Факторы актуализации поликультурного образования
Тургунтаева Г.А.
Таразский государственный педагогический институт, старший
преподаватель
80
Произошедшие в мире в последние годы социальные, политические и
экономические изменения привели к масштабной миграции народов, их
переселению, смешению и столкновению. В результате этих процессов все
больше людей преодолевают языковые и культурные барьеры, которые раньше
их разделяли. Они вынуждены знакомиться с чужими культурами, вливаться в
них. В культурных связях могут принимать участие и большие народы, и
малые, имеющие свою государственность и не имеющие ее. Конечно, влияние
большого народа, нации или цивилизации несравненно масштабнее, чем малых
этнических групп, но и последние оказывают культурное воздействие на
соседей в своем регионе, вносят свой вклад в мировую культуру. Поэтому в
современных
международных
документах
формулируется
принцип
равноправия культур, что подразумевает устранение каких-либо правовых
ограничений и духовного подавления стремлений каждой этнической или
национальной группы придерживаться своей культуры и сохранять свою
самобытность.
Ввиду специфичности национального мышления у каждого человека
складываются свои представления об окружающей действительности,
образуется своя система ценностей. Основой той картины мира, которая
отражается в сознании человека, является язык. Каждый язык по-своему
представляет окружающую реальность. В свою очередь реальный мир
создается благодаря языковым особенностям культуры, которая корнями
уходит в прошлое, вследствие чего люди, говорящие на разных языках, видят
мир по-разному. Разность национальных языковых картин участников
межкультурного общения определяет разное видение мира, однако
универсальность человеческого мышления помогает им, в большинстве
случаев, найти взаимопонимание.
Главной ценностной составляющей культуры каждого народа является его
язык. Язык – явление социальное. Им нельзя овладеть вне социального
взаимодействия, т. е. без общения с другими людьми. Хотя процесс
социализации в значительной мере основан на имитации жестов – кивков,
манеры улыбаться и хмуриться, – язык служит основным средством передачи
культуры. Язык и культура характеризуются кумулятивной функцией, в них
постепенно накапливается предшествующий опыт, позволяющий носителям
языка сохранять связь с традицией и культурой своего этноса.
В условиях глобализации современного мира происходит все большее
взаимопроникновение культур. Тщательный анализ и интерпретация культурно
обусловленных особенностей позволяет снимать со счета существующие
выводы о принципиальной взаимной непроницаемости культур, ведь такого
рода сомнения в возможности полноценного контакта между разными
культурами
поддерживались
некоторыми
лингвистами,
этнографами,
литераторами, философами и другими деятелями.
Образовательная политика нашего государства основывается на признании
важности развития всех языков, на идее языкового плюрализма и создании
необходимых условий для развития многоязычия на территории Казахстана. В
81
стратегическом плане она нацелена на установление мира и взаимодействия
между народами.
Социокультурная, экономическая и политическая ситуация в нашей
республике формирует у общества реальные потребности в знании
иностранных языков. Знание иностранных языков сегодня – это объективная
культурная и экономическая потребность. Всё наше государство в целом и
каждый учащийся в отдельности заинтересованы в практическом владении
иностранным языком, которое обеспечивает выход на мировой рынок и
приобщение к мировой культуре.
Одной из важнейших проблем языковой политики является проблема
выбора иностранных языков для изучения в школе и в дальнейшем в вузе.
Выбор иностранного языка для изучения определяется сегодня его статусом в
мире, престижностью/непрестижностью языка в конкретном регионе,
общественными и личными потребностями граждан в изучении того или иного
языка. Социально-экономическая и политическая ситуации в обществе
формируют социальный заказ по отношению к подготовке по иностранному
языку. Образовательный статус иностранного языка в общеобразовательных
учреждениях определяется особенностями социального заказа. Социальный
заказ выражается в приоритетах в выборе иностранного языка и в
общественной потребности в людях, практически владеющими иностранными
языками. Государство напрямую влияет на выбор изучаемых языков,
акцентирует внимание на правильном выборе изучаемых языков и их
приоритетов. На всех государственных уровнях подчеркивается важность и
необходимость изучения, прежде всего, казахского, русского и английского
языков.
Значение английского языка в современном мире общеизвестно. Нельзя не
считаться с той объективной ролью, которую играет английский язык в
современном мире как наиболее распространенный язык международного
общения. Естественно стремление выбрать для изучения именно этот язык и,
как показывает практика, к этому склоняется большинство образовательных
учреждений, так как английский язык – это язык богатой культуры,
современной экономики и межкультурной коммуникации. Из 5000 языков
нашей планеты английский принадлежит к числу 10 важнейших языков мира и
входит в число пяти рабочих языков, принятых в ООН.
В настоящий период обучение иностранным языкам признается
приоритетным направлением в обновлении образования, которое, однако,
далеко не всегда реализуется в системе школьного и вузовского образования.
Поэтому необходимо еще более поднять престиж предмета “иностранный
язык”, бороться за его более высокий статус и в школе, и в вузе, формировать
общественное мнение и в целом социальный заказ общества по отношению к
уровню и качеству владения его гражданами иностранным языком.
Показателем современного образования также является изучение
иностранных языков на должном уровне, т.к. иностранный язык – это
инструмент, позволяющий человеку лучше ориентироваться в окружающем его
мире, помогающий саморазвитию, поддерживающий самооценку личности на
82
высоком уровне, позволяющий повысить шансы на рынке труда. И если мы
сейчас
ставим
вопрос
об
эквивалентности
нашего
образования
международному стандарту, то мы должны подумать и о путях достижения
такой эквивалентности.
Востребованность иностранного языка в обществе повышает, в свою
очередь, статус иностранного языка как учебного предмета в системе
общеобразовательной подготовки школьников и студентов. Учебный предмет
«Иностранный язык» выполняет важную роль в формировании поликультурной
личности, способной использовать изучаемый язык в разнообразных ситуациях
межкультурной коммуникации. Его содержание способствует повышению
уровня гуманитарного образования учащихся посредством приобщения к
духовному богатству других народов, формированию готовности к
взаимопониманию, воспитанию в духе толерантности, развитию способностей
передавать в процессе иноязычного общения собственные мысли и чувства.
Изучение иностранного языка рассматривается как важное средство
адаптации человека к современному поликультурному глобализующемуся
миру, как фактор, обеспечивающий высокий уровень готовности человека к
личностной и профессиональной самореализации, как необходимое условие
качественной подготовки к дальнейшему продолжению образования.
Востребованы
возможности
иностранного
языка
как
фактора
профессионального самоопределения, который изучается как средство
межкультурного общения и как средство познания и самообразования.
Соответственно, стратегический целевой ориентир обучения иностранным
языкам – формирование поликультурной личности учащихся посредством
овладения ими иноязычной коммуникативной компетенцией. Вследствие чего
мы считаем своевременной и актуальной стратегию, принятую нашим
государством, о создании поликультурного общества, где каждый гражданин
свободно владеет тремя языками: казахским, русским и английским.
Список использованной литературы
1.
Брагина
А.А. «Лексика
языка
и
культура
страны
в
лингвострановедческом аспекте» - М., Рус. яз., 1981.
2.
Сепир Э. «Избранные труды по языкознанию и культурологии»: Пер.с
англ./ Общ. ред. и вступ.ст.А.Е. Кибрика. - М.: Издательская группа "Прогресс",
"Универс",1993.- 656 с.
3.
С.К. Самашева, Т.Г. Холявин, Ж. К. Азирбаева. «Развитие
полилингвальной личности через яз. Дисциплины». Сборник материалов
Международной НПК. Усть – Каменогорск, 2000, с 129
4.
5. С.С. Кунанбаева. «Современное иноязычное образование:
методология и теории». Алматы, 2005 г.
83
ІІІ. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
БЕРУ
Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы
Мыңбаева М.Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ұрпақтан-ұрпаққа
мирас
болып
келе
жатқан
ұлттық
және
жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру бала бойындағы сана-
сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң
тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат
тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды. Ендеше
еліміздің ертеңі балалардың болашағы үшін ұлттық тәрбие мен білімнің сара
жолында ізденуден жалықпайық. Өз ұлтымызға патриотизмі жоғары ұрпақ
тәрбиесін бойына қалыптастыру біздің яғни, тәрбиешілердің міндеті.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, ой-өрісі биік азамат
етіпт әрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. «Тәрбие басы – тал бесік», –
деп халқымыз бекер айтпаса керек. Тәрбие жолы – сан тарау. Тәрбие дегеніміз
– аға буынның жасұрпаққа табыстар озық тәжірибесі, үлгі-өнегесі, әдет-ғұрпы,
рухани байлығы, салт-дәстүрі. Ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев:
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін» – деп жастарға сенім артқан. Ұлы ақын сенім
артқан жасұрпақ сол жауапкершілікті сезіне ме? Бүгінгі жастардың келбеті
қандай, болашағынан не күтеміз? Қазақ қашанда жамандығын жасырып,
жақсылығын асырып айтқан халық қой.
Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда
адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің
алатын орны ерекше. Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән
берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды
ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі,
ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие
қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр [1. 3 б.] .
Десе де, жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып, қоғам өмірі
үшін аса маңызды бұл мәселеге ат үсті қарап, жалған намыспен мақтанға бой
алдыру – өз тамырыңа балта шабумен бірдей. Соңғы кезде замандас
құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды, қазақи бояуға мүлдем
ұқсамайтын жат бейнелерді көріп, қынжыламын. Жастар – еліктегіш, қоғамда
болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып
бойға сіңіріп үлгереді. Батысқа табынушылық, өзге елдің тың дүниесін айна-
қатесіз көшіру – бүгінгі қазақ жастарының көпшілігіне тән қасиет. Осы орайда
көп дау туатыны рас. Әрине, батыстан алатынымыз көп. Бірақ еш сұрыптаусыз
батыстың бар болмысын қайталау қазақтың ежелден қалыптасқан дәстүрлеріне
84
қайшы келуі мүмкін. Қазақтың уыздай жас ұлы мен қызының қолынан
будақтаған темекі түтінін көргендеешкім таң қалмайтын болды. «Әй» дейтін
әже жоқ, «қой» дейтін қожа жоқ болған соң, қазіргі жастар бұл әрекеттерін
теріс деп санамайды. Кейде маған сол жастар темекі түтінімен өздері ғана
уланып қоймай, бүкіл қоғамды улап жатқандай көрінеді. Ертедегі ата-
бабаларымыз білімді толық игермеседе, балаларын кәсіпке, білімділікке,
мәдениеттілікке, имандылыққа, үлкенді сыйлауға, елін, жерін қорғауға үнемі
тәрбиелепотырды. Тәрбиенің негізгі алтын қазығы етіп адамгершілік,
имандылық үлкенді сыйлау дәстүрін қалыптастырды. Сол кездердегі тәрбие
үрдісінің күштілігі сондай қылмыс өте аз болды. Қазақ халқы үйіне құлып
салуды, киіміне қалта салуды білмеді, соған орай ұрлық болған емес немесе өте
аз болды. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің күштілігі осында.
«Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деуші
еді қазағым. Қазіргі таңда бұл қағида өз күшінде ме? Әрине, көпке топырақ
шашудан аулақпын. Алайда, ата-ана тәрбиесіне көнбейтін, қайшы келетін
жастар көп. Бұл ата-ана тәрбие бермейді деген сөз емес. Әңгіме жастардың сол
тәрбиені қабылдауы турасындаболып отыр. Менің замандастарым үйдегі
кейпін сол жерде қалдырып, сыртқа шыға бере 180 градусқа бұрыла жөнеледі.
Әсіресе, бойжеткен қыздардың өз тұлғасына жараспайтын оғаш әрекеттері
көңіліме қаяу түсіреді. «Қыз – қылығымен» деген халық сөзін кейбір қыздар
өздерінше пайымдап, байыбына жете бермейді. Жастар – тәуелсіз елдің ертеңі,
сондықтан алдыңғы толқын ағалар болашақ тізгінін ұстар жас ұрпақтың
тәрбиесін бастыназарға қоюы керек. ҚР Ата заңында «Балаларға қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және парызы
делінген. Сол себепті әрбір ата-анағаөзінің өмірге әкелген баласын тәрбиелеуде
табиғи жауапкершілік алғаны жөн [2. 27б.].
ХХІ ғасыр ғалымдары жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне түрлі зерттеулерде
отбасылық мәселелердің күрделі екендігіне тоқтала отырып, бала тәрбиесіндегі
отбасының ғұрыптық ұлттықсипатта атқарылатын қызметіне аса назар
аударады. Елбасы «Қазақстан-2030» бағдарламасында тағы да бала тәрбиесіне
тоқталады. «Әкелер мен аналарымыздың, аталар мен әжелеріміздің өз балалары
мен немерелерінің алдындағы жауапкершілігін күнделіктіесте ұстауға тиіс. Біз
өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, оларбіздің
жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді» дегені белгілі. Ата-ана –
бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан
дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Балаларменәңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз
баласымен ашықсөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де
жұмыстамыз, кешкісін үйшаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт
жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес.
Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше
ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге
болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,
баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудіңсыртынан өсек айтуы балаға теріс
әсер етеді. Бала алдында әке-шеше, үй іші үлкендердің әдептілік танытқаны
85
жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра,балалардың
көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар бар. «Көрінген таудың
алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда
арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған
немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада, жасөспірім қашанғы
жиіркенішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап
жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып
үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бетбұрып кетсе, онда бәйтеректің бір
бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұлосыдан шығады. Сонда
негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға
әртүрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға
өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты
қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»
демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен ізқалдырады. Баланың бойына
барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән
беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай
жасау - ата-ананың басты парызы. Отбасылық тәрбие – ұлттық тәрбиенің негізі,
ал ұлттық тәрбие алған ұрпақ еңбекқор, дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді,
адамгершілігі мол, сұлу да сымбатты, ұлтжанды азамат болып өседі.
Өз баласының тәрбиесін жеке өз ісінің ғана емес, қоғамалдындағы
азаматтық борышыңды орындау деп қарау керек. Бала өмірінің алғашқы
күнінен бастап, ата-аналар өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни
олартәрбиеші бола бастайды. Дұрыс тәрбиенің кілті – бүкіл отбасы
құрылысында. Баланың денесі мен рухани жақтан қалыптасуының негізі –
отбасы. Сондықтанда дүниеге келген жас ұрпақтың дамуына ата-анасының
тәрбиелік орныерекше. Балалардың қоғамдық өмірге аяқ басқанда қабілетті,
өнегелі, саналы адам болыпөсіп жетілуі – қоғам үшін маңызы өте зор.
Балалардың өз бойында ата-анасының барболмысын көрсетсе, ата-аналары да
өз өмірінің жалғасын балаларынан көріп, шаттыққа бөленеді. Балаларды жас
кезінен бастап тазалыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке және
оның қадір-қасиетін түсінуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу және қарияларды
құрметтеуге, мейірімділікке, өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден
келе жатқан тәрбие құндылықтары.[3. 21б.]
Кеңес педагогы В. А. Сухомлинский бала тәрбиесін ұйымдастыруда «Сіз
бес жасқа дейін өзіңіз еккен ағаштың гүлін өсірумен шұғылданасыз, ал бес
жастан кейін жемісін жепбастайсыз» деп айтады. Бұл қанатты сөзінде баланың
бес жасына дейін адамдыққасиеттердің бәрін бойына егіп, санасына сіңіріп
қалыптастырудың қажеттілігін, әйтпесебес жастан кейін көпшіліктің еркелік
деп жүргені шолжаңдықтың, балалық деп жүргеніжалқаулықтың, сөз
қайтарушылығы алғашқы дөрекілігінің бастамасы екендігін білмейқалудан
сақтандырғаны.
XXI ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар қоғамдағы күрделі
өзгерістер мендаму қарқыны ағымында өмір сүріп жатқан баланы тәрбиелеу
86
оңай шаруа емес. Халқымыз бала тәрбиесіне бесікте жатқаннан ақ зор мән
берген. Баланың дүниеге келуінен бастап оның адам болып қалыптасқанға
дейінгі салт-жоралғыларының барлығы тұнып тұрған тәрбие. Абай атамыз
айтқандай «Келгенде дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер
денең» – демекші, әлдилеп айтылған өлеңнің өзі баланың болашақта адам
болып, дүниеге кірпіш болып қаланса екен деген игі тілектермен айтылады. Ия,
«Отбасы – шағын мемлекет» дегендей, отбасы мүшелері бір-бірімен
тату,ынтымақта болғанда ғана береке, бірлік болады. Баланың жарық дүниеге
келгеннен бастап ой-өрісінің дамуы мен сана сезімінің толысуына ата-
анасының берген тәрбиесі маңызды болмақ.
Дана халқымызда мынадай нақыл сөз бар, «Балаңды беске дейін
ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен әрі
сырласыңдай сыйла» деген екен. Әлем мойындаған ғұлама Әбу Насыр әл-
Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген
білім – адамзаттың қас жауы» деп, тәрбиені білімнен жоғары қойып отыр. Ал
француз қайраткері Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза
туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала
тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» – деген
екен.[4. 17б.]
Қорыта келе, өмірде көріп жүргеніміздей кейбір ата-аналар өз балаларын
шектен тыс еркелетіп,көңіліне қарап тәрбиелейді, ал кейбір отбасыларында
айтып отырған тәрбие өнегелеріне немқұрайлық танытып жатады. Бала өсіп ер
жеткен соң, оғаш қылығын көргенде ғанаөткен күнге өкініш білдіріп жатамыз.
Өскелең ұрпақтың жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте
заманнан жинақтаған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрдің озық
үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу»
ата-анадан бастап, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын
жауапты міндеттердің ең бастысы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Қазақстан халқына ел Президентінің
Жолдауы,-Алматы: Білім, 1998.
2. «Қазақ тәлім-тәрбиесі»Қ.Жарықбаев. С.Қалиев. Алматы, «Санат» 1993ж.
3. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» С. Әбенбаев. Алматы, «Дарын»
2004ж.
4. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. - Алматы, Санат, 2001.
87
Қазақстандық патриотизм негізін қалыптастырудың кейбір жолдары
Бегалиев Т.Б., П.ғ.к., профессор
Кенжебаева А.Т. п.ғ.к., доцент
Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты
Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден
туындайды. «Патриотизм»-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас
дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген.
Батырларымыз бастаған қазақ халқы әр кезде Отанын, жерін, ұлтын жаудан
қорғаған.
Тарихшылардың пайымдауынша қазақ өңірінде 200 ден астам үлкенді -
кішілі ұлт азаттық көтерілістер болған екен. Сол азаттық күресті бастаған
батыр бабаларымыз Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Сәмен, Сыпатай, Байзақ
т.б. Олар туралы аңыз-әңгімелер, қанатты сөздер, даналық ойлар баршылық.
Тарихқа жүгінсек, адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ
мүддесінің бірі – ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, оған
патриоттық тәрбие беру екені белгілі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан-алуан
ой -пікірлері мен іс-тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған. Адамзат
баласына ортақ рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі болып саналатын бұл
жетістіктерді халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз.
Еліміздің егемендікке қол жеткізуі халқымыздың мәдени, әдеби, кәсіптік
және ғылыми бағыттарының жаңаша рең алып, өркендеуіне себепші болды.
Осы тұрғыда жаңа ұлттық патриоттық тәрбие, тұлға қалыптастырудағы оқу-
тәрбие жұмыстары да жаңа ұлттық мазмұнға ие болды.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы Жолдауында:
«Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар патриотизм,
мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық,
тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» деп атап көрсетті [1].
Осыған орай, қазіргі жастардың бойында ұлттық патриоттық сананы ұлтаралық
келісім, толеранттылық негізінде қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі
күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Қазақ
халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін оқып-үйрену үшін тәрбиелік
мүмкіндіктер, жағдайлар жасалу керек», - деген [2].
Қазақ халқының да сан-ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін,
рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, имандылық, бауырмалдық,
балажандық, қонақжайлық, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі
бар. Осының бәрі түптеп келгенде Отансүйгіштіктен туындайды. Кешегі өткен
даналы қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер және ақын-жыраулардың
нақыл, қанатты сөздерінде, даналық, саналық болжамдарында, психологиялық
пайымдауларында, педагогикалық тұжырымдарында сол кісілердің өшпес
іздері жатыр.
88
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев та осы мәселеге көп көңіл бөлуде. Бүгінгі
күні оның Отан-патриотизм, тәуелсіздік туралы даналы ойлары, қанатты
сөздерді ақпарат беттерінде беріліп жүр.
Жалпы ел-ұлтжандылық, елін, жерін қоғау жастарға патриоттық тәрбие
беру туралы түркі әлемінде, соның ішінде қазақ халқының арасында ежелден
қалыптасқан. Оған дәлел ықылым заманда өткен бабаларымыздың, би-
шешендеріміздің бізге жеткен қанатты сөздері мен даналы ойлары.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев та осы дәстүрді жалғастыруда.
Мәселен, «Отанды сүю-суығына шыдап, ыстығына күю» топтамасында
мынандай даналы ойларды келтіреді:
«Қазақтар талай рет түгел қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмір сүруге
деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан
тәуекел тұғырына қондырып отырды».
«Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл - азаттық үшін
алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қанының өтеуі. Бұл-бүкіл тарихында
өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілімінің қайтарымы».
«Біздің демократиямыздың негізі-саяси, әлеуметтік және ұлтаралық
келісім».
«Бізде бір ғана Отан бар. Ол-тәуелсіз Қазақстан».
«Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік.
Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын еттік.
Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік.
Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік».
«Патриот болу - өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа
сеніп қоғамға қызмет ету».
«Отан-Ана!
От бердің жүрегіме,
Риза болып қараймын гүл-өңіңе,
Бабаларым сомдаған бағзы бейнең
Тәуелсіз боп түрленді,
Түледі де!
Менде кандай арман бар,
Асыл Ана,
Жарай алсам халқымның тірегіне?!» т.б.
«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын».
«Жабыққанды жебесем,
Елді жұртпен теңесем,
Қосынында қазақтың
Бекер жүрмін демес ем!»
«Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа
баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!»
«Осындай менің сыбағам,
Сеніммен қолға ту алам.
Сүрінбей сыннан шыға алам,
Халқыммен бірге қайысып,
89
Халқыммен бірге қуанам!» т.б.
Келтірілген даналы ойларды болашақ ұстаздарға патриоттық ұғымнан
дәріс кезінде ұтымды пайдалануға болады.
Осы орайда айтарымыз, республикамызда ұлттық сананы жинақтап
зерттеу, саралап игеру, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, жаңғырту
үлкен міндет болып табылады. Өмір талабымен бұл өмірге қайта оралған
ұлттық сана мен ұлттық құндылықтардың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы,
мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала бастады. Бұл мәселеге мемлекет
тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Мұндай игі бастама қазірдің өзінде білім
мазмұны мен әдістеріне, оқу жоспарларына жаңалықтар мен өзгерістер әкелуде
[3].
Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық негіздегі қарым-
қатынас мәселесінің мән-маңызына, жалпы адамзат қоғамындағы рөліне
айрықша ден қоюда. Әсіресе, болашақ мұғалімдердің ұлттық педагогика
идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы
зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр.
Бүгінгі күні педагогикалық оқу орындарында болашақ ұстаздарға таңдау
пәндер арқылы тәрбиенің әр саласынан, соның ішінде ұлттық патриотизм
негіздерінен дәріс беруге мүмкіндік туып отыр. Сол мүмкіндіктерді Тараз
мемлекеттік педагогикалық институтының «Бастауыш педагогика және оқыту
әдістемесі» кафедрасының ұстаздары да пайдалануда. Мәселен, таңдау
пәндерінің ішінде «Бастауыш сынып оқушылар ата-аналарымен тәрбие
жұмысын
жүргізудің
әдістемесінде»
қазақтың
ұлттық
патриотизм
тақырыптарына кеңінен көңіл аударуға мүмкіндік туыр отыр. Осыған орай
институт «Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев және қазақ ғұламаларының
патриоттық нақыл сөздері» [4] атты еңбекті баспадан шығарып күнделікті дәріс
беру барысында пайдалануда.
Кафедра ұжымы аталған пәндегі тақырыптарға байланысты қазақ
ағартушылары Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың
еңбектерімен қатар А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың,
Ш.Құдайбердиевтің т.б. шығармаларын пайдалануда.
Сонымен қатар бүгінде ұлттық патриотизм тақырыбына қалам тартып
жүрген ғалымдар баршылық. Мәселен, ұлттық-патриоттық сана категориясын
философиялық аспектіде қарастырғандар: Д. Кішібеков, С.Қ. Мырзалы, Ә.Н.
Нысанбаев, Қ. Мұхамбеталиев, Ж.Ж. Молдабеков, ұлттық-патриоттық
психолого-педагогикалық сана категориясы аспектіде қарастырғандар:
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А. Ұзақбаева, К.Ж. Қожахметова, С. Ғаббасов, Р.
Әбдіқасымов, Ә. Табылдиев, Р. Төлеубекова т.б. көптеген қазақ зерттеушілері
осы дәстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын, оның ауыз әдебиеті
мен ақын-жыраулар поэзиясындағы көріністерін, орта ғасыр ойшылдарының
педагогикалық ой-пікірлерін патриоттық жан-жақты қарастырып келеді.
Аталған ғұламалардың еңбектері «Бастауыш сынып оқушылар ата-аналарының
тәрбие жұмысын жүргізудің әдістемесі» атты таңдау пәнінде кафедра ұстаздары
болашақ ұстаздарға дәріс беру барысында кеңінен пайдалануда. Мұндағы
мақсат, болашақ ұстаздардың бойында ұлттық патриотизм қалыптасқан болса,
90
олар сол сезімді болашақ жас ұрпаққа бере алады деген ойдамыз [4].
Сонымен болашақ ұстаздардың қазақстандық патриотизмінің негізін
қалыптастару кейбір жолдары:
-біріншіден, гуманитарлық және таңдау пән сабақтарында қазақтың би-
шешендерінің, Ел Президентінің, ғұламалардың патриоттық тәрбиеге
байланысты қанатты, нақыл сөздерін ұтымды пайдалану;
-екіншіден, тәрбие сағаттарында ата-аналармен кездесуде осы мәселеге
байланысты пікір-сайыс жүргізу;
-үшіншіден, тәуелсіздік туралы, мемлекеттік рәміздер туралы әңгіме
өткізу;
-төртіншіден, әр жылы жеңіс күніне орай ұтымды іс-шараларды
ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22
сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздерінде азаматтық-патриоттық тәрбие бағыттары ерекше нақтыланып
көрсетілген. Тәрбие тұжырымдамасында «Гуманизмге, қазақ халқының тарихы
мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға
және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу
және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы,
құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық
мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы
тиіс» - деп, нақты мазмұны айқындалған [5].
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің
Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте
ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: «Бес арыстарымызға арналған
тарихи зерде кешенінде мен Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге
көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде
сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз
ілгері баспайды...» [6]. Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса,
оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе, сонда ғана
Президентіміздің қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына
кіруге еңбек ететін XXI ғасырдың азаматын тәрбиелейміз.
Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм - бүкіл
қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр,
ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері өз ана тілімен қоса қазақтың тілін білуі
тиіс. Әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-
«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,
оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану,
кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің
белгілері болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |