Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


– ұлу; 2 - сопақша мидағы есту ядролары; 3, 4, 5 - қыртыс астындағы есту



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1 – ұлу; 2 - сопақша мидағы есту ядролары; 3, 4, 5 - қыртыс астындағы есту 
орталықтары; 6–мидағы өткізгіш жолдар; 7 - мидың самай бөлімінің 
қыртысы.
Есту   ядроларынан   сопақша   миға   қарай   екінші   неврондар 
басталады.   Ядродан   жүйке   талшықтарының   бір   бөлігі   бір   бағытта 
жүреді,   ал   көп   бөлімі   қарама-қарсы   жақтан   өтеді.   Әрі   қарай 
талшықтар   сопақша   миға   жеткен   кезде,   үшінші   неврон   басталады. 
Үшінші   невронның   талшықтары   ми   қыртысының   есту 
орталықтарында аяқталады. Осыдан ақырғы төртінші есту жолының 
невроны басталып, ми қыртысының самай бөлімінде аяқталады. 
4. Есту талдағышының орталық, немесе қыртыс бөлімі 
Есту талдағышының орталық бөлімі ми жарты шарының самай 
бөлімінің жоғарғы жағындағы қыртысында орналасқан. 
Жоғарыда   айтылғандай,   сопақша   мида   есту   талдағышының 
перифериялық   бөлімін   орталық   бөліммен   байланыстыратын   жүйке 
талшықтарының қиысуы жүреді. Сонымен, бір ми жарты шарының 
есту орталығы екі жағынан перифериялық рецепторлармен (кортиев 
мүшесімен) байланыста болады, және керсінше, әрбір кортиев мүшесі 
екі есту орталықтарымен байланысқан. 
15

II ТАРАУ
ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
1. Физикалық және физиологиялық акустика туралы қысша 
мәлімет
Есту   талдағышының   адекватты   тітіркендіргіші   дыбыс   болып 
табылады.   Дыбыс   ортаның   (ауа,   су,   топырақ   және   т.б.)   тербелмелі 
қозғалысы.
Дыбыстың   көзі тербеліп  тұрған  дене  (мысалы, камертон,  шек 
(струна), дауыс қатпарлары) болып табылады. Қандай болсын затқа, 
ортаға тән серпімділіктің арқасында бір жерде пайда болған тербеліс 
көршілес   жерге   беріледі.   Осы   жағдайда   ортаның   тығыздалуы   мен 
тітіркенуі,   яғни   ортаның   серпімділігіне,   тығыздығына   және 
температурасына  тәуелді   белгілі  бір  жылдамдықта  тарайтын  дыбыс 
толқындары туындайды (14 сур.). Мысалы, 0 кезінде ауадағы дыбыс 
толқынының таралу жылдамдығы 333 м/сек, ал суда -1450 м/сек. 
14 Сурет. Есту толқындарының таралуы
Тербеліп тұрған ортаның бірдей жағдайын – қоюлану, тітіркену 
және барлық аралық жағдайларын дыбыс толқындарының фазалары 
деп атайды. Бірдей фазалар арасындағы аралықты толқын ұзындығы 
деп атайды. 
Барлық   тербеліс   қозғалысарындағыдай   дыбыста   осыларды 
ажыратады:  амплитуданы  –   тербеліс   құлашын,  кезеңді  –   толық 
тербеліс қозғалысы өтетін уақытты, және  жиілікті  – бір секундтағы 
тербеліс саны. 
Дыбыс   тербеліс   қозғалыстарының   сипаты   бойынша   екі   топқа 
бөлінеді – тон және шу. Егер тербеліс ырғақты, яғни белгілі бір уақыт 
аралығында дыбыс толқындарының бірдей фазалары қайталанса, онда 
туындайтын дыбыс музакалық тон ретінде қабылданады. 
16

Қарапайым тон түрі – үйлесімді тербеліс, оны таза тон деп те 
атайды. Осы тербеліс жүретін заң бойынша, яғни уақытқа байланысты 
тербеліс амплитудасының өзгеруі графикалық түрде синусоид ретінде 
көрсетілген.   Сондықтан   осындай   тербелістерді   синусоидты   деп 
атайды   (15   сур.).   Таза   тонға   мысал   бола   алатын   бұл   камертонның 
дыбысы. 
Дыбыстың басқа бір тобы – шу. Шуға тарсылдау, гуіл, дабыл, 
сыңғырлау   және   т.б.   жатады.   Шу   ретсіз   (хаосты)   тербелістер 
жиынтығы. 
15 Сурет. Үйлесімді тербелістің графикалық бейнесі
Дыбыстың қасиеті 
Дыбыстарда   үш   негізгі   қасиеттерді   ажыратады:   күші,   биіктігі 
және тембрі. 
Дыбыстың күші тербеліс амплитудасының мөлшеріне тәуелді. 
Неғұрылым   амплитуда   жоғары   болса,   яғни   неғұрылым   тербеліс 
құлашы   кең,   соғұрылым   дыбыс   күштірек   болады,   және   керсінше, 
неғұрылым тербеліс құлашы аз, соғұрылым дыбыс күші аз болады. 
Камертоннан   шыққан   дыбыстың   тербеліс   амплитудасы 
біртіндеп төмендейді, сыртқы ортадағы (ауа) бөлшектердің тербеліс 
құлашы   төмендейді   және   соған   сәйкес   камертонның   дыбыс   күші 
азаяды. 
Дыбыс күші беттіктің бір бірлігіне дыбыс толқыны тудыратын 
қысым   мөлшері   арқылы   анықталады.   Дыбыс   қысымы   бармен 
өлшенеді. Бар – 1м
ә  
көлемде, 1 Ньютонға тең күш тудыратын қысым. 
Осы қысымның мөлшері шамамен атмосфералық қысымның бір жүз 
мың бөліміне тең. 
Тәжірибе жүзінде дыбыс күшін абсолютті емес, салыстырымды 
бірлікте өлшеу ыңғайлы. Осы кезде берілген дыбыс күшінінің шартты 
түрде 0-ге тең дыбыс күшіне қатынас өлшемін анықтайды. Шыққан 
қатынас   жиі   үлкен   шамаларға   ие,   сондықтан   өлшемі   бел   түрінде 
көрсетілетін, оның логарифмі қолданылады. Көбнесе он есе аз бірлік – 
децибел (дб) пайдаланылады. 
Егер, мысалы дыбыс күші 30 дб-ге тең болса, онда шартты түрде 
0-ге тең күшке оның қатынасы 10
3
, немесе 1000. Басқаша айтқанда, 
17

берілген дыбыс күші нөлден 1000 есе көпСоған сәйкес 10 дб кезінде 
оның қатынасы 10
1  
тең болады, яғни берілген күш нөлден 10 есе көп, 
ал 50 дб болғанда, онда қатынас мөлшері 10

тең, немесе 100 000. 
Жалпы,   децибел   санын   біле   отыра,   берілген   дыбыс   күшінің 
нөлге деген қатанас мөлшерін анықтау үшін децибел санын 10-ға бөлу 
қажет және 10-ның дәрежесін шығару керек. 
1 кестеде кейбір дыбыстар интенсивтілігінің деңгейлері децибел 
түрінде көрсетілген. 
1 кесте. Әртүрлі дыбыстардың  интенсивтілік деңгейлері
Дыбыс 
Интенсивтілік 
деңгейлері (дб)
Өте ақырын естілетін дыбыс
0
Жел   кезінде   жапырақтардың   қоғалуынан   пайда 
болған дыбыс
10
Сыбырлау (құлақ маңында)
25-30
Түн кезіндегі қаладағы шу
40
Күндізгі уақыттағы көшедегі шу
50-60
Орташа дыбысты сөйлеу
60-70
Оркестр, радиодағы қатты дыбысты музыка
80
Метро поездындағы шу
90
Қатты дыбысты сөйлеу (шынғыру)
90
Қола материалына балғамен соққан кездегі дыбыс
100
Авиациялық мотор шуы
120
Дыбыстың биіктігі  дыбысталатын  дененің тербеліс жиілігіне 
тәуелді және секундта толық тербеліс санымен өлшенеді. 
Секундына   аз   мөлшерде   тербелетін   (200-300   дейін)   дыбыс 
төмен   дыбыс   деп,   ал   көп   мөлшерде   тербелетін   дыбысты   (2000 
жоғары) жоғарғы дыбыс деп атайды. Секундына тербелетін мөлшерді, 
немесе санды гц (герц –Герц физик есімі) деп қысқаша белгілейді. 
Дыбыс   тембрі.  Дыбыс   тембрі   дегеніміз   әртүрлі   көзден 
шығатын, интенсивтілігі мен биіктігі бойынша бірдей дыбысты бір-
бірінен   ажыратуға   мүмкіндік   беретін   дыбыстың   қасиеті   болып 
табылады. 
Егер   скрипкада,   рояльде   белгілі   бір   нотаны   бірдей   күште 
ойнасақ,   онда   әрбір   жағайда   өзіне   тән   дыбыстар   пайда   болады. 
Биіктігі   мен   күші   жағынан   олар   ерекшеленбейді,   бірақ   өздірінің 
тембрлері арқылы ерекшеленеді. 
Табиғатта   таза   тондар   кездеспейді.   Барлық   дыбыстар,   соның 
ішінде   музыкалық   дыбыстар   бірнеше   қарапайым   дыбыстардан 
тұрады. Музыкалық дыбыстарда биіктігі дыбыс көзіндегі (шек, дыбыс 
18

қатпарлары) тербелістің негізгі жиілігіне тәуелді  негізгі тонды  және 
қосалық   тондарды,   немесе
 обертондарды   ажыратады. 
Обертондардағы тербеліс саны негізгі тон жиілігіне жатады, мысалы, 
2:1, 3:1, 4:1 және т.с.с. Обертондар дыбысқа тембрлік сипат береді. 
Қандай   болмасын   обертон   дыбыстарының   құрамына   кіретін 
арақатынас   күші   мен   саны   белгілі   бір   дыбыстың   туындауына 
қатысатын резонаторлар мөлшері мен пішініне тәуелді болады. Міне, 
осыған байланысты біз әрт үрлі музыкалық аспаптардан, және адам 
дауысынан шығатын дыбыс тембрлерін ажыратамыз. 
Дыбыстың қаттылығы. Дыбыс күші физикалық қасиет болса, 
дыбыстың қаттылығы есту сезімінің интенсивтілігі болып табылады. 
Дыбыстың қаттылығы дыбыстың күшіне байланысты күшейеді, 
немесе   төмендейді.   Бірақ   мұнда   дыбыстың   күші   мен   қаттылығы 
арасындағы қатынастың кейбір ерекшелігін ескерген жөн. 
Біріншіден,   дыбыстың   қаттылығы   дыбыстың   интенсивтілігіне 
қарағанда әлсіздеу болады. Мысалы, дыбыстың интенсивтілігі 10 дб-
ге,   яғни   10   есе   жоғарласа,   онда   дыбыстың   қаттылығы   2   есе 
жоғарлайды. 
Екіншіден, біздің есту мүшеміздің әр түрлі биіктіктегі дыбысқа 
сезімталдылығы   бірдей   емес,   осыған   орай   бірдей   интенсивтіліктегі, 
бірақ әр түрлі биіктіктегі дыбыс әрқилы қаттылықта сезіледі. 
Үшіншіден, дыбысты сезіну есту анализаторының және жүйке 
жүйесінің   жағдайына   тәуелді.   Адам   дыбыс   қаттылығын   бағалау 
қабілетіне   ие.   Дыбыс   қаттылығын   тәжірибе   жүзінде   өлшеуге, 
мысалын,   белгілі   музыкалық   белгілеулер   болып   табылады:   пиано-
пианиссимо   (ррр),   пиано   (р),   меццо-пиано   (mр),   меццо-форте   (mf), 
форте (f), фортиссимо (ff) және форте- фортиссимо (fff). 
Осылардың әрбіреуі ретті түрде екі есе күшті болады. Көптеген 
адамдар   дыбыс   қаттылығының   екі   еселенуін   және   екі   есе   азаюын 
анықтай   алады.   Осы   қабілеттілікті   зерттеу   есту   талдағышының 
қыртыс бөлімдерінің қызметін сипаттау үшін қолданылады. 
Дыбыстың ортада таралуы
Дыбыстың дифракциясы. Белгілі бір жерде туындаған дыбыс 
толқындары   жоғарыда   айтылғандай,   барлық   жақтарға   белгілі   бір 
жылдамдықта   таралады.   Бірақ   дыбыстың   ерікті   түрде   таралуына 
көптеген кедергілер әсер етеді, бұған дыбысты қабылдайтын бас та 
әсер   етеді.   Осыдан   дыбыс   дифракциясы,   яғни   кедергілерден   иілу 
туындайды. Ұзын толқынды болып келетін төменгі дыбыстар жоғарғы 
дыбыстарға   қарағанда   кедергілерге   жақсы   иіледі.   Сондықтан,   егер 
19

қабырға немесе үй артында оркестр ойнаса, онда төменгі дыбыс түтігі 
(труба) флейта дыбысына қарағанда жақсы естіледі. 
Реверберация.  Жабық   бөлмеде   дыбыс   толқындарының 
қабырғада   бірнеше   рет   шағылысуы   жүреді.   Осы   құбылысты 
реверберация деп атайды. 
Күшті   реверберация   әсерінен   бөлмеде   қажетсіз   дыбысталу 
байқалады,   осы   қабырғада   дыбыстың   шағылысуын   төмендету   үшін 
перделер, кілемдер іледі; осы кезде дыбыстың білгілі бір мөлшерде 
сіңуі жүреді. 
Бірақ реверберацияны аса төмендетіп жіберген кезде бөлменің 
акустикалық   сапасы   төмендейді,   дыбыс   тез   арада   сөніп,   естуге 
жағымсыз болады. 
Дыбыс көздерінің ерекше құрылғысы немесе дыбыс таралатын 
бөлмеде   ерекше   форма   беретін   құрылғылар   бағытталынған   болуы 
мүмкін.   Мысалы,   осындай   құрылғылар   ретінде   рупорлар,   сөз 
алмастыру түтіктері, эстрадалық «қауашық» және т.б. қолданылады. 
Резонанс. Егер қандай да бір дыбыс көзінің дыбысталу алаңына 
басқа бір дыбыс шығаратын зат түссе, онда бұл дыбыстың екіншілік 
дыбысталуы,   немесе   резонаторы   болуы   мүмкін;   бұл   құбылыс 
резонанс  деп аталады.  Резонатор  дыбыстың бірінші көзімен бірдей 
болса,   яғни   резонатор   тербелісі   мен   дыбысталған   дене   тербелісі 
бірдей болса, онда резонанс айқын немесе өткір болады. Мысалы, егер 
рояльдің   қақпағын   ашып,   астынғы   аяқ   басқышын   басып,   қандай 
болмасын үн шығарса, онда сол үнге бапталған дыбыс шығады. 
Көбнесе резонатор деп іші қуыс, белгілі бір мөлшерде саңылауы 
болатын   қандай   болмасын   пішінді   денені   айтады.   Осы   қуыстағы 
ауаның,   биіктігі   резонатор   көлемі   мен   саңылау   мөлшеріне   тәуелді 
өзінің  үні болады.  Егер  оған  резонатор  үнімен  бірдей  дыбысталған 
камертонды   жақындатса,   онда   камертон   дыбысы   күшейеді. 
Резонатордың   дыбысталуын   басқа   тәсілдермен   тудыруға   болады, 
мысалы, үрлеу арқылы резонатор ішіндегі ауада тербелісті тудыру. 
Акустикада   резонанс   құбылысын   күрделі   дыбыстарды   талдау 
үшін   қолданылады.   Ол   үшін   тек   белгілі   бір   үнге   жауап   беретін 
Гельмгольц резонаторы (16 сур.) болады. Олардың мөлшері әр түрлі, 
пішіні шар тәрізді, шыны, немесе латуниден жасалады; олардың екі 
саңылауы   болады:   біреуі   жіңішке   келген,   жоғарыда   орналасқан,   ал 
екіншісі   кең,   ол   резонатор   қуысында   дыбысты   бағыттаушы   болып 
табылады.   Осындай   резонаторлар   арқылы   әр   түрлі   күрделі 
дыбыстарды талдауға болады. 
20

16 Сурет. Гельмгльц резонаторы 
Сөйлеу дыбыстары
Қоршаған   дүниенің   барлық   дыбыстарынан   адам   үшін 
маңыздысы бұл сөйлеу дыбыстары.
Акустикалық   көзқарас   жағынан   қарасақ,   сөйлеу   әр   түрлі 
ұзындықта   паузамен   үзілетін   әр   түрлі   дыбыс   ағындары   болып 
табылады.   Сөйлеу   дыбыстарының   ерекшелігі   осындай   акустикалық 
қасиеттері арқылы анықталады: биіктігі, күші, тембрі мен ұзақтығы. 
Осы   сөйлеу   дыбыстарының   қасиеттері   өзара   үйлесу   нәтижесінде 
адамның ойын білдіретін материалдық негіз болып табылады. 
Сөйлеу   дыбыстарын   екі   негізгі   топқа   бөледі:  дауысты  және 
дауыссыз. Дауысты дыбыстар үнді дыбыстар, ал дауыссыз дыбыстар 
шулы дыбыстар болып келеді. 
Дауысты   дыбыстар.   Жеке   дауысты   дыбыстар   арасындағы 
айырмашылық   формант   арқылы   анықталады.   Формант   сөйлеу 
дыбыстарының   күрделі   спектрін   құрайтын   жиіліктің   жеке 
күшейтілген ауданы. Мысалы, а дауысты дыбысы өзінің негізгі үніне 
тәуелсіз,   яғни   қандай   биіктікте   дауыстың   шығарылуына   тәуелсіз, 
1000-нан   1400   гц-ке   дейінгі   ауданды   алатын   осы   дыбыс   үшін   тән 
формант болады. 
2 кесте. Дауысты дыбыстардың формантты құрамы
Дыбыстар 
Форманттар 
Негізгі (гц)
Қосалқы (гц)
У
200-600
Ы
200-600
1500-2300
О
400-800
А
1000-1400
Э
1500-2300
И
2800-4200
600-1000
21

Берілген   кестеде,  у,   ы,   о  дауысты   дыбыстары   төменгі 
форманттармен   (200-   ден   800-ге   дейін)   сипатталатыны,   ал  э,   и   – 
жоғарғы  (1500-ден   4200-ге   дейін),  а  дыбысы   орташа   жиілікті 
формантпен   сипатталатыны   көрініп   тұр.   Сондықтан  у,   ы,   о 
дыбыстарын   шартты   түрде   «төменгі»,   ал  э  және  и  «жоғарғы» 
дыбыстар деп санауға болады. 
Бұл   кестеде  ы  және  э  дауысты   дыбыстарының   негізгі 
форманттарынан басқа интенсивтілігінің аз болуымен ерекшеленетін 
қосалқы форманттары болатыны көрініп тұр. 
Дауыссыз   дыбыстар.  Дауыссыз   дыбыстардың   да   белгілі 
акустикалық   сипаттамалары   болады,   бірақ   олар   күрделірек.   Ұяң 
дауыссыздардың   дыбыстық   талдауы,   мысалы  б,   в,   з,   ж  және   т.б. 
дыбыстардың тербеліс периодымен қатар, периодты емес тербелістердің 
болуын   көрсетеді,   яғни   негізгі   үн   қатынасы   үйлесімді   емес.   Қатаң 
дауыссыздар, мысалы п, ш, ц және т.б. дыбыстардың құрамына әр түрлі 
жиілікті периодты емес тербелісер кіреді.  Л, м  және  н  дауыссыздарда 
дұрыс   периодтылық   байқалады.  Р  үшін   секундына   шамамен   жиырма 
тербеліс жиілікті дыбыс және 200-1500 гц шамасындағы формант тән. Ш 
дауыссыз дыбысы жоғары формантқа ие (1200-6300 гц),  ал  с  дыбысы 
одан жоғары (4200-8600 гц). 
Егер   қандай   болсын   бір   себептерге   байланысты   форманттар 
күшейтіліп, немесе кемітілетін болса, онда сөйлеу түсініксіз болады. 
Форманттардың   осындай   күшейтілуі   мен   кемітілуіне   төмен   сапалы 
дыбыс аппараттарын (радиоқабылдағыш) қолдану себеп болады. 
2. Есту мүшесінің дыбыс өткізгіш және дыбыс қабылдағыш 
функциялары
Есту мүшесінің әр түрлі бөлімдері екі түрлі қызмет атқарады:
1)   дыбысты   өткізу,   яғни   рейепторға   (есту   жүйкесінің   ұшына) 
дыбыс   тербелістерін   жеткізу;   2)   дыбысты   қабылдау,   яғни   дыбыс 
тітіркендіргіштеріне жүйке ұлпасының реакциясы.
Дыбысты   өткізу   функциясы   сыртқы,   ортаңғы   және   ішкі 
құлақтың   құрамдас   бөлімдерінің   сыртқы   ортадан   физикалық 
тербелістерді ішкі құлақтың рецепторлық аппаратына, яғни кортиев 
мүшесінің түкті жасушаларына тасмалдауында жатыр. 
Дыбысты   қабылдау   функциясы   дыбыс   тербелістерінің 
физикалық энергиясын жүйке импульсінің энергиясына алмасуынан 
тұрады,   яғни   кортиев   мүшесіндегі   түкті   жасушалардағы 
физиологиялық   қозу   прцесіне;   осы   қозу   содан   есту   жүйкесінің 
талшықтары  арқылы есту  талдағышының  қыртыс  қабатына  барады. 
22

Сонымен, дыбыс қабылдау есту талдағышының үш бөлімінің күрделі 
функциясы, және ол тек перифериялық бөлімдегі қозудан ғана емес, 
ми   қыртысында   туындайтын   жүйке   импульстерін   талмалдаудан 
тұрады, сонымен қатар осы импульсті есту түйсіктеріне айналдырады. 
В.И.Ленин   түйсікке   осындай   анықтама   берген:   «сыртқы 
тітіркендіргіш   энергиясының   санаға   айналуы».   Есту   мүшесінің   осы 
екі   функциясына   орай   дыбыс   өткізгіш   және   дыбыс   қабылдағыш 
аппараттарын ажыратады.
Дыбыс өткізу
Дыбыс толқындарын өткізуге құлақ қалқаны, сыртқы есту түтігі, 
дабыл   жарғағы,   есту   сүйекшелері,   сопақша   терезелердің   сақиналы 
байланыстары,   дөңгелек   терезенің   (екіншілік   дабыл   жарғағы) 
мембранасы,   лабиринт   сұйықтығы   (перилимфа),   негізгі   мембрана 
қатысады. 
Адамда   құлақ   қалқанының   маңыздылығы   сондай   емес. 
Құлақтарын қозғалта алуға қабілеті бар жануарларда құлақ қалқаны 
дыбыс көзінің бағытын анықтауға көмектеседі; адамда құлақ қалқаны 
дыбыс   толқындарын   жинақтайтын   рупор   қызметін   атқарады.   Бірақ 
осы қатынас жағынан алсақ та құлақ маңызды қызмет атқармайды, 
сондықтан   адам   тыныш   дыбыстырды   естіген   кезде   құлаққа   қол 
алақаның   жақындатады,   осының   салдарынан   рупордың   беттігі 
кеңейеді. 
Дыбыс толқындары есту түтігіне кірген соң, дыбыл жарғағынан 
есту   сүйекшелерінің   тізбегі   арқылы   сопақша   терезеге,   содан   ішкі 
құлақтың перилимфасына барады. 
Дабыл жарғағы тербеліс сандары тек өзінің үніне сәйкес келетін 
(800-100 гц) дыбыстарға ғана емес, ол қандай болмасын дыбыстарға 
жауап береді. Ондай резонанс екіншілік дыбысталатын дене (мысалы, 
рояль шегі немесе Гельмгольц резонаторындағы ауа) тек белгілі бір 
тонға   жауап   беретін   өткір   резонанстан   ерекшеленетін   әмбебап 
резонанс деп аталады.
Дабыл жарғағы мен есту сүйекшелері сыртқы есту жолына келіп 
түсетін   дыбыс   толқындарын   тасмалдап   қана   қоймай,   лабиринт 
сұйықтығындағы тербелістің үлкен амплитудасы мен төмен қысымын 
кіші амплитудалы және үлкен қысымды ауа тербелісіне айналдырады, 
яғни трансформациялайды. 
Бұл   трансформация   осындай   жағдайларға   байланысты   іске 
асады: 1) дабыл жарғағының беттігі сопақша терезе ауданынан 15-20 
есе кең; 2) балғаша мен төсше түзу емес иін түзеді, сондықтан үзеңгі 
23

пластинкасының   аяқ   жағының   ұзындығы   балғаша   сабының 
ұзындығынан бір жарым есе аз. 
Дабыл   жарғағы   мен   есту   сүйекшелерінің   иінді   жүйесінің 
трансформациялау   әсері   25-30   дб-ге   дейін   дыбыс   күшінің 
жоғарлауымен байқалады.   Дабыл жарғағы зақымдалған кезде және 
ортаңғы құлақтың ауруларында осы механизмнің бұзылу салдарынан 
есту қабілеті төмендейді, яғни 25-30 дб-ге дейін. 
Дабыл жарғағы мен есту сүйекшелері тізбегінің дұрыс, қалыпты 
қызмет етуі үшін дабыл жарғағынан, яғни сыртқы есту жолында және 
дабыл қуысындағы ауа қысымы бірдей болуы қажет. 
Дабыл   қуысын   мұрынжұтқыншақпен   байланыстыратын   есту 
түтігінің желдету қызметінің арқасында бұл қысым тепе–тең болып 
сақталады. Жұту қозғалысын жасаған сайын ауа мұрынжұтқыншақтан 
дабыл   қуысына   түседі,   осының   салдарынан   дабыл   қуысындағы   ауа 
қысымы   атмосфералық   қысым   деңгейінде,   яғни   сыртқы   есту 
жолындағы қысым деңгейінде ұсталып тұрады.
Дыбыс өткізгіш аппаратына ортаңғы құлақтың осындай қызмет 
атқаратын бұлшық еттері де жатады: 1) дабыл жарғағының және есту 
сүйекшелер   тізбегінің   тонусын   бірқалыпта   ұстау;   2)   қажетсіз 
тітіркендіргіштерден   ішкі   құлақты   сақтау;   3)   аккомадация,   яғни   әр 
түрлі   биіктіктегі   және   күштегі   дыбыстарға   дыбыс   қабылдағыш 
аппаратының бейімделуі. 
Дабыл   жарғағын   ұстап   тұрған   бұлшық   еттердің   жиырылуы 
кезінде есту сезімталдылығы жоғарлайды. Үзеңгі бұлшық еті қарама-
қарсы   рөл   атқарады   -   олар   жиырылған   кезде   үзеңгінің   қозғалысы 
шектеледі,   осының   салдарынан   ол   қатты   шыққан   дыбыстарды 
бәсендетеді. 
Жоғарыда айтылып кеткен сыртқы ортадан ішкі құлаққа дыбыс 
толқындарының   дабыл   жарғағы   мен   есту   сүйекшелерінің   тізбегі 
арқылы   берілу   механизмі  ауалық   дыбыс   өткізу  болып   табылады. 
Дыбыс   осы   жолдардан   өтпей   ішкі   құлаққа   баруы   мүмкін,   нақты 
айтатын   болсақ   ми   сауыты   арқылы.   Осындай   берілу   механизмі 
сүйектік дыбыс өткізу  болып келеді. Сыртқы орта тербелістерінің 
әсерінен   ми   сауыты   сүйектерінің   және   сүйекті   лабиринттің 
тербелістері   туындайды.   Осы   тербеліс   қозғалыстары   лабиринт 
сұйықтығына   (перилимфа)   беріледі.   Осындай   берілу   дыбысталатын 
дене, мысалы камертон ми сауыты сүйектерімен жанасқан кезде орын 
алады.   Дыбыс   тербелістерінің   сүйектерде   берілетінің   осындай 
тәжірибелерді жүргізу арқылы көз жеткізуге болады: 1) саусақпен екі 
құлақты бітеген кезде, яғни сыртқы есту жолдарына ауа тербелістерін 
жібермеген   кезде   дыбысты   қабылдау   төмендейді,   бірақ   дыбыс 
24

тербелістері   қалай   болса   да   өтеді;   2)   егер   дыбыс   шығарып   тұрған 
камертон   ұшын   төбе   немесе   емізікше   тәрізді   өсіндіге   жақындатса, 
онда   бітеліп   тұрған   құлаққа   қарамастан   камертонның   дыбысталуы 
жақсы естіледі. 
Сүйекті дыбыс өткізу құлақтың патологиясында маңызды орын 
алады.   Осы   механизмнің   арқасында   әр   түрлі   дыбыстардың 
қабылдануы қаматамасыз етіледі. Сүйекті дыбыс өткізу есту жолдары 
толық   бітелген   кезде   (мысалы,   күкіртті   қақпақ)   және   есту 
сүйекшелерінің қозғалыстарын шектеуге әкелетін аурулар ( мысалы, 
отосклероз кезінде) кезінде байқалады. 
Жоғарыда   айтылғандай,   дабыл   жарғағының   тербелісі 
сүйекшелер тізбегі арқылы сопақша терезеге беріліп, кіре беріс саты 
бойынша   дабыл   сатысына   таралатын   перилимфаның   орын 
ауыстыруын   тудырады.   Осы   перилимфа   сұйықтығының   орын 
ауыстыруы дөңгелек пішінді терезе мембранасы арқылы іске асады. 
Перилимфаның орын  ауыстыруы  нәтижесінде  негізгі  мембрана  мен 
оның үстінде орналасқан кортиев мүшесінің тербелісі туындайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет