Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,78 Mb.
#7864
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  Альтшуллер Г.С. Творчество как точная наука. – М.: Советское радио, 1979. – 179 с.

2.  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы 

// Қазақстан мектебі, 2004, N2, – 66. 3-16.

3.  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010. – 52 б.

4.  Тұрғынбаева  Б.А.  Оқыту  барысында  бастауыш  сынып  оқушыларының 

шығармашылық қабілеттерін дамыту. – пед. ғыл.канд.дисс.автореф. – Алматы, 1998. – 27 б.

5.  Рыбкин А.Т. Взаимосвязи занятий декоративно-прикладным искусством с трудовым 

обучением младших школьников. – автореф...дисс.канд. пед.наук. – М.: 1987. – 17 с. 

6.  Кішібаева  Д.Ж.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  іс-әрекетін 

пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру. – Шымкент, 2006. – 28 б.



Резюме

В статье рассматриваются вопросы развития творчества учащихся начальных классов. 

Раскрываются  особенности  организации  учебно-воспитательного  процесса  начальной 

школы в формировании творческой деятельности учащихся. 

Summary

The article examines the development of the art primary school children. The peculiarities of 

the organization of educational process in the formation of primary school students in creative 

activities.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жумабаева Н.Е. – 

№54 орта мектебінің мұғалімі

Қарағанды қаласы

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  − 

2030» стратегиялық Жолдауында айтылған: 

«Біздің  жас  мемлекетіміз  өсіп-жетіліп,  ке-

мел  денеді,  біздің  балаларымыз  бен  не-

мере леріміз  онымен  бірге  ер  жетеді.  Олар 

өз  ұрпағының  жауапты  да  жігерлі,  білім 

өресі  биік,  денсаулығы  мықты  өкілдері 

болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін 

сақтай  отырып,  қазіргі  заманғы  нарықтық 

экономика  жағдайында  жұмыс  істеуге  даяр 

болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу 

үстіндегі,  күллі  әлемге  әйгілі  әрі  сыйлы  өз 

елінің патриоттары болады», – деген [1.Б.45] 

пікірінің мәніне үңілер болсақ, елдің жарқын 

келешегінің келбетімен қатар, сол келешекке 

жету жолында шешілуге тиісті міндеттердің 

бірін  айқын  көре  аламыз.  Ол  міндет  − 

ұлттық  құндылықтарымыз  –  бабалар 


101

100


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

дәс  түр лерін  сақтай  әрі  дамыта  отырып, 

тәуелсіз  Қазақстанды  өркендететін  қоғам 

мүшелерін  қалыптастыру.  Бұл  міндеттің 

мәні ұлттық дәстүрлер мен өркениет жетіс-

тіктерін  сабақтастыра  дарытып,  кәсіби 

құзіреттілігімен  арттыратын,  әрі  патриот, 

әрі  ізгі  ұрпақ  тәрбиесімен  айқындалмақ. 

Ұрпақ  тәрбиесін  ұлттық  мүддеден,  ұлттық 

мұраттан  бөле-жара  жүзеге  асыру  мүлдем 

мүмкін емес. Ел келешегінің қандай болмағы 

бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесіне  тікелей  қатысты. 

Ал  бұл  орайда  назарға  алынуға  тиісті 

факторлар  аз  емес.  Солардың  бірқатары 

ұлттық мәдениетпен өзектесе танылады.

Жас  ұрпаққа  эстетикалық  тәрбие  беру 

мәселесі  қай  заманда  болмасын  ой шыл-

дардың,  ағартушылардың,  ғалым-педа-

гогтардың  назарынан  тыс  қалмағандығы 

бел  гілі. Қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, 

Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев  өздерінің 

саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбек-

терінде  халықтық  педагогиканың  балалар 

мен  жастардың  эстетикалық  тәрбиесіндегі 

маңызы туралы құнды пікірлер айтып, тың 

тұжырымдар қалдырды.

Бастауыш  сынып  оқушыларына  эстети-

калық  тәрбие  берудің  өзіне  тән  міндеттері 

бар. Олардың бірі эстетикалық сезімді және 

эстетикалық  қабылдауды  тәрбиелеу  болып 

табылады. 

Эстетикалық  сезім  деп  адамды  белгілі 

толғанысқа  салатын,  айналадағы  дүниені 

сұлулық  не  кейіпсіздік,  жарқын  мақсат 

не  қара  ниет,  қайғылы  не  күлкілі  тұрғыда 

қабыл дап, бағалау қабілеттерін айтамыз.

Ал эстетикалық қабылдау деп әсемділікті 

қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі 

эстетикалық  әсерлену,  эмоция  болып  табы-

лады.


Қоршаған  өмірдегі,  өнердегі  әдемілікті 

сезу және көру оқушыларда әртүрлі болады. 

Кейбір оқушылар әдемілікке сүйсіне қарап, 

оның  сырын  терең  түсінуге  тырысады,  ал 

кейбіреулер  оған  мүлдем  мән  бермейді,  еш 

қызықпайды да, қалай болса солай қарайды. 

Сондықтан оқушыларда эстетикалық сезімді 

және  эстетикалық  қабылдауды  тәрбиелеу 

үшін оларға ең алдымен өнер, музыка және 

әдебиет  саласынан  білім  беру  қажет.  Сол 

арқылы  олар  сұлулықты  бағалай  білуге, 

түсінуге  үйренеді.  Айналадағы  дүниеге 

сезімталдық,  эстетикалық  қабылдаудағы 

қырағылық, қамқоршылық баланың эстети-

калық дамуының негізі болады [2].

Бастауыш  сынып  оқушыларына  эстети-

калық  тәрбие  берудің  тағы  бір  міндеті  – 

эстетикалық  ұғымды,  пайымдауды,  баға 

беруді қалыптастыру. Әдетте адамның белгілі 

қатысы бар, ол жөнінде белгілі баға беретін 

пікірі  бар  ұғым  жақсырақ  та,  күштірек 

қабылданады.  Баға  беріп,  пікір  айтудан 

адамның  эстетикалық  талғамы  да  көрінеді. 

Эстетикалық  талғам  дегеніміз  –  көркем 

өнердегі,  адамдардың  бейнесіндегі  нағыз 

әдемілікті жалған әдеміліктен ажырата білу 

шеберлігі, табиғат құбылысының, қоғамдық 

өмірдің сұлулығын бағалау, сезіну [2].

Әрбір  мұғалім  алдымен,  оқушыларды 

адам  баласы  жасаған  мәдени  мұраларымен 

таныстырып,  соны  терең  түсінуге,  сүюге, 

яғни көркемдік сезімді байытуға тәрбиелеуі 

тиіс. Оқу-тәрбие жұмысының басқа түрлері 

сияқты эстетикалық тәрбие де оқушыларды 

идеялық  тұрғыдан  дұрыс  қалыптастыру 

мақсатына  қызмет  етеді.  Эстетикалық  өмір 

шындығын көркем бейне арқылы қабылдауға 

жол  ашады.  Олай  болса,  оқушыларға 

эстетикалық  тәрбие  берудің,  өмір  мен 

өнерді  жете  таныстырудың  жолдары  да 

нақты, көрнекі келіп, олардың сана-сезіміне 

эмоциялық  тұрғыда  күшті  әсер  ететіндей 

болуы қажет.

Эстетикалық  білімнің  негізгі  –  оқу 

пәндері, сондықтан эстетикалық тәрбие беру 

мектепте,  ең  алдымен,  сабақта  іске  асады. 

Жекеленген пәндерді оқу арқылы оқушылар 

өзі  қоршаған  табиғаттағы,  адамдардың 

қарым-қатынасындағы,  өнердегі  әсемдіктің 

негіздерімен танысады. К.Д.Ушинский оқу-

дың  тәрбиелік  сипатта  болу  принципіне 

ерекше мән беріп, былай деді: «Адам сезімін 

қамтымайтын оқу жақсы оқу емес. Тәрбиені 

оқу  арқылы  бала  жанына  ұрық  себу  үшін 

барлық  кезеңде  де  пайдалану  қажет.  Бұл 

жағдай барлық ғылым саласында да мүмкін» 

[3].

Сабақта  эстетикалық  тәрбие  беруде  ба-



ла лардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп  оты-

ру  керек.  Мәселен,  бастауыш  сынып  оқу-

шылары сыртқы ортаның әсеріне өте сезім-

тал  болады.  Олардың  эстетикалық  даму 

дәрежесінің  айырмашылығын  ескерудің 

маңы зы зор.

Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі пән-

дерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбек-

тің сұлулығын және іс-әрекетінің әдемілігін 

бағалай  білуді  түсінеді.  Олар  әдемі  жазуға, 

мәнерлі сөйлеуге және айтуға үйренеді. Ал 

бұл  мәдениетті,  қарым-қатынас  жасауға, 

көркемдік  танымын  қалыптастыруға,  қия-

лын дамытуға игілікті әсер етеді.

Ана  тілі  және  математика  пәндері  оқу-

шы лардың шығармашылық қабілетін дамы-

тады,  оларды  әдемілікке  баулиды,  таным 

ынтасының,  бейімділігінің  қабілетінің 

дамуына  ықпал  жасайды.  Оқушылардың 

мәдени эстетикалық талғамы, түсінігі бейне-

леу өнері және еңбек сабақтарында дамиды. 

Бұл  сабақтар  –  эстетикалық  тәрбиенің 

алғаш қы бастамасы.

Математика пәні бойынша геометриялық 

фигуралар  оқушыларға  мектепке  дейін-

ақ  қандай  да  бір  дәрежеде  таныс  екені 

белгілі.  Сондықтан  алғашқы  сабақтарда-

ақ  геометриялық  фигуралар  мен  сәйкес 

терминдер  түсіндіріледі.  Олар  санау  ма-

териал дары  ретінде  пайдаланылады.  Бірте-

бірте  нүктелер,  үшбұрыштар,  дөңгелектер, 

шаршылар  санау  материалдары  ретінде 

ғана болмай, енді ондай қызметті бұлардың 

элементтері атқаратын болады. Міне, осыған 

орай  оқушыларға  геометриялық  фигуралар 

туралы  түсінік  бергенде,  қазақ  халқының 

сәндік-қолданбалы  өнер  бұйымдарын  қол-

данып  түсіндіру,  тақырыптың  нақты  ше-

шімін таба алады.

Сәндік-қолданбалы  өнердің  ішінде  ең 

көп  таралғаны  –  өю-өрнектер,  оның  ішін-

де  геометриялық  ою-өрнектерден,  өмірде 

кездесетін  қол  өнер  бұйымдары  (сыр-

мақ,  текемет,  кілем  т.б.),  киіз  үйлердегі 

фигуралардың  бейнелерінен  геометриялық 

фигураларды  бір-бірінен  ажырата  білуге 

оқушыларды машықтандыра түсу қажет.

Сәндік-қолданбалы  өнер  материалдарын 

қолдану  арқылы  геометрия  элементтерін 

оқытып үйретудің басты және аса маңызды 

нәтижесі – фигураларды бір-бірінен ажырату 

және  оларды  тани  білу  іс-әрекеттерін  мең-

гертуге  болады.  Сәндік-қолданбалы  өнер 

бұйымдары  оқу  процесінде,  әсіресе,  гео-

метриялық  мазмұнды  жаттығулар  мен 

материалдарды  қарастыру  барысында  қол-

данылды.  Дегенмен,  бастауыш  буынның 

соның ала осындай игі жұмыстар, ізденістер 

түрлерін  арнайы  қайталау,  тиянақтау, 

жетілдіру,  қорытындылау,  бір  жүйеге  кел-

тіру  барысында  арнайы  жұмыстар  ұйым-

дастырудың  тиімділігін  тәжірибе  көрсетіп 

отыр.

Халқымыздың  сәндік-қолданбалы  өнері-



не негізделген әр тапсырмалардың қайсысы 

орындалғанда  болсын,  алдымен  сәйкес 

фигу ралардың  сипаттамалық  белгілері  мен 

қасиеттері еске түсіріледі де, әрі қарай фигу-

ра  қалауымызша  алынған  өлшем  бойынша 

немесе берілген шарттарға сәйкес салынады.

Осындай жаттығуларды орындата отырып, 

оқушыларға,  ең  бастысы  геометриялық 

материалдарды  оқытуды  дұрыс  жолға  қой-

сақ,  екінші  жағынан  сәндік-қолданбалы 

өнер туралы кең көлемде мағлұмат береміз 

және  осының  негізінде  оларды  әдемілікті 

сезуге тәрбиелеп, эстетикалық көзқарастары 

мен танымдарын қалыптастырамыз [4].

Біз өз тәжірибемізде бастауыш сыныптар 

бойынша  оқушыларға  эстетикалық  мәде-

ниет ті  қалыптастырудағы  қазақ  халқының 

сәндік-қолданбалы  өнер  мүмкіндіктерін 

қарастырдық.  Сабақтар  көбінесе  жаңа 

материалдарды  түсіндіру,  қайталау-қоры-

тындылау, сарамандық түрлерінде өткі зілді. 

Қазақ  халқының  сәндік-қолданбалы  өнерін 

қолдану арқылы оқушылардың эсте тикалық 

әрекетінің  бірнеше  түрлерін  дамытудың 

мүмкіндіктері мол.


102

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – 

Алматы: Білім, – 1997. – 176 б.

2 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

университетінің баспасы, 1998. – 378 б.

3 Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. – М., 1994. – Т.1. – 482 с.

4  Сарбасова  Қ.А.  Бастауыш  сыныптарда  математикадан  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру. – Қарағанды:ҚарМУ баспасы, 2002. – 82 б.



Резюме

В  статье  рассматриваются  особенности  эстетического  воспитания  младших 

школьников. Также определены современные условия эстетического воспитания учащихся 

начальных  школ  средствами  декортивно-прикладного  искусства  и  обоснованы  ее 

воспитательные возможности.

Summary

The features of aesthetic education of junior schoolchildren are examined in the article. The 

modern terms of aesthetic education of initial schools of students are also certain by facilities of 

the декортивно-прикладного art and her educator possibilities are reasonable.

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ

Жакупова Б.Д. – 

№56 мектеп-гимназиясының бастауыш 

сынып оқытушысы

Астана қаласы

«Өнері өрге тартқан дарын иелерінің 

аузынан шыққан үлгілі де дана сөздер мен 

жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, 

дамытып, нақышына келтіріп орындайтын 

болған. Атадан балаға жетіп, ел аузында 

сақталып келген сөз өнерін, оның айтылу және 

орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз». 



Ә.Қоңыратбай

Халық  ауыз  әдебиеті  –  қазақ  халқының 

сонау  ғасырлар  қойнауынан  бері  ұрпақтан-

ұрпаққа  қалтқысыз  жеткен  рухани,  мәдени 

мұрасы, сөз өнерінің өшпес асыл қазынасы. 

Қанша тұрмыс ауыртпалығын бастарынан 

кешірсе де, асыл қазынамызды көзінің қара-

шығындай  сақтап,  кейінгі  ұрпаққа  ама нат 

етіп қалдырған ата-бабамыздың қастерлі де 

баға  жетпес  мол  мұрасы  бүгінгі  ұрпақтың 

ар-намысы,  мақтанышы.  Халық  ауыз 

әдебиетінің  түп  қазығы  тамыры  тереңге 

жайылған  түркі  тайпаларынан  тараған. 

Ауыз  әдебиетінде  адамның  дүниеге  келген 

кезінен  бастап,  қартайған  шағына  дейінгі 

өмірі,  тұрмыс-тіршілігі,  салт-дәстүрі,  әдет-

ғұрпы,  айта  берсек  арнасы  кеңейе  түсетін, 

шексіз,  баға  жетпес  мұралары  қамтылған. 

Қазақ  халқы  әуел  бастан  ауыз  әдебиетінен 

сусындай  отырып,  кейінгі  ұрпақтарға  да 

осы  қасиетті  дарыта  білді.  Халық  ауыз 

әдебиетінің  негізі  –  бұған  дейінгі  сан 

ғасырлық  тарихы  бар  ертегі,  аңыз,  мақал-

мәтелдер мен жұмбақтарда жатыр. 

Халқымыз бауырында өсірген балапанын 

келешек  «сегіз  қырлы  бір  сырлы»  болуын 

аңсап, армандаған. Оған «бесік жырындағы» 

әлдиінен  бастап,  салт-дәстүр  ғұрпынан  ту-

ған  ойын-сауықтар,  әңгіме-жырлар  мен 

өнегесі  мен  өресі  кең  мақал-мәтелдер,  ой 

ұшқырлығын  арттыратын  жұмбақтар,  ең 

арғысы тілінен бір мүкіс болмас үшін ойлап 

тапқан жаңылтпаштар дәлел. 

Ең  бастысы,  жаңылтпаш  бала  тілін 

ширатудың  қолайлы  да  ұтымды  құралы. 

Баланың  жас  кезінде  «р»  дыбысын  айтуға 

қиналуы  мүмкін.  «Р»  дыбысының  орнына 

«и» дыбысын айтып жататын кездер де жоқ 

емес. Мысалы:

Торта қойдым,

Орта қойдым

Орта қойдым

Жорта қойдым, – деген жаңылтпашты бала 

жылдам  айтқанда  «р»  дыбысының  орнына 

«и»  дыбысын  айтатындықтан,  «тойта», 

«ойта»  болып  шығады.  Жаңылтпаштың 

негізгі  мақсаты  –  баланың  әрбір  дыбысты 

дұрыс әрі нақты сөйлете білуінде.

Жаңылтпаштың  сөздері  қарасөз  түрінен, 

өлең түрінде ұйқасымды етіп құралады. 

Мысалы: Ар жақтағы Құдияр құдам еді,

Ол мені қудаламады,

Мен  оны  қудаламадым,  –  деп  соңғы  екі 

жолын  қайталап  айтады.  Мұндағы  мақсат 

сөздің  мәнін,  мағынасын  бұзбай,  әдемі, 

көркем тілде сөйлей білуге үйрету.

Ата-бабамыздың  өшпес  мұра,  бай 

қазыналарының бірі – ертегі. Дана халқымыз 

сонау  жазба  әдебиеті  қалыптаспаған 

заманның  өзінде-ақ,  ертегінің  бала  қия-

лын  қанаттандырып,  рухын  тәрбиелеп, 

қиялдандыруға  және  жүйелі  түрде  сөйлей 

білуге 

қалыптастыратынын 



түсінген. 

Халық  ертегілерінің  бала  дүнетанымын 

қалыптастырудағы  маңызы  аса  зор.  Оның 

осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен ты-

ғыз  байланысты.  Халық  арасында  үлкен 

беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер 

орындаған.  Жаңадан  ертегілік  сюжетті 

тудырып  толықтырып  отырған.  Ертегіден 

халқымыздың  ертеңге  деген  сенімі  мен 

арман-тілегін, 

қиялын, 

даналығын, 

ғасырлық  өмір  тәжірибесін  көреміз.  Ер-

тегінің  қай  түрін  алсақта  ол  баланың  ой-

қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, 

ерік-жігерін қалыптастырады. Сондықтанда 

ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін 

ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл 

бөлгеніміз жөн.

Ауыз  әдебиетіндегі  балаларға  арналған 

ертегілер  –  қиял-ғажайып,  тұрмыс-салт, 

хайуанаттар  жайындағы  т.б.  алуан  түрлі 

болып  бөлінеді.  Бұлар  баланы  қызықтыра 

отырып,  қиялын  сан-саққа  асқақтатып, 

жақсылық  пен  жамандықты,  достық  пен 

қастықты,  өтірік  пен  шындықты,  махаббат 

пен  зұлымдықты,  адалдық  пен  арамдықты 

ажыратуға  бағыт-бағдар  береді.  Мысалы, 

«Жақсылық  пен  Жамандық»  ертегісіндегі 

кейіпкерлер  образы  бала  назарынан  тыс 

қалмақ  емес.  Ұстаз  жақсылықтың  іс-

әрекеттерін  әсерлендіре  отырып,  оқушы 

назарына  ұсына  алатын  болса,  баланың 

бойындағы  адамгершілік  қасиетін  оятып, 

үлкенге-құрмет, 

кішіге-ізет 

көрсетуге 

баули  да  алады.  Ал,  Жамандық  образын 

бейнелеу 

арқылы 


жаман 

қылықтан 

жиренуге,  тентектіктен  арылуға  үйретуге 

болады.  Сондай-ақ,  баланың  батылдыққа, 

қайраттылық 

пен 


намысшылдыққа, 

табандылық  пен  қайсарлыққа  жетелейтін 

«Керқұла  атты  Кендебай»,  «Толағай»  сын-

ды  ертегілер  де  аз  емес.  Ертегінің  қай 

түрі  болмасын  бала  жанына  жақын,  жас 

жеткіншектің қиялын, ойын өрге сүйрейтін, 

еңбексүйгіш,  өнегелі,  өнерлі  болып  өсуіне 

жол сілтейтіні анық. Мысалы, «Жеті өнерпаз» 

ертегісіндегі жеті ағайынды жігіттерді алып 

қарайтын  болсақ,  үлкені  –  аспанға  ұша 

біледі,  екіншісі  –  мерген,  үшіншісі  –  суға 

сүңгігіш, төртіншісі – асқан ұста, бесіншісі – 

жер астынан жол салғыш, алтыншысы – жол 

болжағыш болса, жетіншісі – аспазшы. Бұл 

ертегінің негізгі мақсатын балаға ұғындыра 

отырып,  бала  бойындағы  түрлі  еңбек 

саласына деген даралығын анықтап, өнерге 

деген  құштарлығын  арттырып,  болашақ 

өнерпаздың  шыңдалуына  үлес  қосуға  бо-

лады.  Осы  секілді  көптеген  ертегілер 



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

103


105

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

104


ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

арқылы жас жеткіншектің өнерге деген құш-

тарлығын оятуға болады.

Мысалы: «Қара батыр» ертегісінің тілінің 

тартымдылығы сонша, бірде қуантып, бірде 

қайғыртып,  енді  не  болар  екен  деген  терең 

сезімталдыққа  баулу  мақсатында  балаларға 

әрбір  нәрсеге  зер  салып,  оны  өмірде 

пайдалана  білуге  итермелейді.  Мәселен, 

құстарға мұңын шағып көмек сұрау сәтінде 

әрбір  құстың  (тырна,  қарға,  сауысқан,  қаз, 

аққу,  қарлығаш)  өзіндік  ерекшеліктеріне 

қарай олардың тілін тауып қысылғанда өзіне 

деме  болуын  өтінуі,  әсіресе  қарлығаштың 

достық сезімі өте әсерлі етіп берілген жерге 

назар  аударайық:  «Қарлығаш  аспанмен, 

баланың  айтқан  тілегі  мен  асқар-асқар 

таулармен, айдын шалқар көлдермен, батпақ-

лай шөлдермен, түрлі-түрлі жерлермен, қос 

қанатын қамшылап, үстінен тері тамшылап, 

неше  мерзім  жерді  өтті,  неше  мерзім  елді 

өтті, нақ отыз күн болғанда бір ауылға сол 

жетті». Құс екеш құстың да тарыққан жанға 

жанашырлығы  балалардың  да  аяушылық 

сезімдеріне  әсер  етуі  сөзсіз.  Сондай-ақ, 

әкесінің  «Ау,  шырағым,  құлыным,  маң-

дайдағы  тұлымым,  көлге  біткен  құрағым, 

жалғыз  ұлым  шырағым!»;  Шешесінің 

«Жал ғыз біткен талшыбық, келбетің келген 

қарағым,  бір  дерегін  білуге,  дүниені  кезіп 

қарадым, аш бурадай жарадым, он екі мүшем 

сөгілді,  аш  күзендей  бүгілді,  таулардың 

насат  тасындай,  берік-ақ  еді  сүйегім,  өрт 

шалғандай  егілді,  қайда  кеттің  сұңқарым, 

үміт  еткен  тұлпарым,  бір  көрсетіп  алмады, 

сол  ғана  болды-ау  іңкәрім»...  Міне,  бұл 

тұстан  бала  адамның  бауыр  еті,  жанының 

қуаты  сол  қуаттан  айырылған  ана  зарының 

әсерлі, мәнді күйде баяндалуы бала жанын 

тебіренте  отырып,  ата-ананың  қадір-

қасиетін,  күйініш-сүйінішін  түсіне  білуге 

жетелейді.

Ертегілер бала жанына жақын, тілі жатық, 

үйлесімділігімен  тыңдаушыны  ұйытып, 

ерік сіз  еліктіретіндіктен,  оның  тәрбиелік 

рөліне шек келтіруге болмайды. Бала оқыту 

процесінде  тәрбие  талаптарын  ескере 

отырып,  ертегінің  қай  түрі  болмасын  оны 

шәкірт алдында ұтымды әрі тиімді жолмен 

пайдалана білген жөн.

«Сөз анасы мақал» – дейді халық. Әдемі 

ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен 

не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа 

да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі.

Мұхтар  Әуезов  қазақ  мақал-мәтелдерін 

былайша  сипаттайды:  «Мақал-мәтел  халық 

әдебиетінің 

қоғамдық 

құбылыстарын 

кең  қамтып,  өмірдегі  әр  қилы  қарым-

қатынастарды әсерлі де көркем бейнелейтін, 

тақырыбы, идеялық мазмұны бай, ең бір мол 

саласы».

Мақал-мәтелдер  қөбінесе  екі  тармақтан 

құрылады.  Бірінші  тармағында  ойдың  түп 

нұсқасы  пайымдалады,  екіншісінде  ой 

қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер 

тура және ауыспалы мағынада қолданылады. 

Мәтел-мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш 

тармақты емес, өлең сипатында құрылатын 

ықшамды, кестелі нақыл сөз. Атадан балаға 

мирас  болып  тараған  өнеге,  үлгі,  өсиет 

сөздердің киесі. Оны айтушы да, тұтынушы да 

ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра етіп жеткізуші 

де  халық.  Сондықтан,  мақал-мәтелдер 

халық тәжрибесінен туған, тұжырымдалған 

ой  мен  пікір,  халықтың  тыныс-тіршілігі. 

Бүгінгі  күннің  өзінде  философиялық  мәні 

бар  мақал-мәтелдерді  күнделікті  тұрмыс-

тіршілікте қолдану әдетке айналған. Мақал-

мәтелдердің  бала  тәрбиесінде  алатын  орны 

ерекше.  Өйткені  онда  ел,  халық,  Отан, 

бірлік,  ерлік,  білім,  жанұя,  адамгершілік, 

өнер  жайында  айтылатын  өнегелі  сөздер 

өте  көп.  «Туған  жерге  туың  тік»,  «Кісі 

елінде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде  ұлтан 

бол»,  «Ер  өзі  үшін  туады,  елі  үшін  өледі», 

«Ырыс  алды-ынтымақ»,  «Еңбек  адамның 

екінші анасы», «Жалқаулық аздырады, еңбек 

оздырады»    деген  мақалдарды  пайдалана 

отырып,  баланың  туған  жерге,  елге  деген 

сүйіспеншілігін  арттырып,  ынтымақты, 

еңбексүйгіш  болуға үйрете білу – ұстаздың 

шәкірт  алдындағы  міндеті.  Атақты  орыс 

педагогы  К.Д.Ушинский:  «Мақал-мәтелдер 

баланың  ақыл-ойын,  санасын  дамытудағы 

сөздің  інжу-маржаны,  бала  тәрбиесіндегі 

адамгершілік 

тәрбиесінің 

таптырмас 

ережелері»  деген  еді.  Демек,  бүгінгі  күн-

нің  талабына  сай  сабақ  барысында  балаға 

халқымыздың  ауыз  әдебиетінің  көр-

кемдігін,  қасиеттілігін  дарыта  отырып, 

баланы  қызықтыруға  арналған  көрнеклік 

құралдар,  плакаттар,  қызықты  ребустар  т.б 

ұйымдастыру  әрбір  ұстаздың  біліктілігінің 

үлесінде. 

Қазақ  халқы  өскен  ортаның,  кісінің 

кісілігінің  қалыптасуына  әсер  ететіндігін 

жақсы  білген.  Сондықтан  қазақта  «көр-

генділік»,  «көргенсіздік»  деген  ұғымдар 

қалыптасқан.  Атам  қазақ  балғын  бала-

пандарын  жас  күнінен-ақ  «Ұлың  өссе,  ұлы 

ұлықтымен, қызың өссе қызы қылықтымен 

аралас бол», деп болашақ өмірге дайындап, 

қанаттарын қатайта бастаған.

Көрнекті педагог В. Сухамлинский «Егер 

балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала 

солай бола алады»,-дейді. Осыдан келіп бала 

тәрбиесіне  аса  назар  аудара  отырып,  оның 

жанына  адамгершілік  қасиетін  ұялатып, 

жүрегіне  келешек  тұлғаның  қалыптасуына 

сай болмыстарды дарыта білсек, нұр үстіне 

нұр  болмақ.  Сонда  ғана  бақытты  бала, 

салауатты  да  саналы  ұрпақ  тәрбиелеуге 

қол  жеткіземіз.  Ұрпақ  тәрбиесі  –  келешек 

қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін 

жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасаты  мол, 

мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – 

біздің қоғам алдындағы борышымыз. 

Қорыта  келгенде,  ауыз  әдебиетінің 

тарам-тарам  жолдарын  орынды  пайдалана 

білу  әр  мұғалімнің  өз  үлесінде.  Десек  те, 

жас  шәкірттердің  ұлттық  санасын  оятып, 

жол  таба  білсек  болғаны.  Халық  ауыз 

әдебиетін  тұтастай  меңгеру  екінің  бірінің 

қолынан  келе  бермес  дүние.  Оның  үстіне 

жинақталып, кітап болып басылып ғылыми 

тұрғыдан жүйеленбеген, сараланбаған қазы-

наны  тауып  алу  оңай  емес.  Сондықтан  ел 

аузындағы  есті  сөздерге  құлақ  түре  жүру, 

ата-бабалардың  баспа  сөз  бетінде  жарық 

көрген  ұлағаттарын  тере  жүру  тәрбие 

тұтқасындағыларға  тартымды  да  татымды 

білім олжасы.



Резюме

В  статье  рассматриваются  особенности  использования  фольклорных  образцов  на 

уроках  в  начальной  школе.  Скороговорки,  сказки,  пословицы  и  поговорки  имеют  важное 

значение в развитии детей.

Summary

The article discusses the use of particular samples of folklore in the classroom in an elementary 

school. Tongue twisters, stories, proverbs and sayings are important in the development of children.

“Халықтың кемеліне келіп өркендеп, өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім 

қажет”



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет