Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


переселенческой политики царской России



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66

переселенческой политики царской России. 

 

This  article  deals  with  the  problem  of  diminishing  of  total  number  of  livestock  of  cattle  in 

connection with carrying out of migration policy of Tsar's Russia. 

 

ХІХ  ғасырдың  соңы  –  ХХ  ғасырдың  басында  патша  үкіметінің 



Қазақстанды отарлау саясаты Ресейдің ішкергі облыстарынан қара шекпенді 

славян  шаруаларын  қоныс  аударту  негізінде  жүзеге  асырылды.  Қоныс 

аудару мекемелерінің түрлі айла-әрекеттері арқылы жүзеге асырған осынау 

саясаты жергілікті шаруа қожалықтарына үлкен зиянын тигізді. Бұл әсіресе 

қазақ  шаруаларының    шаруашылығының  барлық  түріне,  тұрмысына  соққы 

болып  тиді.  Оның ішінде  қазақтардың  негізгі  шаруашылығының бірі  -  мал 

шаруашылығына  патша  үкіметінің  отарлық  саясаты  қалай  әсер  етті  деген 

сұраққа жауап беруге тырысайық. 

1882 жылы қазақтарда 2834 мың бас мал бар еді. Он үш жылдан кейін-

1895 жылы мал басы 3181 мыңға жетті. Мал басының өсімі 112,2  пайызды 

құрады.  Бірақ,  1895  жылдан  бастап  қазақтардың  мал  шаруашылығының 

дамуы кері қарай кетті, есесіне отырықшы шаруалардың мал басы саны тез 

өсті. Мұны төмендегі кестеден көруге болады. 

 

XІХ ғасыр соңында Жетісу облысындағы мал шаруашылығы [1]. 

 

Мал, мың бас есебімен 



  1902 ж. әрбір  

Ұлттар 

1895 

ж. 

1900 ж. 

1902 ж. 

100 тұрғынға 

 

 

барлығы   1895 ж-ға % 

барлығы 

     1895 ж-ға %  егістік, дес.  Мал, бас 

 Қазақтарда 



 Дүнгендер 

 мен 

 Ұйғырларда 

 

 Орыс  шаруа-

ларында 

 Казактарда 

 Барлығы 

 3181,0 


 

 

 51,8 



 

 

 45,1 



 63,2 

 3342,1 


1312,0 

 

 



87,5 

 

 



76,4 

75,2 


1551,1 

41,2 


 

 

168,9 



 

 

169,4 



118,0 

46,4 


3048,9 

 

 



106,9 

 

 



84,2 

74,2 


3314,2 

 

95,8 



 

 

213,7 



 

 

186,6 



117,4 

99,2 


20,0 

 

 



56,0 

 

 



93,4 

86,6 


80,7 

597,8 


 

 

177,4 



 

 

314,3 



184,6 

520,2 


 

Бұл  мәліметті  егіншіліктің  дамуы  туралы  мәліметпен  салыстырсақ, 

қазақтардың мал шаруашылығы, біріншіден, мал-егін шаруашылығы болып 

қайта  құрылып  жатқандығын  көреміз.  Егін  шаруашылығы  мал 

шаруашылығына  қарағанда,  өте  тез  дамып  жатты.  Көшпелі  мал 

шаруашылығы  күрделі  дағдарысқа  ұшырай  бастады.  Жер  алқабын  алып 

қою, көшіп қонудың дәстүрлі жолдарының бұзылуы, мал бас санының өсуін 

тежеді.  Мәселен,   осы    кезеңде   Сырдария   облысының     Ташкент    уезі  



    

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Зұлпыхарова Э.Ө.  Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясатының Қазақстанның… 

 

 



    

 

152 



бастығының  берген  мәліметіне  қарағанда,  малға  азық  жетіспеуіне 

байланысты, малдардың індетке ұшырауы көбейіп кеткен. Жаусағым, Болат, 

Алтын  болыстықтарында  (біріңғай  қазақтар  тұратын  мекендерде)  ірі  қара  

мал (сиыр, жылқы, түйе) өлген. Ал 1900 ж. 1-қаңтардан 1 ақпанға дейінгі бір 

ай уақыт ішінде Ташкент уезінде: 338 түйе, 125 жылқы, 763 сиыр, 6506 қой, 

644  ешкі  өлген.  Уездің  тек  қана  үш  бөлімшесінде  15-ақпаннан  29  ақпан 

аралығында  азықтың  жетіспеуінен  қазақтар  3172  қойдан,  232  түйеден,  494 

жылқыдан,  248  сиырдан,  282  ешкіден  айырылған  [2].  Егіншілікке  өту  осы 

дағдарыстан  шығу  жолы  болды.  Мысалы,  Ташкент  уезі  Болат 

болыстығының Темірші ауылының 53 қожалығы дағдарыстан құтылу үшін 

Тойтөбе болыстықтарындағы отырықшы қоныстарға келіп қосылған [3]. 

Мұнымен бір қатарда отырықшы шаруалардың мал шаруашылығында 

маңызды  алға  басушылықтар  болды.  Егер    біз  зерттеп  отырған  уақытта 

қазақтардың  ауыл  шаруашылығында егіншілікке  көбірек  ойысуы  байқалса, 

орыс  шаруалары,  ұйғырлар  мен  дүнгендер  мал  шаруашылығымен  көбірек 

айналыса бастады. 

ХХ ғасыр басында Жетісу облысында мал шаруашылығының дамуын 

(Қырғыз уездерін санамағанда) төмендегі кестеден көреміз: [4] 

 

Зерттелген  Мал, мың бас есебімен 



 

жылдары  қазақтарда 

Ұйғырлар мен 

дүнгендерде 

орыс 

шаруаларында 



 казактарда 

Қорытынды 

 

барлығы  өсімі%  барлығы 



өсімі%    барлығы  өсімі,% 

барлығы  өсімі,%   барлығы  өсімі,% 

1901 

1904 


1907 

1910 


1913 

3048,9 


3164,0 

3510,4 


3881,5 

9895,7 


100,0 

103,8 


115,1 

127,3 


127,8 

106,9 


130,5 

171,9 


188,5 

191,9 


100,0 

122,1 


160,8 

176,4 


179,5 

 

84,2 



86,6 

88,1 


106,2 

181,7 


100,0 

102,9 


104,6 

126,1 


215,8 

 74,2 


 76,5 

 97,1 


 108,5 

 133,3 


 

100,0 


104,0 

130,9 


146,2 

179,7 


3314,2 

3457,6 


3867,5 

4284,6 


4402,6 

100,0 


104,4 

116,7 


129,3 

132,1 


           

 Мал  шаруашылығының  өсу  қарқыны  жағынан  қазақтар  ең  соңғы 

орында тұрды. Қалған үш санаттағы отырықшы шаруаларының мал басы тез 

өсті. 


1913 жылғы Жетісу облысында әрбір 100 тұрғынға тиселі егістік пен 

мал басы саны: [5] 

 

Мекендердің түрлері 



Егістігі,  

десятинамен   

Мал басы  

саны 


Қазақ болыстықтарындағы 

Ұйғыр мен дүнген елді мекендеріндегі 

Орыс шаруалары поселкелеріндегі  

Казак станицаларындағы 

 

34,6 


64,0 

97,6 


109,5 

 

681,0 



271,0 

190,9 


218,9 

 

Орта есеппен 



50,5 

551,1 


 

Кестеде 


берілген 

мәліметтерден 

ауыл 

шаруашылығындағы 



қазақтардың  көшпелі  мал  шаруашылығынан  егін  шаруашылығына 

ауысқанын дәлелдейді. Бұл процесс Сырдария облысында да байқалды.  

 

    

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Зұлпыхарова Э.Ө.  Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясатының Қазақстанның… 

 

 



    

 

153 



1909  жылы  ішкі  істер  министрлігіне,  қазақтардың  дәстүрлі  көші-қон 

жерлеріне  переселен  поселкелерін  орналастыру  арқылы  қазақтардың  мал 

шаруашылығына  үлкен  зардап  келтіргендігін  суреттейтін  ресми  хат  түсті. 

Онда 


хат 

авторлары 

Ташкент-Верный 

бағытындағы 

қазақ 

шаруашылығындағы  өзгерістерге  тоқталған:  “Бұл  бағыттың  басты  және 



басым  бөлігі  Талас  Алатауы  бойынан  солтүстікке  қарай  өтеді.  Осы  бағыт, 

тарихи  сауда  жолы  бола  отырып,  сонымен  бірге  мұндағы  көшпенділер 

өмірінде  де  маңызды  орын  болып  саналады.  Одан  солтүстікке  қарай  Шуға 

дейін  көшпенділер  үшін  мал  бағатын,  керемет  көктеу  қызметін  атқаратын 

далалы  жерлер  созылып  жатыр.  Жаздың  күні,  мұндағы  шөптер  қураған 

кезде  көшпенділер  малдарын  оңтүстікке  қарай  айдады.  Бара-бара  Талас 

Алатауына  жақындай  түсетін,  кейін  жоғарыға  көтеріліп,  онда,  біріншіден, 

табиғи  сулармен  суарылған  шабындықтарға  келіп  мал  жайды,  екіншіден, 

малдарын  және  мал  шаруашылығы  заттарын  сатуға  өте  қажетті  сауда 

орталығына тап болатын. 

Бұдан  соң  олар  малдарын  Оңтүстікке  тереңірек  айдай  түседі.  Оның 

арасында қазақтар тау маңындағы шабындықтардан шөп орып алатын және 

суландырылған жерлерде егін егетін. Мұнан соң, олар үшін тауға ішкерірек 

кіріп,  тек  мал  бағумен  айналысатын  кезең  туады.  Ал  тамыз  айында  олар 

малдарын тағы да тау маңайында бағады. Малдары қайта көтерілген шөппен 

қоректеніп  жатқанда,  қазақтар  төменірек  түсіп,  шөп  жинаумен  айналысты. 

Бұдан кейін солтүстікке қарай жылжи отырып, күзде олар күздік жаңбырдан 

соң  қайта  жанданған  далада  малдарын  бағып  көшетін  болды.  Қыста  тауға 

тағы  да  жақын  орналасып,  сонда  қыстады.  Бүгінгі  күні  келмеске  кеткен 

көшпенділердің  барлық  жақсы  тұрмысы  осылай  құрылған  еді.  Ташкент-

Верный  бағытында  орыс  поселкелерінің  пайда  болуы,  қазақтарға  өте 

қажетті  тау  мен  дала  арасындағы  жерлерінен  айырылуына  алып  келді. 

Мұнда  олардың  қыстауларының  басым  бөлігі,  жыртылмалы  егістігі, 

шабындығы  және  мал  базары  бар  еді.  Қазіргі  жағдайда,  енді,  қыстауларды 

оңтүстікте  тауға  ішкерірек  кіріп  немесе  далаға  кетіп  қалуға, 

шабындықтарды  далалы  жерлерден  іздеуге,  егін  егу  үшін  батпақты  және 

қамыс,  тікенекті  жерлерді  жыртуға  тура  келіп  отыр.  Себебі,  ең  жақсы 

жерлер орыс шаруаларына берілген. 

Мал шаруашылығына үлкен соққы берілді және одан айығуы мүмкін 

емес шығар, себебі жаңа соққылар да үстін-үстін беріліп жатыр”. 

Бұл  хаттан  көшпелі  мал  шаруашылығының  күйзелуіне  алып  келген 

жағдай  -  империялық  Ресейдің  қоныс  аудару  саясаты  екендігін  анық 

көрсетеді. 

Кезінде  Г.Тоғжанов  “Қазақтың  отарлы  ауылы”  атты  еңбегінде 

қазақтардың  көшіп-қонып  жүріп  мал  бағуын  олардың  “мәдениетсіздігінен” 

деп  түсіндіруге  тырысқан  ұлы-державалық  концепцияға  тойтарыс  бере 

отырып, мынадай тұжырым жасайды: “... далалы  өлкеде  

мал  шаруашылығын  

 

    

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Зұлпыхарова Э.Ө.  Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясатының Қазақстанның… 

 

 



    

 

154 



басқа  жолмен  жүргізу  мүмкін  емес,  олардың  көшіп  қонуы  бір  қатар 

экономикалық және табиғи жағдайларға негізделген” [6].  

Патша үкіметі көшіп жүріп мал бағудың қандай маңызы бар екендігін 

көрмеді және қайткен күнде өлкені отарлау үшін, көргісі де келмеді. Көшіп 

жүріп мал бағудың маңызы туралы 1911 жылы әйгілі “Айқап” журналында 

жарияланған  мақалалардың  бірінде  былай  делінді:  “...1901  жылы  27-

қыркүйекте  Петербургте  болған  “Антропологическое  обществоның”  бір 

мәжілісінде  көшпелілік  жайын  жақсы  білетұғын  Клеменц  деген  ғалым 

айтқан:  “Бұл  күнгі  егін  салып,  қала  болған  халықтар  бұрынғы  мал  өсіру 

кәсібін  міндеті  қылуымен  тастамаған  һәм  міндетті  болудың  жөні-жоқ  еді. 

Қазіргі  Еуропада  мысалы,  мәдени  Швейцарияда  сүттеп  шай,  ірімшік  алу 

үшін мал өсіріп, көшушілер бар. Жаңадан ғана Норвегияда қой етінің бағасы 

көтерілуі  себепті  егін  салу  көшіп  жүріп,  қойды  ащы  жерге  бағып  өсіру 

мәслихат  көрілген.  Қазақ  жері  егінге  жарамсыздығын,  мал  өсіруге  ғана 

лайық екендігін профессор Виннер қазақ тұрмысынан ашына хаттар жазған 

һәм жазбақ та. Қазақ мал баққан халық, қазіргі бағып отырған малына лайық 

жер  қалдырмай  тастауын  ақылға  сыйдыруға  болмайды.  Халықтың  ғұмыры 

20-30 жылда ғана емес, дүние тұрғанша тұруда үміт бар. Соның үшін түбін 

ойлағанда  қазіргі  тұрмыстың  неше  ғасырлардан  бері  бекіп  қалған  негізін 

бұзбасқа керек” [7]. 

Ия,  бұл  жалғыз-жарым  пікір  емес.  Мұндай  пікірді  қазақтың  дәстүрлі 

мал  шаруашылығын  жан-жақты  әрі  терең  зерттеген  Швецов,  Рыбников, 

Сириус сияқты ғалымдар қолдаған.   

Өкінішке орай, біздің ғасырымыздың алғашқы жылдарында жүргізген 

патшалық  Ресейдің  қоныс  аудару  саясаты  және  20-  жылдардың  соңында 

басталған 

большевиктердің 

төтенше 


аграрлық 

реформасы 

қазақ 

шаруашылығының  болмысын  да,  сипатын  да  және  мазмұнын  да  түбірінен 



өзгертіп жіберді. 

Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  табиғи  дамуды  күйретуді  патша  өкіметі 

бастап, Кеңес өкіметі аяқтады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Жылдарына сәйкес “Облыс шолуларынан”  алынған. 

2.

 



ӨР ОММ., 1-қ., 8-т., 30, 66,73-п. 

3.

 



ӨР ОММ, 12-т., 602-іс, 1-2-п. 

4.

 



Жылдарына байланысты “Облыстарға шолулардан” алынған. 

5.

 



Обзор  Семиречинской области за 1913 год. -Верный, 1915. Приложение.  

6.

 



Тоғжанов Г. Казахский колониальный аул. -М., 1934. -С.12. 

7.

 



Омарбеков Т. Мұхаммет Хайдар Дулати //Ақиқат, 1998. N3, 57 - б. 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Э.Е.ӘЛЖАНОВА  

    

 

155 



тарих ғылымдарының кандидаты,   

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК 

 ТӨЛЕМДЕР (

2000-2002 ж.ж.) 

 

В статье говорится о принимаемых мерах в решении вопросов малообеспеченных семей и 

борьбы  с  бедностью,  которые  в  определенной  степени  способствуют  решению  проблем  как 

снижения  социальной  напряженности  в  обществе,  так  и  формированию  социально-

ориентированного государства.  

 

This  article  deals  with  accepted  measures  in  solving  problems  with  not  sufficiently  provided 

families  and  the  struggle  with  poverty  which  gets  a  solution  of  problems  at  the  certain  degree  as  social 

intensity decrease also social-competent state formation. 

 

Тұрғындардың материалдық жағдайын белгілі бір деңгейде қолдаудың 

маңызды  қайнар  көзі  аз  қамтамасыз  етілген  және  көп  балалы  отбасыларға 

көмек  беру  болып  табылады.  Қазақстан  республикасында  кірісі  төмен 

отбасыларға  жәрдемақы  төлеу  жүйесі  бар.  Кеңестік  социализм  дәуірінен 

бері  мұра  болып  келе  жатқан  жәрдемақы  ретіндегі  арнайы  жәрдемақыны 

көп  балалы  аналар  да  алады.  Рас,  бұл  жәрдемақылардың  құны  инфляция 

нәтижесінде қатты төмендеп кетті. Арнайы жәрдемақы физикалық жағынан 

кемтар  балаларға  төленеді;  сәби  туылған  кездегі  бір  реттік  жәрдемақы 

жұмыс  істемейтіндерге  де  төленеді  және  оның  отбасыға  кіретін  кіріске 

ешқандай қатысы жоқ.  

Республикадағы экологиялық апат аймағы болып табылатындарда бұл 

жәрдемақы  өлшемі  жоғары.  Аймақтарды  екі  категорияға  бөлуге  болады: 

«дағдарыс  алды  жағдайындағы  аймақ»  және  «экологиялық  апат  аймағы». 

1994-1995  жылдар  аралығындағы  адам  ресурстары  жөніндегі  есептерде 

Атырау  және  Батыс  Қазақстан  облыстарынан  басқа  Қазақстанның  барлық 

аймағы экологиялық қауіпті аймақ ретінде көрсетілген.  

         Әсіресе,  Қызылорда  облысында  ауыр  экологиялық  жағдай  қатты 

байқалады.  Елдегі  жәрдемақы  деңгейі  бойынша  бекітілгеннен  дағдарыс 

алды  аймақтарында  жәрдемақы  мөлшері  20%,  ал  экологиялық  апат 

аймақтарында 50% жоғары тағайындалған. Тұрғындарды әлеуметтік қолдау 

шараларына тұрғын үй ақысы кірістен 30%-ға жоғары болатын отбасыларға 

көмек көрсетуді ұйымдастыру кіреді. Бұл көмектің төлемақы көлемі кірістің 

30%-ын  құрайтын  пәтер  ақысы  сомасының  қаншалықты  жоғары  болуына 

байланысты.  Мұндай  жәрдемақыларды  арнайы  құрылған  тұрғын  үй 

мәселелері жөніндегі орталықтары үйлестіреді.  

         Кеңестік 

экономикада  әлеуметтік  саясаттың  дәстүрлі  құралы 

тұрғындардың  белгілі  бір  тобына  берілетін  жеңілдіктер  болатын. 

Мүгедектер,  зейнеткерлер  және  соғыс  ардагерлері  қоғамдық  көліктерде 

тегін  жүру,  пәтердің  және  коммуналдық  қызмет  көрсетулердің  ең  төмен 

ақылары секілді дәстүрлі жеңілдіктерді пайдаланатын. Физикалық жағынан 

кемтар   адамдардың    кейбір    топтары  тегін    дәрі-дәрмектер   мен    тегін  

медициналық құралдар алатын. 



         

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Әлжанова Э.Ә. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік төлемдер (2000-2002 ж.ж.) 

 


    

 

156 



 

 

Әлеуметтік  қолдау  жүйесі  жекелеген  азаматтарға  материалдық  көмек 



ұсынатын  бағдарламаны  кіріктіреді:  қарттығы  және  мүгедектігі  жөніндегі 

зейнетақылар,  жұмыссыздығы  және  ауруы  бойынша  жәрдемақылар,  басқа 

да  сақтандыру  төлемдері  формалары  және  кедейлерге  көмек.  Осындай 

көптеген  жеңілдіктерді  алып  тастау  тұрғындардың  осы  категориялары 

жағдайларына теріс ықпалын тигізді.  

Кедейлік  деңгейінің  аймақтық  айырмашылықтарын  ескере  отырып, 

қабылданған 

мемлекеттік 

бағдарламада 

тұрғындарды 

әлеуметтік 

қамсыздандыру  және  оларға  әлеуметтік  көмек  беру  үшін  мемлекеттік 

бюджеттен  2000  жылы  ішкі  жалпы  өнімнің  (ІЖӨ)  0,8%,  2001  және  2002 

жылдары  1%  көлемінде  бөлу  қарастырылған.  Әлеуметтік  көмек  мөлшері 

кедейлік  өлшеміне  байланысты  болды:  отбасы  неғұрлым  кедей  болса, 

әлеуметтік көмекті де соғұрлым көбірек алады. Бұл дифференциялау тәсілі 

шегі  бар  қаржылай  ресурстармен  көмекті  неғұрлым  қажет  ететін  аз 

қамтамасыз  етілген  отбасыларды  және  жекелеген  азаматтарды  әлеуметтік 

қолдау  тиімділігін  жоғарылатуға  мүмкіндік  берді.  Оны  жүзеге  асыру 

барысында  жаппай  барлық  жерде  әрбір  үй  басын  аралап  шығу  және  әрбір 

елдімекендер  бойынша  аз  қамтамасыз  етілген  отбасылардың  әлеуметтік 

картасын 

құрастыру 

жөніндегі 

жұмыстар 

жүргізілді. 

Аталмыш 

бағдарламаны  қабылдаған  алғашқы  2000  жылы  азаматтардың  мұндай 

категориясына 8,8 млрд. теңге сомасында материалдық көмек берілді, оның 

6,4 млрд. теңгесі бюджеттік қордан бөлінсе, 2,4 млрд. теңге қайырымдылық 

және  басқа  да  бюджеттен  тыс  көздерден  түскен.  600  мыңнан  астам  аз 

қамтамасыз  етілгендер  табиғи  түрде  453,7  млн.  теңге  алды.  Республика 

бойынша  осы  санаттағы  азаматтар  үшін  1044  асхана,  тамақтану  пункті 

ашылды, киімдерді жинау және беру жөніндегі 1838 пункт құрылды [1]. 

Қаржылай  ресурстардың  шектеулі  жағдайындағы  кедейлікпен 

күресудің  негізгі  әдістері  мыналар  болды:  тұрғындардың  әлеуметтік  әлсіз 

қабатының  тікелей  мекен-жайын  қолдауды  күшейту,  бірінші  кезекте, 

жұмыссыздарды,  әйелдерді,  жастар  мен  мүгедектерді;  жеке  мемлекеттік 

емес  секторлар  тарапынан  әр  түрлі  қаржылай  жеңілдіктерді  ұсыну  түрінде 

аз 


қамтамасыз 

етілгендерді 

әлеуметтік 

қолдауды 

ынталандыру; 

кәсіпорындар  мен  жергілікті  өкіметтер  тарапынан  мұқтаж  болған 

отбасыларды  ақшалай  емес  түріндегі  көмектерді  ұлғайту;  әлеуметтік 

төлемдерді  есептеу  үшін  есептік  көрсеткіштерді  ендіру;  еңбекпен  қамту 

қызметінен  жұмысқа  орналастырудың  уақытша  бағдарламасына  бөлінген 

қаржы  үлесін   арттыру;   еңбекпен   қамту    Қорындағы   артық   кірістерді 

жұмыссыздар деңгейі жоғары және соған сәйкес кірістері төмен, неғұрлым 

қолайлы салаларға қайта бөлу. 

          Соңғы  жылдардағы  экономикада  болған  жағымды  өзгерістер  және 

оның  тұрақты  өсуін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  қабылданған  іс-шаралар 

әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін жасау үшін негіз жасады. 2000-2001 

жылдар  аралығында  жүргізілген  жұмыстар   нәтижесінде   кедей   және   аз  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Әлжанова Э.Ә. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік төлемдер (2000-2002 ж.ж.) 

 


    

 

157 



 

қамтамасыз етілген азаматтар қатары 195,7 мың адамға қысқарды. Мұндай 

азаю  Алматы,  Атырау,  Шығыс  Қазақстан,  Жамбыл,  Батыс  Қазақстан, 

Қызылорда,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстарында  және  Алматы  қаласында  болды.  2001  жылдың  басында 

аймақтар мәліметтері бойынша республикада 1 млн. 622 мың азамат есепте 

тұрды,  айлық  орташа  жан  басына  шаққандағы  кіріс  жиынтығы  кедейшілік 

қатарын арттырған жоқ. Олардың 57,9 пайызы ауылды жерлерде тұрады [2]. 

Мемлекет  Басшысы  мен  республика  Үкіметінің  бұл  санаттағы 

азаматтарды әлеуметтік қолдау және материалдық көмек көрсету жөніндегі 

жергілікті  жердегі  атқарушы  өкімет  органдары  белгілі  бір  жұмыстарды 

атқарады.  Мәселен,  барлық  қаржыландыру  көздерінің  есебінен  2001 

жылдың  тек  қана  сегіз  айында  6,3  млрд.  теңге  сомасында  көмек  алды, 

алдыңғы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1 млрд. теңге артық. 

Ал жергілікті бюджеттер есебінен 1035 мың мұқтаж адамға 1,4 млрд. теңге 

ақшалай,  коммуналдық  қызметтер  үшін  қарыздарды  жабу  немесе 

қарыздарды төлеуге 465,1 млн. теңге төленді, азық-түлікке және тауарларға 

55,65 млн. теңге бөлінді. 

Республика аймақтарының жартысында мұқтаж адамдарға әлеуметтік 

және  материалдық  көмек  көрсетуге  барлық  қаржыландыру  көздерінен 

жұмсалған  ақша  мөлшері  айтарлықтай  өсті.  Мысалыға  алсақ,  Ақмола 

облысында  2001  жылдың  бірінші  тоқсанында  2000  жылдың  бұл  кезеңімен 

салыстырғанда  осы  мақсатқа  жұмсалған  қаржы  6  есе  өскен,  Ақтөбеде  –  5 

есе,  Қызылорда  мен  Астана  қаласында  3  есеге  жуық  артқан,  Маңқыстау, 

Қарағанды және  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында  44%-дан  74%-ға  дейін 

жоғарылаған.    

Ауылды жерлерде тұратын кедей және аз қамтамасыз етілген адамдар 

мәселесіне  үлкен  назар  аударылуда.  Мәселен,  егер  2000  жылы  Ақтөбе, 

Жамбыл,  Батыс  Қазақстан,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан  және  Оңтүстік 

Қазақстан  облыстарында  бұл  категорияның  азаматтарына  микронесиелер 

берілмесе,  ал  2001  жылдан  бастап  бұл  аймақтарда  бұл  жұмыс  жолға 

қойылды. 

Сонымен  қатар  аймақтар  ұсынған  кедейшілік  пен  жұмыссыздыққа 

қарсы күрес жөніндегі қолданылған шаралар туралы 2001 жылғы есептерді 

талдау  бұл  жұмыста  айтарлықтай  елеулі  кемшіліктердің   болғанын  және 

резервтердің  дұрыс  пайдаланылмағанын  көрсетті.  Мысалы,  тұтас 

республика  бойынша жергілікті бюджеттер  есебінен  аз  қамтамасыз  етілген 

азаматтарға  көрсетілетін  әлеуметтік  және  материалдық  көмек  сомасы  0,9 

млрд.  теңгеге  қысқартылған.  Атырау  облысында  2000  жылдың  бірінші 

тоқсанында бұл сома 867,2 млн. теңге құраса, 2001 жылдың осы мерзімінде 

небәрі - 125,3 млн. теңге болған. Шығыс Қазақстан облысында тиісінше 246 

млн.  теңге  және  98,1  млн.  теңге,  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  - 

337,7 млн. теңге және 114,7 млн. теңге құраған. 

Бюджеттер   есебінен   коммуналдық  қызметтер  үшін  қарызды   жабу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет