Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной



Pdf көрінісі
бет23/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70

ДОҢЫЗТАУ ӨҢІРІНІҢ ФЛОРАСЫ

Казкеев Е.Т.,Жұмабаева Г.С ., Сержан А.Ө.



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,

Ақтөбе қаласы, Қазақстан

zhumabaeva_g@mail.ru

Қазақстанның үлкен  территориясын,  яғни  Республика  жерінің  23% -ін  шөлейтті

зона,  40  %-ін  шөл  зонасы  алып  жатқаны  белгілі.  Осындай  шөл  ж әне шөлейтті  аймақтың

бірі – Байғанин  ауданы. Ол Республика территориясының 2,19 %-ін, ал облыс жерінің 1/5,

яғни  20,3% -ін  алып  жатыр.  Аудан  Ақтөбе  облысының оңтүстік – батысында  орналасқан.

Жер көлемі 61 мың шаршы киллометр.

Ауданның солтүстігі  шөлейтті,

оңтүстігі  шөлді  зонада  орналасқан.  Шөлейт

зонасының топырағы ашық қызғылт қоңыр. Гумус қабаты шамалы 20 -30 см, қара шіріктің

мөлшері 2-4 %. Шөл зонасының топырағы қою қоңыр түсті, гумус қабаты 15 -20 см, қара

шіріктің мөлшері 1 -2 % [1].

Доңызтау  жері  шөл  з онасында,  ауданның оңтүстік  шығысында  орналасқан.  Жер

бедерін тауаралық аллювиалды жазықтар, тау етегіндегі еңістіктер (подгорные наклонные

равнины), үштік  дәуірден қалған  ежелгі  жазықтардың  қалдықтары, құмдар құрайды.  Тау

етегіндегі еңістіктер беті ұсақ м алта тасты сазбен жабылған.

Тау – Мұғалжар  тауы  мен Үстірттің аралығында  ендік  бағытта  созылып  жатыр.

Ұзындығы 75 -90 км, ені 15 км, абсолюттік биіктігі 215 м, салыстырмалы биіктігі 120-150

м  аралығында.  Солтүстік  беткейі  тік  жар,  көлбеу  келген,  оңтүстігі  а ласара  түседі  де

жазыққа ұласады.  Тау  етегі құрғақ жыра,  сайлармен  тілімделген.  Топырағы  сұрғылт

қоңыр  түсті.  Климаттық жағдайы  шұғыл  континенталды,  жазы  ыстық,  қысы  суық. Ең

жоғары  температура  +40ºС  +45ºС,  ең төменгі  температура -42ºС -49ºС.  Жылдық жауын -

шашын мөлшері 150 -175 мм [2-6].

Зерттеліп  отырған  аймақтың топырағы  ерекше,  жауын -шанын  мөлшері  аз

болғанымен,  ол  жердерде  бұлақтардың, артезиан  суларының  қысы -жазы  тоқтаусыз  ағып

тұруы  байқалды.  Бұл  сол  жерлерде  бұрын  тұрған  жасырынды әскери  жасақтарының

салдары болуы керек.

Бұл  аймақ туралы  деректер    2002жылдан  бері  жинақталуда.  2002  жылы  маусым

айында  сол  аймаққа  экспедиция  жүргізілді.  Сол  жүргізілген  жұмыстарға  сүйене  отырып,

негізгі флора ерекшеліктеріне қысқаша тоқталу болды.

Доңызтау  жерінде  10 тұқымдасқа  және  46  туысқа  жататын  81 өсімдік  түрінің

бастапқы  тізімі өңделіп  жасалды.  Негізгі  тұқымдастардың түрлердің санына  байланысты

орналасу тәртібі төмендегі кестеде келтірілген.

Кесте 1


Доңызтау жерінде өсетін өсімдіктердің негізгі тұқымдастары

Тұқымдастар

Түр саны

Түрдің % саны

Chenopodiaceae

22

27,1



Asteraceae

12

14,8



Brassicaceae

9

11,1



Fabaceae

8

9,8



Poaceae

7

8,6



Boraginaceae

6

7,4



Apiaceae

5

6,1



Liliaceae

5

6,1



Polygonaceae

4

4,9



Cyperaceae

3

3,7



Доңызтау өңірінде өсетін өсімдіктердің басым  тұқымдастары  Chenopodiaceae

тұқымдасы  (22  түр,  27,1%),  Asteraceae  (12  түр,  14,8  %),  Brassicaceae  (9  түр,  11,1%)  және

тағы басқа тұқымдастары кеңінен таралған.

Флорада таралған негізгі  туыстары кестеде көрсетіл ген.

Кесте 2

Флораның негізгі туыстары



Туыс

Түр саны


Жалпы түр санының

%-тік мөлшері

Astragalus

4

4,9



Artemisia

4

4,9



Atriplex

3

3,7



Agropyron

3

3,7



Anabasis

3

3,7



Jurinea

3

3,7



Salsola

2

2,5



Сонымен қатар  мынандай  туыстары  да  кездеседі: Allium,  Carex,  Sisymbrium,  Poa

және т.б.

Бастапқы зерттеу мәліметтері беріліп отырған аймақ өте қызықты, бұрын деректер

көп  кездеспейтін  жерлер.  Мұның себебі,  біздің болжам  бойынша  біріншіден,  сол  жерде

көп  жылдар  бойы  тұрған  жасырынды әскери  жасақтары,  ек іншіден  жағрафиялық алыс

орналасуы.  Дегенмен,  зерттеу  жұмыстары  бұл  бағытта өз  жалғасын  табады  деген

ойдамыз.

Әдебиет


1.

Агелеуов Е.А., Легкие нашей земли. - Актобе - 1992 – 3 – 20 б.

2.

Байғанин энциклопедиясы. - Ақтөбе, 2002 - 1-9 б.



3.

Байтулин  И.О. Состояние  и  перспективы  охраны  растений  и  растительности

Казахстана. - Алма – Ата: Наука, 1987 – 3 – 79б.

4.

Быков  Б.А.Очерки  истории  растениительного  мира  Казахстана  и  Среднии  Азии. –



Алма- Ата: Наука, 1979- 107б.

5.

Новикова А.Г., Стороженко Д.М., Краткая характеристика почв и земельных ресурсов



Актюбинской области. - Алма-Ата: Наука, 1964 – 148 б.

6.

Черепанов С.К., Сосудистые растения СССР Л: Наука, 1981- 509 б.



ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ИТМҰРЫННЫҢ АДАМ ӨМІРІНЕ ПАЙДАСЫ

Кемелбаева А.,Әмірғалиева.Т.Н



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.

Арқалық қаласы,Қазақстан

Aksaule_9595@mail.ru

Итмұрын - депраушангүлдiлертұқымдасына  жататын  жапырақ тастайтын  бұта  не

шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды.



Раушан

туыстастарының жидегі  жалған  жеміс,

құрылысы  күрделі,  күлте

жапырақшаларының  құмыра  немесе  бокал  тәрізді  болып, қабырғаларының ішкі  жағында

бекінген  көптеген  сарғыш жаңғақтар , қою  да қаттылау  түктермен  бөлінген.  Жемісі  пісіп -

жетілген қою,  ашық -қызыл  түсті. Ұшында  түспейтін қүрғақ тостағанша  жапырақшалары

барлық раушандар  менжабайы  раушандарғатән.  Кейбір  түрлері  ежелден  белгілі  бауда

өсірілетін  раушандардың арғы  тегі  болып  табылады.  Біздің дәуірімізге  дейінгі  4  м ың

жылдыққа  жататынАлтайдың көмбелерінен  табылған  металл  ақшаларда  да  бауда

өсірілетін  раушандар  бейнеленген. Қазірде  жабайы  раушандар  сұрыптауда  және  мәдени

раушандардың сапасын  жақсартуда қолданады.  Республиканың  (Алтай,  Тарбағатай,

Жоңғар  Алатауы)  сай, Орталық және  Оңтүстік -шығыс  бөлігінде  тауда,  жазықта, қорым

тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі.

Ылғалды  жақсы  көреді,  топырақтың да,  ауаның да  ылғалдығына  сезімтал,  биіктігі  2

метрге  дейін  сүр -қошқыл  түсті, қабығы  бар,  сабағымен  бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір

тікенектер 

барлық

туыс 


түрлеріне 

тән, 


олар 

жануарлардың

жеп

қоюынан


сақтайды.Жапырағы  күрделі,  тақ  қауырсынды, әдетте  2 -3-тен  жұптасқан  көлемді  эллипс

тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұ мсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты,

дұрыс  гүл  (актиноморфты)  тостағаншасы  жіңішке  жасыл  түсті,  күлтесі  ашық күлгін

немесе қызғылт  түсті.Тостағаншалар  мен  күлтелер  саны  бірдей  (5тен),  аталық пен

аналықтары  көп  (саны  анықталмаған),  гүлі  көлемді  (диаметрі  6  см -ге  дейін), ұзын  гүл

табанына  көбінше  жалғыздан,  сирек  топтасып  бекиді.  Ашық түсті  гүлінің хош  иісі

жәндіктерді өзіне  тартады,  ара, үлкен  тозаң жейтін қоңыздар,  бір  гүлден  екінші  гүлге

ұшып-қонып  жүріп  айқас  тозаңдандырады.  Кейде  жәндіктер  гүлді  түнеп  шыға тын  орын

ретінде  пайдаланады, өйткені  кешке қарай  гүлдердің күлтелері,  жабылады.  Итмұрын

шілдеде  гүлдейді,  тамызда  жабай  раушанжеміс  береді.  Раушан  туысының жемісі  туралы

толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс,

құрылысы  күрделі,  күлте  жапырақшаларының  құмыра  немесе  бокал  тәрізді  болып,

қабырғаларының ішкі  жағында  бекінген  көптеген  сарғыш  жаңғақтар, қою  да қаттылау

түктермен  бөлінген.Біз  суреттеп  отырған  түрдің жемісі  пісіп -жетілген қою,ашық -қызыл

түсті. Ұшында  түспе йтін қүрғақ тостағанша  жапырақшалары  барлық раушандармен

жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың

арғы тегі болып табылады [1].

Біздің эрамызға  дейінгі  4  мың жылдыққа  жататын  Алтайдың көмбелерінен

табылған  металл

ақшаларда  да  бауда өсірілетін  раушандар  бейнеленген.  Жабайы

раушандар  сұрыптауда  және  мәдени  раушандардың сапасын  жақсартуда қолданады.

Итмұрынның ерекшелігі - бағалы  витаминдерге  бай,  жемісі  және  одан  дайындалған

медицинада  негізінен  асқазан  және  бауыр  а уруларын  емдеуге қолданылады,  гүлдерін

шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы - парфюмерия

өндірісінде пайдаланылады. Итмұрын – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық

бұталы өсімдік.  Биіктігі  2  метр.  Бұталары  тікенекті.  Итм ұрын  жер  шарының  қоңыржай

және  субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі.  500 -ге  жуық түрі  бар.

Табиғатта  таулы-тасты  жерлерде,  беткейлерде,  орманда,  су  жағалауында өседі.  Табиғи

түрі Қазақстанның барлық тау  бөктерлерінде өседі.  Итмұрынның екпе  тү рлерінің

барлығын  дерлік  раушан  (роза)  деп  атайды.  Халық арасында  итмұрынның  «жабайы

раушан»  деген  атауы  кеңінен қолданылады.  Итмұрынның гүлі  ақ,  қызғылт,  сары  түсті,

диаметрі  4-6  см,  хош  иісті,  жай  күлтелі  және  гүлпарлы  да  түрлері  бар.  Мамыр,  маусым

айларында  гүлдейді.  Жемісі  тамыз, қыркүйек  айларында  піседі.  Жемісі  сопақша  келген

жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт -сары болады [2].

Итмұрынның ерекшелігі - бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған

дәрі-дәрмектер медицинаданегізіненасқазанжәнебауырауруларын  емдеуге қолданылады,

гүлдеріншайдыңорнына  пайдалануға  болады,  күлтелерден  дайындалған  эфир  майы -

парфюмерияөндірісінде пайдаланылады.

Итмұрынның пайдасы.


Итмұрынның  құрамында  Менделеев  кестесінің жартысы  бар  деуге  болады.

Итмұрынның тамыры,  жапырағы,  жемісі  адам  ағзасына

өте  шипалы. Құрамындағы

аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде

болады.  Медициналық тұрғыдан  итмұрынның  құндылығын  оның  құрамында  көп

мөлшердеболатын  С  дәрумені  арттырады.  Сонымен қатар  итмұрынның  құрамында  В,  К ,

Рдәрумендері,  тұқымында  Е  дәрумені,  каротин, қант,  сондай -ақ, илік,  пектинді,  бояулық

заттар,  органикалық  қышқылдар,  минералды  заттар,  макро  микроэлементтер  болады.

Медицинада  итмұрынды  поливитамин  ретінде,  ағзада  дәрумендер  жетіспегенде,

атеросклерозға қарсы, қан қысымы  көбейгенде, қан  аздыққа,  иммунитетті  көтеруге,

сынған  сүйекті  тез  бітіретін  және  бауыр  ауруларын  емдейтін  дәрілік өсімдік  ретінде

пайдаланады.  Итмұрыннан  тосап  жасайды.  Жемісін  кептіріп, қыста  тұмауға қарсы

қайнатып  ішеді.  Гүлдерін  шайға қосып  бұқтырып  ішеді. Әдемі  гүлдерінің арқасында

көгалдандыруда  кең  қолданыста.  Бұтағы  тікенекті  болғандықтан, қоршаудың орнына

өсіруге де болады [3].

Итмұрын-асқазанға  мың да  бір  ем.Cырқаттанып қалған  кездері  міндетті  түрде

қымбат  антибиотиктерді  пайдалан у  шарт  емес.Мен  асқазанды әртүрлі  химиялық

препараттармен  улай  бергеннен  гөрі  бір  мезгіл әжелерімізден  бері қарай  келе  жатқан,

неше ғасыр  тәжірибеден өткен  рецептерге  де  мән  берген  дұрыс  деп  есептеймін.  Бүгінде

асқазан  ауруымен  ауыратындар  көп  екенін  білге ндіктен  де,  мүмкін  бір  дауасы  тиіп

қалар.Гастриттен емделуді бастамастан бұрын, алдымен бірінші кезекте барлық қара және

жаңа  піскен  нан өнімдерінен  бас  тартқан  дұрыс.  Тек  кепкен  түрдегі  бидай  нан  мен  1 -2

сортты ұннан  пісірілген  нанды ғана  пайдалану  керек. Булочка,  тәтті  нан-тоқаштарды

аузыңызға  алмаңыздар.  Сол  секілді  ет,  балық, саңырауқұлақ, томат  соусы, қыша

(горчица),  ащы  салаттар  мен  кофе,  жаңа  сығылған  шырындар  (ол  асқазан  сөлін

тітіркендіреді), қуырылған  ет,  кептірілген  жеміс,  бұршақ, долана,  аскөк  п ен  петрушканы

ас  рационынан  алып  тастауға  тура  келеді.  Сонда  немен  тамақтанамыз  деген  сауалдың

тууы  орынды.  Тек қана қайнатылған  және  су  буында  дайындалған  тағамдарды  жеген

абзал.  Күніне  5-6  рет  аз-аз  порциядан  жеңіздер.  Итмұрын  (шиповник) қайнатпасын

ішіңіздер,  оны  шай  секілді  демдеу  керек.  Ал  күніге ұйықтар  алдында  200  грамм  сүт  ішу

қажет.Осыларды әдетке  айналдырғаннан  кейін  барып,  шөппен  емделуге  кірісуге  болады.

Ақ сәмбі  талдың  (белая  ива)  1  грамм қабығын,  2  грамм  иіртамыр  тамыры  (корень  аира),

аққайың жапырағы,  кәдімгі  бүрген  (калина),  жаужапырақ пен қара қарақат  жапырағы,  3

грамнан толғақ шөп (золототысячник) және жалбыз (мята), 4 грамм екпелі кендір дәні, 5

грамм шайқурай мен сасық шөпке (пустырник) 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін

термосқа  салы п, үстіне  500  мл қайнаған  су құю  керек.  Оны  таң атқанша  тұндырып қою

қажет. Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек  те, күніне үш мезгіл

тамақтың алдында  20 -30  минут  бұрын  ішу  керек.  Бұл  емді  1,5 -2  ай қабылдаған  дұрыс.

Табиғаттың сыйы  а дамның ағзасын  сырқаттан  біртіндеп,  біржола  жазып  шығатынына

көзім  жетті.  Тек  шыдамды  болған  жөн.  Батпандап  кірген  ауру  мысқалдап  шығады  дейді

ғой.

Әдебиет


1. «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;

2. «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006;

3. «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;

4. "Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007

5. Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу -әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық

материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8



АУРУ ТУҒЫЗАТЫН БАКТЕРИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Кемелбаева А.Қ. Әбдірасіл С.А



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ., Қазақстан

saltanat.abdirasyl@mail.ru

Бактериялар  адамға  екi  жағдайда  зиянды  болуы  мүмкiн.  Бiрiншiден, егер  ерекше

шаралар қолданбаса  сапрофиттi  бактериялар  ас  азық – түлiктердi  бұзады;  осыдан  азық –

түлiктердi  сақтаудың көптеген  түрлi  және  экономикалық жағынан  пайдасыз  тәсiлдерi.

Екiншiден, бактериялар аурулардың қоздырғышы болуы мүмкiн: бұл әсiресе жануар ларға

қатысты.  Адамдарда, үй  жануарлары  да  (хайуандар)  ауырады,  ал  кейбiр  кездерде

егiстiктерде  зардап  шегедi.  Аса  тараған  бактериалды  және  вирусты  аурулар

инфекцияларының таралу  тәсiлдерi ұқсас  болғандықтан,  бұл  ауруларды  бiрге қарастыру

ыңғайлы.


Жануарлардың аса қауiптi  ауруларына  сальмонеллез  жатады. Өсiмдiктердiң

бактериалды  ауруларынан  жемiс

өсiмдiктерiнiң

галлдары  және  алма  ағашпен

алмұрттардың бактериалды  күйiгiн  тудыратын  Agrobacterium  tumefaciens  және  Erwinia

amylovorum – мен ауруларды атап кетсе болады.



Инфекциялардытаратушылар

Таратушы-бұлинфекциянытарататынкез-келгентiрi 

организм.

Олинфекциялықбастамасынтасымалдаушынемесе 

резервуар

депаталатынорганизмненалады.  Мысалы,  бүргелер  тиф  және  оба  (бубонды  оба  немесе

«қараөлiм») 

сияқтыбактериалдыаурулард ыңтасымалдаушысы, 

ал

олардыңрезервуарларыегеуқұйрықтар.



Құтыру 

вирусы 


бiр 

жануарда 

сақталып

таратылады,  мысалы  итпен  немесе  жарғанатпен  а)  тасымалдаушы  мен  және  б)

резервуармен.  Бұл  жағдайларда  денесiнде  патогендi  микроорганизм  көбейеалатын

тасымалдаушы  екiншi қожайын  ретiнде  шығаалады.  Насекомдар  ауру қоздырғыштарын

денесiнiң сыртқы  жабындарында  тасымалдай  алады.  Мысалы,  шыбындартырысқақ,

дизентерия  сияқты  iшекауруына  шалдыққанадамдардың нәтижесiнде  жорғалап  және

қоректенiп  жүрiп  мiндеттi  түрде  бұл  аурулар дың  қоздырғыштарын  денi  сау  адамдар

пайдаланатын азық – түлiктерге тасымалдауы мүмкiн.[1,2]



Инфекциялардың таралу жолдары

Ас қорыту  жолдары  инфекциялық

ауруларға  шалдыққанда

қоздырушылар

нәжiстерге  түседi.  Осыған  байланысты  бұл  аурудың ең  қарапайым үш

таралу  жолы

қарастырылады:

Су  арқылы - тырысқақ, дизентерия  сияқты  аурулар  жұғады.  Егер  гигиена  мен

санитарияның ең қарапайым ережелерi үнемi орындалмаса, аурулардың нәжiстерi тiкелей

ас  суларының көздерiне  түседi  немесе өзендерде  жинақталады.  Осындай  жолм ен  бұл

аурулар халық арасында жылдам тарайды.

Ас арқылы: азық – түлiктерi таза емес суда жуылса, кiр қолмен ұстаса немесе оған

шыбындарды қондырса ластанып ластанған қалады.

Заттар  арқылы:  Кез – келген  заттар  тiкелей  кiрленудiң немесе  дұрыс  емес

қолданудың нәтижесiнде  жуынды – шайындымен  ластанады.  Осындай  заттарды қолдан

қолға бергенде, ауру астарлап айтқанда «қолдан ауызға» тасымалданады.

Тiкелей ас арқылы тасымалданатын қоздырғыштар толығымен

пiсiрiлмеген немесе

қуырылмаған  ет  жиi  астан  уланудың себепшi сi  болады.  Бұл  етке  сальмонеллалардың

жұғуының тiкелей нәтижесi. Ботулизмдi қоздыратын бактерия – Clostridium botilinum. Бұл

аспен  улану өлiмге  алып  келедi,  Clostridium  botilinum  токсинi  белгiлi  токсиндер  iшiне

улылығы  ең жоғары  (тышқанның  өлiмiне  5 -105  мкг  дозасы  жеткiлiктi).  Бұл  бактерия

ақуызға бай азық – түлiктерде, соның iшiнде ет консерваларда жақсы дамиды.


Адамдарды,  жануарларды, өсімдіктерді  ауруға  шалдықтыратын бактериялар тобы

ауру  туғызатын  бактериялар деп  аталады. Бактериялардыңоба, сіреспе, туберкулез, іш

сүзек,  баспа,топалаңжәне  т.  б.  сияқты  ауруларды  туғызатыны  ертеден -ақ белгілі болды.

Ауру туғызатын бактерияларадам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректену, тез

көбейе  бастайды.  Сөйтіп өзінен бөлінген  улы  заттармен  ағзаны  улайды  (мысалы,  баспа

мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады).

Қанулы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады.

Ауру  туғызатын  бактериялар ауада,  суда,  тарамда  болатындықтан,  солар  арқылы

сау  адамдарға  жұғады.  Көпшілік  орындарда,  бөлмеле  неғұрлымауа  таза  болса,

соғұрлымадамдар  аз  ауырады.  Оба  мен  көкжөтелбактерияларыауада  тез  жойылады.

Туберкулезтаяқшалары  лас  шаңда  3  айғадейінтіршілікетіп,  шаңменбіргеауағатаралады.

Сондықтанүйді,  сыныпбөлмесінкүндежелдетіпотыруқажет. Оба  бактериясытопырақта  25

күнгедейін, 

ал 


ішсүзегініңбактериясы 

айғадейінсақталады. 



Ауру

туғызатын бактериялармен адамдардыңжаппайауруыніндет (эпидемия) дейді.

Текмедицинаныңқарқындыдамуыныңнәтижесіндеғана микробиологияөнеркәсібінде

микробтарменкүресушараларытабылды.  Ауру  туғызатынбактериялардыжоятынқасиеті

бар 

ішсүзегіне, дизентерияғақарсықолданылатындәрілералынды.



Ауырғанкездеадамтүрлідәрініпайдаланады. 

Дәріадамденесіндегі бактериялардыөлтіреді,

сөйтіпадамныңағзасынжұқпалы микробтардантазартады.

Қазіргікездежұқпалыауруларғаарналғандәрілердіңжаңатүрлеріөндірілуде.

Жұқпалыаурулардыңалдыналудыңнегізгіжолы

тазалықережелерінсақтау.



Мысалы, қайнамаған,  лай су  ішпеу.  Тамақішералдындақолдыжуу.  Киімді  таза ұстау,

ағзанытынықтыру. 

Дененіңжарақаттанғанжерінедереу 

йод 


жағу,

тағамдардыкөгеруденсақтаужәнет.  б.  ( ауасытазартылғанбөлмелебактериялар  саны  13

есеазаяды)[3].

Бактерияның басқа  түрлері  сары  ауру, қызамық,  қ уздама  (ревматизм)  ауруларын

туғызады. Бұл бактерия түрлері де ауа арқылы таралады.

Адамның  өкпесінде  туберкулез  ауруын  тудыратын  бактерияларды  1882  жылы Р.

Коханықтады. Туберкулез жұқпалы 

ауру 


болғандықтан,

сілекейтамшыларыарқылытаралады.

Малтуберкулезбенауырғандабұлаурулықоздыратын бактериялар адамденесінесүтарқылыб

еріледі. Тамақ, су арқылысүзек, сальмонелла ауруларынқоздырушыбактерияларжұғады.

Қантышқақ (дизентерия) 

ауруындизентериябактерияларықоздырады.

Ауыратынсиырдыңсүтіарқы лысарып 

(бруцеллез) 

ауруытаралады.

Кейдесүрлемеленгенкөкөністіңқұрамындакездесетінклостериум,

ботулинусбактерияларыныңспораларыжоғарғытемпературадақайнатқаннанкейін 

де

сақталады.  Тығызжабылғаныдыстыңішіндедамуынжалғастырады  да,  улызаттарбөледі.



Мұндайтағам адамдарда  ботулизм  ауруынтуғызады.  Ондайкездеадамқазағаұшырауы  да

мүмкін.


Пенициллин дәрісін 

(антибиотик)

қабылдағанда 

ауру


қоздырғышбактериялартіршілігінжояды. 

Сондықтан 

да

бактерияларқоздыратынтүрліауруларды пенициллин,ампициллин,бисептол сияқтыдәрілер



менемдейді. 

Адамғасуықтиіпауырғанда 

да 

ағзадабактерияларкөбейіпкетеді.



Сондықтанолаурулы антибиотиктердің көмегімен 

2 -24


сағатарасындажазыпжіберугеболады. 

Ертеде 


(VI

ғасырда) Қытайдан басталып, Еуропаға таралған  оба  ауруыкүніне  (үлкенқалаларда)  он

мыңдағанадамдардыңқазағаұшырауын асебепшіболған.

Бактериялардың көптегентүріөсімдіктерді  де  зақымдайды,  олаурулы  бактериоз

дейді. 

Оларбау-бақша, 



техникалықжеміс -жидекөсімдіктерінзақымдал,

зорнұқсанкелтіреді. Бактериялар өсімдіктіңсабағын, 

тамырын, 

жемісіншірітеді.

Өсімдіктердіңбактерия 

ау руларынақарсынегізгікүресшаралары



тұқымдысебералдындаулы химикаттарменөңдеу,

ауруғатөзеалатыніріктемелердітаңдапалу.

Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайырағу) 

ауруынтуғызады.

Мақтатұқымындасақталған 

бактерия 

спорасытұқымменбіргеөнеді. 

Мақтасабағын,

жапырағын,

қауашағынзақымдайды 

да, 

іріқошқылқоңыртүстідақтарпайдаболады.



Оныңбетісілемейленіп, жабысқақболыптұрады, ондабактерияларшоғырланып, кейінкеуіп,

қабыршақтанады. 

Одансоңжелұшырып, 

екіншіөсімдіккежұғады.

Жапырағындағылептесіксаңылауыарқылы 

бактерия


ішкеөтіп, жасуша қабығыжәнецитоплазмасыменқоректенеді.

Бұлаурулыболдырмауүшінмақтатұқымынүнеміхимиялықзаттарменөңдепотырукерек.

Ғалымдар грекжаңғағы , жиде, терек, қарағай ағаштарыныңжапырақтарынанбөлінет

інзаттардың бактерияларды қырыпжіберетінінанықтаған. 

Сондықтанүйде 

мал


қораныңжанынаағашотырғызып, өсімдіктер егуқажет[4].

Адам, өсімдіктер  мен  жануарларды  ауруға  шалдықтыратын  бактериялар  бар,  олар

ауру  туғызатын  бактериялар  деп  аталады.  Ауру  туғызатын  бактериялар  ауада,  сула,

тағамда 


тіршілік 

етеді. 


Адамға 

солар 


арқылы 

оба, 


сіреспе, туберкулез, іш

сүзек,баспа, қантышқақ , құздама  ауруы  жұғады.  Адамның жаппай  ауруы  індет  деп

аталады. Ал өсімдіктердің бактериялық ауруы - бактериоз, мақтаның бактериялық ауруы -

гоммоз  (шайыр  ағу).  Аурудан  сақтану  жолы

- тазалық сақтау.Қазақтың біртума

шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ауруларға өзінше  атау  берген.  Оның  ұсынуы

бойынша: тышқақ - сатқа, қантышқақ - сатқақ, құздама - сорбуын.

Тек  медицинаның  қарқ ынды  дамуының

нәтижесінде

ғана  микробиология

өнеркәсібінде  микробтармен  күресу  шаралары  табылды.  Ауру  туғызатын  бактерияларды

жоятын қасиеті  бар іш  сүзегіне,  дизентерияға қарсы қолданылатын  дәрілер  алынды.

Ауырған  кезде  адам  түрлі  дәріні  пайдаланады.  Дәрі адам  денесіндегі  бактерияларды

өлтіреді,  сөйтіп  адамның ағзасын  жұқпалы  микробтардан  тазартады. Қазіргі  кезде

жұқпалы ауруларға арналған дәрілердің жаңа түрлері өндірілуде.

Жұқпалы  аурулардың алдын  алудың негізгі  жолы – тазалық ережелерін  сақтау.

Мысалы, қайнамаған,  лай  су  ішпеу.  Тамақ ішер  алдында қолды  жуу.  Киімді  таза ұстау,

ағзаны шынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу йод жағу, тағамдарды көгеруден

сақтау және т.б. (Ауасы тазартылған бөлмеде бактериялар саны 13 есе азаяды).

Бактерияның басқа  түр лері сары  ауру, қызамық,  құздама (ревматизм)  ауруларын

туғызады. Бұл бактерия түрлері де ауа арқылы таралады.

Адамның  өкпесінде  туберкулез  ауруын  тудыратын  бактерияларды  1882  ж  Р.  Кох

анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады.

Мал  туберкулезбен  ауырғанда  бұл  ауруды қоздыратын  бактериялар  адам  денесіне  сүт

арқылы  беріледі.  Тамақ,

су  арқылы сүзек,  сaльмoнeллa ауруларын

қоздырушы

бактериялар 

жұғады.Қантышқақ 

(дизентерия) ауруын 

дизентерия 

бактериялары

қоздырады.  Ауыратын сиырдың сүті  арқылы сарып  (бруцеллез)  ауруы  таралады.  Кейде

сүрлемеленген  көкөністің  құрамында кездесетін  клостериум, ботулинус бактерияларының

споралары  жоғарғы  температурада қайнатқаннан  кейін  де  сақталады.  Тығыз  жабылған

ыдыстың ішінде  дамуын  жалғастырад ы  да,  улы  заттар  бөледі.  Мұндай  тағам

адамдарда ботулизм ауруын туғызады. Ондай кезде адамның қазаға ұшырауы мүмкін[5].

Әдебиет


1.

Ж.К.  Төлемісова,  Г.Т. Қасенова,  Б.  Мұзапбаров,  З.Ә.  Қожахметова  «Тағамдық

микробиология» Алматы 2013ж Айтұмар баспасы 27-бет

2.

Генкель  П.А.  Микробиология  с  основами  вирусологии.  Учеб.  Пособие  для



студентов

3.

http://chem21.info/info/278270/



4.

Коротяев  А.И,  Бабичев  С.Л.  Медицинская  микробиология,  иммунология  и

вирусология. — СПб.: Спец. лит, 2000.- 591 с

5.

Дарқанбаев  Т.Б.,  Шоқанов  Н.Қ. Микробиология  және  вирусология  негіздері.



Алматы, “Қайнар”, 1982.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет