БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

 
Литература: 
1.  Шнейдер  Л.Б.  Личностная,  тендерная  и  профессиональная  идентичность: 
теория  и  методы  диагностики:  Учебно-методическое  пособие.  –  М.:  Издательство 
Московского психолого-социального института, 2007.  – 128 с. 
2.  Антонова  Н.В.  Проблема  личностной  идентификации  в  интерпретации 
современного психоанализа, интеракционизма и когнитивной психологии // Вопросы 
психологии. – М.: Наука, 1996. –  487 с. 
3.  Джемс  У.  Прагматизм:  новое  название  для  некоторых  старых  методов  мышления
Популярные лекции по философии / Пер. с англ. – Изд.3-е. – М.: ЛКИ, 2011. – 240 с. 
4. Аринушкина Н.С. Об определении и типах идентичности // Мир психологии. 
  2004. – № 2.  С. 27-33. 
5. Павленко В.И. Представление о соотношении социальной и личностной идентичности 
в современной западной психологии // Вопросы психологии. – 2000. – № 1. – С. 92-97. 
6.    Петровский  А.,  Петровский  В.  «Я»  в  «Других»  и  «другие»    во  «мне» 
(опулярная психология): Хрестоматия. – М., 1990. – 303 с. 
7.  Заковоротная  М.В.  Идентичность  человека.  Социально-философские  аспекты  / 
Автореф. дис. на соиск. уч. ст. докт. философ. наук. –  Ростов-на-Дону, 1999. – 31с. 
8.  Маркова А.К. Психология профессионализма. –  М., 1996. – 298 с. 
9.  Евтешина  Н.В.  Динамические  аспекты  профессионального  компонента 
идентичности  психолога  //  Известия  Уральского  государственного  университета.  – 
2007. №52. – С. 154-159. 
10. Завалишена Д.Н. Способы идентификации человека с профессией. // Психология 
субъекта профессиональной деятельности. – 2001. –  №4. –  104 – С. 111-115. 
 
Адельбаева Н.А., Хусаинова Ж.К. 
          Кәсіби сәйкестілікті қалыптастырудың кейбір қырлары 
 
Мақалада  студенттердің  кәсіби  сәйкестілігінің  құрылымының  үдерісі 
қарастырылады,  осы  үдерістің  жүзеге  асуының  психологиялық-педагогикалық 
шарттары, кәсіби танудың негізгі (интеграцияланған) компоненттері анықталады. 
Теориялық  талдау  негізінде  студенттердің  үш  негізгі  кәсіби  сәйкестілігін  
қалыптастыру кезеңдері анықталған. 
Тірек сөздер: Кәсіби сәйкестілік, кәсіби сәкестіліктің құрылымы, кәсіби тану. 
 
Adelbaeva N.A., Khussainova Z.K. 
Тhe formation of professional identity 
The article deals  with the process of students professional identity forming, defines 
the psychological and pedagogical conditions of this process realization, basic (integrated) 
components  of  professional  self-consciousness.  The  three  basic  stages  of  students 
professional identity forming are distinguished on the basis of theoretical analysis. 
Keywords: Professional identity, the formation of professional identity,  professional 
consciousness. 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
34 
 
 
ӘОЖ: 37.018.43 (045) 
 
Кульбаева Б.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
 С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
E-mail: kulbaeva_1972@mail.ru 
 
ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ - КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ 
 
Аңдатпа.  Кадрларды  даярлау  жүйесінің  дұрыс  құрылуы  қазіргі  таңда  әрбір 
азаматты толғандыратын өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Техникалық және 
кәсіптік  білім  беру  орындары  маман  даярлауда  кәсіптік  білім  беру  жүйесін 
басқарудың  барлық  буындарына  жұмыс  берушілерді  қатыстыру,  оларды  тарту, 
ынтымақтастық  және  серіктестік  орнату  жұмыстарын  үнемі  теориялық  білім 
берумен ұштастырып отырғанда ғана сапа мен санның алшақтығы болмайды. 
Тірек  сөздер:  Сапалы  маман,кәсіби  біліктілік, машық,  еңбек  рыногы,  кәсіптік  – 
өндірістік серіктестік, дуальдық жүйе, кадрлық әлеует. 
 
Заман    талабы    өскелең  ұрпақтың  озық  білім  алуы  үшін  мүмкіндік  туғызу. 
«Қазақстан-2050»  стратегиясы  —  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
Жолдауында:  «Техникалық  және  кәсіптік    жоғары  білім  ең  бірінші  кезекте  ұлттық 
экономиканың  мамандарға  деген  қазіргі  және  келешектегі  сұранысын  барынша 
өтеуге  бағдар  ұстауы  керек.  Көп  жағынан  бұл  халықты  еңбекпен  қамту  мәселесін 
шешіп  береді»  —  деп  атап  көрсетілді.  Кәсіби  білікті,  бәсекеге  қабілетті,  білімді 
маман  даярлау  өзекті  мәселе.  Қазіргі  таңда  техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді 
жаңғыртудың  әрекеттестік  түрінің  бірі  ретінде  әдістемелік  жұмыстың  мәні  артты, 
өйткені, білім берудегі өзгеріс, ғылыми  – әдістемелік жүйелік  бағдарларда бәсекеге 
қабілетті жұмысшы кадрларын даярлаудың саласын арттыру айқын көзделе отырып, 
орнығуы  тиіс.  Елбасымыз  Н.Назарбаев    2050  халыққа  жолдауында  «Қазіргі  әлемде 
жай  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  болып  қалғалы  қашан.  Біздің 
азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс 
жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс»- деген [1].  
Әр  мемлекеттің  өз  даму  деңгейі,  өз  бағыт-бағдары  ішкі  экономикалық 
стратегиялық 
мүмкіншіліктеріне 
байланысты. 
Қазақстандық 
экономикалық 
бренділер  жасауда,  өндіріспен  кәсіпорындардың  еңбек  нарығында  бәсекелестікке 
жарай алатындай тауар экспортын жасауға көшу қажеттілігі туындаған тұста сапалы 
кәсіби  маман  даярлау  жаңа  білім  кеңістігін  ашып  отыр  [2,  8  б.].Қазіргі  студент  – 
болашақ  маман.    Білім  алушы  теориялық  білімін  оқу  бағдарламасы  бойынша 
тәжірибелік  машық  негізінде  нақтылайды,  яғни  көзбен  көріп,  қолмен  ұстағанда 
материал  өз  деңгейінде  түсінікті  болады.  Ол  үшін  оқу  орны  алдын  ала  өндірістік 
тәжірибе өткізілетін жұмыс орнын таңдап, болашақта бітіруші түлек маман ретінде 
жұмысқа орналаса алатын мүмкіншілік жасау жастарға үлкен көмек болатыны анық. 
Оқуын тәмамдап қолына дипломын алып, жұмыссыз жүрген жастарымыз қаншама? 
Бұл  жағдай  мемлекетіміздің  өркендеуіне,  жүргізіліп  жатқан  жаһандану  үрдісіне 
әсерін  тигізетіні  сөзсіз.  Неге  жұмыссыздық  көп?  Неге  қолдарында  екі    дипломнан 
жүрсе  де  өз  мамандығы  бойынша  жұмыс  істемейтін  адамдар  қатары  өсуде?    Бұған 
бірнеше жағдайлар себеп болып отыр: 
-
 
жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру үрдісіне араласпайды; 
-
 
өндірістегі мамандар тапшылығы ескерілмейді; 
-
 
оқу  үрдісінде  жоғары  деңгейде  бағыт,  білім    беретін  сапалы,  білікті 
шеберлердің аздығы;  
-
 
оқу орындарында бір – бірін қайталайтын мамандықтардың көптеп ашылуы; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
35 
-
 
маман  даярлайтын  оқу  орындарында  заман  талабына  сай  материалдық  – 
техникалық базысының талапқа сай жабдықталмағандығы.  
Бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлау  білім  мен  ғылымның  және  өндірістің 
тығыз  байланысымен  негізделеді.  Осы  үштік  одақтың  бірлігі  ғана  нарық  талабына 
жауап  беретін  маман  даярлау  механизмдерін  жүзеге  асыра  алады.  Үш  одақты 
ұштастыру  үшін  білім  алушыларды  сапалы  біліммен  қаруландырып,  іскерлік, 
дағдыны  қалыптастыру  қажет.  Бүгінгі  күні  орта  және  арнайы  оқу  мекемелерінің 
алдында  тұрған  міндеті  келешек  жоғары  технологиялық  және  ғылыми  өндірісті 
қамтамасыз ететін кадрлық әуелетті қалыптастыру болып табылады.   Сапалы маман 
даярлауда  теориялық  білімді  игеру  мен  кәсіптік  тәжірибелік  дағдыны 
қалыптастыруда да білім беріп отырған оқытушының шығармашылық әлеуеті, кәсіби 
шеберлігі  жоғары,  сапалы  ұйымдастырылған  оқу-тәрбие  үрдісі,  колледж 
әкімшілігінің  тарапынан  жұмыстың  дұрыс  ұйымдастырылуы,  барлық  мамандықтар 
бойынша  оқу  құралдары  мен  оқу-әдістемелік  кешендердің  болуы,  материалдық-
техникалық  базасы  заманауи  техникалық  құрал-  жабдықтармен  жасақталуы, 
инфрақұрылымын  жаңғырту,  өндірістік  тәжірибе  өтетін  кәсіптік  жұмыс 
орындарымен  серіктестік  орнату  үлкен    рөл  атқарады.  Сабақ  барысында  алынған 
теориялық  білімдерін  өндіріс  орындарына  саяхат  жасап  толықтырып  отырылған 
жағдайда  білім  алушы  тақырыпты  толық  түсінеді.  Өндіріс  орындарында 
ұйымдастырылған  саяхаттар  мен  жүргізілген  тәжірибелер  болашақ  мамандардың 
кәсіптік  сапасының  қалыптасуына  үлкен  үлесін  тигізеді.  Сонымен  қатар,  өндірістік 
орындардан  мамандарды  шақырып,  білім  алушылармен  конференциялар, 
семинарлар,  дөңгелек  үстелдер  өткізіліп  отырылуы  қажет.  Соңғы  жылдардың 
тәжірибесі  интеграция  жағдайында  білікті  мамандарды  даярлау  сапасының 
талаптары  жоғарылап  келетінін  анықтап  отыр.  Осы  орайда  сұранысқа  ие  болатын 
маман даярлаудағы оқу орындарының маңыздылығын баса айтуға болады. Қазақстан 
Респуликасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру 
департаментінің  директоры  Қ.Қ.  Бөрібеков:  «Еңбек  рыногының  талаптарына  мейілінше 
бейімделген кадрлар даярлау үшін оқу орындары мыналарды  жүзеге асыруы тиіс: 
-
 
оқу  орны  профиліне  сәйкес  жергілікті  кәсіпорындармен  қызметтің  барлық 
бағыттары  бойынша  тығыз  байланыс  орнату,  бірінші  кезекте,  оларды  қамқорлық 
кеңесі құрамына ендіру; 
-
 
мамандықтар  тізбесі  мен  студенттер  мөлшерін  жұмыс  берушілердің 
талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес белгілеу; 
-
 
жұмыс  берушілерді  тиісті  мамандықтар  бойынша  оқу  бағдарламалары  мен 
жоспарларын жасау ісіне тарту; бұл орайда нақты жұмыс берушілердің талаптарын ескеру; 
-
 
студенттердің  өндіріс  базасында  кәсіби  практикадан  және  стажировкадан 
өтуін қамтамасыз ету, бітірушілердің жұмысқа орналасуына мейлінше көмектесу» - 
деп көрсеткен өзінің «Бағдар: сапа, икемділік және еңбек рыногы», -  мақаласында.  
Жоғарыда автордың көрсеткен себептермен қоса жергілікті аймақ тұрғындары 
мен білім алушылардың қандай  да бір мамандықты игеру жөніндегі талап-тілектері 
ескерілу тиіс және еліміздегі және әлем бойынша ең тартымды мамандықтарды игеру 
қол жетімді болуы үшін мемлекет тиісті жағдай жасауға тырысуы керек.   
Осы  бағыттардың  жүзеге  асырылуы  -  нәтижеге  бағдарланған  заманауи 
білімділік  технологияларды  қолдану.  Білім  алушылармен  жүргізілген  тәжірибелік 
тапсырмалар,  өндірістік  жағдаяттар  болашақ  мамандардың  кәсіптік  құзыреттілігіне 
назар  аударуға  мүмкіндік  береді.  Әлемдік  тәжірибе  аясында  өтетін  мамандықтар 
бойынша білім беру сапасын тәуелсіз бағалау оқушылардың кәсіптік құзыреттілігінің 
қалыптасу  деңгейін  анықтайды.  Әлемдік  және  жинақталған  тәжірибе  өндірістік 
қажеттілікке  сәйкес  кәсіптік  даярлауды  жүргізу  мемлекеттік  бөлімшелердің,  жұмыс 
берушілердің және білім беру мекемелерінің серіктестігімен қамтамасыз етіледі. 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
36 
 
1-сурет. Өндірісте жоғары деңгейдегі маман даярлаудың басты бағыттары 
 
Орта деңгейлі мамандарды даярлау мәселесіне біздің елде ғана емес, таяу және 
алыс  шетел  елдерінде  үлкен  назар  аударылуда.  Дуальды  оқыту  жүйесі  алдыңғы 
қатарлы  мемлекеттерде  кеңінен  орын  алған.  Шет  елдердің  тәжірибесін  зерттеу 
еліміздің  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  саласында  пайдалы.  Мәселен, 
Швецария,  Ұлыбритания,  Франция,  Германия  және  тағы  басқа  елдерде  Корея 
респуликасының  колледжінде  білім  беретін  педагогтарды  мамандығы  бойынша 
өндіріс орындарына машықтануға үнемі жіберіліп отырылуы теорияны тәжірибемен 
ұштастыруға  ыңғайлы.    Жоғары  оқу  орнын  тәмамдап  келген  жас  мамандар  білім 
алушыларға  тақырыптарды  түсіндірерде  көп  қиыншылықтарға  кездеседі.  Тақырыпты 
теориялық  жағынан  жеткілікті  білгенімен  тәжірибеде  көрмегендігі  үлкен  кедергі  болады. 
Теория мен практиканы ұштастырған маманның  кіріктірілген  сабақ  беруінің  деңгейі жоғары 
болмақ.    Сонымен  қатар  бұл  елдің  тағы  бір  жақсы  дәстүрлерінің  бірі  бітіруші  түлектер 
дипломдық жұмысты орындарда тәжірибе өтіп жүрген өндірістік орындардың тапсырыстарын 
ескере  отырып,  моделдік  техникалар,  машиналар,  роботтар,  жобалар  т.б  дайындайды. 
Дипломдық жұмыстары тиісті дәрежеде болмаған білім алушылар әрі қарай алты айға білімін 
жалғастырады. Соңынан тәуелсіз бағалау орталығына өтініш беріп, тест тапсырылғаннан кейін 
біліктілік сертификаттарын алады.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
37 
Сапалы білім берілмесе, әлеуметтік серіктестік мекемелері келесі оқу жылында 
аталмыш оқу орнымен келісімшартқа отырмайды. Бұл оқу орнына өте тиімсіз. 
Корея респуликасының оқу үрдісінің осы жүйесін маман даярлауда негізге алуға болады.  
Дуальды  оқыту  жүйесі  мамандарды  даярлауда  нарықтық  экономика 
талаптарынан туындаған бірегей жоба. Жобаның мақсаты- нарықтық бәсекелестікке 
төтеп  бере  алатын,  жаңа  инновациялық-технологиялық  бағдарламаларды  меңгеруге 
дайын маман даярлау.  
Бүгінгі  таңда  әлемде  оқытудың  дуальды  жүйесі  техникалық  және  кәсіптік 
маман  даярлаудың  ен  тиімді  жолы  болып  табылады.  Нақты  өндіріс  жағдайларына 
бейімделген,  жұмыс  орнында  дағды  мен  білімді  тікелей  игеруге  бағытталған, 
практикалық  сағаттардың  оқыту  бағдарламасына  үйлесімімен  біріктірілетін  білікті 
мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуальды жүйесі деген атпен белгілі. 
Білім беру жүйесіндегі жақсы бір жаңалық дуальдық жүйе  – берілетін теория 
мен  тәжірибенің  ұштастырылуы.  Дуальдық  жүйе  үш  бағыт  бойынша  жүзеге  асады. 
Ең  алдымен,  оқу  орындарының  материалдық-техникалық  базасы  жаңартылады, 
екіншіден  әлеуметтік  әріптестікті  дамыту  көзделеді,  үшіншіден  бәсекеге  қабілетті 
маман  даярлау  үшін  жаңа  инновациялық  технологиялар  енгізіледі.  Аталмыш  жүйе 
бойынша бұған дейін білім бағдарламасында теорияға 70 пайыз сағат берілсе, қазір  білім 
алушылар 70 пайызын – өндірісте, қалған уақытын колледжде білім алуға жұмсайды.   
Кәсіптік  білім  алғаннан  кейін  жас  мамандар  өздері  жұмыс  іздеп  табандарын 
тоздырып, сергелдеңге түседі. Дуальдық жүйенің тиімділігі білім алушы оқуды тәмамдаған 
соң тәжірибелік машық өткен өндіріс орындарының сұранысы бойынша жұмысқа орналасуға 
жолдама алады және болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады. 
Дуальдық  оқыту  жүйесі  кәсіби  білім  берудің  негізгі  мәселесін  –еңбекке 
орналасуды шешуге және кәсіпорын мен оқу орнының тығыз байланыс   орнатуына 
мүмкіндік  беретінінін  баса  айтуға  болады.  Қазақстан  бойынша  100-ге  жуық 
колледждер, ал биылғы жылы Ақтөбе қаласында бес  колледж осы жүйені қолдап, өз оқу-
тәрбие  үрдісіне  енгізгелі  жатыр.  Әр  оқу  орнының  алдына  қойып  отырған  мақсат  -  кәсіби 
білікті кадрларды дайындауда әлеуметтік серіктестікті дамытып, одан әрі жандандыру.  
Дуальдық  оқыту  жүйесін  оқу-тәрбие  процесіне  ендіруден  бұрын  типтік  оқу 
бағдарламалары  мен  жоспарлары  дайындалып,  бекітіледі  және  өндіріс,  оқу  орны 
және кәсіпкерлер палатасымен үш жақты  келісім шартқа отыру жұмысы жүргізіледі. 
Кәсіпкерлер  палатасы  өндіріс  орнымен  біріге  отырып  білім  алушыларға  оқу 
орындарын  дайындап,  сұраныс  бойынша  өтініштерін  қабыл  алып,  білім  алушыға 
тәлімгерлер  бекітіледі.  Кәсіпорындағы  тжүргізілетін  тәжірибелік  сағаттар  сол 
жердегі  жетекші  мамандардың  тікелей  қатысуымен  іске  асырылады.  Тәжірибелік 
сабақтардың  қорытынды  нәтижесі  емтихан  тапсыру  кездінде  анықталады.  Емтихан 
алудан  бұрын  колледж  оқытушылары  мен  кәсіпорынның  жетекші    мамандарынан 
емтихандық комиссия құрылады. Емтихан алыну мақсаты  – білім алушының кәсіби 
құзіреттілікті және  теориялық білімді меңгергенін анықтау және дәлелдей алуы. 
Дуальдық жүйенің дәстүрлі оқыту жүйесінен негізгі артықшылығы: 
-
 
маман  даярлауда  дәстүрлі  оқыту  әдістері  мен  тәсілдеріне  қарағанда  теория 
мен практика арасындағы үздіксіз байланысы; 
-
 
дуальдық  жүйе  механизмінде  жеке  тұлғаны  болашақ  маман  ретінде 
психологиялық дайындау;  
-
 
жұмыс  берушілер  өздерін  кәсіби-функционалды  құзыреттілігі  жоғары, 
білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешеді; 
-
 
дуальдық жүйе оқытудың дәстүрлі жүйесінің негізгі кемшілігін - теория мен 
тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды; 
-
 
болашақ  мамандардың  білім,  білік,  дағдыны  қалыптастыруда  өндіріс 
орнында алған білімдерінің сапасы жоғары болуы; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
38 
-
 
өндіріс  орындарының  басшыларының  болашақ  «өз»  мамандарының  білім 
алуына тікелей қатысуы;  
-
 
білім алушыларда білім алу мен дағдыны қалыптастыруға мотивация туады; 
-
 
өндіріспен  тығыз  байланыста  бола  отырып  оқу  орны  сол  жұмыс  орнының 
талаптарын білім беру барысында ескеріп отырады.  
Дуальды  оқыту  жүйесін  енгізу  білім  беру  ұйымдарында  төмендегідей 
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:  
-
 
оқу  орнының  беделінің  артуына  және  білім  алушылар  контингентінің 
жоғарылауына ықпалы тиеді; 
-
 
мамандық таңдауда қызығушылық танытып, шығармашылық қабілеттері мен 
біліктіліктері артады; 
-
 
білім  беру  орны  мен  кәсіпорындармен  ынтымақтастық  орнату  аясының 
кеңейуіне жол ашылады және бәсекелестікке қабілеті артады.  
Бұл оқыту  жүйесінің  артықшылығымен  қатар оқыту  үрдісіне  жүйені  енгізуде 
бірқатар қиыншылықтар кездеседі: 
-аталған мамандықтар бойынша өндіріс орындарының тапшылығы; 
-  мамандықтар  бойынша  арнайы  пән  оқытушыларының  біліктілікті  арттыру 
курстарынан өткізудің сапасының төмендігі; 
-  әлеуметтік  серіктестердің  санының  аздығы,  оқу  орынының  материалдық- 
техникалық базаның толық жабдықталмауына асерин тигізеді.  
Дуальдық  жүйеден  өндіріс  орнының  ұтатыны  мамандарды  жұмыс  орнында 
қойылатын  талаптарына,  сұраныстарына  сәйкестендіріп  және  оқу  орнында  оқыған 
үш-төрт  жылдың  ішінде  білім  алушылардың  ішінен  жақсы  оқитын,  іскер, 
жауапкершілігі жоғары оқушыларды таңдап алуына мүмкіндік  бар. Сонымен қатар, 
қызметкерлерді оқытып немесе қайта оқытып уақыт және  қаражат жұмсамайды. 
Жастайынан өндіріске келген адам жұмыста өзін өз орнында жүргеніне сенімді 
болады. Бұл өндірісте қызметкерлердің тұрақтауына да септігін тигізеді. 
Дуальдық жүйені енгізу барысында оқу орындары төмендегідей ұсыныстарды ескерсе:  
-
 
Біріншіден, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі өндіріс 
шеберлерінің біліктілігін әлемдік деңгейге көтеру; 
-
 
Екіншіден, жұмыс берушілердің, оқу орындары мен жергілікті атқарушы 
органдардың  мүдделері  көрсетілген  «Әлеуметтік  серіктестік»  қаулылары,  ережелері 
мен Заңдарын қабылдау.  
Дуальды оқыту жүйесі алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланып, кәсіби 
мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі тәжірибеде дәлелденген. Мысалы: 
Германияда  «Кәсіптік  оқыту  туралы»    заңы  білім  алушылардың    қандай 
өндіріске  барып,  қандай  бағдарламаға  қатысуға  болатындығын  анықтауға 
көмектеседі. Еңбек министрлігі «Оқыту туралы ережесі» жүргізілетін емтихандардың 
талаптарын реттейді. Дуальдық жүйе Германияда оқу үрдісіне енгізілген және оның 
тиімділігін мемлекеттің экономикалық жетістіктерінен көруге болады. 
Аталмыш  жүйе  барысында  әрбір  тұлғаның  ересек  өмірге  бейімделуге,  маман 
ретінде  қалыптасуға,  еңбек  жолын  дұрыс  таңдауына  және  ұжымда  жұмыс  жасай 
білуіне, әлеуметтік құзіреттілік пен жауапкершілікті сақтауға үйренеді.  
Мемлекет экономикасының белгілі бір деңгейге көтерілуіне дуальдық жүйенің 
әсерінің  айтарлықтай  ұтыста  болатыны  анық. Аталмыш  оқыту  жүйесі  төмендегідей 
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: 
-
 
«тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді; 
-
 
инновациялық заманауи талаптарды меңгереді; 
-
 
жаңа ортаға бейімделген дайын маман қалыптасады; 
-
 
бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
39 
Болашақта  тәжірибе  базаларын,  әлеуметтік  серіктестердің  кәсіпорындарында 
үздіксіз  өндірістік  оқытуды  жүргізуді,  кәсіпорында  тәлімгерлікті  ұйымдастыруды, 
мамандарды  даярлауда  жұмыс  берушілерді  тартуды,  емтихан  комиссиясының 
жұмысына  жұмыс  берушілерді  қатыстыруды,  оқу  бағдарламаларын  рецензиялауды, 
оқу жоспарларын түзетуді, дөңгелек үстелді жүргізуді кеңейтуіміз қажет. Білім беру 
ұйымдарындағы  мамандардың  шет  елдерде  білім  алуын  қамтамасыз  етіп,  үнемі 
білімдерін  жетілдіріп  отыру  жолға  қойылуы  кәсіптік-техникалық  мамандарды 
дайындауда  пайдасы  зор,  Жұмыс  берушілермен  серіктес  байланысты  нығайту,  оқу 
үрдісіне  заманауи  технологиялар  мен  әдістемені  енгізу  техникалық  және  кәсіптік 
білім  беру  мазмұнын  жаңартуына,  түлектерді  еңбек  нарығында  әсерлі  тәртіпке 
даярлауына мүмкіндік туғызады. Өйткені заманауи жұмысшы – шығармашыл, өз ісін 
ойлай білетін, жұмыс уақытын әсерлі түрде қолдану үшін білімдері мен дағдыларын 
дұрыс  бағыттайтын, жалпы адамгершілік қасиеттерімен иеленетін маман. 
Бұл жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, 
іскерліктерді жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, 
білім,  ғылым,  өндірістің  өзара  байланысын,  өзара  кірігуін  қамтамасыз  ету  арқылы 
кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде.  ҚР  Президенті    Н.Ә. 
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. - Болашақ, 2014. – 39 б.  
2.  Ахат  Н.А.  Кәсіби  педагог  даярлаудағы  өзекті  мәселелер  //  Техникалық  және 
кәсіптік білім. – 2015. – №3 (22). – Б. 45.  
3.  Муканова  Ж.Е.  Жоғары  деңгейдегі  маман  даярлаудың  басты  бағыттары  // 
Қазақстан кәсіпкері. – 2011. – №1 (32). – Б. 90-95.  
4.  Аширова  Б.А.  Білім  беру  ұйымдарындағы  ұжымдық  шарт  //  Білім  беру 
мекемесі басшыларының анықтамалығы. – 2014. – №3 (87). – Б. 91. 
 
Кульбаева Б.С. 
Дуальная система обучения – основа профессионального образования 
Создание    системы  подготовки  кадров  является  одной  из  актуальных 
проблем,  волнующих  каждого  гражданина  в  настоящее  время.  Участие 
работодателей  в  профессиональной  подготовке  специалистов  во  всех  звеньях 
системы управления технического и профессионального образования, привлечение их 
к  сотрудничеству  и  партнёрству  не  допукает  теоретического  расхождения  в 
сочетании количества и качества. 
Ключевые 
слова: 
Компетентный 
специалист, 
профессиональная 
квалифицированность, 
навыки, 
трудовой 
рынок, 
профессионально– 
производственное партнёрство,  дуальная система, кадровый  потенциал. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет