ӘОЖ 373.1.02:372.8:514
БАЙСАЛХАН Гүлназ, 2 курс магистранты,
ТАСБОЛАТОВА Рыскүл Байтұрсынқызы,
доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Физика-математика факультетінің «Математика және математиканы
оқыту әдістемесі» кафедрасы, Талдықорған қаласы, Алматы облысы,
Қазақстан Республикасы
БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Аңдатпа
Мақала қазіргі кезде әлі де болса аз зерттелген мұғалімнің құзырлылығын
қалыптастыру проблемасы тәрізді өзекті мәселені қарастыруға арналған.
Кілт сөздер: құзырлылық, педагогикалық шеберлік, педагогикалық процесс,
әдіс, әдіснама.
Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің
даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін,
келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.
Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан –
2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас
идеялық тұғыры! Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол
– барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген
келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю –
бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз
үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша
қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы! [1]. Егемендік алған
мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси өркендеуі үшін алдымен
отандық білімді жетілдіру, өзінің және оған жақын мамандықтарды еркін меңгерген,
мамандығы бойынша әлемдік стандарт деңгейіне сай нәтижелі жұмыс атқара алатын
білікті кәсіби құзырлы мамандар дайындау керектігіне ерекше мән берілген. Мұның
өзі де болашақ математика мұғалімінің құзырлылығын қалыптастыруды жүзеге
асырудың үлгісін құзырлылық тұрғыдан жасауды талап етіп, мұғалімнің әдістемелік
дайындығының мазмұнын жаңарту мәселесіне әкеліп тірейді.
Қазіргі таңда бүкіләлемдік білім беру кеңістігінде Болондағы Еуропа
мемлекеттерінің білім беру министрлігі Кеңесінің, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру
нұсқауларына сәйкес жаңа тұрпатты заманауи педагогты дайындау мәселесі
қарастырылуда. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру
Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға
бағдарланған болашақ мамандардың құзырлығын қалыптастыру мәдениетінің
қалыптасуына шынайы жағдай туғызуда.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
11
Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге
жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда
ұйымдастыру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі кезеңдегі ғылым мен
техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды
есептеуіш құралдарының кең көлемде қолданылуы, Интернеттің т.б. ақпараттық
құралдардың пайда болуы білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді
енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды дамуы мен ескі
технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инновациялық жаңашылдыққа көшуге
болашақ мұғалімдердің іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алды.
Олай болса, білімнің сапалы да, саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі
зиялылар қауымының кәсіптік деңгейіне байланысты. Мұғалімнің қоғамдағы
белсенділігін арттыру үшін оның кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік беделіне,
шығармашылығына көңіл бөлу керек, яғни, шығармашылықпен жұмыс істейтін
мұғалімнің құзырлылығын қалыптастыру бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі
болып табылады.
Бүгінгі таңда педагогикалық білімнің аясы біршама кеңейе түсті. Педагогика
міндетті және таңдау курсы ретінде «Адам – Адам» жүйесі негізінде кәсіби жұмыс
істейтін, мамандар даярлауды жүзеге асыратын әр түрлі оқу орындарында
оқытылады. Осыған байланысты педагогикалық білімге ғана емес, оны оқыту
әдістемесіне де сұраныс арта түсуде. Педагогика – педагогикалық үдерістің
мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын,
мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде
зерттейтін ғылым. Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері ретінде
қаралатындар: нысан, пән, категориялы-түсініктілік аппарат, теория, болжау,
әдістер мен фактілер. Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде педагогикалық
мамандықтар үшін базалық болып саналғанымен, оны оқытудың әдістемесі әлі де
толықтыруларды қажет етеді.
Педагогика ғылым ретінде мынадай сапалық қасиеттерге ие: инновациялық
(жаңашылдық) – педагогикалық ғылым қажеттіліктерін өтейді, онда барлығы
жаңарып отырады, оларға педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері,
құндылық бағдарлары, оқыту мен тәрбиеге жаңа нұсқаулар, педагогикалық қарым-
қатынас формалары мен әдістері жатады. Барлық жаңалықтар білім беру мен
тәрбиенің мақсаттарымен байланысты, олар педагогикалық еңбекті жоғары
шығармашылық деңгейге көтереді; тұлғалық бағыттылық – кез келген
педагогикалық жүйенің ортасында тұлғаның МЕН концепциясы орналасқан;
әдіснамалық бағыттылық – педагогикалық зерттеулердегі философиялық негіздер
үнемі өзгеріске түседі, педагогика әрқашан әлем мен адамның философиялық
концепциясына сүйеніп отырады, мысалы: экзистенциализм, прагматизм,
диалектикалық материализм және т.б. Оларды біріктіре отырып, педагогика
гуманизм мен антропоцентризмнің синтезделген философиялық концепциясына
шығады. Бұл тұлғаның белсенділігін жекелейді, оның өзін-өзі таныту, жетілдіру
ортасын анықтайды; педагогикалық іс-әрекеттің жүйелілігі мен педагогикалық
білімнің дамуы зерттеу аппараты мен белгіленген пәнде, зерттеу әдістері мен
әдіснамасында, ғылыми концепция мен зерттеу іс-әрекетінің мазмұнында, оны
қолдану технологиясында, үйлесімді нәтижеде көрініс береді.
Педагогика ғылым ретінде бірнеше қызмет атқарады. Ғылым өз дамуының
алғашқы сатыларында белгілі бір көлемдегі міндеттерді, нақты айтқанда,
педагогикалық шындық құбылысын түсіндіруге тырысты. Осыдан келіп,
түсіндірмелі қызметі негізгі болып саналды. Педагогикадағы жалпы теориялық
зерттеулерге педагогикалық процестің мәнін, зандылықтарын, биологиялық пен
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
12
әлеуметтіктің ара қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қальштастыру; тұлға
және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде;
педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен
әдістері және т.б. жатады [2]. Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен
үздіксіз толығып отыру. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі
ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегінде, ғылым
аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен
міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің
түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым
әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні,
зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге
зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді.
Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта
жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн [3].
Педагогикалық жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық
жүйенің қызметінің бастау көзі – білімгер тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-
өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен білімгерлердің бірлескен әрекетінің
мақсаты болып табылады. Білім беру орталықтарының жиынтығы – тұлға қасиетінің
ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да
базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар білім беру тәрбие процесінің
жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың ең
басты белгісі білім беру орындарының басшылығының, мұғалімдердің,
білімгерлердің өзін-өзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарын белгілей алуы
және белгілі бір уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.
Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару
ғылыми тұрғыдан қарастырылып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген
ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік
процестерде ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе
үшін де қажет болып отыр [4]. Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі
сұраныстағы пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын дифференциялау мен
интеграциялау негізінде педагог-зерттеушілер мен практиктердың зерттеу процесін
ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.
Ал, математиканы оқыту әдістемесі математика ғылымымен тығыз байланысты
келеді, ол басқа пәндерді оқып үйренуге, оқушылардың логикалық ой-өрісінің
дамуына септігін тигізуде маңызды орын алады. Қазіргі заман математикасы ондаған
әр түрлі салалардан тұрады, олардың өзіне тән мазмұны, әдіс-тәсілдері бар. Қазіргі
ғылым мен техниканың дамуына байланысты математика ғылымы тереңдеп,
күрделеніп, зерттеу объектілері кеңейе түсті, сөйтіп адамзат ақылымен құрылған
анағұрлым жоғарғы абстракцияларды қамтиды. Сонымен қатар теориялық
математикамен бірге қолданбалы математика тез қарқынды дамуда. Сондықтан,
болашақ математика мұғалімінің құзырлылығын қалыптастырудың педегогикалық-
психологиялық негіздерін шыңдауда педагогикалық және психологиялық білімдерді
терең меңгере білу керектігін білеміз. Сонымен қатар, көптеген жағдайларда
педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз
байланысты болатындығына баса назар аудару қажет.
Көп жылдан бері математика оқыту әдістемесінде көптеген шектемеліктер
болып келді. Мұнда әдістемелік зерттеулердің жеткіліксіздігі салдарынан кейбір
сыңар жақтылы көзқарастар қалыптасты. Осындай кемшіліктерді жою мақсатымен
өз білімімізді жоғарылатуымыз, яғни мұғалімнің құзырлылығын қалыптастыру
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
13
мәселелерін жетілдіруіміз керек, сонда ғана болашақ шәкірттерімізді ойдағыдай
тәрбиелеу жолдарын жетілдіре түсеміз.
Білімгердің математикалық ойлауын жоғарылатуда сол математика мұғалімінің
математикалық тіл шеберлігінен тыс, терең математикалық білімі болуы қажет.
Яғни, өз мамандығын қызу сүйетін және жетік білетін, математикалық білімдер
жайлы танымы мол, математика пәнінен сабақ өтуде озық тәжірибелі математика
мұғалімінің құзырлығын қалыптастыру қажет. Педагогикалық шеберлік – үнемі
жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге
балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі
мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген,
ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар
психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік
игерген маман.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-
әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі
кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір
педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі
керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам
мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік –
ұстаздық талантпен тығыз байланысты. Осы саланың негізін қалаушылардың бірі
«Мұғалім – педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің
қыр-сырын меңгермейінше педагогиканың шеберлігіне қолы жетпейді», – деп
айтқан. Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері жүйенің ұйымдық,
функционалдық және ақпараттық бірлігін құрайды. Сондықтан мұғалім түсіндіру,
жаттықтыру, бақылау және өзін-өзі бақылау, ынталандыру сияқты тәсілдермен бірге
ақпарат жинау және оны талдау, дербес дамудың диагностикасын жасау, түзету және
т.б. әдістерді де игеруі тиіс.
Қорытып айтқанда, болашақ математика мұғалімін кәсіби маман ретінде
дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру еліміздің болашағы –
жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеуде шешуші факторлардың бірі болып
табылады. Жалпы болашақ ұстаздың кәсіби дайындық деңгейін дұрыс қалыптастыра
білу және оны үнемі жетілдіру үрдісі мемлекет, қоғам және жоғары оқу
орындарының үйлестірілген іс-әрекеттері жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Әдебиеттер
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар
жол» Жолдауы. – Астана, 12.11.2014.
2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты. ҚР МЖБС 2.003.-2007.
4 Қоянбаев Р.М., Қыяқбаев Ұ.Қ. Бастауыш оқыту педагогикасы және
әдістемесі. Дипломдық жұмыс. – Алматы, 2004.
Резюме
Статья посвящена проблеме формирования компетентности учителя, которая
недостаточно изучена на данный момент.
Ключевые слова: компетентность,
педагогическое умение, педагогический
процесс,
метод, методология.
Summary
The article is sanctified to the problem of forming of competence of teacher that is
studied not enough now.
Keywords: competence,
educational level
, method, Methodology,
educational
process.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
14
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР – СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
ЕСЕНБЕКОВА Ұлбосын,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті,
филология ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы,
Қазақстан Республикасы
АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ САНА
Дүние бұқаралық ақпараттың функциясын кеңінен зерттеуге ден қойды.
Көптеген ғылыми еңбектер БАҚ «төртінші билік» тармағын мемлекеттер мен
ұлттардың тағдырын шешетін мүмкіндігі бар деген тұжырымда. БАҚ-тың
коммуникативтік функциясына жаңа ақпараттық эволюция манипулятивтік
функциясын бірге қосып тұр.
Қазіргі заманда аталған екі функцияға да сұраныс өте жоғары. Бірақ,
демократиялық дәстүрлері жоғары қоғамдарда ғана АК (ақпараттық коммуникация)
нағыз «төртінші билік» бола алады. Осындай жағдайда ғана азаматтар өз
құқықтарын қорғауға, саяси шешімдер қабылдауға ықпал жасауға мүмкіндік алады.
Соңғы онжылдықтарда технологиялық жаңаша құралдар арқылы журналистика
билікке өте жақындады. Қоғамда түрлі пікірлер қалыптастыру арқылы билікке
әсерін ұлғайтты. Бұл – азаматтық қоғамдардағы билік тармақтарының тең дәрежеде
жұмыс істеуіне жол ашты. Жауапты журналистиканың халықтың өзіне барлық билік
тармақтарын бақылатып қоюға шамасы бар. Алайда, әлемдегі бұқаралық ақпараттық
коммуникациялар тек қарапайым халықтың, әрбір азаматтың мүддесіне қызмет
істеуге, құқықтарын қорғауға жұмылуда деуге болмайды. Біз әрбір ақпараттық
құралдың артында жеке қожайындар тұрғанын ұмытпауымыз керек. Олар жекелеген
адамдар немесе қаржылық топтар болуы мүмкін.
Мемлекеттің қолындағы ақпараттық құралдардың үлесі өте аз. Әлемдік
капиталдың дамуы, ақпараттық қоғамның дамуы осыған алып келді. Трансұлттық
компаниялар болсын, жеке тауар өндіруші болсын, билікке ұмтылған құрылым
болсын, барлығына да осындай қалыптасқан жағдай өте жағымды. Өйткені, билік,
қапитал мен ақпарат бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Бірімен-бірі тығыз байланысты.
Ақпараттық құрал – үлкен қаржылық ресурстарды қажет етеді. Үлкен капитал
ақпаратсыз өсе алмайды. Билік үшін қаржы да, ақпарат та ауадай қажет. Сондықтан
да, әлемдік ақпараттық кеңістікте қаржылық қолдаусыз ешқандай АК еркін
тыныстай алмайды. Әлсіз қарсыласын бәсекелес топтар алаңнан тез ығыстырады.
Жойып жібереді.
Американдық әлеуметтанушы, футуролог Элвин Тоффлер болашақтағы
адамзат қоғамын «ақпаратты тудыратын, оны жинайтын, сақтап, тарататын
адамдардың қоғамы» деп бекерге айтпаған. XX ғасыр XXI ғасырмен түйісер
онжылдықтарда адамзат баласының алдынан шығуы мүмкін қиындықтар,
қақтығыстар мен ғаламдық проблемалар туралы болжамдарын Э. Тоффлер «Жоғары
индустриалды өркениет» тұжырымдамасында айтқан. Біз өмір сүріп отырған уақыт
шеңберінде «технологиялық революция» болатынын да американдық ғалымның сол
еңбегінен кездестіреміз. Оның айтқаны дәл келді. Оны бүгін көзбен көріп, күнделікті
өмірде жемісін пайдаланып отырмыз.
Осы қысқаша мысалды кездейсоқ алған жоқпыз. Шетелдерде масс-медианы
ғылыми тұрғыдан бірнеше бағытта зерттеген жұмыстар жеткілікті.
Солардың ішінде:
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
15
- журналистиканы саяси процестерге сіңісіп кеткен институт ретінде
қарастыратын;
- масс-медианың философиялық тұжырымдарын зерттейтін;
- журналистиканың эконометрикалық талдауына арналған;
- журналистиканы тарихпен, әдебиет, әлеуметтану, саясаттану, психология
сияқты ғылымдармен қарым-қатынаста зерттеген сияқты жұмыстар бар.
Жоғарыдағы зерттеулердің жиынтығы бұқаралық коммуникацияны зерттеудегі
жаңа бағыт – медиалогияны тудырды. Бүгін медиалогия саласы жақсы зерттелген.
Көптеген ғылыми еңбектер жарық көрген. Бұған дейінгі тарихқа шегініс жасасақ,
онда 1922 жылы У. Липпманның «Қоғамдық пікір» деп аталатын кітабын атауға
тиіспіз.
XX ғасырда алғаш рет БАҚ-тың қоғамдағы болып жатқан құбылыстардағы
орны туралы мәселелер көтеріледі. Осы еңбек бұқаралық коммуникацияны
зерттеуші ғалымдардың айтуынша, ақпараттық құралдардың манипулятивтік
мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда зерттеуге, оны тәжірибеде қолдануға жол ашты.
Әлемде көптеген ғалымдар бұл саланы зерттеп, үлкен еңбектер жазды. Тұжырымдар
қалыптастырды.
Солардың
ішінде
дүниежүзілік
деңгейде
ғалымдар
қауымдастығынан жоғары баға алған Герберт Шиллердің «Сананы бұрмалау
(басқару)» және «Коммуникация және мәдени үстемділік» деп аталатын екі еңбегі
болды.
Герберт Ирвинг Шиллер – американдық әлеуметтанушы, БАҚ-тың сыншысы
ретінде әлемдік деңгейде жақсы танылған тұлға. 1919 жылы туған, 2000 жылы
қайтыс болған. «Сананы бұрмалау (басқару)» кітабында автор американдық БАҚ-
тарды қатал сынға алады. Шиллер сыртынан «тәуелсіз» болып көрінетін БАҚ-тар
американдық қоғамдағы бай топтардың мүдделерін қорғайды, билік құрған
топтардың қолындағы қарапайым халықты өз ырқына көндіру үшін, олардың
«санасын өз қажетіне қарай жуып-шаю» үшін өте қажет механизм деп баға береді.
«Коммуникация және мәдени үстемділік» атты еңбегінде де БАҚ-қа осындай
сындар айтады. Бірақ Г. Шиллер бұл жолы бүкіләлемдік ауқымды қамти отырып,
ғылыми тұжырымдар жасайды. Ғалымның екі еңбегі де төте және қатал сынға,
дәлелді мысалдарға құрылған. Герберт Шиллердің ғылыми тұжырымдамасын
ауқымды көлемде қарап, зерттеп және түсіну үшін тақырыптың басты мақсатын
түсіну маңызды.
Ерте ме, кеш пе көп адамдар: «Біз өмір сүріп отырған қоғам қандай?
Айналамызда болып жатқан құбылыстарды қайтіп түсінуге болады? Біздің қоғам
мен әлем қайда бара жатыр? Болашақ қандай болады?» - деген сұрақтарға жауап
іздей бастайды. Осы сұрақтар өте қарапайым, жеңіл болып көрінгенімен оның
әрқайсысына үңіліп, жақынырақ бағдарлап қарасақ, ойымыздың айран-асыр болуы
мүмкін. Өйткені, бұл сұрақтардың табиғаты мен негізі өте күрделі және зәулім
болып қаланған. Қойылған сұрақтардың жауаптары күнде өзгеріп, сан құбылып
отырған жаңа заманның болмысын көрсетеді. Жаңа уақыттың басты сипаттарын,
шарттарын анықтауды талап етеді.
Өз ісіне барынша берілген ғалымдар ғана айналамыздағы шым-шытырық
өмірдің заңдылықтарын аршып алумен айналысып, қалғанымыз қолымызды сілтеп,
уақыттың ағысына көніп жүзе береміз. «Ағыс қайда апарса, сонда барармыз», - деп.
Бірақ, саясат пен биліктің етене табиғатының жақындығын түсіну үшін, қоғамдағы
барша құбылыстардың, олардың ғылыми негізін, даму шарттары мен мақсатын,
барар жерін болжау үшін постиндустриалды, ақпаратты ғаламның ерекшеліктерін
айқындап алу өте маңызды. Осы тұжырымдардан бұқаралық коммуникацияның біз
өмір сүріп отырған замандағы рөлі мен орасан зор мүмкіндіктерін білуге болады.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
16
Ең бастысы – коммуникацияның біздің өмірімізді қаншалықты өзгерте
алатыны туралы ойлантатын сұрақтарға жауап іздеу. Мысалы, капитализм,
индустриалды қоғам, тоталитаризм мен либералды демократия сияқты сөздерді
жалпылама қолданып, түсінеміз. Кеше ғана коммунистік идеологияны жалаулатсақ,
бүгін нағыз капиталистік идеяның ағысымен бара жатырмыз. Қоғам мен адамның,
жеке тұлғаның дамуында баршамыз табиғи заңдылыққа бағынуға тиіспіз. Өз
дамуында бір формациядан келесі формацияға секіріп өтеміз деген ниеттің
қаншалықты өрескел екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Қазақ қоғамының феодализмнен коммунизмге жетеміз деген жасанды
идеологиясы халықтың даму эволюциясына, ұлттық психологияға едәуір нұқсан
келтірді. Феодализм мен коммунизмнің арасындағы капиталистік даму сатысын
қалдырып кеттік деп өзімізді өзіміз алдадық. Бүгін сол капитализмнің жемісін көріп
отырмыз. Ал, кезінде К. Маркс пен В.И. Ульянов (Ленин) айтып келген: «Әркімнен
қабілетіне қарай, әркімге қажетіне қарай», - деген коммунистік принцип жаңа
мыңжылдықта қандай формада іске асатынын постиндустриалды, постмодернистік,
ақпараттық қоғам тұжырымдамаларынан іздегеніміз дұрыс.
Қазіргі уақыттағы біздің және болашақта ұрпақтарымыз өмір сүретін қоғамды
жаңаша түйсікпен қабылдау қажет. Сарапшылар ақпаратты бүгінгі заманның басты
белгісі, нышаны деп көбірек айта бастады. «Біз ақпараттық қоғамда өмір сүреміз»,
«виртуалды экономика ғасырына аяқ бастық» деген сөздерді жиі естиміз.
Осылардың басты қозғаушы күші ақпарат екені даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |