№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
1
Елорда ғылыми хабаршысы
Научный вестник столицы
Scientific messenger of the capital
ғылыми журнал
• научный журнал
•
scientific journal
№№
10-12(55-57),
қазан
-
желтоқсан
,
2014
жыл
2010
жылдың сәуірінен шығады • Издается с апреля
2010
года
«Білім», «Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Өнер», «Әлеуметтік ғылымдар»,
«Экономика және бизнес» және «Қызмет көрсету» бағыттары бойынша
қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы
зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми еңбектер жарияланады.
Білім: Педагогика ғылымдары
Образование: Педагогические науки
Education: Teaching Science
Бас редактор
Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, филол.ғ.к., доцент
Ғылыми редактор
Ләззат Байқоңырқызы БАЙБОЛАТ, магистр
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің мерзімді баспасөз басылымдарын және (немесе)
ақпарат агенттіктерін есепке алу туралы 07.03.2013 ж. №13435-Ж куәлігі берілген.
Алғашқы есепке қою кезіндегі нөмірі мен мерзімі №11211-Ж, 28.10.2010 ж.
Меншік иесі және баспагер:
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы.
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында баспа ретінде тіркелген.
Халықаралық тіркеу коды 978-601-7440. Сертификат №278, 28.03.2013ж.
Журналды тарату аумағы:
Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер
Журналдың тілі: қазақша, орысша, ағылшынша, испанша,
қытайша, арабша, французша және түрікше
Мекен-жайымыз:
010010, Қазақстан, Астана қаласы, А. Янушкевич көшесі, №4 үй, №213 бөлме
Тел.: +7 701 397 17 13, +7 777 519 13 73, +7 702 105 97 53
Жазылу индексі: 74643
Біздің сайт: http://zertteushi.kz. E-mail: info@zertteushi.kz
© «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы,
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, 2014 ж.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
2
Елорда ғылыми хабаршысы
Научный вестник столицы
Scientific messenger of the capital
ғылыми журнал
• научный журнал
•
scientific journal
№№
10-12(55-57),
октябрь
-
декабрь
, 2014
год
2010
жылдың сәуірінен шығады • Издается с апреля
2010
года
Публикуются научные работы по актуальным проблемам фундаментальных
и прикладных исследований в области общественных и гуманитарных наук
по направлениям: «Образование», «Гуманитарные науки», «Право»,
«Искусство», «Социальные науки», «Экономика и бизнес» и «Услуги».
Білім: Педагогика ғылымдары
Образование: Педагогические науки
Education: Teaching Science
Главный редактор
Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, к.филол.н., доцент
Научный редактор
Ләззат Байқоңырқызы БАЙБОЛАТ, магистр
Комитетом информации и архивов Министерства связи и информации
Республики Казахстан выдано свидетельство о постановке на учет периодического
печатного издания и (или) информационного агентства №№13435-Ж от 07.03.2013 г.
Номер и дата первичной постановки на учет №11211-Ж, 28.10.2010 г.
Собственник и издатель:
Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші».
Зарегистрирован в Национальной государственной книжной палате РК
как издающая организация. Международный регистрационный код
978-601-7440. Сертификат №278, 28.03.2013г.
Территория распространения:
Республика Казахстан, ближнее и дальнее зарубежье
Язык журнала: казахский, русский, английский, испанский,
китайский, арабский, французский и турецкий
Наш адрес:
010010, Республика Казахстан, г. Астана, ул. А. Янушкевича, дом №4, комната №213
Тел.: +7 701 397 17 13, +7 777 519 13 73, +7 702 105 97 53
Индекс:
74643
Наш сайт: http://zertteushi.kz. E-mail: info@zertteushi.kz
© Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші»,
№№10-12(55-57), октябрь-декабрь, 2014 г.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
3
Елорда ғылыми хабаршысы
Научный вестник столицы
Scientific messenger of the capital
ғылыми журнал
• научный журнал
•
scientific journal
№№
10-12(55-57), October-December, 2014
2007 жылдың шілдесінен шығады
•
Published in July 2007
Published scientific papers on the issues of fundamental and applied research
in the social sciences and humanities directions: «Education», «Humanities», «Right»,
«Аrt», «Social Science», «Economy and Business» and «Services».
Білім: Педагогика ғылымдары
Образование: Педагогические науки
Education: Teaching Science
Editor in chief
Myrzantay Kozhabayuly JAKYPOV, PhD, Associate Professor
Scientific editor
Lazzat Baykonyrkyzy BAYBOLAT, MA
Information and Archives Committee of the Ministry of Communications and Information
Republic of Kazakhstan issued a certificate of registration of a periodical and (or)
information agency number №№13435-Ж от 07.03.2013 year.
Number and date of registration of the primary number №11211-Ж, 28.10.2010 year.
Owner and publisher:
Republican Scientific-Educational Center «Zertteushі».
Registered in the State National Book Chamber of the Republic of Kazakhstan
as a publishing agency. International registration code 978-601-7440.
Certificate №278, 28.03.2013 year.
Distribution:
Republic of Kazakhstan, CIS and other countries
Language The magazine: Kazakh, Russian, English, Spanish,
Chinese, Arabic, French, Turkish
Our address is:
010000, Republic of Kazakhstan, Astana, st. Yanushkevich, № 4, students home №1, №213
Tel.: +7 701 397 17 13, +7 777 519 13 73, +7 702 105 97 53
Index:
74643
Our website: http://zertteushi.kz. E-mail: info@zertteushi.kz
© Republican Scientific-Educational Center «Zertteushі»,
№№10-12(55-57), October-December, 2014.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
4
«ЕЛОРДА ҒЫЛЫМИ ХАБАРШЫСЫ – НАУЧНЫЙ ВЕСТНИК
СТОЛИЦЫ – SCIENTIFIC MESSENGER OF THE CAPITAL»
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНЫҢ «БІЛІМ», «ЖУРНАЛИСТИКА»,
«ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» ЖӘНЕ «САЯСАТТАНУ»
СЕРИЯЛАРЫ БОЙЫНША РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ
Жолдасбекова Сауле Абдразаққызы – педагогика ғылымдарының
докторы, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті Жаратылыстану-педагогикалық факультеті «Кәсіби оқыту
теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры (Шымкент,
Қазақстан Республикасы)
Манов Борис Филипов – философия докторы, Н. Рильский
атындағы
Оңтүстік-батыс
университеті
Философия
факультеті
Философиялық және саяси пәндер кафедрасының доценті (Благоевград,
Болгария Республикасы)
Нұртазина Роза Әутәліпқызы – саяси ғылымдардың докторы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика
және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының профессоры
(Астана, Қазақстан Республикасы)
Сандыбаев Жалғас Садуахасович – философия ғылымдарының
кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық
мектебі Әлеуметтік саясат кафедрасының доценті, Астана қаласының
Дін
істері
департаментінің
сарапшысы
(Астана,
Қазақстан
Республикасы)
Федоров Александр Викторович – педагогика ғылымдарының
докторы, профессор, А.П. Чехов атындағы Таганрог институты
директорының
ғылыми
жұмыс
жөніндегі
орынбасары,
«Медиаобразование» журналының бас редакторы, Ресей Федерациясы
Президенті жанындағы Ресей экономикасын
жаңғырту және
технологиялық дамыту жөніндегі Комиссия жобалары бойынша РФ
Үкіметі жанындағы Талдау орталығының сарапшысы, РФ Білім және
ғылым министрлігінің сарапшысы, Еуропалық одақтың Еуропалық
медиабілім беру және медиасауаттылық жөніндегі EMEDUS жобасының
сарапшысы, Ресей кинематографтар Одағының мүшесі, Ресей
кинематограф өнері және ғылымдары Ұлттық академиясының академигі
(Таганрог, Ресей Федерациясы)
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
5
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ НАУЧНОГО ЖУРНАЛА
«ЕЛОРДА ҒЫЛЫМИ ХАБАРШЫСЫ – НАУЧНЫЙ ВЕСТНИК
СТОЛИЦЫ – SCIENTIFIC MESSENGER OF THE CAPITAL»
ПО СЕРИЯМ «ОБРАЗОВАНИЕ», «ЖУРНАЛИСТИКА»,
«СВЯЗЬ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ» И «ПОЛИТОЛОГИЯ»
Жолдасбекова Сауле Абдразаковна – доктор педагогических
наук, профессор кафедры «Теория и методика профессионального
обучения»
Естественно-педагогического
факультета
Южно-
Казахстанского государственного университета имени М.О. Ауезова
(Шымкент, Республика Казахстан)
Манов Борис Филипов – доктор философии, доцент кафедры
Философские и политические науки Философского факультета Юго-
западного университета имени Н. Рильского (Благоевград, Республика
Болгария)
Нуртазина Роза Ауталиповна – доктор политических наук,
профессор кафедры политологии факультета журналистики и
политологии Евразийского национального университета имени Л.Н.
Гумилева (Астана, Республика Казахстан)
Сандыбаев Жалгас Садуахасович – кандидат философских наук,
доцент кафедры «Социальная политика» Национальной школы
государственной политики Академии государственного управления при
Президенте Республики Казахстан, эксперт Департамента по делам
религий города Астаны (Астана, Республика Казахстан)
Федоров Александр Викторович – доктор педагогических наук,
профессор, зам. директора по научной работе Таганрогского института
им. А.П. Чехова, главный редактор журнала «Медиаобразование»,
эксперт Аналитического центра при Правительстве РФ по проектам
Комиссии при Президенте Российской Федерации по модернизации и
технологическому развитию экономики России, эксперт Министерства
образования и науки РФ, эксперт Европейского проекта по
медиаобразованию и медиаграмотности EMEDUS Европейского союза,
член Союза кинематографистов России, академик Национальной
академии кинематографических искусств и наук России (Таганрог,
Российская Федерация)
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
6
THE EDITORIAL BOARD OF THE SCIENTIFIC JOURNAL
«ELORDA ĠYLYMI HABARŠYSY – NAUČNYJ VESTNIK
STOLICY – SCIENTIFIC MESSENGER OF THE CAPITAL»
ON THE SERIES «EDUCATION», «JOURNALISM»,
«PUBLIC RELATIONS» AND «POLITICAL SCIENCE»
Zholdasbekov Saule Abdrazakovna – Doctor of Pedagogical
Sciences, Professor (Shymkent, Kazakhstan)
Manoff Boris Filipov – Ph.D., Associate Professor
(Blagoevgrad, Bulgaria)
Nurtazina Rosa Autalipovna – Doctor of Political Sciences,
Professor (Astana, Kazakhstan)
Sandybaev Zhalgas Saduahasovich – Ph.D., Associate
Professor (Astana, Kazakhstan)
Fedorov Alexander Victorovich – Doctor of Pedagogical
Sciences, Professor (Taganrog, Russia)
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
7
ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ! ҰЛЫ ҚЫЗМЕТКЕ – ҮЛКЕН ҚҰРМЕТ!
БИМАНОВ Дарын,
Шиелі аудандық Білім бөлімінің бас маманы, Шиелі кенті,
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
СЫРДЫҢ САҢЫЛАҚ ҚЫЗЫ
Суретте: экономика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Баязитова Шарбан Дәкішқызы
Өмір көші жақсы мен жайсаңды жолында қалдырып, тарих
тегершігімен алға жылжып келеді. Адам баласы дәстүрді нысана етіп,
өнегені өрістетіп, өткенді бағдар етеді. Біреу ерте, біреу кеш жақыны мен
жарқын істерін соңына қалдырып, бақилыққа аттанады. Келместің кемесін
мініп, ортамыздан алыстаған біз білетін, біз танитын әр адам санамызда
мәңгі тұрақтап қалады.
Осындай өзінің өнегелі өмір жолында шуағын төгіп, шамшырақ
болған, өнерімен ізгілік пен адамдықтың дәнін сепкен аяулы жан Шарбан
Дәкішқызын мен де ешқашан ұмытпақ емеспін. Көңілі – көктем, жаны –
жаз, пейілі – берекелі күздей жомарт, ниеті наурыздың ақша қарындай таза
апайымыз көңілімізге қимас сезім, орны толмас өкініш, қабырғамызды
қайыстырар қайғы жүктеп, бақи дүниеге аттанды.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
8
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат
үрдістерінің терең тамырлануына өлшеусіз үлес қосқан осынау жанның
қасында жүргенімді, сыйласқанымды, сырласқанымды мақтан тұтамын әрі
сағынышпен еске аламын.
Мен апаймен танысып, кейін туысып кеттім. Менің түсінігімде
туыстық – көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас – мұрасы
бір, бір ағаштың бұтақтарындай көп тамырлы бәйтерекке ұқсайды. Бұл
рухани бірлік сонау менің студент кезімнен нәр алыпты.
Ол еңбеккер, жәй еңбеккер емес, қайраткер, оқымысты ғалым, ұстаз.
Әрі осының бәріне үйдің де, түздің де шаруасын қатар тындырып, үлгеріп
жүрген қоғамның белсенді қайраткері. Күрделі жұмысымен қатар,
ғылыммен айналысуға да уақыт тауып, өмірінің әрбір сәтін бағалады. Осы
орайда оның басшы ұстаз, ғалым ұстаз қасиеті дараланды. Ортасына сыйлы
болды.
Адамның бақыты деген сірә осындай еңбекқорлықтан, содан алған
абыройдан құралатын болса керек. Адамда арман көп, таусылмайды, оның
да арманы көп болған болар, бірақ ол бақыттымын деп толық айта алды
деп ойлаймын...
Қазақ дүниетанымы «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді.
Кеше ғана арамызда жайраңдап, жарқылдап жүрген, бүгін көңіл төрінде
азаматтық келбеті сақталып, жүрегімізде жылы жүзі мен ісі, сөзі жатталған,
жанына жақын тартып, айрықша ақылын айтып, шапағатын шашқан
тұлғасы асқақ, мәдениеті биік ғалым, ұстаз, 70-ке жуық ғылыми
еңбектердің авторы, экономика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Баязитова
Шарбан Дәкішқызының пайымы мен парасаты, мәуелі мәдениеті, өміршең
өнегесі бәрімізге үлгі-өнеге.
Халықаралық мінберлерден дәріс оқып, заман ағымына сай жеке
жоғарғы оқу орнын қалыптастырып, оны Қазақ – Қытай академиясы
сияқты халықаралық жоғары оқу орны дәрежесіне дейін жеткізу тек қана
рухы биік, мұқалмас жігер иесіне ғана лайық іс дер едім. Ел дамуының
бағытын айқындап, келешек ел бастар азаматтарын тәрбиелеуге бел шешіп
кірісті. Оны және алыстағы қаржылық ресурсы жоғары қалалардан не
облыс орталығынан бастамай, өз туған жерінің адал перзенті ретінде Сыр
жастарын тәрбиеледі. Қызығы мен қуанышы, қайраты мен жігері, сенімі
мен үміті, арманы мен мақсаты мол белесті жастық атты бекетте қаншама
адаммен танысып, сол адамдардың өмірінде ұмытылмас із қалдырып, бүкіл
болмыс-бітімімен, кісілік келбетімен, ақыл-парасатымен өнеге тұтатын
жанға айналды.
Ақыл, қайрат, жүрекке төрелік айтып, жөнге салатын ғылыммен
айналысу ізгі ниетті, асыл мұратты, қажыр-қайратты қажет етері хақ. Сол
қиындыққа мойымай, ғылымның ең қиын және жаңа саласы экономика мен
басқаруды терең зерттеп, экономика ғылымының докторы атану тек
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
9
Сырдың
қайратты
қызы
Шарбан
апайдың
мақсаткерлігі
мен
еңбекқорлығының жарқын көрінісі іспеттес.
Еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», Қызылорда облысының
дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қызылорда облысына – 70 жыл»,
Қызылорда қаласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қызылорда
қаласына – 190 жыл» және т.б. медальдарымен марапатталды. «Жоғарғы
оқу орнының үздік оқытушысы – 2009» мемлекеттік грантының иегері
атанды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Отбасы және
әйелдер» жөніндегі Ұлттық комиссиясының ұйымдастырып өткізген
«Қанатты әйел» атты І Республикалық кәсіпкер әйелдер жәрмеңкесінің,
«Әйел басқаратын ең үздік мекеме» атты Республикалық конкурсының
«Білім» аталымы бойынша жеңімпазы атануы оның өлшеусіз еңбегінің
кішкене ғана өтеуіндей.
Ата-бабадан келе жатқан қатаң қағида, рухани өсиет – достыққа
адалдық. Достықтың нәрі – оның қадіріне жете білу. Ол үшін Абай атап
көрсеткендей: «Достыққа достық – қарыз іс». Ақжарқын көңілі мен ақ адал
пейілінің арқасында дос та жинады, достарын туысқа да айналдырды.
Қаншама қиыншылық пен өмір тосқан «тосын сыйларды» саралай жүріп,
ұл-қыз сүйді. Ұрпақ жалғасып, сүйсінтіп, немере келіп, шаңырақты
шаттыққа бөледі. Өрісі кеңейіп, құда-жегжат атанды. Бірақ ешқашан
бармын деп тасынбады, жоқпын деп жасымады. Үлкендерін ұлықтады,
кішілерін қызықтады, отбасы дәстүрін дәріптеді, ұрпағын ұлағат тұтты, ең
бастысы, барына қанағат етті.
Биікке, алға жарқырай құлаш ұратын, алғаусыз, риясыз көңілмен жан-
жағына шуақ шаша шарықтайтын кезеңде жаныңды түсінер, ісіңе сүйсінер,
қуанышыңды бөлісер, қайғыңа ортақтасар, сырыңды тыңдап ақыл қосар,
асыл адам, адал ұстаз тапқаныма Аллаға мың да бір шүкірлік етемін.
Он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген ағылшын діндары Чарльз Хеддон
Спруджен: «Өз есіміңді мәрмар тасқа емес, адамдардың жүрегіне жаз», -
деген екен. Шарбан апайдың ғибраттты ғұмыры ағайын-туыс, бауырлары
мен бірге өскен, бірге оқыған достарының, жора-жолдастардың, қызметтес
әріптестерінің, құда-жегжаттарының, оны көрген, білген адамдардың
жүрегінде мәңгілікке жазылып қалғаны анық.
Сарабдал сағыныш пен марқайған мақтаныш әруақыт жүрегімде қатар
өріліп, еске алар аяулы жанның екінші ғұмырының баянды болуын
тілеймін. Шәкірттері мен туыстары, достары мен отбасы барда оның
жарқын бейнесі өшпек емес, қайта жылдар өтіп алыстаған сайын
жарқырап, біздің өмір жолымызға бағдар болар нұрға айналатынына
сенемін.
«Адам өмірі ұзақтығымен емес, мазмұндылығымен өлшенеді», - десек,
Шарбан Дәкішқызының небәрі елу екі жас қысқа ғұмырында жасаған
жақсылықтары мен жасампаз істері оның келесі ғұмырына сәуле шашары
сөзсіз.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
10
БІЛІМ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ –
ОБРАЗОВАНИЕ И ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ
Достарыңызбен бөлісу: |