А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Төлегенов Е.М. Еуразияшылдық идеясы интеграциялық процестің бастамасы ретінде
165
кµптеген келiсiмдер µз ќызметтерiн жалѓастыра алмады [4].
Мемлекетаралыќ интеграция процестерiнiњ алѓа ќойѓан маќсаты жєне
белгiлi бiр жоспарлары бар. Осы т±рѓыдан алѓанда, интеграциялыќ топтыњ
саяси институт ретiндегi белгiлерiнiњ мањызы жоѓары, ОАО ќызмет еткен
аралыќта бiрнеше iрi саяси институттардыњ ќ±рылуы интеграциялыќ
ќ±рылымдарыныњ белгiлi бiр халыќаралыќ ќ±ќыќтыќ негiздерiнiњ бекiп, єрi
ќарай µсуiне жаѓдай жасады. Орталыќазияттыќ одаќтыњ єрi ќарай µмiр
с‰ру тәжірибесі кµптеген ќол ќойылѓан келiсiмдердiњ ж‰зеге асуыныњ
к‰рделi екендiгiн байќатты. Алѓашќыда Орталыќазияттыќ интеграция µзi
сияќты топтардыњ, бiрiншi кезекте Еуропалыќ ќауымдастыќтыњ (ЕС)
табысты
єлемдiк
тєжiрибесiн
аймаќта
ќалыптасќан
жаѓдаймен
±штастырѓысы келедi. Сондыќтан Орталыќ Азия шењберiндегi бiрќатар iрi
келiсiмдердiњ ќызмет iстемегенi µзiнен µзi зањдылыќ болып шыѓады.
Интеграциялыќ бiрлестiкке алѓашќыда ж‰ктелген жоѓары мiндеттер
кµптеген мєселелердi шешу барысында белгiлi бiр бiрiгудi ќажет еттi, б±л
ендi ѓана тєуелсiздiкке ќол жеткiзiп отырѓан интеграцияныњ кейбiр
м‰шелерi ‰шiн ќиын жаѓдай едi. Орталыќазияттыќ интеграцияныњ саяси
институт ретiнде µзгерiсi зањдылыќ болып есептеледi. Б±л баѓыт ОАО
бiрлестiгiнiњ атын Орталыќазияттыќ экономикалыќ ќоѓамдастыќ (ОАО-
ОАЭЌ) деп µзгертiп, интеграция м‰шелерiнiњ ќ±рамын да кењейтуге алып
келдi .
Єлемдiк тєжірибедегi бiр-бiрiне ±ќсас єрт‰рлi модельдердiњ
салыстырмалы талдауы АСЕАН-ныњ кейбiр тєжірибелерiнен ‰лгi алуѓа
болады деген ќорытындыѓа тiреледi. НАФТА-ныњ интеграциялыќ моделi
аймаќтыњ шынайы жаѓдайына сай келмейдi. Осы интеграциялыќ топтыњ
мыќты халыќаралыќ ќ±рылымы жоќ жєне бiрлестiктiњ iшiндегi ќатынаста
кµбiне-кµп экономикалыќ негiзде бiрiгуге баѓытталѓан. НАФТА-ныњ
экономикасы жетiлген елдерiнен айырмашылыѓы ОАЭЌ м‰шелерiнiњ
алдында басќа мiндеттер т±р. Орталыќ Азия мемлекеттерiнiњ экономикасы
єлi де онша дами ќоймаѓандыќтан, осыныњ µзi негiзгi мiндет табанды
дамитын экономикалыќ ќ±рылымды жасауды талап етедi.
АСЕАН елдерi интеграцияныњ бастауын жетiлген аграрлы шикiзат
экономикасынан бастаѓаны белгiлi. Интеграцияѓа ќатысушы елдерге д±рыс
жаѓдай жасауѓа дайындыќ осы ±йымныњ бiрнеше онжылдыќтарын алды
жєне еркiн сауда аймаѓын ќ±ру кµзделiнiп отыр [5].
Б±л жаѓынан алып ќарасаќ, ОАЭЌ елдерiнiњ бастапќы жаѓдайы
±тымдыраќ. Оныњ ‰стiне, АСЕАН-ныњ алдында интеграцияныњ бастапќы
кезiнде т±рѓан мiндеттер орталыќазияттыќ интеграция ќатысушыларыныњ
маќсат-м‰дде, мєселелерiмен кµбiнесе ±ќсас. Аймаќтыќ бµлiктегi
экономикалыќ депрессия, iрi ќарулы ќаќтыѓыстар, этносаралыќ жєне
аумаќтыќ мєселелердiњ реттелмеуi, єлемдiк к‰ш орталыќтарыныњ
ынтымаќтастыќ аймаѓына енуi - осы факторлардыњ кµпшiлiгi
орталыќазияттыќ геосаяси кењiстiкте кездеседi єрi к‰н µткен сайын
µрши
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Төлегенов Е.М. Еуразияшылдық идеясы интеграциялық процестің бастамасы ретінде
166
т‰суде.
М±ндай факторлар Орталыќ Азияѓа аймаќтыќ интеграция ‰шiн геосаяси
негiздiњ мањыздылыѓын аныќтап бередi. Ќауiпсiздiк жµнiнен аймаќтыќ
ќ±рылымныњ ашылу мєселесi интегралдыќ фактор болып есептелiнедi.
Мемлекетаралыќ бµлшектену баѓытыныњ µсуi дау-дамайлардыњ артуыныњ
зањды нєтижесi болып табылады. Геосаяси жєне геоэкономикалыќ жаѓынан
жеткiлiктiлiктiњ болмауы айќын нєрсе, олай болса, аймаќтаѓы мемлекеттерге
диверсификация жєне интеграциялыќ процестердiњ терењдетiлуiн ќамтамасыз
етiп, оныњ орнын толтыру керек. Орталыќ Азия кењiстiгi тµзiп отырѓан тарихи
коллизияларды ескерсек, ќазiргi жаѓдайдаѓы аймаќтыќ ќауiпсiздiк барлыќ
аймаќтыњ мемлекеттерi ‰шiн бiрт±тас жєне бµлiнбейдi, яѓни ол аймаќ
интеграциясыныњ геостратегиялыќ тiрегi болып табылады.
Тарихи жаѓынан алсаќ, орталыќ азиаттыќ аймаќ ‰шiн аумаќтыќ
ќауымдастыќ пен ерекше ењбек бµлiнiсiне негiзделген белгiлі бiр ж‰йелiк
тєн. Дегенмен де, Орталыќ Азияныњ iшкi кењiстiгiнiњ аныќ бµлiнiсi болды.
Iшкi Азияныњ аумаќтыќ кењ географиялыќ кењiстiгi соњынан геосаяси
µзгерiстердiњ нєтижесiнде оќшауланып, ќазiргi заманда негiзiнен екi iрi
ќ±рлыќтыќ мемлекеттер - Ресей мен Ќытайдыњ арасында бµлiнiп ќалып
ќойды. Ќазаќстан тарапы экономикалыќ кењiстiк ќалыптастыруѓа
бастамашы болуда. Барлыќ халыќтардыњ м‰ддесi ‰шiн µзге мемлекеттер
ж‰рiп µткен с‰рлеумен ж‰руiмiз жµн. Мєселен, Бельгия, Нидерленды,
Люксембург - Бенилюкс елдерiн алайыќ. Ендi Аргентина, Бразилия, Перу
мемлекеттерiне кµз салайыќ. Егер Орталыќ Азияда бiрыњѓай экономикалыќ
кењiстiк жасалса, б±л 55 милион халыќ болады екен.
Орталыќ Азия µзiнiњ тасымал м‰мкiндiктерiн ныѓайту ‰стiнде бiрлесе
ж±мыс iстеген жаѓдайда µзi де д‰ниеж‰зiлiк нарыќќа ќ±нды тауарлар -
м±най мен газ, тау кен жєне ауылшаруашылыќ шикiзаттарын бере алатын
болады. Ежелгi Жiбек жолыныњ жалпы с±лбасымен ХХI ѓасырда м±най-газ
ќ±бырлары тартылды, солар арќылы Орталыќ Азия м±най мен газ экспортын
дамыту ‰шiн Орта Азия елдерiне, ежелгi замандаѓы сияќты, бiрыњѓай сыртќы
экономикалыќ саясат, бiрыњѓай кеден, салыќ баќылауы, ќауiпсiздiк ж‰йесi
ќажет, жєне ол µте тиiмдi болар едi. Жањаша геоэкономикалыќ ахуалда
Орталыќ Азия елдерi бiр-бiрiне тєуелдi болѓан жаѓдайда ѓана µздерiнiњ
тєуелсiздiгiн ќорѓап ќала алады. Ортаазиялыќ ыќпалдастыќ - б±л осы аймаќтыњ
д‰ниеж‰зiлiк кµлемдегi єскери-саяси, экономикалыќ тєуелсiздiкке жету
жолы. Тек осындай жаѓдайда ѓана Орталыќ Азия аймаѓы бүкiл д‰ние ж‰зiнде
ќ±рметке ие болады. ХХI ѓасырдыњ бiрiншi жартысында ±лы державалар Азия-
Тыныќ м±хит аймаѓында басымдыќќа жету ‰шiн тайталасќа т‰сетiнiн атап
µткен жµн. Сондыќтан, бiздiњ м‰ддемiз ‰шiн, Орталыќ Азия м‰ддесi ‰шiн,
осынау ѓаламдыќ геоэкономикалыќ ќ±былыс жµнiнде д±рыс баѓдар ±станудыњ
мањызы бар.
Орталыќ Азия елдерiнiњ ортаќ стратегиясын жасаѓанда «Азия
жолбарыстарыныњ» [6] кезiнде табысќа жету себептерiн де, араб д‰ниесiнiњ
бытырањќылыќќа жєне жалпы м‰дделер ‰шiн бiрыњѓай, келiсiмдi саясат
ж‰ргiзу баѓытында ќабiлетсiздiкке ±рындырѓан араб елдерiнiњ барлыќ
жањсаќтыќтарын да егжей-тегжейлi ескерген жµн. Сонымен ќатар,
кењестiк
167
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Төлегенов Е.М. Еуразияшылдық идеясы интеграциялық процестің бастамасы ретінде
тєртiптен Орталыќ Азия едерiне м±ра болып экономикалыќ, этникалыќ жєне
басќа мәселелердің т±тас бiр шоѓыры ќалѓанын ескеру керек. Ал ќазiр оларѓа
ќысќа мерзiмдi ±лттыќ м‰дделердiњ кейбiр сєйкессiздiгi ќосылып отыр.
Орталыќ Азия елдерiнiњ арасында ќаќтыѓыстарды болдырмайтын шаралардыњ
жиынтыѓын ќазiрдiњ µзiнде жасау керек. Ортаазиялыќ интеграция ‰шiн ортаќ
тарихы, мєдениетi, тiлi, дiнi бiр халыќтар ретiнде Орталыќ Азия елдерiн
болашаќта жаќындастыру ‰шiн µзара ќатынастар µте мањызды болмаќ.
Аймаќтыќ интеграциялану ‰шiн бiр кездегi Еуропа елдерiне ќараѓанда
Орталыќ Азия елдерiнiњ к‰штiрек алѓы шарттары бар. Ондай алѓы шарттарѓа
мынандай факторларды: сыртќы ќауiптердiњ, мєдени-тарихи тамырлардыњ,
дiннiњ, экономикалыќ мәселелердің ортаќтыѓын жатќызуѓа болады. Оныњ
сыртында, Кењес одаѓынан бiзге ортаќ экономикалыќ, ќаржы-ќаражаттыќ,
бiлiм-бiлiктiк жєне экономикалыќ стандарттар ќалды [7]. Интеграцияѓа ќажеттi
м±ндай алѓышарттар Еуропалыќ одаќ ‰шiн тек арман ѓана болды деуге
болады. Экономика саласында атќаруѓа тиiстi шаралар мынандай: ќазiргi
ќолданылып ж‰рген экономикалыќ аймаќты ныѓайту; Ортаазиялыќ даму
банкiнiњ рµлi мен мєртебесiн кµтеру; кµпсалалыќ кедендiк одаќ жасау; ортаќ
ауылшаруашылыќ нарќын ќ±ру; бiрыњѓай сыртќы экономикалыќ саясат
ж‰ргiзу; транспорт ж‰йесiн жасау, ±лтаралыќ компанияларды ныѓайту; ортаќ
нарыќ жасау жєне аќыр соњында, болашаќта бiрыњѓай валюта ж‰йесiн ќ±ру .
Бiрт±тас экономикалыќ кењiстiк ойдаѓыдай ж±мыс iстеген жаѓдайда
Орталыќ Азия аймаѓы осы заманѓы нарыќ єлемiнде айтарлыќтай рөл атќаруѓа
ќабiлеттi болмаќ. Кењiстiк негiзiнен нарыќтыњ µзiн-µзi реттеушiлiк ыќпалымен
ќалыптасады деп к‰тiлген едi. Дегенмен, оныњ дамуы ‰шiн ‰ш мемлекеттiњ
белсендi к‰ш-жiгер ж±мсауы ќажет болып т±р. Сонымен ќатар тараптар
аймаќтыќ су-энергетика ресустарын бiрлесiп пайдалану, µзара µнiм алмасу,
соныњ iшiнде табиѓи газ беру, ±лттыќ валюта - ќаржы ж‰йелерiнiњ µзара iс-
ќимылы мен тµлемдердi оњтайландыру мєселесiн жєне µзара м‰дделестiк
туѓызып отырѓан халыќаралыќ мәселелерді (Орталыќ Азия аймаѓындаѓы
ќауiпсiздiк пен т±раќтылыќќа ќатер тµндiретiн Тєжiкстан мен Ауѓанстандаѓы
жаѓдайѓа байланысты) талќылауѓа жете кµњiл бµлiнуде.
Сонымен болашаќта бiрт±тас достастыќќа кiре аламыз ба, жоќ па, б±ѓан
ќарамастан, бiздiњ мемлекеттер арасындаѓы µзара серiктестiк ќатынастарды
ныѓайтудыњ ѓана емес, сонымен ќатар белгiлi бiр дєрежеде
бiздiњ
халыќтарымыз арасындаѓы туысќандыќ iзгi ќатынастарды ќалпына келтiру
мен дамытудыњ жања кезењiнiњ кепiлi болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н. Пять лет независимости. Алматы. Қазақстан. 1996. 430 б.
2.
Толмачев Г. Елбасы. Алматы. 2000. 235 б.
3.
Уєлихан Ќ. ХХI ѓасырѓа баѓытталѓан сара жол // Егемен Ќазаќстан. 07.06.1998. N131.
4.
Белокреницкий. Центральная Азия в Евразийской перспективе // Восток. 1996. N5.
5.
Iњкєрбаев Е. Еуразияшылдыќ доктринасы саяси ќозѓалыс, мєдени ќ±былыс жєне
интеграциялыќ тєсiл ретiнде // Саясат (аќпан-наурыз) 2000. 56-57 б.
6.
Кошанов А. Экономическая интеграция: Начало и перспективы // Мысль. 1994. N12. 45-51 б.
7.
Видова О. Н.Назарбаев: портрет человека и политика. Алма-Ата. «Бiлiм»,1998. 236-237 б.
168
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Л.С.ДИНАШЕВА
тарих ғылымдарының кандидаты
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА
ЖҮРГІЗГЕН ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ САЯСАТЫ
В данной статье рассматривается политика царского правительства по вопросу
проведения землеустройства казахского населения Южного Казахстана, преследовавшая цель
аннексирования казахских плодородных земель.
This article deals with Russian government policy on the problem of the land organization of
Kazakh population of Southern Kazakhstan which had an aim to annection of Kazakh lands.
Ресей патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстан территориясында
жүргізген қоныс аудару саясатын қазақ қоғамына қатысты алып қарасақ,
бірден көзге түсетін екі жағдайды байқауға болады. Ол, біріншіден,
переселен мекемелерінің мүмкіндігінше көп “артық” жер қорын табу болса,
екіншіден, көшпенділерді жерге орналастыру саясаты болды.
Қазақ жерлерін отарлау барысында отаршыл күштердің “излишки”,
“жер нормасы” сияқты ойлап тапқан әдістерінің бірі, көшпелі қазақтарды
“жерге орналастыру” саясаты еді. Еліміздің оңтүстігінде қазақ ауылдарының
отырықшылануы өзіндік ерекшелігі бар тарихи жағдайларда жүрді.
XІX ғасырдың екінші жартысында қазақтар таптық жіктелу процесі
негізінде, сонымен бірге, өз шаруашылығын рынок қажетіне бейімдеп, оны
жаңа жолмен дамытуға ұмтылу барысында отырықшылана бастады.
Жартылай көшпелі өмір салтынан отырықшы тұрмыс үрдісіне
өтушілердің саны үнемі көбейіп отырды. Отырықшы болған алғашқы
жылдарында жатақтар егін шаруашылығын мал шаруашылығымен
ұштастыра жүргізді. Одан соң егіншілікке көбірек көңіл бөліп, мал
шаруашылығы біртіндеп егіншілікке қосалқы кәсіп бола бастады.
Түркістан өлкесінде тексеру жұмыстарын жүргізген сенатор К.К.Паленнің
айтуына қарағанда, “Жетісуда егіншілікке жарамды жерлерде қазақтар
негізінен алғанда, қысқы қоныстарына жапсарлас жатқан жерлерді өңдеп
және жаз кезінде өз малын тауға айдап апарып жайып, отырықшы
шаруашылық жүргізді” [1].
Көшпелі қазақтарды жер үлесін беріп орналастыру мәселесі дербес,
маңызды мемлекеттік саясат есебінде ХХ – ғасырдың басында қойыла
бастады. Оған себеп болған біріншіден, ішкі Ресейден қоныстануға ағылып
келіп жатқан орыс шаруаларына “артық” жер учаскелерін табу қажеттілігі
орыс әкімшілігін жергілікті халықты жерге жаппай орналастыру саясатына
көшуге итермелесе, екіншіден, егіншілікке қолайлы құнарлы жерлерінен
айырылып қалу қаупін сезінген қазақтар ендігі жағдайда отырықшы өмір
салтына біржола көшуге көмек сұрап, әкімшілік орындарына арыз жаза
бастайды.
ХХ ғасырдың басында қазақ даласында түрлі табиғи-географиялық
ортаға сай ерте кезеңдерден бері үздіксіз жүріп жатқан қоғамның белгілі бір
169
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Динашева Л.С.
Патшалық Ресей үкіметінің Оңтүстік Қазақстанда жүргізген жерге...
тобының эволюциялық жолмен отырықшы тұрмысқа ауысуына қарағанда,
отаршыл Ресей империясы әкімшілігінің жасаған зорлығы салдарына
көшпелілердің еріксіз қысқа мерзімде бірыңғай отырықшы тұрмысқа
мәжбүрлі өтуі күштірек жүрді.
Көшпелі қазақтарда жер үлесін беріп орналастыру және оларды
көшпелі тұрмыстан отырықшы тұрмысқа өтуге ынталандыратын іс шаралар
жайында алғаш рет 1868-жылғы “Ережеде” айтылып, кейінен 1896-жылы
Сібір темір жол комитетінде көтерілді. Бірақ, бұл кезде, осы мәселені іс
жүзіне асыру шаралары жасалынбады. 1905 жылы 5-мамырдағы Жерге
орналастыру және Егіншілік бас басқармасын құру туралы патша үкіметі
жарлығында алғаш рет “бұратаналарға қамқорлық жасау” жөнінде
баяндалды [2]. Ал 1907 жылы жерге орналастыру ісі қоныстандыру
басқармасының қолына өтіп, бұл мекемелердің ең негізгі міндеті -
қазақтарды жерге неғұрлым көбірек орналастыру, қоныс аударушыларға
мүмкіндігінше молырақ “артық” жерлер шығару еді.
Жергілікті әкімшілік органдары қоныс аударушыларды жер үлесімен
қамтамасыз ету ісін қазақ шаруаларын орналастыру науқанымен қатар алып
жүру қажеттігін жақсы түсінді. Түркістан генерал-губернаторлығына
қарасты Жетісу облысы қоныс аудару мекемесінің меңгерушісі Велецкий
1906 жылы 12-қыркүйекте бұл мәселенің маңыздылығы туралы: “Вопрос о
земельном устройстве туземцев важен не только в отношении
колонизационном, так как в силу местных условий киргиз, крупные отводы
(земель) невозможны без одновременного устройства киргиз” [3], - деп
көрсетті. Сонымен бірге, Велецкий, “Осы мәселені тезірек шешу үшін
Верный қаласында және басқа уезд қалаларында мәжіліс өткізу қажеттігін
және ол мәжілістерді өзі басқарып, онда үстемдік рөлді қоныс аудару
мекемелерінің атқаруы керек” - дейді. Осылайша, Велецкий мырза
жергілікті тұрғындардың өкілдерінсіз-ақ қазақтардың тағдырын сырттан
шешпек ниетін ашық білдірді.
Қазақстанның басқа өлкелеріне қарағанда қазақ шаруаларының жаңа
жағдайда өз еркімен жер үлесін алып, отырықшы тұрмысқа ауысуы
Оңтүстік Қазақстан облыстарында тез жүріп жатты. Бұл процесс қазақ
даласында жыртылмалы егіс көлемінің өсуіне алып келді. Мысалы, Жетісу
облысындағы қазақ уездерінде 1906-1909 жылдар аралығында егіс көлемі
147657 мың га-дан 238676 мың га-ға дейін өсті [3.26-іс,17-п.]. Жергілікті
халықты жерге орналастыру, әсіресе құнарлы жерлері мол уездерде үлкен
қарқынмен жүрді. Себебі, құнарлы жерлерді қоныс аудару қорына алу
мақсатында
көшпенділерге
жедел
түрде жер
нормасын беріп,
отырықшыландыру қажет еді.
1908 жылы маусымда министрлер кеңесі қазақтарды қоныс
аударушылармен теңеріп, жан басына 15 десятинадан жер бөліп беру
арқылы отырықшылыққа өткізу керек деп шешім қабылдады. Сондай жоба
1909 жылы 12-сәуірде Думаға қарауға берілді. Бұл қоныс аудару мекемесіне
170
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Динашева Л.С.
Патшалық Ресей үкіметінің Оңтүстік Қазақстанда жүргізген жерге...
жергілікті тұрғындардан “артық” деген сылтаумен жерді көбірек алуына
мүмкіндік берді.
Сыныққа сылтау іздеген Қоныс аудару басқармасы бұл нұсқауды
қазақ даласында өз дегеніне жету үшін заң есебінде насихаттап,
басшылыққа алды. Бұл шараны жүзеге асыруда әсіресе Жетісу облысының
қоныс аудару мекемесі белсенділік танытты. Ол жөнінде Велецкий 1909
жылғы қызметі жайлы есебінде былай деп жазды: “1909 жылы қырғыздарға
(қазақтарға -Л.Д.) тиесілі жер үлесі нормасын анықтап, оларды біржола
отырықшы тұрмысқа көшіріп, ал соның нәтижесінде артылған жерлерді
облыстық отарлау ісіне жарату үшін алғашқы рет облыстағы барлық
қырғыздардың жерді пайдалану және шаруашылық жүргізу тәжірибесін
статистикалық зерттеуге кірістік. Сондай-ақ жылына екі уезден зерттеп, бұл
істі үш жылдан асырмай аяқтау жоспарланып отыр” [3.113-іс, 89-об-п.].
Қоныс аудару басқармасының деректері бойынша 1909-1910 жылдары
ғана отырықшы тұрмысқа өткен қазақтарға жалпы көлемі 384 364 десятина
105 учаске бөлініп берілді [4.22].
Ал, 1913 жылы қазақтарға түпкілікті кесіп беруге жоспарлаған жердің
көлемі 400 000 десятина болды. Жетісу облысында Қалғоты, Ырғайты,
Жайылма, Самсы болыстарындағы қазақтарға 50000 десятина жер
белгіленіп, олардан артылған жерді қоныс аударушы орыс шаруаларына
беру жоспарланған. Сырдария облысында отырықшы тұрмысқа өтуге арыз
жазған Шымкент және Әулиеата уездері қазақтарына 20 000 десятина жер
бөлінген [5].
ХХ ғасырдың басында қазақ шаруаларының бұрын болмаған көлемде
және жедел қарқынмен отырықшы тұрмысқа ауысуының ең негізгі себебі
патша үкіметінің отарлау саясаты болды. Жарамды жерлердің орыс
поселкелері иелігіне алынуы қазақ шаруаларын отырықшы тұрмысқа өтуге
итермелеген еді. Мұндай себепті қазақ ауылдарынан әкімшілік орындарына
келіп түскен арыздармен танысу барысында байқауға болады.
“Биылғы жылы бізге,-деп жазды Сырдария облысы, Шымкент уезіне
қарасты Майлыкент болыстығының №9 ауыл қазақтарының өкілі -
әкімшіліктен ауылға келген шенеуніктер біз отырған жер Ресейден келген
шаруаларды орналастыру үшін үкіметке қажет екендігін түсіндірді. Біз, ерте
ме, кеш пе жеріміздің бір бөлігі орыс поселкелері иелігіне алынатындығына
көзіміз жетіп, бүкіл ауыл болып кеңесіп, мәртебелі мырзадан бірыңғай
отырықшы тұрмысқа өтетінімізді қолдап, жер бөліп берулеріңізді өтінеміз”
[6]. Ал Жетісу облысының Верный уезіне қарасты Тайторы болыстығының
старшины Санғұлы Жансейітов былай деп өтініш жазды: “Жетісу
облысында Ресейден келген қоныс аударушыларды орналастыру басталып
және оларға ең жақсы, топырағы құнарлы жерлер алынып жатқандықтан,
біздің көшпенділердің тұрмысы қиындап кетті. Сондықтан, біз отырықшы
тұрмысқа өтуге келістік” [3.48-іс, 5-п.]. Мұндай мазмұндағы хаттар үкімет
орындарына барлық уездерден келіп түсіп жатты. Олар Өзбекстан
171
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Динашева Л.С.
Патшалық Ресей үкіметінің Оңтүстік Қазақстанда жүргізген жерге...
Республикасының
Орталық
Мемлекеттік
Архиві,
Қазақстан
Республикасының Орталық Мемлекеттік Архиві қорларында көптеп
кездеседі.
1909 жылы қарашада Верный қаласында өткен Жетісу облысы
қазақтарының ауыл шаруашылық съезіне қатысушылар Жетісу әскери
губернаторына жолдаған арызына шаруашылыққа жарамды жерлердің
азаюына байланысты “қазіргі уақытта, өкінішке орай қазақтардың басым
көпшілігінің кедейленгені сонша, олардың бір орыннан екінші орынға
көшіп-қонуға қуаты жоқ, сондықтан да отырықшылыққа біржола көшті”
[3.396-іс,209-п.]-деп жазды.
Патша үкіметі қазақтарды отырықшыландыру шарасына олардың
жерін тонаудың жаңа бір тәсілі деп қарады. Бірақ, сонымен бір уақытта
қазақтардың ешқандай кедергісіз отырықшы тұрмысқа өтуіне түрлі
тосқауылдар қойып отырды. Көп жағдайда жергілікті отырықшылыққа өту
үшін арнайы жер бөліп берулерін сұранған өтініштері жауапсыз
қалдырылды. Мәселен, Жетісу облысы, Лепсі уезінің Мақаншы-Шілікті
болыстығы қазақтары атынан Мірсейіт Елебаевтың, сол уездегі Мақаншы-
Садыр болыс қазақтарының, Қапал уезі Көлдей-Жұмас болыстығындағы 52
үй иелері атынан жазған Досымбек Толғозимов пен Еренші
Райымбековтердің өздері орналасқан жерлерге поселке құрып, отырықшы
тұрмысқа өтуге рұқсат сұрап жазған өтініштері түрлі негізсіз себептермен
қанағаттандырылмай, кейінге қалдырылып отырған [3. 396-іс,2,2-об,4,4-об,
6,12-п]. Себебі, қазақ шаруалары өтініштерінде өздері бұрыннан мекендеген
жерлердің бір бөлігін орыс шаруалары сияқты поселке құрып орналасу үшін
сұраған болатын. Ал бұл жерлер ең құнарлы, суландыру жүйелері
жүргізілген жерлер болғандықтан орыс әкімшілігі оларды қазақ
шаруаларына бергісі келмеді. Көп жағдайда, қазақтар өтініштеріне үкімет
“будут удовлетворены в порядке очереди” - деп берумен ғана шектеліп
отырды.
Отырықшы тұрмысқа өтетін қазақ шаруаларына арналған, ресми
түрде белгіленген учаскелердің бұзылу жағдайы орын алды. Қазақтарды
жерге орналастыруда переселен шенеуніктері оларды отырықшы тұрмысқа
өтуге үгіттеуді ойлап тапқан айлаларының бірінде: “егер сендерге бөліп
берілген жерлер қазір өздерің пайдаланып отырған жерлеріңнен аз болуы
мүмкін, алайда ол жерлерді сендерден ешкім, ешуақытта алып қоя алмайды.
Бұған толық сенулеріңе болады” - деп сендірді. Қазақтар шенеуніктер сөзіне
сенсе де, сенбесе де олар белгілеп берген жерлерден үлес алып орналаса
бастайды. Учаскелердің пәлен жерден берілгендігі туралы уақытша
комиссиялар арнайы қаулы шығарып бекітеді. Қаулы заңдық күшіне енеді.
Алайда, көп ұзамай, қазақтар орналасқан жерге, орман шаруашылығы
қызметкерлері келіп “бұл жерде орман саяжайлары құрылуы қажет” деп,
уақытша комиссия қаулысын мойындамайтындығын мәлімдейді. “Екі
ортада шыбын өледінің” кебін киген қазақтар қоныстандыру мекемелері
172
Достарыңызбен бөлісу: |