Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4. Көмей аурулары
Дауыс қатпарлары орналасқан көмей дауыстың пайда болуына 
(фонация)   қатысатын   мүше   болып   табылады.   Сондықтан   көмейдің 
барлық аурулары мен зақымдалулары дауыс қызметінің бұзылуымен 
байланысты. Мұндай зақымдалулар дисфония, яғни дыбыс биіктігінің, 
күшінің және тембрінің патологиялық өзгеруі түрінде және афония, 
яғни   дыбыстың   мүлдем   болмауымен   байқалуы   мүмкін.   Дисфония 
көбнесе дауыстың қырылдау түрінде болады, кейде өте әлсіз болады, 
кейбір   жағдайда,   керсінше,   дауыстың   қатты   шығуы   байқалады. 
Афония кезінде дауыс мүлдем шықпайды. 
Даму аномалиялары. Көмей үсті құрлысының ауытқулары жиі 
кездеседі. Ол дамымай қалған түрде және мүлдем жоқ болуы мүмін. 
Кейде көмей үсті деформацияға ұшырайды. 
Дауыстың пайда болуы мен сөйлеу қызметіне көмей дефектілері 
маңызды әсер етпейді. 
Кейбір   жағдайда   туа   пайда   болған   көмей   диафрагмасы 
байқалады (48сур.) – дауыс қатпарлары арасындағы жұқа қабыршақ, 
ол ауа өтетін кеңістік қалдырады. Тыныс алу саңылауының жабылу 
дәрежесіне   байланысты   тыныс   алудың   қиындауы   байқалады;   кейде 
басқа да дауыс дефектілері болуы мүмкін. 
48 Сурет. Көмей диафрагмасы.
Көмей диафрагмасын тек хирургиялық жолмен емдейді; бірақ 
кейде операциядан кейін диафрагма қайта пайда болады. 
Көмейдің   бөгде   денелері.  Бөгде   денелер   ауыз   қуысынан 
көмейге   және   төменгі   тыныс   жолдарына   дем   алған   кезде   түседі. 
Көбнесе бұл балаларда кездеседі. Егер бала қандай болсын кішкентай 
затты ауызға салғанда дем алса немесе күлсе, онда дем алған ауаның 
орнына бұл зат тыныс алу жолдарына түседі. 
Көмейге түскен бөгде зат көмейде қалып қойып, трахея және 
бронхаға түсуі мүмкін. 
Кейде   рефлекторлы   түрде   пайда   болған   жөтел   кезінде   бөгде 
заттар   тыныс   алу   жолдарынан   сыртқа   шығады.   Мұрындағы   бөгде 
заттарға   қарағанда   көмей,   трахея   және   бронхаларда   қалып   қойған 
бөгде   заттарды   тез   арада   алып   тастау   қажет,   қабыну   процесінің 
97

дамуын болдырмас үшін. Көмейдегі бөгде заттарды тек дәрігер–маман 
ала алады.
Өткір   ларингит.  Көмей   кілегей   қабатының   өткір   қабынуы, 
немесе өткір ларингит (гректің larynx - көмей),  тұмау кезінде тыныс 
алу   жолдарының   кілегей   қабатындағы   зақымдалудың   салдарынан 
дамиды. Көмейде қабыну процесінің пайда болу себептері – ылғалды, 
суық бөлемеде болу, суық ауаны ауызбен жұту және дауысты қатты 
шығару мен темекі тарту. 
Ең алғашқыда көмейде құрғақ сезім пайда болады, содан құрғақ 
жөтел байқалады, дауыс қырылдап, кейде мүлдем жоғалады (афония). 
Көмейді байқаған кезде кілегей қабаты қысарып, ісінген болады, 
дауыс қатпарлары қалыңдаған, дауыс шығарған кезде олар толығымен 
жанаспайды.   Өткір   ларингит   көпке   созылмайды   және   дұрыс   емдеу 
кезінде сырқат адам 7-10 күннің ішінде жазылып кетеді. 
Негізгі емдеулер – көмейдің толық тыныштық жағдайда болуы. 
5-7 күн толығымен сөйлеспеу қажет, қатты тітіркендіретін тағамдарды 
ішпеу   (бұрыш,   горчица,   уксус),   сонымен   қатар   суық   және   ыстық 
тағамдарды   қабылдамау,   темекі   мүлдем   шекпеу   керек.   Емдеу 
процедуралары   –   жылы   сусын,   мойынды   жылы   ұстау   (таңғыш, 
компресс), булы ингаляция. Дәрігер жазып берген дәрілерді қабылдау. 
Ларингитті алдын алу мақсатында суық ауада сөйлемеу керек, 
әсіресе   балалар,   өйткені   сөйлеген   кезде   тыныс   алу   мұрын   арқылы 
емес ауыз арқылы жүреді, кірген суық ауа осы кезде тікелей көмейге 
түседі. 
Созылмалы   ларингит.  Көмей   кілегей   қабатының   созылмалы 
ларингиті   көбнесе   өткір   ларингиттің   бірнеше   рет   қайталану 
салдарынан дамиды. Оның басқа бір себебі, бұл көмейге қатты күш 
түсіру. 
Созылмалы ларингиттің пайда болу себептері: 
1) мырын   арқылы   тыныс   алу   қиынға   соқса   немесе   мүлдем 
болмаса, ауыз арқылы көп уақыт дем алу;
2) төменгі   тыныс   алу   жолдарының   ауруларында   (созылмалы 
бронхит) байқалатын жөтелдің әсерінен;
3) тұмау   кезінде   мұрынжұтқыншақтан   бөлінетін   кілегейлі 
немесе іріңді бөліністің көмейді тітіркеуі.
Кейбір   жақсы   еститін   балалар   да   дауысты   қатты   шығарып 
сөйлейді, осындай балаларда созылмалы ларингит дамуы мүмкін. 
Созылмалы   ларингиттің   негізгі   белгісі  дисфония  (дауыстың 
өзгеруі) болып табылады. Кейде құрғақ жөтел байқалады. Дисфония 
әр түрлі дәрежеде байқалуы мүмкін; ол дауыс қатпарларының біртекті 
емес ісінуіне және тұтқыр, қою кілегейдің жабысуына байланысты; 
98

ларингиттің құрғақ формасында (атрофиялық) дауыс қатпарларында 
құрғақ   қабыршақтар   пайда   болады,   олар   тек   сөйлеуді   ғана   емес, 
тыныс алуды да қиындатады. 
Созылмалы   ларингитті   емдеу   кезінде   ең   алдымен   көмейде 
созылмалы   қабыну   процестерінің   дамуына   септігін   тигізетін 
себептерді жою қажет. 
Емдеу   процедуралары   ретінде   пульверизация,   ингаляция, 
дәрілік заттарды көмейге жағу мен шаю қолданылады. 
Дауыс   қатпарларының   түйіні.  Дауысқа   ұзақ   уақыт   және 
шамадан тыс күш түсірілсе, онда дауыс қатпарларында түйін пайда 
болады.   Түйіндер   дауыс   қатпарларының   бос   шетінде   симметриялы 
орналасқан, оның мөлшері сондай үлкен емес. Екі дауыс қатпарында 
симметриялы   орналасқандықтан,   олардың   толық   жанасуына 
мүмкіндік бермейді. Қатпарлар арасында саңылау пайда болады, ол 
арқылы ауа шығып, нәтижесінде дауыс қырылдап шығады. 
Дауыс   қатпарларының   түйіні   қатты   дауыс   шығарып, 
айқайлайтын   балаларда,   дауысы   қойылмаған   әншілерде   жиі 
байқалады. Сондықтан дауыс қатпарының түйінің ән айту түйіні деп 
те   атайды.   Кейде   осындай   түйіндер   мұғалімдер   мен   тәрбиешілерде 
болады. Пайда болу себебі көмейдің жиі қабынуы (ларингит). 
Негізгі емдеу шарасы – тыныштық. Дауыс қатпарының түйіні 
бар балалар қатты дауыстап сөйлемеу керек, олар хорға және әр түрлі 
театр қойылымдарына қатыса алмайды. Дәрілік заттар арқылы дауыс 
қатпарларын жағу немесе шаю арқылы емдейді. Егер мұндай емдеу 
нәтиже бермесе, онда операция арқылы алып тасталады, бірақ кейде 
бұл түйіндер қайта шығуы мүмкін. 
Дауыс қатпарының фибромасы -тегіс бетті, дөңгеленіп келген 
ісік.   Ол   дауыс   қатпарының   бір   жағында   және   жиі   жоғарғы   немесе 
төменгі бетте пайда болады. Фиброма кейде қатпарда бүкіл беттігімен 
жатады,   кейде   жұқа   аяқшасы   арқылы   бекініп   тұрады   (49сур.). 
Фиброма өте баяу өседі, оның мөлшері бидай дәнінен ірі бұршаққа 
дейін ауытқиды. 
49 Сурет. Дауыс қатпарларының фибромасы.
99

Егер   фиброма   дауыс   қатпарының   жоғарға   немесе   төменгі 
бетінде   пайда   болса,   онда   ол   дауыстың   сондай   дәрежеде   өзгеруін 
тудырмайды;   ал   егер   ол   қатпардың   бос   шетінде   пайда   болса,   онда 
дауыстың   қырылдауы   байқалады.   Егер   фиброманың   жұқа   ұзын 
аяқшасы болса, онда дауыс өзгермелі болады: фиброма астына түсіп, 
дауыс қатпарында жататын болса, онда дауыс салыстырымды түрде 
таза   болады;   егер   қатпар   арасында   қысылып   қалса,   онда   дауыс 
қырылдайды. Фиброманың дамуы түйіннің дамуы сияқты дауысқа көп 
күш түсіруден пайда болады. Тек хирургиялық жол арқылы емделеді. 
Көмей   папилломасы  –   түсті   орамжапыраққа   немесе   әтеш 
айдарына ұқсас ісік. Кейде папиллома тек дауыс қатпарында болуы 
мүмкін,   бірақ   жиі   түрде   ол   көмейдің   кілегейлі   қабатының   бүкіл 
беттігін алады, кейбір жағдайда жұтқыншақ пен трахеяны да. Мұндай 
жағдайда   жоғарғы   тыныс   алу   жолдарының   папилломатозы   жөнінде 
айтады. 
Папиллома   қандай   болсын   жаста   дамуы   мүмкін,   көбнесе   2 
жастан   8   жасқа   дейінгі   аралықтағы   балаларда   кездеседі,   кейде 
алғашқы айларда дамуы ықтимал. 
Папиллома өте баяу өседі. Оның ең негізгі белгілерінің бірі - 
дауыстың қырылдауы; кейде дауыс мүлдем жоғалып (афония), тыныс 
алу қиынға соғуы мүмкін.
Операция   жасау   арқылы   емдейді,   кейде   рентгенотерапия 
қолданылады.   Рентгенотерапия   оң   нәтиже   берсе,   онда   операция 
жасаудың қажеттілігі болмайды. 
Көмейдің   қауіпті   ісігі.  Көмей   ісігі   көбнесе   қарт   адамдарда 
кездеседі,   бірақ   жастар   арасында   да   байқалады;   саркома   балалық 
жақта жиі дамиды. 
Бұрынғы кезде ісіктің өсуінен және метастаздан пайда болған 
қанның   кетуі   мен   тұншығу   салдарынан   адамдар   өз   өмірлерімен 
қоштасатын.   Ерте   диагностикалаудың   және   емдеу   әдістерінің 
тиімділігіне байланысты қазіргі кезде бұл ауруды емдеу мүмкін болып 
отыр. Қазіргі кезде көмей ісігін емдеу оны толық немесе жартылай 
алып   тастауға   және   рентгендік   сәулемен   немесе   радиймен 
сәулелендіруге негізделген. 
Көмейін   алып   тастаған   адамдардың   сөйлеу   қызметін   қалпына 
келтіру   өте   маңызды   болып   табылады.   Ондай   адамдарда   дауыстың 
пайда   болуы   үшін   өңеш   пен   қарынға   жұту   немесе   сору   арқылы 
жиналатын ауа қолданылады, қарын мұнда өкпені алмастырып тұр, ал 
көмейдегі   кілегей   қабаттың   қандай   болмасын   тарылуы   мен 
қатпарлары   немесе   өңештің   бастапқы   бөлімі   дыбыс   қатпарының 
қызметін   атқарып   тұр.   Қарын   мен   өңештен   шығаттан   ауа   дыбыс 
100

береді,   оны   псевдодауыс   немесе   жалған   дауыс   деп   атайды.   Осы 
жалған   дауыс   артикуляциялық   аппараттың   көмегімен   сөйлеу 
дауысына өзгереді. 
Операциядан кейін дауыстың дұрыс шығуы үшін және сөйлеу 
қызметін   қалпына   келтіру   үшін  логопедиялық   жаттығуларды   жасау 
қажет. 
Жүйке-бұлшық еттің бұзылуы. Балалық шақта көмей параличі 
және   оның   жырылуы   сирек   байқалады.   Олар   орталықтан   және 
перифериядан пайда болуы мүмкін. 
Орталық паралич белгілі бір ми бөлімінің (ми сыңары, сопақша 
ми)   зақымдалуына   байланысты   туындайды.   Ал   перифериялық 
паралич инфекциялық зақымдануынан (рефматизм, дифтерия, тифоз) 
немесе   төменгі   көмейдің   жүйке   мен   жүйке   талшықтарының 
жарақаттануынан   дамиды.   Кейде   көмей   бұлшық   еттерінің   параличі 
және жырылуы бронхиалды, мойын лимфа бездерінің, қалқанша безі 
мен   өңеш   ісігінің   ұлғаюынан   жүйке   талшықтарының   басылып, 
қысылып қалу нәтижесінде пайда болады. 
Егер   бүкіл   жүйке   зақымдалса,   онда   көмейдің   барлық   ішкі 
бұлшық   еттерінің   қызметі   бұзылады,   дауыс   саңылауын   жиыратын, 
босататын бұлшық еттер де; дауыс қатпары жартылай ашық болады, 
фонация кезінде және дем алуда өзгермейді. Фонация кезінде дауыс 
қатпарларының   жанаспауына   байланысты   жабылмаған   дауыс 
саңылауы   арқылы   ауаның   шығуы   жүреді,   дауыстың   пайда   болуы 
бұзылады, афония байқалады. Бірақ бір жақты паралич кезінде басқа 
дауыс қатпары фонация кезінде ортаңғы сызыққа жетіп, зақымдалған 
қатпармен жанасады; осы кезде афония жоғалады. 
Екі жақты паралич кезінде дауыс қатпарлары бір-бірімен жанаса 
алмағындықтан толық афония байқалады.
Дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттің параличі көмейдің 
сәйкес жағын қозғалмайтын қалыпқа әкеледі; дауыс қатпары фонация 
кезіндегідей, орташа қалыпта қалады. Бірақ паралич дауыстың пайда 
болуына   сондай   кедергі   болмайды.   Көмейді   кеңейтетін   бұлшық 
еттердің   екі   жақты   параличі   тыныс   алу   қызметінің   бұзылуын 
тудырады, дауыс саңылауының қажет мөлшерде кеңеймеу салдарынан 
ауа жеткілікті өтпейді. 
Көмейдің   жеке   бұлшық   еттерінің   параличі   мен   жырылуы 
кезінде   электроемдеу   және   жылу   процедуралары   (фарадизация, 
гальванизация,   диатермия   және   т.б.),   массаж,   дауыс   жаттығулары 
жүргізіледі.   Ал   көмейді   кеңейтетін   бұлшық   еттің   екі   жақты 
параличінде операция (трахеотомия) жасалады. 
101

5. Бала тілі мен дауысының бұзылуын алдын алу
Сөйлеу   дыбыстарын   шығару   күрделі   физиологиялық   қызмет 
болып   табылады.   Ол   үшін   орталық   сөйлеу   аппаратының   және 
дауысты   пайда   болдыратын   перифериялық   мүшелер   мен 
артикуляцияның   қалыпты   құрлысы   мен   қызметі   қажет.   Сөйлеу 
аппаратының   қандай   болмасын   бөлімдерінің   даму   дефектілері   мен 
зақымдалулары   дауыс   пен   тілдің   пайда   болуының   кедергі   болады. 
Дауыс пен тіл кемшіліктері көмейдің созылмалы ауруларында, дауыс 
қатпарының   түйінінде,   фибромасы   мен   папилломасында,   мұрын 
арқылы   тыныс   алудың   бұзылуында,   перифериялық   сөйлеу 
аппаратының   дефектілерінде,   мидың   зақымдалуында,   инфекциялық 
аурулар мен ісіктерде пайда болады. 
Сөйлеу   аппаратының   құрлысында   туа   пайда   болған 
дефектілерді   және   жұқпалы   аурулар   нәтижесінде   пайда   болған 
дефектілерді алдын алу кезінде әлеуметтік-алдын алу шараларының 
маңызы өте зор. 
Дауыс   аппаратының   созылмалы   ауруларын   алдын   алу   үшін 
балаларды   тұмаудан,   ангинадан,   өткір   ларингит   пен   басқа   да 
аурулардан сақтау қажет. Баланы жылы киіндіріп, ыстыққа үйретпеу 
керек,   өйткені   организм   өзгермелі   сыртқы   орта   температурасына 
бейімделу қабілетінен айырылады. Әрине, шынығу кезінде абай болу 
қажет:   денені   суыққа   біртіндеп   бейімдеу   керек,   шынығуды   жазда 
бастаған жөн – баланы жалан аяқ жүруге, суық суда шомылуға және 
т.б.;   қандай   болмасын   ауру   пайда   болғанда   шынығуды   тоқтатып, 
толық емделіп болғаннан кейін қайта бастауға болады. 
Денсаулықты   нығайту   мен   организмді   шынықтыруда   дене 
шынықтыру және спорт түрлерінің балалар үшін маңызы зор. 
Көмей   кілегей   қабатының   созылмалы   қабынуын   тудыратын   - 
дем   алатын   ауадағы   зиянды   қоспалар,   әсіресе   темекі   түтіні. 
Сондықтан   балаларға   темекінің   зиянды   жақтарын   сынып 
сағаттарында айтып жеткізген дұрыс.
Мұрын арқылы дем алған кезде ауа механикалық қоспалардан 
тазаратынын жылынатынын және ылғалданатының білеміз. Егер ауыз 
арқылы   дем   алса,   онда   дем   алатын   ауа   зиянды   заттардан   қажетті 
дәрежеде   тазаланбайды.   Сондықтан   қалыпты   тыныс   алуға   бөгет 
болатын   кедергілерді   дем   алуды   қалпына   келтіру   үшін   ғана   емес, 
сонымен   қатар   мұрынның   кілегейлі   қабатының   қорғаныш   қызметін 
қалпына келтіру үшін жояды. Бірақ мұрын қуысы бос болғанымен, 
сөйлегенде, өлең айтқанда, тез жүріп, жүгіргенде ауыз арқылы тыныс 
алу   қажет   болады.   Сондықтан   моншадан   кейін,   қозғалмалы 
102

ойындардан кейін суық ауаға шығып, сөйлемеген жөн. Сонымен қатар 
ылғалды, суық ауа райында тез жүріп, жүгірмеу керек, өйткені осы 
барлық жағдайларда ауыз арқылы дем алынады. 
Артикуляция   мен   дауыстың   пайда   болу   мүшелерінің 
анатомиялық   жағынан   зақымдалуынан   туындаған   дауыс   пен   тіл 
дефектілерін   жою   үшін   медициналық   шаралар,   лагопедиялық 
жаттығулар   қолданылады.   Бірақ   дауыс   аппаратының   осындай 
дефектілері сирек болады. 
Балаларда   сөйлеу   қызметінің   бұзылуы   жиі   байқалады.   Бұл 
көбнесе   тәрбиенің   дұрыс   болмауына   байланысты.   Осыған   орай 
отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде сөз мәдениетінің дұрыс 
болуының   маңызы   зор   болып   отыр,   әсіресе   тілдің   қарқынды   даму 
кезеңінде.   Мектепке   дейінгі   балалар   дұрыс   сөйлеу   ортасында 
дамығаны   дұрыс.   Ата-аналар   мен   тәрбиешілердің   сөйлеген   сөздері 
түсінікті, анық және грамматикалық дұрыс болуы тиіс. Сөзді дұрыс 
айтпау бала тілінің дамуына кедергі болуы мүмкін, сондықтан осыны 
ескерген жөн. 
Балаларда   тіл   дамуының   бұзылуын   алдын   алуда   және 
болдырмауда   кереңдікті   ерте   анықтаудың   маңызы   зор.   Ондай 
балалардың есту мүшелерін дұрыс және уақытында емдеумен қатар, 
олардың тіл дамуына уақытылы жүйелі көмек қажет. Мұндай қөмекті 
оларға барлық қоршаған адамдар, әсіресе ата-аналар беру тиіс. 
Керең   балаларға   арналған   мектептерге   кейде   3-4   жаста   есту 
қабілетінен   айырылған   балалар   түседі,   олардың   тілі   бұл   жаста 
қалыптасқан болады, оны сақтап, дамытуға болушы еді. Есту қабілеті 
төмен   балаларға   арналған   мектептерде   есту   қабілеті   сондай   төмен 
емес,   бірақ   сөйлеу   қабілетінде   кемшіліктері   бар   балаларды 
кездестіруге   болады.   Кейде   ата-аналар   сурдопедагогтар   мен 
логопедтердің кеңесін қолдана отыра, керең және есту қабілеті төмен 
балалардың тілін дамытуда үлкен жетістіктерге жетеді. 
Балалардың тілін өздігінен дамыту үшін олардың есту қабілеті 
жоғары   деңгейде   сақталуы   тиіс.   Есту   қабілетінің   аздап   төмендеуі 
сөздің   айтылу   дефектілерін   және   грамматикалық   құрылуының 
бұзылуын тудырады. Есту дефектілерін уақытында анықтау - алдын 
алудың бір жолы болып табылады. 
Бала   бақша   тәрбиешілері   мен   төменгі   сынып   мұғалімдері 
балалардың сөйлеу дефектілерін алдын алуда және оны болдырмауда 
маңызды   рөл   атқарады.   Олар   сөйлеу   дыбыстарын,   сөзді,   сөз 
тіркестерін және өз ойларын дұрыс айтуға белсенді қатысуы қажет. 
Мұғалім   сөйлеу   кезінде   дұрыс   тыныс   алуға,   анық,   асықпай 
сөйлеуге   бейімдеп,   үйрету   тиіс.   Тұмау   және   басқа   да   тыныс   алу 
103

ауруларында балалар тыныш сөйлеп, ән күй сабағынан босатылғаны 
дұрыс.
Егер   қандай   болмасын   сөйлеу   дефектілері   байқалған   болса, 
мұғалім   түсіндіру   және   дұрыс   артикуляция   көрсеті   арқылы   осы 
кемшіліктерді   жоюға   тырысу   қажет.   Сөйлеу   аппаратының 
анатомиялық   дефектілерінде   логопед   және   дәрігер-мамандар 
жұмылдырылады. 
104

Мазмұны
Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М
ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ 
ПАТОЛОГИЯСЫ............................................................................................... 3
I ТАРАУ. ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ....................................... 4
1. Салыстырымды анатомия және эмбриология бойынша қысқаша 
мәліметтер............................................................................................................. 4
2
. Есту талдағышының перифериялық бөлімі................................................... 6
3. Есту талдағышының өткізгіш бөлімі.............................................................
13
4. Есту талдағышының орталық, немесе қыртыс бөлімі ................................
14
II ТАРАУ. ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ................................
15
1.Физикалық және физиологиялық акустика туралы қысқаша мәлімет........
15
Дыбыстың қасиеті ............................................................................................... 16
Дыбыстың ортада таралуы.................................................................................. 18
Сөйлеу дыбыстары............................................................................................... 20
2. Есту мүшесінің дыбыс өткізгіш және дыбыс қабылдағыш функциялары  21
Дыбыс өткізу........................................................................................................
22
Дыбыс қабылдау..................................................................................................
24
Есту мүшесінің сезімталдылығы.......................................................................
28
Баланың есту қызметінің дамуының негізгі кезеңдері..................................... 31
III ТАРАУ. ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ.................................
32
1. Сыртқы құлақ аурулары.................................................................................. 32
2. Дабыл жарғағының аурулары......................................................................... 34
3. Ортаңғы құлақ аурулары................................................................................. 34
4. Ішкі құлақ аурулары........................................................................................
40
5. Есту жүйкесінің, өткізгіш жолдарының және мидағы есту 
орталықтарының аурулары................................................................................. 41
Е К І Н Ш І Б Ө Л І М
СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ АНАТОМИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯСЫ................................................................................. 44
I ТАРАУ. СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ АНАТОМИЯСЫ........................... 46
1. Мұрын...............................................................................................................
47
2. Ауыз .................................................................................................................
50
3. Жұтқыншақ......................................................................................................
54
4. Көмей................................................................................................................
56
5. Трахея, бронха және өкпе...............................................................................
59
6. Кеуде клеткасы және диафрагма ..................................................................
60
II ТАРАУ. СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ .................... 62
1.Тыныс алу.......................................................................................................... 62
2. Дауыстың пайда болуы (фонация)................................................................. 66
3. Сөйлеу дыбыстарының пайда болуы (артикуляция) ................................... 73
4. Бала тілінің негізгі даму сатылары................................................................. 76
III ТАРАУ. СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ...................... 79
1. Мұрын мен мұрын қуысының аурулары....................................................... 79
2. Ауыз қуысының аурулары.............................................................................. 85
3. Жұтқыншақ аурулары...................................................................................... 89
4. Көмей аурулары...............................................................................................
96
5. Бала тілі мен дауысының бұзылуын алдын алу............................................ 101
105

Байдалинова Б.А.
Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, 
физиологиясы мен патологиясы
Оқу құралы 
Басуға 16.09.2009 ж. қол қойылды. 
Форматы 70х100 1/16. Кiтап-журнал қaғазы.
Көлемi 4,9 шартты б.т. Таралымы 100 дана. Бағасы келiciм бойынша. 
Тапсырыс № 0382
Ғылыми-баспа орталығы
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
140000, Павлодар қаласы, Мир көшесі,60
e-mail: rio@ ppi .kz
106


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет