Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дыбыс қабылдау 
Негізгі мембрана тербелісі кезінде қозу процесінің немесе жүйке 
импульсінің   пайда   болуымен   жүретін   кортиев   мүшесінің   есту 
жасушаларының  орын  ауысуы  байқалады.   Бұл  дыбыс   қабылдаудың 
бастапқы сатысы болып табылады. Оның алдыңда сыртқы, ортаңғы 
және ішкі құлақтың бір бөлімінде физикалық тербелістердің берілуі 
ғана   жүрді;   кортиев   мүшесінің   түкті   жасушаларын   тітіркендірген 
кезде   дыбыс   тербелісінің   физикалық   энергиясы   жүйке   қозуының 
физиологиялық процесіне айналады. 
Есту   талдағышының   перифериялық   бөлімі   ретінде   болатын 
кортиев мүшесінің функциясы осы айналымдардан тұрады. 
Адамның есту мүшесі әр түрлі биіктіктегі, яғни әр түрлі тербеліс 
жиілікті дыбыстарды қабылдайды. Есту мүшесінің қабылдау ауданы 
секундына 16 тербеліс арасында болатын жиілікті – төменгі шекара 
және   секундына   20 000   тербеліс   арасында   болатын   жиілікті   – 
жоғарғы шекара дыбыстармен шектеледі.
Секундына   16   тербелістен   төмен   жиілікті   дыбыстар   – 
инфрадыбыстарға, ал 20 000 тербелістен жоғары жиілікті дыбыстар – 
ультрадыбыстарға   жатады.   Кейбір   жануарлар   өте   жоғары 
дыбыстарды   қабылдауға   қабілетті.   Мысалы,   иттер   30 000   гц–тен 
жоғары  дыбыстарды,  мысықтар – 40 000 гц–ке  дейінгі дыбыстарды 
25

ажыратады, ал жарқанаттар 50 000– 60 000 гц–ке дейінгі дыбыстарды 
шығарып, қабылдайды. 
Кеңес   ғалымдары   (   Б.М.   Сагалович,   Г.Г:   Мелкумова)   сүйекті 
дыбыс өткізу арқылы адам 250 000 гц жиіліктегі ультрадыбыстарды 
қабылдауға қабілеті бар деген болжам айтқан. 
Дыбысты   қабылдау   аумағында   біздің   құлағымыз   дыбысты 
биіктік,   күш   және   тембр   бойынша   ажырата   алуға   қабілетті.   Осы 
қабілеттілікті   түсіндіру   барысында   бірнеше   теориялар   айтылған 
болатын. Кең таралғаны бұл Гельмгольц ұсынған резонанс теориясы. 
Осы   теорияға   сәйкес   дыбыстарды   биіктік   бойынша   ажырату   осы 
механизм   арқылы   іске   асады.   Әр   түрлі   ұзындықтың   және   әрқилы 
тартылудың   арқасында   негізгі   мембрананың   талшығы   музыкалық 
аспап   шегі   сияқты   өзінің   үні   болады,   және   әрбір   талшық   (немесе 
талшықтар тобы) бірігіп, тек сәйкес үнге тербеліс жасайды. Резонанс 
теориясына сәйкес биік дыбыстарға ұлының негізгі мембранасының 
қысқа талшықтары, ал төменгі дыбыстарға – ұзын талшықтары жауап 
береді. 
Осы теорияға сәйкес күші бойынша әр түрлі дыбыстар негізгі 
мембрана   талшықтарының   әр   түрлі   күшті   құлашты   тудырады, 
тембрдің   айырмашылығы   есту   талдағышының   перифериялық 
бөлімінің қабілетіне негізделген. 
Резонанс теориясын түсіндіру үшін осындай тәжірибе жасалады. 
Егер   рояль   қақпақшасын   көтеріп,  о  дыбысын   қандай   болсын   бір 
биіктікте дыбыстасақ, онда рояльде бұл дыбыс анық қайталанады. О 
дауысты   дыбысы   негізгі   үнмен   қатар   бірнеше   обертоннан   тұрады, 
сондықтан   о   дауысты   дыбысының   негізгі   үні   мен   обертон 
биіктіктеріне сәйкес бірігіп тербелуі байқалады. Резонанс теориясына 
сәйкес ұлуда осындай механизмдер жүруі қажет. 
Резонанс теориясы тұрғысынан дыбысты өткізу және дыбысты 
қабылдау   механизмдері   есту   физиологиясымен   ұштаспайды.   Осы 
қиыншылықтарға орай резонанс теориясына толықтырулар енгізілді. 
Қазіргі   кезде   венгер   физиологы   Бекештің   теориясы 
қолданылады.   Осы   теорияға   сәйкес   дыбыспен   әсер   еткен   кезде   тек 
берілген   жиілікте   резонансталатын   талшықтар   ғана   емес,   негізгі 
мембрананың басқа талшықтары да тербеледі. Осы кезде резонанстың 
көбі   әсер   ететін   дыбыстың   тербеліс   жиілігіне   сәйкес   негізгі 
мембранаға орын ауыстырады, ал дыбыстың биіктігін сезіну негізгі 
мембрана тербелісінің максималды амплитуда жерімен анықталады. 
Жоғары   дыбыс   кезінде   негізгі   мембрананың   максималды 
деформациясы,   сәйкес   кортиев   мүшесінің   рецепторлық 
жасушаларының   максималды   тітіркенуі   ұлудың   негізгі   иінінде 
26

жүреді,   ал   төменгі   дыбыстар   кезінде   ұлудың   жоғарғы   бөлімінде 
жүреді. 
Қазіргі   көзқарастарға   сәйкес   күш   бойынша   дыбыстарды 
ажырату, кортиев мүшесіндегі әр түрлі санды жүйке жасушаларының 
жүйке процесіне қатысуымен түсіндіріледі: неғұрылым дыбыс күшті, 
соғұрылым жүйке жасушалары миға жүйке импульстерін жібереді. 
Ұлуда   дыбыстың   қабылдануында   кеңістіктік   таралу   бар 
екендігін Л.А. Андреев И.П.Павлов атындағы лабораторияда, шартты 
рефлекстер әдісі бойынша иттерге жасаған тәжірибелерінде дәлелдеді. 
Бұл тәжірибелер негізгі мембрананың және кортиев мүшесінің белгілі 
бөлімдері   зақымданса,   онда   белгілі   үнге   пайда   болған   шартты 
рефлекторлық реакция жоғалатының көрсетті. Нақты айтатын болсақ, 
ұлудың негізгі иіні зақымданса, онда жоғары, биік үндерді қабылдау, 
ал   жоғарғы   иін   зақымданса,   онда   төменгі   үндерге   деген   реакция 
жойылады. 
  Осындай   нәтижелер   әр   түрлі   жиіліктегі   күшті   дыбыстардың 
жануарлардың   ішкі   құлақтарына   әсер   ету   ұзақтығында   алынды. 
Микроскопиялық   зерттеулер   кезінде   жоғарғы   үндер   кортиев 
мүшесінің негізгі иінің, ал төменгі үндер ұлудың жоғарғы бөлімдерін 
бұзатының көрсетті. 
Ұлудың әр түрлі бөлімдерінде әр түрлі биіктіктегі дыбыстарды 
қабылдау   адамдардың   ішкі   құлағын   микроскопиялық   зерттеулер   де 
дәлелдеп отыр.
Қазіргі эксперементтік зерттеулер дыбыс тітіркендіргіштерінің 
әсерінен ұлуда үзілісті электрлік тоқтар пайда болатының анықтады. 
Бұл электрлік тоқтар өздерінің ырғағы мен мөлшері жағынан дыбыс 
тербелістерінің жиілігі мен күшін қайталайды. Сонымен, мұнда ұлу 
механикалық   тербелісті   электрлікке   айналдыратын   микрофон   рөлін 
атқарады.   Хирургиялық   жол   арқылы   жануар   ұлуының   дөңгелек 
тәрізді   терезе   аумағына   бір   электрод   (басқа   электод   мойынға 
бекітіледі) орналастырады, содан жануар құлағына қандай болмасын 
дыбыспен   әсер   етеді.   Егер   дыбыспен   әсер   ету   нәтижесінде   пайда 
болған   электрлік   тоқты   қуатты   күшейткіш   арқылы   өткізсе,   онда 
телефон   немесе   дауысзорайтқыш   арқылы   осы   электрлік   тербелісті 
дыбыс   тербелісіне   қайта   айналдыруға   болады,   телефон   мен 
дауысзорайтқыш   дыбысты,   әсіресе   сөзді   анық   шығарады.   Бұл 
құбылыс ұлудың микрофондық эффектісі деп аталды. 
Электрофизиологиялық   зерттеулер   есту   жүйкесінің   әр   түрлі 
талшықтары   дыбыстың   әртүрлі   биіктігіне   сәйкес   қозуды   өткізеді 
деуге негіз бар екендін көрсетеді, яғни дыбыстың әр түрлі биіктікте 
қабылдаудың кеңістіктік тарлауы болады. 
27

Кейбір   ғалымдар   төмен   дыбыстарға   сәйкес   қозуды   өткізетін 
талшықтар   жүйкенің   шеткі   жағында,   ал   биік,   жоғары   дыбыстарды 
өткізетін талшықтар орталық жақта орналасады деп болжайды. 
Дыбыс   тітіркендіргіштерінің   әсерінен   пайд   а   болатын 
импульстер   өткізгіш   жүйке   жолдары   арқылы   есту   орталығының 
қыртыс   және   қыртыс   асты   бөлімдеріне   түседі.   Есту   орталығының 
қыртыс асты бөлімдерінің қозуы шартсыз рефлекстер типі бойынша 
жүретін рефлекторлық реакцияны тудырады. Дыбыс әсерінен пайда 
болған рефлекторлық реакция қатарына, мысалы, қөз қарашығының 
ұлғайуы, қабақтың жанасы, басты бұру жатады. 
Үлкен   ми   сыңарларының   самай   бөліміндегі   қыртыста   дыбыс 
тітіркендіргіштерінің күрделі анализі мен синтезі жүреді. И.П.Павлов 
пен   оның   оқушылары   жасаған   эксперементтік   зерттеулері 
көрсеткендей,   иттерде   дыбысқа   деген   реакция   және   дыбыстардың 
элементарлы дифференциациясы мидың самай бөлімін алып тастаса 
да   сақталады.   Бұл   тәжірибелер   есту   талдағышының   таралған 
элементтері самай бөлімінен тыс та орналасқан, бірақ олар қарапайым 
анализ бен синтезді қамтамасыз етеді. 
Сонымен,   есту   аппаратын   біртұтас   қызмет   ететін,   әр   түрлі 
бөлімдері белгілі бір қызмет атқаратын талдағыш ретінде қарастыру 
қажет.   Перифериялық   бөлімдері   бірінші   талдау   жасап,   физикалық 
энергияны   жүйкелік   қозудың   арнайы   энергиясына   айналдырады; 
өткізгіш жүйке жолдары қозуды ми орталықтарына жеткізеді, ал ми 
қыртысында   жүйкелік   қозу   энергиясы   түйсікке   айналады.   Ми 
қыртысы есту талдағышының жұмысында маңызды рөл атқарады. 
Адамның   естуіне   тән   ерекшелік,   бұл   сөйлеу   дыбыстарын   тек 
физикалық   құбылыс   ретінде   ғана   емес,   мән-мағынаны   айыра   алу 
бірлігі – феномен ретінде қабылдау. Осы қабілеттілік адамда сол жақ 
жарты   шардың   жоғарғы   самайдың   артқы   бөлімінде   орналасқан 
сөйлеудің сенсорлық (сезімтал) орталығының бар болуын қамтамасыз 
етеді. Бұл орталық істен шықса, онда күрделі дыбыс комплекстерін 
(сөйлеуді) анализдеу және синтездеу бұзылады. Сөйлеуге кіретін тон 
мен   шуды   қабылдау   осы   жағдайда   сақталуы   мүмкін,   бірақ   сөз 
дыбыстары ретінде бұл тон мен шуды айыруға мүмкіндік болмайды, 
нәтижесінде   сөйлеуді   түсіну   бұзылады,  сенсорлық   афазия 
туындайды («сөздік кереңдік»). 
Солақайларда   сөйлеудің   сенсорлық   орталығы   оң   жақ   жарты 
шарда орналасқан. 
28

Есту мүшесінің сезімталдылығы
Біздің   есту   мүшеміз   жоғары   сезімталдылықпен   ерекшеленеді. 
Қалыпты жағдайда біз өте төмен тербелісті дыбыстарды айыра алуға 
қабілеттіміз. 
Есту   талдағышының   әр   түрлі   биіктіктегі   дыбыстарға 
сезімталдылығы   бірдей   емес.   Адам   құлағы   1000-3000   тербеліс 
жиілігіндегі   дыбыстарға   сезімтал   болады,   тербеліс   жиілігінің 
жоғарлауына   және   төмендеуіне   байланысты   сезісталдылық 
төмендейді.   Әсересе   өте   жоғары   және   өте   төмен   дыбыстарда 
сезімталдылық күрт төмендейді. 
Жас ұлғайған сайын сезімталдылық өзгереді. 15-20 жаста есту 
сезімталдылығы өте жоғары, содан ол біртіндеп төмендейді. 40 жасқа 
дейін сезімталдылық аймағы 3000 гц, 40-60 жас аралығында 2000 гц, 
60 жастан асқанда 1000 гц.
Дыбыстың минималды күші  есту табалдырығы, немесе есту 
түйсігінің табалдырығы  деп аталады. Есту түйсігінің табалдырығы 
неғұрылым   төмен,   соғұрылым   құлақтың   белгілі   дыбысқа   деген 
сезімталдылығы   жоғары   болады.   Орташа   жиілікте   (1000-3000   гц) 
дыбысты   қабылдау   табалдырығы   төмен,   ал   төмен   және   жоғары 
жиілікте дыбысты қабылдау табалдырығы жоғарлайды. 
Қалыпты жағдайда есту түйсігінің табалдырығы 0 дб-ге тең. Нөл 
децибл   деген   бұл   дыбыстың   жоқтығын   білдірмейді,   бұл   нөлдік 
деңгей,   яғни   дыбысты   қабылдау   интенсивтілігін   өлшеу   кезіндегі 
есептеу   деңгейі   және   ол   қалыпты   есту   кезінде   интенсивті 
табалдырыққа сәйкес келеді. 
Дыбыс күшінің нөлдік деңгейін 1000 гц-тегі үн үшін қалыпты 
есту   кезінде   есту   түйсігінің  табалдырығына   сәйкес   қысым   мөлшері 
деп санау қажет. Бұл 0,000204 бар мөлшеріне тең. 
Дыбыс   күші   жоғарлаған   кезде   дыбыс   қаттылығын   сезіну 
жоғарлайды,   бірақ   дыбыс   күші   белгілі   мөлшерге   дейін   жоғарлаған 
кезде   дыбыс   қатталығының   жоғарлауы   тоқталады,   қысым   сезіліп, 
құлақта   ауру   сезімі   пайда   болады.   Қысым   немесе   ауру   сезіну 
байқалатын дыбыс күшін  жағымсыз түйсіну табалдырығы, немесе 
дискомфорт табалдырығы деп атайды. 
Есту   түйсігінің   табалдырығы   мен   дискомфорт   табалдырығы 
арасы орша жиілік аймағында болады (1000-3000 гц) және мұнда 130 
дб-ге дейін жетеді. 
Есту
 
талдағышының
 
сезімталдылығы
 
қабылдау 
табалдырығымен   ғана   емес,   сонымен   қатар   айырмашылық,   немесе 
дифференциациялы табалдырық мөлшерімен сипатталады. Жиіліктің 
айырмашылық табалдырығын минималды деп атайды. Айырмашылық 
29

табалдырығы 500-5000 гц диапазонында болады және ол мұнда 0,003 
цифрімен белгіленеді. Бұл, мысалы 1000 гц жиіліктен 3 гц жиілігіне 
өзгерсе,   адам   құлағы   оны   басқа   дыбыс   деп   қабылдап,   сезетінін 
білдіреді. 
Дыбыс   күшінің   айырмашылық   табалдырығы   деп   бастапқы 
дыбыстың күшейуін беретін дыбыс күшінің минималды жоғарлауын 
айтады.   Дыбыс   күшінің   айырмашылық   табалдырығы   шамамен   0,1-
0,12, яғни дыбыс аздап күшейтілген болып естілуі үшін оны бастапқы 
мөлшерден 1/10 дейін, немесе 1 дб-ге дейін күшейту қажет.
Сонымен,   қалыпты   ести   алатын   адамда   дыбысты   қабылдау 
ауданы дыбыстың жиілігі мен күшіне тәуелді. Жиілік бойынша ол 16-
20   00   гц   диапазонында,   ал   күші   бойынша   130   дб   (естудің 
динамикалық диапазоны).
Сөйлеу ауданы, яғни сөйлеу дыбыстарын қабылдау үшін қажет 
жиілікті   және   динамикалық   диапазон   қыбылданатын   дыбыстың   аз 
мөлшерін алады, жиілік бойынша 500-3000 гц және күші бойынша 50-
90 дб. 
Сөйлеу   дыбыстарының   көбі,   мысалы   с,   з,   ц   дауыссыз 
дыбыстары   3000   гц-тен   жоғары,   яғни   8600   гц-ге   дейін   жатқан 
форманттарды құрайды. Динамикалық диапазонда сыбырлау деңгейі 
10-15 дб-ге дейін жететінін ескеру қажет. Сөйлеу дыбыстарын анық, 
толық айыру үшін дыбыстың жиілігі мен интенсивтілігі сақталуы тиіс. 
17   суретте   адамның   қалыпты   құлығы   арқылы   қабылданатын 
дыбыс   ауданы   көрсетілген.   Жоғарғы   қисық   әр   түрлі   жиілікті 
дыбыстардың   естілу   табалдырығын,   ал   төменгі   қисық   жағымсыз 
түйсік   табалдырығын   көрсетеді.   Осы   екі   қисық   арасында   дыбысты 
қабылдау   ауданы   орналасқан,   яғни   адам   еститін   барлық   дыбыс 
диапазоны.   Диаграмманың   штрихталған   бөлімдері   жиі   кездесетін 
музыка және сөйлеу дыбыстарының ауданы. 
17 Сурет. Қабылданатын дыбыс ауданы
Есту адаптациясы мен естудің нашарлауы. Есту жарақаты.
30

Дыбыс тітіркендіргіштерімен әсер еткен кезде  есту мүшесінің 
сезімталдылығы   уақытша   төмендейді.   Мысалы,   адам   шулы   көшеге 
шыққан   кезде,   ол   сол   дыбысты   жоғары,   қатты   дыбыс   ретінде 
қабылдайды.   Бірақ   бірнеше   уақыт   өткеннен   соң   сол   шу   дыбыстың 
төмендегенін   сезінеді.   Бұл   күшті   дыбыс   тітіркендіргішін   әсер   ету 
нәтижесінде есту талдағышы сезімталдылығның төмендеуінен дыбыс 
төмен   деп   сезіледі.   Шу   әсерін   тоқтатқан   кезде   есту   мүшесінің 
сезімталдылығы   қалпына   келеді.   Сезімталдылықтың   уақытша 
төмендеуін  адаптация  деп   атайды.   Адаптация   организмнің   күшті 
дыбыстар   әсерінен   қорғап,   бейімдейтін   рекция   болып   табылады. 
Адаптация   кезінде   есту   сезімталдылығының   төмендеуі   уақытша. 
Дыбыс   тітіркендіргішінінің   әсерін   тоқтатқан   кезде   есту   мүшесінің 
сезімталдылығы бірнеше секундтан кейін қалпына келеді. 
Адаптация   процесі   кезінде   сезімталдылықтың   өзгеруі   есту 
талдағышының   перифериялық,   сонымен   қатар   орталық   бөлімде   де 
жүреді.   Бұған   бір   құлаққа   әсер   ету   кезінде   екі   құлақта   да 
сезімталдылықтың өзеруі дәлел бола алады.
Есту   талдағышын   интенсивті   және   ұзақ   түрде   тітіркендірсе, 
естудің   нашарлауы,   немесе   есту   қажуы   пайда   болады.   Бұл   есту 
сезімталдылығының   төмендеуімен   және   оның   қалпына   келу 
уақытының   көп   болуымен   сипатталады.   Егер   адаптация   кезінде 
сезімталдылық   бірнеше   секунд   ішінде   қалпы   келсе,   онда   есту 
талдағышының қажуы кезінде сезімталдылықтың қалпына келуі үшін 
сағат,   кей   кезде   тәулік   бойынша   өлшенетін   уақыт   қажет.   Есту 
талдағышын жиі және ұзақ түрде бірнеше рет тітіркендірсе (бірнеше 
ай   немесе   жыл),   есту   мүшесінің   бұзылуына   әкелетін   қайтымсыз 
патологиялық өзгерістерді тудыруы мүмкін. 
Дыбыс қуаты күшті, аз уақыт әсер етілсе де ортаңғы және ішкі 
құлақтың   анатомиялық   құрлымының   бұзылуымен   жүретін   есту 
жарақаттары туындауы мүмкін.
Егер қандай болсын дыбыс басқа дыбыстың әсер ету фонында 
қабылданса,   онда   бірінші   дыбыс   тыныштық   кезге   қарағанда   жақсы 
естіледі; ол басқа дыбыспен естілмей қалады.
Мысалы, шулы цехте, поезда, метрода сөзді қабылдау нашарлайды, 
ал кейбір әлсіз дыбыстар шулы ортада мүлдем қабылданбайды. 
Бұл құбылыс дыбыстың перделігі (маскировка звука) деп аталады. 
Әр түрлі биіктіктегі дыбыстар үшін перделік (маскировка) бірдей емес. 
Жоғары дыбыстар төменгі дыбыстармен естілмейді, және керсінше. 
Бинауральды   есту.  Екі   құлақтың   бар   болуы   дыбыс   көздерінің 
бағыттарын   анықтау   қабілетімен   түсіндіріледі.   Бұл   қабілеттілік 
бинауральды есту (екі құлақты), немесе ототопик деп аталады. 
31

Есту   талдағышының   осы   қасиетін   түсіндіру   үшін   осындай   үш 
ұсыныстар айтылған болатын: 1) дыбыс көзіне жақын орналасқан құлақ 
дыбысты жақсы қабылдайды; 2) дыбыс көзіне жақын орналасқан құлақ 
бірнеше   есе   ертерек   дыбысты   қабылдайды;   3)  дыбыс   тербелістері   екі 
құлаққа   әр   түрлі   фазаларда   жетеді.   Дыбыс   бағыттарын   айыра   алу 
қабілеттілігі осы үш факторлардың бірігіп әсер етуіне шарттас. 
Дыбыс көзінің бағытын нақты анықтау үшін екі құлақтың есту 
қабілеті бірдей болуы қажет; есту қабілеті төмен де болуы мүмкін, 
бірақ   екі   құлақтың   да   осы   қабілеті   төмен   болуы   тиіс;   егер   дыбыс 
естілсе, онда оның бағыты да дұрыс анықталады. 
Есту талдағышы тек дыбыс бағыттарын айыра алуға қабілетті 
емес, ол одан басқа дыбыс көзінің орналасуын анықтай алады, яғни 
дыбыс көзі орналасқан арақашықтықты бағалай алады. 
Бинауральды есту күрделі дыбыс комплекстерін қабылдай алуға 
және дыбыс көзінің кеңістікте орналасуын (стереофония) анықтауға 
қабілетті.
Баланың есту қызметінің дамуының негізгі кезеңдері
Адамның есту талдағышы туғаннан бастап қызмет ете бастайды. 
Дыбыспен әсер ету кезінде жаңа туған нәрестеде шартсыз рефлекстер 
түрінде   жүретін   және   тыныстың,   пульстің   өзгеруімен   байқалатын 
жауап   реакцияларын   көруге   болады.   Нәрестенің   бірінші   айының 
соңында және екінші айдың басында дыбыс тітіркендіргішіне шартты 
рефлекстер   пайда   болады.   Қандай   болмасын   дыбыс   сигналдарын 
бірнеше   рет   бекіту   жолымен   (мысалы,   қоңырау   дыбысы)   емізу 
арқылы осындай балада дыбыс тітіркендіргішіне жауап ретінде ему 
қозғалыстары пайда болатын шартты рефлекстерді тудыруға болады. 
Нәресте   үш   айдан   бастап   дыбыстың   сапасын   (тембрі,   биіктігі 
бойынша) айыра бастайды. Сонымен қатар нәрестелер дыбыс бағытын 
анықтай алуға қабілетті. 
Кейінгі   кезеңдерде   нәресте   әр   түрлі   интонацияларға   және 
сөздерге байланысты дыбыстарды әр түрлі қабылдайды. Бала сөйлей 
бастауына орай екі және үш жаста есту қызметінің әрі қарай дамуы 
жүреді.   Бір   жастың   соңында   ырғақ   пен   интонация   бойынша   сөзді 
және   сөз   тіркестерін   айыра   алады,   екі   жастың   соңында   және   үш 
жастың басында барлық сөз дыбыстарын айыра алуға қабілетті. 2-3 
жастағы   балалар   сөз   құрлымының   дыбыстарын   толық   айыра 
алғандығымен,   оны   қайталап   бере   алмайды.   Егер   осындай   балаға 
мысалы, «қарандаш» сөзін қайтала десек, ол «каландас» дейді, бірақ 
ересек адам «қарандаш» сөзінің орнына «каландас» десе, онда бала 
осы   сөздің   дұрыс   айтылмағаның   анықтай   алады.   Сөз   құрамының 
дыбыстарын айыра алу қабілеттілігі үш жастың басында аяқталады. 
32

III ТАРАУ
ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ
Осы тарауда есту мүшесінің қалыпты қызметі мен құрлысының 
бұзылуы   нәтижесінде   пайда   болатын   аурулар   жөнінде   айтылады, 
сондықтан   педагогтер   мен   тәрбиешілерге   осының   тәжірибелік 
маңыздылығы өте зор. 
Физиология   тарауында   есту   мүшесінде   дыбысты   өткізу   және 
дыбысты   қабылдау  аппараттары   болатыны  жазылған.   Дыбыс  өткізу 
аппаратына   сыртқы,ортаңғы   және   ішкі   құлақтың   кейбір   бөлімдері 
(лабиринт   сұйықтығы   және   негізгі   мембрана)   жатады;   дыбысты 
қабылдау   аппаратына   есту   мүшесінің   қалған   бөлімдері   жатады, 
кортиев мүшесінің талшықты жасушаларынан бастап, ми қыртысында 
орналасқан есту орталығының жүйке жасушаларына дейін. 
1. Сыртқы құлақ аурулары
Құлақ   қалқанының   қызметі   сондай   күрделі   болмағандықтан, 
оның   барлық   аурулары,   сонымен   қатар   әртүрлі   зақымдалулар   мен 
ауытқулардың   дамуы,   оның   мүлдем   болмауы  естуге   кедергі 
болмайды. 
Ал сыртқы есту түтігінің маңызы өте зор. Есту түтігі белгілі бір 
себептерге  байланысты   бітеліп қалатын  болса,  онда  дыбыстың  өтуі 
қиындап, есту қабілеті төмендейді. 
Сыртқы есту түтігінің атрезиясы.  Сыртқы есту түтігінің туа 
пайда   болған   кемшіліктері   сирек   кездеседі.   Көбінесе   ондай 
дефектілердің   формасы   толық   өсіп   кету   (атрезия)   түрінде   болады. 
Сыртқы есту түтігінің туа пайда болған атрезиясы құлақ қалқанының 
аномалиясымен   бірге   туындайтын   ауытқу,   әсіресе   дамымай   қалған 
құлақ   қалқаны.   Сыртқы   есту   түтігінің   тарылуына   әкеп   соқтыратын 
аурулардың ішінен, түтік қабырғаларының созылмалы қабыну ауруын 
көрсетуге болады. Кейбір жағдайда сыртқы есту түтігінің атрезиясы 
жарақаттанғаннан   кейін   (соққы,   жарақат,   оқ   тиген   кездегі   жарақат) 
немесе күйгеннен кейін түтік қабырғасының қотырлануы нәтижесінде 
пайда болады. Ортаңғы құлақта қабыну процесінің болуы сыртқы есту 
түтігінің   тарылуына   әкеп   соқтырады,   ал   ол   ішкі   құлақтың,   ми 
қабатының қабынуын тудыруы мүмкін. 
Сыртқы   есту   түтігінің   атрезиясы   кезінде   төменгі   толқынды 
дыбыстарды   қабылдау   қабілеті   бұзылады;   жоғарғы   тонды 
дыбыстарды   қабылдау   сақталады,   сүйекті   өткізгіштік   қалыпты,   кей 
33

кезде   жақсарады.   Сыртқы   есту   түтігінің   атрезиясын   емдеу   тек 
жасанды   түрде,   яғни   пластикалық   операция   жолымен   қалпына 
келтіруге болады. 
Күкіртті   қақпақ.  Қалыпты   жағдайда   құлақ   күкірті   сыртқы 
ауадан   келіп   түсетін   шаң   тозаң   бөлшектерімен   араласып,   ұсақ 
түйіршіктерге   айналады.   Ол   жуынған   кезде,   жатқан   кезде   құлақтан 
шығып,   шайылып   кетеді.   Кейбір   жағдайда   құлақтың   осындай 
өздігінен   тазалану   процесі   бұзылып,   күкірт   сыртқы   есту   түтігінде 
жиналады.   Күкірттің   жиналуына   осылар   себеп   болуы   мүмкін:   1) 
күкірт   бөлетін   бездер   қызметінің   күшейуі   (көбнесе   есту   түтігінің 
терісін   тітіркендіру   нәтижесінде);   2)   күкіртті   сыртқа   бөлінуін 
қиындататын - есту түтігінің тар болуы; 3) күкірттің қалыпты емес 
химиялық қасиеттері: тұтқырлығының жоғарлауы, желімді болуы. 
Күкірт   бірте-бірте   жиналып,   сыртқы   есту   түтігін   жауып, 
күкіртті   қақпақ   түзеді.   Күкірттің   жиналуы   сезілмейді,   кішкентай 
саңылау болса да адамның естуі бұзылмайды. Ал егер құлаққа тамшы 
су кіріп кетсе, онда күкірт ісініп, саңылауды жауып тастайды. Осы 
кезде   адамның   құлағы   мен   басында   шу   пайда   болып,   өз   даусын 
қабылдау қиындайды. 
Күкіртті   қақпақтың   пайда   болуы   балаларда   жиі   кездеседі. 
Күкіртті қақпақты емдеу қиын емес: арнайы жұмсартатын препаратты 
тамызу   арқылы   және   жылы   сумен   жаю   арқылы   күкіртті   қақпақты 
жоюға   болады.   Ондау   процедураны   тек   дәрігер   немесе   медицина 
қызметкері   (медбике,   фельдшер)   жасау   қажет.   Өздігінен   күкіртті 
қақпақты тазалау қауіпті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет