Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


МЕКТЕПТЕГІ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ



Pdf көрінісі
бет61/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70

МЕКТЕПТЕГІ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ

ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ

О.М.Молдрахметова, Н.Тулегенов



Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Мектепте  ерекше қорғалатын  аймақтар  туралы  элективті  курстар – белгілі  бір

жердің,  қаланың, елді  мекеннің бір  бөлігін  оқып  білу.  Бұл  аймақтар  оқушылар  мен

мамандар


үшін  (тарихшылар,  биологтар,  геологтар,  архитекторлар,  этнографтар,

экологтар) туған өлке болып саналады.

Мектептегі 

элективті 

курстар 

білім 


беру 

мен 


тәрбиелеуді

өмірмен


байланыстыратын  маңызды құрал  болып  табылады.  Ерекше қорғалатын  аймақтардың

бұрынғы және қазіргі өмірін білу, өлкенің жаңаруына тікелей ат салысуымыз үшін қажет,

өйткені туған өлке – шегі жоқ әлемнің бір бөлігі. Өлкетану отансүйгіштік сезімді – Отанға

деген терең махаббатты тудырады. Мектептегі өлкетану, жалпы өлкетанудың бір бағыты

болғандықтан,  оқушының адамгершілік,  интеллектуалдық, эстетикалық, еңбексүйгіштік,

тұлғалық дамуының маңызды факт оры болып табылады. Туған өлкенің өткенімен, қазіргі

кезімен және жорамалды болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа


да ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Бұл  оқушының  өзінің бір  нақты ұлт өкілі нің  қатарына  жататындығын  түсінуіне  және  ол

үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі.

Мектептегі

өлкетану  жұмысының  өзіндік  міндеттері  бар.  Бұл  міндеттер

оқушылардың өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыруды жүзеге асыруға

мүмкіндік береді.

Білімдік міндеттері:

–туған өлкенің табиғи ортасының алуан түрлілігі жайлы көзқарас қалыптастыру;

–тірі табиғат нысандары мен құбылыстардың бір -біріне тәуелділігін, байланысын, табиғат

заңдарын оқып -білу;

–биология,  география,  химия,  физика  сабақта рында  алынған  білімді өмірлік  тәжірибеде

қолдана білу;

–туған өлкесінің дамуы проблемаларын оқып -білуге жетелеу:

–табиғатқа дұрыс қарау нормаларын меңгерту;

–алынған  білімді қазіргі  кездегі  экологиялық проблемаларды  шешу  барысында қолдана

білу;

–туған өлке табиғатының ерекшеліктерін оқу;



– қажетті ақпаратты іріктеу дағдысын меңгеру.

Тәрбиелік міндеттері:

–өзінің туған өлкесіне,  туған  елі Қазақстанға  деген  патриоттық сезімін,  сүйіспеншілігін

тәрбиелеу;

– төзімділікті, өлкенің көпұлттылық және  көпмәдениеттіл ік  жағдайында  төзімді  мінез -

құлық қалыптастыру;

– өлкенің табиғатын,  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерін  сақтау  мен қалпына  келтіру

жұмыстарына оқушылармен қатар ата -аналарды да қатыстыру;

–жергілікті  халықтың алдында  тұрған  проблемаларды  шешуге  ата -аналармен  бірге

оқушыларды да қатыстыру;

–экологиялық мәдениет қалыптастыру;

–патриоттық және  эстетикалық, сонымен қатар  табиғат  алдында  жауапкершілік  сезімін

тәрбиелеу;

–ұжымда бірігіп жұмыс істеу, бір-біріне көмектесу, қолпаштау сезімдерін тәрбиелеу;

–балалардың бойында жақсы көру, барлық тіршілік атаулыға аяушылықпен

қарау сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық міндеттері:

–туған өлке  туралы  неғұрлым  көп  білуге  деген ұмтылысты,  танымдық  қызығушылықты,

интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту;

–тақырыптық

акцияларға 

және 


жобаларға, 

кітапханалардың, 

ұлттық -мәдени

орталықтардың іс -шараларына,  сайыстарға,  олимпиадаларға қатысу  арқылы  туған өлке

жайлы білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру;

–болашақта білімді жалғастыру, мамандық және жұмыс орнын таңда у сұрақтарын шешуге

бағыттау;

–күнделікті өмірде өлкетанушылық білім мен біліктілікті қолдана алу, жергілікті жердегі

туындайтын проблемаларды шешуде өзінің орнын білу дағдысын қалыптастыру;

–туған өлкесінің өмірін жетілдіруге үлес қосуға деген ұмтылысты дамыту;

Өлкетану жұмысында тағы бір міндетті қосуға болады, ол – зерттеушілік сипаттағы

міндеттер:

–қоршаған ортаның ластану  деңгейін  анықтау  және  туған  аймақтың экологиялық

жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

–логикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы, проблема қою және оны шешудің жолдарын

іздеу;


–оқығанды,  танығанды,  түсініксіз  жағдайларды,  мәліметтерді өз  шығармашылығында

көрсете білу;



– ізденіс  арқылы  таныс  емес,  белгісіз,  түсінікс із құбылыстарды  тануға,  білуге,  түсінуге

ұмтылу.


Мектеп пәндерінің мазмұнындағы өлкетануды сипаттайтын ерекшеліктер:

–тарихи  және ұлттық -мәдени өлкетану  (ата -бабалар  тарихы,  шығу  тегі,  тарихи

ескерткіштер, ежелгі қоныс-мекендер, салт-дәстүр, әдет -ғұрып, өнеге,

өмір сүру салтының ерекшеліктері және құндылықтары);

–табиғи -географиялық өлкетану (жергілікті жердің климаты, жер бедері, топырағы, өзен -

көлдері, пайдалы қазбалары, экологиясы, экологиялық проблемалары);

–биологиялық өлкетану (өсімдік түрлері, жан уарлар әлемі);

–әдеби өлкетану (жергілікті ұлттардың әдеби мұралары және ауыз әдебиеті,

жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары);

–химиялық  өлкетану  (ауыз  суының сапасы,  ауаның ластануы,  жергілікті  жердегі  тау -кен

өнеркәсіптері т.б.);

– әлеуметтік-экономикалық  (халықтың  өмір  сүру  деңгейі,  еңбек  ресурсы,  кәсіби -

мамандық құрамы, экономикалық даму келешегі);

–аймақтың экономикалық салаларының  (ауылшаруашылық,  құрылыс,  тау -кен,  химиялық

т.б.), шығаратын өнімдері;

–мәдени өлкетану (жергілікті ұлттардың ұлттық әндері мен билері, бейнелеу және сәулет

өнері, қолөнері,  жергілікті  сазгерлердің музыкалық шығармалары,  суретшілердің,

мүсіншілердің, архитекторлардың туындылары т.б.);

Жоғарыда  аталған өлкетануды  сипаттайтын  ерекшеліктерге  сүйене  отырып,

мұғалімнің алдынд а тұрған маңызды мақсаттың бірі – баланы дамыту, оған халықаралық

аренада өзінің туған мәдениетін таныта білу біліктілігімен негізделген патриоттық тәрбие

беру  болып  табылады.  Оқушыларды  туған  және  басқа  да  мәдениет әлеміне  кіргізу,

олардың тіл құралы  арқы лы  ойлау қабілеттерінің дамуына  ықпал  етеді,  оқушылар  туған

халқының менталитетін түсінуге үйренеді. Жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуы

және  мәдени  дамуы  оқушының туған өлкесінің мәдениеті, әдет -ғұрпы,  салт-дәстүрлері,

тарихы,  тұрмысы  туралы  білімінің кеңеюі  барысында  жүзеге  асады.  Сондықтан  да

өлкетану материалдарын қолдану өзекті мәселе болып табылады.

Өлкетану жұмыстарын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ерекшеліктері:

– тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары

және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен сипатталады;

–оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану  жұмыстары  жетекші

фактор болып табылады;

–өлкетану

жұмыстары  экологиялық

мәдениетті

қалыптастыруда  жаратылыстану

пәндерімен,

әс іресе 

географиямен, 

биологиямен 

және 

экологиямен 



тығыз

байланыстылығымен сипатталады;

–өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика (гректің «топос» – орын,

жер, «онома» – атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер -су атаулары деген сөз),ономастика

(гректің onomastike – ат  беру өнері,  тіл  білімінің жалқы  есімдерді  зерттейтін  саласы)

сияқты ғылымдардың, білімдердің  өзгешеліктерімен  анықталады.  Демек,  топонимдер

тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның

өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы,

тіршілік көзі жайында, ой -өрісі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар

болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді;

–сыныптан  тыс  уақытта  танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат,  экспедициялар

сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;

–мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің тарихы, әдебиеті, қолөнер түрлері, табиғи

жағдайы,  табиғат  ресурстары,  жергілікті  тұрғындардың тұрмыс -тіршілігі,  олардың

табиғатпен  бұрынғы  және қазіргі қарым -қатынастары  бойынша әр  түрлі  дерек  көздерін,

мұрағат қорларын, мұражай материалдарын қолданумен ерекшеленеді;



–өлкетану жұмыстары  оқушылардың алған  теориялық білімдерін  практикада қолдануға

нақты  мүмкіндік  беріп,  туған  ж еріне,  отанына  деген  сүйіспеншілігін  арттыруға, ұлттық

құндылықтарға  баулуға  бағытталған өзіндік  ерекшелігі  бар  оқу -тәрбие  процесіне

айналады.

Өлкетану

материалдары  арқылы  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  педагогикалық

үдерістің: түсінік қалыптастыру – білім беру – біліктілік – практикалық іс-әрекетке баулу

атты тізбегін құрастыруды көздейді. Мұғалім алдымен оқушылардың бойында:

Қазіргі таңда  негізгі  мектеп  оқушыларына  пән  мазмұндарын  меңгерумен қатар,

олардың


болашақ 

қоғам 


мүшесі 

ретінде 


алдын 

ала


өз 

мүмкіндіктер ін,

қызығушылықтарын,  бейімділіктерін  ескеріп,  бейінді  білім  алуға  деген  дайындықтарын

қалыптастыруға  баса  көңіл  бөлуді  көздеп  отыр.  Бұл  мақсаттар  осы  заңның  әлеуметтік

және экономикалық талаптарынан туындайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан 

Респу бликасындағы 

2015 

жылға 


дейінгі 

білім 


беруді 

дамыту


тұжырымдамасы.

2.Лернер,  П.  С.  Роль  элективных  курсов  в  профильном  обучении  /  П.  С.  Лернер  //

Профильная школа. – 2004. -№ 3. - 12-17 б.

3.Черникова,  Т.  В.  Методические  рекомендации  по  разработке  и  оформлению  программ

элективных курсов / Т. В. Черникова // Профильная школа. – 2005. -№ 5. 14-16 б.

4.Горбова М.А. Патриотическое воспитание средствами краеведения. М.:«Глобус», 2007. -

С. 208, 211-214.

ПОВЫШЕНИЕ ЭФФЕКИВНОСТИ ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИЧЕСКИХ

НАУК ПУТЕМ СОЗДАНИЯ ВИРТУАЛЬНОЙ ЛАБОРАТОРИИ

Муковоз П. П.



Филиал НОУ ВО Московский технологический институт в г. Оренбурге,

г. Оренбург, Российская Федерация

mpp27@mail.ru

В  последние  несколько  лет  одним  из  приоритетных  направлений  развития

современного  образования  является  внедрение  и  повсеместное  использование  средств

дистанционного  обучения.  Дистанционная  форма  обучения  представляет  собой  процесс

получение  образовательных  услуг  без  посещения  учебного  заведения,  с  помощью

современных  информационно-образовательных  технологий  и  систем  телекоммуникации

(электронная почта, телевидение и Интернет). [2]

Использование  коммуникаций  и  компьютерных  технологий  в  обучении  дает

возможность  по-новому  представить  информацию  и  оптимизировать  процесс  передачи

знаний.  Наряду  с  технической  стороной  обеспечения  эффективного  обучения  возникает

необходимость изучения и оценки учебного процесса на психику учащегося.

Современное  дистанционное  обучение  является  одной  из  наиболее  динамично

развивающихся  форм  образовательного  процесса  и  как  любое  социальное  явление  имеет

свои сильные и слабые стороны [1], [3].

Одной  из  серьезных  проблем  дистанционного  обучения  является  недостаток,  а

иногда и полное отсутствие практических занятий с учащимся [2], [4].

Особенно 

остро 

это 


проявляется

при 


освоении 

учащимся 

различных

экспериментальных  дисциплин,  в  частности  отдельных  разделов  химической  науки.

Решением  проблемы  может  стать  использование  различных  технологий,  позволяющих


заменить лабораторно-практическую работу на виртуальный эксперимент, приближенный

к реальности.

Одним  из  средств,  позволяющих  восполнить  недостаток  практических  занятий  по

химическим  дисциплинам,  являются  различные  версии  программы  «Виртуальная

лаборатория. Химия» [5].

Данная программа имеет высокую степень наглядности, простоту использования и

позволяет  в  сжатые  сроки  сформировать  у  учащегося  минимально  необходимый  набор

знаний, без привлечения экспериментального оборудования и расходных материалов. При

работе  с  программой  лабораторные  опыты  демонстрируются  достаточно  наглядно  и

подробно,  в  библиотеке  собран  обширный  справочный  материал,  имеется  журнал

лабораторных работ. Виртуальные реактивы и оборудование позволяют проводить опыты,

аналогичные  реальным  лабораторным  экспериментам.  Возможности  программы

позволяют  учащимся собирать  различные  приборы,  установки  производить  измерения,

составлять  уравнения  реакций,  при  обязательном  соблюдении  правил  техники

безопасности.  Любое  действие  четко  контролируется  программой,  позволяя  достичь

результата  только  при  условии  выполнения    всех  этапов,  необходимых  для  успешного

выполнения опыта. Программой предусмотрен определенный перечень видеофрагментов,

позволяющих видеть эксперимент в реальной лаборатории.

Особо  следует  выделить  такую  опцию  программы,  как  «Конструктор  молекул»,

позволяющую  строить трехмерные  модели,  визуализировать  атомные  орбитали  и

электронные  эффекты,  значительно  расширяя  представления  учащихся  о  строении

материи.  Использование  данной  опции  дает  возможность  учащемуся  самостоятельно

разрабатывать  модели  молекул,  обладающих  заданными  свойствами  или  прогнозировать

свойства соединений по созданным моделям.

В  заключение  следует  отметить,  что  программа «Виртуальная  лаборатория.

Химия»  является  тем  простым  и  удобным  средством,  которое  позволяет  реализовать

процесс  освоения  основ  химической  науки  без  привлечения  дорогостоящего

оборудования и при значительной экономии времени. Виртуальные опыты позволяют не

только  восполнить  недостаток  практических  занятий,  но  и  сами  являются  мощным

стимулом  для  мотивации  исследовательской  деятельности  учащихся:  развивается

познавательный  интерес  к  решению  экспериментальных  задач,  происходит  осмысление

сути наблюдаемых явлений, вырабатывается умение выделять главное и делать выводы.

Литература

1.  Бубнов  Г.  Г.    Нормативно-правовое  обеспечение  электронного  обучения  в

России / Г. Г. Бубнов, Е. В. Плужник,  В. И. Солдаткин // Cloud of Science. – 2013. – № 2. –

С. 5–14.


2.  Андреев  А.  А.  Дистанционное  обучение  и  дистанционные  образовательные

технологии / А. А. Андреев, В. Н. Солдаткин // Cloud of Science. – 2013. – № 1. – С. 14–20.

3.  Плужник  Е.  В.  Функционирование  образовательных  систем  в  облачной

инфраструктуре / Е. В. Плужник, Е. В. Никульчев // Известия высших учебных заведений.

Проблемы полиграфии и издательского дела. – 2013. – № 3. – С. 96–105.

4. Солдаткин В. И. Взгляд на тенденции развития электронного обучения в России /

В. И. Солдаткин, Г. Г. Бубнов, Е. В. Плужник // Образовательная среда сегодня и завтра :

сб.  науч.  тр.  IX  Междунар.  науч.-практ.  конф.  /  под  общ.  ред.  Г.  Г.  Бубнова,  Е.  В.

Плужника, В. И. Солдаткина. – М., 2014. – С. 96–108.

5. Дорофеев М.В. Информатизация школьного курса химии // Химия. – М. : Изд.

дом «Первое сентября», 2002. – № 37. – С. 2–4.


МҰРАЖАЙДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК, РУХАНИ ЖӘНЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ РӨЛІ

Жиенбай С. Б.



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.

Арқалық қаласы,

Қазақстан

Sandu_80.z@mail.ru

Жаңа әлеуметтік  даму  жағдайында  баланың жас  ерекшелігін  және қызығуын,

танымын ескере  отырып  жас ұрпаққа  тек  білім  мен  кәсіби  мамандық  қана  беріп қоймай,

қоғамның барлық саласына еркін араласатын, ұлттық және әлемдік мәдениеттен нәр алған

жеке тұлғаны қалыптастыру – бүгінгі күннің қажеттілігі.

Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр болуы тиіс.

Қай халықтың болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшеліктің бірі – тәрбие. Тәрбие –

мәңгілік және адамзаттық. Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа

қалып отырады. Еліміз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жетті, енді тарихта басқа

тұрғыдан қаралып, әсіресе,  мәдениет  пен ғылымның дамуына  көп  көңіл  бөліне  бастады.

Республикамыздың қоғамдық саяси, мәдени өміріндегі өзгерістер мұражайлардың алдына

жаңа  міндеттер  артты.  Нарықтық экономика  жағд айында  осы  уақытқа  дейін  мұражай

әдістемесінде қолданылып  келген  көптеген  мұражайлық  әдістемелік  амал – тәсілдер

жарамсыз  болды.  Еліміз  егемендік  алып, өткен  тарихымызға қайтадан үңіліп,  болашақ

өміріміздің рухани  мәдени  айнасы  боларлықтай  айғақтарды өз  ха лқымыздың  өткен

тарихынан  іздеуміз  заңды. Өйткені өткен  дәуірдің шежіресі, қайнар  көзі  халқымыздың

рухани мәдениеті мен әдебиеті және тарихы екендігі даусыз. Ал олар бүгінде жас ұрпаққа,

әр азаматқа Отаншылдық тәрбие беруді жүзеге асырып отырған мұражайлар да сақтаулы.

Қазақ халқының төл мәдениетін сақтау, оған деген ұлттың мақтанышын ояту

– мектептің

болсын,

қоғамның болсын  білім  ісінің негізі  болып  табылады.  Сондықтан  да



республикамыздағы  мәдениет  орындарына,  оның

ішінде  мұражайларға,  олардың

материалдық – техникалық базасын нығайтуға мемлекет тарапынан тұрақты көңіл бөлініп

отыр. Осыған байланысты мұражайтану саласындағы маңызды мәселелердің бірі мұражай

жұмыстарының мазмұны мен әдістерін ұтымды шешу міндетті болып отыр. Мұражайдағы

тәлім – тәрбие жұмысы қ оғамдағы негізгі әлеуметтік міндеттердің бірі болғандықтан оқу -

ағартумен  бірге өмірлік  көз қарасты,  сондай -ақ идеялық және  эстетикалық тәрбиені  де

қалыптастырады. Міне, мұражайдың тәрбиелік мәнінің ғылыми маңызы да осында.

Әлемдік мәдени  кеңістікте  және  ел імізде әлеуметтік – экономикалық даму

мәселесінде  жастардың адами  ой  танымы  мен  шығармашылық дағдысын өркендету

мақсатында  және  оларға  білім  мен  тәрбие  беруде  мұражай қызметінің  үлкен  рөл

атқаратындығы  белгілі.  Жалпы  мұражай – мәдени -тарихи  және ғылыми құн дылықтарды

сақтауға,  мұражай  экспонаттары  арқылы  жинақталған  мәліметтерді  көпшілік қауымға

таратуға арналған көп қырлы әлеуметтік ақпараттар институты болып саналады. [1]

Мұражай – мәдени мекеме, ол өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және

рухани байлықтарды жинақтап, сақтап келесі ұрпаққа таным – тәрбие беретін орын.

Соңғы кезде ғылыми – техникалық даму кезеңінде «қазіргі мұражайлар тек ғылыми

– зерттеу, мәдени, білім мекемесі ғана емес, олар қоғамда одан да кең рөл атқаруы керек»

деген қағидалар айтылуда.  Бұл қағида  көптеген  мұражай қызметкерлерінің  қолдауын


табуда. Олар мұражайлар мәдени орталыққа айналып, әр түрлі бағдарламаларда мәдени –

ағарту жұмыстарын атқаруы керек деген қағиданы қолдауда.

Қазіргі кезеңде  мұражайлардың еліміздің мәдениетін ің дамуында  алатын  орны

ерекше. Мысалы, тарихи мұражайлар тек көне тарихты көрсетіп ғана қоймай, олар қазіргі

және өткен өмірді, тарихты көрсетеді. Әдебиет, бейнелеу өнері мұражайлары да өздерінің

туындыларында қазіргі өмірді  көрсетіп,  оны  уағыздайды,  паш

етеді,  жастардың

эстетикалық талғамының  қалыптасуына үлкен әсер  етеді.  Этнографиялық мұражай

халықтың мәдени  мұрасын,  тұрмыс  салттарын  жинақтаумен қатар, қазіргі  кездегі

тұрмысты, өркениетті, өмірді  оқып үйренуде,  ал ғылыми  және  техникалық мұражайлар

ғылым мен  техниканың жетістіктерін өз  жұмыстарында  пайдалануда.  Сонымен,  барлық

мұражайлар халықты, келешек ұрпақты тәрбиелеуде, ағартушылық қызметте ерекше орын

алуы қажет.  Ал  мұражайлар өздерінің негізгі қызметтерін  орындауда  жұмыстың жаңа

түрлерін қолдануы қ ажет, қазіргі сұранымдарға сәйкес жаңа экспозициялар жасауы керек.

Ғылым  мен  техниканың соңғы  жетістіктеріне  сәйкес  жақсы  жасалған  экспозициялар

жастарды патриоттық және азаматтық рухта тәрбиелеуде айқын күш.

Мұражайдың ең басты  міндеті - өлкенің тарихымен ,  мәдениетімен  жастарды,

жергілікті  халықты  таныстыру.  Мұражай қазіргі қоғамда  «өткені – қазіргісі - ертеңгісі»

компонентінің маңызды  байланысы  ретінде  көрініп, Қазақстан  халқының мәдениетін,

салт–дәстүрлерін  сақтайтын  орын. Өйткені,  мұражай  тарихи – ғылыми құндылықтарды

жинақтап  сақтайтын, құжаттар  мен  экспонаттарды  жинайтын,  зерттейтін,  оны өскелең,

келер ұрпаққа  тарихтың негізгі  кезеңдерін,  экспозицияларды  көрсете  отырып,

- тәрбие

беретін әлеуметтік орын.

Қазіргі кезде  адамның  қоршаған  ортамен қарым –қатынасы  ерекше  маңызға  ие

болып отыр. Біздің тамаша орман –көлдеріміз, табиғи қорықтарымызды болашақ ұрпақтың

еншісіне  аман–есен  жеткізу – бүгінгі  біздің басты  парызымыз.  Табиғат – бойына қуат,

көңіліне  шабыт,  шапағат ұялататын  сұлулық пен әсемдік әлемі.  Бүгін гі  таңда  адамзат

алдында  ең күрделі  мәселе  тұр. Өзімізді қоршаған  тіршілік  ортасын

– биосфераны

келешек ұрпаққа  бүлдірмей,  ластамай,  көркейтіп,  көріктендіріп  жеткізу. Өйткені

тіршіліктің барлығы  сыртқы  ортамен  тығыз  байланысты.  Біздің дәулетіміз  де,  сәулет іміз

де,  бүгініміз  бен  болашағымыз – туған өлке  табиғаты  іспеттес.  Шебер  табиғаттың

ғажайып  кестесі – орман–тоғай, өзен–көл,  оны  мекендейтін  аң–құстар,  балықтар –бәрі  де

халық қазынасы. Біз табиғаттың байлықтарын қорғап, қорын молайтқанда ғана оны кәдеге

жарата  аламыз.  Сондықтан  оқушыларға өлкенің экологиялық жағдайы  мен  оны қорғау

жолдары  туралы  мағлұмат  беріп,  экологиялық, эстетикалық тәрбие  беру  және  оларды

туған өлке табиғатын сүюге, қорғауға, қамқорлық жасауға баулуымыз керек.

Экологиялық мәдениетті қал ыптастырудың мақсаты – мектеп  оқушыларының

айналадағы  ортаның жай –күйі үшін  азаматтық борышын қалыптастыру,  жаратылыстану

туралы ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру. [2]

Адам  баласы үшін  табиғат – таным  және  эстетикалық  қарым –қатынас  нысанасы.

Эстетикалық тұрғыдан  жетілген  ондағы құбылыстар,  эстетикалық тұрғыдан  дамыған

адамға  терең рухани  ләззат  береді.  Оның  құпия  тылсым  сырына  терең бойлап, ғылыми

дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.

Экологиялық білім  берудің біртұтас  жүйесін қалыптастыру – Қазақстанда  білім

берудің жаңа  жүйелері  мен әлемдік  стандартқа  сай  мемлекеттік  оқу  жоспарын  жасау,

оларды қаржыландыру,  экологиялық білім  беретін ұстаздарға қамқорлық жасау,  мектеп

алдындағы экологиялық білім мен тәрбиенің кезек күттірмес өз екті мәселесі.


Енді  Егемен  тәуелсіз  ел  болғанда  барымызға  байыппен қарап,  еселеп  молайтып,

кейінгі ұрпаққа қалдыру – бүгінгі ұрпақтың борышы.  Бұл қағида  1995  жылы  30  тамызда

қабылданған Ата заңда атап көрсетілген. Оның бір жолы – жас буындарды табиғатты сүйе

білуге үйрету, оларға экологиялық тәрбие беруді жетілдіру болып табылады. Сондықтанда

да табиғатты қорғауға баулуды ерте бастан қалыптастырған жөн.

Қазіргі кезде  халықтың  қоршаған  орта  жайында  сенімі  мен  оған  деген өздерінің

тікелей қатысы  жайында  белсенді  көзқарастары  артып  келеді.  Дегенмен  де  олардың бұл

мәселені  нәтижелі  шешуде  экологиялық білім,  мәдениет  дәрежелері  және  оны қорғауды

ұйымдастыратын күш біріктіру жағдайы жетіспей, қауқарсыз болып отыр.

Қорыта келе  айтарымыз,  мектеп – тәрбие  орталығы. Ұрпақ мәселесі  ол  еліміздің

болашағының  қамы,  жалпы ұлттық мәні  бар  биік  мәселе.  Олай  болса,  бүгінгі ұлт

мектептерін  жаңаша құру  барысында  еліміздің табиғатын,  экологиялық ахуалын  көздің

қарашығындай  сақтап,  оны  гүлдендіруде  бұл  мәселе  бүгінгі  күннің,  өмір дің маңызды

талабына  айналуы  тиіс.  Ол

үшін

Қазақстан  Республикасының Президенті  Н.Ә.



Назарбаевтың Республика  Білім  және Ғылым қызметкерлерінің  II съезінде  сөйлеген

сөзінде атап өткендей: «Білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі –

шыға машылық тұрғыдан  ойлай  білетін  жеке  тұлғаны  мәдениетті,  рухани  биік  деңгейде

тәрбиелеу болып отырғандығына баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте

білім берумен қатар адалдық, адамдық, ізгілік, Отанын сүйе білу сияқты асқақ сезімдерге

тәрбиелеу қажеттігі» өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атаймыз.

Мұражай – қоғамға қызмет  ететін  және  оның дамуына  ықпал  жасайтын,  зерттеу,

білім  алу  және өзінің рухани  мұқтаждықтарын қанағаттандыру  мақсатында  адам  және

оның қоршаған ортасы туралы материалд ық дәлелдемелерге ие болу, зерттеу, әйгілендіру

және  көрмеде  көрсетумен  айналысатын  көпшілік

қол  жеткізе  алатын  тұрақты,

коммерциялық емес  мекеме.  Мұражай – табиғат  пен  адам қолымен  жасалған өнер

туындыларын  немесе  материалдық дәлелдемелерді  насихаттаушы  ж әне бұл  мұраларды

ұрпақтан -ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғамға қызмет ететін және оның дамуына

ықпал  жасайтын,  зертттеу,  білім  беру  сонымен қатар  рухани  мұқтаждықтарды

қанағаттандыру мақсатында қоғам мен оның мүшелеріне тәлім -тәрбие беретін көпшілі кке

қол  жетімді  мәдени  және  рухани  мекеме.  Мұражай  ісіндегі  ерекше  орынды  жүргізілетін

экскурсияларға  беруге  болады. Өйткені  экскурсиялар  табиғат  нысандарын  оқытудың

ақпаратқа  бай  формасы  болып  табылады.  Экскурсияларды  жүргізудің негізгі  принципі –

«адам –табиға–қоғам»  жүйесіндегі  байланыстарды  біртұтас қарастыру. Әрбір  экскурсия

эстетикалық сезім,  дүнетанымды қалыптастыруға,  экологиялық байланыстарды  және

табиғат кешендерінің біртұтастығын түсіну үшін ауқымды материал береді.

Адам  биологиялық жеке  түр  болғанымен,  бірақ оны  дамытып,  жасайтын,  жеке

адамдық дамудың ықпал көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса,

ол жеке адам қалыптасуына жетекші фактор болмақ. [3]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет