№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата06.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7957
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Әдебиеттер 
1 Байбосынов К., Исауов Ә. Бақсылар. – Алматы, 1995. 
2 Владимирцов Б.Я. Общественный строй монголов. – Л., 1974. 
3  Басилов  В.Н.  Традиции  женского  шаманства  у  казахов  //  Полевые 
исследования Института этнографии. 1974. – М., 1975. 
4 Басилов В.Н. Шаманство у народов Средней Азии и Казахстана. – М., 1992. 
5 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985. 
6  Кустанаев  X.  Этнографические  очерки  киргиз  Перовского  и  Казалинского 
уездов. – Алматы, 1994. – 250 с. 
7 Уәлиханов Ш. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы // Таңдамалы. – Алматы, 
1985. 
8 Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. – Алматы, 1992. – 
176 с. 
9 Кукашев Р.Ш. К образу лебедя в казахском шаманстве // ЭО. – 2002. – №6. – 
С. 23-27. 
10  Қазақ  бақсы-балгерлері  /  Құрастырушылар  Ж.  Дәуренбеков,  Е.  Тұрсынов.  – 
Алматы, 1993. 
11  Ошанов.  Көшпелілердің  кейбір  дәстүрлері  мен  наным-сенімдері  //  Қазақ 
тарихы. – 2003. – №1. – 11-16 бб. 
12 Қорқыт-ата кітабы / Түрік тілінен аударған Б. Ысқақов. – Алматы, 1998. 
13  Кустанаев  X.  Этнографические  очерки  киргиз  Перовского  и  Казалинского 
уездов. – Алматы, 1994. – 250 с. 
14 Ғабдуллин М. Қазақ әдебиеті. – Алматы, 1967. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
85 
ҚУАНДЫҚ Талгат Русланұлы, 
«Мұрагер» мектебінің 6 «В» сынып оқушысыҚызылорда қаласы
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БЕКНИЯЗОВА Жанар Қожагелдіқызы, 
«Мұрагер» мектебі «География» пәнінің мұғалімі, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
СЕКСЕУІЛДІҢ ӨСУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 
 
Жұмыстың  сипаттамасы.  Ғылыми  жобаның  мақсаты:  ұлан-ғайыр  қазақ 
жерінің  шөл  даласына  сән  беретін  сексеуілдің  қадір-қасиетіне  баса  назар  аудару; 
сексеуілге  биологиялық  тұрғыдан  зерттеу  жүргізудің  маңыздылығы  мен 
ерекшелігіне 
ғылыми 
тұрғыда 
зерттеу, 
зерделеу, 
дамыту; 
сексеуілге 
жанашырлықпен қарап, оны қорғау, қастерлеп, күтуге тәрбиелеу. 
Жүргізілген  зерттеулер  әдісі:  қажетті  дерек  көздері  мен  мағлұматтарды  оқу, 
түсіну, салыстыру, жүйелеу, зерттеу, өзіндік ой-пікір қалыптастыру. 
Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік):  ғылыми 
жоба жасау, қорғау. 
Тақырыптың  өзектілігі.  Сексеуілдің  өсу  жолдарымен  түрлерімен  арттыруда 
ғылыми жұмысында алабұта тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, 
аса биік емес ағаш бұта сексеуілді пайдалану мәселесі қарастырылды. Сексеуілдерде 
өте  ұсақ  қабыршақ  тәрізді  жапырақ  болганымен  ол  тіршілік  етпейді.  Сонда 
жапырақсыз өсімдік қалай тіршілік етеді? Құпия мынада  – мыңдаған жылдар бойы 
ыстық жерде өсуіне байланысты кәдімгі жасыл жапырақтың қызметін бір жас бұтақ 
атқарады. 
Осы  арқылы  көптеген  гүлді  өсімдіктердің  жапырағын  түсіріп,  суыққа 
бейімделгені  сияқты,  сексеуіл  де  күннің  ыстығында  жапырақсыз  өсуге  бейімделіп 
алған.  Сексеуілдің  жапырақ  қызметін  атқаратын  жас  бұтақтары,  ал  жапырақтары 
жылда  түсіп  қалады.  Сонымен,  мәселенің  өзектілігі  мыналармен  түсіндіріледі: 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
86 
жергілікті  жердегі  сексеуілді  қорғаудың  тиімді  шешімін  табу  және  оны  тұрмыста 
пайдалану керек. 
Қазіргі кезде сексеуілдің қажеттілігі құны жоғары екені жайлы айтылған. Оған 
мысал  ретінде  айтсақ,  көне  көз  қариялардың  күнделікті  тұрмыста  сексеуілді 
пайдалануы  дәлел.  Сексеуіл  сілтісінен,  яғни  күлінен  ертеде  сабынның  жоқ  кезінде 
сабын  жасаған.  Сексеуіл  сілтісі  мал  ауыратын  қотыр  ауруына  ем.  Сексеуіл  сілтісі 
ата-көкелеріміз  ататын  насыбайға  да  қосылады.  Сексеуіл  сілтісі  үй  үлескесіне 
тыңайтқыш  ретінде  пайдаланылады.  Сексеуіл  отын  ретінде  көмірмен  бірдей  үй 
жылытады. Сексеуіл ұста көрігіне пайдаланылған. Сексеуіл бұтасы төрт түлік малға 
азық болған т.б. 
Кіріспе. Сексеуіл – қасиетті ағаш. Ілгеріде ата-бабаларымыз сексеуілдің бірер 
бұтағын  немесе  томарын  үйдің  үстіне  шығарып  қоятын  еді.  Үлкендердің  сөзіне 
қарағанда,  бұл  ырым  «Жамандықтан  сақтайды,  найзағай  ұрмайды»  деген 
сенімділікті беретін көрінеді. 
Бір қызығы, сексеуілдің жасын анықтауға да халық даналығы себеп болыпты. 
В.  Леонтъев  деген  саяхатшы  өз  сапарында  бір  ауылда  қаралы  жиынға  тап  болады. 
Саяхатшы өлген адамның жасының қаншада екендігін сұрағанда, бір ақсақал:  «Бар 
болғаны  сексеуілдің  жасында  қайтыс  болды»,  -  деп  жауап  береді.  Сексеуілді  400 
жыл  жасайды  деп  түсінетін  саяхатшы  бұған  таң-тамаша  болып  анықтап  сұрағанда, 
марқұмның  жасы  қырық  бесте  екен.  Осы  сөз  себеп  болған  ғалым  сексеуілдің 
жылдық  шеңберін  мұқият  зерттеуге  кіріседі.  Сөйтсе  осы  уақытқа  дейін  жұртты 
шатастырып  жүрген  сексеуіл  сабағы  басқа  ағаштар  сияқты  жылына  бір  рет  ғана 
шеңбер  емес,  сегізге  дейін  жалған  шеңбер  жасайды  екен.  Егер  төрт  жүзді  сегізге 
бөлсек, сексеуіл жасы орташа 40-50 жыл болады. 
Сексеуілдерде  өте  ұсақ  қабыршақ  тәрізді  жапырақ  болғанымен  ол  тіршілік 
етпейді. Сонда жапырақсыз өсімдік қалай тіршілік етеді? Құпия мынада – мыңдаған 
жылдар бойы ыстық жерде өсуіне байланысты кәдімгі жасыл жапырақтың қызметін 
бір  жас  бұтақ  атқарады.  Осы  арқылы  көптеген  гүлді  өсімдіктердің  жапырағын 
түсіріп,  суыққа  бейімделгені  сияқты  сексеуіл  де  күннің  ыстығында  жапырақсыз 
өсуге  бейімделіп  алған.  Сексеуілдің  жапырақ  қызметін  атқаратын  жас  бұтақтары 
жапырақтары сияқты жылда түсіп қалады. 
Сексеуіл басқа өсімдіктердей жылда гүлдейді. Ұсақ реңсіз гүлдері бір жылдық 
бұтаққа сағақсыз орналасады. Үш-төрт жылдық сексеуілдер гүлдей бастайды, ал 6-
12  жасқа  келген  сексеуілден  5  келіге  дейін  жинауға  болады.  Бір  гектар  сексеуіл 
тоғайы 150-200-ге дейін тұқым береді. Сексеуіл тұқымы күздің аяғында пісіп, жерге 
шашылады  да,  қаңтардың  жылылығында  өне  бастайды.  Сексеуіл  сырын  жақсы 
білетін орманшылар күздің аяғында тұқым жинауға кіріседі де, қаңтардың басында 
себеді. Себілген сексеуіл тұқымы тез өседі. Бұлай шұғыл қимыл жасамаған жағдайда 
тұқым өнімділігінен айырылып қалады. Сексеуіл құмды шөлдің қорғаны болады, ол 
құмды бекітіп, ұстап тұрады. 
Алайда  шөл  даланың  көркіне  айналған,  елді  мекендерді  құм  көшкінінен 
қорғайтын  сексеуілге  жанашырлық  жасау  жағынан  адамдар  санасынан  кемшілік 
көруде.  Шөлейтті  дала  құм  көшкінін  кісендеп  ұстайтын,  ұлан-ғайыр  адырлардың 
топырағын  эрозиядан  сақтайтын,  атыраптарда  тіршілік  ететін  елді  мекендерді 
дауылдардан қорғайтын сексеуілдің қадір-қасиетін білмейтін адам аз болар. 
Шеткі  көзге  шалынбас  құладүзді  құлазудан  құтқаратын  табиғаты  айрықша 
ағаштың  бұл  түрі  оңтүстік  өңірінің  Қызылорда  облысы,  Арал,  Қармақшы 
аймақтарында өседі. Егер өсімі жақсы болса, тамыры 30 метрге дейін тереңдеуімен 
жерге  де,  елге  де  паналық  пайдасы  орасан  сексеуіл  қоры  көп.  Қызылорда 
облысының  Қармақшы  ауданына  барып  тіреледі.  Шөлейтті,  құмды  далада  табиғи 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
87 
өсетін  қатты  ағаш  тұқымдасқа  жататын  сексеуілдің  жалпы  ақ,  қара,  Зайсан  деп 
аталатын үш түрі бар. Қармақшыда екеуі өседі. Ағы құмды төбелерде, қарасы тегіс 
жазықтарда өседі. 
Негізгі  бөлім.  Сексеуілдің  түрлері,  оны  қалай  пайдалану  жағдайы  және 
сипаттама  беру.  Сексеуіл  –  түркі  сөзі,  қазақшаға  аударғанда  «Аттың  құйрығы» 
деген  мағына  береді.  Ауа  райы  ыстық,  құрғақ  болғанда  жапырақтары  түсіп,  төмен 
қарай иілген бұтақтары шынымен де аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Алоэның 
грекше  «Халоксилон»  атауы  «Тұздыағаш»  деген  мағына  береді.  Олар  әбден 
қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлінеді. Сондықтан сексеуілдің діңінің 
астына  көптеген  өсімдіктер  тіршілікке  алмайды.  Жеті  қат  жер  жер  астынан  кен 
іздеушілер  еліміздің  заңдары  бойынша  орман  қорының  меншігіндегі  аумақта 
бұрғылау  ісін  орындауға  кірісер  алдында  сол  тұстағы  құнарлы  топырақ  қыртысын 
залалсыз орынға ішінара белгіленген алқапта, сынған бұтақтарын,  қурағандарының 
санитарлық  мақсатта  ғана  кесуге  рұқсат  етіледі.  Бірақ,  кейбір  үйлердің  ауласында 
тау-тау  болып  үйілген  сексеуіл  дөңкелері  оған  місе  тұтушылықтың, 
қанағатшылдықтықтың жоқ екендігін айқын аңғартып тұр. 
Сексеуіл  егістік  қорғау  орман  алқабын  отырғызуда,  құмға,  әсіресе  топырағы 
тұзданған  құмдарға  отырғызуға  пайдаланылады.  Сексеуіл  ормандарын  мемлекет  өз 
қорғауына алды. Сексеуіл тұқымын кейде ұшақпен шашады. «Қаланы құм баспасын 
десеңіз,  далаға  сексеуіл  егіңіз»  деген  сөз  бар  емес  пе?  Бүгінде  кең-байтақ  қазақ 
жерінің  60  пайызы  шөлді  аймаққа  айналып,  топырақтың  құнарлылығы  төмендеп, 
тұзданып  барады.  Сәйкесінше,  мал  және  өсімдік  шаруашылығындағы  өнімділік 
азайды.  Қоршаған  ортаға  орасан  зор  залал  келіп,  халықтың  денсаулығы  нашарлап 
кетті. Сондықтан орман-тоғайларды қорғап, өсімдік пен ағаш қорын көбейтіп, жасыл 
белдеулер  жасау,  табаны  құрғап,  миллиондаған  тонна  тұз  бен  құмы,  шаңы  мен 
тозаңы көкке көтеріліп жатқан Арал өңірін көгертуге барынша күш жұмсауы қажет. 
«Балапанды  күзде  санайды»  демекші,  шығымдылығы  60  пайызды  құраса, 
мақсатымызға  жеткеніміз.  Ауа-райы  жауын-шашынды  болса,  сексеуілдің  өсуіне 
қолайлы  болар  еді.  Ең  бастысы,  тамырланып  кетсе,  әрі  қарай  көкке  мойнын  соза 
береді. Сексеуіл алқабының ауқымын ұлғайтуға қатысты қажетті жағдайлардың бірі 
ауа  райының  қолайлылығына  тікелей  байланысты  екенін  білдік.  Бұл  –  оны  қолдан 
өндіру.  Яғни,  піскен  дәнін  жинап,  Алматыдағы  арнайы  зертханадан  сұрыптаудан 
өткізіп,  осы  мезгілде  айдалған  жерге  тұқымын  себу  керек.  Мұның  да  өзіне  тән 
ерекшелігі, қиындығы бар. 
Көктемде  жердің  бетіне  қылтиып  қана  өскен  балапан  сексеуіл  жылдың  осы 
мезгілінде  суықтық  7  градустан  аспаса  және  жаз  аптабынан  аман  қалса,  бой  алып 
өсіп кетеді. Өнгені күзде 25 пайыз деп есептелінсе, әрі қарай күтімге алынады. Бұдан 
төмен  болса,  есептен  шығарылады.  Сексеуіл  егістік  қорғау,  орман  алқабын 
отырғызуда, 
құмға, 
әсіресе 
топырағы 
тұзданған 
құмдарға 
отырғызуға 
пайдаланылады. 
Жалпы, әлем елдерінде сексеуілдің онға тарта түрі болса, біздің елімізде оның 
ақ, қара және «зайсандық» деп аталатын үш ғана кездеседі. Ал біздің облысымызда 
сексеуілдің ақ және қара түрлері кездессе, зайсандық сексеуіл тек Шығыс Қазақстан 
облысының  Зайсан  аумағында  ғана  өседі.  Сексеуіл  құмды  шөлдің  қорғаны  болып 
табылады. Олай дейтініміз, құмды бекітіп ұстап тұрады. 
Сексеуілдің  жас  өскіндері  түйеге,  қойға  жақсы  азық.  Оның  себебі  жас  бұтақ 
жапырақтың  қызметін  атқаратын  болғандықтан  құрамында  малға  қажетті  барлық 
органикалық  заттар  болады  және  көп  суы  бар.  Бұл  малға  бір  жағынан  азық  болса, 
екіншіден, сусын. Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
88 
отқа  жаққандағы  қызуы  жағынан  нағыз  қазба  байлық  тас  көмірден  кем  түспейді. 
Сексеуіл күлінен сақар (тыңайтқыш) өндіріледі. 
Сексеуілдердің  қоршаған  ортаның  тепе-теңдігін  сақтап  тұруда  ерекше  орны 
бар. Дүлей соққан желден құм көштерін тоқтатады. Сексеуілдерді қорғаныш ететін 
жан-жауарлар  мен  жәндіктер  қаншама.  Әсіресе  тұз  тағылары  киіктерге  сексеуілдер 
арасы өсіп-өнулеріне өте қолайлы. 
Сексеуілдің  Қазақстанда  қолданылуы  мен  жойылуы.  Қазірге  дейін  жұрт 
сексеуілдерді  отқа тамызық  ретінде пайдаланатын. Нарықтық  қатынастың алғашқы 
жылдары бұл жағдай күрт өзгерді. Көмірдің жетіспеушілігі мен қымбаттаушылығы 
елді  мекендерде  тұратындарға  ауыр  тиіп,  сексеуілді  таза  отын  ретінде  қолдана 
бастады. 
Бұрын  ауыл  іргесінде  өсетін  сексеуілдерді  қазір  елу,  алпыс  шақырым 
қашықтықтардан  ғана  көре  аламыз.  Қалаларда  кәуап  орындары  көптеп  ашылып, 
сексеуілге  деген  сұраныс  барынша  артқанда,  жұрт  алатынды  шығарды.  Соның 
салдарынан  сексеуіл  алқаптары  бұрынғы  көлемдерінен  мүлдем  кішірейіп  кеткен. 
Тіптен  тұқымы  құрым  кету  алдында  тұр  десек,  асылық  айтқандық  болмас.  Бұл 
қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар, аңдары 
басқа  жаққа  ауып  жатыр.  2007  жылды  тілге  тиек  етсек,  тек  Қызылорда  облысында 
450  заңсыз  сексеуіл  кесушілер  ұсталған.  2011  жылы  Қызылорда  облысында  Арал 
теңізінің кеуіп  қалған  терең  түбіріне  сексеуіл  отырғызу  жұмыстары  басталды.  Осы 
арқылы  ауаға  тұзды  шаң  қалдықтарының  таралуын  төмендету  көзделіп  отыр. 
Аймақтық  бағдарлама  бойынша  облыстық  бюджеттен  қаржыландырылған  сексеуіл 
отырғызу көлемі осы жылы 2 600 гектарды құрамақ. 
Қандай  бір  ағзаның  сусыз  тіршілік  ете  алмайтыны  белгілі.  Ал  құмды,  шөл 
жерде  судың  аз  екендігі  өзінен-өзі  түсінікті.  Осыған  орай  сексеуіл  су  «аулауға  да» 
бейімделіп  алған,  осы  жас  сексеуілдің  өсуін  бақылаудан  айқын  байқауға  болады. 
Көктемде сексеуілдің тұқымы өне бастасымен-ақ жер  асты  суы ыстықтың әсерінен 
тереңге  «қаша»  бастайды.  Тұқымнан  шыққан  тамыр  тез  өсіп,  суды  қуалағандай 
тереңге тез ұзартып өсе береді. Осы жылдамдық пен сексеуіл тамыры бірінші жылы 
үш  метрге  дейін  ұзарады.  Бұдан  кейінгі  жылдары  сексеуіл  тамыры  20-30  метрге 
дейін ұзарады. 
Дегенмен,  осы  қаулының  өмірге  келуіне  Алматы  қаласының  (1,5  млн.  халқы 
бар)  жанындағы  Балқаш  өңіріндегі  және  Тараз  қаласының  (1  млн.-ға  жақын  халқы 
бар)  жанындағы  Мойынқұм  өңіріндегі  сексеуіл  қорының  күрт  азайып  кетуі  себеп 
болды  деп  ойлаймыз.  Себебі,  сексеуілдің  құрып  кету  қаупі  төнді.  Бұл  дер  кезінде 
қолданылған  оң  шара  болды.  Біздің  аймақтағы  6,2  млн.  гектар  орман  қорына  2001 
жылы «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» есеп жүргізді. Облыс көлемінде 397,5 
мың  гектар  жерде  2  млн.  текше  метр  пісіп  жетілген  және  толық  қартайған,  шіріп 
құлаған сексеуіл қоры 10 жыл бойы пайдаланылмады. 700 мың тұрғыны бар біздің 
облыс халқы жылына 40 мың текше метр отын пайдаланылады дегеннің өзінде, 50 
жылға жететін отындық  сексеуіл  қоры бар. Орман шаруашылығын ғылыми негізде 
жүргізу  ережесі  бойынша  мұндай  көлемде  пісіп-жетілген,  қартайған-шіріген 
сексеуілдікті одан әрі ұстап тұру, жалпы орман шаруашылығына кері әсерін тигізеді. 
Ол  жерде  тамыры  арқылы  және  тұқыммен  өсіп-жетілген  өскіндердің  көбеюі 
шектеледі.  Темірді  қыздыру  басқа  металлдарды  балқыту  үшін  ұсталар  қызу-
қуатымен сексеуіл шоғын пайдаланды. 
Ақсексеуіл  –  бойы  1,5-тен  2,5  метрге  дейін  жететін  тал-шілік.  Негізінен 
құмдауыт  әрі  сортаңдау  жерлерде  өседі.  Құрғақшылыққа  бейім.  Жапырақтары  өте 
кішкене. Бұтақтары да ұсақ, жұмыр, шырынды, күңгірт. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
89 
Органикалық  заттар  өркендерде  ғана  болады.  Көктемнің  бас  кезінде 
өркендерінде  ұсақ-ұсақ  жасыл  түсті  гүлдер  шығады  да,  тұқымы  күзде  піседі. 
Тұқымы  жалпақтау  келеді  де,  оның  бозғылт  немесе  қызғылт  үлпілдектері  болады, 
сол арқылы бір жерден екінші жерге ұшып кетеді. Сексеуілдің өркенін ауызға салып 
шайнаса,  оның  дәмі  сортаң  –  кермек  татиды.  Сексеуілдің  жас  бұтақтары  мен 
тұқымын  түйе  жыл  сайын  күзде  және  қыста  жейді.  Оның  тамыры  10-11  метр 
тереңдікке дейін кетеді. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биіктігі 5 метрге 
дейін өсетіндері бар. 
Қара сексеуіл  аққа қарағанда жуандау әрі ірі келеді. Оның өсу биіктігі көбіне 
10-12  метрге  дейін  жетеді.  Ал  тамыры  11  метрден  де  тереңдікке  кетеді.  Сұрғылт 
қоңыр түсті діңінің диаметрі 35 см. Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептәуір 
шырынды  жас  бұталары  бар.  Жетілмеген  жапырақтары  сүйел  тәрізді.  Топырақтың 
тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы 
көбейе  алады.  Ағашының  көлденеңінен  сынуы  өте  қиын,  оның  есесіне  ұзынынан 
жақсы  ажырайды.  Бұлар  шоғырланып  өседі.  Алыстан  қарасаң,  қалың  жынысты 
орман тәрізді. Өз ұрығы есебінен табиғи түрде өсуіне бейім. Біздің елімізден басқа 
Орта  Азияның  шөлді,  құмды,  сортаң  жерлерінде  көп  кездеседі.  Сондай-ақ,  тақыр 
жерлерде  де  өсуге  бейім.  Қара  сексеуілдің  де  жас  әрі  жұмсақ  бұтақтарын, 
жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйсініп жейді. 
Сексеуілдің  жойылу  қаупі.  Биология  ғылымында  «энтомология»  сөзі 
бунақдене  деген  мағына  береді.  Сондықтан  сексеуілдің  ең  бірінші  жауы  сүген 
қоңызы болып табылады. Оның личинкалары температура көп өзгермейтін сексеуіл 
тамыр мойынның айналасын бұрандалып, тесіп алады да, жыл сайын көбейе береді. 
Оның  тескен  «туннельдеріне»  шөл  саңырауқұлағы  –  перияорны  теуіп,  ағашты  жей 
береді.  Біртіндеп  сексеуілдің  ара  да,  балта  да  сындыра  алмайтын  темірдей  ағашы 
жұмсарады.  Енді  күшті  жел  соққан  кезде  әлі  де  көп  жыл  жасауға  шамасы  бар 
сексеуіл құлап қалады. 
Сексеуіл  өсімдігінің  жауларына  жер  асты  құм  тышқандары  жер  астына 
сексеуілдің  тамырын  түк  қалдырмай  жеп  қояды.  Құмтышқан  жерасты  жұмысымен 
қанағаттанып қана қоймай, сексеуілдің гүлі мен жемісін де жеп қояды. Жемісі жер 
бетінен 2-3 метр орналасқанына қарамастан тышқан оған өрмелеп шығып, бұтағын 
бағбандарша кесіп түсіреді. 
Кейде бір жылдық жемісті түгелдей құртып жібереді. Құмтышқандар суы мол 
шырынды  жас  бұтақтарды  да  қиып  түсіреді  де,  сусынын  қандырады.  Кесілген 
бұтақтың  орнына  бұрынғыдан  да  шырынды  бұтақ  өседі,  тышқан  оны  кесіп 
сусындайды.  Осылай  көп  қайталанған  соң  ақыры  сексеуілдің  күші  таусылады  да, 
кеуіп қалады. 
Сексеуіл тұқымнан өніп, биіктей бастасымен оның көлеңкесіне күннен қашқан 
қияқтар мен астық тұқымдастары қоныстана бастайды. Олардан қорғалған сексеуіл 
жерден сорып алған тұздардың артығынан шығарып, жерге шашады. Жылдан жылға 
жиналған  тұз  қалыңдап,  топырақ  беті  тұздан  тұратын  қалыңдығы  саусақтың 
қалыңдығындай қабыршаққа айналады. Бұл кезде күннен қашқан астық тұқымдастар 
мен  қияқтар  сексеуіл  түбінен  қолмен  сыпырғандай  жоғалып,  әлі  де  сексеуіл 
көлеңкесі түсетін тұзды қабыршақты шетіне жағалай орын ауыстырады. 
Бір гектар сексеуіл орманынан 2 тоннадан 50 тоннаға дейін отын алынады. Ал 
1 текше метр сексеуілдің беретін жылуы 1,7 текше метр қайың отынына тең. 
Сексеуілден  лимон,  қышқылдар,  сода,  С  витамині,  түрлі  бояу  т.б.  заттар 
алынады. Халық аңыздарында сексеуілдің қасиетін даралап, пір тұтады. Мысалы, бір 
деректе:  «Ол  бір  түйемен  Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Яссауи  әулиеге  он  түйеге 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
90 
артарлықтай сексеуіл жеткізеді. Шаршап, бір көлеңкесіне демалайын деп қисайдым, 
көзім ілініп кеткен екен», - деп жазылыпты. 
Сан  ғасырлық  тарихы  бар  қазақ  жерін  қай  саласына  қарай  ойыса  айтсақ  та 
мүмкіндігіміз мол. Елімізден 6000-ға жуық өсімдіктер түрлерін кездестіруге болады. 
Тіпті бірінші орында тұр десек те болады. 
Өсімдіктер  дүниесінің  осындай  молдығына  байланысты  олардың  ішінде  мол 
қасиеті мен маңыздылығымен ерекшеленетін бұта тектес өсімдік сексеуілдің ерекше 
қасиетін зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Мал бағумен 
ықылым  заманнан  айналысқан  қазақ  халқы  өсімдіктердің  емдік,  дәрілік  қасиетін 
ертеден  білген.  Сондықтан  да  оны  жүзеге  асыру  мақсатында  сексеуілдің  халық 
өмірінде алатын орны ерекше. 
Қорытынды.  Тұғыры  биік  қазақ  жері  ұлан-ғайыр.  Өлкеде  орманды,  далалы, 
таулы, шөлді, шөлейтті және тағы басқа да табиғи жағдайлар әр түрлі болып келетін 
аймақтар бар. Міне, сондықтан да Қазақстан өсімдіктер дүниесі бай және алуан түрлі 
болады деуге болады. 
Нақты  мысал  ретінде  өзімнің  көнекөз  атамнан  күнделікті  тұрмыста  көріп 
жүрген сексеуіл туралы білетінімді айтқым келеді. 
Ұсыныстар.  Шөлді,  құмды  жерлерде  қорған  болған  сексеуіл  аз  зерттелген, 
сондықтан  да  зерттелу  аясы  кеңейсе.  Қазіргі  кезде  сексеуілді  алқапты  қорғау 
аймақтық дәрежеде, осы қорғауды мемлекеттік қорық деңгейіне жеткізсе. Жоғарыда 
атап  өткен  халық  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  сексеуілді  тұрмыста  кеңірек 
қолданысқа енгізсе. 
 
Әдебиеттер 
1  Сыр  елі.  Қызылорда  облысы.  Энциклопедия.  –  Алматы:  Қазақ 
энциклопедиясының бас редакциясы. – 446-447 бб. 
2  Мұханов  Б.,  Мұсақұл  Т.,  Суворов  Н.  Қазақстанның  өсімдіктері  мен 
жануарлары. – Алматы, 1966. – 46-47 бб. 
3 Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. – Алматы: Қазақстан, 1982. 
4 Сыбанбеков Қ.Ж. Жабайы өсімдіктер сыры. – Алматы: Қайнар, 1986. – 24 б. 
5 Ысқақов С. Табиғат және адам. – Алматы: Қазақстан, 1967. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет