ХИМИЯ ПӘНІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ТӘЛІМДІК ТӘЖІРИБЕДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Имангалиева Б. С., п.ғ.к., доцент, Қ.Жұбанов аты ндағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университеті, Ақтөбе қ.,Қазақстан, Торсыкбаева Б. Б. п.ғ.к., доцент, «Астана»
университеті, Астана қ., Қазақстан
Жанысбаева А. А., "химия" мамандығының 4 -курс студенті,Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті,
nur_b_70@mail.ru
Таңбалар мен таңбалар жүйесі таным және қарым -қатынас құралы ретінде кеңінен
таралған. Олардың қолдану аясы күн сайын кеңеюде. Бастапқыда
«адам – адам»
жүйесіндегі қызмет еткен таңбалар, қазір «адам – машина»,«машина – адам», «машина
– машина» жүйелерін қамтып отыр. Осыған орай, таңбалар жүйесін зерттейтін арнайы
ғылым саласы – семиотика қалыптасты.
Бізді қоршаған денелерді табиғи және жасанды деп жіктеуге болады. Таңбалар
жасандыларына жатады, оларды анықтауда көпшілік мойындаған бір негіз байқалмайды.
Ғалымдардың пікірінше, таңба – материалдық дене, оны сезім мүшелері арқылы
түсінуге болады, олардың материалдық дүниедегі басқа нәрселерден (денелерден)
айырмасы – екі жақты табиғаты бар. Біріншісі – нәрсе (зат) ретінде берілетін қасиеттері,
екінші жағы – өзінен табиғаты бөлек басқа нәрсенің орнына жүретіндігі [1,30].
Басқа ғалымдар, аталған белгіге таңбаның атқаратын қызметін қояды. Кең мағынада
алғанда, таңба – адамдар және кибернетикалық машиналар арасындағы қатынастың е кі
жақты хабар алмасу құралы [2,10].
Философ ғалымдардың үшінші тобы адамның теориялық және практикалық іс -
әрекетіндегі рөлін ескереді. Таңбалық «ұғым ретіндегі табиғатын» гносеологиялық
жағынан қарасақ, таңба дегеніміз – адамның практикалық және теориялы қ іс-әрекеті
кезінде өзінен басқа бір нәрсені белгілейтін сезім мүшелері арқылы қабылдауға болатын
нәрсе [3,22].
Осылардың басын біріктіріп толықтыратын анықтаманы Л.О.Резников келтіреді.
Оның пікірінше, қазіргі семиотикалық таңба таным мен қатынас үрдісін дегі өзінен басқа
нәрсенің немесе құбылыстың орнына жүретін, осы нәрсе мен құбылыс туралы ақпаратты
қабылдайтын, тіркейтін және тасымалдайтын сезім мүшелері арқылы қабылдауға болатын
нәрсе (құбылыс немесе қимыл) ретінде анықталады [4,25].
Біз өз зерттеуіміз үшін таңба ұғымы белгілерінің ішінен мыналарды негізге алдық:
1)таңба – екі жақты құбылыс, бір жағынан алғанда оның өзіндік пішіні бар, ал екінші
жағынан алғанда идеалды мәні бар; 2) идеалдық мәні өзінен басқа белгілейтін нәрсесі
жөнінде информация береді; 3)мәні жоқ таңба болмайды; 4) таңбаның мәнін субъект
қабылдайды және пайдаланады; 5)оқыту үрдісінде таңбалар білімнің тасымалдайтын
формасы болып табылады.
тұрып, күкірт деп аталатынын айтамыз, байқалатын қасиеттерін сөз таңбалары арқылы
сипаттаймыз.
Сөз жүзінде немесе вервалды анықтау арқылы тудырылатын байланыс заттардың
өздерімен емес Таңбалардың қатысуымен жүзеге асатын үрдіс таңбалық ситуация
(желеу) деп аталады. Оны сызбанұсқа түрінде былай көрсетеді:
1-сызбанұсқа
Таңбалық ситуация (желеу)
адам
белгіленген заттар таңбалар жүйесі
орынбасу
көрсету, сілтеу
Сызбанұсқаға қарағанда, таңбаның жасалуы мен пайдалануы адамның саналы іс -
әрекетімен тығыз байланысты. Нәрсенің өзімен тікелей жұмыс істеу қолайсыз немесе
мүмкін болмаған жағдайда оның таңба сы жасалады да, ол заттың орнына жүреді.
Орынбасу дегеніміз – адамның белгілі бір іс-әрекетінде бұрын заттың өзі
қатысқан функцияны енді таңбасының атқаруы. Демек, таңбамен жасалатын іс-әрекет
заттың өзімен жасалатын іс -әрекетпен сәйкес келуі тиіс. Енгізі лген таңбамен адам
қалағанынша еркін жұмыс жасай алмайды. Таңбалардың функциясы адамның еркінен тыс
белгіленген заттар функциясы арқылы айқындалады.
Айтылғанды бір мысалмен түсіндірейік. Атомдар мен молекулалар – өте кішкене
бөлшектер, оларды жай көзбен д е, микроскоппен де көруге болмайды. Оларды тікелей
бақылап, қолмен ұстау арқылы жұмыс істеу мүмкін емес. Атомдардың бір -бірімен
әрекеттесіп, молекула түзуін атомдардың таңбалары арқылы өрнектеуге болады. Мұнда
таңбалар қатынасын ситуация, басқаша айтқанда,
таңбалық іс -әрекет арқылы жүзеге
асады, мысалы:
Темір атомы
+
Күкірт атомы Күкіртті темір
Ғе
+ S FeS
Біз бұл арада темір атомы мен күкірт атомы әрекеттесуінің химиялық реакциясын
үш түрлі таңбалар жүйесі арқылы өрнектеп жаздық. Олардың біріншісі – сөз таңбалар,
екіншісі – дөңгелек таңбалар, үшіншісі
– символикалық таңбалар. Бұл айтылған
жіктеулерді былай түсінген жөн. Біріншіден, темір атомы күкірт атомымен әрекеттесіп
және жаңа зат түзілетін болса ғана жазады. Бұл арада жасалған таңбаларды
қалағанымызша біріктіріп жаза беруге болмайтынын химик -мамандар түсінгенімен,
химияны мектепте оқып -үйреніп жүргендер ескере бермейді. Олар кейде алынбаған заттар
формулаларын, жүрмейтін реакциялар теңдеулерін келтіреді, формализмге ұрынады.
Екіншіден, әрекеттесуге кіретін атомдар санын, мәселен дөңгелектер санын да өз
қалауымызша, ойша жазуға болмайды, олар реакцияға кіретін ат омдар санын дәл көрсетуі
тиіс. Таңбалардың функциясы адамның еркімен емес, белгіленіп отырған заттардың
(нәрсенің, құбылыстардың) қасиеттерімен анықталады деген тұжырымдаманың мәні де
осында. Аталған қағида басқа салаларда қолданылатын таңбалардың бәріне т иесілі.
Бұл мысалдан мынадай қорытынды шығады. Таңбалар белгіленген заттардың кейбір
ерекшеліктерін көрсетеді, оларға сілтеме жасайды. Мұның мәнісі
– адам таңбалардан
заттың өзіне ауыса алады немесе таңбадан алған білімін заттың өзінен алған білім
есебінде қарастыра алады. Адамзаттың жинаған білімі таңбалар арқылы, міне, осылай
тіркеледі, сақталады және ұрпақтан ұрпаққа беріледі, білім қоры ретінде жиналады.
Семиотикада таңба үш жағынан зерттелген ғылымның үш үлкен саласын құрайды.
Таңба жеке күйінде қо лданылмайды. Бір-бірімен бірігіп, жүйе түзеді. Жүйедегі
таңбалардың өзара қатынасын синтактика зерттейді.
Прагматика саласы адамның өзі пайдаланатын таңбаларға қатынасын зерттейді.
Таңбалардың белгілейтін нәрселері мен құбылыстарға қатынасы семантиканың обьектісі
болып табылады. Бұл қатынас күрделі жүйе құрайды және ол
әдетте семантикалық
үшбұрыш арқылы көрс етіледі:
Мәні
Таңба Нәрсе
Нәрселер, құбылыстар және заттар
– материяның нақтылығы, түрлері
мен
көріністері ретінде санадан тыс өмір сүретін ақиқат шындық. Таңбалар соларды белгілеу
үшін жасалады. Ал таңбаның мәні мен мағынасы – пікір таласын тудырып келе жатқан
күрделі мәселе.
Психологияның ассоциация теориясы бойынша нәрсе мен таңба арасында
қарапайым ассоциациялық байланыс бар.
Осы көзқарасты қолдайтын көрнекті әдіскер академик С.Г. Шаповаленко былай деп
жазады: «Химик «Эн» дыбыстарын естігенде немесе «N» таңбасын көргенде оның
санасында азот атомы тұрады, оның атомдық салмағы – 14 грамм және осы мөлшерінде
6,02 · 10
23
азот атомы бар екені жөнінде ой туындайды» [4,27].
Феноменологиялық теория кез келген таңбаны, ойды нәрсемен ұштастыру құралы
ретінде қарастырылады.
Прагматиктер таңбаның мәнін таңбаның іске жаратылуы немесе ол арқылы іс -
әрекеттің реттелуі деп түсінеді.
Бихевиористердің пікірінше, таңбаның мәні
– ол тудыратын іс-әрекет, басқаша
айтқанда, таңба тудыратын реакция (рефлекс).
Философтар И.С.Нарский, Л.О. Резников және басқалардың пікірінше, таңбаның
мәні – белгілейтін нәрсесі жөнінде беретін ақпарат.
Қазіргі кезде қазақтың мерзімді басылымдарында, теледидар, радио хабарларында
«информацияны» ақпарат деп жүр. «Информация» ұғымының кең және тар мағыналары
бар. Біз солардың ішінен информация – бір нәрсе туралы мәлімет, білім-жүйеге түсірілген
информация деген түсініктерді негізге аламыз.
Оқыту үрдісі үшін таңбалар және таңба жүйесінің мәні мен мағынасы туралы
проблеманың маңызы зор. Өйткені, кез келген ғы лымдағы білім жүйесі таңбалар жүйесі
арқылы беріледі. Таңбалар білімді түйсінуге, қабылдауға болатын формасы (түрі), ал
таңбаның мәні мен мағынасы
– білімнің мазмұны. Сондықтан логикада білімнің
құрылымы:
Т
0
Б
0
О
түрінде өрнектеледі.Мұнда Т
0
- таңба, О - таңба арқылы берілетін обьект, Б
0
- таңба
мен обьект арасындағы байланыс. Бұл өрнектің кемшілігі таңбалардың көпшілігінде,
мәселен, білімнің тасымалдаушысы болып табылатын тіл таңбаларында, таңба мен обьект
арасында табиғи байланыс жоқ, ол өмір тәжірибесінде немесе оқыту үрдісінде туындайды.
Бұл байланысты тудырудың, ғылым тілімен айтқанда
остенсивті және вервалды
жолдары бар. Қарапайым түсінікке жүгінсек, остенсивті дегеніміз нәрсенің өзін
көрсету арқылы таңбасы мен байланысын орнықтыру . Мәселен, жоғарыда келтірілген
мысалдағы сары түсті ұнтақты көрсетіп, олар туралы ұғымға негізделген. Мұнда ұғымның
басты-басты белгілерін атауға тура келеді, мысалы, күкірт – жай зат, өйткені, ол бір ғана
элемент атомынан тұрады. Сондықтан, біздің мысалдарымыздан күкірттің – жай зат, ал
күкіртті темірдің күрделі зат екені көрініп тұрмайды, екеуі де біртекті заттар. Олардың
бейорганикалық заттардың қай класына жататынын тек вервалды анықтама арқылы ғана
жеткізуге болады.
Сонымен әр таңбаның материалдық пішіні және мәні болады. Таңбалар дүниеде көп
тараған. Біз таңбалар жасанды денелерге жатады деп біржақты тұжырым жасап, адамзат
жасаған таңбалар туралы ғана айттық. Табиғатта таңба ретінде қарауға болатын
құбылыстар да жеткілікті. Қардың үстіндегі ізге қарап, қандай аң жүріп өткенін аңғаруға
болады. Аңшылар ол аңның қай мезгілде жүріп өткеніне,үлкен -кішілігіне және тағы сол
тәрізді кәдімгі адамдар байқай бермейтін ерекшеліктеріне назар аударады.
Өсімдік жапырағының қауырт түсуі ауа ра йының суытатынын білдіреді. Емшілер
қан тамырының соғуына қарап, адамның сырқатын дәл табады. Табиғаттағы кез келген
нәрсе мен құбылыс өзгеруінің алдыңғы белгілері және салдары бар. Соған қарап көріпкел
адамдар және өте байқағыш адамдар әрқилы болжамдар ж асайды және олардың
айтқандары келеді.
Семиотикада таңбаларды табиғи және жасанды таңбалар деп жіктейді.
Табиғи таңбаларға нәрселер мен құбылыстардың белгілері, өлшеуіш аспаптардың
көрсетулері, таңба ретінде болатын нәрселер мен құбылыстар жатады. Химияд ағы табиғи
таңбалар - химиялық реакциялардың сыртқы белгілері.
Жасанды таңбалар екі түрлі: тіл таңбалары және тілге жатпайтын таңбалар. Дүние
жүзіндегі екі мыңнан астам ұлттың тілдері, барлық ғылымдар саласының тілдері, есептеу
машиналарының тілдері таңба лар жүйесіне жатады. Тілден тыс таңбалар – иконикалық
таңбалар, символикалық таңбалар және сигналдар. Өнер туындылары – мүсіндер мен
картиналар, суреттер, теледидардағы және фильмдердегі бейнелер, фотосуреттер – бәрі де
таңбалар. Бұлардың ерекшелігі – материалдық формасы бейнелеп отырған нәрселері мен
құбылыстарына сәйкес келеді, солардың бейнелік көшірмесі болып табылады. Бірақ,
таңбаларға көпшілігінде олардың пішіндері мен бейнелеп отырған заттардың арасында
сәйкестік байқалмайды. Шартты таңбалар деп ата латын мұндай таңбаларға ұлт тілдерінің,
ғылыми тілдерінің, әртүрлі машиналар үшін жасалған тілдердің таңбалары жатады.
Табиғи тіл айрықша таңбалар жүйесіне жатады. Ғалымдардың пайымдауынша, ол
кестеде келтірілген өзінен басқа семиотикалық денелердің синта ксисінің, әсіресе
семантикасының тұрақсыздығы, прагматикасының байлығы арқылы ерекшеленеді. Табиғи
тіл адамдар мен қоғамдық қатынастардың барлық салаларында ғылымда, өнерде,
әдебиетте, мәдениетте және т.б. қолданылады. Оның мүмкіндігі аса зор болғанымен
барлық ғылымдардың қажеттігін өтей алмады. Сондықтан
әр
ғылым өз тілін
қалыптастырды. Олар жасанды тілдерге жатады.
Ғылымның негізгі белгісі – ғылыми
тілдің болуы. Өйткені, кез келген ғылым саласында алынған ғылыми болжам оның тілі
арқылы тіркеледі және сақ талады.
Химияның тілі де – жасанды тіл. Ол таңбалар жүйесі иерархиясында бесінші
деңгейде тұрады :
таңбалар жасанды таңбалар тілдік таңбалар жасанды тілдер
химиялық тіл.
Барлық
басқа таңбалар табиғи тілдің негізінде жасалады,
сонымен бірге
қолданылады. Химия тілінің терминологиясы мен тарихи қалыптасқан номенкулатурасы
да табиғи тілмен тығыз байланысты. Көптеген химиялық терминдер мен заттардың
тарихи қалыптасқан атаулары ұлттық тілдің сөз қорына кіреді, жалпы сөздіктерде
тіркеледі. Жүйелі химиялық номенклатура және химиялық символика ұлттық тілден
оқшау тұрады. Олардың таңбалары ғалымдардың халықаралық келісімі арқылы жасалған,
ұлттық тілдің таңбалар жүйесіне кірмейді. Сондықтан, оларды арнайы оқып, үйренген
адамдар ғана керегіне жаратады.
Химиялық символиканың тарихи қалыптасуында жазба тілдің дамуындағы жалпыға
тән заңдылық бары аңғарылды. Мұнда да алдымен сурет таңбалар, одан соң сызықты
пішіндегі таңбалар, ақырында әріп таңбалар жасалған.
Алхимиктерге көптеген заттар, қосылу, айрылу және орынбасу реакциялары белгілі
болған. Олар бұл реакцияларды аллегориялық шартты символдар арқылы бейнелеген
[5,36]. Шар үстінде қолына құс ұстаған қаңқа
– реакциядан шыққан өнім, құс
–
реакциядан бөлініп шығатын ұшқыш заттар. Алхимиктер сол кезде белгілі жеті металды
ғаламшардың таңбаларымен белгілеген. Мәселен, алтынды -Күннің, күмісті -Айдың,
мысты-Шолпанның, темірді-Марстың, қорғасынды -Сатурнның, қалайыны - Юпитердің,
сынапты-Меркурийдің таңбаларымен белгіледі.
Химиялық тілдің үшінші бөлі гі – химиялық терминология, ол химиялық ұғымдар
жүйесін білгілейтін сөз таңбалар. Химиялық терминологияның көбінесе, ұлттық тілдің
сөздік қорын пайдаланып жасалынады. Көптеген тілдерде ортақ интернационалдық
терминдер де жеткілікті. Оларды жаппай аударып көшірмесін (калька) алуға тырысу
қателіктер тудырып келеді. Мәселен, бір кезде, дәлірек айтқанда, 30 жылдардағы
химияның алғашқы оқу құралында халықаралық термин элемент
– тек, химиялық
реакция – химиялық айқасу, валенттілік – іліктілік, неорганическое вещество – өзексіз
зат деп аударылды. Интернационалдық терминдерді жаппай аудару соңғы жылдары да
белең алуда.
Дегенмен тарихи даму барысында химиялық терминдердің формасынан гөрі мәні
мен мағынасы үздіксіз өзгеріске ұшырады. Термин арқылы
берілетін әр ұғымның
анықтамасы бар, осы анықтамаға негіз етіп алынатын белгі
– ғылымның теориялық
деңгейіне тәуелді.
Протолиттік теория – қышқылдық қасиеттерді протон алмасуымен, электрондық
теория донор-акцепторлық көзқараспен түсіндіреді. М.Усанович те ориясы осылардың
бәрінің басын біріктіріп, қышқылдық -негіздік қасиеттерді алмасу реакцияларынан тотығу -
тотықсыздану реакцияларына дейін апарып, ауқымын кеңейтеді.
Усанович теориясынан және сольвожүйесінен басқа бес теорияның элементтері орта
мектептегі химия курсында кездеседі. Сондықтан химия мұғалімі олардың мазмұндық
және таңбалық ерекшеліктерін білгені жөн.
Біз химия тілі бөлігінің таңбалар жүйесі ретінде қалыптасуын, материалдық
форманың өзгеру эволюциясын қысқаша қарастырдық. Өйткені олардың бәрі хим ияны
оқыту үрдісінде әрқайсысы өз алдына және табиғи тіл таңбаларымен, тілге жатпайтын
таңбалармен ұштастырылып қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Нұғыманов И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаев З.О. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы,
2005ж.-335б.
2.Нұғыманов И. Химиялық символика мен номенклатураны оқыту. -А.: Мектеп,1980ж.-
230б.
3.Джадрина М.Ж. Оқушыларды химиядан алған білімін пайдалануға дағдыландыру. –А.:
Рауан,1990ж.
4.Өнербаева З.О. Номенклатура мен символиканың өзара байланысы арқылы
оқушылардың хими ялық білімін жетілдіру. -А.: Ғылым,2003ж.
5. Нұғыманов И.Н. Химия тілі. -А.: Қазақстан,1997ж. -160б.
ЗАКРЕПЛЕНИЕ НА ПРАКТИКЕ ИЗУЧЕННЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ HTML И
JAVASCRIPT
Курмамбаева Марал Жетекбаевна,
учитель информатики,КГУ «Школа – лицей №7 имени Н.А.Марабаева»,
г. Актау, Казахстан
bekaman1974@gmail.com
В статье речь идет об использовании программы SothinkDHTMLMenu как
расширение в FrontPage. Уделяется внимание обучению создания динамического меню и
обработка интерактивных элементов HTML.
В настоящее время создано довольно большое количество электронных
обучающих систем на магнитных носителях информации и средств их создания. По виду
представления учебного материала их можно разделить на три основных вида - в виде
простого, мультимедийного или гипертекстового документов.
Гипертекст как подход к управлению информацией отличается от других подходов
(например, СУБД) тем, что основной вид деятельности пользователя при работе с ним
состоит не столько в поиске нужной информации, сколько в ознакомлении с
определенным предметом посредством просмотра ряда информационных фрагментов,
связанных между собой по смыслу. Ознакомление осуществляется в определенной
последовательности, обусловленной целями пользователя. Возможность варьирования
последовательности ознакомления с содержанием гипертекста, в отличие от линейного
текста, осуществляется за счет разбиения информации на фрагменты (темы) и
установления между ними связей, как правило, позволяющих пользователю перейти от
изучаемой в текущий момент темы к одной из нескольких связанных с ней тем. Очевидно,
что большей гибкостью в смысле удовлетворения различных целей пользователей
обладает гипертекст с большим количеством связей между темами.
Так, как объем времени отведенного на изучение темы «Web-программирование»
не предоставляет возможности обучения учащихся полноценному программированию на
языке JavaScript (это объектно-ориентированный язык создания сценариев, выполняется
только в браузере), тов качестве проекта, учащимся можно предложить задание на
создание электронного учебного издания, для разработки которого необходимо уметь
работать с HTML-тэгами, иметь навыки работы с приложениями такими, какFrontPage,
графическими и текстовыми редакторами, и многими другими программами.
HTML (HyperTextMarkupLanguage) — это стандартный язык, предназначенный для
создания
гипертекстовых
документов
в
среде
Web.HTML-документы
могут
просматриваться различными типами
Web-браузеров. Если документ создан с
использованием HTML, Web-браузер интерпретирует HTML для выделения различных
элементов документа и их первичной обработки. Применение HTML позволяет
форматировать документы, используя шрифты, линии и другие графические элементы в
любой доступной для их просмотра системе.
Многие документы имеют стандартные элементы, такие как заголовок, параграфы
или списки. Используя тэги HTML, вы можете обозначать их, обеспечивая Web-браузеры
необходимой информацией для отображения данных элементов, сохраняя общую
структуру и информационную полноту документов.
Web-браузер — единственное, что требуется для прочтения HTML-документа.Он
интерпретирует тэги HTML и воспроизводит на экране документ, не изменяя его
первоначального вида.
HTML-документы создаются и редактируются с помощью стандартного
приложения Блокнот, он прост в использовании и входит в стандартную комплектацию
Microsoft Windows.
В качестве дополнения можно использовать приложение по составлению
динамических меню, к примеру Sothink DHTMLMenu.
DHTML (динамический HTML) – это набор средств, которые позволяют создавать
более интерактивные Web-страницы без увеличения загрузки сервера. Другими словами,
определенные действия посетителя ведут к изменениям внешнего вида и содержания
страницы без обращения к серверу.
Этоприложение имеет интегрированную среду для создания различных меню. Для
того, чтобы создать динамическое меню необходимо во вкладке Шаблоны выбрать
команду
Управление шаблонами, где предлагается большой выбор создаваемых
горизонтальных и вертикальных меню.
Даже если вы не знакомы с JavaScript создать ниспадающее или всплывающее
меню будет несложно.DHTML построен на объектной модели документа (Document
Object Model, DOM), которая расширяет традиционный статический HTML-документ.
DOM обеспечивает динамический доступ к содержимому документа, его структуре и
стилям. В DOM каждый элемент Web-страницы является объектом, который можно
изменять. DOM не определяет новых тэгов и атрибутов, а просто обеспечивает
возможность программного управления всеми тэгами, атрибутами и каскадными листами
стилей (CSS).Динамическое меню совместимы со всеми популярными браузерами и
операционными системами: IE 7.0, Opera 9 и Windows Vista включительно. Плавно
интегрируется с Dreamweaver в качестве расширения с Expression Web как дополнение,
также интегрируется с FrontPage и Golive как дополнение.
Модель событий DHTML связана с определенной иерархией HTML-контейнеров и
основана на всплывании событий и действии по умолчанию.
Всплывание событий заключается в том, что на событие может быть получена
реакция не только от элемента-источника события, но также и от всех его родительских
элементов вплоть до тела документа и самого документа. Событие может быть
обработано на любом уровне, может быть полностью настроено по смене текста, шрифта,
ссылок, фона, стиля границы, и специальным эффектам.Имеетудобный интерфейс,
который включает панель меню, панель предварительного просмотра, панель элементов и
панель заданий. Данные панели позволят вам с легкостью сделать меню и предварительно
просмотреть творение в вашем браузере. Встроенные шаблоны имеют шесть типов; вы
можете выбрать любой из них, для составления нового меню; если вы предпочитаете
применять различные стили к определенным элементам меню, можно также выбрать из
заранее разработанных стилей.
После создания динамического меню, необходимо его сохранить и опубликовать.
Для этого во вкладке Издать выбрать Публикация JS.
Вставить на необходимую страницу. Так как динамическое менюбудет
использоваться для электронных учебников, возникнет сложность запускасодержимого
страницыпо гиперссылки. Запускбудет происходить в том же фрейме (рамке), где и
располагается. Для предотвращения этого, необходимо запустить файл сценария Jscript в
текстовом редакторе Блокнот и изменить местоположение _self
наbottom (при
необходимости можно указать и другие рамки, как родительская рамка _parent, новое
окно _blank, middle илиtop – по желанию составителя).
По завершения проектной деятельности учащихся, работы можно использовать как
наглядный материал или дополнение к уроку по соответствующей дисциплине.
ЛИТЕРАТУРА:
1.
http://soft.mydiv.net/
2.
http://www.academiaxxi.ru/Meth_Papers/AO_recom_t.htm
3. Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун "Информатика (ЕМН) 11 класс"
Достарыңызбен бөлісу: |