БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЖАҒЫМДЫ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРІ
Жұмағалиқызы Б., Коптаева А.Н.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Арқалық қ., Қазақстан
Inkar.serikbaeva@mail.ru
Адамзат табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың аң -құстарын, құбылыстары мен
тамаша ландшафтарын ақын -жазушыларымыз әнге қосып жырлаған. Біз сол өлең
жолдарын тыңдап та, табиғатқа көз жібере отырып та ләззат аламыз. Соған қарап бой
түзейміз десек те болады. Табиғат пен адамзат арасындағы тылсым байланыстар да бар
екенін білеміз.
Ғылыми қорытындыларға сүйенсек өсімдіктерде уақыт пен биологиялық ырғаққа
бағынатын таңғажайып заңдылықтар бар. Мысалы, таңғы сағат 3 -те «ешкі сақал» гүлі бүр
жарып ашылса,түн жарымда түн патшасы «кактус» қауызын қайта жабады екен.
Өсімдіктердің осындай қасиеті барын XX ғасырда француз астрономы Мэран байқап
зерттеген. Ол жердің өз өсінен айналуына бақылау жүргізгенде кейбір өсімдіктердің бір
тәуліктің ішінде біресе гүл жарып, біресе қауызын қайта жауып отыратынын, оның
уақытының бір мезгілде дәлме -дәл келетінін анықтаған. Ғалымдар бұл күннің сәулесіне
қатысты шығардеп ойлап, ол өсімдіктерді жарық т үспейтін қараңғы бөлмеге қойған кезде
де олардың бір мезгілде жапырақ пен қауызын жарып отыратынын көрген. Содан
«өсімдіктерде сыртқы ортаға байланыссыз уақытты өлшегіш жүйе бар»деп қорытынды
жасаған.
Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің
қарым - қатынасы туралы зерттеулер жүргізген.
Гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы
төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі
жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытында суарып тұрмаса
«ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді.
Өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаң, олда саған солай жауап береді екен.
Кактус өсімдіктеріне «туу, түрі қа ндай сүйкімсіз» десеңіз болғаны, ол құрамында
алкогольді қоспалары бар улы заттарды бөліп шығарады. Кактус ауада жиналған
радиацияны жақсы өзіне сіңіреді, сол себептен оны компьютер т. б. электр құралдары бар
бөлмеде өсіреді. Ауасы таза, аурасы жақсы бөлме де кактус гүлдейді.
Ең жағымды гүл -Қазтамақ. Ол тұрған бөлмеде реніш, ұрыс -керіс болмайды. Егер
ұрыс-керіс болып қалса, өсімдік адамның жүйкесін тыныштандыратын зат бөле бастайды
да, адамдар тез татуласады. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірге н. Ал
қазтамақ (герань) бірінші суармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол
көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді.
Гүлдерді де сәбиді баққандай етіп күтсең, сенің денсаулығыңа пайдалы әсерін
тигізеді. Әр гүлдің жаны бар, оларды текке сындырып, жұлуға болмайды.
Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы
адамдардың бір - біріне деген жақсы қарым - қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңі з
жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді.
Гүлдер адам өмірінің алға басуына септігін тигізеді. Адамның белсенділік
танытуына қуат береді. Сіздің ұйқыңыздың дұрыс болып, тыныш ұйықтағыңыз келсе
олардың демалатын жатын бөлмеде болмағаны жөн . Тек, егер сіздің сүйіктіңіз сізге туған
күніңізге немесе мереке күндері гүл сыйлаған жағдайда ғана оларды жатын бөлмеге қоюға
болады. Өйткені, ол гүлдер сіздің сүйіктіңіздің сізге деген махаббатына толы. Арнайы
құтыға таза су құйып салып қойыңыз. Ал олар дың суын ауыстырып тұруды, жағымсыз
иістің болмауына көңіл аударыңыз, уақыты келгенде лақтырып тастауды ұмытпаңыз.
Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген
гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар - солған, ө лген гүлдер деп
есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін.
Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Әсіресе, сіз жұмыс істейтін бөлмеде (атап
айтқанда ғылыммен айналысу, кітап жазу, зерттеулер жүргізу т.б.). Тіпті сізге қатты
ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып тұру қажет.
Тірі гүлдердің орнына қазіргі кезде көп жағдайларда қалас гүлдер (искусственные)
қолданылады. Оларды сатып алмауға тырысыңыз[1].
Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақт ан әсер етеді. Оның
ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше
түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге
келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия
жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге
раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне
шегіргүлдерді
(фиалка)
орналастырсаңыз,
олардың
жеткіншектің
өсіп -жетілу
уақытындағы көңіл күйін бірқалыптылыққа бейімдейді.
Піл құлағы (alocasia) гүлінің әдемілігі - жалпақ жапырағында. Жапырағының
көлемді болуына байланысты гүл «піл құлағы» деп аталады. Сонымен қатар, жаңбыр
жауар алдында піл құлағының жапырағынан тамшы тамады , осы қасиетіне орай гүлді
«жылауық», «ауа райын болжағыш» деп те атайды.
Гүл фитостерол, темір, никель, хром, мыс т.б. көптеген макроэлемент пен
дәруменге бай. Биологиялық белсенді заттардың құрамында көп болуы әр түрлі
инфекциялық ауруларға төтеп бере ал атындығынан көрінеді.
Ғалымдар
өсімдікті
ғылыми тұрғыдан зерттеу барысында гүлдің
жөтел,
мастопатия, ревматизм, денедегі түрлі жараға сондай -ақ, аллергия, қабыну мен ісікке және
асқазан ауруларына қарсы ем екендігін дәлелденген.
Жасаңшөп (ақшалай ағаш) кәд iмгi ақшаны
әкеледi. Өсірген жасапшөптің
жапырағына аса көңіл бөлген жөн. Себебі жапырақ мейлінше үлкен болса ол мол қаржы
алып келеді деген сөз. Ал егер мейлінше ұсақ, көп болса ақша кішкене
– кішкене жан
жақтан мол қаржы келет деген сөз. Ақша гүлін өсіре
отырып оған күнде монетка салып
тұру керек. "Балықты қалай су қызықтырады, ақша менің гүлімді де солай қызықтырады."
деп айтқан жөн. Жасаңшөп (толстянка) фэн -шуй ілімі бойынша қаржы ісінде сәттілік
әкелетін өсімдік болып есептеледі. Өсімдіктен бөлінетін т озаңдар адам ағзасына пайдалы.
Ол ауаны тазалайды. Өсімдік ағзаның психикалық және физикалық шаршағанын басады.
Адам ағзасын жұқпалы ауруларға қарсы белсендіреді.
Бөлме өсімдіктерінің әрқайсысына тән сенімдер бар. Көбі жасаңшөпті «ақша
шақыратын өсімдік» д еп жатады. Ағаш биіктеп өссе, жапырағы қалың әрі үлкен болса,
қаржылық
жағдайдың
жақсаратынын
білдіреді
деп
сенеді.
Ал
өсімдікжақсыөсуіүшіноғанкүтімжасаукерек.
Гүлдің
жақсыөсуі
оны
дұрыс
отырғызудан
басталады
Оның
өскінінешкімгекөрсетпей (ұрлап) немесесатыпалады. Отырғызар алдында өскіннің түбін
сәл құрғатады. Гүлсауыттың түбіне «ақшашақырсын» деген ниетпен тиынсалып, сонан
соң гүлді отырғызады.Өсімдік биіктеу өсуі үшін көктем басталған кезде қырқады.Өте
қараңғы бөлмеде ұстауға болмайды. Өсімдік жаздыңыстығ ына төзімді болғанымен,
қыстабөлметемпературасын он бес градустанасырмаукерек. Ыстыққа төзімді болу үшін
өсімдікті көктемнің ыстығынан бастап бейімдеген дұрыс. Оны топырағы құрғаған кезде
ғана
суарады.
Сұйық
тыңайтқыштармен
тыңайтады.
Өсімдік
биіктеп,
ыдысытарлықеткендеғанаыдысқаалмастырады.
Кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Ағылшын
ғалымдары көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым -қатынасы туралы зерттеулер
жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мейсонның бөлмесінде көп жыл дар бойы фикус өсіп
тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен -күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады.
Ал жерік болған кезде берекесі қашып, тіпті, дәрігерлердің қандай ем қолданғанына
қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің
ауруға шалдыққанына сол кінәлідеп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп
ұзамай әйелі құлан -таза айығып, қайтадан бала көтеріп, денісау, әдемі сәбиді дүниеге
әкеледі. Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар
бөле
бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген[2].
Эхмея
жалтылдақ.
Бұл
өсімдіктер
адамбойындағымақтаншақтық
пен
жағымпаздыққашыдайалмайды. Ол жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл гүлді жатын
бөлмеге өсірмеген жөн. Ол адамды ұйқысыздыққаәкеп соқ тырады. Сондықтан бұл
өсімдікті қонақ бөлмеге, немесекеңселергеөсіргенжөн.
Сүттiген жалтыр.Бұл өсімдік нәзік жандыларды жақсы көреді. Және өзінің иесін
жақсы көретіні соншалықты ол жағымсыз жаналық алып келген қонақты жек көреді екен.
Ол үйге келген адамдардың жазымсыз энергиясын өзіне тартып, мейлінше өзінің
қожайынына сол сөзді естіткізбеуге тырысады екен.
Үндi және жапон азалиясы.Олардан тамаша гүлдер және жалтыр жапырақтармен
сергектiктiң атмосферасын үйде қолдайды. Ол адамды ұйқысынан тұрғызады және
пайдалы.
Хан бегониясы.Бегония адамдарға қиын жағдайларда тығырықтан шыға алмай
жүрген адамдарға жақсы энергиясы арқылы тез шешім қабылдауға көмектеседі. Ол
қабiлеттi және қорқынышты жеңуге көмектеседі. Бегониялар қызыл жапырақтарымен
шылым шегетіндерге және әлсiз қолқалары бар адамдарға өте пайдалы.
Көгiлдiр
шегiргүлдер.Олар
шығармашыладамдарға
көмектеседi.
Оларды
музыкалық, көркем және орта бiлiм мектептерiнде, бала бақшаларда, творчестволық
студияларда ұстауға болады. Шегiргүлдер күлгiл гүлдерiмен үйдегi
энергетикалық
атмосфераларды әсемдейдi. Олар өзара түсiнбеушіліктерді жеңуге көмектеседi. Олар
тамақтағы iсiк, қызару процестерiназайтуға қабiлеттi.
Блосфельда каланхоэ.Бұл еттi жапырақтары бар әдемi гүлдеген өсiмдiктер және ақ,
сары, қызғылт сары, қызғыл т немесе райхандардан тұрады. Ол әдетте сәуiрде гүлдейдi, үй
шарттарында жыл бойы гүлдей алады. Бұл өсімдіктер адам бойындағы шаршағанды
басады. Болмашы нәрсеге ренжуден бойыңды алшақ ұстауға көмектеседі.
Аспарагус.Бұл аспарагустiң түрi ойлар және рухпен әлсiз адамдардың сөздерiнiң
энергиясынан атмосфераны тазартуға бейім. Кейде жағымсыз әсерлер жандарда ұзақ
жығылмай тұрады. Аспарагустiң гүлдерінәзiк жандыадамдардыңренiштерін тез ұмытуға
көмектеседi.
Фуксия.Парақ итжығыс, айнымалы фуксия табиғи жылжымалы
күйдегi үйдiң
атмосферасының энергетикасын қолдайды. Ол адамдарға сергектік, көтеріңкі көңіл
сыйлайды. Адам бойындағы жағымсыз энергияны тартып алып, адамға ерекше әдемілік,
көтеріңкі көңіл сыйлай алады. Бұл өсімдік сонымен қатар кішкене балаларды жақсы
көреді екен. Дәрігерлер бұл өсімдікті әсіресе баласы жоқ адамдарға сыйға тартқан жөн деп
санайды. Сонымен бiрге оны өмірден түңіліп жүрген адамдарға сыйға берген пайдалы.
Фуксия асқорыту жүйесiнiң ауруларынан, сүт бездерi ауруларынан сақтайды.
Каллолар. Бұл өсiмдiктер үйдiң тұмары іспеттес. Оның сары гүлi шұңқыр сияқты ақ
жапқышпен көмкерілген. Сары - шабыт, қуаныш, өнердiң түсi, ақ - тазалықтың түсi.
Сұлулықтың арқасында - үйдегі атмосфера адамдардықуанышқа шаттыққа бөлей алады.
Каллолар адам иммунитетін жоғарылатуға қабiлеттi, қызу, жүдеу және стресстер, ренiш
және жабырқауда, өзіңді жалғыз сезінгенде, бөлмеде калло болса ол сені жалғыздықтан
құтқарып қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар ол жақсылықты жаны суйеді, бiреу оған
күлiп, қорлағанынан қорқады.
Агава.Бұл
өсiмдiктер адамды тыныштандыра алады. Долылықты, ызаны
болдырмауға тырысады. Адамға бұл өсімдік адамның ішкі сырын ішіне бүгіп қалмауға
көмектеседi.
Дымқыл агава жүйке жүйесi үшiн пайдалы, невралогияны емдеуге мүмкiндiк
туғызады. Сонымен бiрге ол зат алма суды жақсартады.
Тік жапырақ.Жапырақтардың тікенек, тік (кактус, алоэ) болғаны адамға жағымсыз
қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, отбасында ұрыс -керіс шақырады. Оның үстіне
дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, алоэны кез келген дәріханадан сатып а луға
болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың
орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған
жағдайда одан құтылғаныңыз жөн. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса
оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық егуіңізге болады.
Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған гүлдерді
қолданыңыз. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді. Өсімдіктеріңіз
әрдайым таза, әдемі болуы керек. Егер сіздің оларға қарауға уақытыңыз жоқ болса,
қарауды көп қажет етпейтіндерін таңдауға тырысыңыз немесе мүлдем гүл өсірмеңіз[3].
Қорыта айтқанда, адамдар күнделікті шаруаның қамымен жүріп көшедегі,
дүкендегі, кеңседегі
өсімдіктерді көбіне байқай қоймайды, көрген күннің өзінде олар
оның сыртын ғана көреді. Қазіргі таңда адамдар өсімдіктерді бағаламайды, олар оны
табиғаттың сұлулығы деп немесе дәрілік өсімдік ретінде ғана қабылдайды. Өсімдікті
бағып, оның қыр сырын білмейінше оны адамзат баласы олар дың сырын, өмір сүру
жағдайын түсіне бермейді.
Өсімдіктер-жер шарында кең таралған тірі организм болып табылады. Олар бір -
бірімен сонымен қатар бір бөлшегі адам болып табылатын жануарлармен тығыз
байланыста болады.
Қазақтың төрінде қара домбыра ілініп тұ рмаса бір жұтаңдық байқалады ғой, сол
сияқты гүлдері жайқалып тұрмаса да ол үйден, жылылықты сезіну мүмкін емес. Ол
–
біздің жан-дүниеміздің қаншалықты бай екенін көрсететін, біздегі мейірімділік пен
ізгіліктің
коэффицентін
өлшейтін, біздің
табиғатпен
үзі лмеген таза
әрі терең
байланысымыздың айғағы.
Әдебиет
1.Биология және сауаттылық негізі №6 (78), 2015 қараша -желотоқсан
2.Биология және сауаттылық негізі №2(74), 2015 наурыз -сәуір
3.В мире растений №6, 2015 июнь
БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРЫНДАҒ Ы
ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘДІСТЕРДІҢ ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
Жұмағалиқызы Б. Ж.
Жақсылықова Ж. Ж.
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Арқалық
қаласы
bzhumagalikyzy@mail.ru
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім
беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым -қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам
талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс -әрекетінің ғылыми -
педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген
заманда ақыл -ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім
беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай
қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен
келмек. Сондықтан да әрбір оқушы ның қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке,
ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа
тәрбиелеуді
жүзеге
асыратын
жаңартылған
педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымда стыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді[1].
Білім беру саласы қызметкерлерінің қазіргі уақытта алдына қойып отырған
міндеттерініің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі
заманғы
педагогикалық
технологияларды
меңгеру.
Қазіргі
таңда
оқытушылар
инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып
сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
ХХI ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесін дамуда оқыту үрдісіне қойылатын
талаптардың өзгеруіне байланысты оқытудың жаңа технологиялары қолданылуда.Оқу
үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін
нәтижеге жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім
мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс -тәсілдері.Олай болса, білім беруде
қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
- оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;
- оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту,
күтілетін нәтижелерге
жетуге талаптандыру;
- жеке дамуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану;
- өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге
бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын
қамтамасыз ету;
- білім мазмұнын оқушыларды өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі
жүйелі түрде бағыттау[2].
Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті
стандартында анықталатын түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне
әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған проблемалардың шешімін табу,
ақпараттық, коммуникативтік, зерттеушілік құзыреттіліктер басты талаптары болып
табылады.
Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен
көрінетін
білім
нәтижесі.
Олай
болса,
оқушының
түйінді
құзыреттіліктерін
қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр[3].
Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер,
Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.В.В. Давыдов
«Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік
әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Д.Б. Эльконин, В.В. Давы дов жасаған
зерттеушілік жүйесінің негізгі компоненттері:
1.
Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
2.
Оны шешудің жолын бірге қарастыру.
3.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Осы компоненттерді шешуде оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай
дайын үлг і берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге
асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Зерттеу
арқылы шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр
оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы зерттеушілік әдісінің қолданыс
табуын төмендегідей көрсетуге болады.
І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді,
яғни білетіндері сараланады . Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік
құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.
ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін
ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады.
Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына
қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни,
проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.
ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері м еңгереді. Оқулықтан
тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.
ІV. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері
орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.
V. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап,
өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.
Сондықтан, биология пәнінен зертханалық сабақтарында зерттеушілік әдістерінің
қолданылуы қазігі таңдағы талаптарға сай алатын орны ерекше. Зерттеушілік әдістері:
өзбетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын
қалыптастырады. Зерттеушілік әдістері - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының
қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және
қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу
М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы бойынша «Қарлы кесек»,
«Брейн-ринг», «Саяхат» оқыта үйрету ойындарын оқу модулінің сөйлесу бөлімінде
пайдаланылады. Оқыта
үйрету ойындары оқушыларға білімдерін тереңдету ге,
толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ақпарат көздерімен
өздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға,
қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, өмірде өзін бағалай білуге үйретеді.
Мысалы: 7 сынып «Мәдени өсімдіктер әлеміне саяхат» оқушыларды бірнеше топқа
бөліп, топтарға әр түрлі өсімдіктер топтарын бөліп беру «Көкөніс дақылдар», «Астық
тұқымдастар», «Жеміс - жидектер», «Бөлме өсімдіктері». Әр топ әр түрлі суреттер,
кестелер, ақпараттар жинап, п лакат түрінде безендіріп класс бөлмесінің кез келген жеріне
ыңғайлы етіп орналастырып, әр топ өз жинақтаған мәліметтерін қорғайды, басқа топтар
тыңдайды. Өмірде қажет қолдануға болатын өсімдіктер туралы зерттеу жүргізіп, қосымша
мәліметтер алады.
Стандартты, типті міндеттерді шешуге алғаш оқыту үшін тапсырмалармен өзара
алмасу әдіснамасына арналған тапсырмалар, оқу материалдарын қайталау үшін, бекіту
және оқушыларды жаттықтыру үшін жеке тапсырмаларды өзара жаттықтыру мен өзара
тексеру үшін пайдаланады. Бұл әдіснаманы пайдалану үшін арнайы тапсырмалар
дайындалады, құрастырған материал нақты болуы қажет.
Құзыреттілік
қалыптастырудың міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен
байланыстылығы.
Бұл
орайда
құзыреттіліктерді
қалыптастыруға
бағдарланған
тапсырмалардың маңызы зор. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапсының жоғары болуы
ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру
емес, ең алдымен оқушының оқу еңбегін танымдық оқу іс -әрекетін сауатты ұйымдастыру,
басқару деп білуі ти іс. Сондықтан аталған педагогикалық технологиялар ойлау мен
ұштастыра білім алуға бағытттайтын оқыту жолы[5].
Зерттеушілік әдістерді жалпы биологияның зертханалық сабақтарында қолданғанда
күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
• оқуш ыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Жалпы биологияның зертханалық сабақтарында зерттеушілік әдістерін қолданудың
басты мақсаты – оқушыларға өз бетінше ізденуге, шығарма шылығын, ой-өрісін кеңейтуде,
жеке жұмыс жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына
қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз,
тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым -қатынас процессінде қолд ана алу
қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік,
әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік
істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі ар тады, сабақтың негізгі кезеңдерінің
бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Қорыта
айтқанда, зертханалық сабақтар оқушылардың ғылыми әдістермен
қарулануына мүмкіндік туғызады, аңғарғыштығы мен бақылағыштығын, зерттеушілік
қасиеттерін дамытады, оқу пәніне деген қызығуын оятады. Сөйтіп, танымдық әрекет
жасауға жұмылдырады, іскерлік дағдыларды тереңірек меңгеруге, жаңа технологияны
игеруге төселдіреді.
Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына
қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары
осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.
Білім саласындағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты
екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңге йінде
бәсекеге қабілетті жастарды дайындай білуіміз керек[6].
Әдебиет
1. Мырзабаев А.Б. Оқушылар шығармашылығын дамыту (биология, экология,
валеологияны оқыту мысаланда). Санат. 2002.
2. Тұрғанбекова Б.А. Мұғалімнің
шығармашылық әлеуетін біліктілікті
арттыру
жағдайында дамыту: теориясы және тәжірибе // Алматы: Ғылым -2005.150-158б.
3
Ұжымдық -шығармашылық
істер оқушылардың
менеджерлік
құзыреттіліктерін
қалыптастырудың маңызды жағдайы ретінде// «Инновациялық университеттің серпінді
жобаларын жүзеге асыруд ағы жас ғалымдардың әлеуеті» ғыл. -практ. конф-сының
материалдары: ІІ бөлім. - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2008. 252 -
258б.
4. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.
Аударған Д.А.Қайшыбекова. – Алматы, 2006. – 180 б.
5. Мұсточпова А.С. «Оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру». Ақтөбе 2010
ж.12б.
6. Әлиева Б. Оқыту стратегиялары. // Биология және салауаттық негізі. 2006. №9 (21), -Б.
17б.
|