Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шу әсерінен зақымдануҰзақ уақыт бойы шу әсерінен жүйке 
талшықтары мен спиральды жүйке түінінің жасушаларына таралатын 
кортиев   мүшесінің   талшықты   жасушаларында   дегенеративті 
өзгерістер   дамиды.   Осы   процестің   нәтижесінде   есту   қабілетінің 
прогрессивті түрде төмендеуі байқалады. Осындай ұзақ шудың әсері 
көптеген   өндіріс   орындарында   болады.   Есту   мүшесіне   қауіпті   әсер 
ететін тек шу дыбыстар ғана емес, одан басқа қозғалмалы механизмде 
жұмыс жасайтын цехтағы едендердің дүрсілдеуі де әсер етеді; ондай 
43

дүрсілдеулер адамның денесі арқылы құлаққа беріліп, лабиринт пен 
негізгі мембрананың орын ауысуына түрткі болады. 
Ауалы контузия.  Ауалы контузия («контузия» сөзі «жарақат» 
деген   мағынаны   білдіреді)   жарылыс   толқындарының   әсерінен 
туындап, организмде әр түрлі өзгерістерді және есту талдағышында 
көптеген   ауытқуларды   тудырады.   Жарылыс   толқынның   әсері,   яғни 
атмосфералық   қысымның   күрт   өзгеруі   көбнесе   күшті   дыбыс 
тітіркендіргішіне   сай.   Осы   фактордың   әсер   етуі   нәтижесінде   есту 
талдағышының барлық бөлімдерінде патологиялық өзгерістер пайда 
болады. Дабыл жарғағының зақымдалуы, ортаңғы және ішкі құлақта 
қанның кетуі, кортиев мүшесі жасушаларының орын ауыстыруы және 
бұзылуы   байқалады.   Осындай   зақымдалудың   әсері   есту   қызметінің 
тұрақты бұзылысын тудырады. Есту қабілетінің бұзылуы зақымдалған 
аймақтың ораналасуына және оның ұзақтығына тәуелді. 
Есту   қызметінің   бұзылуы.   Ауалы   контузия   кезінде   есту 
талдағышының перифериялық бөлімдерінің анатомиялық зақымдалу 
нәтижесінде   туындайтын   есту   қабілетінің   бұзылуы   ғана   емес, 
сонымен қатар уақытша есту және сөйлеу қызметтерінің бұзылыстары 
байқалады.   Ондай   бұзылыстар   көбнесе   контузиядан   кейін   болып, 
кереңдікті   тудырып,   сөйлей   алу   мүмкіндігінен   айырады.   Мұндай 
құбылысты  сурдомутизма  деп   атайды   (лат.   «surditas»-   кереңдк, 
«mutismus» - сөйлей алмау). Контузиялы суромутизм қыртыстағы есту 
және сөйлеу орталықтарының тежелуіне байланысты дамиды. 
44

ЕКІНШІ БӨЛІМ
СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ АНАТОМИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯСЫ 
Сөйлу   қызметі   күрделі   мүшелер   жүйесі   арқылы   іске   асады, 
оның перифериялық және орталық сөйлеу аппараттарын ажыратады. 
Перифериялық   сөйлеу   аппаратына   дыбыс   түзуші   және   дыбыс 
шығарушы   мүшелер,   сонымен   қатар   сезгіш   және   қозғалтқыш 
жүйкелер   жатады.   Орталық   сөйлеу   аппараты   мида   орналасқан,   ол 
қыртысты   орталықтардан,   қыртыс   асты   түйіндерден,   өткізгіш 
жолдарынан және сәйкес жүйкелердің ядроларынан тұрады. 
Осы   бөлімде   перифериялық   сөйлеу   аппаратының   қалыпты 
құрлысы,   қызметі   және   негізгі   аурулары   қарастырылады.   Орталық 
сөйлеу   аппаратының   анатомиясы,   физиологисяы   және   патологиясы 
жөнінде   толығырақ   невропатология   және   логопедия   курстарында 
оқылады.   Сондықтан   мұнда   орталық   сөйлеу   аппаратының   анатомо-
физиологиялық сипаттамасы қысқаша беріледі. 
Физиологиялық   тұрғыдан   алғанда,   сөйлеу   шартты   рефлекстер 
механизмі   арқылы   іске   асатын   күрделі   қозғалыс   қызметі   болып 
табылады. Ол сөйлеу бұлшық еттерінен, жұтқыншақ пен тыныс алу 
бұлшық   еттерінен   таралатын   кинестетикалық   тітіркену   негізінде 
пайда   болады.   И.П.Павлов   екінші   сигалдық   жүйенің   физиолгиялық 
негізі   дыбысталатын,   естілетін   және   көрінетін   сөз   дейді,   ал   екінші 
сигналдық   жүйенің   негізі   ол   сөйлеу   мүшелерінен   ми   қыртысына 
түсетін кинестетикалық, қозғалтқыш тітіркенулер. 
Сөйлей   алу   қабілеті   баланың   сыртқы   ортамен   тығыз   қарым-
қатынасы салдарынан дамиды. Осы кезде бала тек дыбыс талдағышын 
ғана   емес,   көру   талдағышын   да   қолданады.   Мұндағы   пайда   болған 
кинестетикалық  тітіркенулер үлкен  жарты шар  қыртысының  сәйкес 
аймақтарына жетеді. Үш талдағыш арасында (қозғалғыш, есту және 
көру) қалыпты сөйлеу қызметінің дамуын қамтамасыз ететін шартты 
рефлексті байланыстар қалыптасып, бекітіледі. 
Соқыр балалардың сөйлеу қызметінің дамуын байқаған кезде, 
сөйлеу   қызметінің   қалыптасуында   көру   талдағышы   екінші   рөлде 
тұрады,   бірақ   осындай   балалрдың   сөйлеуінде   ерекшеліктер 
болғанмен, ол қалыпты дамиды. 
Сонымен, сөйлеу қызметінің дамуы көбнесе қозғалтқыш және 
есту талдағыштарының қызметіне байланысты. 
Есту   талдағышының   қыртыс   ұшы   екі   жақ   самай   бөлімінде 
орналасқан,   ал   қозғалғыш   талдағыштың   қыртыс   бөлімі   мидың 
45

алдыңғы орталық сыңарларында, сонымен қатар екі жарты шарда да 
болады,   сөйлеу   мүшелерінің   (жақ,   ерін,   тіл,   таңдай,   жұтқыншақ) 
қозғалысын қамтамасыз ететін орталықтар осы сыңарлардың төменгі 
бөлімдерінде орналасқан. 
Қалыпты   сөйлеу   қызметі   үшін   сол   жақ   жарты   шардың 
(солақайларда   -оң   жақ   жарты   шардың)   маңызы   өте   зор.   Сол   жақ 
жарты   шардың   жоғарғы   самай   сыңарларының   артқы   бөлімінде 
сенсорлық сөйлеу орталықтары (сезгіш) немесе Верник орталығы, ал 
сол жақ жарты шардың екінші және үшінші маңдай сыңарларының 
артқы   бөлімінде   моторлы   (қозғалғыш)   сөйлеу   орталықтары,   немесе 
Брок орталығы орналасқан (18 сур.). 
18 Сурет. Ми қыртысында қозғалыс талдағышы мен сөйлеу 
орталықтарының аймағы:
1 –қозғалыс талдағышы; 2–сөйлеу қызметінің моторлы орталығы; 3–
сөйлеудің сенсорлы (есту) орталығы.
Сенсорлық орталықтардың зақымдалуы немесе аурулары сөйлеу 
қызметіндегі   дыбыс   талдауының   бұзылуына   әкеледі.   Осы   кезде 
сенсорлық   афазия  пайда   болады,   мұндай   жағдайда   адам   сөйлеу 
элементтерінің   (фонемалар   мен   сөздерді)   айырмашылығын   айыра 
алмайды, соған сәйкес ол сөйлеп жатқан адамды түсінбейді. 
Моторлық орталықтардың зақымдалуы немесе аурулары сөйлеу 
дыбыстарын   шығарған   кезде   туындайтын   кинестетикалық 
(қозғалғыш) тітіркенулердің талдауы мен синтезін бұзады. Осы кезе 
моторлы афазия байқалады, яғни мұнда адам сөз бен сөз тіркестерін 
айта алмайды, бірақ сөйлеу қызметіне (тіл, ерін қозғалысы, ауызды 
жауып,   ашу,   шайнау,   жұту   және   т.б.)   байланысты   емес,   сөйлеу 
мүшелерінің қозғалысы бұзылмайды. 
46

I ТАРАУ
СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ АНАТОМИЯСЫ 
Дыбыс пен сөйлеудің пайда болу қызметі тыныс алу қызметімен 
тығыз   байланысты,   сөйлеу   қызметінің   перифериялық   бөлімі   тыныс 
алу мүшелері болып табылады. Сөйлеу аппаратының перифериялық 
бөліміне   осылар   жатады:   мұрын,   ауыз,   жұтқыншақ,   көмей,   трахея, 
бронхалар, өкпе, кеуде клеткасы және диафрагма ( сур.19). 
19 Сурет. Сөйлеу аппаратының құрылысы
47

1. Мұрын 
Мұрын   тыныс   алудың   алғашқы   мүшесі   болып   табылады.   Ол 
иісті   сезуге,   сонымен   қатар   дауыс   аппараты   түтігінің   түзілуіне 
қатысады. Мұрын сыртқы мұрыннан және мұрын қуысынан тұрады. 
Сыртқы   мұрын  сүйек-шеміршекті   қаңқадан   және   жұмсақ 
бөлімдерден тұрады. Маңдайдан басталатын мұрынның жоғарғы тар 
ұшы   мұрынның   тамыры   деп   аталады;   одан   төмен   және   алға   қарай 
мұрынның   арқасы   созылып   жатыр,   ол   мұрын   ұшымен   аяқталады. 
Мұрынның қозғалмалы бүйір жақтарын мұрын қанаттары деп атайды, 
оның бос жақтары сыртқы мұрын тесіктерін немесе таңау тесіктерін 
құрайды.   Сыртқы   мұрын   қаңқасының   құрамына   жоғарғы   жақ 
сүйектерінің   маңдай   өсінділері   кіреді   (20   сур).   Жұмсақ   бөлімдер 
бұлшық   ет   пен   тері   арқылы   қалыптасады.   Бұлшық   еттер   таңау 
тесігінің тарылып, кеңейуіне мүмкіндік береді.
Мұрын қуысы бір-бірінен кеңсірек шеміршегі арқылы бөлінген 
екі   жақтан   тұрады   (21   сур.).   Жарғақтың   артқы   -жоғарғы  бөлімі  
сүйекті, ал алдыңғы- төменгі бөлімі - шеміршекті болып келген. 
Мұрын қуысының әр бір жартысында төрт қабырғасы болады: 
жоғарғы, төменгі, ішкі және сыртқы. 
20 Сурет. Сыртқы мұрын қаңқасы:
1 –мұрын сүйегі; 2–мұрынның бүйір жақ шеміршегі; 3–үлкен қанатты 
шеміршек; 4–мұрын қанаты; 5–кіші қанатты шеміршек; 6–жоғарғы жақтың 
маңдай өсіндісі.
Мұрын қуысының  жоғарғы қабырғасы, немесе  қақпақшасы 
торлы   сүйектің   үгіткіш   тәріздес   пластинкасының   негізінде   пайда 
болады. Осы пластинканың көптеген саңылаулары бар. Ми сауытына 
бағытталынған оның жоғарғы беткейінде иіс сезу жүйкесінің тамыры 
жатыр.   Одан   төмен   қарай   үгіткіш   пластинка   тесігі   арқылы   мұрын 
48

қуысына баратын иіс сезу жіпшелері таралады (иіс сезу жүйкесінің 
талшықтары).
21 Сурет. Мұрын қуысы бойынша кескіні:
1–төменгі қалқан; 2–ортаңғы қалқан; 3–жоғарғы қалқан; 4–төменгі мұрын 
жолы; 5–ортаңғы мұрын жолы; 6–жоғарғы мұрын жолы; 7–жоғарғы жақ 
қуысы; 8–торлы жасушы; 9–негізгі қуыс; 10–мұрынның кеңсірік шеміршегі.
Төменгі қабырға, немесе  мұрын қуысының түбі  бір уақытта 
ауыз   қуысының   жоғарғы   қабырғасы   болып   табылады.   Мұрын 
қуысының   түбі   жоғарғы   жақ   сүйектерінің   таңдай   өсінділерінің 
ортаңғы   сызығы   бойынша   өсіп   кетуінен   пайда   болады   және   артқы 
жағынан   таңдай   сүйектерінің   горизонтальды   пластинкасымен 
толықтырылады. 
Ішкі,  немесе  мұрын   қуысының   ортаңғы   қабырғасы  –   екі 
жаққа ортақ болып келеді.
Сыртқы,  немесе  мұрын   қуысының   бүйір   қабырғасы 
құрлысы жағынан күрделірек келген. Онда екі жақталулы жарғақтың 
жартысына ұқсас болып келетін үш горизонтальды орналасқан сүйекті 
бастамасы болады. Сыртқы қабырғаның төменгісі сүйекті, ал ортаңғы 
және жоғарғы бөлімдері торлы сүйектің өсінділері болып табылады. 
Кеңсірек   шеміршегінің   астында   үш   мұрын   жолдары   орналасқан: 
төменгі жарғақ пен мұрын қуысының түбі арасында – төменгі мұрын 
жолы, ортаңғы және төменгі жарғақ арасында – ортаңғы мұрын жолы, 
ал жоғарғы және ортаңғы жарғақ арасында – жоғарғы мұрын жолы 
болады.   Барлық   үш   мұрын   жарғақтары   қараған   беттегі   саңылаулы 
кеңістік ортақ немесе жалпы мұрын жолы деп аталады. 
Алдыңғы жағынан мұрын қуысы сыртқы мұрынмен жабылған, 
және тек оның төменгі бөлімінде мұрын кірісі (таңау тесігі) арқылы 
сыртқа ашылады. Мұрын қуысының артқы қабырғасы болмайды, ол 
артқы   жағынан   сопақша   саңылау   арқылы   (хоана)   жұтқыншақ 
қуысымен байланысады. 
49

Мұрын   қуысының   барлық   жақтары   кілегейлі   қабатпен 
қапталған. Мұрын жарғағының жоғарғы, ортаңғы бөлімдерін жауып 
жатқан кілегейлі қабатынан иіс сезу жасушаларымен аяқталатын иіс 
сезу жүйкелерінің өсінділері бұтақталады. Мұрынның осы бөлімін иіс 
сезу аймағы деп атайды. Мұрынның қалған қуыс бөлімдері тыныс алу 
аймағы болып табылады. Эпителии астында кілегей бөлетін көптеген 
бездер орналасқан. 
Кеңсірік   шеміршегінің   кілегейлі   қабатында,   әсіресе   төменгі 
бөлімінде кеңейген венозды түйісулерден тұратын үңгірлі ұлпа деп 
аталатын   ұлпа   болады.   Осы   түйісулердің   қабырғалары   бірыңғай 
салалы   бұлшық   ет   талшықтарынан   тұрады.   Қандай   болмасын 
тітіркендіргіштердің
 
әсерінен
 
(температура,
 
химиялық 
тітіркендіргіштер),   сонымен   қатар   психикалық   факторлар   әсерінен 
үңгірлі   ұлпа   қанға   толып,   ісінуі   мүмкін.   Осындай   ісінулер   кейде 
кездейсоқ жағдайда мұрынның бітелуіне себеп болады. 
Кеңсірік шеміршегінің ортаңғы бөліміндегі кілегейлі қабатында 
қан тамырларының торы орналасқан аймақ болады. Ондай аймақты 
кан кету аймағы дейді және ол мұрыннан жиі қан кету көзі болып 
табылады. 
Мұрын қуысында қосалқы қуыстар бар, олар ауаға толы болып 
келеді;   олар   мұрын   қуысының   қабырғаларын   түзуге   қатысатын 
сүйектерде орналасқан. Осы қуыстар мұрын жолының жоғарғы және 
ортаңғы бөлімінде орналасқан саңылаулар арқылы мұрын қуысымен 
байланысады. 
Барлық   қосалқы   қуыстар   жұпты   болады   (22   сур.).   Маңдай 
сүйегінде   –  маңдай   қуыстары,   жағарғы   жақта   –  жоғарғы   жақты 
(гайморов)   қуысы,   негізгі   сүйекте   –  негізгі   қуыстар  және   торлы 
сүйекте   –торлы   жасушалар  орналасқан.   Қосалқы   қуыстардың 
қабырғасы жұқа кілегейлі қабатпен қапталған. 
22 Сурет. Мұрынның қосалқы қуыстарының орналасу сызбанұсқасы (а–
алдыңғы жағынан, б–бүйір жағынан):
1–жоғарғы жақ қуысы; 2– маңдай қуысы; 3–торлы жасушалар; 4–негізгі 
қуыс.
50

Жаңа туған балаларда қосалқы қуыстар дамымаған, ал маңдай 
қуысы   мүлдем   болмайды.   Ең   бірінші   торлы   жасушалар   дамиды. 
Жоғарғы жақ қуыстары тек тұрақты тістер шыға бастаған кезде ғана 
толық дамып қалыптасады, ал маңдай қуысы тек 4-6 жаста қалыптаса 
бастайды және 20-25 жасқа дейін оның дамуы жалғасады. 
2. Ауыз
Ауыз ас қорыту жолының алғашқы бөлімі бола отыра, ол сөйлеу 
және дәм сезу мүшесі, қажет жағдайда тыныс алу мүшесі де болып 
табылады. 
Анатомиялық жағынан ауыз екі бөлімнен тұрады: ауыздың кіре 
беріс бөлімі және ауыз қуысы. 
Ауыздың кіре беріс бөлімі – алдыңғы және бүйір жақтарынан 
ерінмен, бетпен, ал артқы жағынан –тіс пен тіс еттерімен шектелген 
саңылаулы қуыс болып табылады. 
Ерін  ауыздың   дөңгелек   бұлшық   еттерінен   пайда   болған. 
Олардың   сыртқы   жағы   терімен,   ал   ауыздың   кіре   беріс   бөлімінде 
кілегейлі қабатпен қапталған. Кілегейлі қабат еріннен жоғарғы және 
төменгі   жақтың   альвеолярлы   (ұяшықты)   өсінділерге   ауыса   отыра, 
онымен өсіп кету салдарынан тіс еттерін түзеді. 
Ерін қабатындағы ауыздың дөңгелек пішінді бұлшық еттерінен 
басқа   еріннің   әр   түрлі   қозғалыстарын   қамтамасыз   ететін   көптеген 
бұлшық еттер болады (23 сур.). Жоғарғы ерін бұлшық еттеріне осылар 
жатады:   жоғарғы   ерінді   көтеретін   бұлшық   ет,   кіші   және   үлкен   бет 
бұлшық еті, күлу бұлшық еті, ауыз бұрышын көтеретін бұлшық ет. 
Төменгі ерін бұлшық еттеріне төменгі ерінді түсіретін бұлшық ет пен 
ауыз бұрышын түсіретін бұлшық ет жатады. 
23 Сурет. Ерін және бет бұлшық еттері:
1 - жоғарғы ерін мен мұрын қанатын көтеретін бұлшық ет; 2 - жоғарғы ерінді 
көтеретін бұлшық ет; 3 - кіші бет бұлшық еті; 4 - ауыз бұрышын көтеретін 
бұлшық ет; 5 - улкен бет бұлшық еті; 6 - бет бұлшық еті; 7 – ауыздың дөңгелек 
бұлшық еті; 8 - күлу бұлшық еті; 9 - ерінді төмен түсіретін бұлшық ет; 10– ауыз 
бұрышын түсіретін бұлшық ет; 11 – шайнау бұлшық еті.
51

Бет, ол да ерін сияқты бұлшық етті болып келеді. Бет бұлшық 
еті   сырт   жағынан   терімен,   ал   ішкі   жағынан   кілегейлі   қабатпен 
қапталған. Кілегейлі қабат тістен басқа барлық ауыз қуысының ішін 
жауып жатады. 
Ауыз тесігінің пішінің өзгертетін бұлшық ет жүйесіне шайнау 
бұлшық еттері де жатады. Оларды атап кетсек, ол: шайнау бұлшық 
еті, самай бұлшық еті , ішкі және сыртқы қанаттәріздес бұлшық еттер. 
Шайнау   және   самай   бұлшық   еттері   астына   түскен   төменгі   жақты 
көтереді.   Қанат   тәріздес   бұлшық  еттер   екі  жақтан  жиырыла  отыра, 
жақты алдына қарай қозғалтады; егер бір жағынан ғана жиырылатын 
болса, онда жақ қарама-қарсы жаққа қарай қозғалады. Ауызды ашқан 
кезде   төменгі   жақтың   астына   қарай   түсуі,   ол   өзінің   ауыр   болу 
салдарынан және кейде мойын бұлшық етінің жиырылуынан болады. 
Ерін   және   бет   бұлшық   еттері   бет   жүйкесі   арқылы 
нервтендіріледі.   Шайнау   бұлшық   еті   инервацияны   үштік   жүйкенің 
қозғалтқыш қабығының әсерінен алады.
Тістер  екі   доға   түрінде   орналасып,   жоғарғы   және   төменгі 
жақтардың   альвеолаларында   (ұяшықтарда)   бекітілген.   Әр   бір   тістің 
қаптамасы, тамыры және мойыны болады. Тіс қаптамасының пішініне 
байланысты  күрек тіс, ит тіс, кішкентай және үлкен азу  тістер деп 
ажыратылады. Күрек тістер мен ит тістер алдыңғы, ал азу тістер артқы 
тістерге жатады. Алдыңғы тістер бір тамырлы, ал артқы тістер екі-үш 
тамырлы болып келеді. 
6 - 8 айлық балада алғашқы тістер шыға бастайды, оларды уақытша 
немесе сүт тістері деп атайды. Сүт тістерінің шығып аяқталуы 2,5-3 жасқа 
дейін   созылады;   олардың   жалпы   саны   –   20.   Сүт   тістерінің   орнына 
тұрақты   тістердің   шығуы   7   жастан   басталып,   13-14   жасқа   дейін 
жалғасады. Ал ең ақырғы азу тістері, оларды ақыл тіс деп те атайды 20-25 
жаста, кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Тұрақты тістердің 
саны – 32 (әр бір жақ доғасында 16 тістен, оның 4 – күрек тістер, 2 – ит 
тістері, 4 – кішкентай азу тістер және 6 –үлкен азу тістер).
Жақтардың және тіс жүйесінің қалыпты құрлысында  жоғарғы 
тіс доғасы төменгі жаққа қарағанда бірнеше есе ірі болады, сондықтан 
төменгі   алдыңғы   тістер   жоғарғы   тістермен   сәл   жабылып   тұрады. 
Ондай құрлысты болып келуін қалыпты деп атайды ( 24 сур.). 
24 Сурет. Қалыпты жақ тістерінің орналасуы
52

Қатты таңдай – ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұратын 
сүйекті   қабырға.   Ол  бір  уақытта   ауыз  қуысының  да,   мұрын  қуысы 
түбінің де қақпақшасы болып табылады. Өзінің алдыңғы жағынан ол 
жоғарғы   жақты   сүйек   өсінділерінен,   ал   артқы   жағынан   –   таңдай 
сүйегінің   горизонтальды   пластинкаларынан   пайда   болады.   Қатты 
таңдайды жауып жатқан кілегейлі қабат сүйек қабымен тығыздалған. 
Қатты   таңдайдың   ортаңғы   сызығында   сүйекті   тігін   (шов)   көрініп 
тұрады.
Қатты таңдайдың пішіні дөнестеліп келген. Әр түрлі адамдарда 
қатты таңдайдың конфигурациясы әрқилы.
Жұмсақ   таңдай  қатты   таңдайдың   жалғасы;   ол   кілегейлі 
қабатпен   қапталған   бұлшық   етті   болып   келеді.   Жұмсақ   таңдайдың 
артқы   бөлімі  таңдай   пердесі  деп   аталады.   Таңдай   бұлшық   еттері 
босансып тұрған кезде таңдай пердесі төмен қарай салбырап тұрады, 
ал   жиырылған   уақытта   жоғары   қарай   және   артқа   қарай   көтеріледі. 
Таңдай   пердесінің   ортасында   ұзын   өсінді   –  кішкене   тіл  (бөбешік) 
болады. 
Тіл – бұлшық етті мүше. Тілдің алдыңғы жағы өте қозғалмалы, 
ал артқы жағы бекітілген, сондықтан оны тіл түбі немесе тіл тамыры 
деп атайды. Тілдің осындай бөлімдерін ажыратады: тілдің ұшы және 
алдыңғы   жағы,   тілдің   бүйір   жақтары   мен   тілдің   мойыны,   немесе 
арқасы.
Тіл бұлшық еттерін екі топқа бөледі (25 сур.). Бір топ бұлшық 
еттер сүйекті қаңқадан басталып, тілдің кілегейлі қабатының қандай 
болмасын ішкі беткейінде аяқталады; басқа бұлшық ет топтары өзінің 
екі жақ ұшынан кілегейлі қабаттың кез келген жеріне бекінеді. Бірінші 
топ   бұлшық   еттерінің   жиырылуы   тілдің   жалпы   қозғалысын 
қамтамасыз   етеді,   ал   екінші   топ   бұлшық   еттерінің   жиырылуында 
тілдің   жеке   бөлімдерінің   пішіні   мен   орны   өзгереді.   Тілдің   барлық 
бұлшық еттері жұпты болып келеді. 
25 Сурет. Тіл бұлшық еттері:
1–тілдің көлденең бұлшық еті; 2–иек-тіл бұлшық еті; 3 - тіл асты сүйегі; 4–
тіл асты-тіл бұлшық еті; 5–біз-тіл бұлшық еті; 6 - біз тәріздес бұлшық ет.
53

Тілдің бірінші топ бұлшық еттеріне осылар жатады: 
1.
Иек–тіл   бұлшық   еттері;  төменгі   жақтың   ішкі   беткейінен 
басталып,   тіл  түбі  аймағында   бекітіледі.  Осы  бұлшық ет  тілді  алға 
қарай созыға мүмкіндік береді. 
2.
Тіл асты–тіл бұлшық еттері; тілден төмен және артқы қарай 
орналасқан тіл асты сүйегінен басталады. Осы бұлшық ет талшықтары 
жоғары және алға қарай жылжып, тіл мойынының кілегейлі қабатына 
бекітіледі. Тілді төмен қарай түсіруге арналған. 
3.
Біз   тәрізді–тіл   бұлшық   еттері;  ми   сауытының   негізінде 
орналасқан   біз   тәрізді   өсіндіден   басталып,   алға   қарай   тілдің   шет 
жақтарына кіріп, иек–тіл бұлшық еттеріне қарамақарсы бағытталады. 
Осы   бұлшық   ет   арқылы   тілді   ауыз   қуысының   ішіне   қарай   тартуға 
болады. 
Тілдің екінші топ бұлшық етеріне осылар жатады: 
1.
Тілдің   жоғарғы   көлденең   бұлшық   еттері.  Ол   тіл 
мойынының   кілегейлі   қабатының   астында   орналасқан.   Оның 
талшықтары   тілдің   мойыны   мен   ұшының   кілегейлі   қабатында 
аяқталады. Осы бұлшық еттің жиырылуы кезінде тіл қысқарып, оның 
ұшы жоғары қарай иіледі. 
2.
Тілдің   төменгі   көлденең   бұлшық   еті.  Тілдің   төменгі 
беткейіндегі кілегейлі қабаттың астында орналасқан. Осы бұлшық ет 
жиырылғанда тіл ұшы төмен қарай иіледі. 
3.
Тілдің   бірыңғай   салалы   бұлшық   еті.  Тілді   тарылтып, 
үшкірлетуге мүмкіндік беретін бұлшық ет. 
Тіл   бұлшық   ет   жүйесінің   күрделі   түйісуі,   олардың   әр   түрлі 
жерлерде бекітілуі шайнау, жұту және сөйлеу кезінде тілдің қандай 
болсын бағытқа өзеруін қамтамасыз етеді. 
Тілдің   бетін   жауып   жатқан   кілегейлі   қабатта   дәм   сезу 
талдағышының   соңғы   аппараты   болып   табылатын  –   дәм   сезу 
емізікшелері болады. 
Тілдің   тамырында   тіл   миндальі   болады,   ол   әсіресе   балаларда 
жақсы дамыған. 
Ауыз   қуысының   түбі  төменгі   жақтың   шетінен   тіл   асты 
сүйегіне   баратын   бұлшықетті–жарғақты   қабырғадан   пайда   болады
Тілдің   төменгі   беткейіндегі   кілегей   қабат   ауыз   қуысының   түбіне 
барып,   тіл   асты   байланысын   түзеді.   Кейде   осы   байланысты   мықты 
болмағандықтан, тілдің қозғалысын шектейды. 
Ауыз қуысына сілекей бездерінің жолдары ашылады. Шықшыт 
безінің  өзегі   жоғарғы   екінші   азу   тіске   қарама-қарсы,   ұрттың   ішкі 
беткейіне ашылады, ал тіл асты және жақ асты бездерінің өзегі ауыз 
қуысы түбінің кілегейлі қабатына ашылады. 
54

3. Жұтқыншақ
Жұтқыншақ - қабырғасы бұлшық етті болып келетін, воронка 
тәріздес қуыс мүше. Ол жоғарыда ми саутының негізінен басталып, 
төмен қарай өңешке жалғасады. 
Жұтқыншақ   мойын   омыртқасының   алдыңғы   жағында 
орналасқан.   Оның   артқы   қабырғасы   омыртқаға   бекітілген,   бүйір 
жақтарынан   дәнекер   ұлпасы   жауып   жатады,   ал   алдыңғы   жақтан 
мұрын қуысымен, ауыз қуысымен және көмеймен байланысады.
Жұтқыншақтан   алға   қарай   орналасқан   үш   қуыстарға   сәйкес, 
жұтқыншақтың   үш   бөлімін   ажыратады:
 жоғарғы, 
немесе 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет