Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ФОРМАЛАРЫ – ӨЗІНДІК  ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗІ



Pdf көрінісі
бет64/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70

ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ФОРМАЛАРЫ – ӨЗІНДІК  ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Сырымбетов С.Т., Қожанияз М.А.



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ақтөбе қ. Қазақстан.

ssssserim@mail.ru

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған

жолдауында  «Біз  аға ұрпақты,  ана  мен  баланы,  жастарды

қамқорлық пен  ілтипатқа

бөлейтін әлеуметтік  бағдарланған қоғам,  ел  халқының барлық

жолдары  тұрмысының

жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам

құрамыз» деген[1].

Бұл,  яғни  бәсекеге қабілетті  ел  болу үшін  жас ұрпақ ты  тәрбиелей  білуіміз

керектігі.Қоғамдық

өмірдің дамуындағы  материалдық -рухани  терең  өзгерістер  жас

ұрпақты тәбиелеу мен білім берудің әлеуметтік мәнін өзгертті. Оқушылардың белсенділігі

мен өз  бетімен әрекет  етуін ұйымдастыру әрбір  мұғалімнің жауапкерші лігі  мен  оқыту

әдістерін  шебер қолдануына  байланысты.Биология  пәнін  оқытуда өзіндік  жұмыстардың

әдіс-тәсілдерін қолдана  отырып,оларды  бәсекеге қабілетті  еліміздің білімді  тұлға  ретінде

қалыптастыру.

Қазақстанның білім  беру  заңдары  мен  білім  стандарттарында  да әрбір  азаматтың

сапалы  білім  алып, өзінің алдына қойған  мақсатына  жету үшін, өз  бетімен  жұмыс

жасаудың маңызы зор екені атап көрсетілген.

Оқушылардың ізденімпаздықтарын қалыптастыру  жолдарының бірі

-білім  беру

үрдісінде  олардың  өзіндік  жұмыстарын  күше йту.  Сол  себептен  де  ізденімпаздықты

қалыптастыруда өзіндік  жұмыстарды ұйымдастыруды  негізгі  мәселелерінің бірі  ретінде

қарауға  тура  келді.  Оқушылардың  өзіндік  зерттеу  жұмысын ұйымдастыру  арқылы

олардың


ізденімпаздықтарын

қалыптастыруға  жағдай  туады.  Биоло гияны  оқыту

барысында оқушылардың практикалық жұмыс арқылы проблемаларды шешу, ақпараттық

және коммуникативтік біліктерін қалыптастыруға жағдай жасау, оқушылардың ғылыми -

жаратылыс  танымдық білімін  және өздігінен  білім  алуды  жалғастыру  мүмкіндіктерін

қамтамасыз етеді.

Оқыту  процесінде  оқушының белсенділігі,  негізінен,  екі  түрлі  сипатта  болады  :

сыртқы және ішкі белсенділік.



Сыртқы  белсенділік  дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы  көріністері  (белсенді

қимыл қозғалыстары,  тәжірибелік әрекеттері,  мұғалімге  зей ін қойып қарауы,  мимикасы

т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі  белсенділігіне - оның белсенді  түрде  ойлау әрекеті  жатады.

Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады.  Бұл қасиетсіз адамның

қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.

Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде

оқушылардың белсенділігін  арттыру  принципін  жүзеге  асыруды  мақсат  еткен  мұғалім

сабақтың барлық кезеңінде  олардың ой  дербестігін

дамытуға  тырысады.  Оқушыда

белсенділік  бір қалыпта  болмайды,  оның  қарапайым  (еліктеушілікке,  жай қайталауға,

біреудің айтқанын  бұлжытпай  орындауға  негізделген  белсенділік)  және  күрделі

(творчестволық

т.б.  белсенділік)  түрлері  болады.  Соңғысы  оқушының

жоғар ғы

саналылығы мен дербестігін керек етеді.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

1.  Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

2.  Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

3.  Мұғалімнің басқаруымен  оқушылард ың дербестігінің мөлшері,  олардың жұмысты өз

еркімен және қалауымен істеуі;

Оқытудың мақсаты  оқушыларға  саналы,  жүйелі  және  тұрақты  білім  беру.Оқыту

процесінде  оқушылардың ойлау қызметтерін  дұрыс ұйымдастыру,  оқушылардың сапалы

білім  алуына  жағдай жасайды.Ұғымдардың дамуы  оқушылардың оқыту  және  тәрбиелеу

процесінің негізгі қозғау күші болып саналады.

Кесте 1.Ұғымдардың дұрыс қалыптасуының педагогикалық шарттары.

Қабылдау (түйсік) дұрыстығының

шарттары.

1.Табиғи обьекттерді байқау.

2.Қабылдауды нақтылайтын жаттығулар.

3.Мұғалімнің нақты және бейнелі сөзі.

Түсініктердің дұрыстық шарттары.

1.Мұғалімнің сұрақтары.

2.Ойша сурет салу.

3.Тану және айыру жаттығулары.


Ұғымдардың дұрыстық шарттары.

1.Оқушылардың алдына мәселе қою.

2.Оқытушының оқу материалының баяндау

логикасы (қисыны).

3.Анықтау, салыстыру және сұрыптау

жаттығулары.

4.Ұғымдарды байланыстырып дамытатын

қайталау жүйесі.

5.Жалпылауды қажет ететін сұрақтар.

6.Ұғымдарды дағдылар мен

байланыстыратын сұрақтар.

7.Ұғымдардың пайдалануын қаж ет ететін

есеп- тапсырмалар.

Мұғалім  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын  дұрыс ұйымдастыру үшін,  алдымен,

олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін  білгені жөн.

Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:

1.  Оқушының алдын  ала өз әрекетінің жалпы  және  нақты  мақсаты  мен  міндеттерін

анықтау;


2. Жоспарға сәйкес амал -тәсілдерді қолдана білу;

3. Өз әрекетінің барысын бақылап отыру.

Егер  оқушы өздігінен  жұмыс  істеуге үйренбесе,  оның оқуы  жемісті  болмайды,  ол

жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді,

соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.

Профессор 

Р.Г.Лембергтің

пікірінше, 

оқушылардың 

өзіндік 


жұмыстарын

ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:

- оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

- жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

- жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

- оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

- оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

- өзіндік  жұмыстың мазмұнына  күнделікті өмірден  алынған материалдарды,  хабарларды

енгізу;

- оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты



фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

- оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

- оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытты дербес және

белсенді әрекет жасауға баулу;

- оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.

Оқушылардың  өздігінен  орындайтын  жұмыстарының педагогикалық жүйесін  оқу

іс-әрекетінде  арнайы ұйымдастыру – оқу  процесін  жетілдірудің негізгі  шарты  болып

табылады. Бұған келесі әдістер жинағының көмегімен жетуге болады:

- оқытудың мазмұнын  жетілдіру,  оқулықтар  мен  оқытудың басқа  тәсілдерінің сапасын

жақсарту,

-проблемалық оқыту проц есі негізінде оқушылардың эвристикалық іскерлігін дамыту,

-күнделікті  зертханалық және  практикалық сабақтарда  ізденіс  негізінде  биологиялық

практикумды жетілдіру [2].

Осындай  мәселелерге  жетудің маңызды  педагогикалық шарттарының бірі  орта

мектепте өз бетімен зерттеу жұмыс жүйелерін айқындау және іске асыру болып табылады.

Егер оқушының ойлау қабілеттілік деңгейі өте қарқынды болса, ол танымдылық іс -

әрекетінде  шығармашылық еңбектің нәтижесінде, өз  бетінше  ізденіс  жасау  және  зерттеу

әдістерін қолдану  нәтиж есінде ғана  табысқа  жететіндігін  байқауға  болады.  Енді  осы

әдістерге жеке-жеке тоқталып сипаттама берген жөн.

1.Ақпаратты-рецептивті  (қабылдау)

әдістің


мәні,олар  мынадай  белгілермен

сипатталады:

1.Оқушыға білімді «дайын» күйінде ұсынады.

2.Оқушы дұрыс түсі ну үшін, оқытушы әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқу процесін

ұйымдастырады.

3.Оқушы білімді қабылдап және оны есте сақтайды

2.Проблемалық-ізденіс  оқыту әдістерінің ең басты  принциптері  оқу  процесінің

кейбір  кезеңдерінде  оқушы  кейбір  проблемалық мәсел елерді өз  бетімен  шешуге әлі

мүмкіншіліктері  жоқ, сондықтан  мұғалім,  осы  проблеманы  шешу үшін  белгілі  бір

жүйемен,  бағытпен  оқушыларды  тарта  отырып,  олардың белсенділігін  арттыра  отырып,

жаңа  білімді  игеру  жолдарын  көрсету  арқылы,  оқу  материалының танымдыл ық жағын

арттыруға көмектеседі.

3.Сыни  тұрғыдан  ойлау «ойлау  туралы  ойлану  »  деп  сипатталған.  Сыни  тұрғыдан

ойлау – Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту үшін  маңызды  болып  табылатын қазіргі  ең

басты педагогикалық түсінік [3].

Сыни  тұрғыдан  ойлау  тұлғаның  өзін дік  жеке  ойлауы  болып  табылады.  Ойлау

өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады, оқушының

айтқан  пікірі қойылған  мәселе  бойынша  оң шешімін  табуға  сәйкес  келмесе  де  «сенің

пікірің дұрыс емес» деп сырттай баға беруге жол беріл мейді.Оқушының жекелік (өзіндік)

ой-пікірін  білдіру  сыни  тұрғыдан  ойлаудың алғашқы әрі  маңызды  сипаты  болып

табылады.  Сыни  тұрғыдан  ойлаудың принципіне  негізделген  сабақ нақты  мақсатқа

негізделген  мазмұнды әрекетке  айналады  да,  нағыз өмір қиындықтарын  шеше

алатын

болады.Биология  сабағында  ойын  элементтері,сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясы,



проблемалы 

оқыту 


технологиясы 

жиі 


және 

жүйелі 


пайдаланса;

онда  оқушылар  сабаққа  белсене қатысады,  пәнге  деген қызығушылығы,  танымдық

белсенділігі, білім сапасы мен үлгерімі артады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы,

2010.


2.Оқушылардың 

өзіндік 


жұмысы 

оқыту 


формасының

тиімді


әдісі 

ретінде


Библиографическое описание: Абдраманова Г. Б., Примбетова А. И.

3. Махмутов М.И.  Проблемное  обучение:  Основные  вопросы  теории,  М.,  Педагогика.-

1975.- С

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ -КОММУНИКАТИВТІ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Торгаутова Ш.А.

М.Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы

torgautova82@mail.ru

«Өмір бойы білім алу» әрбір қа зақстандықтың

жеке кредосына айналуы тиіс.» Н.Ә. Назарбаев

Еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістеріне сай білім беруді жетілдірудің

негізгі  бағыттарының бірі – білім  беруді  ақпараттандыру  және  ақпараттық технология

құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуетін

дамыту  негізінде әлемдік  білім  деңгейіне қол  жеткізу.  Осы  тұрғыда Қазақстан

Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі

– оқытудың жаңа  технологияларын,  оның ішінде...қоғам  мен  еңбек  нарығының  өзгеріп

отыратын қажеттері не  тез  бейімделуіне  ықпал  ететін  кредиттік, қашықтықтан  оқыту,

ақпараттық технологияларды  енгізу  және  тиімді  пайдалану»

– деп,  ақпараттық

технологияны  бәсекеге қабілетті ұлттық білім  беру  жүйесін  дамыту  және  оның

мүмкіндіктерін әлемдік ақпараттық ортаға ен у мақсатында қолдану ұсынылып отыр .

Қазіргі ақпараттандыру  дәуірі  оқу үдерісінде  ақпараттық технология  мүмкіндіктерін

кең көлемде қолдануды қажет етеді. «Білім беру жүйесін ақпараттандыру – берілетін білім

сапасын  көтеруді  жүзеге  асыруға  бағытталған үдер іс,  еліміздің  ұлттық білім  жүйесінің

барлық


түрлерінде

қазіргі  технологияларды  тиімді  ақпараттық

технологияларға

алмастыру,  оларды  сүйемелдеу  және  дамыту,  нақты  жүзеге  асыру  шаралары»  болып

табылады. Әлемдік ғылым  мен  практикада  ақпараттық технологияны  оқы ту үдерісіне

енгізу  келешек ұрпақтың жан -жақты  білім  алуына,  іскер әрі  талантты,  шығармашылығы

мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын  психологиялық, педагогикалық жағдай  жасау үшін

тигізер пайдасы зор.

Білім 

беру 


жүйесін 

ақпараттандырудың 

ғылыми 

негізделген



әлеумет тік-

философиялық тұжырымдамасы  мен  компьютермен  оқытудың бағыттарына  арналған

іргелі  және қолданбалы  сипаттағы  мәселелер,

ақпараттық технологиялардың мәні,

мазмұны  мен құрылымы  алдыңғы қатарлы ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Олар аталған ұғымға «ко мпьютерлік технология», «ақпараттық технология», «ақпараттық -

коммуникациялық технология»  ретінде  түрлі  деңгейде  анықтама  берген: – ақпаратты

жинау, ұйымдастыру,  сақтау, өңдеу,  тасымалдау  және ұсынудағы  адамдардың білімін



кеңейтетін  және  олардың техникалық және әлеуметтік үдерістерді  басқару  мүмкіндігін

дамытатын әдістер мен техникалық құралдардың жиынтығы (М.И.Жалдак);

Жылдан-жылға 

дамып 


келе 

жатқан 


материалдық -техникалық

мүмкіндіктер

мұғалімдерге,  оқушыларға  жоғарыда  аталған  бағыттардың  әртүрлі  аспектісін

меңгеруге

мүмкіндік  береді.  Мұндай  бағыттарды  жүзеге  асыруда  оқыту үдерісінде қолданылатын

ақпараттық технология құралдарының алатын орны ерекше.

Оқытудың техникалық  құралдары,  соның ішінде  ақпараттық технология құралдары

ақпараттың көздері  туралы  оқушының пән  бойынша  түсінігін  нақтыландырады,

аудиовизуалды құралдар  арқылы  оқу  ақпаратына әуестігін,  эмоционалды  жағымды

көзқарасын оятып, оқуға қызығуш ылығын күшейтеді.

Аталған құралдар  білім  беру  жүйесінде, қазіргі қоғамның бүтіндей  дамуында

маңызды орын алып, сабақты жаңаша өткізуге, жекеше алғанда оқушылардың танымдық

қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған оқыту технологияларын, әртүрлі әдістерді,

құралдарды қолдануға мүмкіндік береді және білім беру сапасын жаңа деңгейге жеткізеді.

Дәстүрлі  оқыту  барысында  оқушы  тек  мұғалім  мен құрбыларымен қарым -қатынаста

болады, ақпараттық технология құралдары қолданылған сабақтарда оқушы компьютермен

қарым-қатынас  жасау  арқылы  танымдық, ақпараттық  қажеттілігін  дамытуға  мүмкіндік

береді.


Ақпараттық -коммуникативті  технологияларын  пайдалана  отырып,

ақпараттық

ресурстарды  пайдаланып

үдерісін  оңтайландыратын  және  оның

сенімділігі  мен

жылдамдығын арттыратын болғандық тан, оған келесідей анықтама береміз: ақпараттық



технология

құралдары  компьютерлік  техника  мен  желілерді

қолдану  негізінде

ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық және программалық

құралдар.  Осы  анықтаманың негізінде  білім  беру  жүйесін дегі  аппараттық және

программалық құралдарды ұсынуды жөн көрдік (1 -кесте).

1-кесте – Білім беру жүйесіндегі ақпараттық коммуникативті технологияларының

құралдары



Аппараттық-

коммуникативтік

технологиялаының

құралдары:

Педагогикалық мүмкіндігі

Компьютер

Кез келген ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрал

Интерактивтік тақта

Оқу  сабақтарын ұйымдастыруға  және  семинарлар  мен

пікірталастар өткізуге ыңғайлы құрал

Принтер

Мұғалім  мен  оқушылардың



дайындаған  ақпаратын

қағазға шығаруға арналған құрылғы

Проектор

Сабақтың


көрнекілік 

деңгейін 

арттыруға 

және


оқушылардың  өз  жұмыстарының нәтижесін  көрсетуге

арналған құрал

Телекоммуника-циялық блок

Отандық немесе әлемдік  ақпараттық ресурстарға  кіруге

мүмкіндік 

беретін


қашықтықтан 

оқытуға, 

басқа

мектептермен хат алысуға көмектесетін құрал



Пернетақта және тышқан

Мәтіндік ақпаратты енгізуге және экрандағы нысандарды

басқаруға арналған құралдар

Сыныптағы  және  мектептегі

желі

Ақпараттық желіге  кіруге  мүмкіндік  беретін  ақпараттық,



техникалық және уақыттық ресурст арды тиімді қолдануға

көмектеседі.

Дыбыс-бейне құралдары

Сканер, фотоаппарат, видеокамера, магнитофон қоршаған

әлемнің ақпараттық бейнесін  оқыту үдерісіне  енгізуге

мүмкіндік береді



Программалық құралдар:

Педагогикалық мүмкіндігі

Ақпараттың 

өзегі


-

интернет


Ұйымдастырылған

ақпараттық

массивтер

компьютердегі  энциклопедиялар,  ақпараттық сайттар



және Интернет жүйесі

Виртуалды конструкторлар

Көрнекілік, 

математикалық

және 

физикалық



нақтылықтың символдық  үлгілерін құрастыруға,  осы

үлгілерге эксперимент жүргізуге мүмкіндік береді

Жаттықтырғыштар

Ақпараттық

нысандармен  жұмыс  жасау  дағдысын

қалыптастыруға – мәтінді  енгізу,  экрандағы  графикалық

нысандармен  жұмыс,  жазбаша  және  ауызша  жұмыстар

жүргізуге бағытталады

Компьютерлік 

тест


программалары

Оқушылар


автоматты 

түрде 


компьютер 

арқылы


тапсырманы 

орындайды 

және 

нәтижесін 



алады.

Компьютер оқушыны бағалайды

Оқытушы 

кешендік


жиынтық 

(электрондық

басылым)

Жоғарыда 

аталған 

программалық 

құралдардың

сәйкестігіне қарай    дәстүрлі  түрде  оқыту үдерісін

автоматтандырады,  мұғалім  мен  оқушы  іс -әрекетін

дербестендіреді

Басқарудың

ақпараттық

жүйелері

Білім 


беру

үдерісінің

барлық 

қатысушыларымен -



оқушылар,  мұғалімдер,  басшылық, ата -аналар, қоғам

мүшелерінің арасындағы ақпараттық ағындардың жүруін

қамтамасыз етеді

Оқытудың жаңа ақпараттық -коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі

заман  талабы.  ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы  білім

жүйесін  дамытуда  ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы  зор.  Білім

беруді ақпарат тандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары

алға қойылуда.  Ақпараттандыру  технологиясының дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай

білімді, әрі  білікті  жұмысшы  мамандарын  даярлау  оқытушының басты  міндеті  болып

табылады. Қоғамдағы  ақпаратта ндыру  процестерінің  қарқынды  дамуы  жан -жақты,  жаңа

технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында

оқытудың жаңа  технологияларын,  оның ішінде  кәсіптік  білім  беру  бағдарламаларының

қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін

кредиттік, қашы қтан  оқыту,  ақпараттық -коммуникациялық технологияларды  енгізу  және

тиімді пайдалану міндеті қойылған.

Қазіргі  білім  жүйесінің ерекшілігі – тек  біліммен қаруландырып қана қоймай,

өздігінен  білім  алуды  дамыта  отырып, үздіксіз өз  бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Бiлiм  беру  саласында  инновациялық  үрдiстi  жүзеге  асыру  мұғалiмдерден өз  мінез –

құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Қазақстан  Республикасының Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Болашақтың іргесін

бірге


қалаймыз» 

атты


Қазақстан 

халқына 


Жолдауында 

«Біз


білім 

беруді


жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға  тиіспіз.  Бүгінде  оқу  орындарда  компьютерлендіру

толықтай  аяқталды.  «Өмір  бойы  білім  алу» әрбір қа зақстандықтың жеке  кредосына

айналуы  тиіс»  делінген.  Ал

Қазақстан  Респуб ликасы  Президентінің  2010 жылғы  7

желтоқсандағы  №1118  Жарлығымен

Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді

дамытудың

2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы қабылданды.

Бағдарламада  «Е -learning»  электронды  оқыту  жүйесі  бойынша  білім  беру  сапас ын  және

басқару  тиімділігін  арттыру үшін  оқу  процесін  автоматтандыру,  педагогтар  мен



оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін

қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.

Дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесінде  ерекше маңызды  мәселелердің бірі – оқытуды

ақпараттандыру,  яғни  оқу үрдісінде  ақпараттық

– коммуникациялық технологияларды

пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық

кеңістікті қүру  енгізілді.  Ақпараттандыру  жағдайында  о қушылар  мен  студенттердің

меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.

Білім беру саласында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы

білімнің сапасын  арттыру,  білім  беру үрдісін  модернизациялау дың тиімді  тәсілдері

пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Кез  келген    сабата  ақпараттық технологияларды  пайдалану  арқылы  оқушылармен

студенттер    ақпараттық  құзіреттілігін қалыптастыру  атты  баяндамамда қазіргі  заман

талабына  сай ақпараттық технология ларды,  электрондық оқулықтарды  және  Интернет

ресурстарды  пайдалану  оқушының білім  беру үрдісінде  шығармашылық  қабілетін

дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.

Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi

таңд а үздiксiз  педагогикалық бiлiм  беру  жүйесiндегi  ең көкейтестi  мәселелердiң бiрiне

айналып отыр.

Әр сабақта ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

оқушының өз бетімен жұмысы;



аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;



шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру  арқылы

жүзеге асыру;

қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;



қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

экономикалық тиімд ілігі;



іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

қарапайым көзбен  көріп, қолмен ұстап  сезіну  немесе құлақ пен  есту  мүмкіндіктері



болмайтын     табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп,

сезіну мүмкіндігі;

оқушының ой -өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.



Оқытушы  сабағында  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды  пайдалану

арқылы  оның тиімділігін  жүйелі  түрде  көрсете  біледі. Әлемдегі  процестер  мен

құбылыстарды  модельдеу  оқу  процесін дамыту  мен  жетілдірудің болашағы  болып

табылады, әсіресе  оқушылардың шығармашылық белсенділігін  арттыруда,  зерттеу

жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Электрондық оқулықтың тиімділігі зор.

Электрондық оқу құралы – бұл  оқу  курсының ең маңызды

бөлімдерін,  сонымен

бірге  есептер  жинағы,  анықтамалар,  энциклопедиялар,  карталар,  атластар,  оқу

эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға

нұсқау  және  т.б.  білім  беруді  басқаратын  мемлекеттік  органдар  тағайындаған  арнайы

статусы бар  берілген  түрдегі  баспаларды қамтитын  электрондық оқу  басылымы.

Оқытушы үшін

электрондық оқулық – бұл  күнбе – күн  дамытылып  отыратын  ашық

түрдегі әдістемелік  жүйе,  оны әрбір  оқытушы өз  педагогикалық тәжірибесіндегі

материалдармен  толықтыра  отырып, әрі қарай  жетілдіре  алады.  Электрондық оқулық


арқылы үй  тапсырмасын,  жаңа  сабақты  түсіндіруге  және  тест  тапсырмаларын  орындауға

болады.


Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест

сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру дең гейіне қарай пайыздық көрсеткішпен

бағаланып  беріледі.  Бұл

әдіс  оқушының

білімін  көтеруге,  сабаққа  ынтасын

қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар  мен  компьютерлік  оқу -әдістемелік құралдарды өз

дәрежесінде қолдануды үйренген  оқушыла р  зерттеуге құштар, өзі  белсенді  жеке  жұмыс

істей  алады.  Оқытушының жұмысын  жеңілдетіп,  оқушыны  жалқаулықтан құтқарады.

Электрондық оқулықтың бағалық

– нәтижелік  бөлігі  тесттер  арқылы  жүзеге  асады.  Тест

сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түр інде өзінің білім деңгейін көре

алады.  Оқытудың

компьютерлік  технологиясының

оқу

үрдісінде



кеңінен  енуі

оқушылардың  өзіндік  және  шығармашылық белсенділігін  дамыта  отырып,  электрондық

оқулық көмегімен  олардың  өзіндік  жұмыс  түрлерін  орындауға  баулиды.  Элект рондық

оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге

болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып, қиын сабақтарды компьютердің көмегімен

оқушыларға ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  баланың  құштарлығы  оянады  деп

есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды

даралай  оқытуда  жаңа  ақпараттарды  жеткізуге,  сондай -ақ игерілген  білім  мен  біліктерді

тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.

Білім  беру ұйымдарының даму  болашағы қоғамның дам у үрдісімен үнемі өсіп

отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа

оқыту  технологияларын қолдану,  инновациялық бағытта  жұмыс  жасау  заман  талабына

сай

талап  етілуде.  Оқу  процесінде  оқытудың ақпараттық



коммуникациялық

технологияларын  тиімді  пайдалану және қолдану  айтарлықтай  оң тәжірибе  беріп  отыр.

Атап  айтсақ, оқушылардың  өз  бетімен  ізденісі,  пәнге  деген қызығушылығын  арттырып,

шығармашылығын  дамытуға,  оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға,  дербес

жұмыстарын ұйы мдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Білім – болашақ бағдары,  кез -келген  маман  даярлайтын  оқу  орынның басты

міндеттерінің бірі – жеке  тұлғаның  құзіреттілігін  дамыту. Құзірет –оқушының жеке  және

қоғам  талаптарын қанағаттандыру

мақсатындағы  табысты іс-әрекетіне қажетті  білім

дайындығына әлеуметтік  тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының  әрекет  тәсілдерін  жан -

жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның

әртүрлі  ақпаратты қабылдау,  табу,  сақтау,  оны  жүзеге  асыру  және ақпараттық

коммуникациялық



технологияның

мүмкіндіктерін 

жан -жақты

қолдану


қабілеті.

Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті

оқушының пән  бойынша  игерген  білім,  білігінің жинағы  деп қабылдауға  келмейді.  Ол

оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана



алу қабілеті  болып  табылатын  жаңа  сапа.  Ақпараттық  құзіреттілікті қалыптастырудың

басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен

қаруландыру,  олардың компьютерлік  технологияны өз қызметтеріне

еркін,  тиімді

пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Басқаша  айтқанда,  бұл  кеңістікке  ең алғаш  еніп,  оны  жүйелі  және  кәсіби  бағытта

енуін қамтамасыз  ететін  мұғалім.  Бүгінгі  күні  ақпараттар  ағым ы өте  көп.  Ақпараттық

ортада  жұмыс  жасау үшін  кез  келген  педагог өз  ойын  жүйелі  түрде

жеткізе  алатындай,

коммуникативті  және  ақпараттық мәдениеті  дамыған,  интерактивтік  тақтаны  пайдалана

алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім бо луы тиіс.


Кәсіптік  білім  беруде  ақпараттық технологияларды  пайдалану  мен  оқушылардың

ақпараттық  құзіреттілігін

қалыптастыру  атты  баяндамамды

қорытындылай  келе

төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заман ға сай жаңа ақпараттық құрал –



жабдықтармен 

жабдықтау, 

интерактивті 

тақталар 

мен 

мультимедиялық



кабинеттермен және  арнаулы  пәндер  бойынша  электрондық оқулықтармен қамтамасыз

ету;


кәсіптік  білім  саласында  оқытудың жаңа  ақпараттық технологияларын

пайдалану

бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;

Ақпараттық  құзіреттілікті қалыптастырудан  күтілетін  нәтиже  жаңа  заманға  сай

ақпараттық мәдениеті  мен құзіреттілігі қалыптасқан,  теориялық білімдерін  іс  жүзінде

қолдана  алатын,  информатика  пәнін  б асқа  пәндермен  байланыстыра  алатын  жеке  тұлға

қалыптастыру.

«Қазіргі  заманда  болашақ жұмысшы  мамандарды  ақпараттық технологиямен

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап

көрсеткендей  жас ұрпаққа  білім  беру  жолын да  ақпараттық технологияны  оқу үрдісінде

оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру мен  ақпараттық – коммуникациялық технологияны

оқу – тәрбие үрдісінде  пайдалану  оқушының  өз  мамандығына қызығушылығы  мен

мамандық сапасын  арттырып,  шығармашылық шабытын  шыңдап, ғылыми  көзқарасын

қалыптастырып,  еңбек  нарығындағы  бәсекеге қабілетті  мамандар  даярлауда қоғамның

даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Әдебиеттер

1.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2.

“Болашақтыңіргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қ

азақстан халқына Жолдауы,

2011 жыл

3. Қазақстан Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған



мемлекеттік бағдарламасы

4. Роберт И.В. О понятийном аппарате информатизации образования // Информатика

и образование. - 2003. №1. - С. 2-6.

5. Бидайбеков 

Е.Ы. 

Білім 


берудің 

әртүрлі 


деңгейлерінде 

ақпараттық -

коммуникациялық

технологияларды

қолдану

әдістері. 



Білім  саласындағы

инновациялық ақпараттық педагогикалық технологиялар  жаңашыл  педагогтардың

3-ші форумы. - Шымкент, 2012. - Б. 204-208.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет