Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#7954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Пайдаланған әдебиеттер 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Ұлытау 
төріндегі сұхбаты   abai.kz/post/view  интернет ақпараты. 
2. Абай.  «Қалың елім қазағым». – Алматы, 2002.-Б.33 
3. Ниязбек Р. «Маханбет майданы немесе егеулі найза ер жыры»// Ана 
тілі.-2014. №33 Б.6-7 
4. Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы// Егеменді Қазақстан.-2015. №230. 
 
Тіл тағдыры – ел тағдыры 
                                    
Идрисова Г.Б. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Тіл мәселесі тәуелсіздік қоғамда ұлтты ұйыстырушы фактор ретінде зиялы 
қауым арасында өткір пікірталастарға өзек болып келеді. Бұл мәселенің бүгінгі 
күні  ғана  емес,  кешегі  кеңестік  қоғамда  да  өткір  мәселелердің  бірі  ретінде 
зиялы қауымды ерекше толғантқаны белгілі. Тек ол кезде тіл тағдырына ашық 
түрде  жанашырлық  танытқандар  қуғындауға  түсетін.  Ал  қазіргі  уақытта  тіл 
тағдыры бүкіл елді толғантып отыр және ол туралы зиялы қауымның ашық та 
дәлелді пікірлері үкімет пен өкіметтің назарына  ілініп, іске асыру шараларына 
түрткі  болуда.  Әр  халықтың  тіл-жазбалары,  діні  –  сол  халықтың  намысын, 
санасын оятып, ұлттық рухты биікке  көтеретіні анық.    
Елбасы, әр халық өз тілі, мәдениеті, мәдени ескерткіштері арқылы тамаша 
туынды  жасайды»,  -  дей  отырып,  ана  тілі  туралы  былай  дейді:  «Дауға  салса 
алмастай  қиған,  сезімге  салса  қырандай  қалқыған,  ойға  салса  қорғасындай 
балқыған,   өмірдің  кез  келген  орайында  әрі  қару,  әрі  қалқан  болған,  әрі  жас 

59 
 
отты да ойнатқан Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен! 
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы 
болған – оның ғажайып тілі» [1, 133-б.]. 
Елін,  жерін  жаудан  қорғаған  ата-бабаларымыз  сан  ғасырлар  бойы 
армандаған  тәуелсіздік  үшін  жан  аямай  күресті.  Соған  сәйкес,  барша  жұртты 
бірлікке,  күшті  ел  болуға  шақырды,  халықтың  сезіміне  от  тастайтын  асқақ 
екпінді, ойлы тебіреністер арқылы  жерімізді, елімізді, тілімізді сақтап қалды. 
 «Ана  тілі  дегеніміз  –  сол  тілді  жасаған,  жасап  келе  жатқан  халықтың 
баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің 
мәңгілік мәселесі. Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін 
әлемдік  стандарттарға  сай  кеңейте  отырып,  мемлекеттік  тілді  ұлттық 
қауіпсіздіктің  маңызды  бір  нысаны  ретінде  жетілдіруді  және  қорғауды 
қамтамасыз  еткеніміз  абзал.  Ата-бабаларымыздың,  батырларымыздың  асқақ 
ерлігі  кейінгі  ұрпаққа    мұра  етіп  қалдырылған    мұраны  қастерлеу    біздің 
міндетіміз.  
Қоғамның барлық саласын қамтыған жаңару үдерісі қоғамдық ой-сананың 
алдыңғы  легі  болып  саналған    шығармашыл  интеллигенцияның  алдына  жаңа 
міндеттер жүктеді. Олар өздерінің ғылыми, шығармашылық қызметтері арқылы 
демократиялық  өзгерістерді  одан  әрі  тереңдетуі  тиіс  еді.  Елімізде  танымал 
ғылым,  әдебиет  пен  өнер  қайраткерлері  бұл  іске  жалпыадамзаттық  саяси 
демократиялық  құндылықтарды  қорғап,  қоғамдық  ой-санаға  қозғау  салды. 
Қазақстанда  ұлт  зиялыларының  алдында  тұрған  міндеттердің  мазмұндық 
тұрғыда  айырмашылығы  болды.  Осыдан  келіп  ұлт  зиялылары  өздерінің 
қоғамдық-саяси  қызметіне  алғашқы    кезекте  мәдени-рухани  құндылықтарды 
жаңғыртуды  басты  мақсат  етіп  қойды.  Қазақ  тіліне,  ұлттық  мәдениетке  
қатысты  түйінді  мәселелер  көтерілді.  Ұлт  зиялыларының    жекелеген  өкілдері 
өздерінің  шығармашылығы  арқылы  халықтың  көңіл-күйі  мен  арман  мұратын 
бейнелеуге  тырысты.  Ұлт  қайраткерлері  қоғамның  сапалық    ұлттық 
құндылықтарды  сақтап,  дамыту  мәселесін  көтерді.  Ұлт  мәселесіне  қатысты 
ұстанған  бағыты    ең  алдымен  халықтардың  ұлттық,  мәдени  және  рухани 
ерекшеліктерін    танытатын  кітаптық  –  баспалық  өнімдер  мен  мәдени 
туындылардан  бастау    алғаны    белгілі.  Түркi  халықтарының  ұлттық-мәдени 
болмысын,  тарихи-әлеуметтiк  сипатын  танытуға  қызмет  ететiн  жалпытүркiлiк 
танымды жаңғыртып, түркi жұртшылығы арасындағы рухани үйлесiмдiлiк пен 
тарихи  тұтастықты  сақтауға  жол  ашты.  Бұл  көне  түркi  жазба  мұраларын 
зерттеудiң  тек  түркiлiк  тiлтану  ғылымында  ғана  емес  жалпы  түркi  әлемi 
аясындағы  өзектi  мәселе  екенiн  көрсетедi.  Бұл  жайлы  Е.Тұрсынов  көне 
түркілердің жазуы, тілі туралы – б.з.бұрынғы  ІІІ  ғасырда  хатқа  жазу  түскенін 
білдіреді [2, 133-б.]. 
Белгілі  түркітанушы  А.Аманжолов:  «Сонымен  көне  түркі  алфавиті 
Оңтүстік Сібір мен Жетісу жерінде ерте дәуірде, яғни біздің жыл санауымызға 
дейінгі  бір  мың  жылдықтың  орта  кезінде  қалыптасты  деген  тоқтамға  ден 
қоямыз»,  –  деп  тұжырым  жасайды  [3,  43-б.].  Бұл  келтірілген  ой-пікірлер  мен 
мәліметтерге қарап көне түркі жазуы, негізінен, біздің заманымыздан бұрынғы 
бірінші мыңжылдықтар ішінде әртүрлі тайпалар бірігіп күшті мемлекет болған, 

60 
 
түркі діні, наным, дәстүрі,тілі бекем жасалған тұста туып қалыптасқаны толық 
танылады. 
Осы  айтылған  ғылыми  байлам,  болжамдарды,  тарихи  деректерді  ескере 
отырып  түркілердің  Тәңірге  табыну  дінінің  негізі  жазылған  «Авеста» 
шығармасы  б.з.бұрынғы  VIІІ-VIІ  ғасырлар  аралығында  тасқа  түсірілді  деуге 
болады. 
Тек  түркі  халықтары  мәдениетінің  ғана  емес,  сонымен  бірге  бүкіл  дүние 
жүзі  мәдениетінің  тарихында  елеулі  орын  алатын  ондай  ескерткіштердің  мәні 
өте  зор.  Сондай  құнды  рухани  мұралардың  қазақ  жерінде  де  көптеп 
жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. 
Кез-келген  халық  өз  ана  тілін  жоғалту  арқылы  өзін  де  жоғалтады.  Мұны 
кеңестік  билік  халықты  басқаруда  жақсы  тәсіл  деп  тапты,  осы  тәсілді 
пайдаланып, орыстандыру саясатын мақсат етіп ұстанды. Сондықтан да, қазақ 
тіліне деген қырын қабақ Кеңес одағы құрылған соң-ақ белгі бере бастады. Тек 
қазақ  халқы  ғана  емес,  бұл  тактиканың  жүздеген  ұлттың  тамырына  балта 
шапқаны  жайында  көптеп  айтуға  болады,  тілінен  айрылған  соң  жер  бетінде 
мәңгілікке  жоғалған  ұлттар  туралы  аз  жазылған  жоқ.  Бүтіндей  дәуірдің  өзекті 
өртер  ауыр  қасіретіне  айналған  бұл  құбылыс  туралы  «Кеңес  одағының 
ұлттарды жою мен жоғалтуға ұмтылған саясатының кесірінен одақ көлеміндегі 
территорияда  өмір  сүретін  тоқсан  үш  ұлт  жоғалды.  Олардың  жоғалу  себебі  – 
ана  тілінің  жоғалуына  байланысты  еді.  Бұлар  полова,  хазар,  скиф,  буртас, 
печенег, анты, тайрон, сюну, мочика, чавин секілді тілі, мәдениеті, тарихы бар, 
бірақ, саны аз ұлттар еді» [4, 17-б.] деген тұжырымға ден қойсақ болады. Мына 
деректермен  ойымызды  салыстыра  келе  түйіп  тұжырымдасақ,  бұл  аталған 
тайпалардың жазу мәдениеті, тілі  өте ерте заманда туып қалыптасқан. Тарихи 
деректер  мен  ғылыми  тұжырымдар  бойынша  олардың  мәдениеті,  жазуы  өте 
ерте  заманда  туып  қалыптасқаны  деп  танылады.  Әлемдегі  ең  көне  «Авеста» 
кітабы  ежелде мекендеген тайпалардың тұрған қалалары, жасалған мәдениеті 
білікті  ғалымдар  зерттеуі  бойынша  анықталып  отыр.  Бұл  мәселе  жайлы 
С.П.Толстов  «Жоғарыда  баяндалғандарды  және  әдейі  талдап  көрсетілген 
ойларды  жинақтап,  қорытынды  жасасақ,  ерен  батыр  атынан  айтылатын  үндеу 
жазбалар міндетті түрде жыр үлгісінде жасалатыны сөзсіз (5, 86-117-бб.).  
Осы  тілдік  шабуылдың  мәні  А.  Авторхановтың  тұжырымында  «ұлттық 
тілдерді  орыс  сөздерімен  жаппай  ластауға»  бағытталуында  еді.  Жалпы, 
орыстандыру  оқу-ағарту  жүйесі  арқылы  санаға  енгізуді  көздеген  тарихи 
доктринаны да қамтыды. Кеңес Одағының тарауы қарсаңында айтылған  
А.  Авторхановтың  осы  доктринаның  негізгі  қағидаларын  сипаттаған 
тұжырымы қазақ тілінің өз жерінде шетқақпай болуының сырын ашуға септігі 
тиетін болғандықтан да дәйексөз ретінде толық келтірген орынды болар. Оның 
айтуынша,  бұл  доктринаның  «бірінші  қағидасы  –  барлық  орыс  емес  халықтар 
патша  империясына  өз  еркілерімен  қосылыпты-мыс;  екінші  қағида  –  оған 
қарсылық  көрсеткен  барлық ұлт-азаттық  қозғалыстар  реакциялық  қозғалыстар 
болды;  үшінші  қағида  –  бұл  халықтардың  патша  империясына  қосылуы  олар 
үшін ілгерішіл тарихи акт болды» [6, 143-151бб.] деген қағидаларын 50-80 жж. 
Қазақ  Республикасының  қоғамдық-саяси  өмірдің  практикасынан  ғылыми 

61 
 
тұрғыда  талдағанда  теориялық-әдістемелік  негіз  ретінде  басшылыққа  алуға 
болады. 
Орыстандыру  саясаты  доктринасының  екінші  қағидасына  қатысты  40  ж. 
соңы  –  50  ж.  басында  Е.  Бекмаханов,  С.  Кеңесбаев,  Ә.  Қоңыратбаев,  Р. 
Бердібаев және т.б. тарихшы, әдебиетші, тілші ғалымдардың қудалануы  – ұлт-
азаттық  қозғалыстарды  ілгерішіл  сипатта  бағалап,  олардың  көтерген  ұлттық 
идеялары мен құндылықтарын дәріптеуден туындады. Сол сияқты доктринаның 
үшінші  қағидасы  бойынша  қоғамдық  ғылымдар  қазақ  елінің  патша 
империясының  құрамына  қосылуының  прогрестік  маңызы  болғандығын 
дәлелдеуге  барынша  күш  салды.  Ғылыми  зерттеулердің  бағыттарын 
айқындаған  бұл  қағида  тарихи  танымның  таптық,  партиялық  теориялық-
әдіснамалық негізінің өзегіне айналды. 
Н.Хрущевтың  кеңес  халқы  орыс  тілін  неғұрлым  тез  меңгерсе,  соғұрлым 
коммунизмге тезірек  жетеміз деген мазмұндағы кеудемсоқ тезисі үстем болып 
тұрған  кезде  С.Мұқановтың  қазақ  тілінің  мүшкіл  халін  республика  Жоғары 
Кеңесінің сессиясында мәселе етіп көтеруі саяси ғана емес, азаматтық тұрғыдан 
алғанда  көзсіз  ерлік  деп  бағалауға  лайық  әрекет  еді.  Оның  қазақ  тілінің 
жанашыры  ретінде  көтерген  мәселесінің  тиісті  органдар  тарапынан  ешқандай 
да  қолдау  таппағандығы  белгілі  жайт.  Өйткені,  ол  талаптар  тоталитарлық 
биліктің өмір сүру қағидаларына мүлдем қарама-қайшы келетін еді.  
Өткен  ғасырдың  60-жылдардың  аяқ  кезінде  азайған  қазақ  мектептерін 
қайта  көбейтпес  үшін  үкімет  аралас  мектеп  дегенді  ойлап  шығарды.  Бір 
шаңырақтың астында қазақ, орыс сыныптары қатар оқыды. Мұны қолдаушылар 
оны халықтар достығының көрінісі есебінде бағалады. Бірақ, шындығында, бұл 
қазақ тілінің мәртебесін кеңейтпеудің амалы болатын. Бәрібір орыс тілі басым 
жатты.  Үзіліске  шыққан  балалардың  ойнайтын,  сөйлейтін  ортасы  орыс  тілі 
болып  қалды.  ҚазПИ-де  сол  кездегі  Оқу  министрінің  бірінші  орынбасары 
А.В.Щербаков осы жүйенің пайдалы екенін дәлелдеп, кандидаттық диссертация 
қорғады.  Сол  қорғауға  С.Мұқанов  пен  Ә.Шәріпов  келіп,  Щербаковтың 
концепциясына  қарсы  қазақ  тілінің,  қазақ  мектебінің  намысын  қорғап  сөз 
сөйлеген.  Ұлы  орысшылдық  көзқарасқа  қатты  тиісіп  сөйлегендері  де 
ұмытылған жоқ. Осының бәрі Әдекеңнің ұлтжандылығын, күрескерлігін айқын 
танытады».  
Ұлттық  мүдделер  үшін  күрескен  ұлтжанды  тұлғалар  да  аз  болмады. 
Олардың қызметі ұлттық мемлекеттілік дәстүрлерінің жалғасын табуына ықпал 
жасады.  Дәстүр  сабақтастығы  тақырып,  идея  түрінде  жаңғырып  одан  әрі 
жалғасын  табуда.  Атап  айтқанда  «ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында,  Манап 
ақын  дамытқан  дәстүрлі  ақындық  поэзия  тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа 
тарихындағы  даму  қарқынын  үдете  түсуде.  Әзімбек  Жанқұлиев,  Мұхамеджан 
Тазабеков, Аманжол Әлтаев, Мэлс Қосымбаев, Оразалы Досбосынов, Бекарыс 
Шойбеков,  Дәулеткерей  Кәпұлы,  Ақмарал  Леубаева,  Айтақын  Бұлғақов,  Лена 
Әбдіхалықова, Айнұр Тұрсынбаева, Ринат Зайытов, Әбілқайыр Сыздықов және 
т.б.  ондаған  ақындар  шоғыры  жаңа  лекпен,  соны  серпінмен  дәстүрлі  өнер 
арнасын тереңдете, кеңейте жалғастыруда» [7, 78-б.].   
Қазақ  кеңес  әдебиетінің  майданында  қызмет  еткен  шығармашыл  элита 

62 
 
өкілдерінің  тағдыры  да,  шығармашылық  болмысы  да  тоталитарлық  қоғаммен 
біте  қайнасты.  Жазушылар  Одағының  ізашары  ХХ  ғ.  30  жылдары  құрылған 
ҚазАПП  (Қазақ  пролетариат  жазушыларының  ассоциациясы)  бастап, 
коммунистік  партияның  идеологиялық  тапсырысымен  «түрі  ұлттық,  мазмұны 
социалистік  шығармаларды  дүниеге  әкелген  жазушылардың  бәрі  бірдей 
қоғамның  талабына  сыя  бермеді.  Бұл  сөзімізге  Алаш  қозғалысының  белгілі 
қайраткері  Мұхтар  Әуезовтің  социалистік  реализм  шеңберінен  асып-тасыған 
«Абай жолы» эпопеясы үшін қанша қуғын көргендігін айтуға болады. Әйтсе де 
ортағасырлық  билеушілердің  ұстанған  «қамшы  мен  тоқаш»  (кнуть  и  пряник) 
қағидасын  үлгіге  алған  тоталитарлық  билік  жазушының  дарынын  Лениндік 
сыйлықпен бағалай алды. 
Кеңестік билікке,  таптық  идеяға берілген  С.Мұқановтың өмірі де қарама-
қайшылыққа толы. 1973 ж. 18 сәуірде дүниеден өткен С.Мұқанов С.Сейфуллин, 
Б.Майлин,  І.Жансүгіровтердің  ақталып,  соңына  қалдырған  мұраларының 
қатарға  қосылғанын  көзбен  көрді.  Қазақ  кеңес  әдебиетінің  айтулы  осы  үш 
қайраткерлерінің  ақталғандығын  көрген  С.Мұқанов  алашордашылардың  да 
ақталатындығына  сенген  болуы  керек.  «Ол  «Шәкәрімді  ақтайық!»  деп  мәселе 
көтерген  адам.  Арменияда  дашнак  дегендер  болған,  олар  Арменияның 
коммунистік  бағытта  дамуына  қарсы  шығып,  қолдарына  қару  алып,  күрескен. 
Мұқанов: «Туманян - армян әдебиетінің классигі, ол дашнактардың қатарында 
болған.  Соны  да  армян  әдебиетінің  классигі  деп  жүрміз  ғой.  Оның  қасында 
Шәкәрім кеңес өкіметіне қарсы оқ атпаған. Шәкәрімді ақтасақ жарасар еді» деп 
жазды».  
Шәкәрім  қажының  ақталғанына  дейін  оған  қатысты  ақтау  әрекеттерін 
Әбілда  Тәжібаев  та  жасаған.  «Тәжібаев  Ахат  Құдайбергеновтың  әкесі 
Шәкәрімнің  бір  топ  өлеңін  алып,  «Қазақ  әдебиетіне»  басып  жібереді.  Егер  ол 
қызметін,  мансабын  ойласа  Шәкәрімнің  өлеңін  газетке  шығармас  еді.  Осыдан 
кейін  сол  кездегі  КГБ  бастығы,  Қазақстан  Компартиясының  идеологиясы 
жөніндегі  хатшысы  Нұрымбек  Жандилдин  шақырып  алып,  Әбекеңді  әбден 
талқылайды.  Тәжібаев  бой  бермейді.  Орнынан  атып  тұрған  Әбекең:  «Сендер 
отызыншы  жылды  қайта  шақырып  отырсыңдар  ма?  Керек  болса  Компартияға 
көлеңке түсірген сендер. Қазір «Шәкәрім ондай болған, бұндай болған» дейтін 
уақыт емес. Қажет болса, қызметтеріңді алыңдар!» деп балдағымен үстелді бір 
қойып, ақсаңдай басып шығып кеткен. Ақыры оны «Қазақ әдебиеті» газеті бас 
редакторы  және  Қазақстан  Жазушылар  одағы  хатшылығынан  алып  тастайды. 
Міне, азаматтық!» [8, 17- б.].  Тоталитарлық биліктің идеологиялық жүйесі ұлт 
зиялыларының  шығармашылық  қызметін  партиялық  қағидалар  бойынша 
жұмыс істеуге жұмылдыруда орасан зор шараларды іске асыра алды. Осындай 
идеологиялық  тетіктер  арқылы  социалистік  өмір  салты  мен  коммунистік  сана 
қалыптастыруды жалғастыра берді. Әйтсе де, идеологиялық жүйенің мақсатты 
түрде  жүргізген  осы  үдерісіне  қазақ  халқының  ұлт  ретінде  жұтылып  кетпей, 
ұлттық  бейнесінен  айрылып  қалмауы  үшін  ұлт  зиялылары  өздерінің 
шығармашылық қызметтері арқылы қарсылық жасады. Әдебиет пен өнердің әр 
түрлі  саласында  әрқандай  түрде  көрінген  бұндай  қарсылық  әрекеттері 
жоғарыда  айтылғандай  саяси,  құқықтық  қысымға  ұшырағанымен  қоғамдық 

63 
 
санада  белгілі  дәрежеде  ұлттық  рухани  өрлеуді  қамтамасыз  ететіндей 
нәтижелерге  қол  жеткізді.  Осы  аталған  дәйектер  мен  дәлелдерді  талдау 
тоталитарлық  биліктің  қоғамға  жүргізген  үстемдігін  билік  басына  келген 
партиялық-мемлекеттік  номенклатураның  көмегімен  іске  асырғанына  көз 
жеткізе  түседі.  Қоғамның  билік  тарапынан  жаппай  қадағалауға  алынуы  және 
әрекеті мен ой-санасының қатаң түрде басқарылуы халықтың көңіл-күйіне әсер 
етіп, рухани тоқырау үдерісін күшейте түсті. Міне, осы жағдай ұлт зиялыларын 
үнемі  толғандырып,  олардың  қоғамдық–саяси  көзқарасының  өзегін  құрады. 
Партиялық-мемлекеттік номенклатура өкілдері партиялық биліктің ықпалында 
болғанымен  олардың  арасында  биліктің  құзырына  сөзсіз  бағынышты 
психологияда  болған  қайраткерлермен  бірге  биліктің  өкілеттігін  пайдаланып, 
ұлттық  мүдделер  үшін  күрескен  ұлтжанды  тұлғалар  да  аз  болмады.  Олардың 
қызметі ұлттық мемлекеттілік дәстүрлерінің жалғасын табуына  ықпал жасады.   
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, 
қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, 
теледидарымыз 90 - жылдарға қарағанда әлдеқайда «қазақша сайрап тұр» десек 
болады.  Бұл  біздің  мемлекеттік  тіліміздің  мәртебесінің  асқақтағаны,  Бұл  осы 
уақытқа  дейін  барлық  мүмкін  болар  оңды  -  солды  жағдайды  жете  бағамдай 
отырып  жүргізілген  мемлекеттік  тіл  саясатының  нәтижесі.  Болашақ  ұрпаққа 
мұра  етіп  қалдырылған  көне  түркі  мәдениеті  Қазақстанның  барлық 
аймақтарынан  табылып,  ескерткіштер  саны  жыл  санап  өсіп  жатыр.  Бірақ,  осы 
көне  көз  жәдігерлерге  үлкен  сезіммен  қарап,  оның  ішкі  мазмұны  мен  сырын 
ұғыну,  қазақ  халқы  үшін  құндылығынының  қаншалықты  екендігін  анықтау 
соңғы  жылдары  баяулап  кеткені  белгілі.  Тіл  тағдыры  -  ел  тағдыры  екенін 
ешуақытта  ұмытпайық.  Әрбір  адам  өз  ана  тілін  білу  және  мемлекеттік  тілін 
меңгеру міндетті. 
 
                                 Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
Назарбаев Н. Тарих толқынында.-Алматы: Атамұра, 1999.-296 б. 
2.
 
Тұрсынов  Е.Д.  Древнетюркский  фольклор:  истоки  и  становление. 
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.–205 с. 
3.
 
Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы: Санат, 
1996,127 б. 
4.
 
Әуезов М. Әдебиет тарихы.Алматы: Ана тілі, 1991.–239 б. 
5.
 
Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М: изд. Вост. Лит-
ры.1962.–310 с. 
6.
 
Авторханов А. Империя Кремля. Вильнюс, 1990. 
7.
 
Тебегенов Т. Дәстүрлі ақындық поэзия және Манап Көкенов ұлағаты / 
Қазақ  әдебиеті. 27-желтоқсан 2008 ж. 
8.
 
 Мұқанов С. Қазақ мектептерінің тағдыры. Дайындаған Гүлнәр  
      Құдабаева  //«Ана тілі»,  №9. 2000ж. 
 
Тіл – ұлттық құндылық, ұлттық мұра 

64 
 
Тастемірова Әмина Бисенғалиқызы  
Атырау облысы, Исатай ауданы. Жалпы білім беретін Аққыстау орта 
мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі 
 
Біз өзіміздің арғы, бергі ата-бабаларымыздың 
жүздеген буынының қалдырған өсиетін ақтап, 
мұраларын сақтап, молайта беру жолында 
топтасуға тиіспіз.               Н.Ә.Назарбаев 
 
Елбасының  «Мәңгілік  ел»  идеясы  –  заманауи  қайта  жаңарудың,  озық 
қуатты  ел  болып  гүлденудің  кепілі.  «Мәңгілік  ел»  идеясының  философиялық 
астарын  талдауда  ерекше  назар  аударатын  мәселе  –  ұлттық  тәрбие,  ұлттық 
құндылықтар. 
      Әрбір  ұлт  әлемдік  деңгейге  өз  ұлтының  құндылығымен  ғана  шыға 
алады. Ұлттық құндылықтар – дүниетаным бастауы, әлемдік деңгейге апаратын 
рухани көрсеткіш. Ұлттық құндылықтар бес көрсеткішпен өлшенеді: 
1. Туған жері (Отаны, атамекені).  
2. Тілі (ана тілі). 
3. Діні (ислам діні). 
4. Ділі (салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы).  
5. Тарихы (халық шежіресі). 
Ғалым Жарасқан Наурызбай атап көрсеткендей, «ұлттық құндылықтар – әр 
ұлттың өзге ұлттармен араласып кетуінен сақтайтын бастау бұлағы» [6, 25-б.]. 
 
Жас  ұрпақтың  бойына  осындай  ұлттық  құндылықтарды  дарыту, 
сіңіру тамырын тереңнен алатын шежірелі тарихты ардақтаудан басталмақ. 
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың 
Аты, даңқы өлмесін деп
Түркі халқы үшін 
Түнде ұйықтамадым, 
Күндіз  отырмадым,  -  деп  Мәңгілік  ел  болуға  үндеген,  тарихын,  ерлікке 
толы  сахара  жұртының  ғұмырын  тасқа  қашап  қалдырып  кеткен  Күлтегін,  
Тоныкөк,  Білге  қаған  бабаларымыздың  асқақ  рухы,  асқан  ерлігі  -  кейінгі 
ұрпаққа үлгі-өнеге. 
      Ақылгөй  ата-бабаларымыздың  алты  алаштың  азаттығын  аңсаған      
арман-мұңы асыл мұраға айналып, аса бағалы қазына болып бізге жетті. 
Таза мінсіз асыл тас, 
Су түбінде жатады. 
Таза мінсіз асыл сөз 
Ой түбінде жатады, - 
деп  тереңнен  толғаған,  Желмаяға  мініп,  халқына  Жерұйық  іздеген 
Асанқайғы бабамыздың: 
Өзенге бие байлатып
Төскейге орда орнатып. 
Төрткілдеп ошақ қаздырып, 
Төбел бие сойғызып. 

65 
 
Төменде бидің кеңесін, 
Бізде бір құрар ма екенбіз, - 
деп, ғажайып өршілдігімен жарқылдап өткен Ақтамберді жыраудың: 
Ереуіл атқа ер салмай, 
Егеулі найза қолға алмай. 
Еңку-еңку жер шалмай, 
Ерлердің ісі бітер ме? – 
деп,  жырлап  өткен,  жасындай  жарқылдаған  Махамбет  батырдың  аяулы 
мұрат, асыл арманына қолымыз жеткен бақытты ұрпақпыз [4, 155-б.]. 
      Қазақ  деген  –  батыр  халық,  тілге  шешен  халық,  ақын  халық.  Сөйлесе, 
Қазыбек  данадай  шешендігі  бар,  айтыса  қалса,  Төле  бидей  көсемдігі  бар, 
дауласа  қалса,  Бөгенбай  батырдай  ерлігі  бар,  жауласа  қалса,  Бауыржандай 
өрлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қиыннан қиыстырып жол табар Абылайдай 
тірлігі  бар  елміз.  Осындай  дана  халқымыздың  асыл  мұрасын  ұрпақ  бойына 
дарыту-тіл мамандарының бұлжымас міндеті. 
      Ұлтын  шын  сүю  ана  тілін  білуден  басталады.  Тіл  –  ұлттық 
келбетіміздің  рухани  көрсеткіші.  Ол  –  халық  өміріндегі  маңызды  құндылық. 
Адам  үшін  рухани  байлық  көзі  мен  біртұтас  ұлттың  болмыс-бітімін 
анықтайтын,  саналы  тіршілік  иесінің  ғұмыр  бойы  пайдасына  жаратар  қарым-
қатынас  құралы  тіл  болған.  Құс  қанаты  талатын  қазақтың  кең  даласын  мекен 
еткен  ата-бабаларымыз  тіл  өнерін  жоғары  бағалап  қастерлеген.  «Бас  кеспек 
болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»  деп  адамның  қылыштанда  қайтпай,  жүрегіндегі 
шындықты  айтуға  жол  берген.  Қазақ  тілі  «мың  өліп,  мың  тірілген  қазақ» 
халқымен бірге қайтпас қайсарлықпен қаhармандық жолын жүріп өтті. Өйткені 
әріректе тілдің туын биік көтерген тіл өнерінің биік шыңы – шешендік өнердің 
атасы Майқы биден бастап сөз қадірін ұғар қазақтың       би-шешендері, ақын-
жыраулары  болса,  ортада  жазба  тілдің  соқпағын  салған  кемеңгер  ойшыл  дана 
Абай,  беріде  «Алаш»  ұрандаған  Ахмет  пен  Мағжандар,  әлемге  қазақты 
танытқан Әуезовтей әйгілі жазушысы, Жамбыл, Шашубай сынды суырыпсалма 
ақындары,  тілдің  тазалығын  шындық  қылышымен  қорғаған  Бауыржандай 
батыры,  ой  таразысын  тербеген  Ғабит  пен  Ғабидендей  парасаты  мен  ақылы 
болды.  Ұлттық  сана  мен  дүниетаным,  ұлттық  тәрбиенің  тылсым  күші  осы 
ұлылар айтқан ұлағатты сөздерде жатыр. 
«Тәрбие  тал бесіктен басталады» десек, ұлттық тәрбие отбасынан бастау 
алуы  керек.  Отбасылық  тәрбиеніжеке  тұлға  қалыптастырудағы  басты  мақсат 
ретінде ұстануымыз қажет.Бұл жолда үлкенді құрметтеу, ата-ананы сыйлау, ар-
ұят,  ұлттық  намыс  сынды  құндылықтарды  жас  ұрпақ  санасына  сіңіруді  басты 
ұстанымға айналдырудың маңызы зор. 
Ұлттық сана ана сүтімен бойына дарыған кішкентай сәбидің «ата», «әже», 
«әке»,  «ана»  деген  сөздерінен  бастау  алады.  Бала  тілін  дамытатын  -  өзінің 
қоршаған  ортасы.  Атап  айтсақ,  отбасы,  достары,  әлеуметтік  ортасы  баланың 
ойлау әрекетін дамытады, қорытынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту тіл 
дамытумен ұштасады. Бала тілін дамытып қалыптастыруда халық ауыз әдебиеті 
үлгілерінің 
– 
ертегі, 
аңыз 
әңгімелері, 
мақал-мәтелдері, 
жұмбақ, 
жаңылтпаштарының  тигізер  ықпалы  зор.  Сондықтан  балаларға  жас  кезінен 

66 
 
бастап халқымыздың ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерді, ертегілерді мәнерлеп 
оқытып,  өздеріне  мазмұнын  айтқызса,  баланың  ойы  да,  тілі  де  тез  дамиды. 
Батырлар  жырын  оқушығамақамдап  жаттату  –  тілді  дамытады,  оқушының 
туған  жеріне,  еліне  деген  сүйіспеншілігі,  отансүйгіштік  қасиеті  қалыптасады. 
Тіл арқылы бала қызығушылығы артып дүниенің сырын білуге ұмтылады, бала 
қиялын  ұштау  арқылы  шығармашылық  жұмысқа  бағытталады,  сөйтіп  ұлттық 
тәрбиенің көзі талбесіктен екенін бала жүрегіне жеткізеді. 
Әдебиет  –  сөз  өнері,  сезім  сабағы.  Сөз  өнерінен  құдіретті  еш  нәрсе  жоқ. 
Бала  жанын  ізгілікке,  адамгершілікке,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеудің  басты 
құралы  –  әдебиет.  Көркем  шығарманы  талдау  мұғалімнен  де,  оқушыдан  да 
шығармашылық  жұмыстарды  талап  етеді.  Сол  көркем  шығарма  негізінде 
оқушыларда   өзіндік әсер, сыни көзқарас туындайды. Жас ұрпақ осы арқылы 
таныс та беймәлім, жақын да жат өмірге араласады, онымен бірге қуанып, бірге 
мұңаяды. Себебі оқушылар сөз маржанының астарын игеріп, өмір атты дарияға 
алып шығар асылын – жақсылық пен ізгілік, адамгершілік пен қайырымдылық 
қорын  осы  пән  негізінде  бойына  дарытады.  Туған  тілін  сүюден  басталған 
махаббат  елжандылықтан  адамзатты  шексіз  құрметтеуге  дейін  барады. 
Сондықтан  рухани  бай,  жан  -  жақты  жетілген,  өз  ойын  еркін  айта  алатын, 
халқының  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын  меңгерген,  ана  тілін  қастерлейтін  жас 
ұрпақты тәрбиелеу- бүгінде тіл мамандарының абыройлы міндеті.Қазақ тілі мен 
әдебиеті  сабақтарында  оқушы  бойына  ұлттық  рухты  сіңіре  отырып, 
халқымыздың  рухани  құндылықтарын  меңгерту  барысында,  ұрпақ  бойында 
патриоттық  сезім,  Отанға  деген  сүйіспеншілік  қалыптасады.Жасынан  туған 
халқының  даналығымен  сусындап, оның  өсиетінен  нәр алған,  әдебиетті сүйіп, 
сол  арқылы  имандылық  пен  инабаттылыққа,  адамгершілікке  тәрбиеленген 
ұрпақ туған елінің арқалы, абыройлы азаматы болып өсері хақ. 
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: 
Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек,  -  деп  «толық  адам»  болудың 
алғы шартын көрсеткен ұлы Абайдың асыл мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау 
–  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдерінің  ең  бірінші  міндеті.  «Абай 
сөздерінің  дүниеде  қалғаны  -  зор  бақыт.  Абайды  қазақ  баласы  тегіс  білуі 
керек»,  -  деп  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай,  кеудесінде  сәулесі  бар  жас 
ұрпақтың  жан  дүниесіне  Абай  қарасөздерін  дарыту,  Абай  жырларымен 
тәрбиелеу  ұстаздық  борышым  деп  білемін.  Абай  –  өз  заманының  айнасы  [3, 
240-б.]  Абай  шығармаларының,  қарасөздерінің  тәрбиелік  маңызы  ерекше.   
Оқушыны  белгілі  бір  қиялға  жетелеп,  ақылға  салып  ойлануына,  мінез-құлқын 
қалыптастыруға,  жақсы  мен  жаманды  айыра  білуге  Абайдыңасыл  мұрасының 
септігі  тиеді.  Бүгінде  ғаламторға  телміріп,  көркем  шығарманы  оқымайтын, 
рухани жұтаң жас ұрпаққа Абайдың жырларының ой салары сөзсіз. 
Дарынды  оқушылардың  шығармашылығын  дамыту,    олардың  қабілетін 
ұштау,  «жанам  деген  жүрекке  от  беру,  ұшам  деген  талантқа  қанат  бітіру»  - 
мектебіміздің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пән  бірлестігі  мүшелерінің  айнымас 
парызы, бұлжымас міндеті. Қазіргі қазақстандық білім беру негізінде «Мәңгілік 
ел» құндылықтарын жүзеге асыру мақсатында біздің Аққыстау орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жүйелі жұмыс жасап келеді. Жас дарынды 

67 
 
оқушылар  аудандық,  облыстық,  республикалық  білім  бәйгелерінде,  пәндік 
олимпиадаларда,  ғылыми  жоба  байқауларында  жүлделі  орындардан  көрініп, 
ұстаздардың мерейін үстем қылды. Атап айтқанда, Халықаралық «Сократ» атты 
ғылыми  жоба  байқауында  Жаңабаева  Мадина,  Исак  Айдана,  Жасұланқызы 
Эльвира  І,ІІ,III  дәрежелі  дипломдармен  марапатталды.  Республикалық 
«Жарқын  болашақ»  қазақ  тілі  олимпиадасында«Жас  ғалымдар»  номинациясы 
бойынша  11-сынып  оқушысы  Бауыржанқызы  Эльза  І  дәрежелі  дипломмен 
марапатталып,  грант  иегері  атанды.  Республикалық  «Жарқын  болашақ»  қазақ 
тілі  олимпиадасында  «Әнші-бұлбұлдар»  номинациясы  бойынша  7-сынып 
оқушысы  Мажитова  Дана  жүлделі  ІІІ  орынды  иеленді.    9-сынып  оқушысы 
Қалиматова  Ақнұр  облыстық  Мұқағали  оқуларында  Бас  жүлдені    иеленіп, 
Республикалық сайысқа жолдама алды. Қазақ тілі пәні бойынша республикалық 
«Қазақстандық Интернет Олимпиадасында»  мектебіміздің бір топ оқушылары 
Күншығар  Жанерке,  Бұрханқызы  Еркеназ  І  дәрежелі  дипломмен,  Қайратқызы 
Айзат,  Сағидуллин  Арсен,  Шұғыпан  Анар  ІІ  дәрежелі  дипломмен,  Қойшыбай 
Жантөре,  Қалиматова  Ақнұр,  Қаржауова  Жадыра  ІІІ  дәрежелі  дипломмен 
марапатталып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. 
Тіл  –  ұлттық  құндылық,  ұлттық  мұра,  ұлттық  тәлім  -тәрбие  құралы. 
Ұлттық тәрбие қазірде елімізде орын алып отырған қоғамдық қауіпті дерттерді: 
ана  тілін,  ата  тарихын,ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  имансыз  жастардың, 
тастанды жетім балалардың көбеюіне, «қиын» балалардың, ата-анасын қарттар 
үйіне  тапсырған  безбүйрек  ұл-қыздардың,  нашақорлыққа,  жезөкшелікке, 
маскүнемдікке  салынған  жастардың  ерсі  қылықтарын  бірте-бірте  жоюда, 
олардың алдын алып, болдырмаудың бірден-бір жолы болып табады. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Оқушыларды  қазақстандық  патриотизмге 
шығармашылық  жағынан  дамыған  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеу  қажет. 
Бүгіннен  бастап  ұлттық  мінез-құлық,  биік  талғампаздық,  тектілік,  білімділік, 
биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - деп 
атап  көрсетуі  де  –  бүгінгі  заман  талабы  [7,  10-б.].  Ендеше,  ұстаз  алдындағы 
ендігі міндет - ұлттық тәрбиені бүгінгі күннің талабына сәйкестендіре сіңіру. 
Тіл-тарих, тіл-осы шақ, тіл-болашақ, 
Онсыз мен болмақ емен нағыз қазақ. 
Тілім менен ділімді сүйіп өтем, 
Әйтпесе бөтен елге болам мазақ, - деп ақын жырлағандай, туған тіліміздің, 
ұлттық  мұрамыздың,  қазақ  тілінің  болашағы  кемел,  жолы  сара.  Қойнауы 
шежіре мен сырға толы дархан даланы мекен еткен дана халқымыздың ұлттық 
құндылықтарын  ұрпақ  санасына  жаңғыртып,  сіңіре  білсек  қана,  тәуелсіз 
егеменді еліміздің ертеңі жарқын болмақ. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет