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі,
танысады, достасады, неке қидырады.
Осылардың негізінде берік немесе әлсіз
отбасы құрылады. Әлеуметтанушылар
отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік
жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік
жүйе ретінде талдап, зерттейді. Қазіргі
отбасы – неке және балалардың ден-
саулығын сақтау, оларды тәрбиелеу,
құқықтық және моральдық жауапкершілігі
бар институтционалдық бірлік ретінде
зерттеледі. Отбасындағы тәрбие мәселесін
көптеген әлеметтану, философия, пси-
хология, педагогика, демография, құқық,
әдептану, тарих т.б. ғылымдардың қарас-
тыруына
байланысты
анықтамаларды
кезіктіруге болады.
Отбасы мәселелері ТМД елдерінің
ғалымдары В.И.Зацепин, В.Д.Цимбалюк,
Г.К.Матвеев, Ю.И.Семенов, Н.Е.Соловьев,
А.Г.Хрипкова, З.Я.Янкова, Қазақстанда
С.Қалиев, М.Жарықбаев, Ж.Б.Қоянбаев,
К.Бейсенбиева, М.Тажин, Б.Аяғанова секілді
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған
(1, 26).
Жазушы баспасынан 1986 жылы жа-
рық көрген «Қорқыт ата кітабы» атты
жинақта «Қорқыттың нақыл сөздері» деген
кіріспесінде «Қорқыт атадан қалған бір сөз
мынадай ...» деп басталатын базбір нақыл
сөздерді мысалға келтіріп көрелік:
«Тәңірі құрамаса,ешкімнің бірі екеу
болмайды» деген сөздері отбасы орнын
айшықтайды.
Американ әлеуметтанушысы Хиллдің
көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы
болмасын, оның төмендегідей жалпы
белгілері болады:
1. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-
біріне өзара тәуелді болып келеді, соған
сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы
өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің
өзгеруіне әкеледі.
2. Қандай да бір отбасы болмасын
ол біртұтас және жеке болады, оның
басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде
шектеулі болады.
3. Отбасы- бейімделуші ұйым, ол өзін
қоршаған әлеуметтік ортада тепе теңдікті
сақтауға тырысады.
4. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы
факторларға байланысты міндеттерді орын-
даумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің
талап-тілегін, мұң мұқтажын орындауды
қамтамасыз етеді.
Отбасы – бұл адамдардың некелік және
туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа
және жауапкершілікке негізделген адам-
дардың бірлігі. Отбасы еркек пен әйелдің
табиғи физиологиялық және басқа қажет-
терін (рухани, этикалық, эстетикалық т.б.
қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы
қоғамды қалпына келтіре дамытушы
әлеуметтік топ болып табылады. Отбасының
аса маңыздылығы оның қоғам алдында
екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді.
Біріншіден, отбасы-ол адамдардың ерекше
тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін
адамдар санымен немесе сырттан келетін
адамдар санының өсуімен байланысты
емес, сол өз ішінде пайда болатын балалар
санымен көбейіп толығып отырады. Бұл
топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық
жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді.
Басқаша айтқанда, адамдардың санын
көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының
екінші атқаратын қызметі ол қажетті мәдени
мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен
бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа жалғастырып отырады.
Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде негізгі
функцияларды іске асырады:
- репродуктивтік (бала табу арқылы
қоғамды қалпына келтіру);
- экономикалық ( өндіру және тұтыну);
-
қорғаныс
функциясы
(отбасы
мүшелерінің денсаулығына, материалдық
игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп
қатерден қорғауға қамқорлық жасау);
- балаларды оқыту – тәрбиелеу;
- эмоциялық (ерлі-зайыптылардың бірін-
бірі сүюі);
- әлеуметтендіру функциясы (балаларды
қоғамдық тәртіпке, мінез – құлыққа т.б.
баулу).
- отбасының тәрбиелік қызметі ана мен
әке болуда, балалармен қарым-қатынаста,
оларды тәрбиелеуде, балалардың өз беті-
мен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің
қанағаттанарлығынан тұрады.
- отбасының шаруашылық – тұрмыстық
қызметі – отбасы мүшелерінің материалды
қажеттіліктерінің (азық-түлік және т.б.),
олардың денсаулығының сақталуына әсер
етуінің
қанағаттанарлығынан
тұрады.
От басы ның осы қызметінің орындалу
барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке
күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз
етіледі.
- отбасының эмоционалдық қызметі
– оның мүшелерін ұнатушылық, сый-
лау шылық,
эмоционалдық
қолдау шы-
лық, психологиялық қорғаушылық қажет-
тіліктермен қанағаттандыру.
- рухани қарым-қатынас қызметі. Бос
уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани
байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
- бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі-
отбасы мүшелерінің әлеуметтік мүшелерінің
орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің
түрлі жағдайда күші бар ( жасы, науқастану
және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен
толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен
тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті
деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қам-
тамасыз етеді.
Қазіргі кезде отбасының типтері мыналар:
Тотемдік қауым (ру), патриархалды туыс
топ, патриархалды отбасы және жеке отбасы.
Тотемдік ру біздің заманымызда әлі де
болса кездесетін ең көне отбасы формаларына
жатады. Мұндай отбасылар Австралиядағы
кейбір тайпаларда кездеседі. Ру мүшелерінің
жеке-дара есімі болмайды, бәрінің ортақ
есімі болады. Мұндай отбасында неке жеке
69
68
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
болмайды, жалпы (ортақ) болады екен,
баланың әкесін анықтау мүмкін емес, бала
шешесінің есімімен аталады. Мұндай отбасы
кейбір көшпелі тайпаларда кездеседі.
Патриархалды туыстар тобы (туыстық
отбасы) өткен замандарда үндіевропалық
халықтардың бәрінде болған, ал кейбір
халықтарда қазір де бар. Бұларда бірнеше
ұрпақ бірге тұрады, есімдері де жалпы
болады. Бұл ұрпаққа жататын отбасы
мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні және
апа- сіңілі болып табылады. Отбасының
басшысы біреу – ол отбасының атасы
болады.Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл
отбасы матриархалды немесе патриархалды
отбасы болды. Біріншісі – отбасының ең
көне түрі. Мұнда бір әйелдің көп күйеуі
болуы жиі кездеседі. Мұндай отбасы
тибеттіктерде және Оңтүстік Үндістанда
тұратын тода деген халықта кездеседі.
Патриархалды отбасының басшысы – еркек.
Моногамиядағы патриархалды отбасында
отбасы басшысы мүліктің бірден-бір иесі.
Бұл – жеке меншіктің шығуына байланысты
отбасылық қатынас.
Классикалық неміс философиясының
өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра
отырып, ондағы адамдардың құқықтық
мәселелеріне көп көңіл бөлген. Фихте
отбасының негізі-махаббат десе, Гегель
бірінші болып отбасы мен некенің тарихи
формаларын көрсеткен (2, 58).
Ғасырдың екінші жартысынан бастап
отбасына деген тарихи көзқарастар ХІХ
ғ. толықтырыла түсті. 1877 жылы шыққан
«Ежелгі қоғам» (3, 49) атты кітабында
Л.Морган отбасының тарихын, оның
некелі қарым-қатынасын, экономикалық,
әлеуметтік
дамуын
және
қызметін
қарастырған.
Қазақ халқының көнеден қалған рухани
мұраларының бірі – «Қорқыт ата » кітабы.
Даналық дастаны деп аталатын бұл шығарма
ежелден күллі түркі әлеміне ортақ мұра.
«Қорқыт ата кітабына» енген әңгімелер
бір кезде оғыздарға қараған өлкелерді
жайлаған көптеген халықтардың ертегі-
аңыздарынан
алынып
құрастырылған.
Сондықтан «Қорқыт ата кітабын» бір ғана
халық меншіктене алмайды. Онда қазіргі
бірнеше түркі халықтардың үлесі бар. Бұл
пікірдің шындығын «Қорқыт ата кітабының»
мазмұнына көз жіберген адам сезе алады.
Әйтсе де, қазақ мәдениеті тарихы үшін
«Қорқыт ата кітабының» орны бөлек.
Ғасырлардан жеткен мұраның ғалым-
дардың айтуынша, «Қорқыт ата кітабының
» қос қолжазба нұсқасы бүгінгі күнге
дейін сақталған. Оның біріншісі – Дрезден
(Германия) қалалық кітапханасының сирек
қолжазбалар қорында сақталған. Бұл
аударманы Дрезден нұсқасы деп атайды. Ал
мұқият сақталған екінші нұсқа – Италиядағы
Ватиканнның Аростолика кітапханасында.
Алғашқы нұсқа 12 жыр, яғни 12 оғызнамадан
тұрады. Екінші қолжазба – бар болғаны 6
жырдан құралған.
Ғалым Немат Келімбетов «Қорқыт ата
кітабы» жинағындағы батырлық дастандарды
логикалық желі тұрғысынан мынадай
тәртіппен жүйелеуге ұсыныс жасаған. Яғни,
ол жыр баяндар 8,1,3,4,11,2,5,6,7,9,10,12
деген тәртіппен орналастырғанда ғана
жинақта хронологиялық жүйе қалыптасатын
көрінеді [1, б.10].
Аталған шығарма филология ғылым-
дары ның докторы, профессор Немат
Келімбетовтың дәлелдеуінше, « ... ҮІІ-ҮІІІ
ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен
оғыз-қыпшақ тайпалары арасында дүниеге
келіп, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа
тараған рухани қазына...»
Әлемде Қорқыт атаға, «Қорқыт ата
кітабына» қатысты жарық көрген еңбектер
саны біршама. Әсіресе, Түркия, Әзербайжан,
Ресей ғалымдары барша түркі жұртына ортақ
ұлы тұлға мен оның жырларының сақталған
нұсқасы туралы іргелі зерттеулер жүргізді.
«Қорқыт ата кітабы» туралы айтылған
пікірлердің көш басында атақты түркітанушы
ғалымдар мен еуропалық ориенталис-
тер тұрды. Олардың ішінде В.В.Бартольд,
И.В.Аничков, В.М.Жирмунский, А.А.Мей-
ер, В.В.Вельяминов, Зернов, А.Н.Самой-
лович, К.А.Иностранцев, А.Г.Туманский,
В.Каллаур, И.А.Кастанье сынды ғалым дар-
дың еңбектері Қорқыт ата кітабы жайында
ұйытқы боларлық іргелі зерттеулерді
ұсынумен бірге мәтіндік материалдарды
жариялауы, ғылыми түсініктеме беруі,
тарихи-этнографиялық деректерді мейлінше
толық ескеруі жағынан құнды еңбектер
қалдырған ғалымдар болды.
Жазба эпосты тарихи, фольклорлық
және
музыкалық
мұра
тұрғысынан
қарастырған іргелі тұжырымдар берген
ғалымдар
Ш.Уалиханов,Ә.Диваев,
М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев,
Х.Сүйінішәлиев, Р.Бердібаев, С.Қасқабасов,
Е.Тұрсынов, М.Мағауин, М.Жолдасбеков,
А.Сейдімбеков сынды ғалымдарды атауға
болады.
Қорқыт ата кітабы мұрасына жүйелі сипат
бере отырып, дереккөздерінің негізінде
пайымдап, байырғы түркі халқына ортақ
мұрадағы әдептілік өлшемдерін тұтастай
өрелестіре отырып, осы тақырыпқа кешенді
түрде келудің мезгілі келді. Бұл орайда
белгісіз деректер, әлі де толықтыруды қажет
ететін пайымдаулар бола беретіні заңды
құбылыс.
Түркі жұртына ортақ қонақжайлылық
пен меймандостықтың, имандылық пен
адалдық түп негізі қайда жатқанын «Қорқыт
ата кітабынан» іздеп табу қиын емес. Осы
орайда Қазақ елінің тұңғыш Президенті
Н.Назарбаев айтқан пікірді келтіруге болады:
«Ашықтық және жан ізгілігі, мұқтаж адамды
жылытуға, онымен қолдағы барды бөлісуге
даярлық қазақ халқының генетикалық
қасиеті болып табылады. Ол ешкімге және
ешқашан жеккөрушілік немесе артықшылық
танытып, сондай сезіммен қараған емес ...».
Бүкіл түркі жұртының әу баста ту тіккен
жұртының мұрагері – бүгінгі қазақ халқының
әдет-ғұрпынан Қорқыт ата жырлайтын әдеп
пен ізет өлшемдері байқалса байқалар, бірақ
сол айшықты бедердің түркі баласының
қанында барлығына куә ете аламын [1, 20].
Қорқыт жырларындағы отаншылдық пен
ерлік, ізгілік пен әдептілік көріністерінен
осыдан он үш ғасыр уақыт бұрынғы жауһар
жырымыздың даналық ойларымен үндестік
табамыз.
Жар таңдау мәселесі. Әйел затын
төрт түрге бөліп көрсету арқылы әдепті
әйел затына ұрпақтары өсіп-өнсін, сіздің
ошағыңызға осындай әйел заты келсін деп
3-нші белгідегі әйелзатын көрсетеді. Қорқыт
Ата аузынан әйел төрт түрлі деп озандар
айтар еді деп келтіреді:
1) кепкен ағаш секілді;
2) үрген қарын секілді;
3) үйдің тіреуі;
4) мелшиген қырсық әйел.
Белгілері:
1. Беті қолын жумайтын,тоғыз тоқашты ауызға салып толтыратын
тойғанынша асап жейді. Бір көнек айран ішетін, жалап жұқтап екі бүйірін
таянатын.
( тамақтану әдебі)
2. Жұлқылап оятқанша тұрмайтын,өсек айтып, есік-тесіктен
сығалайтын, түске дейін ауыл қыдырады (жүріс-тұрыс әдебі)
3. Алыс қырдан, жапан түзден үйге бір жолаушы келсе, ері болмаса да
ішкізіп жегізіп, сыйлы жандарын шығарып салар ( қонақжайлылық әдебі)
4. Бір сөйлесе қоймайды, қожасының сөзі құлағына қонбайды (тыңдау
әдебіне байланысты)
71
70
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Қорқыт ата әйелзаты түрлерін салыстыра
сипаттай келе, әйел-ананың қоғам дамуына
негіз болатындай ұлағатты болуын уағыз-
дайды.
«Әке маған бір қыз алып бер. Мен ор-
нымнан тұрғанша, ол атып жөнелетін,
мен қара зор атыма мінгенше, ол аттанып
кететін, мен жауыма барғанша, ол жаудың
басын кесіп әкелетін «жылдам жарды» Бәрік
таңдайды».( Қам Бурабекұлы Бамсы Бәрік
әңгімесінің баянында).
Жар төсегіне адалдық мәселесі. «Шөклі
Мәліктің бектері тұтқындағы Қазан –
Бектің ханымы Бурла ханымға талап қояды:
ұлының етін жеу немесе кәпірдің төсегіне
кіру осы екі талаптың бірін орындап, Қазан-
Бектің сағын сындырайын ба?», – деп
ұлынан ақыл сұрайды. Сонда ұлы: «қыздар
бір жегенде сен менің етімді екі жейтін бол,
әкем Қазанның намысын былғамайтын бол,
сақтан, сендер аман болсаңдар, мен секілді
ұл болмас па, болар», – деп сөзді тәмамдауы
ұрпақ арасындағы жалғастықтың көрінісі
ретінде қазақ халқында әлі күнге дейін жар
төсегіне адалдық, әдептілік сақталған.
Дерсехан ұлы Бұқашхан туралы жырда
қонақ күту әдебі баяндалады. «Шам
күндігін жер үстіне тіктіріпті; ала ордасын
көкке тірей құрыпты, мың жерге жібек кілем
төсетіпті. Хандар ханы хан Байындыр жылда
бір рет той жасап, оғыз бектерін қонақ етеді
екен. Аттан айғыр, түйеден бура, қойдан
қошқар сойдырыпты» [2, 130]. «Алтын
зерлі тостағандар тіздірді. Қара көзді, сұлу
жүзді, қолаң шашы төгілген саусақтары
салалы, тоғыз сұлу оғыз бектеріне тостаған
ұсынып қызмет етеді» (Салор Қазан үйінің
шабылғаны туралы әңгіменің баянында
қонақ күту әдебі сөз болады).
Ұл әдебі. «Дерсехан ұлына бектігін беріп
ұлы таққа отырғанда, қырық жігітінің күндеп
ханға әдепсіз ұлдың қылығын былайша
жеткізеді: « Сенің ұлың опасыз азғын болды.
Қырық жігітін жанына алып, қалың оғызға
жорыққа шықты. Қанша сұлу қыз көрсе,
олжалап алды, ақ сақалды қарының аузын
сөкті, ақжаулықты қарт ананың сүтін жерге
сауғызды. Мұндай азғын ұл неге керек,
– деген хабар жеткізді ». Сол замандағы
әдепсіз ұлдың бейнесі көрінеді.
Қазан бекұлы Оразбектің тұтқын болған
әңгімесінің баянында Қазан ұлына:
– Ұлым, ұлым, ей ұлым!
Жауға кіріп бас кеспегін, Адам өлтіріп
қан төкпегін, – деген әке сөзіне Ораз
әкесінің сөзін тыңдап қарсы шықпайды. Ол
заманда ұл бала ата сөзін екі етпейтін, екі
етсе, ол ұлды балам деп қабыл етпейтін еді,
– деп баяндайды. Бұл жырдан ұлдың әдебін
байқаймыз.
«Үйсін Қожаұлы Секірек туралы жыр»
деген жырында әдептілік әрбір жігіттің
қасиеті болу керек деп уағыздайды.
«Әдепсіз ұлды» Үшін Қожаның екі ұлы бар
еді дей келе, Қазаннның алдында бектерді
баса көктеп, ешкімге ілтипат жасамайтын
аусарлау жігіт деп Екіректі баяндайды.
«Ұлын сіңірлі садақпен атып, жаралаған
Дерсехан ордасына оралғанда, қабағын
керген Дерсехан ханымы алдынан шығып,
Дерсеханға сөйледі:
Бері келгін басымның бағы,
Үйімнің тағы,
Хан әкемнің күйеуі.
Ата-анам бергенім,
Көзімді ашып көргенім,
Көңіл беріп сүйгенім, – деген тағы да әдепті
әйел затының бейнесі көз алдымызға келеді».
Қорқыттың баяндайтын бұл жырында әйел
ананың ақыл-ойы, ерге берілуі, ана абыройы
қастерлене баяндалады.
«Доқа Қожаұлы Дели Домрул әңгімесінің
баянында әзірейілге жанын беру алдында
ата анасынан жанын сұрағанда, ата-анасы
жанын қимайды, сонда әйелінің жанына
келеді:
Ғарыш куә, көк куә,
Аспан куә, көк куә,
Тәңірім соған куә болсын!
Жаным саған құрбан болсын!, – деген
әйел затының жауабына Хақ Тағала ри-
залығын білдіреді, ерлі-зайыптыларға 140
жыл өмір сыйлайды». Бұдан байқарымыз
отбасының орны, жанұялы, ерлі-зайыптылар
арасындағы сүіспеншілік уағыздалады.
Келін әдебі. «Ұланды отау үйге кіргізді.
Қызбен екеуі бір төсекке отырған соң, ұлан
қылышын алып, қыз бен өзінің арасына
қойды». «Қадамы құтсыз келін» дегенше,
ұятсыз арсыз келін десін, деп қайын ата мен
қайын енесіне болған жайды баяндайды [2,
б.188].
Ана мен бала арасындағы қарым
қатынас жырда көрініс табады. «Бала
басын көтеріп анасына сөйледі:
Бері келгін, ақ сүтін емдірген, ханым ана,
Ақ жаулықты, ізетті, жаным ана, – деген
ұлдың әдебі көз алдыңыздан өтеді. Ана
– ердің серігі, батырдың бағдаршысы,
ұрпақтың ұлы анасы. Сондықтан ананы
құрметтеу, ананы аялау, ананың абыройын
ардақтау – кісіліктің белгісі, ердің инабаты,
ұлттың ұлағатты қасиеті деп ұғындыра
біледі Қорқыт ата жырлары.
Өзін өлімге қиса да, ұлы әкесін қырық
арамзаға қимайды бұл көріністен де әке мен
бала арасындағы әдепті байқауға болады.
Туыстық қарым қатынас. «Анасының
Секірекке айтқаны :
Ол жігітті көргеніңде
Ақбоз аттан жерге түс,
Қол қусырып сәлем бер
Қолын сүйіп, мойнынан құш!» (Үшін
Қожаұлы Секірек әңгімесінің баяны
жырында беріледі). Жырдың соңында «Екі
туыс айқара құшақтасып көрісті. Екірек
інісінің мойнынан сүйді, Секірек ағабегінің
қолынан сүйді» деп баяндалады.
Сөйлеу әдебі. «Қам Бурабекұлы Бамсы
Бәрік әңгімесінің баянында Бамсы Бәрік көк
шалғын үстінде қырмызы отауды көреді.
Жігіт әдеп сақтап, отауға бірден кірмейді.
Отаудың алдына атқан киігін тастайды,
киіктен олжа бер деп сауға сұраған қыз
жеңгесіне Бәрік тұрып:
– Ей, жеңеше, мен аңшы емеспін, бек
ұлмын, бірақ сұрамақ айып болмаса, бұл
отау кімдікі, – деп қыз жеңгесінен сұрап,
әдеп сақтайды».
Сәлем беру әдебі. «Диуана озан Бәрік
Қазан Бекке бас иіп, қол қусырып, сәлем
берді». (Қам Бурабекұлы Бамсы Бәрік
әңгімесінің баянында) [2,153].
«Әкең келді» дегенді естіп, қырық
жігітімен Торалы қарсы алды. Әкесінің
қолын сүйді. Қаңлы Қожаұлы Торалы
әңгімесінің баянында баяндалады [2,171].
«Басаттың Төбекөзді өлтірген әңгімесі
баянында ұлына араша сұраған әйел
Басаттың сәнді отауына келіп, «Басатқа
сәлем береді» [2,179].
«Бегілұлы Еміре әңгімесінің баянында
аманатты алып тұрған Байындыр ханның
сенімді жігіті Бегіл, өз ризалығын орнынан
тұрып, жерді сүю арқылы білдіреді» [2,183].
«Атын ерттеп мінген Секірек шауып,
анасының үйіне келді. Атынан түсіп,
анасының алдында бас иді». (Үшін Қожаұлы
Секірек әңгімесінің баяны жырында
беріледі).
Қоштасу әдебі. Ұланды киіндірді.
Әкесі мен анасы келіп, көрісіп, қоштасты,
құшақтап сүйді [2, б.185].
«Қорқыт ата кітабында» кездескен нақыл
сөздер мазмұны отбасы әдебін айшықтайды.
Мысалы: Инабатты болса, әйел көрікті.
Ақ сақалы жарасқан – шал көрікті.Үлкен
шаңырақтың қасында отау көрікті. Өнегелі
болса бала көрікті. Ананың хақы – құдайдың
хақы. Күйеу бала – ұл болмайды. Ұл – атаның
ері, екі көзінің бірі. Қыз ақылды ескермес –
ана үлгісін көрмесе. Әдепті сөйле де, тыныш
отыр. Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, ұл
атадан үйренбей сапар шекпес. Дәулетті
ұл-ошақтың қоры, дәулетсіз ұл атаның көрі
(адамның қоры) [3, б.52].
ҮІІ ғасырдан жеткен Қорқыт ата
жырларында әке мен бала, аға мен іні,
қалыңдық пен күйеу, ер мен әйел арасындағы
сүйіспеншілік, бірі үшін бірі жан беруге
әзірлік қалай жеріне жеткізе суреттелгенін
ескерсек, үйренер тағылымыз мол.
Қорыта келгенде, ата Қорқыт жырларында
берілген әдептілік жауһарларын осы бол-
мысымыз бен дүниетанымымызды келер
ұрпақтың жалғастыруына ықпал етіп,
оны мәңгілікке жалғастыруда адамзат
өркениетінің тарихында лайықты орны-
мызды иелену үшін біз Қорқыт Ата мұрасын
жан – жақты зерделеп, өскелең буынға
73
72
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
үнемі үлгі, өнеге етуіміз қажет. Ата Қорқыт
жырлары әр түрлі жырлардың жинағы
бола тұрып, ондағы ерлік жасау мен ізгілік
көрсетуді біртұтас өріп отыратын аса мәнді
жәдігер болып бүгінгі күні қайта табысқан
түркі халықтарының
көне мұрасын
көздің қарашығындай қастерлеуді, оны
сақтауды ұғындыра түседі [4, б.3]. Қорқыт
жырларынан алар тағылым – осы.
Әулие атамыздан қалған асыл мұраларын
ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп,
қасиетті
еңбегінің қадірін арттырып, қастерлей
бермекпіз. Өйткені, ол – этностық тәлім-
тәрбиенің алтын бастауы деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |