АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ОҚУ ҮДЕРІСІ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ
Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы –
философия ғылымдарының докторы, профессор
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
оқу ісі жөніндегі проректоры
Еліміздегі жоғары оқу орындарының
жүйесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің алатын орны
ерекше. Қазақ мемлекетінде тұңғыш болып
ашылған университет, басынан неше түрлі
кезеңдерді өткізіп, бүгінгі күні Қазақстан
Республикасының бірегей ұлттық мәртебеге
ие педагогикалық университеті болып
табылатындығы белгілі. Ғасырға жуық игі
дәстүрлер мен бастамалардың орталығы
болып қалыптасқан оқу орнымыз бүгінгі
күні де ұлттық мәртебеге сай білім ордасы
болып отыр. Бұл біз үшін үлкен мәртебе әрі
міндет.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан респуб-
ликасының халықаралық білім беру
нарығына енуі отандық білім беру
жүйесінде бірқатар өзгерістерді талап етіп
отыр. Нарық заңдары күрделі де қатал
болып келеді. Мұнда мықты, бәсекеге
қабілетті университеттің ғана болашағы
жарқын болады. Сондықтан университет
басшылығының алдына қойып отырған
мақсаты тек Қазақстан көлемінде ғана емес,
халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті
университет атану және сапалы маман
шығару болып табылады. Заман талабына сай
университетіміз алғашқылардың бірі болып
«Университеттердің ұлы хартиясына» қол
қойды. Бұл – университетке абырой әперетін,
сонымен бірге, үлкен жауапкершілік пен
міндеттер жүктейтін шара десек артық
айтпаған болармыз. Әрине, білім беру
ортасы заман талабына икемделген, оқу
бағдарламалары халықаралық білім беру
кеңістігінде мойындалған, академиялық
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
11
10
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
еркіндік қағидаларына арқа сүйеген универ-
ситет қана болашаққа нық қадам баса алады.
Бұл кезекте университет ректорының
қолдауымен және тікелей тапсырмасымен
жүзеге асырып жатқан шаралар да аз емес.
Олардың қатарына 2011-2012 оқу жыл-
ында университеттің физика-математика
факуль тетінің білім бағыты бойынша
физика және информатика мамандықтары
халықаралық деңгейде ASIIN агенттігінен
аккредитациядан өтуін жатқызуға болады.
Бұл – университет ұжымының үлкен
жеңісі, ауыз толтырып айта алатын
мақтанышы, еңбегінің халықаралық аренада
мойындалғандығы. Мұндай игі бастама
келесі жылы да өз жалғасын табары сөзсіз.
Келесі оқу жылында математика, химия және
биология мамандықтары аккредитациядан
өтуді жоспарлап отыр.
Бүгінгі күні университетімізде бака-
лавриат мамандықтары бойынша 12 мыңнан
астам студент тәлім алуда. Оның үстіне,
бұл мамандар оқуын аяқтағаннан кейін
қайда жұмысқа барады деген сауалға да
толыққанды жауап бар. Университетімізді
бітіруші жас мамандар жоғары сұранысқа ие.
Бүгінгі күні түлектеріміздің шамамен 80% өз
мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан.
Педагог кадрлар дайындау ұлтымыздың
маңызды мақсаттарының бірі. «Ұлт болам
десең, бесігіңді түзе», – дейді дана халқымыз.
Адам қалыптасуының маңызды кезеңі бала
бақша мен мектептен басталады. Ендеше,
мектепке білікті кадрлар даярлайтын уни-
вер ситетімізге де үлкен жауапкершілік
артылады деген сөз. Тіпті, интеллектуалды
ұлт қалыптастыру тұжырымдамасы елімізде
педагог кадрлар дайындау сапасынан бастау
алады десек артық айтпаймыз.
Қазіргі заманда педагог кадрларға
қойылатын талаптың өте күшті екендігін
айтпасақ та белгілі. Педагог – жай білім
беруші ғана емес, баланы ойлау мәдениетіне
үйретуші, оқушының жеке қасиеттеріне
сәйкес оның тиімді дамуына жағдай
жасаушы. Тұлғалық бағытталған білім беру
механизмдерін жүзеге асыру арқылы ғана
біз өз мақсатымызға жетеміз. Бүгінгі күні
педагог кадрлар дайындау мәселесінде осы
ой басты аксиомаға айналуы керек.
Университетімізде Болон үдерісінің
параметрлерін жүзеге асыруға байланысты
іс-шаралар жоспары дайындалып, универ-
ситеттің ғылыми кеңесінде бекітілді. Онда
көрініс тапқан маңызды мәселелердің
негізгі легі университетіміздің заман
талабына сай маман даярлауына ықпал
ететіндігі сөзсіз. Ондағы орындалуы
міндетті көрсеткіштердің қатарына үш
сатылы білім беру жүйесін дамыту, ECTS
бойын ша академиялық кредиттерді есепке
алу, студенттердің, оқытушылардың және
әкімшілік қызметкерлердің академиялық
ұтқырлығын арттыру, диплом қосымша-
ларын еуропалық талаптарға сәйкестендіру,
білім сапасын қадағалау, біртұтас еуропалық
білім аймағына ену жатады. Бұл мақсат-
тарды жүзеге асыру үшін университеттің
барлық құрылымдарының бірлесіп тиімді
қызмет етуі керек.
Университетімізде Қазақстанда тұңғыш
рет ашылған Магистратура және PhD
докторантура институты бар. Үш сатылы
білім беру жүйесін қалыптастыру мен
дамытуда осы ұйымның орны ерекше.
Себебі үш сатының екеуі бойынша маман
дайындау осы институт қарамағында.
Елбасы өз жолдауында білім жүйесіндегі
сабақтастықты қамтамасыз ету арқылы
ғана интеллектуалды ұлтқа айнала алатын-
дығымызды айтқан болатын. Бұл мақсатта
бакалавриат пен магистратураның арасында
тығыз байланыс орнату қажеттілігі айқын
сезіледі. Біз білім берудің үш деңгейінде
өзара сабақтастықты мүмкін ету арқылы ғана
кемел маман дайындау жүйесін қамтамасыз
ете аламыз.
Бұл ғасыр ақпарат ғасыры екендігін,
ақпараттың жылдам ескіретіндігін есепке
алар болсақ, тұлғаның тұрақты түрде
ізденіп отыру керектігі айқын. Ал ол үшін
ұс таз-оқытушылардың
жаңа
ақпарат-
тық технологияларды ұтымды қолдана
білуі шарт. Алайда, бұл да жеткіліксіз,
себебі мамандардың біліктілігін тұрақты
түрде көтеруді қолға алмай, мамандар
арасында пікір еркіндігін, өзара ақпарат
алмасу жолдарын қамтамасыз етпестен,
яғни тұлғаның еркін дамуына жағдай
жасамай, кадрлардың шыңдалуына жол
ашпай, заманауи маман дайындау қиынға
соғатындығы айқын.
Кемел маман дайындау тек қана әлемдік
ақпараттық
жүйелерден
сусындаған,
жаһандану заманында адаспай жол таба
алатын тұлға қалыптастыру арқылы жүзеге
асуы мүмкін. Бұл жағдайда университетімізде
шет тілінде оқытатын мамандықтардың
ашылуына жағдай жасауымыз керек.
Елбасымыздың көтеріп жүрген үштұғырлы
тіл мәселесі мүмкіндіктері кең және өзіне
тиісті ақпаратты алғашқы қайнар көзден оқи
алатын мамандар дайындауға бағытталған.
Осы мақсатты жүзеге асыру университет
үшін үлкен сын болмақшы. Себебі,
соңғы уақыттарда жиі көтеріліп жүрген
академиялық ұтқырлық мәселесін тілдік
компетенциясы жоқ мамандармен жүзеге
асыру мүмкін емес. Шетелдік әріптестермен
тең дәрежеде жұмыс істей алатын,
халықаралық ақпарат көздерінен нәр татқан
мамандарды дайындау арқылы ғана біз
алдымызда тұрған мақсаттарға еркін, дербес
түрде жете алатын, бәсекеге қабілетті ұлтқа
айнала аламыз.
Сондай-ақ, университетте мамандықтар
мен оқу бағдарламаларын шетелдік оқу
орындарының тәжірибесін ескере отырып
жаңарту, оның негізгі талаптарын әріптес
университеттердің жоспарларымен сәйкес-
тендіру жұмысы да атқарылып жатыр.
Биылғы оқу жылында әріптестеріміз –
Түркияның Эрзинджан университетімен,
Литваның
Вильнюс
университе ті мен,
Германияның
Дюссельдорф
ғылыми
орталығымен,
Польшаның
Варминь-
Мазур университетімен бірлесе отырып,
педагогикалық бағыттағы 21 мамандық
бойынша жаңа оқу бағдарлама ларын
дайындадық. Бұл жұмыс қазірде Білім және
ғылым министрлігі тарапынан сараптамадан
өтуде.
Өздеріңізге белгілі, академиялық еркіндік
қағидалары мемлекеттік реттеуді шектеп,
болашақта бұл жұмысты университеттердің
өз
еншісіне
беруді көздейді. Бұл
саладағы тәжірибеміздің кеңеюі біздің
университетіміздің қуатты білім ордасы
болып қалыптасуына тікелей ықпал етеді
деген үміттеміз. Ал бұл шаруаның тиімді
жүргізілуі өз кезегінде біздің қосдипломды
бағдарламаларымыздың кеңеюіне жол
ашады. Өйткені келісімшарт жасасу бар да,
оны жүзеге асыру бар. Ал қосдипломды
бағдарламалардың жүзеге асуының ең
басты алғышарты – оқу бағдарламаларының
сәйкестігі.
Болон
үдерісінің
жоғары
оқу
орындарының алдына қойып отырған
маңызды мәселелерінің бірі – академиялық
еркіндіктің көрсеткіші болып табылатын
пән таңдау мүмкіндігін енгізу. Биыл алғаш
рет пәндерге тіркелу оқытушылардың
арасындағы
бәсекелестік
пен
пән
презентацияларының
негізінде
жүзеге
асырылуы жолға қойылып отыр. Бұл
біздің профессор-оқытушы құрамға заман
талабына сай оқу бағдарламаларын,
студенттердің талабын қанағаттандыратын
ғылыми базаны жаңартуды, пәндердің
бәсекеге қабілеттігін арттыруды талап етеді.
Бұл жаңалық белгілі дәрежеде қарсылық
тудырып жатыр десек көп айтқандық болмас.
Бірақ мұнда оқытушылар мына бір нәрсені
түсінуі керек. Студент сабақ мазмұнына,
берілетін білімге қанағаттанбайтын болса,
университеттің болашағы да болмайды.
Сондықтан университет өз қызметінде
сапалық деңгейді арттыруға басты назар
аударуы тиіс. Академиялық процестегі
біздің негізгі әріптесіміз студент екендігін
естен шығармаған дұрыс. Сондықтан тек
студенттің академиялық еркіндікке деген
құқығын жүзеге асыру арқылы ғана біз
өзіміздің нарықтық заман талабына икемделе
алатынымызды түсінуіміз тиіс.
Студент – біздің басты құндылығымыз.
Егер студент болмаса, онда жоғары
оқу орындарында мағына қалмайды.
Университеттің кадр саясатын оңтайландыру,
13
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
12
білікті мамандар тарту, халықаралық
және ұлттық академиялық ұтқырлық
шараларының барлығы түптің түбінде біздің
студенттер үшін жасалып отыр.
2012-2013 оқу жылының басты жаңалығы
университетіміздің модульдік білім беру
жүйесіне көшуі болмақшы. Модульдік жүйе
пәнаралық, мамандықаралық ұтқырлықты
есепке алуды талап етеді. Сондай-ақ,
пәндердің өзара байланысы мен бірін-бірі
толықтыруына арқа сүйейді. Бұл біздің
студенттерімізге модуль таңдауда жаңа
мүмкіндіктер берері сөзсіз.
Сондай-ақ, 2012-2015 жылдарға арналған
Болон үдерісін жүзеге асыруға байланысты
іс-шаралар жоспарында біздер қашықтан
білім беру жүйесіне ерекше мән беріп
отырмыз. Бұл студенттеріміздің университет
қабырғасының тысында білім алуына
мүмкіндік тудырады. Білімді ақпараттандыру
мен рұқсат алуға байланысты тиісті
дайындық
жұмыстары
жүргізілгеннен
кейін, 2014-2015 оқу жылына толыққанды
қашықтықтан білім беру жүйесі енгізілетін
болады.
Жоғарыда біз жүзеге асырылып жатқан
немесе жүзеге асырылуы жоспарланған
шаралардың негізгі бөлігіне тоқталдық.
Әрине, мұның тысында да көптеген діттеген
идеялар бар. Бұл шаралардың негізгі мақсаты
университетіміздің ұлттық беделін көтеру
арқылы халықаралық академиялық деңгейін
өсіру, заман талабына сай маман дайындау,
іргемізді нығайту, болашаққа нық қадам
басуға бағытталған. Істелген жұмыс аз емес,
бірақ алда бұдан да көлемді жұмыстар күтіп
тұр.
Резюме
В статье рассматривается состояние учебного процесса Казахского национального
педагогического университета имени Абая, его перспективные развития и
совершенствования.
Summary
This article discusses the state of the educational process of the Kazakh National Pedagogical
University named after Abai, its long-term development and improvement.
«XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің
болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін
кадрлар қорын жасақтауымыз қажет»
Қазақстан Республиксының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖАҢАШАЛАУ
СоветХан Ғаббасов –
жазушы-дәрігер, фантаст,
медицина және педагогика
ғылымдарының докторы,
КСРО денсаулық сактау ісінің үздігі,
Зайсан ауданының құрметті азаматы,
Махамбет сыйлығының лауреаты,
профессор
1. КІЛТ
«Білім беруді дамыту тұжырымдамасы
мемлекеттік тәуелсіздіті қалыптастыру
мен
нығайтудың,
елдің
прогресшіл
дамуының негізін құрайтын Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін
дамытудың мақсаттары мен міндеттерін,
құрылымы мен мазмұнын және негізгі
стратегиялық бағыттарын айқындайтын
ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат
болып табылады – делінген тұжырым-
даманың алғашқы абзацында.
Ал осы сөйлемнің ішіндегі «құнды-
лықтарды» зерделеп көрелік:
«Мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру
мен нығайту – деген сөз көкейге қонады.
Бірақ, қайтып және қалай? – деп сауал қойсақ,
жауабы жоқ. Неге? Өйткені, халқымыздың
ғасырлар бойы жасаған халықтық педа-
гогикасы мен ұлттық психологиясы, дәстүр-
салттары мен өзіндік болмысы (менталитеті)
мүлдем ескерілмеген.
«Мақсаттары мен міндеттері» – деу де
жөн. Бірақ, ең әуелі өзіңе қажет мақсат
пен міндетті түгендеп алмай, тағы да сол
«дүниежүзілік» немесе «өркениетті елдер
деп еміну мен еліктеуден аса алмай қалыпты.
Ойланып қараңызшы? Сонда:
- кешегі өз қолымыз өз ауызымызға
жетпеген 300-жылдық бодандықты;
- басқаның тілеуін тілеп рухымыз жан-
шылған жылдарды;
- басқаның үстемдігіне еріксіз көнген
тағдырды;
- қалыптасып қалған құлдық пси хо-
логиямыздан арылуды ойламай, тағы да сол
өзгеге қарап мөңірегенді неге қоя тұрмаймыз,
– дейтін, ой мазалайды. Ендеше, қазіргі тілі,
діні, ділі бөлшектеніп жатқан ұрпағымыздың
болашағы мен халқымыздың келешегін неге
бажайламаймыз. Дербестігінің жемісін
жеп отырған – жапондар да, немістер де,
қытайлар да, тіпті араб пен иран елдері де,
«дүниежүзілі» немесе «өркениетті елдер»
деп емініп, бас-көзсіз еліктеп отырған жоқ
қой. Қайта ғылыми прогресті жетілдірілген
сайын, өздерінің ұлттық құндылықтарын
бұрынғыдан бетер көздің қарашығындай
сақтауға.
Жымсыма ниетпен жүргізіліп жатқан
қазіргі ғаламдану саясаты біздер елпек-
темесек те, әлі-ақ телпегімізді теріс кигі-
зеріне күмәніңіз болмасын.
«Құрылымы мен мазмұны» – деген де
дұрыс-ақ бірақ тағы да сол ескі таптау
ырыннан аспапты. Ұрпақ тәрбиесі мен
білім берудің құрылымы да және мазмұны
да баяғы «қызыл империяның құрып
берген құрылымынан» тастай қатып
айрылмаған екен. Бұл нені көрсетеді? Ақ
ниетпен ақиқатын айтсақ, бүгінгі білім
беру саласында жүрген «қайраткерлер» бұл
мәселені толық түсінбейтіндігі аңғарылады.
Әтпесе, жылына ауысқан әр министр келе
жасайтын эксперименттерінен ұялар еді?!
Ұсынылып отырған тұжырымдама жо-
басы – «ғылыми-теориялық әдіснамалық
құжат» – делініпті. Сонда, басшылыққа
алған теориялық методологиясы қайсы? –
дейтін заңды, сұрақ туындайды.
15
14
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Адамның Тән танымынан басқаны
түсінбейтін, Жан мен Рух тәрбиесін таптап
отырған, бүкіл Азиялық танымдарды ескер-
мей сыңаржақтылыққа құрылған Еуропа -
центризм әдіснамасы ма? – деп езу тар тып
мүсіркеуге тура келеді.
Жоқ!.. «Соқыр көргенінен жазбайдыны»
тоқтатып, «Жансыздан жандының сипатын
танитын», Шығыс философиясын бұрыла-
тын мезгіл жетті. Кезінде бұл даналықты
Шығыстан үйреніп барған Пифагор өзінің
сандық философиясын жетілдірген Платон
методологиясының күні туды.
Неге? Өйткені, «Жандыдан – жансыздың
сипатын (материя) дәріптейтін» Еуропа-
центризм методологиясы өзінің өміршең-
дігінен айрылғалы қашан?! Оның толып
жатқан басқа да кемшілітерін санамаламай-
ақ, көтеріп отырған мәселеге байланысты
бір ғана әлсіздігін атап өтсек те жетіп жатыр.
Ол мынау.
Еуропацентризмнің, бүгінге дейін «адам
тәрбиесі дүниеге келген соң ғана басталады»
– дейтін тұжырымы, түбегейлі қате болып
шықты. – Жоқ, мүлдем олай емес екен! Жан
тәрибиесі, оның 12 түрлі арнасы (түйсік,
ұят, зерде, мінез, қабілет, жігер және ішкі
сезім) тек ана құрсағында ашылатындығы
анықталып, адам тәрбиесінің 80%-ы бала
жарық дүниеге келгенге дейін ХХІ ғасырға
созылып
өркениетімізде
жүргізілмек
түгіл, тіпті ойға да келмегендігінен,
адамзат баласының санасы сансырап және
қоғамдағы арсыздықтың не бір сұрқия
түрлері белең алып отыр. Бұл тікелей
ана атаулының – «құрсақтағы тәрбиені»
білмеуінің салдарынан екені анық. Адам
тәрбиесінің осынау жаңа әдісін біздер 15
жыл бұрын дүниеге әкелген едік. Мұны қазір
бүкіл жүниежүзі бойынша интернетте –
«внутриутробная педагогика» – деп жүргенін
«тұжыры» жасаушылар неге байқамады
екен? Әлде, түсінбей ме?
Олай болса, тұжырымдамадағы –
«мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
- деген бөлімі түгелімен сын көтермейді.
Жалпы адам тәрбиесінің біздер ұсынған
жаңа көзқарасы 1990 жылы екі бірдей
ғылыми кеңесте (Ы.Алтынсарин атындағы
ғылыми зерттеу институтында КСРО АПН
филиалында) және Оқу министрінің 19
облыстағы білім басқарламаларын жинаған
жалпы жиналысында және жоба жеке
кітапша етіп жарияланған болатын.
Осы талқыланған «Үзіліссіз ұрпақ
тәрбиесі мен ұлттық оқу-ағарту жүйесі
тұжырымдамасының» негізінде «Ізгілік
әліппесі» (1991) атты 2 кітаптан тұратын
оқулық және «Халық педагогикасының
негіздері» (1995) атты монография жарық
көрді. Бырақ, бұл еңбектерді келіп-кетіп
жатқан министрлер естісе де елемей, әлі
күнге дейін «оқу-ағарту үлгісін» мұхиттың
арғы жағынан іздеуінен жалығар емес.
Өзіңде барды елемей, өзгеге өзеуреуді қашан
тоқтатамыз? Ұлттық ғылымның қай саласын
алсаңыз да, осылай мысалдары көп.
Жоғарыда айтылған монографиялық
еңбекте, адам тәрбиесінің жаңа методо-
логиясы 2 сатыдан тұрады.
Біріншісі, биологиялық индивид делініп,
оадн Жүрек тәрбиесі атты жүйе қалыптасып,
ана құрсағындағы тәрбиенің өзіне тән
тәсілдерімен жанның арналарын ашады.
Екіншісі, сананы жетілдіру делініп, одан
ақыл тәрбиесі атты жүйе қалыптасып, жарық
дүниедегі баланы тұлғаландырудың кезеңі
басталады. Сонымен қоса, адам тәрбиесінің
осы екі жүйесінен оның жеті түрлі негіздері
тек физиологиялық кезеңдерге ғана сүйеніп
жасалынады. Осы імім ұсынған жаңа
технология арқылы, абай ғұлама армандаған
«толық адам, нұрлы ақылды» келешек
ұрпағымызға еншілеуге болады. Жеті түрлі
негіздердің ұрық тазалығы, жан тәрбиесі,
нәресте, балбөбек, сәбилік, балиғат, кәме-
лет тік деп аталынатын физиологиялық
кезеңдердің әрқайсысының өзіне тән тәрбие
тәсілдерді ұсынылады. Олай болса, бұл
методология, тіпті ясли мен бала бақшадағы
тәрбиеге де жаңа көзқарас беретінін ескерген
жөн. Сондықтан да, тұжырымдамадағы
«мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
деген бөлімінің сын көтермек түгіл, түп-
тамырларымен қате екені көрініп тұр.
2. ОРТА БІЛІМ БЕРУ
Адам баласы биологиялық индивид
болғандықтан, оның табиғатындағы күл-
лі тіршілік сипаттары, міндетті түрде био-
логиялық және физиологиялық заңды-
лықтарға бағынатыны айдан анық. Ендеше,
келешек ұрпақ тәрбиесі мен білім беру
жүйесі де, осы заңдылықтарды ескермесе,
кабағат үлкен тәрбиесі мен білімін дамыта
жетілдірмек «тұжырымдамада» баланың
физиологиялық кезеңдерінің ешбір заңды-
лықтары ескерілмеген. Сонда, бұл қалай?
Баяғы сол, қарадүрсін көшірмелік пе?
Біздіңше, егеменді ел болған соң
еліктеу мен солықтауды қойып, ұлттық
кұндылытарды іздеу ауадай қажеттілік
екені дау тудырмаса керек. Тұжырым жоба-
сындағы отра білім берудің мақсаттары мен
міндеттері тым жалпылама. ал, құрылымы
4+6+2 дегеніне қарап, кешегі империялық
формуладан ауытқый алмағаны да көрініп
тұр. Олар жоғарыда айтылған физиология
заңдылықтарын ескермек түгіл, тіпті «(6-
10 жас – балалық шақ, 11-16 – жеткіншетік
шақ, 17-18 жасөспірімдік шақ)» – деген
текстегі сөздерден, халық тағылымындағы
қолданылатын нәресте, балбөбек, сәби,
балиғат, кәмелеттік – делінетін физио-
логиялық кезеңдердің жасын да біл-
мейтіндіктері байқалады.
Міне, орта білім берудің құрылымы мен
мазмұны да ғылыми негізделмегені көрініп
тұр есем пе?
Біздің 1990 жылдары талқылап жариялаған
тұжырымдамамызда, керісінше 6-7 жастан
12-13 жасты қамтымайтын балиғат кезеңін
біртұтас күйі бөліп-жармай 6-класс етіп,
бастауыш мектеп сатысына беріледі.
Неге? Себебі, балиғат кезеңінде баланың
гарманальды жүйесі (7-де бүршік жарып, 13-
де гүлін ашады, шаухат пен етеккір келеді)
қалыптасып, логикалық ойлау қабілеттері
орныға бастайды. Физиологияның осынау
өзгертуге болмайтын тұрақты заңдылығын
ескерген жапондықтар бастауышты –
6-класс етсе, немістер бастауыш мектебін
5-класс етіп баяғыдан бері қолданып келеді.
Біздер де, азиялық ел болғандықтан, батыл
түрде бастауыш мектепті 6-класқа келтірсек
ұтарымыз көп. Сондықтан да, орта білім
беру формуласын 6+3+ түріндегі физиология
заңына бағындырып ұсынған едік. Бұл
тұжырымдама «халық педагогикасының
негіздері» атты монографияда жан-жақты
дәлелденіп жазылған. Сол себепті, бұл
пікірімізге әр сатыны жеке-жеке жазып
талдамай, қысқарта ұсынуды жөн көрдік.
Әйтпесе, кәсіптік білім беруде де және
жоғары білім салаларында да – ойласатын
мәселелер жетіп жатыр. Қазіргі аты бар
заты жоқ – гимназия, лицей дегендерді де
ақыл елегінен өткізіп, нақтылы сраптамаса
болмайтын тәрізді. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі
мен білім беру жүйесіндегі реформаның
шынайы мақсаты мен мазмұны аса үлкен
жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе,
кезінде өгейлік көрген қазақ мектептерінің
проблемалары шаш етектен. Олай болса,
жоғарыда айтылған пікірлерді терең түсініп,
дұрыс шешпесек – халқымыздың келешегі
түн-түнекпен шырмалып, сара жолын таппай
көмескілене бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |