Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,78 Mb.
#7864
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Пайдаланған әдебиеттер:

1.  Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие  тұжырымдамасы. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  Министрінің  2009  жылғы  16  қарашадағы  № 

521 бұйрығы. Астана, 2009. 16 қараша. 

2. Назарбаев Н.Ә. Бәсекенің басы – білім. /Айқын, № 2008 –Б - 1.

3. Философиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. – 325 б.

4. Философия және мәдениеттану (құрастырушылар: Алтаев Ж., Қасабеков А., Ғабитов). 

Оқу құралы. – Алматы: Жетіжарғы, 1998. – 272 б. 

5. Момышұлы Б. Соғыс психологиясы. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 400 б.


55

54

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

6.  Иманбаева  С.Т.  Мектеп  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  берудің  теориясы  мен 

әдістемесі. Монография. – Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2007. 

– 310 б.


Резюме.

В  статье  рассматриваются  теоретические  аспекты  ценностные  орентации  в 

воспитании.

Summary

The article deals with theoretical aspects of value orentatsii in education.

ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ІРГЕЛІ 

ҮЛЕСІ

Даутова С. Б. – 

филология ғылымдарының докторы,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Әдебиеттану және тіл білімі

ҒЗИ директоры

Қазақстандағы 

қазіргі 

әдебиеттану 

ғылымының 

дамуы 


саяси-әлеуметтік, 

тарихи-идеологиялық  факторлармен  анық-

тала ды.  Олардың  мәні  негізгі  екі  үрдістен 

көрінеді:  дамудың  жалпы  әлемдік  үрдісі 

–  жаһандану  және  1991  жылғы  еліміздің 

тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы.

Қазақ  филология  ғылымы  соңғы 

онжылда  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

дамудың  маңызды  да  өзекті  бағыттарын 

айқындай  отырып,  әлемдік  арнада  дамуда. 

Әлемнің  шарықтап  дамуының  өркениеттік 

ерекшеліктері  ұлттық  құндылықтарды, 

ұлттық тілді, әдебиет пен мәдениетті сақтай 

отырып, әрбір ұлт дамуының мәселелерінің 

айтарлықтай белсенді күйге келетін барлық 

міндеттерін көрсетуде.

Іргелі ғылымдардың дамуы бүкіләлемдік 

сәйкес келетін бағыттарға жол ашады. Іргелі 

зерттеулердің  нәтижелері  –  идеялар  мен 

технологиялардың  бәсекеге  қабілеттілігін 

қамтамасыз  ететін  нақты  ресурс.  Іргелі 

ғылыми  ізденістердің  жетістіктері,  өз 

кезегінде, қолданбалы зерттеулер дамуының 

базасы  болып  табылады.  Сөйтіп,  өндіріс 

пен  білім  беруді  жаңғырту,  инновациялық 

технологияларды ендіру, еңбекті ізгілендіру 

(интеллектілендіру),  қазіргі  заманғы  ин-

фра құрылымдарды  іске  қосу,  еліміздің 

бәсекеге  қабілеттілігінің  жетістіктері  іргелі 

ғылымдардың  дамуына  негізделеді,  оның 

қолданбалы  зерттеулермен  және  жүйелер 

мен тетіктердің қалыптасуымен әрекеттесуі 

нақты өмірге ғылым жетістіктерін ендіруде 

көрініс береді.

«Сарапшылардың есебі бойынша, айтар-

лықтай  жетістіктерге  ие  елдердің  ұлттық 

байлығының  жалпы  көлемінің  15  пайызы 

–  материалдық  құндылықтарға,  15-20 

пайызы  –  табиғат  ресурстарына  тиесілі 

болса,  ал  65  пайызы  –  адам  капиталы. 

Адамдар және олардың білімі мен біліктілігі 

дамудың  стратегиялық  базалық  ресурсын 

қалыптастырады.

Дәл  осы  жағдай  Жапония,  Финляндия, 

Оңтүстік Корея, Сингапур, Бразилия сияқты 

тағы басқа бірқатар елдердің экономикалық 

дамуда  көш  басшы  болуларына  шешуші 

мәнге ие болды [1]. 

Осы тұрғыдан қарағанда әдебиеттанудың  

қағидаттық міндеті еліміздің басты байлығы 

–  адамның  ой-саналық,  тәлім-тәрбиелік, 

адамгершілік  сапасын  қалыптастыратын 

маңызды  ресурс  болып  табылады.  Қазіргі 

зерттеулерге өзектілігі мен жалпыадамзаттық 

мән-мазмұны  бар  рухани  құндылықтарға 

сіңірілген  әлемнің  көркем  бейнесінің 

көркемдік  «өзгешелігін»  ғылыми  тұрғыдан 

пайымдау  және  әлемнің  ұлттық  бейнесін 

тіл мен әдебиет құралдары арқылы зерттеп-

зерделеу тән.

Тіл  –  әдебиет  –  мәдениет  –  ой-сана 

феномендерінің  өзара  байланысы  мен  бір-

біріне  ықпалының  мәселелерін  зерттеп-

зерделеудің  өзектілігі  күннен-күнге  артуда. 

Әсіресе  әлемнің  концептуальдық  және 

көркемдік  бейнесінің  бір-біріне  қатысын 

зерттеу  мәселесі  ғылыми  қызығушылық 

туғызуда. ХХІ ғасырдағы мәдени байланыста 

әдебиет өзін адамзат өркениетінің дамуында 

таусылмайтын гуманитарлық ресурс ретінде 

танылуда.

Классикалық  әдебиеттің  құндылықтары 

мынада:  ол  өткеннің  рухани  тәжірибесін 

сақтай отырып, көркем бейнеленген әлемнің 

айқын  келбеті  арқылы  адамзаттың  нақты 

құндылықтарын  бойында  сақтап,  оны 

болашаққа  тасмалдаушы  болып  табылады. 

Қазақ 


әдебиеті 

алдыңғы 


қатардағы 

классикалық  дәстүр  арнасында  дамып 

келеді,  ол  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

дамудың  өзекті  бағыттарын  бейнелейді. 

Танымал  ғалам-филологтардың  еңбектері 

оқырманның  көркем  әдебиеттегі  әлем 

бейнесін, автор иеясының өзіндік ерекшелігін, 

суреттелген  мәселенің  өзектілігін  танып-

түсінуіне  көмектесетін  көпір  болып 

табылады.  Қазіргі  ұлттық  әдебиеттің  және 

Қазақстан  халқы  әдебиетінің  көркемдік 

деңгейі белгілі бір өлшеммен алғанда ғалым-

әдебиеттанушылардың  қамқор  назарымен, 

олардың ұлттық және әлемдік үдеріске сыни 

көзқарасымен қалыптасқан. 

Негізгі  зерттеушілік  жұмыс  қазіргі 

таңда  танымал  ғалым  әрі  қоғам  қайраткері 

У.  Қалижан  басқарып  отырған  М.Әуезов 

атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты 

базасында  жүргізілді.  Бұл  маңызды 

жұмыстан  еліміздің  жетекші  ЖОО-

лары:  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ,  Абай 

атындағы  ҚазҰПУ,  Л.Гуммилев  Атындағы 

ЕҰУ, Е.Букетов атындағы ҚарМУ және т.б. 

оқу  орындарының  ғалымдары  да  тысқары 

қалған  жоқ.  Іргелі  ізденістердің  басы-

қасында  қазақ  әдебиеттану  ғылымының 

бетке  ұстар  ғалымдары:  С.Қирабаев, 

С.Қасқабасов, 

З.Қабдолов, 

З.Ахметов, 

Т.Кәкішев, 

Н.Ғабдуллин, 

Ш.Сәтпаева, 

А.Нұрқатов,  М.Базарбаев,  Ш.Елеукенов, 

Р.Нұрғали,  А.Сейдімбеков,  Ә.Нарымбетов, 

Ж.Ысмағұлов,  Р.Бердібай  және  тағы 

басқалары тұр.

Тәуелсіздік  жылдары  кезеңіндегі  Қазақ-

стан  филология  ғылымының  дамуы  іргелі 

зерттеулердің  бірқаттар  нәтижелерімен 

сипатталады.  Еліміздің  егемендік  мәртебе 

алуы қазақ тілі мен әдебиетінің, көп ұлтты 

еліміздің тілдері мен әдебиеттерінің, осыған 

сәйкес  тіл  білімі  мен  әдебиеттанудың 

ғылыми  салаларының  толысып-толығуы, 

мазмұнының  жаңғыруы,  қызмет  аясының 

кеңеюі  және  өзара  байланысы  үшін  мақты 

негіздеме болды.

Гуманитарлық  ғылымдар  аясындағы  ел 

егемендігінің басты жетістіктерінің бірі қазақ 

әдебиеті тұтастығының қалпына келуі, түп-

тамырын табуы, ұлттық әдебиеттанушылық 

парадигма  мен  ұмыт  қалған  шығармашыл 

тұлғалардың  шығармаларындағы  көркем 

ойлардың қайта оралуы болды.

Бұл, бір жағынан қарағанда, қазақ әдебиеті 

мен  мәдениетінің  репрессияға  ұшыраған 

талантты  ұлдары  Шәкарім  Құдайбердиев, 

Ахмет  Байтұрсынов,  Мағжан  Жұмабаева, 

Жүсіпбек  Аймауытов,  Міржақып  Дулатов, 

Әлихан  Бөкейханов,  Құдайберген  Жұбанов 

шығармалары  мен  Мұхтар    Әуезов, 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  сияқты  тағы 

басқалардың  кейбір  жарық  көрмеген 

шығармаларының  қайтадан  ортамызға 

оралуы еді. 

Енді бір жағынан алсақ, қазақ әдебиетінің 

даму тарихы мен көркем-эстетикалық мәнін 

айтарлықтай  тұтас  әрі  шынайы  танып-

білуге  бейімдейтін  танымал  жазушылар 

мен  ғалымдардың  бұрын  тиым  салынып 



57

56

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

келген ғылыми еңбектері ғылыми айналысқа 

түсті. Бұл, өз кезегінде, сан ғасырлық қазақ 

тарихын,  сондай-ақ  ұлт  елдігі  идеясын 

пайымдауға көмектесті.

Отандық  жетекші  әдебиеттанушылар 

қазақ  халқының  тарихы  мен  рухани 

дүниесін  танып-білудегі  қайта  оралған 

әдебиеттердің құнын жандүниесімен сезіне 

отырып,  ақталған  шығармашылық  көркем 

және  сыни  мұраларды  ғылыми  пайымдау 

бойынша зор еңбек жасады. Олар тарапынан 

Алаш  әдебиеттануын  тұтастай  алғанда 

және  оның  жеке  тұлғалары  Ж.Аймауытов, 

Ш.Құдабердиев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, 

М.Әуезов  және  т.б.  шығармашылығы 

бойынша 

монографиялық 

еңбектер 

жазылып, жарық көрді.

Қазіргі  әдебиеттану  ғылымындағы  зерт-

теудің  осы  бағыты  өзінің  мәні  бойынша 

жүйе  қалыптастырушылық  қызмет  жасады 

және    қазақ  әдебиеті  туралы  алғашқы 

таным-түсініктік  парадигманы  кеңейтіп 

қана қоймай, ең бастысы, кеңестік үкіметтен 

әлдеқайда  бұрынғы  әдебиет  туралы  отан-

дық  ғылымның  қағидаттық  өлшемдерін 

сипаттайтын  қазақ  әдебиеттануының  дәс-

түр лері – ғылымилықты, тарихилықты, шы-

найы лықты  ашты.  Бұл  –  ғылыми  ортадағы 

қазақ  әдебиеттануы  Қазан  төңкерісінен 

кейін  ғана  туды  деген  жалған  тұжырымды 

теріске шығарды.

Қазақ әдебиеттануында зерттеудің басты 

нысандарының бірі – көптеген жанр арқылы 

көрем  жүйе  түрінде  бізге  жеткен,  халық 

өмірінің  жарқын  көрінісі  фольклор  болып 

табылады.  Кеңес  уақытында  фольклорлық 

мұраны  зерттеп-зерделеу  белгілі  бір 

идеологиялық  заңнамалар  шеңберінде 

қарастырылатын.  Бұл  –  кейбір  жанрлар 

мен  шығармалардың  басылуына  шектеу 

қойып, ауызша айтылған мәтіндерге өзгеріс 

жасатқызды. 

Фольклорлық мұралардың тұтастығы мен 

оларды жүйелі түрде зерттеудің қажеттілігін 

пайымдау  кеңес  уақытында  жасалған 

фольклорлық  зерттеулерді  ғылыми  түрде 

қайта танып-түсінудің қажеттілігін көрсетті 

және  қазіргі  қазақ  фольклортануының: 

қазақ  фольклорын  алғашқы  түпнұсқаға 

сәйкес келтіруді мақсат ете отырып, жүйелі 

текстологиялық  жұмыс  жүргізу,  көпжанр-

лық  фольклорлық  бай  мұраны  тарихи-

типологиялық, 

тарихи-салыстырмалық 

ғы  лы ми  талдау  әдісіне  негіздей  отырып, 

диа хрондық  аспектіде  зерттеудің  концеп-

туальды  мәселелері  анықтады.  Осы  ретте 

қазақ  фольклортануының  жаңа  қадамымен 

«Бабалар  сөзі»  деген  100  томдық  қазақ 

фольклорының  жинағы  жарық  көргенін 

ерекше мақтанышпен атап өтуге болады. 

Ғалым-фольклортанушылар  тарапынан 

тәуелсіздік  жылдары  халықтың  рухани 

байлығы,  ақыл-ойының  жемісі  және 

өмірлік  таным-түсінігі  болып  саналатын 

флоьклорлық  мұралардың  алғашқы  ба-

сы лы мын  қалпына  келтіру  бойынша 

үлкен  жұмыс  атқарылды.  Негізгі  назарда 

халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  тарихи-

типологиялық,  тарихи-генетикалық,  жүйелі 

зертеу  болды.  Қазақ  фольклортануында 

қазақ  елдігі  тарихының,  халық  тарихы  мен 

руханиятының  бай  да  құнды  қайнар  көзі 

ретінде  эпостанудың  мәселелері  ерекше 

орын алады. 

Фольклортанушылардың  дәстүрлі  әдіс-

тері мен  қатар  фольклорды  зерттеудің 

жаңа  ғылыми  аспектілерін  дайындауға  қол 

жеткізілді:  оқиғалық  (сюжеттік)  үлгілер 

мен  жанрлық  уәждемені  (модификацияны) 

салыстырмалы-тарихи  әдіспен  зерттеу, 

фольклорлық  мұралардың  хронологиясы 

мен көп нұсқалық мәселесінің арақатынасы, 

қазақ  фольклоры  поэтикасындағы  синтак-

систік  құрылым  мәселелері,  флоьклорлық 

шығармаларды әдеби-эстетикалық контексте 

қарау.


Қазіргі  флоьклортанудағы  зерттеудің 

жаңа  үрдістері  қазақ  эпостарының  3 

томдығында,  айтыстың  3  томдығында, 

қазақ  ертегілерінің  3  томдығында,  қазақ 

фоль клорын  орыс,  ағылшын  тілдеріне 

аударып, басып шығаруда жүзеге асырылды. 

Солардың  аясындағы  ғылыми  жетістіктер 

бірқатар  диссертациялық  жұмыстарда, 

авторлардың  монографияларында  көрініс 

тапты,  «Қазақ  фольклоры  тарихы»,  «Қазақ 

фольклоры 

типологиясы», 

«Қазақтың 

музыкалы  фольклоры»,  «Қазақ  тарихи 

әндерінің  мәселелері»  деген  ұжымдық 

монографиялар  жарық  көрді.  Мемлекеттік 

«Мәдени  мұра  бағдарламасының  маңызды 

бөлігін  құрайтын  «Бабалар  сөзінің»  жүз 

томдығының дүниеге келуі қазақ халқының 

рухани  байлығы  –  ата-бабаның  көркем 

мұрасына  деген  ғылыми  мақсат-мүдденің 

ауқымы  мен  жаңашылдығын  көрсетеді. 

Баламасы жоқ осы басылымның әрбір томы 

жарияланған мәтін және олардың нұсқалары 

(вариантары), шығарманың текстологиялық 

талдануы,  сөз  қолданыс  үлгілеріне  тарихи-

фольклорлық  талдау,  айтушылар  мен 

жинаушылар  жөнінде  мәлімет,  көнетүркі, 

парсы,  араб  сөздері,  терминдері  және 

атаулары  сөздігі  туралы  ақпараттардан 

тұрады.  «Бабалар  сөзі»  осындай  жинақ 

жасаудағы  алғашқы  қадам  екенін  ескере 

отырып,  оның  маңыздылығын  атап  өткен 

жөн.


Ел  егемендігінің  жетістіктері  конститу-

циялық  құрылымның  базалық  жүйесі  ре-

тінде  әдебиеттің  генетикалық  тамырын 

қарастыру  аспектісінде  қазақ  әдебиеті 

тарихын,  және  оның  көнетүркі  дәуіріндегі 

көркем  оймен  өзара  сабақтастығын, 

және  әлем  тілдері  мен  әдебиеттерінің 

өзара  ықпалдастығы  парадиигмасындағы 

мәдениеттердің  байланысын  концептуальді 

түрде  қайта  қарауға  нақтылы  себеп  болды. 

Әдебиетке деген қазіргі көзқарастың басты 

уәждерінің бірі – оның көркем және ғылыми-

сыншылық  байлығын  пайдалана  отырып,  

әлемдік  дамудың  өркениеттік  үдерісі 

парадигмасында  сан  ғасырлық  көркем 

шығармашылықтың 

рухани-эстетикалық 

байланысының  генетикалық  шартталуын  

ғылыми  тұрғыдан  пайымдау  болды.  Олар 

еліміздің егемендік алуымен бірге халықтың 

рухани  байлығы,  ел  мен  қоғам  дамуының 

маңызды әлеуметтік-гуманитарлық ресурсы 

ретінде оралған болатын. Тәуелсіз еліміздің 

әдебиеттануының маңызды міндеті дәстүрлі 

иеологиялық  ұстанымға  айналған  тәсілден 

шығып,  әдеби  шығармаларды,  ұлттық 

әдебиеттегі көркем-эстетикалық өзгешілікті, 

өзіндік  ерекшелікті,  солардың  жиынтығы 

мен тұтастығын ғылыми түрде пайымдауға 

ауысу болып табылады.

Ғылыми  ізденістің  өзекті  мақсаты 

мен  міндеттері  зерттеудің  –  шынайылық, 

тарихилық,  жүйелілік,  тұжырымдамалық 

сияқты  басым  қағидаларын  айқындады. 

Солардың  арқасында  тарихи  байланыс  пен 

сабақтастықтың  генетикалық  шартастығын 

ескере  отырып,  Қазақстан  әдебиетін  те-

реңрек зерттеуге мүмкіндік туды.

Қайта  пайымдау  әдебиеттанудың:  фоль-

клортану,  қазақ  әдебиеті  тарихы  мен 

теориясы, компаративистика сияқты барлық 

салаларын қамтыды.

Қазақ  әдебиеті  тарихын  кең  ау-

қымда  (панорамалық)  зерттеу  қазіргі 

ғалымдардың  іргелі  үлесі  болып  табы-

лады 


және 

ол 


әдебиеттанушылық, 

әлеуметтік-гуманитарлық  және  жал пы 

мә де ниеттанушылық  аспектіде  ғылыми 

жаңа  бағыт-бағдар  екенін  көрсетті.  Қазақ 

әдебиетінің даму тарихының қазіргі көркем-

тарихи  және  эстетикалық-дүниетанымдық 

көрінісі  қазақтың  ұлы  ақыны  Абайдың 

көркем  мұрасының  қағидалық  мәнінің 

шырқау  биіктегі  –  ұлттық  әдебииет 

дамуы 


парадигмасындағы 

«алтын 


кезеңнің»  нүктесін,  қазақ  әдебиетінің 

үш  үлкен  кезеңі:  Абайға  дейінгі  әдебиет, 

Абай  кезіндегі  әдебиет,  Абайдан  кейінгі 

әдебиет  туралы  тезистің  әдіснамалық 

және  тұжырымдамалық  негіздемесін  алға 

шығарды. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің 

ерекше  феномені  Абай  шығармашылығын 

танып-білу    филологияның  арнайы  саласы 

–  «абайтану»  болып  қалыптасып,  қазіргі 

әдебтеттанудың  ең  қажетті  және  өзекті 

бағыттарының  бірі  ретінде  өркендеуде. 

Бұл  –  Абайдың  жаңашылдық  тұлғасының  

жалпыадамзаттық  руханият  пен  мәдениет 

базисінде  жарқын  көрініс  табуымен 

сипатталады. Абай поэзиясы жоғары әлеуетті 

әлеуметтік-адамзаттық 

ресурсты 

алға 


59

58

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

тартады. Абайдың рухани мұралары арқылы 

қазақ әдебиеті әлемдік қазіргі руханнияттың 

жоғары  идеалдарын  жасау  үшін  әлемнің 

сан алуан мәдениетімен мәдени байланысқа 

түсе алады. 

Қазіргі  әдебиеттанудың  талдау  мен 

пайымдауында көркем-эстетикалық ізденіс-

терді зерттеп-зерделеуге, поэтикалық шығар-

малардың жанрлық, стильдік жә не оқиғалық 

(сюжеттік)  тасмалдану  мәселелеріне,  әдеби 

шығармашылық  іс-әрекет  психологиясына, 

өмір  шындығын  көркем  бейнелеудегі 

автордың  өзіндік  амал-тәсілін  зерттеуге 

ерекше  мән  берілуде.  Зерттеулерде  проза, 

поэзия,  драма  жанрларының  барлық  қыры 

қамтылған  және  ғылыми  талдауларда 

жүйелеу,  сипаттау,  топтау,  тарихи-салыс-

тырмалы,  салғастырмалы  және  т.б.  әдістер 

кеңінен қолданылған.

Сонымен,  әлемдік  дамудың  үрдісі, 

егемендіктің  тарихи  мән-мазмұны  Қазақ-

станның  қазіргі  әдебиеттануының  мақсаты 

мен міндеттерін айқындай отырып, әдебиет 

туралы ғылым дамуының тұжырымдамалық 

іргелі  бағыттарын  анықтауда  негіздеме 

болды.  Тіл  мен  әдебиеттің  өзегі  болған 

рухани  қазыналар,  ұлттық  ерекшеліктер 

ұлттық  мүддені  қорғауда  және  белгілі  бір 

гумманитарлық  мәдениетті  қалыптастыру 

үшін платформа жасауда маңызды ресурсқа 

айналды,  олар  «адам  ресурсын»  дамытуға 

үлкен  мүмкіндік  береді.  Ал  бұл  болса, 

еліміздің әлемдік кеңестікке тең дәрежедегі 

серіктес  ретінде  енуіне  жағдай  жасайды. 

Гуманитарлық  таным  парадигмасында 

әдебиеттану – «адамтанудың» базалық ком-

по ненті болып табылады. Ол мәдениеттердің 

араласуын  танып-білуге  мүмкіндік  береді: 

«ана тілі» түсінігі – анадан берілген тіл мен 

төл әдебиет ұлттық рухани құндылықтарды 

сезіну  арқылы  адамға  жалпыадамзаттық 

мәдениетті игеруге жол ашады.

Қорыта  айтқанда  тәуелсіздік  жыл-

дарындағы 

әдебиеттану 

ғылымының 

жетістіктері 

іргелі 

теориялық 



және 

қолданбалық  сипаттағы  инновациялық  ірі 

үлес екенін көрсетеді және қазіргі жаһандану 

әлеміндегі  Қазақстан  Республикасының 

тұрақты дамуына ресурс болып табылады. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.А. Инновационная индустрия науки и знаний – стратегический ресурс 

Казахстана в XXI веке. Лекция в «Назарбаев университете». – Астана, 7 декабря 2010 г.

Резюме

В  статье  рассматриваются  фундаментальные  направления  филологической  науки  в 

контексте независимости РК. Изучены обладающие научной новизной и актуальностью  

литературоведческие и лингвистические новации.

Summary

The article deals with the fundamental direction of philological science in the context of the 

independence of the RK. Have studied the scientific novelty and relevance of literary and linguistic 

innovations.

ҮЙ БОЛУДА, ҮЙЛЕСТІККЕ ҮЙРЕНУ ДЕ ҚИЫН

(Гендерлік аспект)

Молдабеков Ж.Ж. – 

философия ғылымдарының докторы, 

әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің профессоры, 

Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың жүлдегері

Жеке  басыңа  ие  болмай,  сүйсінеріңе 

сүйен бей,  жарастық  пен  жетістікке  қуан-

бай, жамандық пен жарамсыздықтан жирен-

бей  адамға  лайық  өсіп-өну,  жанұяның 

іргесін  ілгерілету  –  тиянақты,  тартымды, 

тұрақты болмайтыны хақ. Үй болу үлгіден, 

ұлағаттылықтан,  үйлестіктен,  ұмтылыстан, 

үйрену және үйрету өнерінен құралады. Бұл 

талаптар үлкен мен кішіге, еркек пен әйелге, 

басшы мен қосшыға бірдей қатысты. Бәрі де 

өмірлік тәжірибе мен тәрбиеден туындайтын 

тіршілік пен өсіп-өну тәсілдері, түрлі амалды 

әрекеттердің жүйелі жалғасы.

Үй  болу  –  үлкендік  пен  үйлестіктің, 

ержету мен есеюдің айғағы, өзара түсіністік 

пен  сыйластықтың  аймағы,  жарасымды 

жетістік  пен  өзіндік  сенімнің  жаймашуағы. 

Үй  болу  –  адамзаттық  құндылықтарға 

тұрақтау,  өзімшіл  қыңырлықты  құрықтау, 

қабілет-қасиетті  ынтымаққа  ырықтау.  Үй 

болу  –  жасампаздыққа  негізделген  әке  мен 

шешенің жаңа міндеттері, екі жақтың өзіндік 

тынысы  мен  жарасты  тіршілігіне  лайықты 

үйлестік.  Үй  болу  –  ошақ  басындағы  әке-

шеше-баланың үндестігі, отбасындағы үлкен 

мен кішінің үйлестігі, жанұядағы оттықтың 

жалындауы, ешқашан өшпеуі. 

Үйдегі  ықыластықтың  ырқында  ғана 

қандастар отандасады, тағдырын түйістіреді; 

үндестік  пен  ұлағаттылық  тамыр  жаяды, 

отағасы  жанұяға  жапсарлас  адамгершілік 

және отанға лайық тұлғалық ырқын саяды. Бұл 

белестер өсер жасқа тікелей қатысты асулар. 

Атам  заманнан  отбасының  салмағын  ерлер 

көтерді,  отағасы  міндеті  ерлерге  жүктелді. 

Отбасының  сәні  мен  берекесін  әйелдер,  ақ 

жаулықты  аналар  өрнектеді.  Отбасының 

сәнін,  өзінің  аналық  мәнін  ұластыру  үшін 

қыз  бала  сансыз  мінез-қылықты  саралау, 

сараптау,  салауаттандыру  керек  еді.  Содан 

халықта  «қызға  қырық  үйден  тыйым» 

деген  ұлағатты  сөз  қалған.  Тәрбиедегі 

тыйым жамандықтан жиренуді, дөрекілікке 

ұрынбауды  ғана  көздемейді.  Сондай-ақ 

жақсылыққа  үйренуді,  жағымдылықты 

жалғастыруды, жүйені жақсартуды көздейді. 

Адамгершіліктің  арқауын  ширату  өнеріне 

ағайын-туысқандар,  ауыл-аймақ  болып 

үйреткен. Есті ел елеулі жастарын, қылықты 

қыздарын  тәрбиелеуге  ерекше  ыстық-

ықыласпен араласқан. Жарасты ортада өздері 

нәзік болса да, өсімтал, әдепті, сәнді, өжетті 

қыздар  тәрбиеленді,  қатарға  қосылды,  әр 

үйдің сәнін келтірді, бір ел-жұрттың ажарын 

ашты. 


Ұлағатты  әлеумет  қыз  баланың  бойына 

адами, азаматтық және аналық қасиеттерді 

баулуға  үлкен  мән  берді.  Көшпелі  дәстүр, 

қазақи 

рәсім-салттар 



адами-аналық 

қасиеттер  мен  құндылықтарды  жоғары 

қойған,  құрмет  тұтқан.  Аналық  қасиетке 

ерте және үнемі тәрбиелеген.

Дәстүрлі  қоғамда  әйел  аналық  парыз-

ға  баса  көңіл  аударды,  отбасылық  құн-



ды лыққа  өмірбойы  аянбай  қызмет  етті. 

Аналық  сезім  әйелдік  борышты,  жақынға 

деген  сүйіспеншілікті  этикалық  нормаға 

айналдырды. 

Аналық 

сезім 


отбасы 

құндылықтарын  жоғары  қойды,  отбасын 

қандастардың 

ұясы, 


ал 

мүшелерін 

үлкен  әулеттің  құрамдас  бөлігі  ретінде 

қабылдады.  Өз  балаларын  тума-туыстарға 

жақын  тәрбиелеуге  күш  салды.  Содан 

адамгершілігі  мол  ұрпақтар  өсіп  өнді, 



аналық  адамгершіліктің  өлшемі  әрі  өрісі 

деген түсінік қалыптасты.

Әйел  отбасында  сезімтал  сергектікті, 

сүйкімді  сүйіспеншілікті,  сәнқой  әуес тену-



61

60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

шілікті  өзіндік  сиқырлы  қабілет-қасиеті 

ретінде  қалыптастырады,  сондай  тұлғалық 

ерекшеліктерді  иемденеді.  Отбасындағы 

сезімтал  қасиет  пен  серпінді  мінез-құлық 

әйелдік  бейненің  қайталанбас  құрамына 

және  құралына  айналды.  Ол  отау  иесінің 

атқаратын  қызметіне  араласа  бермеді. 

Еңбектің  біржақты  бөлінген  осындай 

салттары ғасырлар бойы құпиялы жалғасын 

тапты,  тіршілік  пен  күнкөрістің  түріне 

айналды.


Ендігі өркениетті дәуір түрлі өзгерістерді 

енгізуде,  байырғы  дәстүр-салтты  сараптан 

қайта өткізуде, тың талаптарды күн тәртібіне 

қоюда. Қажетті өзгерістерге басалқы түрткі 

болушы  –  әйелдердің  отбасы  мен  отандас 

қауымдастықтағы  беделі  мен  белсенділігі. 



Әйелдің  беделі,  белсенділігі,  берері  – 

өркениеттіліктің көрсеткіші, тіпті өлшемі. 

Белсенді  әйел  отбасының  қамқорлығын 

отандық  мүддемен,  тіпті  мемлекеттік 

құрылыммен  ұштастырды.  Беделді  әйел 

ортақ  идеяны  –  тың  тәсілге,  қалыптасақан 

тәсілді  амалды  жеке  тәжірибеден  асқан 

жаңалыққа айналдырды. Әрекеттегі әйел өз 

бойында  индивидуалдық  және  әлеуметтік 

белсенділікті  тоғыстырды.  қос  бастаманың 

ықпалын арттырды, кең өлкеге таратты. Әйел 

болмысындағы жаңа ауқымды ықпалдастық 

мына  факторлардан  –  әйелдің  әлеуметтік-



экономикалық жағдайдан, ұлттық мүддені 

қорғау  мүмкіндіктерінен,  демократиялық 

дәстүрді игеруден, саяси және өзіндік сана-

сезімнің жетілу дәрежесінен таусылмас нәр 

алды. 


Әлемдегі,  қоғамдағы,  өңірлік  саладағы, 

отбасындағы  әйелге  қатысты  күрделі  де 

қисынды  мәселелер  кеңінен  талқылануда. 

Енді  соның  біреуінің  тоқтам-түйіндеріне 

сүйене ойымызды өрбітелік (1).

Әлемдік өмірдің көп арнасы мен саласын 

«әйелдік  келбет  пен  қасиет»  алып  келеді. 

Социологтардың  бұл  тұжырымында  негіз 

бар.  Қазірде  әлеуметтік  жұмыс  күшінің 

үштен  бірін,  ал  еңбек  резервінің  тең 

жартысын  әйелдер  құрайды.  Әйелдердің 

белсенділігі  қоғамдық  өмірдің  барлық 

саласында  қарқындауда.  Сапалы  қарқын 

жеңіл-желпі  болып  немесе  қалай  болса 

солай  өтіп  жатқан  құбылыстар  емес. 

Сапалы  бетбұрыстардан  салиқалы  түсінік 

пен  көзқарастар  қалыптасуда.  Салиқалы 

түсініктер  мен  сапалы  әрекеттер  аясында: 

осы не өзгеруде, қандай қабілеттер түрленуде, 

қандай  мүддеге  қол  жеткізудеміз,  қандай 

құндылықтардан  кенже  қалудамыз,  алдағы 

мақсат-межелер  қандай?  деген  сауалдардан 

қоғамдық  сана  қайта  жаңғырып  құралуда. 

Себебі,  шешімі  шексіз  сауалдардан  бір 

тоқтам талдау күрделі құбылысқа айналуда. 

Әйелдер  дүниесін  индивидуалдық  және 

тарихи  тұрғыдан  сараптасақ,  онда  үш 

бірдей  бағдарлама:  «Әйел-отбасы-бала», 



«Әйел-қоғам-мемлекет»,  «Әйел-тәрбие-ел 

басқару»  жүйесі  көңіл  мен  көзге  қабаттаса 

ұялайды.  Бірінші  жүйенің  табиғаты  мен 

тарихы  тереңде,  түпсіз.  Екінші  жүйенің 

тарихы  таңдаулы,  әлеуметтік  қуаты 

қарқынды,  болашақ  арнасы  таусылмас, 

таптаурынды.  Үшінші  арнаға  жүйелілік 

пен  тиімділік  жетіспеуде.  Әйелдер  әлемін 

социологтар,  саясаттанушылар,  философ-

мәдениетанушылар,  психолог-педагогтар, 

тіпті ғылым, өнер, дін салалары қатар, бірақ 

шашыранды  түрде  зерттеуде,  өздерінше 

ойжарыстыруда. 

Ойжарыс  негізсіз  емес.  Әйелдің  отба-

сын дағы,  яғни  зайыбымен  ұстамды,  бала 

тәрбиесінде үлгілі, үй сәнін үйлестікте ұстау 

өнері мүлтіксіз жетіліп отырса, онда жанұя 

берекелі  де  мерекелі  болмақ.  «Әке-шеше 

болу – қатал сынақ» (Фариза Оңғарсынова). 

Әкесі,  шешесі  бар  үйдің  шаңырақтары 

биік, көрікті, ал бала-шағалары ерікті, есті, 

қажырлы,  берік  келеді.  Еркіндігін  сезінген 

әйелдің өнімді еңбек пен өндіріске араласуы 

әрқилы,  алуан  сыйға  бөленуде.  Қоғамдық 

жұмысқа араласқан әйелдер өзінің әлеуметтік 

рөлі  мен  мәртебесін  көтерді,  өндіргіш  күш 

ретінде кәсіби дайындығы мен тәжірибесін 

жетілдірді.  Қоғамдық  қатынасқа  араласқан 

сайын  әйелдің  әлеуметтік  мәртебесі,  рөлі 



және  кәсіби  қызметі  біртіндеп,  кезең-

кезеңде  қатар  өрбіді,  әр  салада  ала-құла 

ұласты. 

Әйелдің  отбасындағы  қызметі  оның 

жан  дүниесі  мен  бейнесін  қалыптастыруға 

үлкен  ықпал  етсе,  ал  қоғамдық  жұмыста 

ол  әлеуметтік  беделі  мен  белсенділігін 

арттырды.  Тағдыр таразысын тең ұстаған өз 

өмірінің  көлеңкелі  жақтарын  көрсетпеуге, 

өзгенің  кемшіліктеріне  кешіріммен  қарауға 

ұмтылады.  Осыдан тарихтың қай сатысында 

адами  бедел  әйелдік  бейнеге  қызмет  етті

оның  жаңа  бейнесін  жасады,  деген  әсерлі 

ой  көңілді  үйіреді.  Ал  әйелдің  бейнесі  мен 

беделі  әлеуметтік  белсенділіктің  түріне 

айналған сайын, белсенді әйелдер азаматтық 

қоғамның  іргесін  қаластырды,  халықтық 

тәрбиенің  тасымалдаушысы  болып,  оның 

ықпалын  кеңейтті.  Әйел  арқылы  ұлттық 

тәрбие  азаматтық  қоғамның  мұқалмас 

құралына айналуда.

Бұдан  туындайтын  тоқтам-түйін:  1) 

әйелдердің қоғамдағы саяси таңдау спектрі 

алуан  түрде  қарқындауда;  2)  әйелдің  адам 

ресурсы мен капиталын дұрыс пайдаланудағы 

әлеуметтік тәжірибесі өз сарынын анықтауда; 

3)  әйелдердің  өнер  мен  ғылымдағы,  білім 

мен  ағартушылық  саласындағы  гендерлік 

теңсіздікті  жою  қарқыны  жер-жерде  көзге 

түсуде; 4) әйелдердің белсенді, инициативті 

қоғамдық  қозғалыстары  кең  өріс  алуда;  5) 

әйелдердің әлемдік мәдени-туристік қарым-

қатынасқа араласуы, өзіндік үлес қосуы кең 

ауқымда  өрбуде;  6)  әйелдердің  қоғамдық 

реформа  мен  даму  бағдарына  қатысты 

өзіндік өмірлік көзқарастары жаңа сапалық 

деңгейге  көтерілуде.  Тәрбие  өнерінің  бұл 

түрлері  қазақ  болмысындағы  демеулі  де 

дәмелі дәстүрді әрқалай жаңғыртуда.

Өркениетті  әлемде  кәсіби  қызметке 

деген  талпыныс  басымдық  ете  бастады. 

Социологтардың  пайымдауынша,  кәсіби 

қызметте  аналық  қуаншты  қоғамдық 



қызметпен  толықтыруға  деген  ұмтылыс 

артты.  Кәсіби  қызметтегі  жұмыста  әйел  өз 

қабілетін  растауы,  жаңа  әлеуметтік  рөлін 

бекітуі қажет болды. Әлеуметтік қозғалыста 

әйел  өзінің  жеке  басының  қабілет-

қасиеттерін еркіндік пен тепе-теңдікке жол, 

ал  қауымдасуды  -  индивидуальді  бастауға 

негіз  деп  түсінушілік  тереңдеуде.  Кәсіби 

қызметті  таңдаған  әйелге  отбасы  мен 

өндірістегі  міндеттер  қатар  салмақ  түсірді, 

оның өзіне деген жауапкершілік күшейді. 

Өзара  ынтымақ  үшін  әркімнің  өзін-

өзі  жетілдіруі,  өз  үлгісін  көрсетуі,  сондай 

тұрақты  талпыныста  өзара  сыйластықта 

болуы – қарым-қатынастың жоғарғы деңгейі 

мен  өлшеміне  тұрарлық.  Өлшемді  деңгей 

дет  отырғанымыз  өмірлік  тәжірибе,  өзара 

түсіністік пен өнегелі сыйластық. Олардың 

жаңа  мүмкіндікті  ашуға,  жаңа  қабілет-

қасиеттің  құнын  арттыруға  әлеуеті  артық. 

Мұндай  деңгейге    жастар  –  ер  бала  мен 

қыз  бала  қанша  жасында,  қандай  жағдайда 

жете  алады?  Әркімнің  басын  қатыратын 

көп сырлы, белесі алуан күрделі мәселелер. 

Жастар  жұмысқа  орналасу  үшін  немесе 

ондағы  қызмет  мансабын  арттыру  үшін 

көңілді,  уақытты,  қабілетті  анағұрлым 

жұмсауы – заңдылық. Осы заңдылыққа дер 

кезінде,  дұрыс  бейімделу  –  жаңа  ортадағы 

табыс көзі, тыныштықтың өзі. 

Тақталаспай,  бақталаспай,  әділдікпен 

санасқан,  текті  салтпен  жарасқан  әйелдер 

мәселенің  тұтқасын  ұстап  қана  қоймай, 

беделді  билікке  ие  болды.  Басты  билікті 

базбір әйелдер қауымы жоғары білім алып, 

жұмыста  карьера  жасау,  өзінің  өндірістік 

және басқару қабілетін жетілдіру деп ұқты. 

Осы ұстанымды басты талапқа айналдырды. 

Енді  басқалары  отбасының  шаңырағын 

көтеруді,  оның  базарын  қызықтауды  –  өз 

өмірінің жоғары құндылығы деп қабылдады. 

Қос  бастау  арнасын  қатар  жалғастыруда, 

бірақ  баламалы  таңдау,  соны  үйрену 

қиындауда.

Сонымен отбасындағы кеңістік пен  құн-

дылықты, уақыт пен жағдайды, белсенділік 

пен байланысты өзара ұштастыра пайдалану 

–  үлкен,  іргелі  жетістікке  жол  ашу.  Іргелі 

жетістікте  –  екі  жақтама  жеңіс  нышаны 

білінеді.  Жеке  бастың  жетістігін  әркім 

өзінше қуанып қабылдайды, ал қауымдастық 

табысты  қанағаттана  бірге  бағалайды. 

Шынайы  өзінше  қуану  да,  қуанышты  бірге 

бөлісуде  тиімді  амал-әрекетті  қолдайды, 



63

62

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

шынайы  ниетті  оңдайды.  Отбасында  озық 

бастамалар  ерлі-зайыптың  өзіндік  дамуына 

мүмкіндік  ашатын  болса,  онда  ол  нағыз 

үйлестіктің  айғағы.  Үйлестікке  әркім  ұм-

тылады. Тек біреулер жеке басының таңдауы 

мен  табысының  үйлестігінен  қанағат 

табады.  Басқалары  үшін  үйлестік  –  әкелік 

және  аналық  міндеттерді  қатар  алып  жүру, 

табысу  жолдарын  жетілдіру.  Алғашқылар 

өтімді өмірлік мәнге жеке жолмен жеткенді 

қалайды,  ал  екінші  топтар  болашақтың 

дидары  ынтымақта  айқындалады  деп 

санайды.  Тек  соқыр  сенім  күш  алмаса 

болғаны. Бүгінгі таңда жеке инициатива мен 

ынтымақ  өз  жарастығын  таба  алмаушылық 

жиілеуде.

Жаңа  тұрмыстық  ахуалда  еркек  пен 

әйелдің  байырғы  отбасы  рөлдері  түбегейлі 

өзгеріске  ұшырауда.  Жаңа  қажеттіліктен 

туындаған  міндеттерді  дұрыс  ұқпағанда 

немесе  дер  кезінде  орындамағанда  от-

басында  түрлі  кикілжіңдер  пайда  болады. 

Қажеттілік  пен  құндылық  туралы  еркек 

пен  әйелдің  отбасындағы  түсініктері 

бұрынғыдай  біржақты  бағыт  пен  деңгейде 

үйлесе  бермегенде  тыныштық  кетеді, 

наразылық  туындайды,  келіспеушілік  жиі-

лейді. Келіспеушілік көзі – әркімнің өз рөлін 

жоғары тұтуында немесе өз рөлінде шектеп 

қалуында. 

Нервті  жүдететін  кикілжіңдер  адам 

арасындағы  қатынасты  суытты,  жаттықты 

үдетті,  жауапкершілік  сезімді  әлсіретті. 

Келісімі 

жараспаған 

елде 

тіртектеп 



жинақталынған  өмірлік  тәжірибелер  қо-

ғам дық  сұранысты  да,  әйелдердің  өз 

талпынысын  да  бірдей  қанағаттандыра 

бермейді.  Қанағатсыздық  бірде  көне  әдет-

ғұрыптан  бірден  арылмақ  ниеттен,  бірде 

жаңа  қарым-қатынасты  жүйесіз  игеруден 

туындауда. 

Оның  салдары  әрқалай,  орны  толмас 

күйінішке  ұшыратуда,  Мысалға  жүгінелік: 

елімізде жасы 25-тен асқан бойдақтар саны 

– 3 миллионан асып түседі. Оның 28,2 % – 

нәзік жандылар, 39,6% – ер азаматтар екен. 

21-29  жастардың  арасындағы  немесе  жас 

отбасылардың  85%  үй-күйсіздікте  жүр  (2). 

Оның  үстіне,  жастарымыздың  денсаулығы 

күрт нашарлауда, тәртіп бұзуы да жиілеуде. 

Мұндай  жадағайлық  пен  жаттықтың 

салдарын  қалай  қабылдаймыз,  бағалап 

жүрміз.  Сыздауыққа  қайта  оралмақпыз. 

Себебі: 1) тұрмыс құрмаған, «отырып қалған» 

қыз-келіншектер саны өсуде; 2) жарастығын 

таппаған отбасы саны да үдемесе, азаймауда; 

3)  ұрпақтың  өсіп-өнуі  кемуде;  4)  кейбір 

аймақтарда  гендерлік  сабақтастықтың  тіпті 

үзіліп  қалғаны  байқалады;  5)  әйелдерге 

жасалынатын  қысымдарда  жиілеуде;  6) 

балалы  әйелдер  арасында  өлім-жітік  жиі 

байқалуда. 

Бұл  теріс  көрсеткіштер,  біржағы,  әлеу-

меттік-демографиялық  ахуалдың  жағымсыз 

жақтарын  аңғартады,  біржағы,  әлеуметтік 

дерттің  айғағына  ұқсайды.  Әлеуметтік 

дерттің  созбалы  түрлері  не  әкесі,  не 

шешесі жоқ үйде тұйықталады. Статистика 

агенттігінің соңғы халық санағынан кейінгі 

шығарған қорытынды деректеріне жүгінсек, 

елімізде  452730  отбасында  719248  бала 

әкесіз өсіп келеді екен. Бұлардың арасында 

әкесінен  оның  қазасына  байланысты 

айырылған,  яғни  әкесінің  бейнесін  сағына 

сүйіп жүрген балаларда бар ғой дейміз. Әкесіз 

баланың  көңіл-күйі  жарымжан  болатыны 

хақ, отау иесі жоқ үйдің олқы жақтары көзге 

ұрып  тұратыны  да  шындық.  Елімізде  тағы 

да  68256  жалғызбасты  әкенің  бар  екендігі, 

олардың  бауырында  121939  бала  өсіп  келе 

жатқандығы туралы ресми дерек бар. Денені 

түршіктіретін  жай  –  әкенің,  не  шешенің 

жалғызбастылығында. Үйде баланы жалғыз 

тәрбиелеу – қиынның қиыны. Жалғызбасты 

бір үйде бала әке-шешенің бауыр еті болмай 

жүргенін  көріп  жүрміз.  Енді  бір  үйде, 

керісінше,  бала  отбасының  қамқоршысы, 

арқа  сүйері,  өнеге  тұтар  ұл-қызы  болып 

жүргенін көргенде, жүрегің жылиды. 

Сонда  «сенің  әкең  қандай?»  деген 

сұраққа  кезкелген  бала  шешіліп,  арқын-

жарқын ашыла жауап бермейтін қысылтаяң 

кезге  ұшырайсың.  Үйлесті  үйдегі  әке  мен 

шешенің  бейнесін  сомдайтын  көрмелердің, 

олардың  мәртебесін  асқақтайтын  ән-күйдің 

ұйымдастырылуы қажет-ақ. Өнегелі әке мен 

шешені елге таныту, оларды көпке үлгі ету 

–  тәрбие  жұмысының  талабы.  Елбасының 

«Мерейлі  отбасы»  атағын  беру  туралы 

жариясы  –  отбасы  мәртебесін  көтеретін, 

балалар  тәрбиесін  бәрінен  жоғары  қоятын 

әке мен шеше қатарын көбейтетін жұмысқа 

демеулік (3). 

Не керек, контраст жиілеуде. Өкініштісі, 

жан қинайтын келеңсіздік, аяқтан тартатын 

кемшіліктер,  адамның  да,  қоғамның  да 

дамуына  кедергі  болатын  қайшылықтар 

белес  алуда.  Осы  келеңсіздіктің,  қиын-

шылықтың, қайшылықтың себептері жалқы 

емес, бір-бірімен шиеленісіп жатыр. Қиын-

қыстау  кезде  әйелдерді  қызметпен  өзін-

өзі  қамтамасыз  еткізетін  халықаралық 

тәжірибе  қандай  немесе  әлеуметтік  дерт 

қандай мәселелерге назар аудартады деп те 

қаласың. Өзінше кіші және орта бизнеспен 

шұғылданатын  әйелдердің  саны  жылдан-

жылға  тез  өсуда.  Олар  түрлі  қауіпке 

ұшырайды.

Ынтымағы  мен  бірлігі  осал  қоғамда 

адамгершілік  пен  имандылық  нағыз 

құндылығынан,  әлеуметтік  мағынасынан 

айрылатыны  мәлім.  Қазақстан  Респуб-

ликасында  әйелдің  мәртебесін  көтеруге 

лайықты ірі іс-шаралар қабылдануда, мәдени 

орталықтар  жұмыстарын  жандандыруда. 

Еңселілер  өзінің  қайсарлы  қимыл-әрекеті 

көп сатылы, күрделі үрдістен тәуелді екенін 

ұғынуда. 

Отбасындағы  ортақ  игілік  үшін  амал-

әрекеттер  жүйелі  үйлесімде  болмауда. 

Келісімі  бұзылған  ортаға  кім,  қаншалықты 

бейімделе алды немесе сондай ауыр күйден 

кім қалай шыға алды? Көңіл толмас мысалдар 

мен  жағымды  оң  үлгілер  бастан  асады. 

Әр  баста  нақты  немесе  жаппай  шешімі 

табыла  қоймаған  күрделі  де  құбылмалы 

жайлар  жеткілікті.  Бірақ  одан  өзара 

келісімге, дәстүрдің стандартын сақтауға, 

кемшілікке кешіріммен қарауға, қызметтес 

рөлді  дұрыс  бөлуге  деген  басты  сұраныс 

ұмытылған жоқ. Біржақты бағаға келе және 

көне  бермейтін  фактілер  жинақталуда. 

Жаңа  сұранысты  игеру,  икемдеу  үшін 



өтімтал қабілет, мекем төзімділік, жүйелі 

тәжірибе қатар керек. Мекем рухани күш-

қуатқа  мұқтаждық  артуда.  Бала  тәрбиесі 



мен  жұмыстағы  мәртебе  міндетін  қатар 

атқара  білген  әйел  отбасы  мен  отандастар 

арасындағы  тұрақтылықты  нығайтатын 

мүмкіндікті арттыруда.

Тарихта  отбасы  кикілжіңін  жеңілдетудің 

әйелдер тарапынан екі бағдары қалыптасты: 

бірі, кәсіби қызметке уақытты көбірек бөлу, 

бірі, өзінің отбасындағы бала санын кеміту. 

Бағытты  таңдау  әр  жанның  өз  талғамы 

дейміз. Индивидтің өмір сүру тәсілі бойынша 

солай екені рас. Бірақ стратегиялық өлшем 

бойынша,  әр  әулет,  әр  ұрпақ,  әр  ұлт  өсіп-

өнбесе, көбеймесе, оның болашағы жарқын, 

жұғысты,  үмітті  бола  бермейтінін  тарихи 

тәжірибе  көрсетті.  Ең  дұрысы,  аналық 

қасиет  пен  кәсіби  қызмет  арасындағы 

үйлестікті  таба  білу.  Ол  үшін,  біріншіден, 

еркек  пен  әйелдің  отбасындағы  өзара 

сыйластығын сақтай білу, екіншіден, барлық 

мүмкіндікті,  жағдайды,  құндылықты,  әдіс-

амалды ерлі–зайыптының мақсат-мұратына, 

отбасының басты мүддесіне қызмет еткізуге 

жұмылдыру  ауадай  қажет.  Сондай  өнерді 

үйренуге,  жетілдіруге  күш  салып,  яғни 

жанұяда  бірінің  рөлін  бірі  толықтыратын, 

бір-біріне көмектесетін халге жетсек, ондай 

құрылымдық  күйлер  отбасының  іргесін 

нығайтуға  кепілдікті  арттырады.  Осы  өмір 

сабағынан кімдер, қалай тәлім-тәрбие алып 

жүр?


20  жылдық  тарихы  бар  тәуелсіз 

республикамызда істелініп жатқан қоғамдық 

және  мемлекеттік  іс-шаралар  мол.  Іргелі 

жетістіктер аз емес. Кейбіріне көз жүгіртелік.

Әйелдер  саны  білім,  ғылым,  медицина, 

тәрбие,  туризм,  сауда-саттық  саласында 

айқын басым. Олардың үлесі 52-ден 72,5% 

құрайды.  Бұл  –  өлкедегі  үлкен  еңбек 

ресурсы, қоғамның айқын әлеуметті әлеуеті. 

Әйелдер  әлеуетінің  кәсіби-құрылымдық 

деңгейі  қарқынмен  түрленуде,  жаңа  са-

палық  деңгейге  көтерілуде.  Ел  дамуының 



65

64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

индустриалды-инновациялық,  ғылыми-тех-

нологиялық және әлеуметтік-мәдени бағыт-

тағы  үлесі  мен  рөлі  біртіндеп,  сапалық 

деңгейде  артуда.  Бірақ  бұл  бетбұрыстар 

әлеуметтік  тұрғыдан  дұрыс  бағаланбауда, 

яғни әйелдің елдік экономиканы дамытудағы 

рөлі төмендетіліп көрсетілуде. 

Әйелдер арасында 50 жасқа дейінгі ғылым 

докторларының саны еркектерден 1,6 есе, ал 

30-ға дейінгі ғылым кандидаттарының саны 

екі  есеге  жуық  артты.  Бұдан  әйелдердің 

мемлекетті,  қоғамды  басқарудағы  саяси-

әлеуметтік  үлесі  мен  резервтері  ұдайы  ар-

туда  демекпіз.  Әйелдерді  мемлекеттік 

жұмысқа тарту тетіктері белгіленсе де, осы 

бағыттағы  құқықтық  нормалардың  жүзеге 

асуы тиянақты емес екені тағы бар.

2010 ж. әлемдік экономикалық форумның 

мәліметі  бойынша  Қазақстан  әйел  теңдігін 

сақтау  бойынша  әлемдегі  134  елдердің 

ішінде  41  орын  алды.  Бұл  көрсеткіш  әлем-

дегі  жетілген  50  елдің  қатарына  енгені-

мізді  білдіреді.  Ал  жыныс  теңдігін  сақтау 

көрсеткіші  бойынша  2012  ж.  33  орын 

алып пыз.  Ілгерілеу  іргелі  мәселелерді  алға 

тартуда.

Жұмыссыздар саны 2010 ж. бері еркектер 

арасында  4,7%  кемісе,  бұл  көрсеткіш 

әйелдер арасында 6,4%-ға жетті. Бұл әйелдер 

әрекетінің  жемісі  дерлік.  Тек  жалақы 

көлемі бірдей емес. Әйел жалақысы орташа 

ер  азаматтардың  табыстарының  66,8% 

құрайды. Икемге келмей жатқан әлеуметтік, 

құқықтық жағдайлар жеткілікті.

Табыстар жаңа талапты күшейтуде. ҚР-да 

25  мыңдай  үкіметтік  емес  ұйымдар  жұмыс 

істейді.  Солардың  ішінде  25-і  әйелдер, 

отбасы және балалар мәселелерімен арнайы 

шұғылданады. Олардың аяғына тұра алмай 

жатқанының қанша екенін кім біледі? Қалың 

жұртты ұжымдық жұмыстардың сапасы мен 

сабақтастығы,  нысандығы  мен  нәтижесі 

қызықтырады. Өйткені әр бағыттың мақсат-

міндеттері  мен  календарлық  жоспары 

айқын емес. Оларға қажетті қаражат көлемі 

анықталынбаған. 

Проблемаға 

қатыс-

ты  ғылыми  еңбектердің  арнайы  тізімі 



жасалынбауы  да,  іс-әрекеттің  арнасын 

табуға кедергісін тигізуде.

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 

2012  ж.  бұрынғы  жылмен  салыстырғанда 

6,2%  өсті.  Сандық  жетістіктер  баршылық. 

Бірақ  олардың  құрылымдық  және  сапа лық 

өлшемдерін  қамтамасыз  ететін  ғы лыми-

әдістемелі  талдау  жасалынбауы  ойлан-

дырады.

Бизнесте,  сауда-саттықта,  туризм  және 



т.б.  әлеуметтік  саладағы  өз  бетінше  жұмыс 

істейтін  әйелдер  саны  күн  санап  өсуде. 

Олардың  үлесі  еркектерден  жоғарылап 

келеді.  Бірақ  кәсіпқой  әйелдің  бейнесі 

мен  келбеті  қалыптаса  қойған  жоқ,  оны 

насихаттайтын  әрекеттер  де  қауқарсыз. 

Кәсіпқор әйелдің іс-әрекетін қаражаттайтын, 

жоспарлап  реттейтін  құқықтық  нормалар 

толығымен  күшіне  енбегені  қоғамды 

алаңдатады.

Әйелге  деген  әлеуметтік  жеңілдік,  ана 

мен  баланың  денсаулығын  жақсартуға 

арналған көптеген іс-шаралар қабылданған. 

Бірақ  олардың  орындалуы  қандай?  Әйелді 

тәрбиелеу  жұмыстары  жүйесіздік  пен 

әлсіздікке  ұшырауда.  Әйел  болмысында 



адами,  аналық,  кәсіби,  азаматтық  қа-

сиет терді  қалай,  қай  кезде,  қандай 

тәлім-тәсілдермен  ұштастыруға  болады? 

Әйел  болмысы  мен  беделіне  ықпал  ету 

жұмыстарына  әдістемелік  негіз  пен 



әлеуметтік  қолдау  жетіспейді.  Оның 

құралын  рет-ретімен  қолдануда  кенжелік 

айқын. 

Әйелдерді 



құқықтық 

және 


әлеуметтік  тұрғыдан  қорғау  нормалары 

қабылданғанымен,  олардың  өмірде  қан-

шалықты  күшін  сақтайтыны  немесе  орын-

далатыны беймәлім қалуда.

Әлеуметтік, мәдени, саясат, басқару сала-

сында  гендерлік  мәселелер  жинақталуда. 

Гендерлік саясаттағы басты мәселелер: еркек 

пен әйел арасындағы айырмашылыққа ғана 

көңіл бөлу емес, олардың арасындағы тепе-

теңдікті орнықтыру; мамандардың гендерлік 

сезімталдығын  қалыптастыру;  гендерлік 

проблеманы  мәдени-тарихи,  әлеуметтік 

және  саяси  категория  тұрғысынан  талдау 

және  түсіндіру;  әйелдердің  этномәдени 

ахуалдағы  ұлттық  ерекшеліктерін  көрсету. 

Әзірге тар түсінік те, әлеуметтік салғырттық 

та,  іс-әрекеттегі  баяушылық  та  кемшілікті 

үдетуде.


Ерлер мен әйелдер арасында ғасырлар бойы 

қалыптасқан  теңсіздікті  жою  –  әлеуметтік 

маңызы  зор  әлемдік  мәселеге  айналды. 

Әлемдегі 136 мемлекет азаматтардың тепе-

теңдігін  қамтамасыз  етуге,  еркектер  мен 

әйелдер арасында теңсіздікке жол бермеуге 

арналған Конвенцияны қолдайды. Гендерлік 

теңдік  –  өркениеттіліктің  өзекті  өлшеміне 

айналуда. 

Тепе-теңдік  деп  отырғанымыз  тарихи, 



ұлттық  және  рухани  сабақтастықтың 

біртұтас жалғасы, жүйесі болып табылады. 

Гендерлік  тепе-теңдік  деп  отырғанымыз, 

біріншіден,  әрбір  адамның,  соның  ішінде 

әйелдердің өзіндік қабілет-күшін тартымды, 

орнықты  пайдалана  білуге  жол  ашу; 

екіншіден, отбасында тиімді, өнімді, тату өмір 

сүру мен тәрбиеліктің кепілдігі; үшіншіден, 

әлемдік  рыноктағы  жұмыс  күштерінің 

саны  мен  сапасына  әрқалай  ықпал  ету; 

төртіншіден... Мұндай бағамды бетбұрыстар 

экономикалық  дағдарыс  пен  құлдыраудан 

шығу үшін, елімізде тұрақтылық пен келісім 

ырқын нығайту үшін, әрбір тұлға-маманның 

кәсіби  мамандығын  толығырақ  пайдалану 

үшін  қажет-ақ.  Әзірге  бұл  жұмыстар 

тұрлаулы, нәтижелі емес.

Тұрлаусыздық  пен  теңсіздіктің  бастауы 

–  жұмыссыздықта.  Қазіргі  кезде  әлемде 

миллиардтан  астам  жұмыссыздар  болса, 

олардың жартысы – жастар. Олардың ішінде 

жақсы білім алған жастар да бар. Лайықты 

еңбектену  мүмкіндігінің  жоқтығына,  әлеу-

меттік  кепілдіктердің  төмендеуіне  бай-

ланысты жастар арасында  радикалдық және 

қылмыстық элементтер өсіп келеді. Өйткені, 

бостандықтың  жалаң,  жалған  түрлері  жиі 

әрі жаппай насихатталуда. Тіпті моральдық–

адамгершілік  құндылықтардың  жаһандық 

дағдарысы  да  үдей  түсуде.  Ашкөздіктен 

қорғайтын рухани қуат, халықтық даналық, 

ұлттық тәрбие жетіспеуде.

Сонымен  табиғи  эволюцияның  заңды-

лығы  қалай  сақталуда?  Мемлекеттік  ұста-

нымдар  мен  нормалар  қаншалықты  табиғи 

және әлеуметтік эволюцияның тепе-теңдігін 

қалыптастыруға,  оны  жаңа  талап  пен 

қажеттілікке бейімдеуге арналған? Әйелдер 

қауымдастығы тарихи, ұлттық және рухани 

сабақтастықты  жетілдіруге  қай  салада,  қай 

өңірде сүбелі үлес қосуда? деген сауалдарға 

ашық та дәйекті жауап болмауда. Тегін емес. 

Жалпы идея дұрыс көзқарасқа айналу үшін 



ұғымдық  түсінік,  әлеуметтік-мәдени  іс-

шаралар,  мемлекеттік  қолдау  қатар  жүруі, 

жүзеге  асуы,  яғни  үшбірдей  бастаманың 

ықпалды факторға айналуы шарт. 

Гендерлік  қозғалыстағы  бүгінгі  баста-

малар  әйел  болмысы  мен  белсенділігін 

дамытудың стратегиялық бағдарына лайық-

ты ма десек, күдік көңілден кетпейді. Басты 

себептерін ескерттік, тағы да еске салалық: 

а)  әйелдің  адами,  азаматтық  және  аналық 

қасиеттерін  қалыптастыру,  баулу  және 

жетілдіру  жұмыстары  кешенді,  жүйелі 

және  жаппай  жүргізілмейді;  ә)  әйел  мен 

еркектің  болмыс-бітімін  бір-бірінен  бөле-

жара  қарастыру  –  тар  жол,  тайғақ  кешуге 

ұшыратады;  б)  әйелдің  жаңа  бейнесі  мен 

беделінің  қалыптасуы  негізгі  үш  факторға 

–  оның  жеке  тынымсыз  белсенділігіне, 

әлеуметтік-мәдени  жағдайға  және  мем-

лекеттік  қолдауға  тікелей  қатысты. 

Осы  тектес  қажеттілікті  дүрыс  және  дер 

кезінде ұғудың жетіспеуі, күдік тудыратын, 

толғандыратын жәйттер.

Адамзаттың  таңдауы  –  бейбітшілік  пен 

келісім десек, оның басты үлгісі отбасында 

қалыптасады,  полимәдениеттіліктен  үйлес-

тігі  мен  артықшылығын  табады.  Адамның 

да,  экономиканың  да,  қоғамның  да,  тіпті 

әлемнің  де  өркендеуі  осы  заңдылыққа 

сүйенетінін,  одан  қолдау  табатынын 

Президент  Н.  Назарбаев  соңғы  әлемдік 

форумдарда қадап айтты (3). Бұл қызметтің 

барлық  түрлерін  өзара  үйлестіре  отырып, 

олардың  құрылымын  стратегиялық  дамуға 

жұмылдырудың  маңызы  анағұрлым  артып 

жатқанына көзіміз жетуде. 


67

66

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет