Кіріспе. Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің
ерекшеліктері» деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы
ниет туындады.
Негізгі бөлім. Ертегісі жоқ ел жоқ әлемде. Бірақ әр елдің, әр халықтың
ертегілері – сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы. Әр ертегі арқылы біз өткен
ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз.
Әр ертегі – тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған
ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке
қарай, қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен
түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер
есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің ерекшелігімізге жат оқиғалар
баяндалады. Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі әлдеқайда
тиімді.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
110
Мен өзімнің зерттеу жұмысымда қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды
қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және
насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім. Бұл
жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу
болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан
ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке,
тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын,
табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген
ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету
жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін
келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып, өсуі ертегілердің туындауына көп әсер
еткен.
Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен. Мұнымен қатар
жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты
орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар
арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды
адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде
шешуші орын алады.
Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ
қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті рөл атқарады. Оларға халық арасынан
шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал
еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.
Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні
алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы,
өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.
Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік, үстемдік құрып,
зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер
өткір сықақ-мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы:
Тазша бала туралы ертегілердегі әке-шешесі жоқ, басы таз Тазша атанған баланың
тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді. «Қырық өтірік» ертегісіндегі
шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша
бала ханның байлығына ие болып, қызын алады.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
111
Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой
тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының
шеберлігіне байланысты.
Ертегілер мазмұны мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Солардың ішіндегі бастылары:
1. Қиял ғажайып ертегілері.
2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.
3. Тұрмыс салт ертегілері.
4. Аңыз ертегілері.
Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала
ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау
мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз шалдың
ақылмен жеңуі, дәулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны қызықтырып, тіпті
ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді.
Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін
ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін,
дәстүрін біледі және ой өрісі мен қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді.
Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң –
қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген
мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның
кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы
жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген
мақалды дәлелдей түседі.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта
қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай, қатығын төгеді де, оны қайтарып
беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты
төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс-қимылына жауап беруге, үйренуге, қателік
жібермеуге тәрбиелейді.
«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды.
Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады.
Сол кезде бәрі бірігіп, береке-бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі
балаларды бір-біріне көмектесуге, береке-бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін,
шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады,
шапшаң тышқан жыл басы атанады.
«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым
кедей Алдардың ақылымен алдап кетуін баяндайды. «Жақсымен жолдас болсаң –
жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа», «Жаман дос,
жолдасын қалдырар жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.
«Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге
зер салғандарын баяндайды. Яғни, балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.
Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі.
Мысалы, «Қазақстан» телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын
ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего» ағылшын ертегісі, ал сенбі
күні «Барби күнделігі» деген шетел мультфильмдері болады. Ал, «Еуразия»
телеарнасында жексенбі күні «Робот» деген шетел мультфильмі болады. Осы шетел
мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер
көрсетілсе. Өйткені тек қана «Қазақстан» телеарнасында ғана Алдар Көсе ертегісі
желісі бойынша мультфильм көрсетіледі.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
112
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың
бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар
бұлағы – қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім. Қай заманда болмасын
адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін
жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар
дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу
мүмкіндігі бар. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Оның
негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және
адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі өзін мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін өз
бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен дарындылығымен, өзгелерден ерекше
табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие
берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік
алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз
әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз.
Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге
талпынып, білімнің тереңіне бойлау – дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани
байытады. Дүниеде балалар біле бергісі келетін «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?»,
«Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың
осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.
Қорытынды. Мен өзімнің ғылыми жобамды қазақ халқының әр ертегісінің
өзіне тән ерекшелігін саралай білуге арнадым. Жобамдағы мақсат қазақ ертегілері
адам өміріне байланысты іс-әрекеттер, күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы
берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің
жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады.
Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына
лайықтай жеткізуді мен өзімнің жаңалығым, шеберлігім деп таптым. Ұсыныстарым:
1. Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы ертегіні насихаттау керек. Мысалы,
ойынға киетін кепка, футболка, сөмке және күнделік сыртына, қағаз пакет, қойын
дәптер, шоколад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ
ертегілері кейіпкерлерінің суреттері салынса;
2.
Қазақ
ертегілері
кейіпкерлерінен
ойыншық
жасап,
театрларда
қуыршақтардан ойын көрсетілсе;
3. Қазақ ертегілерінің мазмұны көлеңке театры арқылы көрсетілсе;
4. Аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға таратылса, үйде ұйықтар
алдында балалар тыңдаса.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
113
БИЯХМЕТ Айсауле Болатбекқызы,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының 4 «В» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: БЕЙСЕБАЕВА Асем Токановна,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
АҚЫЛДЫ ОЙ, ЖАҚСЫ СӨЗ – АДАМНЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚАСИЕТІ
Мақсатым: бүгінгі заманда ақылды ой, жақсы сөз – адамның ең жоғары
қасиеті екенін халыққа жеткізе отыра өз ойыммен, пікіріммен бөлісуді алдыма
мақсат етіп қойып отырмын.
Міндетім: Адамдар ойдың қаншалықты адам өміріне ықпалын тигізетіндігіне
мүлдем көңіл бөлмейтіндігі ойландырады. Сондықтан жақсы ой мен жақсы сөздің
құдіретін зерттегім келді.
Ғылыми жаңалығым. Әрбір пенде баласы Ғарыштың бір бөлшегі. Сондықтан
ол соның заңдылығымен өмір сүруі қажет. Егер ішкі жандүниеңде үйлесімділік
болса, онда сыртыңда да үйлесімділік болады. Бұл мәселенің себеп-салдары
сыртымызда емес, ішкі жан-дүниемізде екенін түсінетін уақыт жетті. Басты себеп,
біздің көзқарасымыздың өзі дұрыс емес. Өзгеру үшін алдымен өмірге деген
көзқарасымызды өзгерту жолдарынан бастауды ұсыну.
Жұмыс барысы. Ойдың күші Ғаламат! Ғалымдардың есептеуі бойынша адам
ойының қуаты, атом қуатына қарағанда шексіз. Адамдар өздерінде қандай алапат
қуат күш қорының бұғып жатқанын сезбейді, білмейді. Осы қуат адамды құртатын
да, дұрыс қолдана білсең жетістікке жетелейтін де күшке ие! Адамның өмірге деген
көзқарасының, оның әкелетін ғажап салдарының әсерінен қазіргі медицина
«жазылмайды» деп аталатын аурулар жазылып кетіп жатқан жайы бар және өмірде
өз орнын тауып: бақытқа, молшылыққа, сәттілікке қолы жетіп жататындықтары
жайлы көп естіп жататынымызда өтірік емес.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
114
Кіріспе. Ой жүзеге асады. Не ойласаңыз, сол түптің түбінде өмірде болып
жатады. Біз көбіне арманым орындалды деп жатамыз. Кез келген жағдай ойда,
қиялда туып, сосын барып жүзеге асады. Ал бір адам не бір оқиға туралы тек қана
жаман көзқараста болу, біріншіден, өзіңізге кері әсерін тигізеді. Психологтардың
жағымды оймен өмір сүру керек дейтіндері де сондықтан. Ал атам қазақ бұл
турасында «Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табар» дейді... Адам ой-өрісінің,
ынта-жігерінің судың құрамын өзгерте алатыны жөнінде «Үш анық» кітабында
Шәкәрім жазған мынандай оқиға бар.
1881 жылы Ливерпульдан Сан-Францискоға қарай бет алған кемеде өрт болып,
кеме суға батады. Қайыққа мініп аман қалғандар көп уақыт су бетінде болады.
Ішейін десе ішетін су жоқ. Аман қалған кеменің капитаны артынан былай деп
әңгімелепті. «Ешқандай лаж қалмаған соң, біз барлығымыз Құдайға жалбарынып,
барлық күш-қайратымызбен «қайықтың сыртындағы су ащы емес» деп өз ойымызды
шоғырландыра бастадық. Сөйтіп, біраз уақыт шыдаған соң мұхит суын ішіп көрсек,
оның суы шынында да ішуге болатын тұщы болып шықты! Сөйтіп, біз өлімнен аман
қалдық», - дейді. Осылай адам ойының, қуат-жігері әсерінен ішуге келмейтін
теңіздің ащы су өзінің құрылымын өзгертіп, тұщы суға айналған.
Адам біреуге ренжіп, оған талқандайтын ой бағыштаса, ол ой өзіне қасірет,
зардап, ауру, азап түрінде қайта оралады. «Жақсы сөз жарым ырыс», - деп
топшылаған. Шынында да сондай. Бір үйде тек қана жақсы сөздер айтылса, ол үй
берекеге толады. Былапыт сөздер ғана айтылатын үйден ырыс-береке іздеудің өзі
ақылсыздық болса керек. Тағы бір жағынан алғанда, жаман ой арқылы өзіміздің бет
бейнемізді көрсетеміз. Мысалы: «Оның орнында мен болсам, солай жасар едім», -
деп өзіміздің жаман ойымызды өзгеге жала етіп жабуға болмайды.
Тәжірибелік мәні. Жаман ойлардан, жағымсыз пікірлерден арылу үшін не
істеу керек? Немесе күйзелістен қалай шығуға болады? Өмірден баз кешіп, түңіліп
кеткен кездерде көмекке келетін қағидалар тізіміне көз жүгіртейік. Күйзеліске
түскенде көбіне өзімізді тастап жібереміз. Тіпті кей жағдайларда өміріміз осымен
біткендей күйде боламыз. Бұл кезде тек миыңыз ғана емес, денеңіз де шаршайды.
Ауыр ойлар ұйықтауға мұрша бермеген кезде тәніңіз қалпынан ауытқиды.
Сондықтан өз-өзіңізге демалыс жариялаңыз. Назарыңызды басқаға бұратын
нәрсемен шұғылданыңыз. Өзегіңізді өртеген нәрсені сыртқа шығарып тастаңыз.
Жаныңызды түсінетін жан болса, сірә жақсы. Сондықтан көңіліңізді жанарыңыздан
ұғатын адамның қадіріне жетуге тырысыңыз. Ал кейбіріміздің сүрінгенде сүйеу
болар адамымыз жоқ. Өмір болған соң, бәрі де болады. Бұндай жағдайда хат
жазыңыз! Жүрегіңізді күйзелткен жайтты қағазға тізіңіз.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
115
Өзіңізге сеніңіз! Өзіңізді жақсы көріңіз, сүйіңіз! Қолыңыздан бәрі келетініне
бек сеніп, алда талай толағай табыстарға жетем деп ойлаңыз. Бүгінгі сәтсіздік –
ертеңгі сәттіліктің бастауы! Жағымсыз ойлардың тұңғиығына түсіп кетуден
сақтаныңыз. Нашар оқиғадан жақсы нәрсе көріп, өмірдің ақ жолақтарын сезінуге
тырысыңыз... Барлық адам ниетінен табады. Біреуге жақсылық жасасаңыз, ол
алдыңыздан міндетті түрде қайтады. Жамандық та солай... Пенде болған соң,
бәріміздің кемшілігіміз болады. Біреудің кемшілігінен сабақ алған жөн. Жақсы өмір
сүру жақсы ойлардан бастау алады. Жақсы ой – жақсы сөз. Бәріміз жақсы ойлар
ойлауға лайықпыз!
Мені ойландырған сәттер. Біз не ойласақ, ол шындыққа айналады. Жақсы
ойлаудың пайдасын шамам келгенше түсіндіретін боламын. Оптимизм – бай және
жолы болғыш адамдардың ортақ қасиеті. Адамдар жасы келе армандауды ұмытады,
барлық дүниеге «мүмкін, мүмкін емес» деп қарайды. Өмірде өзіміз қаласақ, бәрі де
мүмкін. Ойлаған ойларыңыз жақсы болу үшін, мына мысал әңгімені есте сақтаңыз.
Жолаушы шөл далада көп күн жүріп, кездейсоқ бір саялы ағашты көріпті.
Ағаштың жанына барып, көлеңкесіне отырыпты. Шөлін қандыруды ойлапты
жолаушы. Сол сәтте оның алдында су құйылған құмыра пайда болады. Жолаушы
шошып қалады. Бірақ қатты шөл шыдатып тұра ма? Суды алып, ішеді. «Енді бір
тамақтанып алсам ғой...», - деп ойлады жолаушы. Сонда тамақтар қойылған үстел
пайда болады. Тамаққа тойып алған жолаушының демалғысы келеді. Сонда алдында
жататын орын пайда болады. Сонда оған: «Мұның бәрін кім істеп отыр?» - деген ой
пайда болады. «Мүмкін бұл бір құбыжық шығар», - деген ой келеді. Сонда оның
алдында қорқынышты құбыжық пайда болады. «Бұл мені өлтіруі мүмкін ғой», - деп
ойлайды жолаушы. Сол-ақ екен, құбыжық оны өлтіреді.
Жағымды психологияның негізін қалаушы Абрахам Маслау алғаш бұл
терминді өзінің «Мотивация және тұлға» кітабында қолданды. Негізінен адам
психологиясында болатын түрлі мәселелер мен патологияларды қарастыратын
классикалық психологияға қарағанда позитивті психология адам психикасында
позитивті аспектілерді, сондай-ақ бақытты болуға негіз болатын нәрселерді
қарастырады. Зерттеудің бұл саласы адамның табиғи мүмкіндіктерін ашып, өмір
тәжірибесінен өзі қанағаттанатындай етуге тырысады. Негативті ойлаудан адамдар
өздерін алда жағымсыз жайттар күтіп тұрғандай сезінеді және онысымен өмірдің
болайын деп тұрған жақсылықтардың болуына қарсылық істейтіндерін сезінбейді.
Ондай адамдар жаңадан танысқан адамдармен кездесуге қорқады, қателесуден
қорқып, жобасын жарыққа шығармайды. Сөйте тұра үнемі бір кедергілер тұрады,
жалғызбын деп, адамдардың қарым-қатынасына наразылық білдіріп отырады.
Сонда мұндай адамдар жағымды ойлау туралы бірнеше кітап, мақала оқып,
семинарға барса да, ондай адамдар сол қателерін тағы да жібереді. Ондай адамдар
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
116
өздерін алдап, өміріндегі қиын мәселелеріне көз жұмып, нәтижесіз ойларға
негізделген бірдеңелерді айтып жүреді. Бірақ адам өзін алдауды қойып, шын мәнінде
жақсылыққа сеніп, болашағын жарқын етіп елестетіп, жанымен соны сезіне білген
кезде ғана бәрі өзгереді. Алғашында езуіндегі жасанды күлкі секілді, шындық өмір
арманнан тым алыста секілді көрінеді. Соған қарамастан адам өз өміріне, алған
бағытына жауапкершілікте болып, өзінің қалай даму керек бағытын қадағалайтын
болады. Алдағы қиындықтарды жеңіп, болашақта бәрі жақсы болатынына сеніп
қарайтын болады.
Сенім адамға дұрыс шешім қабылдап, күшіңді тиісті жерде, уақытыңды тиісті
әрекетке дұрыс жұмсап, өз эмоцияларыңды бақылауда ұстап, алдағы қадамдарыңды
ойластыруға көмектеседі. Позитивті ойлаудан адамның басына берілетін барлық
қиындықтар шамасына қарай берілетінін түсінеді. Олардың бәрін шешуге
болатынын түсінеді. Тек өзіңе қатысты бірдеңені өзгертіп, бірдеңеден бас тарту,
жаңа бірдеңеге үйрену керек болады. «Адамның санасы парашют сияқты... Іске
қоспасаң, жұмыс істемейді». Бір сөзбен айтқанда, жақсы ойлау аздық етеді, адамда
жақсы ойлауға белгілі бір себеп болу керек. Баяндаманы жүйелі түрде
дайындасаңыз, конференцияда жақсы ойлап, оны жақсы өткізуге себеп бар. Егер
емтихан билеттерінің барлығына жақсы дайындалсаңыз, онда емтиханды жымия
отырып тапсыруға болады. Егер біз бір нәрсенің жөнін білетін болсақ, қолымыздан
келетін болса, дайындығымыз жақсы болса, біз жеңіске жетеміз.
Сонымен, барлық жағдайда сәттілікке жету білім мен тәжірибесінің
нәтижесінде болуы заңдылық. Соны түсіне отырып, жақсы ойлайтын адам не нәрсені
үйренуге дайын болуы керек. Жақсы ойлаудың негізі адамның жеке басының
дамуында жатыр. Адам қиындықтан қашып емес, онымен бетпе-бет келіп, шешімін
тауып, сол қиындықты жеңгенде ғана дамиды, өседі. Егер спортпен айналысатын
болсаңыз, жаттығуға кіріспес бұрын денені қыздырып алуға адамның кейде
еріншектігі ұстайды. Ал дене қызған соң, керісінше жұмыс жасауға шабытыңыз
оянады. Жаттығу жасап болып, бір сағат өткен соң, аяғыңыздың ауырғанын
сезінуіңіз мүмкін, бірақ сонда да денеңіздің күннен күнге әдеміленіп, қатайтып келе
жатқанын ойлап, рахаттанасыз. Егер адам басын бұқпаламай, өз-өзімен жұмыс
жасайтын болса, өзіне деген сенімі артатын болады.
Жақсы ойлау кезінде де өзіңді жайсыз сезінетін кездер болады, онда адам
ойлауының масштабын кеңейтуі керек. Өміріңізде болуы мүмкін үлкен бір
қиындықты елестететін болсаңыз, сіздің қазір қиналып қараған жағдайыңыз түкке
тұрғысыз болып қалады. Ондай жағдайда адам түнеріп қалмай, әрекет етіп, алға
қарай қадам басады. Оның үстіне бұлай етудің жағымды эффектісі болады: қазіргі
нейробиология бойынша күнделікті дұрыс ойлау мидың алдағы уақыттағы
белсенділігіне де әсер етеді. Бар нәрсеге қанағат ету адамның басқа нәрсеге
талпынбауы емес.
Жақсы ойлайтын адам қолда бар нәрсесіне қуанудан бастауы керек.
Баспанаңның бар болуы, денсаулығыңның бар болуы, достарыңның бар болуы
адамды қуантуы керек. Ондай адамдарға бұл болашақ жетістіктеріне жасаған
алғашқы қадамы болады. Соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша жақсы эмоциялар
адамның қоршаған ортаны ашық, позитивпен қабылдауына негіз болады. Оның
үстіне кез келген ойлаудың түрі жұқпалы келеді: оптимистердің айналасына адамдар
көп жиналса, ал пессимистерден адамдар қашады. Оптимистер жақсы, пайдалы
таныстар, достар көп тапса, пессимистер айналасындағыларды шошытып, жалғыз
қалады немесе айналасына өзі секілді негативті ойлайтын адамдарды жиналып алды
деп ойлап, өзін-өзі тұзаққа итереді екен.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
117
Достарыңызбен бөлісу: |