тіктеріңіздің бірнешеуін атап өтсеңіз?
– Оқу орынының тарихындағы жетіс-
тіктерді дәл қазір санап тауыса алмаспыз,
дегенмен, бірнешеуіне тоқталып өтейін. 2001
жылы ЮНЕСКО, Н.Назарбаев атындағы
білім қоры, Алматы білім департаменті
ұйымдастырған байқауда білім алушы
Д.Молдағожинаның «Кедейшілікке қарсы
күрес жолдары» атты шығармасынан ІІ
орынды иеленді.
2002
жылы
колледж
директоры
Жүсіпова Д.З. кәсіптік білім беру және
дайын дау жүйесімен танысу мақсатында
білім министрлігінің шақыруымен Түр-
кияда тәжірибе алмасып келді. Британ
41
40
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
консулдығымен бірлесе отырып, «Мұғалім-
дерді кәсіби дамытудың халықаралық
бағдарламасы» (TIPD) аясында колледж
базасында ашық сабақтар мен тәрбиелік іс-
шаралар сериясы өткізіліп тұрады. Француз
тілінің оқытушылары мен білім алушылары
Франкофония күндеріне қатысып, «Фран-
цуз Альянсы» қоғамдық бірлестігі және
Қазақстандағы Француз елшілігінің әріп-
тестік және мәдениет мәселелері бойынша
орынбасары Иоан Шиттердің алғысын алды.
Білім алушы студенттеріміз республика,
қала, аудан көлемінде өткізілетін түрлі іс-
шараларға қатынасып, марапаттар алды.
2006
жылы
колледж
базасында
ЮНЕСКО-ның кадастерлік бюросы мен ҚР
БжҒМ бастамасымен «Оқушылар арасында
ВИЧ инфекциясын жұқтыруды азайту»
халқаралық семинары өткізіліп, нәтижесінде
аталған тақырыпта орыс және қазақ тілінде
әдістемелік нұсқау және бағдарламалар
жарық көрді.
2012
жылы 7 республикалық «Да-
рын ды балаларға – таланытты ұстаз» ат-
ты байқауда Мақпал Бекенқызы, Айнұр
Жолдыбаева, Лазат Бексұлтанқызы, Демеу-
ханова Айнұр қатарлы ұстаздарымыз
жеңіспен оралды.
– Колледждің материалдықтехни ка
лық базасының жағдайы қалай?
– Колледжде 45 дәрісхана, 8 муль тиме-
диялық кабинет бар. Оқу ғимараты 2009 жылы
күрделі жөндеуден өтті, 5 компьютерлік,
3 мультимедиялық оқу кабинеттерімен, 9
интерактивті тақтамен, химия және физика
оқу кабинеттері зертханасымен, «Өзін-өзі
тану» арнайы кабинетімен, спорт, мәжіліс
және жаттығу залдарымен толықты. Оқу
жоспарлары бойынша заман талабына сай
оқу-әдестемелік құралдармен қамтамасыз
етілді. Компютерлердің барлығы интернет
желісіне қосылған, білім алушылардың
дайындығына көп пайдасын тигізеді.
Колледжден білім алушы жастар спортпен
шұғылдануына толық жағдай жасалған.
Колледждің кітапханасы 1978 жылы
училище болыр құрылғаннан бері өз
жұмысын жалғастыруда және оқу үдерісінен
алатын үлкен орыны бар.
Кітапхана қоры 50 286 дана оның ішінде
оқулықтар,
оқу-әдістемелік
құралдар,
көркем әдебиет, мерзімдік басылымдар
кіреді. Кітапханада абономент, оқу залдары
бар. Оқырмандардың өз бетімен отырып
дайындалуына қажетті сұраныстармен
қамтамасыз етуге толық мүмкіншілік қарас-
тырылған. Бүгінгі күні кітапхана оқыр-
мандарының интеллектуалдық деңгейі мен
сұраныстары күрделі, мазмұны өзгерген.
Сондықтанда олардың талап-тілектерін
орындау, жаңа ақпарат көздерін дер кезінде
ашып, оны кітапхана оқырмандарына
жедел хабарлап, жеткізіп отыру кітапхана
қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді.
Кітапхана оқырмандарының пайдалануы-
на видиокассеталар, аудио кассеталар, 200-
ге тарта электронды оқулықтар, 117 дана
мерзімдік басылымдар бар.
– Колледждегі тәрбие мәселесі ту
расында тоқтала кетсеңіз.
– Тәрбие – қайшылықты ұзақ үдеріс,
оның нәтижесін есепке алу күрделі мәселе.
Ол үшін жобаланған және қол жеткен
шынайы нәтижені салыстырып талдауды
қажет етеді. Тәртіптілік, тәртіптілікке
әдеттену, өз мінез-құлқын қоғамдық
тәртіппен белгіленген нормаларына саналы
түрде бағындыру тәрбиеліліктің белгісі.
Тәрбие жұмысы – іркіліксіз және ке-
шенді түрде жүргізілетін іс. Сондықтан
болашақ мамандарды қазіргі әлемдік
мідениеттің рухымен, бәсекеге қабілетті
етіп тәрбиелеу бүгінгі күн талабы. Ол үшін
жас ұрпақтың бойына туған халқының
қасиеттерін сіңіріп қана қоймай, ақыл-ой
мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаның
интеллектуалды деңгейін дамыту қажет.
Жас жеткіншектер ғылыми-техникалық
прогрестік күнделікті жетістіктерін еркін
меңгеріп және оны өмірлік тәжірибеде
пайдалана білуге психологиялық жағынан
дайын болу керек.
Колледжде
жастармен
жүргізілетін
тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – ғылым
мен техникалық прогрестің қарқынды
жаңалықтарын
шапшаң
қабылдайтын,
мәселені тез талдап, логикалық дұрыс
қорытынды жасайтын, әрбір істе дұрыс
шешім қабылдайтын бәсекеге қабілетті
маман дайындау.
Колледждегі білім алушылардың басым
көпшілігі – қазақтың ибалы да ұяң мінезді
қыз балалары болғандықтан білім ордасында
тәрбие мәселесіне баса көңіл аударылады.
Оқу жылының басынан топ жетекшілерімен
тәрбие жұмысының негізгі бағыттары білім
алушылардың курс ерекшеліктеріне қарай
бағыттары айқындалады:
1 курс бойынша білім алушылардың
жеке тұлғасын және тұлғаның дамып,
қалыптасуына әсер етуші негізгі фактор
отбасын зерттеу, топта өзара жағымды
қарым-қатынаспен қолайлы психологиялық
климат қалыптастыру, этикалық-эс те ти ка-
лық тәрбиесін қалыптасытыру.
2 курста өз бетінше білім алу мен өзін
тәрбиелеу, қажеттілігін қалыптастыру.
3 курс бойынша кәсіптік іс-әрекетке деген
қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.
4 курс бойынша, диплом қорғауға
дайындау. Отан алыдындағы жауапкершілігін
сезінуге, еңбек ұжымында жұмысқа әрқашан
дайындық пен біліктілікке тәрбиелеу.
Бүгінгі білім алушы – ертеңгі маман.
Болашақ мамандарды бәсекеге қабілетті
интеллектуалды, ұшқыр ойлы, шығармашыл
болып қалыптасуына бірден-бір ат салысатын
мәселенің бірі – тәрбие болғандықтан, әрбір
ұстаз, топ жетекшілері, әр түрлі бағытта
тәрбие беруді жоспарлайды.
Әрбір топ жетекшілері тәрбие жұмысын
жоспарлауда білім алушыларды сабақтан
тыс уақытта түрлі қоғамдық жұмыстарға
тәрбиелік іс-шараларға қатыстырып, бос
уақыттарын мазмұнды да қызықты өтуіне
қамқорлық жасауды мақсат етеді.
– Сөз соңында «Ұлттық тәрбие» жур
налының оқырмандарына қандай тілек
жолдайсыз?
– Ұлттық
тәрбие
журналының
оқырманға жол тартуы уакытыснда қолға
алынған игілікті жұмыстардың бірі болды.
Бұл арада журналдың шығуына бастамашы
болған Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің ректоры
Серік Жайлауұлының еңбегін атап өткеніміз
жөн. Осы жұмысқа атсалысып республика
көлемінде таралуына өз тарапымыздан
қолдау көрсеткеніміз жөн деп білемін.
Ұлттық тәрбие – біздің кемел
болашағымыздың
кепілі.
Сондықтан,
жастарымыз ұлттық тәрбиеден сусындап,
журналдарыңыздың оқырмандарының саны
арта берсін!
Әңгімелескен: Құмар
Жұмаханұлы
“Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы”
******
“Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды”
Бауыржан Момышұлы
43
42
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
БАҒДАРЛАМА
«НЕГІЗГІ ЖӘНЕ БЕЙІНДІ МЕКТЕПТЕР ОҚУШЫЛАРЫНА
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫНЫҢ
бағдарламасы
Құрастырғандар:
Бөлеев Қ.,
Бұзаубақова К.Ж.,
Елубаева М.С.,
Досмуханбетова К.
Түсінік хат
«Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» жалпы
білім беретін мектептерде «Қазақстан Рес-
публикасының зияткерлік, дене бітімі және
рухани дамыған азаматын қалыптастыру,
тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін
қанағаттандыру, еліміздің экономикалық
әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами
капиталды дамыту» деп атап көрсеткендей,
мектеп оқушыларының бойында рухани
құндылылықтарды қалыптастыру міндеті
тұр.
Жаңа ғасырда тәрбиенің мақсат-
міндеттері, мазмұны түбегейлі өзгеруде.
Тәрбиенің басты мақсаты – әрбір тұлғаның
рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту,
оқушылардың бойында ұлтжандылық,
отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру,
олар дың іскерлік, креативтік тәрізді
құндылық сапаларын арттыру: өзін-өзі тану,
өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру.
«Негізгі және бейінді мектептер
оқушыларына ұлттық тәрбие беру»
элективті курсының мақсаты – негізгі
және бейінді мектептерде бәсекеге қабілетті
білімді меңгерген, жоғары азаматтық және
адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік
сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі
қалыптасқан зияткер тұлғаны тәрбиелеу
үшін болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие
беруге дайындау.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Негізгі және бейінді мектептер оқу-
шыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу жә-
не олардың азаматтық белсенділігін, әлеу-
меттік жауапкершілігін және әлеуетін
ашу тетіктерін қалыптастыру үшін бола -
шақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие берудің
теориялық-әдіснамалық және пси хо логия-
лық-педагогикалық негіздерімен қару-
ландыру;
2. Болашақ мұғалімдерге негізгі және
бейіндік мектептерде оқушыларға ұлттық
тәрбие берудің әдістемесін меңгерту.
Бағдарламаның мазмұны
Кіріспе. Курстың мақсаты, міндеттері
мен құрылымы. Негізгі және бейінді
мектептердегі ұлттық тәрбиенің негізгі
мақсаты мен міндеттері, ұлттық тәрбие беруді
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.
1тақырып. Негізгі және бейінді
мектептердегі ұлттық тәрбие берудің
теориялықәдіснамалық негіздері
Қазақ ағартушы-педагогтарының оқушы-
ларға ұлттық тәрбие беру туралы ой
-пікірлері.
«Интеллектуалды ұлт – 2020» мем ле-
кет тік бағдарламасы «Қазақстан Респуб-
ликасының білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының» тәрбие жұмысы мен
жастар саясаты бағытындағы жастардың
бойында отансүйгіштікті, қазақстандық
патриотизмді, рухани адамгершілік мә-
дениетті және ұлттық құндылықтарды
қалыптастыру мәселелері.
«Қоғам-Адам-Мәдениет»
жүйесіндегі
ұлттық құндылықтар. Қоғамның индус-
трия лық-инновациялық дамуындағы ұлт -
тық тәрбиенің рөлі. Жаһандану кезеңін-
дегі «ұлттық тәрбие» ұғымының мәні.
Ұлттық тәрбие үрдісіне әсер ететін әлеу-
меттік ортаның ықпалы: микро, макро,
мезофакторлар.
2тақырып. Негізгі және бейінді мек
тептер оқушыларына ұлттық тәрбие
берудің психологиялықпедагогикалық
негіздері
Жаңа әлемдегі жеке тұлғаны қалып-
тастырудағы «ұлттық сана», «ұлттық намыс»,
«ұлттық мінез-құлық», «ұлттық дүниетаным»
«ұлттық мәдениет», «зияткерлік тұлға»
ұғымдарының мәні. Ұлттық дүниетанымды
қалыптастыруындағы
халықтық
әдет-
ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің маңызы.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне бай-
ланысты негізгі және бейінді мектептерде
ұлттық тәрбие берудің мазмұндық сипат-
тамасы.
3тақырып. Негізгі және бейінді мек
тептер оқушыларына ұлттық тәрбие
берудің мазмұны
Ұлттық тәрбиенің мақсаты мен мін-
деттері, негізгі ұстанымдары. Негізгі
және бейінді мектептер оқушыларымен
жүргізілетін ұлттық тәрбиенің түрлері
мен әдістері. «Атамекен», «Кәусар бұлақ»,
«Дәстүр», «Жігер», «Тағылым», «Мәдени
мұра», «Мың бір бала» бағдарламаларының
ұлттық тәрбие берудегі рөлі.
4тақырып. Ұлттық тәрбие беруде
инновациялық технологияларды пайда
лану
Ұлттық тәрбие берудің инновациялық
бағыттылығы, тәрбие берудің инновациялық
парадигмасы. Әлемдік білім беру кеңіс-
тігінде қарым-қатынас мәдениетін қалып-
тастырудағы және ұлттық тәрбие берудегі
инновациялық технологиялар: пікірталас,
дөңгелек үстел, іскерлік ойындар, психо-
логиялық-педагогикалық тренингтер, баспа-
сөз конференциясы және т.б. Ұлттық тәрбие
берудегі ойын технологиялары: «Алтын
қақпа», «Мың бір мақал», «Жүзден жүйрік»,
«ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Сиқырлы
қазан», «Интеллектуалдық олимпиада» және
т.б.
5тақырып. Мемлекеттік жастар сая
саты және ұлттық тәрбие
Негізгі және бейінді мектептерде
оқушылар бойында белсенді азаматтық
қасиеттерді, отансүйгіштік, ұлтжандылық
сезімдерді қалыптастыру. Қазақстан Рес-
публикасындағы қазіргі жастар қозға лысы
мен қоғамдық ұйымдарындағы ұлттық
тәрбиенің басым бағыттары. Балалардың
қоғамдық бірлестіктерінде ұлттық тәрбие
беру.
6тақырып. Негізгі және бейінді мек
тептерде ұлттық тәрбие беру негізінде
оқушылар ұжымын қалыптастыру
Негізгі және бейінді мектептерде ұжымды
қалыптастырудағы
ұлттық
тәрбиенің
маңызы. Ұжымдық дәстүрлер. Ұжымдық іс-
әрекет арқылы ұлттық тәрбие беру. Ұжымды
қалыптастыру деңгейлері. Ұлттық тәрбие
беру негізінде ұжымда интеллектуалды
тұлға тәрбиелеу.
7тақырып. Негізгі және бейінді
мектептерде ұлттық тәрбие берудегі
сынып жетекшісінің рөлі
Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық
тәрбие берудегі сынып жетекшісінің
міндеттері және жұмысының мазмұны.
Негізгі және бейінді мектептерде сынып
жетекшісінің ұлттық тәрбиені ұйымдастыру
қызметі. Сынып жетекшісінің ұлттық
тәрбие беруде ата-аналармен атқаратын
жұмыстарының мазмұны.
8тақырып. Негізгі және бейінді мектеп
оқушыларының ұлттық тәрбиелілігін
диагностикалау әдістері
Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық
тәрбие беруді диагностикалау жолдары:
педагогикалық эксперимент, педагогикалық
мониторинг. Негізгі және бейінді мектеп-
терде оқушыларға ұлттық тәрбие беру
критерийлері.
Оқушылардың
ұлттық
тәрбиелілігін зерттеу әдістері: сұрақ-жауап,
сауалнама, тест т.б.
45
44
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
БАҒДАРЛАМА
Кесте 1. «Негізгі және бейінді мектептер оқушыларына ұлттық тәрбие беру»
элективті курсының тақырыптық үлгі жоспары
№ р/с
Тақырыптардың аттары
Сағат саны
лекция
семинар,
практ.
1.
Кіріспе. Курстың мақсаты, міндеттері мен құрылымы
1
1
2.
Негізгі және бейінді мектептердегі ұлттық тәрбие
берудің теориялық-әдіснамалық негіздері
2
2
3.
Негізгі және бейінді мектептер оқушыларына ұлттық
тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық негіздері
1
1
4.
Негізгі және бейінді мектептер оқушыларына ұлттық
тәрбие берудің мазмұны
2
2
5.
Ұлттық тәрбие берудегі инновациялық
технологияларды пайдалану
2
2
6.
Мемлекеттік жастар саясаты және ұлттық тәрбие
1
1
7.
Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие беру
негізінде оқушылар ұжымын қалыптастыру
2
2
8.
Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие
берудегі сынып жетекшісінің рөлі
2
2
9.
Негізгі және бейінді мектеп оқушыларының ұлттық
тәрбиелілігін диагностикалау әдістері
2
2
Барлығы: 30 сағат
15
15
Семинар сабақтардың тақырыптары
1. 12 жылдық білім беру жағдайында негізгі және бейінді мектептердің тәрбие үрдісінің
ерекшеліктері.
2. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие берудің басым бағыттары.
3. Әлемдік білім беру кеңістігінде ұлттық тәрбие берудегі инновациялық технологиялар.
4. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие беру бағдарламалары.
5. Жаңа әлемдегі ұлттық тұлғаның әлеуметтік ортадағы орны.
6. Жаһандану дәуіріндегі халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің тәрбиелік
мәні.
7. Негізгі және бейінді мектептерде оқушыларға ұлттық тәрбие беру құралдары.
8. Ұлттық тәрбие беруде инновациялық технологияларды пайдалану.
9. Үшінші мыңжылдықта қоғам және жастар саясатындағы ұлттық тәрбие мәселесі.
10. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие беруде сынып жетекшісінің қызметі.
11. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие беруді диагностикалау әдістері.
12. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие берудегі «МЕН» тұжырымдамасы.
Студенттердің оқытушымен
өзіндік жұмыстарының тақырыптары
1. 12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері.
2. Негізгі мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері.
3. Бейінді мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері.
4. Жаңа мыңжылдықтағы «Ұлттық сана», «ұлттық мінез-құлық», «ұлттық мәдениет»,
«ұлттық дүниетаным», «зияткерлік ұлт», «зияткерлік тұлға» ұғымдарының мәні.
5. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық сананы қалыптастырудағы әдет-ғұрыптар
мен салт-дәстүрлердің маңызы.
6. Жаһандану әлеміндегі негізгі және бейінді мектептерде зияткер тұлғаны
қалыптастыру.
7. Негізгі мектепте оқушылармен жүргізілетін ұлттық тәрбиенің мазмұны.
8. Бейінді мектепте оқушылармен жүргізілетін ұлттық тәрбиенің мазмұны.
9. Негізгі мектепте ұлттық тәрбие берудің әдістері.
10. Бейінді мектепте ұлттық тәрбие берудің әдістері.
11. Негізгі және бейінді мектептерде жеке тұлғаның бойында өзіндік ұлттық сананы
қалыптастыру.
12. Әлемдік білім кеңістігінде оқушыларды өзін-өзі жетілдіруде ұлттық тәрбиенің
маңызы.
13. Негізгі және бейінді мектептерде оқушыларға ұлттық тәрбие берудің құралдары.
14. Негізгі және бейінді мектептерде оқушыларға ұлттық тәрбие берудің инновациялық
технологиялары.
15. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие беруде ойын технологиясын
пайдаланудың маңызы.
СӨЖ тақырыптары
1. Қазақстан Республикасында тез өзгермелі жаңа әлемде ұлттық тәрбие берудің мақсат,
міндеттері.
2. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие берудің мазмұндық сипаттамасы.
3. Негізгі және бейінді мектептерде оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағдарламалары.
4. Қазақстан Республикасында «Мәдени мұра» бағдарламасында ұлттық тәрбие берудің
басым бағыттары.
5. «Атамекен» бағдарламасы арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру.
6. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру.
7. Жаңа ғасырдағы заманауи ақпараттық құралдардың ұлттық тәрбие берудегі рөлі
(интернет, теледидар, БАҚ, т.б.)
8. Негізгі және бейінді мектептерде оқушылардың бойында ұлттық рухани-мәдени
құндылықтарды қалыптастыру.
9. Ақпараттық қоғам жағдайында ұлттық тәрбие берудің заманауи құралдары.
10. Жаһандану жағдайында көпмәдени тұлғаны қалыптастырудың негізгі қағидалары,
олардың ұлттық тәрбиедегі рөлі.
11. Жаңа әлемдегі ұлттық тәрбие берудің инновациялық технологиялары, оларға
сипаттама.
12. Негізгі және бейінді мектептерде оқушылардың тұлғалық және әлеуметтік
қалыптасуындағы ұлттық тәрбиенің алатын орны.
47
46
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
БАҒДАРЛАМА
13. Негізгі және бейінді мектептерде ұжымды қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің
маңызы.
«Негізгі және бейінді мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру»
элективті курсы бойынша рефераттар тақырыптары
1. Қоғамның индустриялық-инновациялық дамуындағы ұлттық тәрбиенің рөлі.
2. Тез өзгермелі қоғамдағы «ұлттық тәрбие» ұғымының мәні.
3. Негізгі және бейінді мектептердегі ұлттық тәрбие беруді ұйымдастырудың өзіндік
ерекшеліктері.
4. Жаһандану әлемінде тәрбие үрдісіне әсер ететін факторлар.
5. Жаңа әлемдегі зияткерлік тұлғаны қалыптастырудағы «ұлттық сана», «ұлттық мінез-
құлық», «ұлттық мәдениет» ұғымдарының мәні.
6. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие жүйесіндегі рухани-адамгершілік
құндылықтардың рөлі.
7. Негізгі және бейінді мектептердегі ұлттық сананың қалыптасуындағы халықтық әдет-
ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің маңызы.
8. Негізгі және бейінді мектептерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық
тәрбие берудің мазмұндық сипаттамасы.
9. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбиенің ұстанымдары.
10. Негізгі мектеп оқушыларымен жүргізілетін ұлттық тәрбиенің түрлері мен әдістері.
11. Бейінді мектеп оқушыларымен жүргізілетін ұлттық тәрбиенің түрлері мен әдістері.
12. Ұлттық тәрбие беру бағдарламалары: «Атамекен», «Кәусар бұлақ», «Жігер», «Тағылым»,
«Мәдени мұра», «Мың бір бала» және т.б.
13. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие беру арқылы жеке тұлғаның өзіндік
«Менін» қалыптастыру.
14. Ұлттық мұралар – ұлттық тәрбие берудің құралдары.
15. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие берудің инновациялық бағыттылығы.
16. Қазақ ағартушы-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері.
17. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру.
18. Қазіргі жастар қозғалысы мен қоғамдық ұйымдарындағы ұлттық тәрбиенің басым
бағыттары.
19. Қазақстан Республикасында балалардың қоғамдық бірлестіктеріндегі ұлттық тәрбие.
20. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие берудегі сынып жетекшісінің міндеттері
және жұмысының мазмұны.
21. Негізгі және бейінді мектептерде сынып жетекшісінің ұлттық тәрбиені ұйымдастыру
қызметі.
22. Негізгі және бейінді мектептерде сынып жетекшісінің ұлттық тәрбие беру арқылы
оқушылар ұжымын қалыптастыру жолдары.
23. Негізгі және бейінді мектептерде сынып жетекшісінің ұлттық тәрбие беруде ата-
аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны.
24. Негізгі және бейінді мектептерде ұлттық тәрбие беруді диагностикалау әдістері.
25. Негізгі және бейінді мектептерде оқушыларға ұлттық тәрбие беру критерийлері.
Достарыңызбен бөлісу: |